«Ақтобе облысы Қарғалы ауданындағы суармалы жер учаскесін жобалау»


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
Ермұрат Жандос Ермұратұлы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Ақтобе облысы Қарғалы ауданындағы суармалы жер учаскесін жобалау»
5В090300 - «Жерге орналастыру» мамандығы
Орал, 2016
Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті
«Қорғауға жіберілді»
«Механикаландыру технологиялары
және жерге орналастыру» кафедрасының
меңгерушісі Бралиев М. К.
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы: «Ақтобе облысы Қарғалы ауданындағы суармалы жер учаскесін жобалау»
5В090300 - «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша
Орындаған Ж. Е. Ермұрат
Ғылыми жетекшісі
т. ғ. к., доцент М. Қ. Оңаев
Орал, 2016
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті Факультет: Политехникалық Кафедра: «Механикаландыру технологиялары және жерге орналастыру»Мамандығы: 5В090300 - «Жерге орналастыру»
«Бекітемін»
«МТ ж/е ЖО» кафедрасының меңгерушісі
М. К. Бралиев
«» 2015 ж.
Студенттің дипломдық жобасы (жұмысы) бойынша Т А П С Ы Р М А
(тегі, аты-жөні)
1. Жобаның тақырыбы
университеттің « » 2015 ж. № бұйрығымен бекітілген
2. Аяқталған жобаны студенттің тапсыру мерзімі
3. Жобаның бастапқы мәліметтері
4. Есептік-түсіндірмелік жазбаның мазмұны (зерттелетін мәселелердің тізімі)
5. Міндетті сызбалар нұсқалған графикалық материалдардың тізімі
6. Әдиебеттер тізімі
7. Жобаның кеңесшілері
Тапсырма
берді
Тапсырма
қабылдады
Тапсырма берілген күн
Жетекшісі
Тапсырманы орындауға қабылдаған
Мазмұны
1. 3
1. 4
Жерге орналастыру ережелері . . .
Батыс Қазақстан облысының жер ресурстарының пайдалануы . . .
14
17
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыруда ерекше маңызға ие нәрсе ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы. Онда прогрессивтік технология, жердің құрылымы, ауыспалы егіс жүйесі көрініс тауып, жобаның өзі кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік даму жоспарының негізін құрайды. Ендеше, жерге орналастыру жобасы - бұл жерге орналастырудың жаңа формаларын жасауға, осы техника-экономикалық және заңды негіздеуге арналған құжаттардың жиынтығы деп білеміз.
Жер пайдалануда алдағы уақытта енгізілуге жоспарланған өзгерістер, олардың экономикалық және техникалық негіздемелері, осы жұмыстардың нәтижесінде аумақтың жаңадан кеңістік ұйымдастырылуы жер пайдалануда жобалаудың негізгі мазмұнын құрайды. Оның нақты нәтижелері: массивтер мен учаскелерге бөлінген, жоспарда графиктік тәсілмен көрсетіліп, есепке негізделген экономикалық тиімді алқаптар, жер пайдалану орны мен шекаралары, ауыспалы егістік, мал жайылымдары мен шабындықтар, жеміс-жидек, жүзім учаскелері, басқа да учаскелер, сондай-ақ линиялық контурлар жерде өндірісті ұйымдастыру технологиясына белсенді ықпал етеді.
Жер - өндірудің негізгі қолданысы. Оны басқа өндірістер құралдарынан кем дегенде төрт ерекшелігі айырады, мысалға машиналардан. Жер - өндірістің мәңгі және өзгертілмейтін құралы. Ал өзінің мөлшері жағынан тұрақты және ұлғайту мүмкін емес, екінші жағынан өндіріс құралы кез елген көлемде, қажеттілікте өндіріле алады. Бұл ерекшелігінде басты шешім келеді: ол егер әрбір машинаға тыңғылықты қарауды талап етсе, оның мерзімінен бұрын тозуына, шашылуына жол бермесе, мұның сыртында жерге жауаптылықпен қарау қажеттілігі айтпасада да белгілі болады. Өкінішке орай қазіргі кезге дейін бұл ереже сақталмай келеді. Бұл орайда бізге берілген байлықты жауапкерсіздікпен, ал кейбір жағдайда оған қарақшылықпен қарау сезіледі. Басқа қозғалмалы өндіріс құралдарына қарағанда, жер өзі орналасқан жерінде пайдаланылады. Оған жұмыс күші, машиналар, тыңайтқыштар мен басқа да қажетті материалдар қосылады. Ол жылжымайтын мүлік ретінде ғимараттар мен құрылыстар, екпелер, былайша басқа өнім өндірумен тығыз байланысты құралдар. Бұл орайда көп жол шығындары келтіретін үлкен қашықтықтағы жер кеңістіктерімен байланысты ауыл шаруашылық өндірісі үшін көліктің үлкен маңызы бар. Физикалық және моральдық амортизацияға ұшыраған басқа өндіріс құралдарына қарағанда жер, егер ол ғылыми ұсыныстарға сәйкес жүргізілсе, қолданыс кезінде жақсарады. Бұл негізде бүкіл тыс топырақ құнарлығын қалпына келтіретін және оны жақсартуды қамтамасыз ететін дұрыс жер қолданысы баршылық өркендеу перспективасында жатыр.
Жердің құрылымымен, технологиясымен және оны пайдалануды ұйымдастыру басқа да өндірістің ықпалымен байланысты ұтымды орналастырады. Олардың толық шешімін - әртүрлі ғылымдар иелігінде. Осымен қатар жылжымайтын және өндіріс бағытында өзгеретін (ауыл шаруашылық машиналар, тракторлар, транспорт құралдары) орналасқан жер учаскелерін ұтымды пайдаланып және оларды қорғауды ұйымдастыру методикасын жерге орналастыру ғылыми байланыста болады.
Батыс Қазақстан облысында көлтабандап суғармалардың негізгі жүйелері шоғырланған. Жергілікті жердің тұйық табақ тәріздес ойпаңдары бар тегіс ландшафтысы шалғынды өсімдікті көлтабандардың қалыптасуына ықпал етті.
Ірі суғару-суландыру жүйелерінің құрылысы, су ресурстарының орасан зор қоры бар жасанды су қоймаларында су қорларын жинақтау мүмкіндіктеріне ие бола отырып, облыстың едәуір аумағын суландыру үшін жағдай жасауға, егілетін азықтық дақылдардың тұрақты өнімін алу үшін көлтабандап суғаруды пайдалануға және дамытуға бағытталды [1] .
Мелиорация - ауыл шаруашылығының дамыту және жергілікті жердің жалпы жақсартылуы үшін қолайлы жағдай ұйымдастыру максатында жерлерді түбегейлі жақсартуға бағытталған ұйымдастырушылық-шаруашылықтық және әлеуметтік-экономикалық шаралардың жүйесі болып табылады.
35 жыл аралығанда (1965-1990 жж. ) Қазақстанда жаңа суғармалы жерлерді игеру, жерлер мен сулардың өнімділігін арттыру бойынша үлкен жұмыстар жасалды. Ондаған ірі ирригациялық объектілер, гидротехникалық құрылғылар, өзендерде гидротүйіндер, ірі су өткізуші объектілер, су өткізуші жүйелер құрылыстары салынып, бірнеше миллиондаған жайылымды алқаптар суландырылды. 1990 жылдарға қарай республикада суғармалы жерлердің ауданы 2100 мың га жетті. 600 мың гектардан астам территориялар жоғары өндіргішті «Кубань», «Фрегат», «Днепр», «Волжанка» және т. б. жаңбырлатқыш машиналар мен құрылғылармен суғарылды. Олардың саны республика бойынша 10 мың данадан асты.
Жер қатынастарында көптеген қайта құрулар болуына және жер учаскелеріне меншік формаларының өзгерулеріне қарамастан ауылшаруашылығы өндірісін интенсификациялау қоғам мен мемлекет мүддесі үшін жер және су ресурстарын тиімді, ұтымды пайдалануды талап етеді.
Болашақ жерге орналастырушылар жер ресурстарын кешенді пайдаланудың практикалық міндеттерін шешуге, суармалы жерлерде табиғат қорғау шараларын ұйымдастыруға, мелиоративтік жұмыстардың жүргізуге және тиімдігінің бағалауға міндетті.
Болашақ мамандардан көптеген пәндердің байланысындағы мәселелерді шеше білуді талап етеді. Сондықтан жерге орналастырушы мамандар жерлерді мелиорациялаудың заманауи әдістерін, суармалы учаскелерді жобалауды, мелиоративтік объектілерді орналастыру үшін жерлерді алуды үйренулері керек. Осыған байланысты бұл әдістемелік құрал 6М090300- «Жерге орналастыру» мамандығының оқу жоспарына және элективті пәндер каталогына толықтай сай келеді.
Бұл оқу құралына жерлерді мелиорациялаудың теориялық негіздері, топырақтың сулық-физикалық қасиеттерін зерттеу мақсатында зертханалық жұмыстар мен практикалық жаттығулар кіреді. Кейбір зартханалық жұмыстарды университеттің полигонында далалық жағдайда орындауға болады.
1 Жерге орналастыру және мелиорация негіздері
1. 1 Жерге орналастыру ережелері
Жерге орналастыру - жер қатынастарын мемлекеттік реттеу құралы ретінде жер қорының санаттары, салалары, облыстары, аудандары, сонымен қатар жер телімдерін бөлу және беру, олардың аумағын ұйымдастыру, жерді тіркеу, куәләндіру құжаттарын құқығын толтыру, жай күйі мониторингісін жүргізу, жерлерді түгендеу және есепке алу арқылы тарату және қайта тарату бойынша әрекет жасау болып табылады. Жерге орналастыру мақсаты - жоғары білімділікті, өнімділікті қамтамасыз ету, әсіресе ауыл шаруашылығының кез келген еңбек өнімділігін арттыру. Жерге орналастыру кез келген өнеркәсіп, көлік, энергетика және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдар құрылысы мен қызметі үшін қажетті аумақ негізделуін жасайды және экономикалық немесе әлеуметтік тиімділіктеріне жету үшін ғылыми негізін ұйымдастырады. Жерге орналастырудың ерекше әсері ауылшаруашылығының өндірісінің тиімділігін және жерді өндірістің негізгі құралы ретінде, тек операциялық базисі ғана емес, сондай-ақ өзінің барлық кеңістіктік қасиеттері, алдымен топырақ құнарлығымен қатысады. Жерге орналастыру ауылшаруашылығы салаларында танаптардың құрылымы мен орналасуы, жер алқаптары, далалары, ауыспалы егістік жұмыс белгілері жайылым-шабындық айналымы, жол желісі және шаруашылық орталықтары құрылып өндірістік ұйымдарға сол немесе басқа материалдық игіліктерді бекітілген мамандануына және дамудың болашақ жоспарына қарай жасайды [2, 3] .
Жерге орналастыру көп жағдайда жер ресурстарын ұтымды пайдалану, оларды желініп шығындалуынан қорғау, жерге ауыл шаруашылығының басымдығын қадағалау, егін дақылдары деңгейін қамтамасыз ету. Бұл міндеттер ауыспалы егістіктің белгілі бір жүйесін еңгізу және игеру, топырақ құнарлығын сақтау, аумақтың эрозияға қарсы ұйымдастырылуын басқада іс-шараларының нәтижелерін орындау.
Жерге орналастыру өндірісі барысында агроқұрылым аумағын ұйымдастыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығының танаптарын үнемі және уақытша жер пайдалануға бөлуде белгілі бір қағидаларды ұстану қажет қағидалар астарында жетекші методологиялық жағдай немесе іс-шаралардың негізіне жататын аса маңызды міндеттер жатыр. Әдебиеттерде жерге орналастыруға ғана қатысты емес, сондай-ақ оның шегінен тыс және жерге орналастыруға тікелей қатысты жалпы қағидалармен шектейді.
Жалпы қағидалар: ауылшаруашылық өндірісін үнемі өнімділігін арттыру, оның салаларының тұрақты рентабелдігі; өмірсүру жағдайын және адамның енбегін үздіксіз жақсарту; заңды және нормативті актілерді қатаң қадағалау; минималды капитал салымы және оның тез өтілі.
Жеке қағидаларға ҚР Ата заңы және жер заңнамалары нормаларға сәйкес жер қатынастарын жетілдіру, жерлерді жоғары интенсивті пайдалану; ауыл шаруашылығының басымдылығын барлық халық шарушылығы мудделері есебінен максималды қадағалау, жерге меншік және шаруашылық формаларын еркін таңдау, жер иеленушілер және жер пайдаланушылар тұрақтылығы, олардың шекаралары және ауданы, аумақтың ішкі шаруашылық ұйымдастыру, зона, аудан, шаруашылық, табиғи, экологиялық, әлеуметтік және экономикалық жағдайын бөлшекті есепке алу, әрбір жер телімінің жай-күйін және пайдалануын жақсарту мақсатында жерлердің кеңістік қасиеттерін қадағалау.
Жерге орналастыруда әр түрлі табиғи, экономикалық және әлеуметтік факторларды ескеріп отырған әрқашан қажетті. Бұл - жерге орналастырудың негізгі принциптерінің бірі.
Жерге орналастыру факторларын 3 топқа түйістіріп қарастыруға болады:
- жердің кеңістік қасиеттері мен экологиялық жағдайлар;
- климат жағдайлары;
- әлеуметтік-экономикалық жағдайлар.
Жердің кеңістік қасиеттері мен ландшафттың экологиялық жағдайларына мыналары жатады:
- топырақ қыртысы мен оның күйі;
- бедер;
- гидрографиялық тармақ пен ландшафттың сипаттамасы;
- табиғи өсімдік жамылғысы.
Климат жағдайларының арасындааса маңызды факторлар ретінде жауын-шашын мөлшері мен жеодің ылғалдану деңгейін, желдің күші мен бағытын, ауаның температуралық режимін бөліп қараған дұрыс.
Әлеуметтік-экономикалық факторларға жерге орналастыру объектісінің қаржы-шаруашылық іс-әрекеттерінің көрсеткіштері, елдімекендерінің саны мен орналасуы, жабдықталғандығы, су, энергия керекті қорлармен қамтамасы елілгендігі, негізі ауыл шаруашылық дақылдарының соңғы 5 жыл ішіндегі орташа түсімділігі, өнімінің өзіндік құны және т. с. с. жатады.
Топырақтың қүнарлылығы, әсіресе экономикалық (тиімділік) құнарлылығы диқан еңбегінің нәтижелігіне, дақылдардың түсімділігіне және мал азығы алаптарының өнімділігіне тікелей өсер етеді, Су мен жел эрозияларының өршуі топырақ құрылымынан, оның экологиялық төзімділігінен тәуелді. Сондықтан да қазіргі кезде ішкішаруашылық жерге орналастырудың басты бағытының бірі болып табылатын территорияны эрозияға қарсы бейімдеу топырақтың түрлерін, физикалық-химиялық және механикалық қасиеттерін, эрозияга ұшырағандығын, ұшырауға ықтималдығын сипаттайтын нақты материалдарға негізделеді. Сонымен қатар топырақ қыртысының түзданған және сортаңданған мөлшері, ластанғандығы және басқа жағымсыз құбылыстарға ұшырағаны ескеріліп отырады. Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерді тиісті түрде орналастыру, жоғары тиімді ауылшаруашылық өндірісті ұйымдастыруға, сондай-ақ, агроландшафттың экологиялық тепе-теңдігін қамтамасыз етуге, топырақтың құнарлылығын арттыруға және ұдайы өндіруге қолайлы территориялық жағдайларды жасауды көздейді. Бұндай методологиялық амал, жердің ауылшаруашылық өндірістің негізгі құралы ретіндегі басты ерекшелігінен - дұрыс пайдаланғанда өндіргіш қасиеттерін (кұнарлылығын) жоғалтпай, қалпына келіп отыру қабілеттілігінен туындайды.
Бонитет және құндылық бағалау балымен сипатталатын топырақ күйін ескеру, бірінші кезекте, жер алаптарының құрамы мен орналасуын белгілеуге, оларды бір-біріне ауыстыруға, жыртылған жерде ауыспалы егістіктер жүйесін (ауыспалы егістердің түрлері мен типтерін таңдау, олардың танаптары мен жұмыс учаскелерін, мал азығы алаптарын орналастыру) жобалауға қажет.
Казіргі нарықтық жағдайда жер жөніндегі әр түрлі келісім-шарттарды жүргізуде, салық салуда, мемлекеттік жер кадастрын жасауда және көптеген басқа да жер қатынастарын реттеуге байланысты мәселерді шешкенде, кең қолданылатын жер учаскелерінің бағалау балын топырақтың күйі себептейді.
Шаруашылық жүргізу жағдайлары мен жердің пайдалануына бедер саналуан ықпал жасайды.
Жер қыртысының топыраққа айналу процесі бедердің әр түрлі элементтерінде (суайрық, тальвег, баурайдың басы мен етегі) өзіне тән сипатқа ие болады.
Сонымен бірге бедер су эрозиясының басты себебі, топырақтың шайылуы, оның табиғи құнарлылығын жоғалтуы, қордасының азаюы, жыра-жырақалардың пайда болуы бедердің кеңістік қасиеттеріне байланысты.
Макро-, мезо- жөне микробедер саналуан жағдайлармен сипатталатын және әр түрлі көлемді агроландшафттарды құрайды. Жерге орналастыру шешімдерін қабылдау барысында олардың ерекшеліктерін ескеру мақсатымен түрлі-түрлі амалдарды іздестіру керек. Бүл шешімдердің дәлелді болуы үшін жер бедері көрсетілген план-картографиялық материалдар міндетті түрде қолданылуы қажет.
Ландшафттар, сонымен бірге агроландшафттар гидрографиялық тармақты да қамтиды. Өз кезегінде соңғысы (өзен-өзек, көлтоған, сай-жыра жүйесі) ландшафттың жалпы сипатын себептейді. Ландшафттарды айтарлықтай өзгертіп отыратын жерге орналастыру шешімдері өте жоғары дәрежеде территорияның гидрография лық тармақпен кескіленуінен тәуелді.
1. 2 Мелиорация және территорияны мелиоративтік аудандастыру
«Мелиорация» сөзі латынның melioration деген сөзінен шыққан, ол жақсарту деп аударылады.
Топырақпен өсімдікке әсер етуі бойынша гидротехникалық, агротехникалық, ормантехникалық, химиялық және мәдени-техникалық мелиорациялардың түрлерін ажыратады.
Гидротехникалық мелиорация (суару, суландыру және құрғату) топырақтың сулық-ауа режимін өзгертуге бағытталған негізгі шаралардың бірі болып табылады. Гидротехникалық мелиорацияның ерекшелігі бөгеттер, насостық станция, каналдар, құбырлар, лотоктарды қамтитын ірі суландыру немесе құрғату жүйелер болып табылады. Гидротехникалық мелиорацияны жүргізу көп көлемде капиталдық салымдарды салумен байланысты. Оларды ұйымдастыру үшін жүргізілген шараның тиімділігін көрсететін техникалық-экономикалық негіздемесі қажет болады. Мелиорациялаудың жоғары тиімділігіне суаруды дренаждаумен, ал құрғатуды - жерлерді ауқытылы суландырумен оларды кешенді жүргізгенде қол жеткізуге болады. Бұл мелиорациялық жұмыстар еңбекті дұрыс ұйымдастырылуы, агротехниканың жоғары деңгейі, тыңайтқыштарды енгізу және т. б. арқылы жүзеге асырылады.
Агротехникалық мелиорация (агромелиорация) топыраққа агротехникалық тәсілдер жиынтығын қолдана отырып, ауылшаруашылық дақылдарының өсіп өнуі жағдайын жақсартуды және олардың топырақ құнарлылығына жасалынған әсерлерін бірнеше жылға жеткізуді қамтамасыз етеді.
Агротехникалық мелиорацияға жерлерді жыртудың бағыттары мен тереңдігін таңдауды, топырақты тереңдеп жыртуды, тік беткейлерді шалғындандыру, жайылым мен шалғындарды жақсарту, қар ұстау шаралары кіреді.
Орман-техникалық мелиорация (орман мелиорациясы) ағаш көшеттерін отырғызу арқылы, топырақты су мен желдің әсерінен қорғайды және аймақ климатының жақсаруын қамтамасыздандырады. Оған жергілікті ормандандыру, жылжымалы құмдарды бекіту, орман жолақтарын отырғызу шаралары кіреді.
Химиялық мелиорация топыраққа қажетті химиялық элементтерді енгізу арқылы, топырақтың химиялық құрамын жақсартуды қамтамасыз етеді және топырақтың сулы физикалық қасиеті мен оның құнарлылығын арттыру жолын қарастырады. Химиялық мелиорациялауда жерді жақсарту кезінде, әсіресе тұзданған топырақтарға гипс, ізбес, күкірт қышқылын енгізу, дефекациондық қоспа, фосфор ұндарын енгізеді. Сонымен бірге химиялық мелиорацияға гербицидтерді пайдалануда жатады.
Мәдени-техникалық мелиорация өңделетін топырақ бетін тал, ағаш, тас т. б. элементтерден тазартып, тегістеу жұмыстарын іске асырады.
Мелиорация саласында ірі масштабтағы шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін әрбір аймақтың табиғи ерекшеліктерін білулері қажет болады.
Гидромелиорациялық жұмыстарды жүргізу әдістерін таңдағанда жергілікті жердің табиғи жағдайларын - климат, топырақ, жер бедері т. б. білу қажет болады. Табиғи жағдайлары, жылу мен ылғалдың мөлшері бойынша Қазақстан аймақтары бірдей емес. Республиканың көптеген суғармалы территориялары дала және жартылай шөлейтті аймақтарда орналасқан. Далалық аймақтың климаты континентальды, жауын шашын мөлшері 200 мм - ден 350 мм-ге дейін ауытқиды. Қаңтардағы орташа температура 15°С аяз, ал шілдеде 30°С дейін көтеріледі. Өсімдіктердің вегетациялық кезеңдері 185 күннен 240 күнге дейін болады. Көптеген жерде қою-қоңыр және қою-сұр топырақ жамылғысы болуларына қарамастан кейбір жерлерде сортаңданған және тұзданған топырақтар кездеседі. Көлтабандап суарылатын учаскелер саздақты болып келеді. Табиғи жер отының өнімділігі гектарына 10 центнерден аспайды.
Жартылай шөлейтті аймақ негізінен континентальды климатты территорияларда орналасқан. Қыстағы орташа ауа температурасы 15-17 °С шамасында, ал жазда 30-35 °С дейін көтеріледі. Орташа жылдық ауа температурасы 100-200 мм - ден аспайды. Қысқы және жазғы кезеңдерде жауын-шашынның мөлшері көп түседі. Сондықтан ауаның жоғары температурасы жауын-шашынның аз мөлшерімен бірлесе отырып, өсімдіктердің вегетациялық кезеңінде топырақ пен ауаның ылғалдылығын төмендетеді. Сортаңданған және тұзданған топырақтар көптеп кездеседі. Табиғи жер отының өнімділігі гектарына 5 центнерден аспайды.
Мелиорацияның негізін салушы А. Н. Костяков әр түрлі ылғалдану аймақтарын бөліп көрсетуде су балансының коэффициентін пайдалануды ұсынды:
К=µР/Е ,
мұнда µ - жауын-шашынды пайдалану коэффициенті; Р - жылдық жауын шашын, мм; Е - булану, мм.
ТМД-ның Еуропалық бөлігін А. Н. Костяков үш аймаққа бөлген: шамадан тыс ылғалдану - К >1; тұрақсыз ылғалдану - К =1 және жеткіліксіз ылғалдану - К <1.
Г. Т. Селянинов климаттық және ауылшаруашылықтық аймақтарды бөлгенде гидротермиялық коэффициентті (ГТК) пайдалануды ұсынды:
К=10Р/Ʃt ,
мұнда Р - вегетациялық кезең бойынша жауын-шашын мөлшері, мм; Ʃt - осы кезең бойынша ауаның орташа жылдық температурасының суммасы, °С.
Егер ГТК 1, 5 асса онда ылғалды азайту үшін дренажды кеңінен қолдану керек. Егер ГТК 1…1, 5 аралығында болса, мелиорация керек емес; ал ГТК 0, 8 …1, 0 аралығында болса топырақтағы ылғал агротехникалық әдістермен жүргізіледі. Егер ГТК 0, 8 төмен болса, егіншілікті тек суару арқылы жүргізуге болады.
Д. И. Шашко территорияға ылғалдануы бойынша сипаттама бере отырып, жауын-шашын мен ауаның ылғалдылығының жетіспеушілігінің жиынтығының ара қатынасын анықтады:
К=Р/Ʃd ,
мұнда Р - жауын-шашын, мм; Ʃd - ауаның ылғалдылығының жетіспеушілігінің жиынтығы, мб.
К ылғалдану коэффициентінің мәніне байланысты өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз ететін т-мендегі аймақтарды ажыратады: шамадан тыс ылғалданған (>0. 6) ; ылғалданған (0, 45…0, 60) ; әлсіз құрғақ (0, 25…0, 45) ; құрғақ (0, 15…0, 25) ; өте құрғақ (<0, 15) . Мелиорация үшін тек қана ылғал емес, жылуда қажет болады. Сондықтан Д. И. Шашко дақылдардың жылу алмасуларын есепке алуды ұсынады. Мәдени жайылымдар, азықтық дәнді дақылдар өсіретін алқаптарды тиімді құрғатудың солтүстік шекарасы болып орташа ауа температурасы 10 °С - 1200 °С болатын белсенді температуралар жиынтығының изосызығы бойымен беріледі. Күріш өсірудің солтүстік шекарасы температуралардың жиынтығы 3000°С, ал мақта өсіруде - 4000 °С изосызығы бойымен өтеді.
- Суғарудың топырақтың сулық-физикалық қасиеттеріне әсері
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz