«БҚО, Бөрлі ауданы «Тең» шаруа қожалығының жерлерін ұйымдастыру»


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Тасқожин Ербол Қалдыбайұлы

«БҚО, Бөрлі ауданы «Тең» шаруа қожалығының жерлерін ұйымдастыру»

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

5В090300 - «Жерге орналастыру»

Орал-2014

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

«Қорғауға жіберілді»

«Механикаландыру технологиялары

және жерге орналастыру» кафедрасының

меңгерушісі Бралиев М. К.

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «БҚО Бөрлі ауданы «Тең» шаруа қожалығының жерлерін ұйымдастыру»

5В090300 - «Жерге орналастыру»

Орындаған: Тасқожин Е. Қ.

Ғылыми жетекші:

Аға оқытушы Садыров С. К.

Орал- 2014

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Факультет: Политехникалық

Кафедра: «Механикаландыру технологиялары және жерге орналастыру»

Мамандығы: 5В090300 - «Жерге орналастыру»

«Бекітемін»

«МТ ж/е ЖО» кафедрасының меңгерушісі

М. К. Бралиев

«»2014ж.

Студенттің дипломдық жобасы (жұмысы) бойынша

Т А П С Ы Р М А

(тегі, аты-жөні)

1. Жобаның тақырыбы

университеттің «»200__ж. №___ бұйрығымен бекітілген

2. Аяқталған жобаны студенттің тапсыру мерзімі

3. Жобаның бастапқы мәліметтері

4. Есептік-түсіндірмелік жазбаның мазмұны (зерттелетін мәселелердің тізімі)

5. Міндетті сызбалар нұсқалған графикалық материалдардың тізімі

6. Әдебиеттер тізімі

7. Жобаның кеңесшілері

Бөлім Кеңесші
Қолы, күні

Тапсырма

берді

Тапсырма

қабылдады

Бөлім Кеңесші: 1.
Қолы, күні:
Бөлім Кеңесші:
Қолы, күні:
Бөлім Кеңесші: 2.
Қолы, күні:
Бөлім Кеңесші:
Қолы, күні:

Тапсырма берілген күн

Жетекшісі Садыров С. К

Тапсырманы орындауға қабылдаған Тасқожин Е. Қ

Күнтізбелік жоспар

№№п\п:

№№

п\п

Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы: Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі: Жоба кезеңінің орындалу мерзімі
Ескерту: Ескерту
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 1
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 2
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 3
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 4
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 5
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 6
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 7
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 8
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 9
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 10
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 11
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 12
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 13
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 14
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п: 15
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:
№№п\п:
Дипломдық жобаның орындау кезеңінің атауы:
Жоба кезеңінің орындалу мерзімі:
Ескерту:

Жобаның жетекшісі Садыров С. К

Диплом орындаушы студент Тасқожин Е. Қ

МАЗМҰНЫ

Беті
:
: КІРІСПЕ
Беті: 7
: 1
: Әдебиеттерге шолу
Беті: 10
: 1. 1
: Жерге орналастыруды ұйымдастырудың және жобалаудың әдістемелік мәселері .
Беті: 10
: 1. 2
:

Жер бедері, далалық аймақ жерлерін сипаттау және топырақтың

қалыптасу жағдайлары

Беті: 20
: 1. 3
: Қара қоңыр топырақтардың топтасуы, құрамы және қасиеттері
Беті: 25
: 2
: Табиғи - климаттық жағдайлары
Беті: 30
: 2. 1
: Климаттық жағдайларға жалпы сипаттама
Беті: 35
: 2. 2
: Топырағы
Беті: 39
: 2. 3
: Өсімдік жабыны
Беті: 46
: 3
: Шаруашылыққа сипаттама
Беті: 48
: 3. 1
: Шаруашылық туралы жалпы мәлімет
Беті: 48
: 3. 2
: Шаруашылықтың егіс егілетін жерлерін ұйымдастыру
Беті: 49
: 4
: Экономикалық тиімділігі
Беті: 56
: 5
: Өндіріске ұсыныс
Беті: 60
: 6
: Табиғат қорғау шаралары
Беті: 63
:
: ҚОРЫТЫНДЫ
Беті: 67
:
: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Беті: 68

К І Р І С П Е

Әлемде адамзат тіршілігінің қалыптасқан ортасына тек Жер ғана жатады. Табиғатпен оның байлықтары адамдардың өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік - экономикалық дамуы әл - қуатын арттырудың негізі болып саналады.

Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз халқына жолдауында: Қазақстан экономикалық, әлеуметтік, саяси жедел жаңару жолында және де Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы бойынша еліміздің аграрлық секторының ерекше орын алатынына айрықша тоқталып өтті.

Ауыл шаруашылығы халық шаруашылығының маңызды саласы. Бұл саланың басты міндеті халқымызды жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, мал шаруашылығына қажетті азықпен, өнеркәсіп орындарын шикізатпен қамтамасыз ету мемлекетіміздің азық-түліктік қауіпсіздігін және экономикалық тәуелсіздігін күшейту үшін керекті дәрежедегі стратегиялық қор жинау, шет елдерге шығарып сатылатын ауыл шаруашылығы өнімдерін тұрақты түрде көбейтіп, керісінше, шеттен келетін өнімдерді азайту.

Адамзаттың қажетін қамтамасыз ету мақсатына орай әуелгі кезде теориялық жағынан нақты тұжырымдалмастан бірден практикада қолданыла бастады. Оған көптеген зерттеулер, ғылыми тұжырымдамалар дәлел бола алады. Мәселен, сонау ерте кездің өзінде-ақ, жердің тоза бастағанын байқаған диқандар, егіс алқаптарына көң, күл төгіп, құнарлылығын арттырған еді. Сонымен жылдар өткен сайын өсімдіктердің құрамы, топырақ құрмы, сыртқы әсер күші жөніндегі көзқарастар да өзгеріп, кейін өнім молшылығын жасау жолындағы алғашқы талпыныстар бірте-бірте ғылыми сипатқа ие бола бастады.

Топырақты өңдеу, физикалық қасиетін жақсарту арқылы оның құнарлылығын арттырып, ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары өнім алуға жол ашылады. Бұл келтірілген тәсілдер өмірде тепе-тең дәрежеде қолданылмағанымен бірін-бірі алмастырмайды, керісінше толықтырып отырады. Осы толықтыру нәтижеінде ғана ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізіп, көздеген нысанға жетуге болады.

Алабы тұрғысынан Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясынан кейін екінші орында тұр. Осы кеңістікке ертең өз ұрпағымыз иелік етуге тиіс. Тарихқа Ұлы Дала деген атпен кірген қазақ сахарасында жаман жер жоқ. Ну орман, шалқып аққан өзен, шалқар көл, асқар тау, көсілген азық, сусыған құм, толқыған теңіз - осының бәрі жер астындағы қазынаның үстіңгі бейнесі. Жайылымдары шексіз, жыртуға жарамды жерлер алабы кең. Мұнда 80-ге таяу топырақ тұрпаттары қалыптасқан: 25 млн. га далалық қара, 90 млн. га құрғақ және шөл далалық қара қоңыр, 107 млн.

Қазақстанда құрылған «Казгипрозем», «Казгипроводхоз» ізденіс жобалау институттары мен Қазақ Ғылым академиясының топырақтану институты орасан зор жұмыстар атқарады.

Қазақстандық топырақтанудың көкейкесті мәселелеріне, топырақ қорлары, экологиясы мен топырақ құнарлылығына арналғын Республикалық ғылыми конференцияда көрсетілгендей, Қазақстан Республикасы Жер қорын басқару агенттігіне еліміздің топырақ байлығын қорғап, сақтауда, оны халық игілігіне тиімді пайдалануда үлкен міндет жүктеледі.

Оны іске асыру үшін агенттік дайындаған мемлекеттік «ҚР жерінің күйі және оны пайдалану туралы» баяндамада мынадай бағыттар белгіленген:

  • жерді пайдаланудың жаңа жүйесін құру және қалыптастыру;
  • жерге меншіктік құжаттарды дайындау, құқықтық тұлғалар мен азаматтарға жалға берілетін жер учаскелеріне жер-кадастрлық құжаттар дайындау;
  • жерлік үлестерді нақтылы персониялау;
  • жер төлемдері мен жер учаскелерін бағалауды жетілдіру;
  • жерлік мниторинг құрылымын құру және жүргізу; жер учаскелеріне тізімге алу мақсатында санақ жүргізу;
  • жерге жеке меншіктік қақыны бекітуді карта түзу-геодезиялық құжаттармен қамтамасыз ету;
  • жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыру;
  • жер қатынастарын одан әрі дамыту, жер реформасының құқықтық және нормативтік базасын жетілдіру;
  • жерге орналастыру және ізденіс жұмыстарын ғылыми-әдістемелік жұмыстармен қамтамасыз ету.

Аталған мемлекеттік жер жұмыстарын жүргізу және іске асыру тек жоғары дәрежелі білімді маманның қолынан келетіні баршаға мәлім. Сондай-ақ жерді дұрыс пайдалануға және өсімдіктің өнімін арттыруға бағытталған жұмыстарды басқару үшін бүгінгі жер иеленушілерге ғылыми-практика көмек көрсететін топырақтанудан мамандар даярлау бүгінгі нарықтық-экономиканың басты талаптарының бірі.

Топырақтың жинақталған негізгі көрсеткіштері мен өзгешеліктері туралы жалпы деректері жиынтығы, ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі деректерінің бірі. Ол жерді тиімді пайдаланудың топырақ құнарлығын көтерудегі жолдары мен әдістерінің ғылыми негіздерінен тұрады. Топырақ зерттеулері негізінен туындайды да топырақ картасына қосымша материал болады және қорытынды очеркіне өзгеше бөлім ретінде кіреді. Толық сипаттамада жер бедеріне, грунт пен төсеніш жыныстарға, атмосфера мен грунт арқылы ылғалдану жағдайына, аэрацияға, жылу құбылысына, табиғи өсімдік жамылғысы өзгешелігіне мақсатқа сай өндірістік баға беріледі. Топырақ жамылғысының біркелкілігі немесе алалануы шайылуға, ұшырылуға, батпақтануға, сорлану мен кебірленуге бейімділігі анықталады. Топырақтың механикалық, химиялық құрамына және физикалық - химиялық қасиеттеріне талдау (өсімдіктің биологиялық тілегіне және оларды өсіретін технологиялық процесстер жағдайларын есепке ала) жасалады.

Ауылшаруашылық жерлерін дұрыс ұйысдастырудың сипаттамасы тыңайтқыштар қолданудағы агротехника, мелиорация, территорияны дұрыс ұйымдастыру, эрозиямен күресу т. б., сарамандық ұсыныстар, негіздемелермен мазмұндалған.

Дипломдық жобаның мақсаты: «БҚО, Бөрлі ауданы «Тең» шаруа қожалығының жағдайында ауылшаруашылық жерлеріндегі егістік алқаптарды қайта ұйымдастыру және ауыспалы егістіктерді жобалау.

Міндеттері мен тапсырмалары:

  1. «Тең» ШҚ аумағында ішкі шаруашылық жерге орналастыру қажеттілігін шешу;
  2. Әрбір жер телімін толық, ұтымды, тиімді пайдаланылуын және жер қорларын үнемді, өндірілімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;
  3. Ішкі шаруашылығын ұйымдастыру барысында маңызды мәселелер шешімін қарастыру: топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру; топырақ эрозиясының салдарын жою және келешекте эрозиялық үрдістерді болдырмау үшін қолданыстағы және жаңа алқаптарды қайта құру; шаруашылықты жүргізудің ғылыми негізделген жүйесін енгізуге арналған аймақтық жағдайларды жобалау.

1 Әдебиеттерге шолу

1. 1 Жерге орналастыруды ұйымдастырудың және жобалаудың әдістемелік мәселері

Жерден алынатын өнімнің көлемі, оның құны, номенклатурасы, сапасы, еңбек шығыны және басқалар жер пайдаланудың тиімділігіне және толықтығына байланысты. Қарастырылатын мәселенің соңғы шешімі әлеуметтік сипатқа ие. Олар халықтыө өмір сүруінің қолайлылығы, денсаулығының жақсаруы, еңбек шығынының аз болуы, және өндіріс көлемінің артуы.

Ішкішаруашылықтық жерге орнастыру жобаларында бұл міндеттер әрбір ауылшаруашылық құрылымының алдына қойған міндетіне, бағытына сәйкес шешіледі.

Ішкішаруашылықтық жерге орналастыру жобаларын бағалаудың жалпы критериясы өндіріс территориясын ұйымдастырудың экономикалық және әлеуметтік тиімділігі болып табылады. Оның негізі жерді тиімді және толық пайдалану, алқаптар өнімділігін арттыру және сақтау, экологиялық жүйеде динамикалық тепе-теңдікті сақтау, қызмет етушілердің еңбек және демалысы үшін қолайлы жағдай ұйымдастыруда.

Жерге орналастыру қызметтерінде қарастырылатын міндеттердің бірі ауылдық елді мекендерді дамыту жолдарын анықтау. Ауылдық елді мекендерді қайта құру көкейкесті мәселелердің бірі. Шаруашылық орталықтарын орналастыру сұрақтары экономикалық және құрылыстық-техникалық тұрғыдан қарастырылуы керек.

Ұйымдастырушылық шаруашылықтық құрылым, бөлімшелер саны, далалық стандарды орналастыру, жолдар жүйесін ұйымдастыру сияқты мәселелердің жерге орналастыру жобаларында өндірісті басқаруға әсер етеді. Техника мен адамдардың концентрациясын қамтамасыз ететін және даладағы жұмысшыларға мәдени және тұрмыстық қызмет көрсетуді жақсарту үшін тиімді көлемдегі ауыспалы егістерді жобалау маңызға ие.

Реформаға дейінгі уақыттағы біршама тұрақты жер пайдаланушылықты құруға немесе реттестіруге қатысты жерге орналастыру жұмыстарының мазмұны шаруашылықыаралық және ішкішаруашылықтық түрлеріне бөлінетін болатын. Жерге орналастыру ауылшаруашылығымен өте тығыз байланыста болып келеді. Сондықтан да жерге орналастырушылық қызмет түрлеріне ауылшаруашылық және басқа да мақсаттар үшін жаңа жерлерді игеру, жаңа жер пайдаланушылықтарды құру, ауылшаруашылық кәсіпорындарын ішкішаруашылықтық жерге орналастыру жатады.

Жерге орналастыру объектісіне қарай екі түр тармақа жіктеледі. Олардың біреуі ауылшаруашылық кәсіпорынының жер пайдаланушылықтарын құруға, қайта құруға, реттестіруге және жетілдіруге, екіншісі-әр түрлі мемлекеттік, қоғамдық және жеке шаруашылық мұқтаждықтарға (өнеркәсіптік, азаматтық, энергетикалық, гидротехникалық және басқа да құрылыстарды жүргізуге, қорғаныс, көлік, байланыс, ғылым, мәдениет және т. с. с. ) жер бөліп беруге байланысты. Демек, ауылшаруашылық емес кәсіпорындардың жер пайдаланушылықтарын құру.

Бұрын ішкі шаруашылықтық жерге орналастырудың екі формасы бөлінетін: жаппай ұжымдау мен совхоздарды ұйымдастырудан кейінгі алғашқы жылдары (30-60 ж. ж. ) ішкіколхоздық және ішкісовхоздық формалары болатын. Жерге орналастырудың бұл түрінде түр тармақтары белгіленбеді. Кейінірек колхоздарда еңбек ақысын ақшалай төеу жүйесі енгізілгенде, МТС-тар жойылып, техника колхоздардың қарамағына ауыстырылғанда ішкіколхоздық және ішкісовхоздық жерге орналатсыру формаларының ешбір айырмашылығы болмады. Дегенмен, колхоздарда да, совхоздарда да олардың мамандандырылмағанына, ұйымдастыру-шаруашылықтық құрылымдарына, жерлерінің реттестірілуіне байланасты өндіріс көлемініде, міндеттердің мазмұны мен атқару әдістеріне ішкішаруашылықтық жерге орналастыру формаларында да айтарлықтай айырмашылық сақталды. Негізінен ішкішаруашылықтық жерге орналастыру сол шаруашылықтың ғана мүдделерін қорғайды.

Ішкішаруашылықтық жерге орналастыру тек шаруашылықтық кәсіпорындардың, серіктестіктердің, кооперативтердің және шаруа қожалықтарының шеңберінде ғана жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты жерді өңдеудің жаңа технологиясын енгізуге, топырақтағы әр түрлі техногендік және табиғи теріс факторлардан қорғауға, мәдени ландшафттарды жойылудан сақтап қалуға және жаңаларын қалыптастыруға қолайлы территориялық реттілік жасау. Ішкі шаруашылықтық жерге орналастыру формаларының бөлінуі тәлімі және суармалы егіншілік аймақтарында жобалық міндеттердің әр түрлі әдіс тәсілдері арқылы орындалуымен себептеледі.

Жерге орналастырудың түріне, түр тармағына және формасына қарамастан оның қай іс-қимылы болса да белгілі бір принциптерге жіктеледі. Жерге орналастыру принциптерін екі топқа бөліп қарастырған ыңғайлы: жалпы принциптерге, жерге орналастыруға қатысты, бірақ онымен шектелмейтіндеріне және жеке принциптерге, жерге орналастыруға тікелей қатысты, оның ерекшеліктерін ьейнелейтіндіктеріне.

Біріншілеріне, яғни жалпы принциптеріне мыналарды жатқызуға болады:

-қоғамдық, сонымен бірге ауылшаруашылық өндірістің жоғарғы тиімділігі мен тұрақты рентабельділігін қамтамасыз ету;

-ауыл еңбекккерлерінің тұрмыс жағдайларын үздіксіз жақсартып отыру;

-заңдар мен басқа нормативтік актілерді қатал ескеріп отыру;

-қабылданған шешімдерді озаттығылыми және тәжірибелік жетістіктерге негіздеу;

-күрделі қаржыладың барынша үнемделуін және жылдам өтелуін қамтамысз ету.

Екіншілеріне-жеке принциптерге, мынадайларды жатқызуға болады:

-ҚР Конституциясы мен жер заңдарына сәйкес жер қатынастарын жетілдіру;

-бүкіл халық шаруашылығының мүдделіктерін жан-жақты ескере отырып, ауылшаруашылығының жерге деген приоритетін сақтау;

-жерді халық дәулекті және аса маңызды өндіріс құралы мен табиғи ресурс ретінде жоғары тиімділікпен пайдалану және қорғау;

-жерге иелік ету мен шаруашылық жүргізудің барлық формаларына тең құқық қамтамасыз ету;

-жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылықтардың, олардың межелері мен аудандарының, ішкі шаруашылық территория реттілігінің тұрақтылығын, өндіргіш күштері мен өндірістік қатыныстарының дамуымен себептелген ықтимал өзгерістерді мұқият дәлелдеу;

-жердің пайдаланылуын жақсарту мақсатымен аймақтар мен аудандардың, жеке шаруашылықтардың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағдайлары мен жердің тиісті кеңістіктерін барынша ескеру.

Атап өткен принциптердің негізінде әрбір бөлек жағдайға сай жоспарланған іс-қимылдардың ерекше міндеттері мен мазмұндары, схемалар мен жобаларды жасау амалдары тұжырымдалады. Жерге орналастыру жобаларында белгіленген әлеуметтік-экономикалық тиімділік пен қауіпсіздік осы принциптердің негізінде дәлелденеді.

Жерге орналастыруда әр түрлі табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды ескеріп отырған әрқашанда қажетті.

Жерге орналастыру факторларын үш топқа түйістіріп қарастыруға болады:

1) жердің кеңістік қасиеттері мен экологиялық жағдайлар.

2) климат жағдайлары;

3) әлеуметтік-экономикалық жағдайлар.

Жердің кеңістік қасиеттері мен ландшафттың экологиялық жағдайларына мыналар жатады:

-топырақ қабаты мен оның жай-күйі;

-жер бедері;

-гидрографиялық тармақ пен ландшафттың сипаттамасы;

-табиғи өсімдік жамылғысы.

Жерге орналастыру қоғамдық өндірістің құрамды бөлігі ретінде, әрқашанда нақты экономикалық жағдайларға жүргізіледі. Ол бірінші кезекте сол кездегі өндіріс әдісіне тән объективтік экономикалық заңдар мен өндіргіш күштердің және өндірістік қатынастардың арасындағы белгілі бір байланыстармен себептеледі. Сондықтан жерге орналастыруда жобаларды дұрыс негіздеу және жылдам жүзеге асыру мақсатымен, басқаша айтқанда. Жоғары экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тиімділікке барынша тез жету үшін, осы заңдарпды жан-жақты ескеру керек.

Экономикалық жағдайлардың арасында ішкішаруашылықтық жерге орналастырылуда ескерілетін жағдайлар:

1) жер алаптарының құрамы мен аудандары, оларды әр түрлі мақсаттарға игеру мүмкіншіліктері;

2) жалпы өнімгі, шығындардың өтелуіне және дифференциалдық табысқа қарай, құндық немесе аналитикалық көрсеткіштер арқылы жер сапасының өндіргіш қасиеттерін бағалау;

3) серіктестіктер мен кооперативтердің, шаруа қожалықтары мен басқа да агроқұрылымдардың мамандандырылғандығы, шаруашыықаралық және интеграциялық байланыстары, нарықтық инфрақұрылымдары мен өнім тапсрыу және жабдықтау пункттерінің орналасуы;

4) ауылшаруашылық кәсіпорындары мен бірлесіктерінің шаруашылық жүргізу жүйесі және экономикалық нәтижелері, салаларының көлемі мен құрылымы, егіншілік жүйелері мен егістік аудандары, өндірістік және қаржылық көрсеткіштері, а. ш. дақылдарының түсімділігі мен алаптарының өнімділігі, жалпы өнім мен табысы, кірістері мен ;

5) шаруашылықтардың ұйымдастырылу-өндірістік құрылымы, еңбектің ұйымдастырылу деңгейі;

6) кәсіпорындардың еңбек ресурстарынмен, а. ш. техникасымен, өндірістік қорлармен және еңбектің энергиямен қаруланғандығы;

7) шаруашылықтардың ақшалай қорлары, алынған несиелері, күрделі қаржы жұмсау және несие беру мүмкіндіктері.

Жерге орналастыруда экономикалық жағдайлар екі әдіспен ескеріледі: біріншісі, территорияны мұқтаждықтарына қарай бейімделу арқылы, екіншісі, өндірісті территорияның реттілігі мен қасиеттерін ескере отырып өзгерту. Бірінші жағдайда өндірістің салалық құрамына сәйкес алаптардың аудандары мен құрамы қалыптастырылады, еңбек пен көлік шығындарын мол талап ететін дақылдардың егістіктерін шаруашылық орталықтарына, мал фермаларына барынша жақындату мүмкіншіліктері және жер массивтерінің пішін кескіндерін жақсарту, алаптардың ұсақ контурлылығы мен шашыраңқылығын жою қажеттілігі қарастырылады. Екінші жағдайда шаруашылықтың өндірістік бағыты, мамандандырылғандығы, мал фермалары мен бөлімшілерінің орналасуы, ауыспалы егістіктер мен ауыл шаруашылық дақылдарды өсіру технологиялары мен топырақтардың құнарлығы мен таралуына, эрозияланғандығына және жердің басқа да кеңістіктік ерекшеліктеріне қарай анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Барлық жерлер
«БҚО, Бөрлі ауданындағы Қарағанды селолық округінде орналасқан «Тулеугалиев Б.Е.» шаруа қожалығының территориясын ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы»
Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Ақсай қаласы әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің персоналы
Қаратөбе ауданының ауылшаруашылығының даму ерекшелігі
Білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану
Қаратөбе ауданындағы шағын және орта бизнестің дамуын талдау жұмысы
БҚО, Ақсай қаласы, Бөрлі ауданының бұзылған жерлердің топырағын бонотировкалық бағалау
Тәжірибені өту орны
Шаруашылық жерге орналастыру жайында жалпы түсінік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz