Бауырмен жорғалаушылар және олардың жіктелуі



I Кіріспе Бауырмен жорғалаушыларға жалпы сипатта
II Негізгі бөлім Жорғалаушылардың таралуы
1. Рептилилердың дене құрылысы
2. Крокодилдер отряды
III Қорытынды
Бауырымен жорғалаушылар, рептилиялар (лат. Reptilia) – жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар.
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлде кайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байлднысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.
Әйткенмен рептилилер жоғарғы сатыдағы омыртқалылар-дың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Денежылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14—32° градустың арасында болады.
Ежелгі бауырымен жорғалаушылар – котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы – сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі – мезозой.
1 Қазақ энциклопедиясы;
2 Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007;
3 Қ.Қайым,Б.Муханов,Р.Сәтімбекұлы,М.Шаймарданқызы, "Жануартану"(1998), 143 б.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Жаратылыстану- география факультеті
Биология және экология кафедрасы

Баяндама
Тақырыбы: "Бауырмен жорғалаушылар және олардың жіктелуі"

Орындаған: Б-23группа студенті Рахметулла Л.Б.
Тексерген: Құрмекеш Ә.Д.

Орал- 2017ж
Жоспар
I Кіріспе Бауырмен жорғалаушыларға жалпы сипатта
II Негізгі бөлім Жорғалаушылардың таралуы
1. Рептилилердың дене құрылысы
2. Крокодилдер отряды
III Қорытынды

Бауырымен жорғалаушылар, рептилиялар (лат. Reptilia) - жер бетінде тіршілік ететін, жоғарғы сатыдағы омыртқалылар.
Жер бетінде тіршілік ететін барлық жоғарғы сатыдағы омыртқалыларға тән белгілер бауырымен жорғалаушылардан айқын байқалады. Олардың миы әлде кайда жақсы жетілген. Сондықтан бауырымен жорғалаушылардың рефлекторлық әрекеті күрделі болады. Құрлықта тіршілік етуіне байлднысты бұлардың денесі амфибилер мен балықтарға қарағанда жақсы жіктелген. Әсіресе, басын әр түрлі бағытта қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді эпидермис қабаты мен мүйізді қабыршақтарының болуы. Өкпе арқылы тыныс алады. Жүрегі мен артериялық доғасы жақсы жіктелген. Оң және сол қарыншаның арасында перде болады, осы қарыншадан үш артерия қан тамыры шығады.
Әйткенмен рептилилер жоғарғы сатыдағы омыртқалылар-дың ішінде нашар ұйымдасқан организм болып саналады. Аортаның екі системалы доғасына байланысты, олардың тұлға бөлімінің артерия қаны аралас болады. Денежылуының реттелу қабілеті нашар. Дене температурасы тұрақты емес; мысалы кейбір кесірткелердің актив қозғалысы кезіндегі дене температурасы 14 -- 32° градустың арасында болады.
Ежелгі бауырымен жорғалаушылар - котилозаврлар орта тас көмір кезеңінде қарапайым, қосмекенді стегоцефалдан тараған. Котилозаврлардан триас кезеңінің аяғында аң тәрізді бауырымен жорғалаушылар тобы - сүтқоректілердің алғашқы түрлері шықты. Бауырымен жорғалаушылардың ең жақсы дамыған кезеңі - мезозой. Бұл кезде ихтиозаврлар, мозазаврлар, птерозаврлар (ұшқыш кесірткелер), динозаврлар тараған. Бұлардың бәрі мезозойдан кайнозойға өткен кезде жойылып кетті де, олардың орнына Бауырымен жорғалаушылардың қазіргі түрлері қалыптасты.Қазақстанда юра кезеңінде тіршілік еткен ұшатын кесірткенің, бор кезеңіндегі динозаврлардың, мезозой, кайнозой шөгінділерінен түрлі тасбақаның, кесірткенің, қолтырауынның (крокодилдің) қалдықтары табылған. Таралуы[өңдеу]
Бауырымен жорғалаушылар - салқынқанды жануарлар. Бұл олардың денелерін қыздыру үшін күн сәулесі қажет екенін білдіреді, сондықтан да оларды өте суық климатта кездестіре алмайсың. Ауа райы суық кезде олар көбінесе тәтті ұйқыға кетеді.
Бауырымен жорғалаушылар теңізде, тұщы суда және құрлықта тіршілік етеді.
Бауырымен жорғалаушылардың 6500-ден астам түрі бар. Олардың ішінде ең көбі - 3700 түрі бар кесірткелер. Онан кейінгі орында - жыландар (2800). Тіршілік етіп жатқан жорғалаушылардың ең ірісі жорғалаушылардың ең аз тұқымтобына жататын тәмсақтар болып табылады. Олардың не бары 25 түрі бар.

Жіктелуі:
І-класс тармағы: Алғашқы кесірткелер (лат. Рrоsаuгіа)
1-отряд: Тұмсықбастылар (лат. Rһуnсһосеpһаlіа)

ІІ-класс тармағы: Қабыршақтылар (лат. Squаmаtа)

2-отряд: Кесірткелер (лат. Lасегtilіа
)
3-отряд: Хамелеондар (лат. Сһаmаеlеоntеs)

4-отряд: Жыландар (лат. Орһіdіа)

ІІІ-класс тармағы: Крокодилдер (лат. Сгосоdіlіа)
5-отряд: Крокодилдер (лат. Сгосоdilіа)

ІV-класс тармағы : Тасбақалар (лат. Сһеlоnіа)
6-отряд : Жасырьш мойындылар (лат. Сrурtоdіга)
7-отряд : Бүйір мойындылар (лат. РІеuгоdiга)
8-отряд: Теңіз тасбақалары (лат. Сһеlоnііdеа)
9-отряд : Жұмсақ терілілер (лат. Тгіоnусһоіdіае) .

Рептилилердің дене құрылысы
Денесінің сыртқы көрінісіне қарай рептили-лер үшке бөледі.
Кесіртке тәрізділер
Бұлардың сыртқы құрылысы рептилилердің көпшілігіне тән және біріне-бірі ұқсас деп айтуға болады. Олардың аяқтары жақсы жетілген, құйрықтары ұзын, кейбір түрлерінде қармақ тәрізді болады. Кесіртке тәрізділерге кесірткелер, хамелеондар, крокодилдер, ящерогадылар жатады.
Жылантәрізділер
Бұлардың денесі цилиндр пішінді, аяғы жоқ, мойыны денесінен айқын бөлінбеген, көкірек бөлімі мен құйрық бөлімі айқын ажыратылмай бір-бірімен жалғасып жатады. Бұларға: жыландар, аяқсыз кесірткелер жатады. Алғашқы және соңғы типтің арасында аралық формалар бар. Мысалы, амфисбен (АmрһізЬаеріdае) тұқымдасының кейбір түрлерінің тек қана алдыңғы аяқтары болады, олардын ба-сы денесінен айқын бөлінбеген, мойын бөлімі байқалмайды, қысқа, жуан құйрығы да денесінен айқын бөлінбеген. Қерісін-ше, жыландардан, айдаһарлардан артқы аяқтың нұсқасын кездестіруге болады.
Тасбақа тәрізділер
Тасбақа тәрізділердің денесі арқасы-нан құрсағына қарай қысыңқы болып, арқа және құрсақ сауытының арасына орналасқан. Аяқтары көбінесе қысқа, құрлықтағы формаларында бағана тәрізді, теңіздегі формаларында ескек тәрізді, мойыны ұзын, қозғалмалы. Бұған тасбақалар жатады,
Тері жабындысы
Терісінің сыртқы қабатының эпидермисі мүйізденіп, әрқашанда түлеп огырады. Оны төменгі жатқан қа-баты қалпына келтіреді. Денесі сыртынан мүйіз қабыршақпен қапталып жатады. Эпидермистің мүйізденуі, мүйізді өсінділердің болуынын үлкен маңызы бар. Өйткені бұлар жануарды құрғап кетуден сақтайды. Тері бездері болмайды. Кесірткелердің санының ішкі бетінде тесікшелері болады, бұлардан көбею кезінде қоймалжың, желім тәрізді жабысқақ заттар шығады, оның маңызы әлі анық-талмаған. Аздап та болса тері бездері крокодилдерде, әсіресе жас крокодилдерде кездеседі. Олар арқасында, төменгі жағында клоаканың маңында орналасқан. Жыландарда да тері бездерінің нұсқасы болады.
Омыртқасы
Қесірткелердің көпшілігі-нің нің омыртқа жотасы, процельдік омыртқалардан қалыптасқан Төменгі сатыдағы формаларының омыртқа денесі амфицельді, Омыртқа жотасы, амфибилерге қарағанда қозғалмалы болып, бес бөлікке бөлінген: мойын, арқа, бел, сегізкөз, қүйрық.
Кесірткелердің мойын омыртқасыньщ саны 8. Рептилилер-дің мойын омыртқалары амфибилердін, мойын омыртқаларынан көп және бұлардьщ алғашқы екі омыртқасының құрылысында өзіндік ерекшеліктері болады. Басқа амниоталардікі сияқты бірінші мойын омыртқасын (аtlаз) ауыз омыртқа, екіншісін -- эпистрофея (еріsігорһеиs) деп атайды. Ауыз омыртқасы сақина пішінді, ол жоғарғы және төменгі жартыға байланыс ткані арқылы бекінеді. Жоғарғы тесігі жұлынмен байланысады да, төменгі тесігіне екінші мойын омыртқаның эпистрофеяның тіс тәрізді (ргосеssиs оdопtоіdеиs) өсіндісі еніп тұрады. Ауыз омыртқасы осы өсіндінің айналасында айналып тұрады. Эмбриологиялық мәліметтерге қарағанда, эпистрофеяның бұл өсіндісі ауыз омыртқасының денесі болып саналады. Мойынның мұндай құрылысы оның қозғалмалы болуына әсерін тигізеді. Бел -- көкірек бөлімінің омыртқалары кесірткелерде 22 бо-лады. Бұлардың барлығына да қабырғалар бекиді, бірақ алдыңғы бес омыртқаның қабырғалары төс сүйегіне барып бекиді. Соның нәтижесінде көптеген рептилилерге тән нағыз көкірек қуысы пайда болған. Төс сүйегі болмайтын жыландарда көкірек қуысы да болмайды. Кесірткелердің төсі шеміршекті болады. Ол ұрықтық даму кезінде көкірек қабырғаларының иілген ұштарының өсуінің нәтижесінде пайда болған. Сегізкөз екі омыртқадан қалыптасады, бұлардың көлденең есінділеріне жамбас сүйектері бекиді. Құйрық бөлімі ондаған омыртқалардан тұрады. Оның ал- дыңғыларында бүйір, өсінділері және қабырғалардын, да нұсқалары болады. Құйрық омыртқаларының соңғы бөліктерінде өсінділері жойылып, таяқша тәрізді сүйекке айналған. Әрбір омыртқа денесінің ортасында жігі болады. Егер әр түрлі себептен құйрығы үзіліп қалса, онда омыртқа осы жігінен екіге бөлінеді. Анығырақ айтқанда -- бір омыртқамен екінші омыртқаның қосылған буын аралығынан бөлінбейді. Құйрығындағы арнаулы еттердің жирылуының нәтижесінде құйрығын үзіп, қалдырады.

Ми сауыты
Ми сауытының бір ерекшелігі ондағы алғашқы шеміршек сауыт толық сүйектеніп, көптеген тері сүйектер дамып, төбе сүйегі, бүйір және ми сауытынын, түбі негізделген. Бас сүйегінің шүйде бөлімі (хондральдық) шеміршек тектес төрт сүйектен: жоғарғы шүйде, негізгі шүйде және екі бүйір шүйде сүйегінен құралған. Бұл сүйектер қарақұс тесігінің айналасына орналасқан. Оның астыңғы жағында бір ғана қарақұс өсіндісі болады. Оның қалыптасуына екі бүйір және негізгі шүйде сүйек қатысады. Негізгі шүйде сүйегінің алдыдғы жағында негізгі сына тәрізді (hаsіsрһепоіdеиm) сүйек орналасқан. Бұл ми сауытының түп жағын құрауға қатысады. Парасфеноид сүйегі кішкене, ол негізгі сына тәрізді сүйектің алдыңғы ұшына жалғасып жатады.
Есту капсуласының маңынан үш құлақ сүйегі пайда болады. Оның біреуі -- алдыңғы құлақ -- бүкіл өмір бойы жеке қалып қояды, ал қалған екеуі -- артқы құлақ сүйегі; бүйір шүйде сү-ііекпен, үстіңгі құлақ сүйегі -- жоғарғы шүйде сүйегімен бірігіп кетеді.
Иіс бөліміндегі шеміршектер сүйектенбей, сол шеміршек күйінде қалып қояды. Ми сауытының төбесі мынадай жұп сүйектерден: мұрын, маңдай алды, маңдай және маңдай артындағы, төбе және тақ төбе аралық сүйектерден құралған. Төбе аралық сүйегінің ортасында төбе органының тесігі болады. Ми сауытының бүйір жақтары мына сүйектерден тақ жақ-аралық, жұп жоғаргы жақ, көз үсті, бет және бұдырбетті сүйек-терден қалыптасады. Ми сауытының төбесінін, астықғы жағында, самай маңында, кесірткелерде -- бүйір самай шұңқыры деп аталатын едәуір ояз жері болады. Төменгі жағы Меккелев шеміршегіне ұқсас, буындасқан сүйектен тұрады. Бұл шаршы сүйекпен ұштасады. Тіс, бұрыш, және бұрыш үсті (sиргаапgиlаге), садақша (согопаге) және тақташа (sрlепіаlе) сүйектерде жақ құрамына енеді.
Иық белдеуі
Амфибилердегідей негізінен үш сүйектен қалыптасады. Иық белдеуінің құрсақ жағында тоқпан жіліктің басы еніп тұратын шұңқыры бар коракоид болады. Иық белдеуінің арқа жағы -- жауырыннан және жауырын үсті шеміршегінен тұрады. Коракоид төспен байланысады, ал оның алдыңғы жағында бұғана жатады. Крест тәрізді төстің сүріншегі бұғана мен коракоидтың арасын жалғастырып тұрады.
Жамбас белдеуі
Жамбас белдеуі мықын сүйектен шонданай сүйегінен (іsсһіиm) және шап сүйегінен тұрады. Бұлардың бір жақ ұштары түйісіп келіп, ортан жіліктің басы еніп тұратын шұңқырды құрайды. Мықын сүйегі екі жағынан да сегізкөз омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекінеді. Оң және сол жақ мықын сүйегі мен шап сүйектері өз ара байланысады.
Ас қорыту
Органдарының құрылысы амфибилердің ас қорыту органдарынан әлдеқайда күрделі. Бұл ас қорыту жолының үлкен бөлімдерге бөлінуіне және кейбір жаңа бөлімдердің пайда болуына байланысты ауыз қуысы жұтқыншақтан айқын бөлінген. Тасбақа мен крокодилдердің мұрын жұтқыншақ жолы ауыз қуысынан екінші таңдай сүйек арқылы бөлінген. Ауыз-қуысының түп жағында орналасқан, атылып шығуға бейімделген, қозғалмалы, етті тілі болады. Тілінің формасы түрліше болады. Жыландар мен кесірткёлердің көпшілігінің тілі жіңішке, ұшы екі айыр болады. Хамелеондардың, керісінше тілінің ұшы
жалпақ. Тілдің формасының түрліше болуы қоректік заттарды ұстау тәсілі мен пайдалану сипатына байланысты. Рептилилердің көпшілігінің тісі болады. Тісі жоғарғы жақ, жақ аралық, қанат тәрізді және төменгі жақ сүйектеріне орна-ласқан. Амфибилерден айырмашылығы -- гаттерилерден басқаларында, өре сүйегінде тісі болмайды. Тістері көрсетілген сүйектердің жиектеріне бекиді. Тек қана крокодилдердің тістері альвеолға орналасқан. Ауыз бездері амфибилерге қарағанда күшті жетілген. Етті қарыны басқа ас қорыту жолынан айқын ажыратылған. Аш ішек пен тоқ ішектің қосылған жерінде соқыр ішектің нұсқасы болады. Тек қана шөппен қоректенетін тасбақалардың соқыр ішегі жақсы жетілген. Ұйқы безі он екі елі ішектің иініне орналасқан. Бауырында өт болады. Өт жолы да ұйқы безінің ашылатын жеріне келіп ашылады.
Тыныс органдары
Рептилилердің амфибилерден айырма-шылығы, бұлардың суда тіршілік ететін личинкалары болмайды. Ұрықтарының эмбриональдық даму кезінде желбезек аппараты қалыптаспай, жұмыртқаның ішіндегі ұрықтың газ алмасуы алантоис пен сары уыз қапшығы арқылы орындалады. Ересек рептилилер тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты тыныс алура қатыспайды. Өкпесінің пішіні қапшық тәрізді оның іші өте ұсақ ұяшықтарға бөлінген. Тасбақа, крокодил сияқты жоғарғы сатыдағы рептилилерде бұл бөлімі өте жақсы дамып, күрделене түскен. Осы кездегі өте қарапайым -- гаттерилердің өкпесінің ішкі қуысының өзі де үлкен болады. Кесірткелердің, әсіресе хамелиондардың өкпесінің. астыңғы жағында ұяшықтар мен аралық перделері болмай, саусақ тәрізді керегесі жұқа өсінділер -- өкпе қапшықшалары болады. Бұларда газ алмасу процесі орындалмайды. Көмекей қуысы оймақ тәрізді және бір пар ожау тәрізді шеміршекпен шектелген көмекей камерасына жалғасады. Көмекейден ұзын кеңірдек кетеді. Қеңірдек екі бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады. Тыныс алу және шығару көкірек қуысының, кеңейіп, тары-луы нәтижесінде орындалады. Қан айналысы. Көпшілік рептилилердің жүрегі амфибилердікі сияқты үш камералы болады, бірақ жүрекшелерінің аралығындағы перделері толық жетіледі де қарыншаларының арасындағы пердесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауырымен жорғалаушылар класы немесе рептиллилер (Reptilia)
Бауырымен жорғалаушылар туралы жалпы түсінік
Бауырымен жорғалаушылар
Бауырымен жорғалаушылар туралы түсінік
БАУЫРМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР. ЖЫЛАНДАР ОТРЯДЫ (OPHIDIA)
Жорғалаушылардың эвалюциясы
Білім берудің жаңа техналогияларын «Бауырымен жорғалаушылар» тарауын оқу процесінде қолданудың жолдарын анықтау
Қорықтар мен ұлттық парктер
Алтын-Емел Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркімен шекаралас жатқан Жаркент өңіріндегі бауырымен жорғалаушылардың биологиясы, экологиясы
Қызыл кітапқа енген жануарлар
Пәндер