Бюджетті құру және орындауда туындайтын негізгі мәселелер
Жоспар:
Кіріспе
1.Мемлекеттік бюджеттерге кірістерді мобилизациялаудың формалары мен
әдістері және оларды жетілдіру мақсаты 1.1.Мемлекеттік бюджеттің экономикадағы ролі және мәні. 1.2.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы.
2. Қазақстан Республикасының бюджетті қалыптастыру тәртібі
2.1.Бюджетті жоспарлау негіздері
2.2. Республикалық бюджетті қалыптастыру тәртібі
2.3. Жергілікті бюджеттті құру тәртібі.
3.Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджетті қалыптастыру проблемалары және оларды шешу жолдары
3.1. Бюджетті құру және орындауда туындайтын негізгі мәселелер.
3.2. Қазақстан Республикасында бюджетті реформалаудың бағыттары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Қазақстан бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құрамы болып табылады. Кез келген реформаны, оның ішінде экономиканы жүргізу экономикаға, әлеуметтік сала мен инфрақұрылым дамуына орасан қоржынды жұмсауды талап етеді.
Мемлекеттік бюджет – экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие бола отырып, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Жалпы бюджет жүйесі экономикалық қатынастарды реттеп, қаржыландыру мәселелері шешілетін және құқықтық нормаларға негізделген ақша қорларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекет әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеуде жүзеге асыра отырып, экономикалық міндеттерге, материалдық мүмкіншілікке, реттеудің жиналған тәжірибесіне байланысты өзгеріп тұратын әдістер мен құралдар жүйесін пайдаланады. Экономиканың ішкі тепе-теңдігіне қол жеткізуге бюджеттік реттеу құралдары сәйкес келеді.
Осы тақырыпта қарастырылатын мәселе мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұнын, оның құрылу механизмін, бюджет жүйесінің құрылымын көрсетіп, оның жақтарын анықтау және талдау болады. Сонымен қатар бюджеттік жүйенің заңмен бекітілген құқықтары айқындалады.
Осыған байланысты бұл курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің даму кезеңдерін, құрылымын қарастырып, басты мәселелерді анықтау және бюджеттік қатынастарды жетілдіру жөнінде негізгі шараларды белгілеу.
Жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының Заңдары, нормативтік-құқықтық актілері қолданылды және газет-журнал беттеріндегі тың мақалалар негізге алынды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. 2004 жылдың 26 сәуірінен Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі
2. “2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы” 2003 жылдың 05 желтоқсанынан № 505-II ЗРК Қазақстан Республикасының Заңы
3. “2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы” 2004 жылдың 02 желтоқсанынан № 505-II ЗРК Қазақстан Республикасының Заңы
4. Ильясов К.К., Мельников В.Д. Финансы: Учебник. – Алматы, 2001
5. Ихданов Ж.О.,Орманбеков Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. – Алматы; Экономика, 2002
6. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. – Алматы, 1995
7. Нұрғалиев Қ. Қазақстанның экономикасы: оқу құралы – Алматы, 1999
8. Финансы / под ред. Л.А. Дробозиной. – М.: ФИНАНСЫ, 1999
9. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. - Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 1997.
10. Маркарьян Э.А., Герасименко ГЛ. Финансовый анализ — М.: «ПРИОР», 1996.
11. О бухгалтерском учете. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 26 декабря 1995 г., №2732.
12. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. — Алматы,1996.
13. Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. — К.:Торгово-издательское бюро BHV, 1993.
14. Введение в бухгалтерское дело: Пер. с англ.: - К.: Торгово-издательское бюро BHV, 1994.
15. Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк, январь 1995.
16. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии
1. 2004 жылдың 26 сәуірінен Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексі
2. “2004 жылға арналған республикалық бюджет туралы” 2003 жылдың 05 желтоқсанынан № 505-II ЗРК Қазақстан Республикасының Заңы
3. “2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы” 2004 жылдың 02 желтоқсанынан № 505-II ЗРК Қазақстан Республикасының Заңы
4. Ильясов К.К., Мельников В.Д. Финансы: Учебник. – Алматы, 2001
5. Ихданов Ж.О.,Орманбеков Ә.О. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері. – Алматы; Экономика, 2002
6. Мельников В.Д. Государственное финансовое регулирование экономики Казахстана. – Алматы, 1995
7. Нұрғалиев Қ. Қазақстанның экономикасы: оқу құралы – Алматы, 1999
8. Финансы / под ред. Л.А. Дробозиной. – М.: ФИНАНСЫ, 1999
9. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. - Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 1997.
10. Маркарьян Э.А., Герасименко ГЛ. Финансовый анализ — М.: «ПРИОР», 1996.
11. О бухгалтерском учете. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 26 декабря 1995 г., №2732.
12. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. — Алматы,1996.
13. Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. — К.:Торгово-издательское бюро BHV, 1993.
14. Введение в бухгалтерское дело: Пер. с англ.: - К.: Торгово-издательское бюро BHV, 1994.
15. Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк, январь 1995.
16. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии
Жоспар:
Кіріспе
1.Мемлекеттік бюджеттерге кірістерді мобилизациялаудың формалары мен
әдістері және оларды жетілдіру мақсаты 1.1.Мемлекеттік бюджеттің экономикадағы ролі және мәні. 1.2.Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы.
2. Қазақстан Республикасының бюджетті қалыптастыру тәртібі
2.1.Бюджетті жоспарлау негіздері
2.2. Республикалық бюджетті қалыптастыру тәртібі
2.3. Жергілікті бюджеттті құру тәртібі.
3.Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджетті қалыптастыру проблемалары және оларды шешу жолдары
3.1. Бюджетті құру және орындауда туындайтын негізгі мәселелер.
3.2. Қазақстан Республикасында бюджетті реформалаудың бағыттары.
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Кіріспе
Қазақстан бюджеті ұлттық экономиканы басқарудың ең маңызды құрамы болып табылады. Кез келген реформаны, оның ішінде экономиканы жүргізу экономикаға, әлеуметтік сала мен инфрақұрылым дамуына орасан қоржынды жұмсауды талап етеді.
Мемлекеттік бюджет - экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективтік сипатқа ие бола отырып, жалпы экономиканың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Жалпы бюджет жүйесі экономикалық қатынастарды реттеп, қаржыландыру мәселелері шешілетін және құқықтық нормаларға негізделген ақша қорларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекет әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеуде жүзеге асыра отырып, экономикалық міндеттерге, материалдық мүмкіншілікке, реттеудің жиналған тәжірибесіне байланысты өзгеріп тұратын әдістер мен құралдар жүйесін пайдаланады. Экономиканың ішкі тепе-теңдігіне қол жеткізуге бюджеттік реттеу құралдары сәйкес келеді.
Осы тақырыпта қарастырылатын мәселе мемлекеттік бюджеттің экономикалық мазмұнын, оның құрылу механизмін, бюджет жүйесінің құрылымын көрсетіп, оның жақтарын анықтау және талдау болады. Сонымен қатар бюджеттік жүйенің заңмен бекітілген құқықтары айқындалады.
Осыған байланысты бұл курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің даму кезеңдерін, құрылымын қарастырып, басты мәселелерді анықтау және бюджеттік қатынастарды жетілдіру жөнінде негізгі шараларды белгілеу.
Жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының Заңдары, нормативтік-құқықтық актілері қолданылды және газет-журнал беттеріндегі тың мақалалар негізге алынды.
1.Мемлекеттік бюджеттерге кірістерді мобилизациялаудың формалары мен әдістері және оларды жетілдіру мақсаты
1.1. Мемлекеттік бюджеттің экономикадағы ролі және мәні.
Мемлекеттік бюджет қаржы жүйесі мен негізгі қаржы категорияларының жетекші саласы болып табылады. Ондағы салық, мемлекеттік шығындар сияқты негізгі категориялар бірлестіріліп, ресурстар мен ресурс шығындарының ұдайы жұмылдырылуы іске асады.
Мемлекеттік бюджеттің спецификалық кескіні болып табылатындар:
- Мемлекеттік бюджет қайта бөлу қатынастарындағы ерекше экономикалық үлгі болып табылады.
- Бюджеттің көмегімен ел территориясындағы халық шаруашылығы салаларында ұлттық табысты қайта бөлу жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік бюджет қаржы системасының негізі болып табылады және қоғамдық өндірістің құндық құрылымына әсер етеді.
- Мемлекеттік бюджет жалпы мемлекеттік сұранымдарды қанағаттандыру үшін қызмет етеді.
Бюджет қаражаттары есебінен өндірістің ұлғаюы, жалпы мемлекеттік көлемде резервті қорлардың пайда болуы, мемлекет шекарасы күзетіне шығатын шығындар, қарулы күштерді қамсыздандыру сияқты шығындар іске асырылады.
Мемлекеттік бюджет қаржы-несие жүйесі салаларымен тығыз байланысты. Бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қаражаттары қорында-елдің бюджет қорында мүліктелінеді. Осының нәтижесінде нақтылы экономикалық процестер мемлекеттің ақша қаражаттарында қолданылатын, жұмылдырылатын болады.
Бюджет қоры дегеніміз қоғамдық өнімнің және ұлттық табыстардың құндық бөлудің белгілі бір кезеңімен өтіп өндірісті ұлғайту, тұрғындарды әлуметтік - мәдени тұрғыда, қорғаныс және басқару жүйелерін қанағаттандыру үшін мемлекет қарамағына қайта келіп түскен қоғамдық өнім.
Бюджет 7 бөлімнен тұрады:
1) кірістер;
oo салықтық түсімдер;
oo салықтық емес түсімдер;
oo негізгі капиталды сатудан түсетін кірістер;
oo ресми трансферттердің түсуі;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік несиелендіру:
oo бюджеттік несиелер;
oo бюджеттік несиелерді өтеу;
5) қаржылық активтер операциялары бойынша сальдо:
oo қаржылық активтерді сатып алу;
oo мемлекеттік қаржылық активтерді сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану):
oo займдардың түсуі;
oo займдарды өтеу;
oo бюджеттік қалдықтардың айналымы.
Бюджетте ең алдымен мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді. Шығыста бюджеттің қаржылардың бағыттары мен қызметтері көрініс береді. Өзінің құрылымына қарай бюджеттің шығысы мынадай бөлімдерден тұрады: әлуметтік-мәдени қажеттілікті өтеу, денсаулық объектілерін, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға кетен шығындардан тұрады.
Бюджеттік процесс мемлекеттің кірістері мен шығыстарын баланстайды, теңестіреді. Қазіргі кезде барлық елдерде мемлекеттің шығыстары оның кірістері мен табыстарына қарағанда тез өсуде. Оның себептері көп, олардың ішіндегі ең бастылары өмірдің сан түрлі салаларындағы мемлекет рөлінің үздіксіз артуы, оның экономикалық және әлуметтік қызметінің кеңеюі, мемлекет аппараты көлемінің өсуі және тағы басқа да себептер.
Бюджеттік шығындардың көбеюі салық түсімдерімен сәйкес келмейді, сондықтан бюджеттің тапшылығы үздіксіз өсіп, оның көлемі ұлғаяды. Бюджеттік тапшылықтарды қаржыландырудың басты жолы мемлекеттік несие. Мемлекеттік несие қаржы-экономикалық қатынастардың жиынтығы, мұнда мемлекет заем немесе кредитор-несие беруші рөлін атқарады.
Мемлекеттік борышы процентпен төлеу бюджет шығыстарының басты бөлігін алады.
Бюджеттік шығыстарды ұлғайту мен салықтарды азайту шаралары сұраныстың және экономикалық белсенділіктің жалпы төмендеу кезінде, экономикалық дағдарысқа ұшырау қаупі төнгенде жүргізіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру жиынтық сұраныстың жалпы көлемін ұлғайтады. Салықтың төмендеуі күрделі қаржының, әсіресе орта ұсақ компаниялардың көбеюіне қолайлы жағдай жасайды.
Салықтың төмендеуі жағдайында мемлекеттік шығындардың артуы мемлекеттік бюджеттердің тапшылығын ұлғайтып, инфляциялық процестердің күшеюіне әкелді.
Шығыстардың кірістен артық болуы бюджеттік тапшылық деп аталады.
Мемлекеттік қарызды басқарудың күрделі механизмін пайдалана отырып, казынашылықтар бюджеттік тапшылықты жою үшін үлкен көлемде қаржы ресурстарын қолданады. Бюджеттік және қаржы-ақша саясаты макроэкономикалық реттеудің кең көлемдегі мәселелерін шешуге бағытталған . Олардың қатарына антициклдік саясатты жүргізу, жұмыспен қамту, төлеу қабілеті бар сұраныс дәрежесін және іскерлік белсенділікті реттеу жатады.
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде екі функцияны атқарады: бөлу және бақылау.
Бөлу функциялары арқылы мемлекет қолындағы ақша қаражаттары концентрациясы жүзеге асады және ол мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қолданылады .
Бюджеттік қатынастар аса көптүрлілігімен айқындалады және шаруашылықтың барлық деңгейлері республикалық және жергілікті бюджеттің, облыстық және қалалық бюджеттердің барлық деңгейлерін қамтиды.
Бақылау функциясы мемлекет қарамағына қаржы ресурстарының қаншалықты толық және қаншалықты тиімді қолданылатынын білуге мүмкіндік жасайды.
Бюджеттің атқаратын қызметі, функциясы бақылау мен бағалаудың құралы ретінде, ол нақты көрсеткіштерді болжамдық көрсеткіштерімен салыстырғанда ғана шаруашылық етуші субъектісінің қызметін аша түседі. Басқаша айтқанда, жоспарлы кезең аяқталғанда, шаруашылық субъектісінің қызметі туралы есеп беруді жасау керек және осының негізінде, болжамдық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыруға болатындығын көрсетеді.
1.2. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы.
Бюджеттік жүйе бұл экономикалық қатынастарға және тиісті құқықтық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейдегі бюджеттер.
Бюджеттік жүйе бір ортаға бағынған ақшалай қорлардың, бюджеттің, әдістердің және оларды құру мен атқарылуының тәсілдерін қолдану мен қалыптастыруы бойынша мемлекеттің әділеттік жақтарымен қаржылық қатынастардың жиынтығын, сондай-ақ осы қатынастармен басқару органдарының жиынтығын ұсынады.
Бюджеттік жүйенің негізі болып қаржылық қатынастардың келесідей топтары көрсетіледі:
- мемлекет пен кәсіпорын арасындағы бюджеттегі шығындарды қаржыландыру мен бір ортаға бағынған ақшалай қорларды қалыптастыру процесінде;
- бюджеттік қаржыландыруда орналасқан, өндірістік емес сферадағы мемлекеттік ұйымдар мен мекемелер;
- әр түрлі компенсациядағы тәлемдер мен бюджеттік кірістерді қалыптастыру бойынша мемлекеттік тұрғындар, сондайөақ тұрмысы аз қамтамасыз етілген азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету;
- қаржылық-банктік жүйедегі институттар арасында;
- бір ортаға бағынған ақшалай қорларды қалыптастыру бойынша шетелдік елдермен қатынасуда.
Қаржылық қатынастардың бұл формалары реттеледі және мемлекетпен жетілдіріледі, сондай-ақ осыларды құқықтық нормаларының және өнделген қағидаларының негізінде басқарылуы орындалады.
Бюджеттік жүйенің белгілерінің бірі болып бірыңғай құрылған ережелерді қолдану және барлық бюджеттерді орындау болып табылады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымын келесі суреттен көруге болады. 1-1
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті
ҚР-сының Ұлттық
қоры
Жергілікті
бюджеттер
Республикалық
бюджет
НН
Облыс бюджеттері
Астана және Алматы қалаларының бюджеттері
Облыстық
бюджет
Қалалық
бюджет
Аудандық
бюджет
Сурет 1. ҚР-сының мемлекеттік бюджетінің құрылымы
Республикалық бюджет бюджеттік жүйедегі мемлекеттің стратегиялық тапсырмалары шешіміне жұмсалатын ерекше сала болып табылады.
Мемлекет республика көлемінде маңызы бар әлуметтік-мәдени дамуды, экономика саласындағы шараларды осы республика бюджеті арқылы қамтамасыз етеді. Мемлекеттік бюджет ретінде 1991-ші жылға дейін Одақтық бюджет болып келді. Оған барлық Одақтас республикалардың бюджеті енген еді. Бүгінде Қазақстан егеменді ел болған соң, республика Үкіметі өзінің ұлттық мемлекеттік бюджетін жасайды.
Республика облыстары мен қалалары арасында қаржы көздері республика бюджетінен қайта бөліну арқылы субвенция , несие түрінде іске асырылады.
Республика бюджет - орталықтандырылған қаржы қоры. Ол республика Заңымен бекітіледі. Республикалық бюджеттік програмалардың жалпы мемлекеттік мәні бар.
Республика бюджеті қаржылары мыналарды қаржыландыруға жұмсалады:
Президент қайраткерлігін, Қазақстан Республикасы Парламентін, Конституциялық Кеңесті, Есептік Комитетті, Орталық сайлау коммисиясын атқарушы және басқа органдарды, жалпы функцияларды орындаушы мемлекеттік басқарманы;
сот жүйесін;
ішкі саясат қызметін;
қаржы және салық қызметтерін;
қорғанысты қамсыздандыру;
қамсыздандыруды қамтамасыз ету;
республика аумағындағы төтенше жағдайларға қарсы жұмыстар ұйымдастыруға;
республика көлемінде құқық қорғау қызметіне;
заң саласы қызметіне ;
республика көлемінде жалпы орта кәсіптік және білімін жетілдіруге;
республика көлемінде денсаулық сақтау саласындағы программаларға ;
орталық мемлекеттік органдардағы мамандарылған ауруханаларға;
республика көлеміндегі азматтарға белгіленген мөлшердегі тегін медициналық көмектерге ;
зейнетақы төлемдері, мемлекеттік әлуметтік жәрдемақыларына, азаматтар категорияларына арнайы мемлекеттік жәрдемақыларға (Заң актілеріне сәйкес республикалық бюджеттен); зейнеткерлерді жерлеу үшін берілетін жәрдемақыларға;
Республика көлемінде әлуметтік қамсыздандыру және әлуметтік саласы қызметтеріне;
Жер аудару салалары қызметіне;
Ауыл, орман, су, балық, шаруашылығы программалары артықшылығына;
Жер қондырғыларына;
Қоршаған табиғи ортаны күзету шараларына;
өнеркәсіп , транспорт, құрылыс объектілерінің арнайы программаларына;
гидрометеорология мониторингіне;
үкімет қарыздарын қамтамасыз ету шығындарына;
мемлекеттік гарантия міндеттемелерін орындауға.
Республикалық бюджет әр келер қаржы жылына Қазақстан Республикасы Парламентімен бекітіледі. Бекітілген бюджет Қазақстан Республикасы Заңы күшін алады, және ол төмендегі көрсеткіштерден құра берілген:
Республикалық бюджеттен берілген несиелер мен дефициті (профицит), алынған ресми трансферттер;
Республикалық және жергілікті бюджеттерге облыстардан , Астана және Алматы қалаларынан, шикізат салалары ұйымдарынан түскен түсімдер көлемі;
Мемлекеттік пакеттері мен акциялары бар республикалық мемлекеттік кәсіпорындардағы акционерлік қоғамдар түсімнің толық нұсқасы;
Айлық еңбекақының, айлық есептік көрсеткіштердің, зейнетақының ең төменгі мөлшерлері;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтер көлемі;
Қазақстан Республикасы мемлекетінің гаранттар міндеттерін орындау саласы;
Үкіметтік қарыз лимиті;
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына республикалық және жергілікті бюджеттерден, облыстар үзігінде, Алматы мен Астана қалаларынан берілетін ресми трансферттердің сомасы;
Республикалық ағымдағы бюджеттік және дамыту бюджеттік программалар нышаны;
Мемлекетік мекемелердің ағымдағы қаржы жылының басынан келе жатқан Республика бюджетінен қаржыландырылатын кредитолық қаржыларын өтеу сомасы.
Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол елдің ерекшелігін, оның әлуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Бюджет құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты. Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден - мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады.
Кесте 1. Қазақстан Республикасының негізгі макроэкономикалық
көрсеткіштері
Наименование
1999
2000
2001
2002
Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), млрд. теңге
2016,4
2599,9
3250,6
3776,3
Мемлекеттік бюджеттің түсімдері, ЖІӨ-ге %
19,8
23,0
23,0
21,7
Шығыстар, ЖІӨ-ге %
23,2
23,1
23,4
22,1
Тапшылық, ЖІӨ-ге %
- 3,5
-0,1
-0,4
-0,3
Сауда балансының сальдосы, млн. доллар АҚШ
340,3
2439,9
1320,5
2420,0
Бұл кесте мәліметтері Қазақстан Республикасының экономикасының жағдайын көрсетеді. 3 жыл ішінде республика ЖІӨ мөлшерін екі есе көбейтті. Сонымен қатар, мемлекеттік бюджет түсімдерінің үлесі көп өзгерген жоқ, ЖІӨ-ге бюджет түсімдерінің орташа үлесі 21,5 % құрады. Сондықтан ЖІӨ-нің жоғарлаған себебі - өнеркәсіп өнімінің көлемінің және сауда балансының көбеюі. Жалпы бұл мәліметтер республикадағы экономикалық жағдайының жақсарғанын білдіреді, сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің тапшылығы ең төмен мөлшерді 2000 жылы (0,1 %) және 2002 жылы (0, 3 %) құрады.
1.3. Бюджеттің атқарылу негіздері.
Бюджетке түсімдердің түсуін, бюджеттік бағдарламалардың іске асы-
рылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын каржыландыру
(профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады.
Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында баста-
лып, 31 желтоқсанында аяқталады. Бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттердің атқарылуын
қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді
жүзеге асырады.
Бюджеттің атқарылу принциптері:
1. Бюджет қаражатын нысаналы пайдалану принципі - бюджеттік бағдар-ламалардың паспорттарымен, мемлекеттік мекемелердің азаматтық-қүқықтық мәмілелерімен, нормативтік құқыктық актілермен айқындалып, бюджеттік бағдарламалар соларға сәйкес жүзеге асырылатын іс-шараларға бюджет қаражатын пайдалану.
2. Уақтылылық принципі - бюджет түсімдерін есепке алу және бюджет
каражатын белгіленген мерзімдерде пайдалану.
3. Бюджеттің бірқалыпты атқарылу прннципі - қаржы жылының аяғына
қарай төлемдер көлемінің жинақталып қалуына жол бермеу мақсатында бюджет қаражатын қаржы жылы ішінде бірқалыпты бөлу.
4. Кассаның бірынғайлык принципі - түсімдердің барлығын бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алу және көзделген шығыстардың барлығын бірыңгай қазынашылық шоттан ұлттык валютамен жүзеге асыру. Бюджет жүйесінің барлық деңгейдегі бюджеттері кассаның бірыңғайлығы принципі негізінде атқарылады.
Бірыңғай қазынашылық шот - аударым операцияларын орталықтанды-
рып жүзеге асыру және олардың есебіп жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде ашылатын шот. Бірыңғай қазынашылык шот қолма-кол ақшалы бақылау шоттарындағы қаражат қалдықтарын, мемлекеттік мекемелер шоттарын және басқа да шоттарды қамтиды.
Қолма-қол ақшаны бақылау шоты бюджеттің тиісті деңгейінен түскен түсімдер мен төленген төлемдер бойынша операцияларды есепке алуға арналған. Мемлекеттік мекеменің шоттары бюджеттік шығыстар мен Қазакстан Республикасының заң актілерінде рұқсат етілген өзге де қаражатты есепке алуға арналған.
Шетел валютасымен түсетін түсімдер бойынша бюджеттік операцияларды жүзеге асыру және олардың есебін жүргізу үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде шетел валюталарының түрлері бойынша банк шотын ашады.
Бюджет қаражатын банк шоттарында орналастыруға жол берілмейді. Мемлекеттік органдарды коспағанда, мемлекеттік мекемелер республи-
калық немесе жергілікті бюджет қаражаты есебінен және Бюджеттік кодексте көзделген жағдайларда өзге де қаражат есебінен қаржыландырылады.
Ішкі істер органдарын қоспағанда, жергілікті бюджеттен қаржыланды-
рылатып мемлекеттік мекемелерді республикалық бюджеттен қаржыланды-
руға жол берілмейді.
Ішкі істер органдарын қоспағанда, республикалық бюджеттен қаржылан-дырылатын мемлекеттік мекемелерді жергілікті бюджеттен каржыландыруға жол берілмейді. Мемлекеттік мекемені екі және одан да көп жергілікті бюджеттен каржыландыруға жол берілмейді. Бір мемлекеттік мекемен басқа мемлекеттік мекемені қаржыландырудың жеке жоспары есебінен қаржыландыруға жол берілмейді.
Мемлекеттік органдар тек қана республикалық немесе тиісті жергілікті
бюджеттер каражаты есебінен қаржыландырылады.
Мемлекеттік мекемелердің мынадай шоттары болуы мүмкін:
1. бюджеттік шот - бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын операцияларды есепке алу үшін ашылатын шот;
2. тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен
ақшаны есепке алуға арналған шот - мемлекеттік мекемелердің иелігінде калатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін кызметтерді) өткізуден алынатын, ақша түсімдері мен жұмсалуын есепке алу үшін ашылатын шот;
3. демеушілік және қайырымдылык көмек шоты - Қазақстан Республи-
касының заң актілеріне сәйкес заңды және жеке тұғалардан кайырымдылық және демеушілік көмек ретінде алынатын, ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де түсетін ақша түсімі мен жұмсалуын есепке алу үшін ашыла-
тын шот;
4. депозиттік шот - ұлттық және шетел валютасымен мемлекеттік мекеменің уақытша иелігіне түсетін және белгілі бір жағдайлар орын алған ретте, Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес өзге мақсаттарға жұмсау құқығынсыз, оны аударушы тұлғаларға қайтарылуға немесе бюджетке не үшінші тұлғаларға аударылуға жататын ақшаны есепке алу үшін ашылатын шот;
5. бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шоты
- үкіметтік сыртқы қарыздың немесе гранттың аванстық төлемдері арқылы жаңартылатын халықаралық қарыз шартында немесе грант туралы келісімде айтылған шетел валютасындағы шот. Арнайы шотты бюджеттік бағдарлама әкімшісі үкіметтік сыртқы карыздың немесе гранттың есебінен халықаралық
қарыз шартына не грант туралы келісімге сәйкес тауарлар (жүмыстар, көрсетілетін қызметтер) сатып алуға және бюджеттік имвестициялық жобаға немесе бағдарламаға әкімшілік етуге шығарылған шығыстар үлесінің орнын толтыру үшін ашады;
6. бюджеттік инвестициялық жобаның немесе бағдарламаның арнайы шотына үлттық валютамен төлемдерді жүзеге асыру үшін ашылған шот;
7. бюджеттік инвестициялық жобаның жаңартылатын шоты - үкіметтік
сыртқы қарыздар есебінен берілген кредит бойынша негізгі борышты өтеу шотына қарыз алушылар қайтаратын ақшаны есепке алу және пайдалану үшін бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңінде бюджетті аткару жөніндегі орталық атқарушы органға ашылатын шот;
8. шетел валютасымен операциялар жүргізуге арпалған шетел валютасындағы шот;
9. нысаналы қаржыландыру шоты - ерекше шығыстар жасауға ақшаны
есепке алу және жұмсау үшін республикалық бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемеге ашылатын шот.
Мемлекеттік мекемелердің шоттары бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ғана ашылады. Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасының банк заңдарында белгіленген тәртіппен шоттар екінші денгейдегі банктерде ашылуы мүмкін.
2.Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджетті қалыптастыру тәртібі.
2.1. Бюджетті жоспарлау негіздері
Бюджетті жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет
түсімдерінің көлемін және басымдыкты ескере отырып, мемлекеттің
әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған
бюджеттің болжамы жасалады. Республикалық бюджеттің жобасын өзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. Жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Бюджетті жоспарлау принциптері:
1. сабақтастық принципі - бюджетті алдыңғы кезеңде негізге алынған орта
мерзімді фискалдық саясат бағыттарын сақтап, өткен және ағымдағы қаржы
жылдары бюджетінің атқарылу нәтижелерін ескере отырып жоспарлау;
2. басымдық принципі - бюджетті алдағы орта мерзімді кезеңге арналған
әлеуметтік-экономикалык дамудың басым бағыттарын сақтай отырып жоспарлау;
3. негізділік принципі - бюджетті нормативтік құқыктық актілер және
бюджет жобасына белгілі бір түсімдерді немесе шығыстарды енгізу қажеттігін айқындайтын баска да құжаттар негізінде жоспарлау және олардың көлемдерінің негізділігі бюджетті жоспарлаудың негізгі принциптері болып табылады.
Алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты айқындау
Орта мерзімді фискалдық саясат алдағы үш жылдык кезеңге арналған
салық-бюджет саясатын, соның ішінде:
мемлекеттік, республикалық және жергілікті бюджеттердің болжамдык көрсеткіштерін;
бюджеттік бағдарламалардың өткен кезеңнің ішінде іске асырылу тиімділігін бағалау нәтижелерін;
бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарын;
республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын іске асьірудың тәсілдерін;
бюджетаралық қатынастардың даму бағыттарын;
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш саласындағы саясатты;
ықтимал фискалдық тәуекелдерді айқындайтын құжат болып табылады.
Орта мерзімді фискалдық саясат республиканын немесе аймақтың орта
мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму жоспары негізінде, өткен қаржы жылы
бекітілген орта мерзімді фискалдык саясат, мемлекеттік, салалык (секторлық), аймақтық бағдарламалар, өткен қаржы жылы ішінде бюджеттін атқарылуын талдау мен бағалау ескеріле отырып, оның негізгі бағыттары жыл сайын түзетіліп үш жылдық кезеңге әзірленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын Қазақстан Республикасының Үкіметі
ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін бекітеді және ол міндетті түрде жариялануға жатады.
Жергілікті атқарушы органның алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатын жергілікті аткарушы органдар ағымдағы жылдың 1 шілдесіне дейіп бекітеді және ол міндетті түрде жариялапуға жатады.
Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уөкілетті орган Республикалық
бюджеттік комиссия қабылдаған шешімдердің негізінде алдағы қаржы жылына
арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны
Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына енгізеді. Алдағы қаржы жылына арналған республикалык бюджет жобасының түпкілікті нұсқасын қарау жәпе айқындау жоспарланып отырған каржы жылының алдындағы жылдың 1 тамызынан кешіктірілмей аяқталады.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы келесі көрсеткіштерді қамтиды:
1. алдағы каржы жылындағы республикалык бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялык сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемдері;
2. жалақының, зейнетақының, айлық есептік көрсеткіштің ең төменгі мөлшері;
3. жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке бюджеттік алып
қоюлар көлемі;
4. республикалық бюджеттің жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік
субвенциялар көлемі;
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz