ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлттық элитасы және идеялық-саяси ағымдар


Реферат
Тақырыбы: ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі қазақ ұлттық элитасы және идеялық-саяси ағымдар
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2. 1. Ресей отаршылдығы және дүниежүзілік антиимпериалистік күрес аясындағы қазақ оппозициясы
2. 2. ХХ ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс
2. 3. Коммунистік идеология: интернационализм және пролетарлық тапшылдық
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Еліміз алдымен егемендігін жариялап, одан кейін тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін бұрынғы идеялық шырмаулардан толықтай арылғаннан соң тарихымыздың «ақтандақ беттерін» қайтадан қарастыру мүмкіндігі туды. Бұл мәселені зерттеу біздің ойымызша өзіне белгілі бір жүелікті және жан-жақтылықты талап етеді.
Ресей монархиясы ХХ ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап елде орын алған үздіксіз саяси дағдарыстың нәтижесінде құлады. Ақпан революциясының жеңісі саяси жүенің жоғары сатысы- республикалық құрылысқа көшуге жағдай туғызып, ұлттық езгінің күш-қуатын әлсіретуге мүмкіндіктер берді. Осы кезде жаңа бір билік жүйесі қалыптасып келе жатқанын сезінді. Билік басына бірінен соң бірі ауысып, түрлі ұйымдар ашылып жатты. Әр біруі өзіндік даму жолын ұсынды. Күрделі саяси жағдайда немесе саяси орманда адасып қалмау басты міндетке айналды. Осындай арпалыс уақытында саяси күрес аренасына шыққан зиялы топтардың іс-әрекеттеріне тоқталуды жөн көрдік, өйткені олардың жасаған жұмыстарына қарап сол кездің толық тарихи суретін жасауға мүмкіндік бар. Әрине зиялы қауып болып аталуына белгілі себептер бар; көкірегі ояу, көзі ашық, жоғары-орта білімдері бар, саяси көз-қарастары қалыптасқан азаматтар болды. Бұл төңіректе Н. Ә. Назарбаев «Тарих толқынында» атты кітабында келесідей көрсетеді: «ХХ ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясые жасау міндетін өз мойынына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүектерінің өкілдері еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақттар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал. Ол тұста ой еңбегімен кәнігі түрде шұғылдану атадан балаға жұғысты болып отырған.
- Ресей отаршылдығы және дүниежүзілік антиимпериалистік күрес аясындағы қазақ оппозициясы
XX ғасырдың бас кезінен өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәні бар жалпыұлттық мақсат-міндеттерді: ұлттық тең құқылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін жетілдіру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, көшпелілерді отырықшыландыру сияқты міндеттерді қойды. Басқа сөзбен айтқанда бұл істің басы-қасында болған жаңадан қалыптаса бастаған қазақтың ат төбеліндей аз ғана тұңғыш интеллигенттері жалпы ұлттық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты.
Бірінші орыс революциясы дүмпуі Ресей империясының шет аймақтарында да ұлт-азаттық қозғалыстың өрши түсуіне әсер етті. Осы жылдары қазақ зиялылары жалпы ұлттық мүдде арнасында іс-әрекеттерге көшіп, ұлттық бірлікті орнықтыруға, әрі тәуелсіздік жолында ұлттық, мұсылмандық, түркілік бірлік идеясы негізінде діндес, бауырлас, тағдырлас елдер өкілдерімен бірлесе кіріскенді.
Олардың саяси көзқарастарының қалыптасып, қоғамдық-саяси қызметке араласуына бірінші орыс революциясы белгілі дәрежеде ықпал жасады. Мәселен, 1903-1909 жылдары Петербургтегі әскери-медициналық академияда оқыған, кейін Алаш козғалысының белгілі жетекшілерінің-бірі болған Халел Досмұхамедовтың саяси көзқарасының қалыптасуы мен саясат саласында белсене көріне бастауы оның осы Петербургте өмір сүрген кезеңіне дәл келді. Бұған Халел Досмұхамедовтың 1931 жылғы қыркүйектің 14-інде ОГПУ-дің тергеушісіне өз қолымен жазып берген мәлімдемесі дәлел бола алады. "Мен, - деп жазды өз мәлімдемесінде Халел Досмұхамедов, Петербургке бірінші орыс революциясының қарсаңында келдім. Бұл кезде демократиялық күштер, оның ішінде студенттер қауымы да, жиі-жиі наразылық білдіріп жататын.
Қым-қиғаш студенттік өмірге араласумен қатар саяси білімімді жетілдіруге кірістім. Әртүрлі саяси партиялардың бағдарламаларымен таныстым . . . Мені және басқа қазақ студенттерін ешбір саяси партия бағдарламасы қанағаттандырмады. Социал-демократтар тек қана жұмысшылар туралы айтса, социал-революционерлер шаруалар жөнінде сөйлеп жататын Кадеттер орыс халқының ұлылығы жөнінде сайрап, басқа халықтар туралы жұмған аузын ашпайтын, ал оңшылдар болса орыс емес халықтарды жамандап, оларды қудалаумен болатын. Сол кезде жолдастарыммен бірге митингіге кездейсоқ тап болғанымызда сонда сөйлеген Милюковтың айтқан сөздерін осы күнге дейін ұмытқан жоқпын. Ол "патша үкіметі орыс емес халықтарды аса дөрекілікпен және үятсыздықпен қанап отыр" деп еді . . .
1905-1906 жылдары мен кейбір қазақ студенттерімен бірге Орал қаласында үгіт жұмыстарын жүргізіп, халықка елде болып жатқан оқиғаларды түсіндірдім. "Фикр" және "Уральский листок" газеттерінде мақалалар жарияладым. 1906 жылы қырдағы ауылдарды аралап жүргенімде полицляның көзіне іліктім де саяси жұмыс жүргізуіме тиым салынды.
Бұл құжат қазақ интеллигенциясының алғашқы легінің Халел Досмұхамедов, Әлихан Бөкейханов, Мұметжан Тынышбаев, Жақып Ақбаев, Жаһанша Досмұамедов сияқты белгілі өкілдерінің көпшілігі ғасыр басындағы Россияда орын алған саяси хал-ахуалға сергектікпен әрі сын көзімен қарағандығын, ал содан кейін барып қандай саяси ұйымнан үлгі алу мәселесін шешкендігін көрсетеді.
Солардың алғашқы көрінісінің бірі 1905 жылдың соңында Орал қаласында өткен Ә. Бөкейханов, Жаһанша Сейдалин, М. Дулатов, Б. Қаратаев, Б. Сыртанов сияқты қазақ зиялылары өкілдерінің "бес облыстық делегаттар съезі" аталған бас қосуда жасаған "қазақ конституциялық- демократиялық" партиясын құру жөніндегі әрекеті болды. Бұл әрекет сол кезде Петербургте оқуда болған Халел Досмұхамедов тарапынан да қолдау тапты.
Демек, бірінші орыс революциясы жылдарында Ә. Бөкейхановтың төңірегіне топтасқан қазақ зиялылары өздерінің саясатқа араласқан алғашқы қадамдарында сол кезде патша үкіметіне оппозицияда болған кадеттер пар-тиясын өздеріне белгілі дәрежеде үлгі тұтты.
Бұл пікірімізді Әлихан Бөкейхановтың 1910 жылғы жарияланған "Қырғыздар" атты әйгілі мақаласындағы ой - тұжырымдары растай түседі. Бұл мақала 1910 жылы Петербург қаласында А. И. Костелянскийдің редакциясымен жарық көрген "Формы национального движения в современных государствах" деген кітапқа енген болатын. "Қырғыз халқының арасында, - деп жазды Ә. Бөкейханов осы еңбегінде, - саяси партиялар әлі пайда бола қойған жоқ . . . орыстандыру саясатының ауыртпалығын көтерген басқа шет аймақтардың халықтарындай, қырғыз халқы да үкіметке қарсы пікірде және орыстың оппозициялық партияларына көңіл қояды.
Жақын болашақта қырғыздар арасында қалыптасып келе жатқан екі саяси бағытка сай екі саяси партия құрылуы мүмкін. Оның бірін ұлттық-діни бағыттағы деп атауға болар, ал оның мақсаты қырғыздарды басқа мұсылмандармен біріктіру болмақ. Екіншісі қырғыз келешегі кең мағынадағы батыс мәдениетін енгізуге байланысты деп есептейтін бағыт. Бірінші бағыт мұсылман - татар партияларын үлгі тұтар, екіншісі - оппозициядағы орыс партияларын, атап айтқанда, халық бостандығы партиясын үлгі етпек". Осы үзіндіден анық көрініп тұрғанындай, XX ғасырдың алғашқы он жылдығында Ә. Бөкейханов пен оның пікірлестері қазақтың ұлттық саяси партиясын әуел баста патша үкіметіне оппозицияда болған либералдық орыс буржуазиясының өздерін халық бостандығы партиясы деп анықтаған конституциялық демократтардың (кадеттердің) үлгісінде құруға бейім тұрғандығын аңғару қиын емес.
- ХХ ғасыр басындағы мұсылмандық қозғалыс
Жаңа заманда басталған империалистік елдердің шикізат алу көзі мен товар өткізу рыногы ретіндегі отар елдерге деген қызығушылығы, Түркістанды да ірі мемлекеттердің бәсекелестік күрес аренасына айналдырмай қоймады. ХІХ ғасырдың аяғы-ХХ ғасырдың басында аяқталған ірі державалар арасындағы әлемді бөлісу процесі, әлемдік өркениеттің үлкен бір бөлігін құраған Тұран елі-Түркістан өлкесін де отар елге айналдырып тынды. 1863-1864 жылдары полковник Черняевтің жасақтарының жасаған әскери қимылдары нәтижесінде тұтастай Түркістанның, сонымен бірге қазақтың Ұлы жүзінің Ресейге қосылуы аяқталды.
Орыс үкіметінің Қазақстан мен Орта Азияда жүргізген отарлау саясатының империяның басқа отарлық аймақтарымен (мысалы, Польша, Балтық теңізінің жағалауы, Закавказье) салыстырғанда айтарлықтай ерекшелігі болды. Бұл ерекшелік-мұндағы саясаттың толық отаршылдық орнату сипатында болғаны. Бұл өлкеде Сібір, Қырым, Еділ өңірі сияқты тұрғындарын толық орыстандыру мақсаты көзделді.
Ресей патшалығының өз отар аймақтарында халықты орыстандыру, шоқындыру ісінде қолданған тәсілдері екі бағытта жүргізіліп, саяси және идеологиялық жолмен өрбіді. Халықтың рухани өміріне шабуыл жасауда күш қолданудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігіне және бастысы оның қарсыласу қозғалысын туғызатынына осы уақытқа дейінгі тәжірибесінен көз жеткізген отаршыл үкімет, қазақ даласында және Түркістан өлкесінде шоқындыру, орыстандыру әрекеттерін жүзеге асыруда екінші жолды, миссионерлік жолды басты бағыт етіп алды. Миссионерлер қазақ халқын орыстандыруда жергілікті халықтың рухани тамырының тірегі болып табылатын мұсылмандық мектептерді, медреселерді жауып, орнына аралас қазақ-орыс мектептерін ашуға үлкен күш салды.
Зерттеулер орыс отарлауына дейін Түркістанда білім берудің негізгі түрі дәстүрлі мектептер мен медреселер болғандығын көрсетеді. Отарлақ әкімшілік жергілікті халықты орыстандыру үшін ең алдымен халық ағарту мекемелерінің қызметін барынша шектеп, сол арқылы ұлттық мәдениеттің негізін шайқалтуды міндет етіп қойды. Ресей патшалығының отарлауына дейін жергілікті халықтың сауаттылық деңгейі жоғары болған. Зерттеулер ХХ ғасырдың басында өлкеде 5892 мектеп пен 353 медресе болғандығын мәлімдейді.
Осы жерде көңіл аударарлық жәйт-бұл білім беру орындарының басым бөлігі «заңнан тыс», яғни орыс отаршыл үкіметінің рұқсатынсыз ашылғандар еді. Оны тарихшы К. Рысбайдың мына зерттеулерінен байқауға болады. ХХ ғасырдың басында қазақ даласындағы білімнің дамуы туралы жаза келе, ғалым: «1913 жылы кең-байтақ қазақ даласында не бары 157 орыс-қазақ мектебі бар еді, олардың көпшілігінде оқушылар саны 50-ден аспайтын. Оның есесіне, жер-жерде бастауыш діни оқу орындары «заңсыз» (нұсқау бойынша отарлық өкімет орындарының жазбаша рұқсаты талап етілетін) жұмыс істеді. Олардың саны дәл есептеуге келмейтін, өкіметтен жасырылатын. Толық емес мәліметтерге қарағанда, Сырдария облысының Шымкент оязындағы бір ғана Түркістан учаскесінде мыңнан астам осындай мектеп болған», - деп жазады.
Түркістан өлкесінде жергілікті халықты ұлттық ерекшеліктерінен, тілі мен дінен айыра отырып, сол арқылы қазақтарды этностық тұрғыдан ыдыратып жіберуге тырысқан патша әкімшілігі 1868 жылы өлкеде ислам діні қызметкерлерінің құқықтарын шектейтін «Уақытша ереже» қабылдайды. Ол бойынша сұраусыз мешіт салуға, жаңа медреселер ашуға тыйым салынады. Керісінше, осы «Ережеге» Қазақстанда христиан дінін таратуға бағытталған бірнеше тармақ енгізіледі. Христиан дініне кіріп, қандай да болсын бір селолық қоғамға жазылған қазақтарға жеңілдік беріледі. Христиан дініне кіргендігі үшін қазақ өлтірілсе, оның ісі әскери сотта қаралады. Исламға қарсы күрес барысында Түркістан генерал-губернаторы Духовскийдің 1899 жылғы баяндамасында: «Мемлекетте шешілуін күтіп тұрған шаралардың алдыңғы сапында мұсылмандық мәселесі тұрғандығын және мемлекеттік организмге жабысқан осы індетке қарсы күрес қажеттігін» атап көрсетілді. Тіпті ол «Ислам-біздің дінімізге ғана емес, бүкіл мәдениетімізге жау кодекс» деп түсіндіреді. Империя шеңберіндегі мұсылмандықтың ошағын жою үшін Түркістан өлкесі ерекше назарға алынып, біртұтас халқының діни өмірі әскери-азаматтық бақылауға алынды.
Орыстандыру, шоқындыру іс-шараларын жүргізуде мынандай бағытта жұмыстар жүргізілді: казак-орыс қоныстарына шіркеу, мінәжат үйлерін салып, оған жергілікті халықты тарту; шіркеу жанынан приходтық мектептер ашып, онда жергілікті халық балаларын оқыту; жергілікті тұрғындар арасында христиандық ілім негіздерін насихаттау; орыс мектептерінде оқитын жергілікті халық балаларына христиан ілімі пәнінен дәріс беру.
Өлкедегі түркі-мұсылман халықтарының саяси және рухани өміріне жасалған отарлық шабуыл жергілікті халықтың отарлыққа қарсы бірігуіне алып келетін жағдайларды қалыптастырды. Олар патша үкіметінің отарлық саясатына қарсы күреске бірігіп шықты. Ал Ислам діні бұл күрестің идеологиялық туына айналды. Бұл күрес тарихқа «мұсылмандық қозғалыс» деген атпен енді. Этнографиялық құрамы күрделі Түркістан халқын патша үкіметінің отарлаушы саясатына қарсы біріктірген бірден-бір күш-мұсылманшылдық болды.
Мұсылмандардың жағдайы, оның отаршыл үкімет тарапынан көріп отырған қысымшылықтары, соның ішінде діни істері жөнінде көріп отырған қысымшылықтары империя мұсылмандарының ХХ ғасыр басында Бүкілресейлік дәрежеде өткізген бірнеше съездерінде талқыланды. Мысалы, 1914 жылы маусымда Ресей Мемлекеттік Думасы Мұсылман фракциясының ұйымдастыруымен өткен Бүкілресейлік мұсылман съезінде мұсылман халықтарының рухани істерін ретке келтіру мәселесі талқыға түседі. Съезде қазақтар орталық орыс өкіметінен қазақтардың мүфтилік мәселесін шешуді өтініп жеделхат жолдады. Съезде қазақтар арасындағы рухани істер жөнінде баяндама жасаған Б. Қаратаев: «қазақтар бұрын Орынбор мүфтилігіне қарайтын, өткен ғасырдың 60-шы жылдары үкімет орындары оларды Орынбор мүфтилігінен шығарып тастағанда, қазақтар енді православиеге өтеді деп үміттенді. Сондықтан әр болысқа бір мешіттен артық мешіт салуға рұқсат бермеді. Алайда қазақтар бір мешіттің орнына ондаған мешіттер салып, жасырын әрекет етті» дей отырып, қазақтарды ендігі жерде Орынбор мүфтилігіне қайта қосу керектігін айтқан.
Мұсылмандық қозғалыстың саяси күш, саяси қозғалыс ретінде тарихта қалдырған ең ірі жетістіктері-Бүкілресейлік мұсылман съездерін өткізу болды. Империялық державаның түкпір-түкпірінен мұсылман өкілдерінің басын қосқан бұл жиылыстарда империя шеңберіндегі мұсылман халықтарына ұлттық немесе мәдени автономия беру, олардың тіл, дін, мәдениет салаларында Ресей азаматтарымен тең құқықта болуы, жергілікті езілген халыққа саяси бостандықтар әперу, олардың әлеуметтік мәселелерін шешу сияқты ауқымды және ұлт тағдырындағы маңызды мәселелер көтерілді. ХХ ғасыр басындағы Ресей империясы көлеміндегі мұсылмандық қозғалыс тарихында жалпыресейлік алты бірдей мұсылман съездері өткізіліпті. Олардың алғашқы үшеуі - 1905-1907 жылдар аралығында, төртіншісі-1914 жылы және бесіншісі-1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде, алтыншысы-осы жылы 21-31 шілде аралығында Қазан қаласында өткізіледі. Алғашқы үшеуіне 1905 жылғы Бірінші орыс революциясы ықпал етсе, соңғыларына патшаны тақтан құлатқан ақпан төңкерісінің ықпалы болғандығын жоққа шығара алмаймыз.
Мұсылман халықтары бас қосқан бірінші бүкілресейлік мұсылмандар съезі 1905 жылы Нижний Новгород қаласында өтеді. Үкімет орындарының рұқсат бермеуіне байланысты, бұл алғашқы съезді жасырын түрде қала маңындағы Ока өзенінде, «Густав Струве» кемесінде өткізуге тура келеді. Татар, әзербайжан, қазақ және тағы басқа мұсылман халықтарының өкілдері қастысқан съезге И. Гаспринский төрағалық етеді. Съезд әзербайжан халқының өкілі А. Топчибашевтың: «Уа, дінге берік бауырлар. Осы күн есімізден мәңгі шықпас. Бұл күн бұдан соң да Ресей мұсылмандарының жыл сайынғы ұлттық мейрамдарының бірі болатынына шүбә келтірмеймін. Біз тегіміз, дініміз, тағдырымыз бір түрік балаларымыз . . . » деген тебіреністі сөздерімен ашылды.
Съезде делегаттар діни, мәдени, саяси талаптарын империяның шет аймақтарындағы езілген мұсылман халықтарының құқықтары тұрғысынан тұжырымдайды. «Ресей империясының мұсылмандары жалпы мемлекеттік мүддеге сай, сондай-ақ Ресей өмірі жағдайында бүгін және болашақта бірігіп қимыл жасауы үшін бір саяси парияға бірігуі керек» деген қаулы қабылданады. Осы съезде мұсылман партиясы («Иттифақ-ул-муслимин» - «Ресей мұсылмандары одағы») бағдарламасының жобасы мен 23 тармақтан тұратын жарғысы қабылданады. Онда 16 қалада, оның ішінде Омбыда, Оралда, Орынборда, Семейде, Верныйда, Перовскіде Қызылжарда, Ташкентте партияның бөлімшелері ашылатыны көрсетіледі.
Ресей империясы мұсылмандарының басын қосқан «Ресей мұсылмандары одағының» бағдарламасын қабылдауда 1906 жылы тамыздың 16-сы мен 21-і аралығында, Нижний Новгород қаласында 800 ге жуық делегаттың қатысуымен өткен үшінші жалпыресейлік мұсылман съезінің тарихи маңызы зор болды. 72 тармақтан тұратын бағдарламалық құжат дәл осы съезде қабылданды. Съезд делегаттары оқу мәселесі бойынша 33 тармақтан тұратын қарар қабылдады. Онда мұсылман балалар үшін барлық елді мекендерде бастауыш және орта мектептер ашу, оқуды араб графикасы негізінде ана тілінде жүргізу мәселелері қарастырылды. Мұсылмандар бірлігін арттыра түсу мақсатында съезд «ортақ түркі тілі» барлық мектептерде оқытылсын деген шешім қабылдады. Делегаттар «барлық мүфтилер сайлансын; қазақ облыстарының діни істері Орынбор мүфтилігіне тапсырылсын; Түркістанда өз алдына жеке мүфтилік ашылсын» деген қорытындыға келді. Халық ағарту мәселесінде, ана тілінде сабақ жүргізетін бастауыш мектептерін ашу, орыс тілін орыс мектептерде тек қосымша пән ретінде оқыту, бастауыш мектептерді үкімет тарапынан қаржыландыру сияқты мәселелер көтерілді.
1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейінгі демократиялық өзгерістер кезеңінде Түркістан өлкесінде жергілікті мұсылман халқының мүддесін қорғайтын мұсылмандық қоғамдық-саяси ұйымдар құрылды. Олардың ішінде қоғамдық-саяси өмірге ықпалы жөнінен ең бірінші орында прогрессивті «Шуро-и-ислам» ұйымы тұрды. Бұл ұйым ХІХ ғасырдың екінші жартысында татар интеллигенциясы арасында, негізінен ұлттық мектептерді реформалау, оны бұрынғы діни-схоластикалық щеңберден шығарып, зайырлы пәндермен толықтыру, осылайша мұсылман жастарының көзін ашып, қоғамдық-саяси санасын ояту арқылы өркениетті елдер қатарына қосуды мақсат еткен «жәдитшілдік» қозғалыстан бастау алды. Ұйым мүшелері монархиялық билік жойылып, жаңа өзгерістерден үміт күткен осы бір тарихи кезеңде өлкенің мұсылман жұртшылығының осы уақытқа дейін қордаланған күрмеуі қиын мәселелерін шешуге тырысып, осы жолда өлкелік мұсылман құрылтайларын өткізді. Бұл жиындарда Ресейдің болашақтағы мемлекеттік құрылысы және ондағы Түркістанның саяси статусы, Түркістанды жайлаған аштық мәселесі, дін, оқу-ағарту, жаңа құрылып жатқан билік органдарына жергілікті халықты тарту деңгейін көтеру сияқты маңызды мәселелерді қарастырды.
1917 жылғы Петерборда болған екінші төңкеріс Ақпан төңкерісі сыйлаған демократиялық өзгерістерді, ең басты болашақта өзімізді-өзіміз басқарсақ деген үмітті жоққа шығару қаупін тудырды. Большевиктік төңкерісті Түркістанның азаттық күрес жетекшілері мойындамады. Сондықтан да М. Шоқай бастаған азаттық жолындағы күрескерлер 1917 жылы қарашада өлкеде большевиктік үкіметке альтернатива болатын екінші өкіметті-Түркістан автономиясын жариялады.
Жергілікті мұсылман халқының мақсат-мүддесін қорғауға ұмтылған бұл жаңа мемлекеттік құрылым 1918 жылдың көктемінде өлкеде орныққан большевиктік күштердің қарулы шабуылының нәтижесінде құлатылды. Оның жетекшілері, үкімет мүшелері қуғындалып, М. Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды.
Осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын өлке халқының ұлттық ерекшеліктерін, тілі мен дінін сақтап қалу, мемлекеттік дербестікке қол жеткізу, сол арқылы қазақ жерін отарлаушы күштердің меншігіне өтіп кетуден және жас ұрпақты ұлттық негізден қол үзіп, орыстанып кетуден сақтап қалуды көздеген ұлт зиялыларының осы жолда атқарған ерен еңбегі большевиктік террор арқасында жүзеге асырылмағанымен, оның халқымыздың ұлт-азаттық тарихында алатын орны ерекше. ХХ ғасыр басындағы азаттық күрескерлердің арманы ғасыр аяғында орындалып, жүзеге асты. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Бүгінде қол жеткізген тәуелсіздігімізді баянды ету, оны жалғастыру бүгінгі жастардың қолында. Осы жерде оның қауіпсіздігіне, мемлекеттің тұрақтылығына нұқсан келтіретіндей оқиғалрдың орын алып жатқандығы мәлім. Солардың бір көрінісі дәстүрлі емес діни ағымдардың іс-әрекеттері және ең сорақысы олардың өздерінің арам пиғылдарына жастарды тартуы болып отыр. Осы жолда жастарға дұрыс ақпарат алудың, тарихтағы «мұсылмандық қозғалыс» сияқты азаттық күрестердің тарихын білудің маңызы зор.
3. Коммунистік идеология: интернационализм және пролетарлық тапшылдық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz