Әлия Молдағұлова. Өнегелі өмір


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Әлия Молдағұлова

(1925 - 1944)

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР

1941-1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысында неміс фашистерін жеңуге қазақстандықтардың қосқан үлесі зор. Солардың ішінде шығыстың қос жұлдызы атанған қазақтың аяулы қыздары Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова да бар.

Әлия (әдепкі есімі Ылия) Нұрмұханбетқызы Сарқұлова (болуға тиіс) Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында 1925 жылғы маусымның 15-інде дүниеге келген. Әкесі Нұрмұханбет жаны сергек, қажырлы, ер мінезді, сөзге шебер, ат ұстап, ит жүгірткен, сері болмысты, намысшыл жігіт болса керек. Ал анасы Маржан Молдағұлқызы - мінезі өткір, аққұба, көзі аялы, ажарлы адам болған. Әлия анасына тартқан көрінеді.

1932-жылы анасы кенеттен қайтыс болған соң, әкесі Әлияны қарындасының қолына береді. Ал 8 жасынан бастап нағашысы Әбубәкір Молдағұловтың қолында болады. Ол сол кезде қазақтардың ең сауаттыларының бірі болған кісі, темір жол саласында қызмет атқарған. Жұмысына байланысты көп орын ауыстырып отырған.

Әлия мектепке алғаш рет 1933-жылы Әулиеата (қазіргі Тараз қаласы) стансасында барған. Ал 1935-жылы нағашысы Мәскеуге оқуға түскенде, білімін сондағы мектепте жалғастырады. Кейін оқу орны Ленинградқа (қазіргі Санкт Петербург) ауысқанда, нағашысы оны өзінің тілегі бойынша сондағы №46 балалар үйіне орналастырады. Мұнда үздік оқығаны үшін Әлия 1940-жылы «Артек» пионер лагерінде болып қайтады.

Әлия соғысқа өз еркімен баруға өтінішті 1941-жылы 22-маусымда соғыс басталғаннан-ақ жазған еді. 1942-жылы 7-сыныпты бітіріп, авиация техникумында оқи бастайды. Осы жылдың желтоқсан айында өз өтінішімен әскерге алынып, Мәскеудегі мерген әйелдер мектебіне қабылданады. Оның соғысқа баруына себеп - кенеттен шабуыл жасаған жауға, әділетсіздікке, зұлымдыққа төзе алмайтын мінезі еді. Мергендер мектебінде де Әлия үздіктер қатарында болды. Оқу орны оны нұсқаушылыққа қалдырғысы келді.

Әлия - мектеп оқушысы. 1936 жыл.

Ленинград қаласында Әлия оқыған бұрынғы №9 (қазіргі №140) мектеп.

Бірақ өжет қыз дегеніне жетіп, 1943-жылы маусымда майданға аттанды. Оны 2-Прибалтика майданына жібереді. «Ол өзіне қатал қарады, ол өзін ерлікке дайындап еді, дегені болды», - дейді майдандастарының бірі. Сол расқа шықты. Әлияны дивизия командирі де қанды қырғыннан сәл де болса аулақ ұстағысы келген. Дегенмен майданға құлшынған Әлияның ерекше тілегін олар да жерге тастай алмады. 1943-1944 жылдары майданда әлденеше рет ерлік пен табандылық көрсетті.

Ал содан соң - ерлік. Сол ерлікті неше мәрте көрсеткен Әлия Молдағұлова 1944-жылғы қаңтардың 14-інде Казачиха селосы үшін болған ұрыста ондаған фашистердің көзін жойып, ерлікпен қаза тапты. Оның соңғы ұраны ана тілінде тасталған: «Алға бауырлар, Отан үшін алға!». «Ол бүкіл дивизияны үлкен қатерден сақтап қалды», - дейді Әлияның командирлері. Оған 1944-жылы маусымның 4-інде Кеңес Одағының батыры атағы берілді.

Қазақстанның көптеген қалаларындағы, облыстарындағы мектептерге, көшелерге, туған жері Ақтөбе облысында ауылға оның есімі берілген, ескерткіштер, мүсіндер орнатылған, мұражайлар ашылған. Оларда Әлияның майданнан туған елге, құрбыларына жазған сағынышқа толы хаттары, фотосуреттері, соғыс кезінде қолданылған түрлі қару-жарақтар сияқты жәдігерлер сақталған.

Қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ерен ерлігін туған жері Қазақстанда ғана емес, ол соғысқан Ресейде де ұмытқан емес. Оның есімімен Мәскеудегі көшелердің бірі мен №891 мектеп аталған және оған ескерткіш орнатылған. Аталған мектепте және Санкт Петербургтегі өзі оқыған №140-мектепте Әлия мұражайлары ашылған. Батыр қыз денесі Ресейдегі Тверь облысының Монаково деревнясының маңында жерленген. Онда белгітас орнатылған. Тақтатасқа «Мұнда қазақ халқының қызы Кеңес Одағының батыры Әлия Нұрмұханбетқызы Молдағұлова, 54-дербес атқыштар дивизиясының мергені, жерленген» деген жазу бар . . .

Әлия. 1942 жыл.

Новосокольникидегі Әлия ескерткіші.

Әлия Молдағұлованың қысқа да болса өнегелі өмірі, майдандағы ерліктері туралы кеңестік және қазақстандық танымалы авторлардың 20 шақты деректі шығармалары, ақындардың 20-дан аса поэмалары мен өлеңдері, жазушылардың 3 повесті, сахнада қойылып жүрген 1 пьесасы бар. Оған арналып 8 ән жазылған, 3 фильм түсірілген, 8 картина салынған. Осының барлығы 19-ақ жыл өмір сүрген батыр апамыз Әлия Молдағұлованың ерліктерін келесі ұрпақтар үлгі тұтатынын, есімі мәңгі өшпейтіндігін білдіреді.

«Әлия жүрегі»

поэмасынан үзінді

Тверьдің орманы жас, жері кәрі,

Ата қоныс санайды жұрттың бәрі.

Сол жерге Әлияның қаны сіңді,

Соғып тұр мерген қыздың жүрегі әлі.

Шаттансаң қыз тудым деп, қазақ, шаттан,

Әлия Отанына болған мақтан.

Бежаница маңында тұлғасы тұр,

Дегендей: «Ерлікке аттан, еңбекке аттан!»

Бұл жермен сонау заман Пушкин өткен,

Желдіртіп қоңыраулы атын жеккен.

Сол жерді жаудан сақтап қаламын деп,

Қазақтың Әлия қызы қанын төккен . . .

Яков Хелемский

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері туралы ақпарат
Әлия Молдағұлова Нұрмұхамедқызы
Тағызым етем, естен кетпес ерлігіңе туралы
Әлия Молдағұлова Нұрмұхаммедқызы
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері
Ә.Молдағұлова,М.Мәметова,Х.Доспанова
Мәншүк Маметова
Ерлік салтанаты
Қазақтың қаһарман қызы Әлия Молдағұлова
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz