Кәсіпкерлік құқық


- Кәсіпкерлік құқық және оның әдістері.
Кәсіпкерлік құқық дегеніміз кәсіпкерлік қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге және тағы да басқа қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы. Кәсіпкерлік құқықтың пәні кәсіпкерлік іс-әрекет саласында қалыптасатын қоғамдық қатынастар және сол қатынастармен тығыз байланысты коммерциялық емес, кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуге байланысты қатынастарды қамтиды. Бұл қатынастарды: а) кәсіпкерлік (кәсіпкер ммен кәсіпкер арасындағы көлденең қатынастар) және коммерциялық емес (мемлекетпен кәсіпкер арасындағы тік қатынастар) қатынастар деп екі топтамаға бөлуге болады.
Кәсіпкерлік құқықтың әдістері. Кәсіпкерлік қатынастарды реттеуде және кәсіпкерлік құқықтың субъектілерінің өз бетімен шешім қабылдауына мүмкіншілік туғызатын келісім әдісі. Бұл әдістің мәні кәсіпкерлік құқықтың субъектілері бір-бірімен заңға сәйкес әрекеттер жасағанда ешкімнің күштеуінсіз, зорлауынсыз өз еріктерімен, өзара келісімге келу арқылы мәселелерін шешуге құқықтары мен бостандықтары бар. Кәсіпкерлікті мемлекеттік ретту барысында міндетті тапсырма беру, белгілеу әдістері пайдланылды. Бұндай қатынастардың барысында бір жақ екінші бір тарапқа міндетті түрде орындалуға тиісті құқықтық кесімдер беруі мүмкін. Көп жағдайда бұндай құқықтық кесімдер мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге беріліп жатады. Мысалы, кәсіпкерлікпен айналысатын жеке не заңды ұйымның кәсіпкерлік әрекетінің барысында қоршаған ортаға зиян келтіретін болса, онда мемлекет сол келтірілген зиянды қайта қалпына келтіруді талап ете аалды. бұндай мемлекеттік құзіретті органдар тарапынан берілген кесімдер кәсіпкерліктің субъектілері үшін орындалуға міндетті. Осындай әдістердің бірі тыйым салу әдісі. Оның мәні, егер де кәсіпкерлік субъектілерінің кәсіпкерлік іс-әрекеттің барысында қоршаған ортаға қауіпті зиян келуі мүмкін болған жағдайда мемлекет оларға кәсіпкерлікпен айналысуға тыйым салуы мүмкін. Келесі әдістерінің бірі кепілдеме, ұсыныс беру әдісі. Талаптар кәсіпкерлік қатынастардың барысында бір біріне ұсыныс жасауға мүмкіншіліктері бар.
Кәсіпкерлік құқық жүиесі жалпы және ерекше деген екі бөлімнен тұрады. Кәсіпкерлік құқықтың жалпы бөліміне:
- кәсіпкерлік құқыққа кіріспе
- шет елдердің сауда құқығы;
- кәсіпкерлік құқықтық қатынастар;
- банкроттық;
- республикалық және коммуналдық меншікті жекешелендіру;
- кәсіпкерлік істі құқықтық реттеу,
- кәсіпкерлік іс саласындағы құқық бұзушылық пен жауаптылық:
- кәсіпкерлік істің субъектілерінің мүддесін қорғау;
- экономикалық қауіпсіздіктің құқықтық салалары сияқты қатынастар жатады.
Ерекше бөлімі: монополистік әрекетті құқықтық реттеу; өнімдердің, қызмет көрсетудің сапасын құқықтық қамтамасыз ету; баға мен тарифтерді құқықтық реттеу; инвестицияландыру мен қаржыландыруды құқықтық реттеу; несие мен қарыз беруді, есеп пен бақылауды; еркін зкономикалық аймақтарды құқықтық реттеу сияқты қатынастарды қамтиды.
- Кәсіпкерлік құқықтың субъектілері және түрлері
Кәсіпкерлік құқықтың субъектілеріне жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және аумақтық -әкімшілік бөлімдер жатады. Субъектілердің әрекет қабілеттілігі мен құқықтық қабілеттілігі болуы шарт. Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар жеке тұлғалар болып ұғынылады.
Азаматтар, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және өзге заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқылы. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу өз бетімен тіркелу сипатында жасалады және жеке кәсіпкер ретінде есепке алынады. Мынандай шарттардың біріне сәйкес келетін:
- Жалданбалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты негізде пайдаланатын;
- кәсіпкерлік қызметтен салық заңдарына сәйкес есептелген, Қазақстан Республикасының заң актілерінде жеке тұлғалар үшін белгіленген жиынтық жылдық табыстың салық салынбайтын мөлшерінен артық жиынтық жылдық табыс табатын жеке кәсіпкерлерміндетті мемлекеттік тіркеугежатады. Заңды тұлға құрмай кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу жергілікті жердегі салық органдарында не ауылдық әкімшілікте жүргізіледі.
Кәсіпкерліктің жекеше және мемлекеттік кәсіпкерлік деген екі түрі бар. Жекеше кәсіпкерліктің бір түрі жеке кәсіпкерлік - азаматтардың өздерінің немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігіне негізделген және азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігіне алынып жүзеге асырылатын, азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың табыс табуға бағытталған бастамашылық қызметі.
Жеке кәсіпкерлік өзіндік кәсіпкерлік және бірлескен кәсіпкерлік деп екіге бөлінеді.
Өзіндік кәсіпкерлікті бір азамат меншік құқығы бойынша өзіне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға немесе оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа байланысты дербес жүзеге асырады.
Бірлескен кәсіпкерлікті азамматар тобы (жеке кәсіпкерлер) ортақ меншік құқығы бойынша өздеріне тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерліктің түрлеріне мыналар жатады:
- ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;
- шаруа (фермерлік) шаруашылығының ортақ меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге бірлескен ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
- кәсіпкерлік қызмет үлестік ортақ меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.
Жай серіктестік бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт негізінде құрылады. Бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты ) бойынша тараптар жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін бірлесіп іс-әрекет жасауға міндеттенеді.
Фермерлік шаруашылық. Ауыл шаруашылығына арналған жерлердіауыл шаруашылық өнімін өндіру үшін пайдаланумен, сондай-ақ сол өнімді ұстау және өткізумен тығыз байланысты жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шаруашылық шаруа шаруашылығы (фермерлік шаруашылық) деп танылады.
Заңды тұлға құрмай және заңды тұлғаның белгілері болмаған жағдайда кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар өзіндік кәсіпкерлік субъектілері болып табылады.
Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 10 адамға дейінгі заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді.
Заңды тұлға құрмаған жеке тұлғалар және кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, қызметкерлерінің жыл ішіндегі орташа саны 50 адамнан аспайтын және жыл бойғы активтерінің жалпы құны 60 мың еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын дейінгі заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне: Заңды тұлға құрмайтын жеке кәсіпкерліктер; толық серіктестік; командиттік серіктесттік; өндірістік кооператив жатады.
Қызметкерлерінің орташа саны 250 адамнан асатын заңды тұлғалар ірі бизнес субъектілері болып табылады.
Өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табысын келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік коператив нысандарында ғана құрылуы мүмкін.
Коммерциялық емес ұйым болып болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
Шаруашылық серіктестік. Жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп аталады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрылуы мүмкін.
Толық серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік толық серіктестіктің деп танылады. серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серіктестіктің (салымшыладың) мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелген бір немесе одан да көп қатысушыларды да енгізген және серіктестіктің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын серіктестік (командиттік) сенім серіктестігі деп танылады.
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп аталады.
- Мемлекеттік кәсікерліктің түрлері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz