Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері


2. Әлеуметтану ғылымының қалыптасу және даму кезеңдері
Жоспар
- Кіріспе бөлім.
Әлеуметтанулық білімнің тарихи дамуының негізгі кезеңдері.
- Негізгі бөлім.
- Әлемге әйгілі әлеуметтанушылардың қызметі.
- Әлеуметтану ғылымының қалыптасуына дейінгі кезең.
- Әлеуметтану дамуының классикалық кезеңі.
- Қорытынды бөлім.
Ғалымдардың әлеуметтік деректер және әлеуметтанулық әдістер туралы ілімі.
Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі. Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар) . Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н. Макиавелли, Ж. Боден, Т. Гоббс және т. б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы) . Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш. Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т. б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары. Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т. б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М. Вебер, Э. Дюркгейм және т. б. ) . 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.
Демографиялық мектеп (өкілдері М. Ковалевский, К. Джини, Дж. Браунли) халық тығыздығы мен мөлшерінің әртүрлі әлеуметтік -мәдени құбылыстарға ықпалын зерттеуге көніл бөлді. Өмір үдістерінің статистикалық зерттеулері (туу, өлу, неке, ажырас және т. б. ) арнайы халық әлеуметтануын белгілейді. Тығыздық биологиялық факторлары мен халықтың мөлшері әлеуметтік ұйымдастырудың, саяси құрылыстың, идеологияның сәттері мен сәтсіздігін айқындау - бұл әлеуметтік мектептің негізгі оқытуын құрайды. Географиялық мектеп өкілдері: Э. Реклю, Ж. Ратцель, Л. Мечников ойынша, өмірлік кеңістік мемлекеттің саясатын белгілей алады. Бұл мектеп әлеуметтану үшін құнарлы ойлар әкелді, географиялық ортаның және оның бөлек компоненттерінің (климат, ландшафт және т. б) айрықша рөлі. Психологиялық мектеп (Л. Уорд, Ф. Гиддингс, Г. Тард, Г. Лебон, Ч. Кули) . Әлеуметтануда психологизм әлеуметтік үрдістерді адамдардың психологиялық қасиеттері негізінде түсіндіріледі. Психологиялық әлеуметтану бағытының 19ғ. соңында пайда болуы, психология жетістіктерімен, әсіресе тәжірибе саласында байланысты болды. Биологиялық тұрғыда әлеуметтік құбылыстарға мағлұматтардың қанағатсыздығы, адам тәртібі мотивациясының психологиялық механизміне әлеуметтік ойдың қызығушылығының өсуіне әкелді. Психологиялық бағыт күрделі құрылымға ие болды. Онда психологиялық эволюционизм (өкілдері Л. Уорд пен Ф. Гиддингс), топтық психологиялық (француз социологы Гюстов Лебон), еліктеу психологиялық (француз социологы Габриэль Тард) және интеракционизм(тұлғааралық өзара әрекетін зерттейтін бағыт) қағидалары ажыратылады.
Қазіргі заманда эмпирикалық әлеуметтану ғылыми білім саласында сандық өзгерістермен байланысты болды. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында алғаш рет АҚШ-та құрылып, бірте-бірте басқа елдерге кең тарады. Әлеуметтанушылар эмпириктер кәсіпті әрекеттің жаңа түрін қалыптастырды. Бұл эмпирикалық әлеуметтану саласынан социологиялық қағидаларды ығыстырудың басталуына әкелді. Осы уақытта социологиялық қағидалық ойдың карқында даму кезеңі өтті. Дәл осы кезеңде әлеуметтануда теориялық және эмпирикалық зерттеудің деңгейлері -макро және микроәлеуметтану арасында қарама-қайшылық туындады. 1918-1920 ж. ж. жарық көрген Ф. Знанецкий мен У. Томастың «Польский крестьянин в Европе и Америке» деген еңбегі әлеуметтануда эмпирикалық әдістердің дамуы мен бекітілуінде үлкен рөл атқарды. Дәл осы жолы алғаш рет жеке бас құжаттар анализінің әдісі өңделген және негізделген. Осы әдісте белгілі бір қиындықты шешу үшін адамның әлеуметтік оқиғаларға қатысын көрсететін материалдарды жинайды және жалпылайды. Осы құжаттар негізінде, әр түрлі әлеуметтік топтар сипатталады, топта болатын белгілі әлеуметтік-психологиялық үрдістер ойластырылады. Мәдени құндылықтар мен жеке тұлғалар арасындағы қатынасты, жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайларға бейімделу үрдісі мен механизмін білу үшін, Знанецкий мен Томас АҚШ-қа кеткен және Отанында қалған жанұялардың арасындағы корреспонденцияны және эмигранттардың өмірбаянын талдады. Фунционализм тарихының маңызды кезеңіне американдық нұсқауы (П. Парсонс, Р. Мертон және т. б. ) айналды, олар әдістемені дамытып, әлеуметтанудың барлық бөлімдеріне таратты. Американ социологы Роберт Мертон (т. ж. 1910) құрылымдық функционализм теориясы мен әдістемесінің құрастыруына елеулі үлес қосты. Құрылымдық тәсіл негізінде күрделі объект (қоғам және оның жағдайы, әлеуметтік институт немесе үрдіс) оның құрамына кіретін бірліктердің аналитикалық есептеуін жүргізеді. Шығарылған статистикалық жағдай әлеуметтік өзгеріс үрдісінің анализі үшін бастама бол алады. Қоғамды көптеген элементтерден тұратын күрделі, статистикалық жүйе ретінде қарастыратын құрылымдық тәсілден ерекше функциональді тәсілді біртұтас және тәсіл тұлғалардың функциональді тәртіптері, әр түрлі деңгейдегі ұйымдар мен жүйелер жөніндегі көріністерге негізделеді. Функционализм бойынша қоғам өзара тығыз байланыста болатын компоненттерден тұрады. Мертон бойынша, функция деп берілген жүйенің реттелуі мен оның ортаға бейімделуіне қызмет ететін бақылауларды есептеу керек, ал дисфункция кері үрдіс. Осы құрастырулар негізінде, ол өзінің атақты «орташа деңгей» идеясын қалыптастырды, ол кіші жұмыс гипотезалары мен кең теоретикалық спекуляциялар арасындағы делдалдық рөлін атқарды. Социологиялық зерттеудің қағидалық және эмпирикалық деңгейлерін байланыстырып, оның «таза» эмпиризм тенденциясына қарама-қайшылығын айқындады. Американ әлеуметтанушы-теоретигі (1902-1979) Толкотт Парсонс американдық әлеуметтанудың және жалпы әлеуметтанудың дамуына тигізген еңбегі зор болды. Әлеуметтанудағы іс-әрекет қағида мен құрылымдық-функциональдылық мектептің негізін қалаушысы Парсонс, адам шындығын оның барлық ерекшелігінде толығымен қамтитын, жалпы аналитикалық логико-дедуктивті жалпы қағидалық жүйені құруға тырысты. Нәтижесінде Парсонс құрамына мәдени, әлеуметтік, органикалық және жеке басты жүйелерді кіргізетін, өзара айырбас қатынасына түсетін іс-әрекет жүйесінің комплексті қалыптасқан моделін құрды. Осы модельді құру үшін, Парсонс ортамен қатынасты жүзеге асыруда белгілі бір мүмкіндіктерге ие болған іс-әрекет субъектісінің құрылымын қарастырған. Әлеуметтік іс-әрекеттердің құрылымы әрекет етуші адамнан, белгілі бір жағдайдан, шарттан тұрады. Парсонстың бүкіл әлеуметтік іс-әрекеттердің жүйесі қоғамның жүйе құрылысы негізінде негізделеді, бұл әр жүйенің 4 негізгі қызмет атқаруын білдіреді (икемдеу, мақсатқа жету, бірігу және үлгілерге сай келу) . Индустриялды социология - АҚШ-тағы әлеуметтік ғылымдардың қолданбалы саласы. Оның өкілдері өнеркәсіптегі адамдардың еңбек қатынастарын зерттеумен және өңдірістің тиімділігін арттыру үшін ұсынылған тәжірибелік ұсыныстарды өңдеумен айналысады. Индустриялды социологияның теориялық - әдістемелік негізінің қызметін тейлоризм Э. Мейо, Д. Макгрегор және т. б. концепциялары құрайды. Индустриялды социология шеңберінде өткізілетін, белгілі социологиялық зерттеулер, тек жеке жұмыс орнында ғана емес, басқарудың бүкіл жүйесі - менеджментке де қатысты. Американ социологы және психологы Элтон Мейо (1880-1949) американдық индустриалды социологияның және «адамгершілік қатынастар» доктринасының негізін қалаушылардың бірі. Мейонның теориялық концепциясының негізіне келесі принциптер жатыр: 1) адам «әлеуметтік жануар» ретінде, топтық тәртіптің контекстіне енгізілуін мен бағытталуын белгілейді; 2) бағынудың қатал иерархиясы мен бюрократтық ұйыдастыруы адам табиғаты мен оның бостандығымен сай келмейді; 3) өнеркәсіп жетекшілері өнімдерге емес, көбінесе адамдарға бағытталуы керек. Мейо бойынша, бұл принциптер қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын мен индивидтердің өз жұмыстарына қанағаттануын қамтамасыз етуі керек. Питирим Александрович Сорокиннің (1889-1968) өмірі ерекше өтті. Дарынды ғалым сол кезде Ресейде тұрып-ақ эсерлер партиясының өкілі ретінде саяси күреске көп күш-жігер жұмсады. 1922 жылы ол Ресейден қуылып, АҚШ-та орнықты. Өзінің концепциясының негізгі бөлігін Ресейде жасады да, АҚШ-та өңдеп шығарды. Сорокин АҚШ-тағы эмпирикалық тенденцияны сынға алып, мәдениет кең түсінігінің барлық социологиялық аспектілерін қамтитын «интегралды әлеуметтану» жөніндегі оқытуларын дамытты. Өз дүниетанымының басынан оған гуманитарлық білімді өз уақытындағы тұтас, унифициалды жүйемен байланыстыру талпынысы тән болды. Социомәдениет жүйесі динамикасының маңызды факторы әрқайсысы меншікті көзқарасы бар доминантты мәдениетті жүйенің құлдырауы болды. Сорокин олардың ішінен келесілерді белгілейді: 1) «сезімді» супержүйе (шындық белгілі сезімдер негізінде қабылданады) ; 2) «ойша» (шындық интуиция көмегімен танылады) ; 3) «идеалистік» (екі алдыңғының комбинациясы ретінде қарастырылады) . Батыс әлеуметтануында, Сорокинның ерте кезде-ақ айналыса бастаған әлеуметтік мобильділік пен стратификация концепциясы мен эмпирикалық зерттеулері өте жоғары бағаланады. Әлеуметтік мобильділік - қоғамның тарихтан тыс, қалыпты жағдайы және өзіне тек индивид пен топтардың жылжуын ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік объектілердің, яғни адам әрекеті негізінде құрылған және жетілдірілгендердің бәрі, бір әлеуметтік жағдайдан екіншісіне өту үрдісінде пайда болатын. Тігінен жүргізілетін мобильность қоғам стратификациясының бірдей деңгейдегі әлеуметтік топтардың бірінен екнішісіне өтуін көрсетеді. Көлденең мобильділік қоғамдық стратификацияның бір деңгейінде орналасқан, индивидтердің бір әлеуметтік топтан екіншіге өтуін айқындайды. Көлденен мобильділік (кәсіптік, саяси және экономикалық) -индивидтің бір сатыдан екінші сатыға жылжуын белгілейді, оның екі түрі ажыратылады: өсуші және кемуші, яғни әлеуметтік өсу мен әлеуметтік кему. Мобильді қозғалыстың субъектісіне тек тұлғаны ғана емес, әлеуметтік топты да жатқызуға болады.
Қоғамдық байланыстар мен қарым-қатынастарды тәртіпке келтіру, ресмилендіру және стандарттау процесі институционалдандыру деп аталады. Қоғамның белгілі бір байланыстардың әлеуметтік ұйымдастыруға қажеттілігін ұғынуы барысында сол қажеттілікті қанағаттандыра алатын әлеуметтік нормалар, ережелер, мәртебелер мен рөлдер бекиді. Әлеуметтік институттың қызмет атқаруына жәрдемдесетін жалпы мақсаттар, топтар және ұйымдар қалыптасады, институттың барлық мүшелерін қамтитын нормалар мен санкцияларды қолдану ресімдері, мәртебелер мен рөлдер жүйелері құрылады.
Әлеуметтанудың шығуының түп-тамыры көне заманға ұласады. Бұдан мыңдығын жылдар бұрын грек ойшылдары әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанын байқаймыз. Олар біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІY ғасырда өмір сүрген гретің ұлы ойшылдары Платонның «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің «Саясат», т. б. еңбектерінде әдет-ғұрыптарды, салт-дәстүрлерді, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды, оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстар жасады. Платонның «Мемлекет туралы» еңбегіндегі негізгі тұжырым әлеуметтік мәселелерді сыни талдаулардан өткізіп, қоғамды жетілдіруге бағытталған саяси ұсыныстар жасау болып табылады. «Қоғам басшысынан бастап бұзылады» деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етеді. «Қоғамды билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел». Платонның ойынша, мемлекеттің ойдағыдай өмір сүруін қоғамның негізгі үш құрамдас бөлігінің (өндірушілер, әскерлер, билеушілер) үйлесімді ықпалдастығы қамтамасыз етеді. Аристотельдің пікірінше, мемлекеттің негізгі мақсаты қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттілікке жету болып табылады. Бұған белгілі бір заңдар мен билік құрылымдарына негізделген берік мемлекеттік ұйымдар арқылы ғана жету мүмкін екендігі ескеріледі. Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т. б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.
Әлеуметтанудың классикалық кезеңінің ірі өкілі, атақты француз философы Огюст Конт болды. Оны әлеуметтану ғылымының негізін салушы дейді. Огюст Конт механика заңдарын қоғамды зерттеуде пайдалануға болады деп есептеп, жаңа ғылымды алдымен әлеуметтік физика деп атады. Кейін 1839 жылы 6 томдық "Позитивтік философия курсы" атты кітабында әлеуметтанудың принциптерін атап көрсетіп, оның ескертпесінде Конт әлеуметтік құбылыстарды зерделеуге қатысты жаңа «Социология» (әлеуметтану) деген терминді пайдалануға тәуекел ететіні туралы жазды. Конт социологияны әлеуметтік статика, әлеуметтік динамика деп үлкен екі тарауға бөлді. Біріншісі қоғамдық жүйесінің өмір сүру шарттары мен заңдарын, ал екіншісі қоғамдық жүйенің даму және өзгеру заңдарын зерттейді. Әлеуметтік статика - қоғамдық тәртіп, ұйым, үйлесім теориясы. Конт қоғамды барлық бөліктері өзара тығыз байланысты, бір-бірімен берік бірлікте ғана тануға болатын органикалық тұтас дүние ретінде қарастырады. Бұл тұжырымдама индивидтер теориясына, яғни қоғамды жеке адамдардың (индивидтердің) келісім - шарттарының жемісі ретінде түсіндірушілерге қарсы бағытталған. Қоғамның құрылымын айқындап, үйлесімділік пен тәртіпті қамтамасыз етіп отыратын принциптерді зерттеу кезінде Конт осы принциптерді оларды жүзеге асыратын әлеуметтік саясатпен тығыз байланыстырады. Ол алдымен негізгі қоғамдық институттарды (отбасы, мемлекет, дін) олардың әлеуметтік қызметі, әлеуметтік ықпалдастықтығы тұрғысынан қарастырады. Конт заңы бойынша, адамзат қоғамы дамудың теологиялық, метафизикалық және позитивтік үш сатысын басынан өткереді. Конт Ағарту дәуірінің ғалымдары өз заманының әлеуметтік тәртіптеріне тым шүйліге қарап, қоғамдық институттар арасындағы байланыстарды лайық бағалай алмады деп санады. Сондықтан ол осы мәселемен түбегейлі айналысып, жаңа пәнді «әлеуметтік физика», кейіннен біржола «әлеуметтану» деп атап, ғылыми айналымға енгізді. Ол экономикалық өмір, әр замандағы үстем идеялар, индивидуалдық пошымдары, отбасы құрылымы, тіл және әлеуметтану ғылымының ерекше объектілері деп белгіледі. Адамзат ақыл-ойының даму барысын үш белескен: теологиялық (үш мың жылдай уақыт), метафизикалық (XIV-XVIII ғасырлар), позитивтік немесе ғылыми белестерге бөледі. Конт сондай-ақ ғылымдар иерархиясын ұсынып, оны математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану деп көрсетеді. Әлеуметтану деп өзі бөліп көрсеткен ғылымда ол «қоғам», «әлеуметтік организм», «әлеуметтік жүйе», «әлеуметтік құбылыс» секілді терминдерді қолданып, біржола орнықтырды. О. Конттың ой-пікірлері, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820-1903 ж. ж. ) болды. Оның көзқарасына қысқаша тоқтасақ, Г. Спенсердің әлеуметтану теорясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой-пікір, идея Ч. Дарвинның биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.
Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биолгиялық заңдар тән Ч. Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г. Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемелекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г. Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшеліктер туралы, ой-пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал, организмнің бөліктер мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керісінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г. Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты. Г. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндіру көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болды. Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік ұрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (Социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ, 1897, Основание социологии, СПБ, 1906г. ) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген. Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі -Эмиль Дюркгейм (1858-1917 ж. ж. ) . Қазіргі әлеуметтану көбіне Э. Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударды. Ал, бұл методология “социализм” деп аталады. Социализмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланыста өмір сүреді. Қоғам - ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналуы үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек. Милль Джон Стюарт (1806 - 1873 жылдары) - ағылшын экономисі, философ, тарихшы және ойшыл, саяси және экономикалық либерализмнің теоретигі. Англияда Конт позитивизмінің әдіснамалық идеясын насихаттады, оны сынады, қайтадан ой елегінен өткізді. Милль Джон Стюартдің эмпирикалық психологизмі - әлеуметтанудың да, логиканың да басты мәселелерінің бірі, ол психологияның ойлау техникасын зерттейтін тармағы ретінде ғана танылады. Өзінің "Огюст Конт және позитивизм" атты мақаласында ол француз философиясының зерттеу әдісін ойлап тауып, нәтижелерге ие болса да, осы әдістің шынайылығын дәлелдеу шартына назар аудармағанын атап көрсетеді. Өйткені, тәжірибеден біз дәйекті жүйелілікті және бір қатарға қоюды ғана табамыз. Алайда тәжірибе себеп-салдарлық байланыс пен жағдайлардың бір-бірімен сәйкес келуі арасындағы айырмашылықты айтпайды. Бұл, әсіресе, қоғамды зерттеу барысында заңдылықтарды, әсіресе прогресс заңдарын анықтауды қиындататын көптеген факторлар қолданылған кезде айқын байқалады. Нақ осында заңдарды орнықтыру әдістерінің және тиісінше фактілерді тұжырымдау рөлінің мәселелері неғұрлым өткір қойылады. М. Конттың осы жөніндегі көзқарастарын жинақтайды. Әңгіме адам психикасының құрылымынан алынған немесе дәуір терминімен айтқанда адам табиғатының заңдарынан алынған әлеуметтік заңдар дедукциясының мүмкіндіктері туралы болып отыр. Милльдің әлеуметтану үшін аса маңызды болған еңбегі "Силлогистік және индукциялық логиканың жүйесі" деп аталады. Бұл еңбекте әлеуметтану үшін маңызды төрт әдіс берілген:
Ұқсастық әдісі: егер қайсыбір құбылысты зерттеу барысындағы бірнеше жағдайларда бір ғана ортақ мән-жай табылатын болса, онда ол осы құбылыстың себебі (немесе салдары) болып табылады.
Өзгешелік өдісі: егер осы құбылыс болған және болмаған жағдайларда біреуінен басқасының бәрі бірдей болса, онда соңғысы осы құбылыстың себебі (не салдары) болып табылады.
Қалдықтар әдісі: құбылыстан бұрынғы индукцияларда белгілі болған себептер алынып тасталады. Сонда қалған факті қалған себептің салдары болып табылады.
Ілеспе өзгерістер әдісі: құбылыс әрдайым басқа құбылыстың белгілі бір өзгеруі барысында осы соңғы құбылыспен себептік байланыспен сабақтасқан кезде өзгеріп отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz