Қазақстандағы туризм саласының дамуы


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстандағы туризм саласының дамуы

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Қазіргі таңда дүниежүзілік мәнге ие болып отырған бұл сала тек көркем табиғатымен ғана шектелмей, тарих пен археологиялық қазбалардың, мәдениет пен өркениеттің, ел мен жердің, сәулет пен ескерткіштердің тартымдылығымен ерекшеленіп отыр. Осы тұста еліміздің туристік шаңыраққа айналуы әбден мүмкін деген болжаумен келісуге болады. Себебі, әр аймақтың өзіне тән тарихы, археологиялық қазбалары, табиғаты, елі және салт-дәстүрі бар. Дәл осы тәрізді біздің көркем де, әсем жеріміздің түпкір-түпкірінде өзіне ғана тән гаухарларын табуға болады. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып табылады. Туризмнен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль экспортының табысынан кейінгі тұрақты үшінші орында келеді.

Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына 3 оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыс пен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мен Бүкіләлемдік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.

Туризм тек қана экономикалық емес, сонымен бірге әлеуметтік-мәдени маңызға ие. Себебі ол елдер арасындағы мемлекетаралық байланыстардың және мәдени айырбастың дамуына ықпалын тигізеді, аймақаралық байланыс көлемін арттырады, халықтың танымдық деңгейін көтереді.

Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Сонымен бірге, мемлекет экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын сала. Дүниежүзілік туристік ұйымның соңғы мәліметтеріне сүйенсек, туризм әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді екен. Сондықтан да туризмнен түскен кіріс дүниежүзі бойынша әлі күнге дейін мұнай экспорты мен көлік сатудан кейінгі үшінші орынды иеленіп келеді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 1 турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 35 доллар немесе адам басына бір сағатта 17, 5 доллар жұмсайды, яғни, туризмді дамыту экономикалық тиімді.

Қазақстандағы туризмнің тарихи алғышарттары б. э. д. ІІІ мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жібек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Отандық туризмнің дамуын төрт кезеңге бөлуге болады:

1) КСРО кезеңіндегі туризм. Бұл кезең де саланы орталықтан қатаң қадағалап отырды.

2) 1992-1996 жылдар аралығы. 1992ж. үшінші шілдеде Қазақстан Республикасының тұңғыш «Туризм туралы» No1508 - ХІІ заңы қабылданды; 1993 жылы Бүкіл әлемдік туристік ұйымға толық мүшелікке қабылданды, туризм саласындағы ынтымақтастық туралы бір қатар халықаралық келісімдер жасалды.

3) 1997-2000 жылдар. 1997 жылы Қазақстан Республикасы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясына қатысты. Ұлы Жібек жолының Қазақстан территориясындағы бөлігінде туристік инфрақұрылымды дамытудың алғышарттары жасалына бастады. Жібек жолы бойындағы тарихи орталықтар қалпына келтіріле бастады.

4) 2000 жылдан қазіргі кезге дейін. 2000 жылдың 30 қазанында «Туризм жөніндегі үйлестіру кеңесі» құрылды. Туризмді дамытудың негізгі бағыттары айқындалып, республикадағы курорттар, санаторийлер, емдеу - сауықтыру орындары, демалыс аймақтары, басқа да туристік нысандар толық жөндеуден, қайта құрастырудан өткізілді.

Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын-сауық, этн., экол., денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т. б. бойынша жүргізіледі. Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы, сондай-ақ, Алматы және Астана қалаларындағы туристік фирмалар желісі неғұрлым жақсы дамыған болып табылады. Осы облыстардың және қалалардың туристік ұйымдары жыл сайын туристердің және экскурсанттардың 88%-ына дейін қызмет көрсетеді.

Елімізде туризм саласына, Отандық туристік өнімнің өткізілуіне, оның үйесімді көркемделуіне, халықаралық туристік нарықта жарнамалануы мен жылжытылуына ерекше баса назар аудару керек.

2017 жылы Дүниежүзілік көрме ЭКСПО-2017 бас қаламыз - Астанада өтетіні мәлім. Жалпы, ЭКСПО көрмесі туристік тартымдылығы жағынан әлемдегі теңдесі жоқ ауқымды оқиға. Осы көрме арқылы еліміздегі туризм саласын дамытуға зор мүмкіндіктер туады.

Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей.

Туризм саласының дамуына ықпал ететін факторлар:

- кез-келген елде, Қазақстанда да туристік рекреациялық ресурстың болуы;

- туризмге тура немесе жанама салалардың және кәсіпорындардың дамуы;

- сыртқа шығу туризмнің елге шетелдік валютаны тартуы;

- аз мөлшерде шығын шығарып табыс табу;

- алғашқы өндіріс факторын қамтамасыз етудегі шығынның болмауы;

- халықты жұмыс орнымен қамтамасыз ететін орта және шағын бизнестің дамуы;

- қызмет көрсету секторының өсуі;

- елдің әлемдік қауымдастыққа белгілі болуы және бет-бейнесінің қалыптасуы.

Қазақстанда 400-ден астам туристік фирмалар қызмет етеді, 80 елдің туристік фирмаларымен келісім жасаған. Туризмнің дамыған аймақтары -Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары. Осы облыстардың және қалалардың туристік фирмалары қызмет көрсетудің 88%-ін құрайды. Қазақстаннан туристердің мейлінше көп баратын елдері: Ресей, Қытай, Германия, Корея, Польша, Турция, БАЭ. Ал біздің елге келетін туристердің елдері: Ресей, Қытай, Германия, Пакистан, Полыпа және Турция. Туристерді тасымалдауда авиакомпаниялардың ролі зор.

Туризмді кешенді дамытудың табысты іске асырылуын қамтамасыз ету саланы мемлекеттік басқару әдістерін дұрыс таңдауға тікелей байланысты. Қазіргі уақытта, саланы мемлекеттік реттеу мынадай шараларды жүзеге асыруға бағытталуға тиіс:

Республикалық және аймақтық деңгейлерде туризмді дамыту саясаты мен жоспарлауды үйлестіру;

- Сапалы туристік өнімнің ажырамас бөлігі ретінде туристерді қорғауды және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі таңда, Қазақстандағы туризм саласы даму үстінде
Ішкі туризм саласының Қазақстанның жетекші саласы болуындағы сенімділігін арттыру
Туристік ресурстарды дамыту
Еліміздегі туризмді, туристік кластерді дамытудың қағидаттары мен тәсілдерін қарастыру
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Қaзaқстaн Республикaсының туризм сaлaсындaғы инвестициялық жағдайы мен инвестициялық сaясaты
Туризмнің даму тарихы
Өзіндік туризмді дамыту
Қазақстандағы туризм саласының даму мүмкіндіктері
Қазақстандағы туризмнің басты бағыттарын айқындап, пандемия кезіндегі орын алған өзгерістерге баға беріп, талдау жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz