Электрондық Үкіметтің құрылуы


І. Электрондық үкімет - ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кең қолдану жолымен азаматтарға және ұйымдарға қызметтерді ұсынуға максималды бағытталған, мемлекеттік органдардың жұмыс істеуі.
Электрондық үкімет - мобильдік үкіметті дамытудың жаңа кезеңі, SMS жіберу арқылы кез келген ұялы телефоннан азамат анықтама немесе басқа да қызметтер, айыппұл, салық туралы ақпараттар ала алады.
Электрондық Үкіметтің іс-әрекетінің қызмет ету тетігі ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануға негізделген және азаматтар мен ұйымдарға барынша қызмет көрсетуге бағытталған. Қысқаша айтқанда, Электрондық Үкімет дегеніміз мемлекет атқаратын барлық қызметтер мен функциялардың электронды түрі.
Электрондық Үкіметтің көмегімен Біз:
- мемлекеттік қызметті алу, мысалы: жеке тұлғаның жылжымайтын мүлкінің жоқ (бар) екендігі жайлы анықтама алу, баланың туылуын тіркеу, ӘЖК алу және т. б. ;
- коммерциялық қызмет көмегін алу, мысалы: теміржол немесе әуебилеттерін броньдау, ұялы байланыс қызметтеріне ақы төлеу және т. б. ;
- өтініш беру және лицензия алу;
- бюджеттік төлемдерді төлеу, мысалы: төлқұжат алғаны үшін, жол жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл, жылжымайтын мүліктің заңдастырушы құжаттарының көшірмесін алғаны үшін төлем және т. б. ;
мемлекеттік органдардың басшыларына блогтары арқылы тікелей хабарласу;
- мемлекеттік органдардың жұмысы жайлы ақпарат алу;
- электрондық цифрлық қолтаңба (ЭСҚ) рәсімдеу;
Электрондық Үкіметтің құрылуы - бұл субъективті фактордың ықпалын төмендете отырып, шенеунікті азаматтарға жақындастырудың амалы. Электронды Үкімет шенеунік пен азаматтың бетпе-бет қарым-қатынасын виртуалды қатынасқа ұластырып, азаматтарға өз сұраныстарының шешілу жолын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл бір жағынан Үкіметтің де, азаматтардың да, бизнес-құрылымдардың да арманы.
Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» құру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған болатын.
Е-үкіметті енгізу бағдарламасы Президенттің 2004 жылғы 10-шы қарашадағы Жарлығымен бекітілді.
Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауынасәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында N 9 хаттамамен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы "электрондық үкiмет" тұжырымдамасының ережелерi ескерiле отырып әзiрлендi.
Осы Бағдарламаның негiзiне "электрондық үкiмет" арқылы - прогрессивтi ақпаратты Қазақстанға" қол жеткiзу идеясы алынды.
Қазақстанда "электрондық үкiметтi" қолданысқа енгiзу мемлекеттiк органдардың азаматтар мен ұйымдарға ұсынатын қызмет көрсетулер сапасын жақсартуға және мерзiмiн қысқартуға, мемлекеттiк органдар қызметiнiң ақпараттық базасына қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етуге, болашақта әкiмшiлiк жүйенi жетiлдiрудi ескере отырып, құрамы жағынан тиiмдi әрі оңтайлы мемлекеттiк аппарат құруға бағытталған.
ІІ. "Электрондық үкiмет" құрудың басты басымдықтары
Интернет-байланысқа қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм деңгейiн көтеру, сондай-ақ мемлекеттiк басқару жүйесiне жаңғырту жүргiзу болып табылады.
Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудi қалыптастыру кезiнде әкiмшiлiк процестерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу көзделетiн болғандықтан, "электрондық үкiмет" құру сонымен қатар мемлекеттiк басқару жүйесiн ұдайы жетiлдiрiп отыруға мүмкiндiк бередi.
Әлемдiк тәжірибенi талдауды ескере отырып, Қазақстанда "электрондық үкімет" құрудың ұзақ мерзiмдi болашағы бар және ол үш кезеңде iске асырылатын болады.
Бiрiншi кезең "электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын құру. Аталған кезең шеңберiнде осы Бағдарламаны iске асыру "электрондық үкiметтiң" шлюзi мен порталы, банк жүйесiмен өзара iс-қимыл үшiн "төлем шлюзi", ұлттық бiрегейлендiру жүйесi, мемлекеттік органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасы, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың ведомствоаралық және үлгілiк жүйесiн құру мен дамыту, сондай-ақ электрондық қызмет көрсетулерге қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шаралар жүргiзу, ақпараттық теңсiздiктi жою және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында бiлiм көтеру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру сияқты базалық құрамдас бөлiктердi құруға бағытталатын болады.
Осы кезеңде Бағдарламаны iске асыру шеңберiнде ақпараттық және интерактивтiк қызмет көрсетулер жоспарлануда.
Екінші кезең - "электрондық үкiметтің" сервисiн дамыту азаматтардың тіршілік-тынысы мен мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің барлық саласын қамтитын сан алуан сервистердi дамытуға, сондай-ақ әкiмшiлiк процестерге кең ауқымды технологиялық қайта жабдықтау жүргізуге бағытталатын болады. Осы кезеңде транзакционды қызмет көрсетулер iске асырылатын болады.
Үшiншi кезең - ақпараттық қоғам құру e-медицина, e-бiлiм, e-мәдениет, е-демократия және басқалары сияқты жобаларды iске асыруды қоса алғанда мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызмет көрсетулерiн трансформациялауды, ақпараттық қоғам құруды көздейдi.
Осы Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңiнiң аяқталу қортындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi республикада "электрондық үкiметтi" дамыту жөніндегі бағдарламалық құжатты одан әрi әзiрлеу туралы шешiм қабылдайтын болады.
Осы Бағдарламада жағдайлар жасауға және "электрондық үкiметтiң" мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалануға бағытталған шаралар көзделедi, олар мынадай шешушi сәттерге шоғырландырылатын болады:
ІІІ.
1) "электрондық үкiмет" пен оны пайдаланушылардың жұмыс iстеуiн реттейтiн нормативтік құқықтық базаны дамыту.
Бұл тұрғыда "электрондық үкiмет" құру мемлекеттiк қызмет көрсетулер регламенттерiн талдауды көздейдi, мұның өзi әкiмшiлiк рәсiмдерге технологиялық қайта жабдықтау жүргiзу мен мемлекеттiк басқару жүйесiн жаңғырту тетiктерiнiң бiрi болып табылады;
2) халықты "электрондық үкiмет" мүмкiндiктерiне тарту, яғни бiлiм алу және ақпарат теңсiздігін еңсеруге, электрондық iс-қимыл рәсiмдерiн орындау мен халықтың қалың жiгі үшін "электрондық үкiмет" қызмет көрсетулерiне қолжетiмділіктi ұйымдастыру үшiн қоғамды қажеттi білімдiлiк деңгейiмен қамтамасыз етуге бағытталған iс-шараларды iске асыру қажеттiлiгі;
3) мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнде әкiмшiлiк процестердi стандарттау мен нысандандыруды, сондай-ақ мемлекеттiк органдарды ақпараттандыру мен басқарудың бiрыңғай саясатын әзiрлеу мен iске асыруды бiлдiретiн мемлекеттік органдарды ақпараттандыру.
"Электрондық үкiметтiң" инфрақұрылымын қалыптастыру екi өзара байланысты, бiрақ функциялық дербес контурларды iске асыру жағдайында мүмкiн болады.
Iшкi контур "үкiмет-үкiмет" үлгiсiндегі өзара қарым-қатынастарды қамтиды және ведомствоаралық әкiмшiлiк рәсiмдерге қызмет көрсететiн ақпараттық жүйелердi құрайды.
Cыртқы контур "үкiмет-азаматтар" және "үкiмет-ұйымдар" үлгiсiндегi өзара қарым-қатынастарды қамтиды және мемлекеттiң азаматтармен және ұйымдармен өзара іс қимылын қамтамасыз етедi.
Бағдарламада Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығыменбекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк бағдарламасының негiзгi ережелерi ескерiледi және салааралық сипатта болады.
Мемлекеттiк органдарды ақпараттандырудың қазiргi жай-күйiн талдау
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасында әртүрлi қызмет салаларында АКТ-ны дамыту мен қолдануға бағытталған iс-шаралар кешенi кеңiнен iске асырылуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастырудың және дамытудың мемлекеттiк кейiн мемлекеттiк органдардың ақпараттық жүйелерiн құру жөнiндегі жұмыстар жандана түстi.
Мемлекеттік органдардың автоматтандырылған ақпараттық өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында бiрыңғай электрондық құжат айналымы жүйесін енгiзу негiзiнде мемлекеттiк органдардың ақпараттық инфрақұрылымын құру жүзеге асырылуда. "Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар", "Мекенжай тiркелiмi", "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған жүйесi", "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi", "Салық төлеушілер мeн салық салынатын объектiлер тiзілімi" деген мемлекеттiк дерек қорларын, сондай-ақ "Электрондық мемлекеттік сатып алу орталығы" ақпараттық жүйесiн құру жөнiнде iс-шаралар орындалуда.
Мемлекеттiк органдардың Интернетте электрондық өкiлдiктер құру жолымен ақпараттар ұсынуын 42 мемлекеттік органның 32-сi жүзеге асырады. Мемлекеттік қызмет көрсетулердiң 170 түрiне жүргізiлген талдау нәтижесi бойынша е-үкiметтiң 85 e-қызмет көрсетулерiнен тұратын, осы Бағдарлама шеңберiнде iске асырылатын базалық қызмет көрсетулер тiзбесi қалыптастырылды.
4.
Жекелеген мемлекеттiк органдар интерактивтi қызмет көрсетулердi iске асыруға көшуде. Қазiргi уақытта нақты уақыт режимiнде электрондық цифрлық қолтаңба тетіктерiн пайдалана отырып, байланыстың электрондық арналары бойынша барлық салық есептерiн беруге, сондай-ақ мемлекеттiк бюджетпен өзара есеп айырысуларға салыстыру жүргізуге болады, бұл Қазақстанды ТМД елдерi арасында бөлiп көрсетiп отыр. Әлеуметтiк төлем алушылардың деректер банкiн құру, әлеуметтiк жәрдемақылар тағайындау және төлеу, жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегi есепке алу мен талдау жөнiндегi процестердi автоматтандыру, сондай-ақ әлеуметтiк сақтандыру және мүгедек адамдардың дерек қорын құру саласындағы ақпараттық жүйелер дамуда.
Е-үкімет элементтерi жергiлiктi атқарушы органдардың кейбiр ақпараттық жүйелерiнде де бар. Алматы қаласы әкiмдігінiң жанында азаматтарды тұрғылықты жерлерi бойынша тiркеу, жылжымайтын мүлiк объектілерiн, автокөлiктердi, халықтың көшi-қон жөнiндегi деректерiн және басқаларды тiркеудi iске асыратын ақпараттық ресурстармен және ақпараттық жүйелермен өзара iс-әрекеттi қамтамасыз ететiн бiрыңғай ақпараттық жүйе құрылған.
Мемлекеттік басқаруды ақпараттандыру бөлiгiнде белгiлi бiр
проблемалар
да бар, олар:
ақпараттандыру саласындағы нормативтiк құқықтық базаның жетiлмегендiгi;
ведомствоаралық ақпараттық жүйелердi қалыптастыру жөнiндегi функциялар мен жауапкершiлiктi бөлудi регламенттеудiң болмауы;
көптеген мемлекеттiк органдарда ақпараттандыру қызметтерiнiң болмауы және ақпараттық технологиялар саласында мемлекеттiк қызметшiлердiң біліктілік деңгейiнiң жеткiлiксiздiгi.
Қазіргі уақытта ақпараттық қоғам қалыптастырудағы ең басты кедергілердің бiрi - ақпараттық теңсiздiк деп аталатын кедергiнi жою өзекті мәселе болып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001 жылғы 16 наурыздағы N 573 Жарлығыменбекiтiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында Қазақстанда "Ақпараттандыру туралы", "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасының заңдарынан, басқа да заңға тәуелдi актiлер мен жүйеқұраушы ақпарат жүйелерiнен, атап айтқанда:
"Жеке тұлғалар", "Заңды тұлғалар", "Атаулы тiркелiм", "Жылжымайтын мүлiк тiркелiмi" дерек қорларынан;
электрондық құжаттар айналымының ақпараттық жүйелерiнен, электрондық мұрағаттардан;
Үкiметтiң вeб-порталынан;
5. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның
мақсаты
азаматтар мен ұйымдардың мемлекеттiк қызмет көрсетулерге жылдам әрі сапалы қолжетiмдiлiгiн қамтамасыз ету және АКТ-ны кеңiнен қолдану арқылы мемлекеттiк органдардың жұмыс iстеу тиiмдiлігін арттыру болып табылады.
Аталған мақсаттарға жету үшiн мынадай
мiндеттердi
орындау керек:
мемлекетке, азаматтар мен ұйымдарға ақпараттық қоғам жағдайларында жұмыс iстеуге мүмкiндiк беретiн нормативтік құқықтық және әдiснамалық база құру;
мемлекеттік органдардың e-қызмет көрсетулерін қалыптастыру мен дамыту;
e-үкiметтiң қызмет көрсетулеріне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
e-үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру және мемлекеттiк органдардағы ақпараттық инфрақұрылымды оңтайландыру;
е-үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету.
Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiгi
Бағдарламаны iске асыру мынадай
бағыттар
бойынша жүзеге асырылатын болады:
1) нормативтiк құқықтық және әдiснамалық қамтамасыз етудi жетiлдiру;
2) мемлекеттiк органдардың e-қызмет көрсетулерiн қалыптастыру мен дамыту;
3) е-үкiметтің қызмет көрсетулерiне қолжетiмдiлiктi қамтамасыз ету, ақпараттық теңсiздiктi жою және АКТ саласында бiлiм деңгейiн арттыру жөнiнде жұмыстар ұйымдастыру;
4) e-үкiметтiң порталы мен шлюзiн, банк жүйесiмен өзара iс-қимыл yшiн "төлем шлюзiн" ұлттық бiрегейлендiру жүйесiн, мемлекеттiк органдардың бiрыңғай көлiктiк ортасын қамтитын e-үкiмет инфрақұрылымының базалық құрамдас бөлiктерiн қалыптастыру;
5) ведомствоаралық және үлгілiк ведомстволық ақпараттық жүйелер құру және дамыту;
6) жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерiн құру және дамыту;
7) халықаралық стандарттар базасында e-үкiметтiң ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету;
8) Бағдарламаны орындауда қоғамдық қолдауды қамтамасыз ету.
Е-үкiметтің ақпараттық инфрақұрылымын қорғауды қамтамасыз ету
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz