«Қорқыт ата кітабы» - тарихи мұра



I. Кіріспе
Ақиқат пен аңыз

II. Негізгі бөлім
1. Қорқыт ата сөйлейді...
2. Қорқыт атаның өсиет.нақыл сөздерінің мәні
III. Қорытынды
«Қорқыт ата кітабы» . тарихи мұра
Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі болжамдар қалған. Алайда зерттеушілердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты тарихи шежіресінде Қорқыт Атаның қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының “Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт Атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді. Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт Ата 11 ғасырдың басында дүниеден өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7-8 ғасыр аралығында өмір сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата – ел бірлігін нығайтқан қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобызсарынын алғаш туындатушы, өнерпаз. Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты.
1. «Қазақ энциклопедиясы», VI-том
2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: «Аруна Лтд.» ЖШС, 2005 ЫСБН 9965-26-095-8
3. Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Лтд.» ЖШС, 2010.ЫСБН 9965-26-096-6.
4. Марғұлан Ә. «Ежелгі жыр аңыздар», Алматы, 1985
5. «Қорқыт ата кітабы», «Оғыздардың батырлық эпосы», Алматы 1993
6. Қасқабасов С. «Қазақ фольклорлығының тарихилығы», Алматы, 1993
7. Қасабеков А. Алтаев Ж, Қазақ философиясы, Алматы 1996, «Қорқыт ата» энциклопедиялық жинақ, Алматы, 1999, Тұрсынов Е. Қорқыт ата, 2001ж.
8. Ә.Қоңыратбаев. «Қорқыт ата кітабы» алматы, 1986ж.
9. Қазақ ССР тарихы, Алматы 1980ж, 1- том, 370- бет.
10. Книга деда моего Коркута, Огузский героический эпос. М.-Л, 1962ж.
11. Бартольд В.В. Коркуд, Соч,т.5М, 1968ж.
12. А.Я.Сыркин. Поэма о Диченисе Акрите. М., 1964
13. Гарбузова В.С. Сказание о Мелике Данышменде. М., 1959
14. Х.Г.Көроғлы. Оғыз нама батырлар жыры. М., 1976
15. А.Н.Қонаев. Родословная туркмен, сочинение Абу л Газихана Хивинского. М.,- Л., 1958, 73-74 бет
16. Китаби дәдә Горгут. Бақы, 1962, 17- бет
17. Н.Келімбетов «Қазақ әдебиетінің ежелгі дәуірі», 1986, 54-84 бет
18. Мырзатай Жолдасбекұлы, Қойшығара Салғараұлы, Ақселеу Сейдімбек «Елтұтқа» 2001, 43-45 бет.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

1. Аннотация
2. Кіріспе
3. Зерттеу бөлімі
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер
6. Пән мұғалімінің пікірі
7. Диск

Жоспары

I. Кіріспе Ақиқат пен аңыз

II. Негізгі бөлім 1. Қорқыт ата сөйлейді...
2. Қорқыт атаның өсиет-нақыл
сөздерінің мәні

III. Қорытынды Қорқыт ата кітабы - тарихи
мұра

Зерттеу мақсаты:

• Қорқыт жырларын терең түсіну;

• Шығармадағы нақыл сөздердің қолдану
ерекшелігін зерттеу;

• Мақал- мәтелге айналған ғибраты мол
сөздердің мәнін ашу;

• Жалпы қанатты сөздердің көркем әдебиеттегі
рөлін түсіну.

Аннотация

Мен өз жұмысымда халқына мәңгі өлмейтін өмір іздеуші, мәңгілік
өмірі, өлең жырлары ел аузында аңызға айналған Қорқыт жырларының мәнін
ашуды көздедім.
Мұнда Қорқыт жырларының тіліне талдау жасай отырып, оның асыл
мұралары - этностық тәлім-тәрбиенің алтын бастауы болғанын дәлелдеуге
тырыстым.
Кіріспе бөлімінде еңбектің негізгі мақсатына, өзектілігіне назар
аудардым. Сонымен қатар тарихи шындық пен аңызға айналған бейненің тарихи
болмысын ашуға тырыстым.
Негізгі бөлімде батырлық жырлар арқылы Қорқыт ата жастарды ерлікке
тәрбиелейтін, елін қорғауға, әділетті адал болуға насихаттайтын өсиет
сөздерінің мәнін ашуға әрекеттендім.
Қорқыт ата кітабы - түркі тектес халықтардың ежелгі тарихын,
байырғы тұрмысын, әдет- ғұрпын, салт-санасын, ақындық дәстүрін танытатын
эпикалық әрі тарихи мұра екеніне зерттеу жасауға тырыстым.
Қорыта айтқанда, шығарманың өне бойындағы өзім байқаған нақыл-өсиет
сөздерінің дүниетанымдық, тәлім-тәрбиелік мәні зор ұлттық
педагогикамыздың бастауы болғанына тоқталдым.

Қобызшы

Болжағыш
Әнші Күйші Акылгөй

Ақын Жырау
Жырау Ойшыл

Қобызшы

Ойшыл
Ақын

Композитор

Қорқыт Ата

Қорқыт Ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы.
Қорқыт Ата өмірде ізі, артында әдеби-музыка мұрасы қалған тарихи тұлға
ретінде белгілі. Қорқыт Атаның өмір сүрген кезеңі туралы ғылымда әр түрлі
болжамдар қалған. Алайда зерттеушілердің көпшілігі Қорқыт Ата Сырдария
бойында өмір сүрген оғыз-қыпшақ тайпалық бірлестігінде 10 ғасырдың басында
дүниеге келген деген тұжырымға саяды. Рашид әд-Дин “Жамиғ Ат-Тауарих” атты
тарихи шежіресінде Қорқыт Атаның қайы тайпасынан шыққан десе, Әбілғазының
“Түрік шежіресінде” оның тегі баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95
жасқа келіп қайтыс болғандығы айтылады. Сыр жағасына жақын жерде Қорқыт
Атаның зираты болғанын Ә.Диваев, т.б. ғалымдар өз еңбектерінде атап өтеді.
Ә.Қоңыратбаевтың зерттеулерінде Қорқыт Ата 11 ғасырдың басында дүниеден
өткен делінсе, Ә.Марғұланның еңбектерінде ол 7-8 ғасыр аралығында өмір
сүрді деген пікір айтылады. Қазақ философиясы тарихында Қорқыт Ата – ел
бірлігін нығайтқан қайраткер, түркі дүниетанымының негізін жасаған ғұлама
ойшыл, әлемдік ақыл-ой мәдениетінде өзіндік орны бар философ-гуманист
ретінде көрінеді. Қорқыт Ата жайындағы аңыздардан оның бойындағы үш түрлі
өнер ерекше айқындалады. Біріншіден, ол оғыз-қыпшақ ұлысынан шыққан айтулы
бақсы, абыз. Екіншіден – күйші, қобызсарынын алғаш туындатушы, өнерпаз.
Үшіншіден – әйгілі жырау, оның жырлары оғыз-қыпшақ өмірін бейнелеген әдеби
тарихи мұра. Түркі халықтарының фольклорындағы Қорқыт Ата туралы аңыз
әңгімелердің бірі оның туылуына байланысты.

Қорқыт Ата туралы аңыз

Аңыз бойынша, анасы Қорқытты құрсағында үш жыл бойы көтеріп жүріпті.
Жылына бір рет толғақ қысып отырады екен. Қорқыт дүниеге келер алдында
әлемді үш күн, үш түн бойы көзге түртсе көргісіз қараңғылық басады.
Сұрапыл қара дауыл соғып, ел-жұртты қорқыныш сезімі билеген. Осыған орай
баланың атын “Қорқыт” деп қойған дейді.” Қорқыт” сөзінің этимол-сын
Ә.Қоңыратбаевтың “құтты адам, құт әкелетін адам” деп көрсетсе, С.Қасқабасов
“өмір сарқылды, адам өлді” деген мағынаны білдіреді деп санайды. Е.Тұрсынов
түркі халықтарының фольклорына сүйене отырып, “дада, деде” деген сөздерді
“насихат айтушы жырау” деп түсіндіреді. В.Жирмунский Қорқыт Атаны магиялық
аспап – қобыздың иесі, шаман, абыз ретінде қарастырады. Қорқыт
Атаның тарихи тұлға екенін растайтын жазба ескерткіш – “Қорқыт Ата кітабы”
(Китаби дәдәм Корқуд). Онда Қорқыт Ата жырау, ақылгөй, данышпан, көсем,
бақсы, күйші ретінде көрінеді. Кітаптың басында Қорқыт Атаның нақыл сөздері
келтіріледі. Ол “өмір барда өлім бар, өзгеру бар, өлмес өмір жоқ, сынбас
темір жоқ, бәрі де өледі, өзгереді, ұмыт болады, тек мәңгі-бақи өлмейтін,
ұмытылмайтын нәрсе – адамның өмірінде істелген игілікті ісінің нәтижесі”
дейді. Қорқыт Ата жөніндегі аңыздарда түркі халықтарының өмір мен өлім
мәселесі туралы көзқарастар көрінс тапқан. Аңыз бойынша, Қорқыт Ата ұйықтап
кетіп, “егер өлімді есіңе алмасаң, мәңгі өмір сүресін” деген аян естиді.
Біраз уақыт өткен соң бір баспақты қуып жүріп, жете алмағасын “Өлсемде де,
жетемін!” дейді. Соны айтуы мұң екен, Әзірейіл келіп, “Сен өлімді еске
алдың, енді өлесің!” дейді. Аңызда Қорқыт Ата өзінің жүйрік желмаясына
мініп, халқы бақытты өмір сүретін жерұйықты іздеуші, ғұмыр бойы өлімге
қарсы күресуші жан ретінде суреттеледі. Ел жұртты өз жырымен де, күйімен де
аузына қаратқан, ғұмырының соңында бірлігі ыдырай бастаған жұртының
алауыздғына күйінген Қорқыт Ата мәңгілік өмір сырын іздеп дүниенің төрт
бұрышын кезіп кетеді. Бірақ қайда барса да, алдынан көр қазып жатқан
адамдарды жолықтырады. “Кімнің көрі?” деген сауалына “Қорқыттың көрі” деген
жауап естиді. “Қайда барсаң да Қорқыттың көрі” деген сөз осыдан қалған.
Ақыр аяғында жер кіндігін тапсаң, тірі қаласың деген аян естіп, туған жері
– Сыр өңіріне оралады. Содан мәңгі өмір тек өнерде деген ойға келіп, қобыз
аспабын ойлап шығарады. Тағы бір аңыз бойынша, өзен ортасына кілем жайып,
үстінде отырып қобыз тартқанда, күй күшімен суға батпайды екен. Қорқыт Ата
қобыз тартқан жылдары өлім болмаған, тек бақытты тіршілік болған дейді.
Бірақ Қорқыт Ата шаршап, ұйықтап кеткен сәтінде судан кішкентай қайрақ
жылан шығып, оны шағып өлтірді дейді. Аңызда ажал ашық келмей, жылан
кейпінде келеді. Бұдан халықтың өлімге деген көзқарасын, “ажал айтып
келмейді” деген филос. Тұжырымының негізін көреміз. Қорқыт Ата туралы
аңыздарда кездесетін үлкен философиялық мәселе – уақыт пен кеңістік
мәселесі.
Бұл аңыздарда Қорқыт Ата өлімнен қашып, бүкіл ғарышты аралайды.
Түсінен шошынған ол ажалдан құтылу үшін ертеңінде дүниенің екінші шетінде
көшіп кетеді. Мұнда ол баяғы түсті тағы көреді. Таң атысымен тағы да жолға
шығады. Не істерін білмей, жердің ортасына бармақ болады. Жер ортасы Сырдың
жағасы, қазіргі Қорқыт моласы тұрған тұс екен. М.Әуезов: “ажалды тоқтату
мүмкін еместігін мойындағысы келмеген Қорқыт Ата жұрттан безіп, айдалаға,
табиғат аясына кетеді, бірақ таулар да, жазықтар да, ормандарда оған өлім
күтіп тұрғанын айтады. Содан қорқып, шырғайдан алғашқы қобызды жасап, жер
бетінде бірінші болып күй тартады. Сөйтіп өлмеудің амалын өнерден табады”,
- деп жазады. Қазақ аңызындағы Қорқыт Ата бейнесі енді өлімнен қашқан
шаман емес, керісінше, өмір үшін күрескен, өлімнен құтылуды қандай бір
құдыретті күштен емес, өнерден іздеген, ажалмен айқасқан алып рухани тұлға
болып көрінеді. Зерттеушілер өлімнен қашқан Қорқыт Ата философиясын әйгілі
шумер эпосы “Гильгамеш туралы жырдағы” Гильгамеш әрекетімен салыстырады.
М.Әуезов Қорқыт аңызын адамзатқа от ұрлап әкеліп сыйлаған Прометей туралы
грек аңызымен теңестіреді. Тарихи деректер мен ғылыми пайымдауларды
түйіндей келе, Қорқыт Атаны исламды әлі толық қабылдамаған түрік
тайпаларының мәдени рәмізі деп қарастыруға болады. Аңыз әңгімелерде Қорқыт
Ата өзінің желмаясына мініп, халыққа мәңгілік бақыт әкелетін жерұйықты
іздеген данагөй ойшыл. Зерттеуші Е.Тұрсыновтың түсіндіруі бойынша, бұл
жердегі желмая қобыздың рәміздік бейнесі болып табылады. Өйткені ол
мәңгілік өмірді қобыздың сарынынан табады. Ең ақырында қобыз күйімен көз
жұмып, артындағы ұрпақтарына өлмес күйлерін қалдырады. Қорқыт Ата
жырларының философиялық мән-мағынасының алтын діңгегі – әлемді, таби,ат
заңдарын көркемдік таным тұрғысынан игеру. Оның өмір сүйгіштік дүниетанымы
күнделікті күйкі тірліктің шеңберінен шыға білу және адамзат үшін әрбір
тіршілік сәтінің құнды екенін ескерту, қайталанбас уақытты қадірлеуге
шақыру, сол арқылы өмірді мәңгілік ету идеясы Қорқыт философиясының ірге
тасын құрайды.

Қорқыт Ата энциклопедиялық жинағы

Қорқыт Ата – энциклопедиялық жинақ. 1999 жылы Қазақ энциклопедиясының
Бас редакциясы шығарған. Негізінен 5 бөлімнен тұратын бұл күрделі еңбекке
Қорқыт Ата туралы ел ауызында сақталған аңыздар мен күйлер, әфсаналар, ата
мұрасын зерттеу, әулиенің әдебиет пен өнердегі бейнесі мәселелеріне
арналған отандық және шетел ғалымдарының мақалалары топтастырылған. Бұл
материялдарда Қорқыт Атаның әлем тарихы мен философиясындағы орны, оның ұлы
мұрасының көркемдік ерекшеліктері мен мазмұны, тілдік, түрлік айшықтары,
тарихи белгілері мен жәдігерлік деректер хақында жан-жақты мағлұмат
беріліп, талдау жасалады. “Қорқыт Ата кітабының” Дрезден кітапханасында
(Германия) сақталған толық нұсқасының фотокөшірмесі, оыс және қазақ
тілдеріндегі аудармаларының таңдаулы үлгілері берілген. Кітап соңында
Ш.Құдайбердіұлы, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин бастаған қазақ ақындарының осы
тақырыптағы тоғау, поэмалары, дастандары жинақталған. Қорқыт Ата өміріне
байланысты оқиғалар шежіресі мен әдебиеттер тізімі келтірілген. Өзі
өлгенмен артында күйлері, ұлағатты сөздері қалады. Ал әдебиет тарихында
деректі түрде Қорқыт ата кітабы бар. Қорқыт ата кітабы осы күнге дейн
Дрезден қаласында он екі жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда алты
жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталып келеді. Қорқыт ата кітабын VIII
ғасырларда және одан да бұрын туған аңыздардың жинағы деуге болады. Оларды
жыр түрінде жазған Қорқыт ата. Кітапта қазақ халқының құрылуына тікелей
қатысы бар, тарихта белгілі оғыз тайпаларының тағдырына байланысты оқиғалар
баяндалады. Қорқыт ата кітабы мынадай жырлардан тұрады: - Дересе хан ұлы
Бұқаш тұралы жыр, - Қазан бектің ауылын жау шапқаны туралы жыр, Оғыз қаған
жыры т.б. Қорқыт ата кітабының жырлары оғыз тайпасының туған жерін, елін
сыртқы жаулардан қорғау үшін қан майданға шыққан алып батырларының ерлігі
туралы толғайды.
Дастанда ерлік, әділдік, адамгершілік, ата-ананы құрмет тұту, уәдеде
тұру сияқты ізгі қасиеттер айтылады. Онын қаһармандары қорқақтық пен
опасыздыққа, әдепсіздік пен сараңдыққа қарсы күреседі. Қорқыт ата кітабының
қаһармандары мен олардың бастан кешкен оқиғалары осы идеяларды аша түседі.
Жырлардың тең жартысынан астамы Қазан бектің ел қорғаған ерлігін, ел-жұртқа
жасаған ізгілікті істерін жырлауға арналған. Ерлерше қару асынып, жаумен
тайсалмай соғысқан Қазан бектің әйелі Бөрілі сұлу және оның ұлы Ораз
ерлікпен бірге ізгілік те танытады. Қорқыт айтқанда, Қорқыт ата кітабы – әр
түрлі жырлардың жинағы болса да, ерлік жасау мен ізгілік көрсетуді біртұтас
өріп тұрады. Қорқыт ата кітабында тәрбиелік құнары мол қанатты сөздер
көптеп ұшырасады. Мысалы: Жер қадірін ел біледі, ел қадірін ер біледі;
Құлан құдыққа құласа, құрбақа құлағында ойнайды; Ат қиналмай жол шалмас;
Көнілі пасық ерде дәулет болмас; Қар қаншама қалың жауғанмен – жазға
бармас; Анадан өнеге көрмеген қыс; Ата даңқын шығарып, өзінің тегін құған
балаға ешкім жетпейді, т.б.
Қолына қобыз ұстаған ұзан (абыз, жырау) елден елге жетеді – деп
Қорқыт атаның өзі айтқандай, өнер-мәңгілік, ол елден елге, ұрпақтан ұрпаққа
тарайды.

Қорқыт ата кім болған?

Қарақожа ұлы Қорқыт ата қазіргі Қызылорда облысы, Қармақшы ауданына
қарасты Сырдария өзенінің төмеңгі жағасында, ЖанакентИеникент қаласында
VIII-IX ғ.ғ, өмір сүрген. Өз халқының бақыты үшін “Жер ұйығын” іздеп,
көптің мүддесін көздеген Қорқыт ата – ақын, жырау, композитор, әнші, күйші,
қобызшы, өз дәуірінің ойшылы болған адам. Бұл жаңа қала Сыр өзенінің Арал
теңізіне құйылар жерінде тұрғандықтан, қазақ халқы оны Су аяғы – ''Ер
қорқыт'' деп те атаған. Тарихи жазба мәліметтер мен халық шежіресі бойынша
Қорқыттың әкесі Қарақожа оғыз тайпасына жататын Баят дейтін рудан шыққан,
ал шешесі қазақ құрамына кіретін қыпшақ қызы, оның туған жері қазіргі
Қостанай облысының Аят өзеңі.
Қорқыт мініп, жер дүниенің төрт бұрышын кезіп, анызға айналған атақты
Желмаяны оның шешесінің жақын туыстары сыйлаған. В.М. Жирмунскийдің
айтуынша, Қорқыт ата жыраулар мен жыршыларға тән көне халық поэзиясының
ерекшеліктерін бойына сінірген әнші-жырау әрі болжағыш ақылгөй болған. Оғыз-
қыпшақ қоғамының ішкі-сыртқы істерінің білгірі Қорқыт өз заманында төрт-бес
хандықьы басынан өткізіп солардың бәрінде де бас уәзірлік қызмет атқарып
отырған. Олар: Инал хан, Дойлы хан, Көл-еркі, Тұман хан және Қаңлықожа.
Хандарға күшті ықпал жасағандықтан, олар Қорқыттың ақылды кеңесінен аса
алмаған. Осы пікірді шығыс тарихын зерттеуші Әбілғазы да баса айтқан. Әр
түрлі аңыз-әңгімелерде Қорқыттың туған жылы мен жасы жөнінде әр түрлі пікір
айтылады. Кейбір деректер Қорқытты 95 жыл жасаған десе, кейбірінде – 195-
ке, тіпті 400-ге келген деген болжам бар. Ал Деде Қорқыт кітабында
Қорқыттың өмір сүрген уақытын Мұхаммед пайғамбардың заманына жақындатады.
Расул ғалей һи уәс-салам заманына жақын Баят бойында Қорқыт Ата дейтін бір
ер тұрыпты, - дейді ол кітапта.
Қазақтың аңыз-ертегілеріңде Қорқыттың туған күнін өте қорқынышты
етіп көрсетеді. Ол күні алай-түлей боран соғады, нөсерлі жауын құяды, күн
тұтылғандай, айналаны қара түнек басып, үш күнге дейін күннің көзі
ашылмайды. Қаратауды қаптаған қалың бұлттан күн күркіреп, жұрттың құтын
қаштырып, зәресін ұшырады. Халық аңыздары мен жазба деректерге және өзінің
ғылыми еңбектеріне сүйенген қазақтың академик ғалымы Ә.Х.Марғұланның
мәлімдеуінде Қорқыттың шешесі нәрестені тоғыз күн ұдайы қатты толғатып,
ерекше бір ғаламат қоқынышты жағдайда өмірге әкелгенін айтады. Сырдарияның
жағасы мен Қаратаудың айналасын қара тұман бұлт басып, күн тұтылады.
Сондықтан Қорқыт туған бұл үрейлі қара түнек күнді халық Қараспан
деп атаған. Сұрапыл дүлейден, қара түнектен, қорыққан халық жаңа туған
балаға Қорқыт деп ат қойған. Мағынасы Қорқыт, қорқытты деген ұғым
береді, Махмуд Кашкаридің айтуынша, халық өлеңдерінде, Оғызнама жырында
Қорқыттың туғаны ерекше сипатталады. Мұны академик Ә.Х.Марғұлан да
қуаттайды. Сырдарияға жақын Қаратау төнірегінде өмірге келген Қорқыт
туганда сойлеп туыпты. Ол тауды Қарашық Қаратау немесе Қараспан деп
атаған. Бұл жөнінде халық аузында сақталған мынадай өлең де бар: Қорқыт
туар кезінде, Қараспанды су алған, Қара жерді құм алған. Ол туарда ел
қорқып, туған соң әбден қуанған.

Қорқыт және қобыз

Халық ақын-жырауларын өзінің сүйікті қобызына қосып, Қорқыттың туған
күнін осылай жырлаған. Тағы бір қызық жайт: халық поэзиясында Қорқыт
қазақтың ұлттық музыкалық аспабы – қобызды тұнғыш жасаушы ретінде
жырланады, Қобызды жасаушы да, тартушы да – Қорқыт. Жырда халықтың бұл
тамаша аспабы – қыл қобыздың қандай заттардан, қалай жасалғаны да
сипатталады. Мысалы: Қарағайдың түбінен қайырып алған қобызым. Уйенкінін
түбінен уйіріп алған, қобызым. Ақ қайынның безінен қағып алған, қобызым.
Өзегінен қара емен ойып алған, қобызым. Қыл құйрығын тұлпардын ішек қылған,
қобызым. Тау текенің мүйізін тиек қылған, қобызым. Ақ ырғайын қиянның құлақ
қылған, қобызым. Өртекенің терісін сауыт қылған, қобызым. Ақ түйенің
сүтімен сылап алған, қобызым. Сырынды ашып, үнінді сынап алған, қобызым.
Өзі мықты, үні әдемі, сазды болуы үшін қазақ халқында қобыз аспабы күні
бүгінге дейін осы әдіспен жасалып келеді. Қазақтың аңыз – әңгімелерінде
Қорқыт атаның қалай өлгені, неден өлгені туралы да айтылады, солардың
бірінде Қорқыт өлімнен қашып, Сырдария жағасына жайылған кілем үстінде жеп
отырған жүзім ішінен қарақұрт шығып, шағып өлтіреді. Енді бір аңыз-әңгімеде
Қорқыт өлімге тосқауыл жасамақ болып, өмір жайын ән мен күйге қосып, Сыр
суының жағасына төселген кілем үстінде қобызбен күй сарнатып отырады. Бір
мезетте күйге елтіп, арбалаған әбжылан Қорқыт қалғып кеткен кезде шағып
алады да, Қорқыт ата содан өледі.
Қорқыт ата кітабы әдеби ескерткішінен (9-10ғғ.) Қорқыт атаның Оғыз
мемлекетінде билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны
Ш.Ш.Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт
жайындағы аңыз әңгімелер Ә.Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары,
әсіресе қазақтар арасында кең тарады. Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол
қобыздың музыкалық дыбысталуыннан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.
Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу
керек. Адам үшін ең қауіптісі – адамилықты жоғалту. Сол аңыздарда Қорқыт
жер-жаһанды кезіп, басқа елден әркімге өз елінде жақсы деген ой
түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды.

Ескерткіші

Қорқыт атаға арналып, 1980 ж. Қызылорда облысының Жосалы стансасынан
18 км жерде, Қорқыт разъезінің түбінде архитектуралық ескерткіш орнатылды.
Авторлары – сәулетші Б.А.Ыбыраев, физика ғалымы С.И.Исатаев. Ескерткіш
темір бетоннан жасалған 4 тік көктастан (стелладан) тұрады, биіктігі 8м.
Жоғарғы жағында аузы кең түтіктер орнатылған. Аузы кең орталық тесікке
келіп түйісетін 40 металл түтік жел соққан кезде қобыз сарынымен үндес
дыбыс шығарады.
Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың
қамқоршысы. Қорқыт ата кітабы әдеби ескерткіштерінен IX-X ғасырларда
билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығынын білуге болады. Оны Ш.Ш.Уәлиханов
қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз
әңгімелер Ә.Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар
арасында кең тарады. Уәлихановтық-потаниндік түсіндерме қорқыт сөзі –
адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін қорқыту сөзінен шыққан деп
түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу – шаман хадық аңыздарының жемісі.
Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуыннан
үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.
Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, басқа елден әркімге өз
елінде жақсы деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы
сиқырлы Желмаясы болды. Қорқыт ата кітабы-кейіннен түркі халқының
құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап
оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз-қыппшақ тайпаларына ортақ тілде
жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы сақталған(Дрезден,
Ватикан). Кітапта қазіргі қазақ тілінде кездесетін географиялық атаулар
көптеп кездеседі. Мұраның орыс тіліне толық аудармасын В. В. Бартольд
1992 жылы жасады, ол 1962 ж. жарық көрді.

Қорқыт атаның кесенесі

Қорқыт Атаның сегіз қырлы күмбезді мазары қазіргі Қызылорда облысы,
Қармақшы ауданына қарасты теміржол станциясына жақын Сырдария өзенінің
жағасына (IX-XI ғ.) орнатылған. Мазардың сыртқы көрінісі қазақтың киіз үйі
сияқты дөңгелек. Ә. А. Диваев пен И. А. Кастаньенің зерттеуі бойынша (IX
ғ.) мазар кірпіштен салынған. Ішкі жағы қазақтың түрлі оюларымен
безендіріліп, кереге,уықтар бейнеленген. XIX ғасырдың аяғында Қорқыттың
табыты басқа жерге көшірілген, мазарының қалдықтарын Сыр суы шайып әкеткен.
Соңғы жылдары (1978-1980) Қазақстан Республикасы тарихи және мәдени
ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық советі Президиумының шешімі бойынша
арнайы қаржы бөлініп, Қорқытқа мәңгі ескерткіш орнатылды.
Алматылық жас архитектор Ибраев Бектің жобасы бойынша жүзеге
асырылған, қазақтың көне музыкалық аспабы-қыл қобыз бейнеленген бұл
ескерткіш желмен бірге ыңылдап, үн салып тұрады. Ескерткіш Қызылорда
облысы, Қармақшы ауданының теміржол станциясына жақын жерден бой көрсетеді.
Қорқыт Ата мазарын 1898 жылы қазақтың көрнекті фольклорисі, қазақ ауыз
әдебиеті үлгілерінің белгілі жинаушысы Ә. Диваев түсіріп алған екен. Сол
фото-сурет Стамбул университетінің профессоры М. Ергиннің (Китаби Қоркыт)
еңбегінде пайдаланылған.

Негізгі бөлім
Қорқыт ата сөйлейді...

• Алла, Алла демейінше, іс түзелмес,
Тәңірі бермейінше ер байымас
• Әуелде жазылмаса,құл басына құз келмес,
ажал уақыты жетпейінше ешкім де өлмес
• Өлген адам тірілмес, шыққан жан кері келмес
• Ер жігітке қара құрым мал бітсе жияр, көбейтер талап етер,
бірақ несібесінен артығын жемес
• Гүрілдей шұбыра сулар тасыса теңіз болмас
• Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес
• Көңілі пасық ерде дәулет болмас
• Жат баланы қанша сақтасаң да, ол ұл болмас,
ол ішіп жер, киер де кетер, бірақ көрдім демес
• Күл төбе болмас, күйеу бала ұл болмас
• Қара есек басына жүген кигізсең де, тұлпар болмас
• Күңге қамқа тон жапсаң да, ханым болмас
• Жапалақ- жапалақ қар жауса, жазға қалмас
• Ескі қамыс біз болмас, ежелгі дұшпан дос болмас
• Мінген атың қиналмайынша, жол алынбас
• Ер малын қимайынша, аты шықпас
• Қыз анадан көрмейінше, өнеге алмас.
• Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес
• Ұл атаның ері, екі көзінің бірі
• Дәулетті ұлың болса, ошағыңның қоры болар
• Дәулетсіз ұл болса, атаның көрі болар

Қорқыт ата тағы да сөйлейді:
• Қонақ келмеген үйдің құлағаны артық
• Ат жемейтін ащы шөп біткенше, бітпегені игі
• Адам ішпес ащы су жылға қуып аққанша, ақпағаны игі
• Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба белін бүгілткеше,
бүгілтпегені игі
• Баба атын шығаратын дәулетті ұл болғаны игі
• Жалған сөз бұл дүниеде болғанша, болмағаны игі

Қорқыт ата тағы былай дейді:

• Жердің соны шөбін киік білер
• Жайылым жердің көкорай шалғынын құлан білер
• Айырым- айырым жол сүрлеуін түйе білер
• Жеті бұлақтың хош иісін түлкі білер
• Түнде керуен көшкенін қараторғай білер
• Ердің батқанын ат білер
• Ауыр жүктің салмағын тұлпар білер
• Қапелімде бастың ауырғанын ми білер
• Қыл қобызын арқалап, елден- елге, бектен-бекке
жырау кезер ...
• Тізесін бүгіп отырған инабатты әйел көрікті
• Самай шашы ақарған баба көрікті
• Ақ сүтіне тойғыза- тойғыза емізген ана көрікті
• Үлкен шаңырақ үйдің қасына тігілген отау үйі көрікті
• Өнегелі бала көрікті...

Қорқыт ата кітабында автордың ой-пікірін философиялық
тұжырымдайтын ғақлия сөздер, өсиет нақылдар, қанатты сөз тіркестері жиі
ұшырайды. Қорқыт ата есімімен байланысты мұндай үлгі-өнеге сөздер ел
аузында да көп сақталған.
Қорқыт ата сөйлейді: Қар қаншама қалың жауғанымен жазға қалмас,
гүлденіп өскен бәйшешек күзге бармас, Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау
ел (дос) болмас, Қайыспас қара балтасыз жау алынбас, Мыңғырған мал
жиғанмен, адам жомарт атанбас, Атадан тағлым алмаған ұл жаман, ондай бала
ел басын құрап, үйінен дәм беруге де жарамайды, Ананың көңілі далада
болар , Жақсы ана үшін бала-екі көзінің сыңары, Ұлың өсіп жетілсе,ол
отбасының мерейі,басы-көзі, Атадан қалған малы болмаса, баланың күні
қараң, Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ.
Қорқыт ата ел жұртына тағы мынадай өсиет айтқан: Жол қиындығын
көрмеген, жабы мінген жігітке Кавказ арғымағын мінгізуден келер пайда жоқ,
Қолына өткір қылыш алып, соны жұмсай білмеген қорқаққа сермеп, күшіңді
сарп етпе, Батыр туған жігіттің садағының оғы да қылыштай кесіп түседі,
Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынан жаралып, ана
құрсағында шырмалып , тумағаны жақсы, Ата даңқын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қорқыт ата туралы
Қорқыт ата кітабы - әдеби мұра
Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, тарихи шежірелер
Қорқыт ата кітабының жырлары
Ежелгі түркі өркениеті және Қорқыт ата мұралары
Қорқыт Ата ескерткіші
Қорқыт Атаның философиялық көзқарастары
Қорқыт философиясының мәні
Қорқыт ата жырларының тәрбиелік маңызы
Қорқыт ата жайлы
Пәндер