Несиелеуді ұйымдастыру принциптері



1. Несиелеуді ұйымдастыру принциптері
2. Ақша айналысын тұрақтандыру әдістері
3. Коммерциялық банктердің активті операциялары
4. Қор нарығының дамуы ҚР экономикасының қандай мәселесін шешеді
Несиелеу принциптері – несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық заңдардың талаптарын бейнелейді. Несиелеу принциптері негізінде несиелік поцесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады. Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері 2 топқа бөлінеді:
1-топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
- несиенің мақсаттылығы;
- несиенің дифференциалдығы.
2-топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
- несиенің мерзімділігі;
- несиенің қайтарымдылығы;
- несиенің төлемділігі;
- несиенің қамтамасыз етілуі.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
1. Несиелеуді ұйымдастыру принциптері

Несиелеу принциптері – несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ
несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық
заңдардың талаптарын бейнелейді. Несиелеу принциптері негізінде несиелік
поцесс, яғни банктік несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы
жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің
берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың
қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері 2 топқа бөлінеді:
1-топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
- несиенің мақсаттылығы;
- несиенің дифференциалдығы.
2-топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
- несиенің мерзімділігі;
- несиенің қайтарымдылығы;
- несиенің төлемділігі;
- несиенің қамтамасыз етілуі.
1. Несиенің мақсатты сипаты – кредит берушіден алынған қаражаттың
мақсатқа саай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Банктің бақылау процесінде
бұл талапты қарыз алушының сақтауы белгіленеді. Демек, бұл несие, берілген
несиенің мақсатқа ғана сай жұмсалуын көздейді.
Қазіргі несиенің дифференциялдық принципінің мазмұны өзгерген
десе де болады:
Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие
уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да
несиелеудің дифференциациялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын
көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады.
Екіншіден, бүл принцип несиелік келісім жасалғанга дейін және банктер
несиелік ресурстарға деген сүранысын оқып- үйрену барысында потенциалды
қарыз аяушылардың несиелік қабілетін жөне сүралып отырған ссуданың
қамтамасыз етілу сипатын және олардың банк үшін пайдалылыгын, сондай-ақ
қаражаттардың жүмсалу үзақтығын жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені
орналастырғанға дейін іске қосылады.
Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің
дифференциациялануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау
болып табылады.
2. Несиенің мерзімділік принципі — белгілі экономикалық категория
ретіндегі мөніне негізделген несиенің ерекше бір белгісі. Ол, яғни несие
берушінің қарыз алушыға берілген қаражаты белгілі бір уақыт ішінде
келісілген төртіпке сай қайтарылуға тиістілігімен қорытындыланады. Осыдан
келіп, несиенің қайтарымдылық принципі туындайды.

3. Несиенің қайтарылу принципі - оның экономикалық категория ретінде
басқа да тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларынан
ажыратылатып ерекшелігі- мен сипатталады. Қайтарылмайтын несие болмайды.
Сондықтан да, қайтарымдылық - несиенің ажырамас бөлігі болып табылады.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бүл
принципіне ерекше мән берілген:
Біріншіден, оның сақталуына байланысты үдайы ондірісте ақшалай
қаражаттармен бірқалыпты қамтамасыз етілуі төуелді.
Екіншіден, бүл принципті сақтау коммерциялық банктердің өтімділігін
қамтамасыз ету үшін қажет. Олардың жүмысын үйымдастыру принциптері
тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жүмсалымдарға салынуына жол
бермейді.
Үшінішіден, әр жекелеген қарыз алушы үшін бүл принциптің сақталуы
банктен жаңа несие алуга мүмкіндік береді.
4. Несиенің төлемділік принципі - бұл несие беруші қарыз алушыға
берілетін қаражатты қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп
қайтарылатындығын білдіреді. Іс-жүзінде ақылық несиені пайдаланғаны үшін
төленетін сыйақы (пайыз) түрінде беріледі. Қарыз алушыға берілген кредиттің
уақытында қайтарылуын және одан табыс түсіруге кредит беруші де, оның
тиімді пайдалануына қарыз алушы да ынталы болады.
5. Несиенің қамтамасыз етілу принципі – кредит келісімшартында қарыз
алушы өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда кредит
берушінің мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін
көрсетеді. Бұл экономикалық тұрақсыздық кезінде өзекті мәселе болып
табылады. Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы ретінде
мынадай шарттарды сақтайды:
біріншіден, кспілдің қүнын анықтау барысында несие мөлшері мен гіайыз
мөлшерлемесін қоса алғандағы сомасын, сол сияқты кепілді іске асыруда және
оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дүрыс анықтау қажет;
екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық зандылық
жақтарын, қүқылыгын, міндеттілігін тексере отырып, түрақты және занды түрде
қорғалуын қамтамасыз ету қажет;
үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының иелігінде болатын
кепілдің түрған жерін, жағдайын, қүндылығын үнемі бақылап отыру қажет. Бүл
айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты келеді.

2. Ақша айналысын тұрақтандыру әдістері

Ақша реформасы – мемлекет жүргізетін ақша жүйесін ақша айналысын
реттеу және нығайту мақсатында толық немесе ішінара қайта құру. Ол жарамсыз
деп тану, реставрациялау, девальвациялау және деноминациялау әдістерімен
жүргізіледі.
І. Нуллификация (жарамсыз деп тану) латынның nullificatio сөзінен
шығады және ол жою деген мағынаны білдіреді. Нулификация – ескі
құнсызданған ақшалай вылютаны жою және жаңасын енгізу арқылы жүргізіледі.
Бұрынғы КСРО – да нуллификация 2 рет жүргізілді:
1. Азамат соғысы кезінде 1920-1924 жылдары, Ұлы отан соғысынан соң
1947 жылы. Ескі үлгідегі құнсызданған ақшалар 10:1 болып айырбасталды. 1947
жылы жүргізілген ақша реформасының нәтижесінде қатты рубль қалпына
келтіріліп, ақша айналымы бекітілді.
2. Қазақстан Республиксында нулификация құнсызданған ресей рублінің
орнына ұлттық валюта – теңгені 1993 жылы 15 қарашада енгізілуімен
байланыстырылды. Айырбастау курсы 1 теңгеге 500 рубль бойынша жүзеге асты.

1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы
Жарғыға қол қойды. Ол Жарғымен 1993 жылы 15 қарашада сағат 8-ден бастап
ұлттық валюта – теңге енгізілді.
КСРО Мембанкінің және 1992-1993 жылдары Ресей үлгсіндегі қазыналық
және банктік билеттерді айырбастау 20 қарашада сағат 18-де аяқталды.

ІІ. Валютаны тұрақтандырудың ең көп тараған тәсілі – девальвация болып
табылады - de-төмендеу, valko - тұрмын дейтін сөздерден туындайды.
Девальвация – ұлттық валюта бағамының шетелдік валютаға қатынасы
бойынша немесе халықаралық ақша бірлігіне төмендету. Халықаралық қаржы
нарығындағы, ұлттық қаржы курсының төмендеуі, қаржы резервінің азаюы,
мемлекеттің төлейтін балансы және тез арадағы сауданың төмендеуімен
байланысты, ұлттық ақша бірлігінің тұрақты құндылығының заңды дәрежеде
төмендеуі, құнсыздануы. Девальвация ашық және жабық түрлерде жүргізіледі.
1. Ашық девальвация – заңды тұрғыда танылған девальвация, алтын
қорынан өтелмейтін көлемде қағаз ақшаларды айналыстан алу немесе айырбастау
есебінен валютаның ресми бағамын төмендету. Гиперинфляциядан кейін валютаны
тұрақтандыру әдісі.
2. Жaсырын девальвация — ресми жария етілмеген девальвация,
мемлекеттің құнсызданған ақша купюраларын айналымнан алмай-ақ ақша
өлшемінің нақты алтын баламын төмендетуі.
Бірінші жағынан, дүниежүзіне түгелдей жайылған қаржы дағдарысының
әсерінен несие нарықтары құлдырап, мұнайдың және басқа да шикізаттардың
бағасы төмендеді. Бұл жағымсыз құбылыс Қазақстанның ұлттық экономикасынан
да айтарлықтай сезілуде. Елімізде қолма-қол валюта ағынының азаюынан қаржы
көлемінің өсу қарқыны төмендеді. Сондай-ақ несиеге деген пайыздық
мөлшерлеменің жоғарылауы мен халық табысының азаюы тауар сатып алушылардың
белсенділігін түсіріп жіберді.
Екінші жағынан, девальвацияны қолданудан әуелі өнеркәсіптік өнімнің,
содан соң тұтынушылар нарығындағы бағалардың өсімі баяулайтыны
белгілі.девальвация экспорттың өсіміне жол ашып береді. Импорттық
тауарлардың бағасы өскенімен, олардың отандық тауарлармен бәсекелестігі
төмендейді. Яғни, импортқа белгілі бір дәрежеде шектеу қойылады. Сондықтан,
еліміздегі экономикалық ахуалды жақсарту және отандық өндірісті дамыту үшін
доллардың бағамын көтеру тиімді болады. Девальвация сондай-ақ отандық
өнеркәсіпке өз нарығымыздағы шетелдік компанияларды ығыстыруға мүмкіндік
береді.

ІІІ. Ревальвация – ақша өлшемінің бұрынғы алтын құрамын қалпына
келтіру, яғни ұлттық валютаның басқа елдердің валютасына қатысты бағамын
көтеру. Ревальвация тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шеттен
әкелушілердің және капиталды шетке шығарушылардың мүдделеріне сай келеді,
алайда ол тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді шетке шығарушыларға
тиімсіз, өйткені бұл олардың ұлттық валюта түріндегі түсімін
азайтады.Капиталдар Ревальвация қарсаңында елге ағылады және Ревальвация
жүзеге асырылғаннан кейін несие капиталының ұлттық рыногына кері
қайтарылады.

ІV. Деноминация – нөлдерді сызу әдісі, яғни баға масштабын
ірілендіру. Айналымдағы ақша массасының номиналын ақша белгілерін олардың
құнсыздану үйлесімімен жаңасына айырбастау арқылы азайту. Ақша белгісі
ұлттық құнының бекемделуі және оларды жаңа ақша бірлігіне айырбастау,
сондай арақатыгаста баға, тариф, жалақы және т.б. бір мезгілде есептеуді
жүргізу. Бұрынғ КСРО-да деноминация 1961 жылы, ал Ресейде 1998 жылы
жүргізілді.
Деноминация дегеніміз — мемлекеттің есептесулерді жеңілдету мен
өзінің ақша бірлігін күшейту үшін ақшаның нақты құнын белгілі бір қатынаста
өзгертуі дегенді білдіреді. Аталған шараны өткізу барысында ескі ақшалар
құны төмен жаңа ақшаларға айырбасталады. Мұны теңгеге қатысты айтсақ, оның
құрамынан бір иә екі нөл алып тасталынып, бұрынғы 200 теңгеңіз 20 немесе
бар болғаны 2-ақ теңге тұрады. Бұл кезде ең ірі купюра 10 мың емес, 1 мың
немесе 10 теңге болуы мүмкін. Мәселен, қазіргі күндері елде 1 теңгелік
монеталар айналымда қолданылмай, кез келген жерде аяқ астында шашылып
жатыр, ал, әлгіндей шарадан кейін теңгенің өзіндік салмағы артып, 1
теңгенің өзі кәдімгідей толыққанды ақша саналады. Бұл — деноминацияның
тиімді жағы, ал, кемшілігіне келсек, ол — ақшаларды айырбастауға көп шығын
шығатындығы және нарықта сауда-саттықтың жағдайының, оның қаншалықты
тұрақтылығының беймәлімдігі.

Бұл әдіс 1922-1924 жылдары екі рет жүргізілді:
1. 1922 жылы РФКСР мемлекеттік үлгідегі ақша белгілері шығарылды. Жаңа
1 рубль бұған дейінгі 10 мың рубльге теңестірілді.
2. 1923 жылы бұған дейінгі 1 млн рубльге және 1922 жылы үлгідегі 100
рубльге теңестірілген рубль ақша белгілері шығарылды.
1961 жылғы деноминация. Рубль бағанын алтын базасына өткізгеннен
кейінгі он жылдың ішінде (1950-1960жж.) елдің ақша айналымы, мемлекеттік
бюджеттің мөлшері, сондай-ақ өндіріс, ұлттық табыс көлемі және т.б. шамадан
тыс өсті. 1961 ж. каңтарынан бастап, айналысқа жаңа үлгідегі мынадай ақша
бірліктері шығарылды: 1, 3, 5 қазыналық билеттер мен 10, 25, 50 және 100
рубльдегі мемлекеттік банк (банкнот) билеттері, соңдай-ақ 1, 2, 3, 5, 10,
15, 20 және 50 тиындық монеталар.
1, 2, 3, 5 тиындық монеталар айырбастауға жатпағандықтан, айналыста
номинал бойынша қала берді. Айырбас 3 ай ішінде 1961ж. 1 қаңтарынан бастап
1 сәуір аралығында ешқаңдайда шектеусіз жүргізілді. Сондықтан да 1961ж. I
тоқсаныныда айналыста ескі және жаңа ақшалар қатар жүрді. Барлық ақшалай
операциялар 1:10 арақатынасымен жүргізілді. Сонымен бірге осындай
арақатынаста тауарлар мен қызметтер бағасы, жалақы тарифтері, зейнетақы
мөлшері, степендия, барлық төлемдік міндеттемелер, келісім-шарттар және
т.б. жүргізілді.
Баға масштабын ірілендіру ақша есебін және олардың техникалық қызмет
көрсетуін жеңілдетті. Ақша билеттерінің пішіндері шағын болып келуі, оларды
айналыста қолайлы етті.Баға масштабын ірілендірумен бірге рубльдің алтындық
құрамын көтерді жәңе оның шетел валюталарына деген бағамын жоғарлату жүзеге
асты. 1961 ж. 1 қаңтарынан бастап, рубльдің алтындық құрамы 0,222168 г
орнына 0,987412 г етіліп қайта белгіленді. Рубльдің жаңа алтын құрамы
рубльде бейнеленген алтынның ресми дүниежүзілік бағасын тауарлар бағасымен
теңестіріп, мемлекеттік бюджетпен сыртқы сауда арасындағы күрделі қайта
есептеулерді қалыпқа келтірді.

3. Коммерциялық банктердің активті операциялары

Коммерциялық банктер – кәсiпорындар мен мекемелерге, халыққа әр түрлi
банктiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес iрi несие беру мекемесi. Олар
үкiметтiң, iскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын
шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi.
Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы
өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк
бередi. Коммерциялық банктер активтi және пассивтi операцияларды жүзеге
асырады. Бұл екі операция бір-бірімен тығыз байланысты. Пассивтiк
операцияларсыз активтi операциялар, ал активтi операцияларсыз пассивтiк
операциялар iске асырылмайды. Бiрақ, барлық банктiк операциялар бiр
мақсатты көздейдi – табыстарды өсiрiп, шығындарды қысқарту.
Активті операциялар – банктің табыс алу және өз өтімділігін
қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстарды орналастыруды жүзеге
асыратын операцялар.
Коммерциялық банктердің активті операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:

1. Несиелік операциялар;
2. Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
3. Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
4. Кассалық операциялар
1. Несиелік операциялар – бұл несие беруші мен қарыз алушы арасындағы
біріншісінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық шарттарында
белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсыну бойынша қатынастар. Коммерциялық
банктiң несиелiк операциялары мерзiмiне байланысты жiктеледi: қысқа
мерзiмдi (1 жылға дейiн), орта мерзiмдi (1-5 жылдар аралығында), және ұзақ
мерзiмдi (5 жылдан жоғары). Несиенің 2 түрі бар: банктік және коммерциялық
несие.
а) Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық институттарға берілетін несиелер
Қаржылық емес агенттіктерге берілетін несие
Кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелді бағалау
Ағымдағы төлем қабілеттілік
Банктің несиелік саясаты және несиелік механизм
Банктің несие саясатының құрылымын талдау
Несиелік механизмнің экономикалық мағынасы
Ақша саясаты
Несиелік процесс және несиелеу принциптері
Коммерциялық банктердегі несие саясатына талдау жүргізу (АҚ «БТА» банк тәжірибесінде)
Пәндер