Кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру


Мазмұны
Кіріспе . . . 4
І Кәсіпорынның айналым қорлары және айналым құралдары
- Кәсіпорынның айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы . . . 6
- Айналым қаражаттарын пайдалану көрсеткіштері . . . 10
- Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіштері . . . 14
ІІІ. Кәсіпорынның айналым қапиталын пайдалану тиімділігін
арттыру
3. 1 Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігі . . . 27
3. 2Кәсіпорынның айналым капиталын және қорларын пайдалану мөлшері және тиімділігінің көрсеткіші . . . 30 Қорытынды . . . 38 Әдебиеттер тізімі . . . 40
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны- кәсіпорын. Сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техника мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кез келген кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті айналым капиталымен қамтамасыз етілуімен байланысты.
Айналым капиталы кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып, өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтайтын маңызды элемент болып табылады. Қаржы менеджерлері үшін айналым капиталының құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Айналым капиталын тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды болып табылады, түптеп келгенде айналым капиталын қаржыландыруды ұйымдастыру деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт- қолда бар айналым капиталының болуы. Айналым капиталының мәні- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігінде олардың қажеттілігін анықтау болып табылады.
Түрлі салаларда айналым капиталының үлес салмағы кәсіпорындардың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорында айналым капиталын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым капиталының қажеттілігін анықтау, олардың құрамы, құрылымын қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым капиталын басқару және т. б.
Өндіріс тиімділігін арттырудың елеулі резервтері құрамына шикізат пен негізгі материалдар, отын, қосалқы материалдар, тез тозатын құралдар және басқа да еңбек заттары кіретін айналым капиталын орынды пайдалану есебінен өндіріс шығындарын одан әрі төмендетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты- кәсіпорындағы айналым капиталдарының тиімділігін арттыру, және оларды жетілдіру жолдарын анықтау. Себебі бұл қазіргі кездегі ең өзекті мәселе болып табылады. Кәсіпорынның өмірі оның негізгі және айналым капиталдары айналысынан жалғасып отырады. Айналым капиталын тиімді пайдалану көпшілігіне олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Өйткені өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығындармен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым капиталының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады.
Курстық жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда айналым капиталының мәні, құрамы, құрылымы және пайдалану тиімділігі көрсеткіштері теориялық тұрғыда қамтылған. Екінші тарауда кәсіпорынның айналым құралындағы жоспарлық қажеттілігін анықтау, кәсіпорынның айналым құралының негізгі элементтерін басқаруын талдау, айналым капиталының тиімділігін көрсететін көрсеткіштері талданады.
Үшінші тарауда кәсіпорынның айналым капиталын пайдалану тиімділігін жетілдіру жолдары көрсетіледі.
Үздіксіз өндірістік үдерісті қамтамасыз ету үшін негізгі өндірістік қорлармен қатар оған заттармен материалдық ресурстар қажет. Еңбек заттары еңбек құралдарымен бірге үдерісіне қатысып, олардың құны өндірілетін өнімнің материялдық негізін жасап, өнімнің өзіндік құнын құрайды.
Өндірістік айналым капиталдың заттық элементтерінің айналымдылығымен, еңбек үдерісімен және негізгі өндірістік қорлармен тығыз байланыста болады. Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметімен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры бұл өндірістік мүндетті, ал өндірістің өзіндік құнының негізгі бөлігі. Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі айналым қоры әрбір өндірістік толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.
Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғырлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны соғырлым үнемді әрі оның өзіндік құны арзан болады. Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны береді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады. Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылғандайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айрысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде корінеді. Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі - ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету. Сонымен, айналым капиталы деп өндірістік айналым қоры мен айналыс қорына арналған кәсіпорынның ақшалай қаражаттарын айтамыз. Айналым капиталы дегеніміз - өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруды және олардың үздіксіз айналымдылығын қамтамасыз ететін алдын ала бөлінген ақшалай қаражаттардың жиынтығы. Өндірістік айналым қорлары - бұл еңбек заттары (шикізат, негізі материалдар мен жартылай өнделген өнімдер, қосымша материалдар, отын, ыдыстар, қосалқы бөлшектер және т. б. ) мен аяқталмаған өндіріс өнімдері. Өндірістік айналым қорлары өндіріске өзінің табиғи-заттық күйінде қатынасады да, өнім дайындау үдерісінде толығымен тұтынылып, өзінің құнын жасалатын өнімнің өзіндік құнына өткізеді. Өндірістік айналым қорлары құрамындағы өндірістік қаражаттардың мөлшерімен, ең алдымен өндірісі ұйымдастырудың техниакалық денгейімен және дайындалатынө өнімнің өндірістік цикілінің ұзақтығымен сипатталады. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін жеткілікті көлемдеайналым капиталының болуы қажетті алғышарт болып саналады. Демек айналым капиталы өндірістің үздіксіз жұмыс атқарауын қамтамасыз етеді. Ең бастысы, мына мәселені анықтауы қажет: кәсіпорын айналым қоры мен айналыс қорын мейлінше тиімді пайдалану үшін не істеу керек және өнімнің материал сыйымдылығын төмендетіп, айналым қаражаттарының айналымдылығын жеделдету үшін қандай шаралар қолданған жөн деген мәселеге қатты көңіл бөлу керек.
Кәсіпорынның іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының болуы. Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, айдалану және үздіксіз өндірістік роцестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым капиталы өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым капиталы - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым капиталының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым капиталының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.
Кәсіпорында айналым капиталының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т. б. байланысты болады.
Айналым капиталы 2 бөлімнен тұрады:
- өндірістік айналым қорлары;
- айналыс қорлары.
Кесте-1. Айналым капиталы
Болашақ кезең шығындары
Өндірістік айналым қорлары - өндірістік процессте бір рет қолданылады және өзіндік құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен мелалл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.
Өндірістік айналым қорларына шикізат, негізгі және қосымша материалдар, комплекттік бұйымдар, өндірісте аяқталмаған өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.
Өндірістік айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:
- Өндірістік запастар. Оларға - шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал-саймандар жатады.
- Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
- Болашақ кезеңдердің шығындары -жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге еткен шығындар.
Айналыс қорлары - запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары.
Сонымен, айналым қорлары - бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.
Айналым капиталының қаржыландыру көздері
Тузілу көздеріне қарай айналым капиталы меншікті және несиелік болып екіге бөлінеді.
Меншікті айналым капиталы - бұл үнемі кәсіпорын иелігінде болатын және өз ресурстары (пайдадан және т. б. ) есебінен құралатын қаражаттар болып саналады. Қозғалыс үдерісі негізінен меншікті капитал қатарына уақытша бос тұрған еңбекақы төлеу үшін жиналған қаражаттар кіруі мүмкін. Бұл қаражаттар меншікті капиталға теңестіріледі немесе тұрақты пассивтер деп аталады.
Несиелік айналым капиталы деп банк несиесі, несиелік қарыз (коммерциялық несие) және басқа да пассивтерді атайды.
Кәсіпорынның меншікті айналым капиталының жалпы көлемін (норматив) жоғарғы басшылар бекітеді және ол бір жыл ішінде тек кәсіпорынның өндірістік жоспары өзгерген жағдайда ғана өзгеруі мүмкін. Өндіріс жоспарын орындауға, өнімді өткізуге, сондай-ақ төлемақыларды белгіленген мерзімінде төлеуге қажет кәсіпорынға бекітілген аз мөлшерлі меншікті айналым капиталын құру үшін норматив белгіленеді.
Жыл сайын кәсіпорындардың және бірлестіктердің қаржы жоспарында меншікті айналым капиталының нормативінің өсімі, ең алдымен, жеке ресурстар (пайда және т. б. ) есебінен құралады.
Меншікті айналым капиталының өсімін қаржыландырудың негізгі көзі кәсіпорынның пайдасы болып табылады. Сонымен қатар, меншікті айналым капиталының өсімін қаржыландыруға меншікке теңестірілген тұрақты пассив деп аталатын өзге де көздерді пайлалану қажет болып табылады. Өкінішке орай, қазір БЕС-ке сәйкес тұрақты пассивтер меншікті айналым капиталына жатпайды. Өмірде бұл қаржыландыру көзін кәсіпкерлер үнемі пайдаланып отырады. Бұл, әсіресе, қаржы ресурстары жаппай тапшы болған өтпелі кезеңде кеңінен қолданыс тауып отыр.
Тұрақты пассив деп кәсіпорын айналыста үнемі пайдалатын, бірақ оның меншігіне жатпайтын пассивтерді атайды. Олар келесілерден тұрады:
а) жұмыскерлер мен қызметкерлер еңбекақысына берілетін ең аз мөлшердегі көлемі есебінен;
ә) әлеуметтік сақтандыру мен салық төлемдерінен;
б) келешекте болатын төлемақылар резервінен;
в) ағымдағы сыйақы тағайындауға арналған материалдық ынталандырудың тұрақты айнымалы қор қалдығынан, сондай-ақ әлеуметтік-мәдени іс-шаралар мен тұрғын үй құрылысына арналған қорлардан;
г) жабдықтаушыларға құжаттары ресімделмеген тауарлар бойынша берешектен;
ғ) заңнаға сәйкес сатып алатын тауары үшін ең аз мөлшердегі алдын ала төленген қаржы көлемінен.
Тұрақты пассивтерді меншікті айналым капиталына теңестіру қажет, себебі олар үнемі кәсіпорын иелігінде болады және шаруашылық айналыста пайдаланылады. Олардың үлес салмағы, әсіресе еңбекақы өнімнің өзіндік құнының едәуір бөлігін құрайтын өнеркәсіп салаларында, сондай-ақ өнімнің жартылай дайындығы бойынша төлем жүргізетін салаларда жоғары болып келеді.
1. 2 Айналым қаражаттарын пайдалану көрсеткіштері
Өндірістік байланыс қорынының құрамында, негізгі қор және айналым қаражатты бар. Қаражаттардың айналым деп атауының себебі, табиғи-заттық формасының өзгеріп, оның өндірістік процінде айналымдылық жүруінен айтады. Бұл айналымдылық бір өндірістік цикл (жыл) бойынша жүреді, бұнда айналым қаражаттары толығымен жұмсалып өз бағасын жаңадан шығарылған өнімге ауыстырылады. Әр айналымыдылықта айналым қаражаттар бірнеше деңгейлер өтеді. Басында олар ақшалай түрінде болады, содан кейін кәсіпорын шикі затты, құрылыс материалдарды, энергоресурстарды, қосымша бөліктерді және де басқа товар-материалдық құндылықтарды сатып алу үшін қолданылыды. Олар өндірістік процеске кіредіп, соңында жаңа өнім немесе товар пайда болады . Жаңа өнімді жүзеге асырғаннан кейін айналым қаражаты қайта ақшалай түрге келеді. Классикалық түрде айналым қаражаттың айналымдылық формуласы Д - Т…П - Т’ - Д’.
Байланыс саласында, өнім процесі уақат бойынша тұтыныну процеспен сәйкес келетіп, соңғы өнім заттық түрде болмайды. Айналымдылық формуласында дайындалған өнім (Т’) болмайды, сондықтан ол келесі формуламен бейнеленеді: Д - Т…П - Д’
Байланыс қызметі затсыз болуы өзгешелігінен және оны өндіру кезінде шикі зат пен материалдарды қолданмағандықтан, жалпы өндірістік қорына қарағанда айналым қаражатының бағасы азырақ болады. Бірақ қызмет көрсету саласыда оның ролі азаймайды, өйткені айналым қаражаттар негізгі қорлардың шығындары мен еңбексіз мүмкін емес. Нарықтық экономика жағдайында айналым қаражаттың мағнасы артады, себебі компания активтерінің қозғалмалы бөлігігің қолдану деңгейі, олардың финанстық деңгейіне байланысты. Байланыс саласының айналым қаражаттары бір текті емес, ол өзінде өндірістік айналым қорлармен, айналу қорларды біріктіреді. Өндірістік айналым қорлары байланыс саласының пайда болуына тікелеі байланысты. Оларға көмекші материалдар запасы, күнделікті қызмет көрсету мен құрал жабдықтарды ремонттауға арналған запас бөлшектер және де отын, құны аз және тез тозатын құралдар. Соңғы тобтағы құралдар мен шаруашылық инвентарьлар кіреді, бірақ олардың бірлік бағасы мемлекеттік минималды жалақысынан 100-ден аспай және жұмыс істеу мерзімі 1 жылдан аспау керек, және де арнаулы жұмыс киімдер кіреді. Байланыс почта мекемелерінде айналым қаражатына посылка тарасының запастары кіреді. Қарастырып отырған топтың негізгі емес байланыс ұйымына шикі зат, негізгі материалдар мен бітірілмеген өндіріс. Айналым қорына кассадаға және есеп айырытын счеттағы ұйымның ақшалай қаражаты, негізгі емес ұйымының дайын өніміне қаржы бөлуі, кәсіпорын қоймаларында арнаулы жұмыс киімдер мен дебиторлық қарыздар және т. б. жатады. Айналым қаражаттың бұл бөлігі жаңа қызметтің бағасына байланысты емес. Ол жасалынған бағамен жүріп, шаруашылық ұйымын өндірістік айналым қорларының запасына керекті элементі боп, бюджетпен есептесу, кәсіпорын-жабдықтаушылармен және де басқа байланыс ұйымдармен желі арқылы қызмет көрсету процесін шығаруда өзара түсінісушілігімен жұмысшылырға жалақы төлеуде және де басқа мақсаттарда. Байланыс ұйымның айналым қаражатының жалпы бағасы өндірістік айналым қорымның бөлігіне 30% (өндірісте-70%) жатады, бірақ салалар разрезінде айналым қаражаттарың құрлымы әртүрлі. Ол техникамен жабдықтау деңгейінен, өндірістік және еңбек ұйымдар түрлерінен, желі арқылы қызмет көрсетуде қатысатын және де қызмет көрсетілген абонентермен есептеу жүргізу түрлерінен оператор арасындағы есеп жүргізу механизімінен тәуелді. Өндірістік айналым қорлармен айналым қорлардың толықтандыру мен қалыптасу бұлағы, өзіне меншікті және карызға алынған қаражаттар болады. Өзіне меншікті айналым қаражаттар (АО-да) ұйымдарда, оны құру уақытында (акционерлеу) құрамында құрылған қорлар (капиталда) пайда болады. Содан кейін олардың қаражаттары, күнделікті ұйымның қолындағы қаражаттар арқылы және өзінің ресурстарынан құрылады. Мысалы пайда. Айналым қаражаттардың түрлі-түрлерінен қанағаттандырылу, оның нормалау негізінде құралады. Байланыс қызметінің негізін нормалауына айналым қаражатының барлығы, ал негізгі емесіне соңына дейін жасалынбаған кәсіпорын (құрылыс) және ұйымның қоймаларында дайын өнімдер жатады. Айналым қаражаттарды нормалау сөзінде, пікірмен дәлелденген нормалар мен шығындарға мөлшерлеу қойылу түсініледі. Айналым қаражаттың нормасы - айналым қаражаттың әр түрлі ұйымдағы минималды тұтынудың біршама көрсеткіші. Мысалы, қосымша бөлшектің нормасы құралдың баланстық баға пайызынан анықталынады; материалдар мен отындардың нормасы оладың кәсіпорынның қоймаларында запаста болу күнімен анықталынады; жұмыс киім нормасы бір адамның киіміндей ақшалай түрде анықталынады. Айналым қаражаттың нормасы, ұйымдардың әр түрімен толығымен тұтыну ақшалай түрде көрсетіліді. Ұжымның айналым қаражатын жалпы пайдалануы айналым қаражаттарының барлық түрдегі нормативтерінің қосындысынан тұрады: Нобщ=Hi Айналым қаражаттарының нормалану мен түрлендіру процессі <<Финансирование и кредитование преприятий связи>> пәнінде оқытылады. Экономикалық аспектінің мәселесі айналым қаражаттарының бағалануы мен пайдалану деңгейлерінің жоғарлауынан тұрады, ол байланыс ұжымының қаржы жағдайына тікелей әсер етеді. өңделген жабдықтардың экономикалық мазмұнынан шыға-келе, өндірістік процестегі олардың қолдану тиімділігі айналу коэффициентімен сипатталады. Оларға бір айналымның ұзақтығы, айналу коэффициенті және өңделудегі ОС жүктеме коэффициенті жатады. Бір айналу уақыты бір күндегі уақыт аралығымен анықталады. Сол уқытта айналым жабдықтарының авансы жасалынған қызмет көрсетудің бір бөлігі ретінде кәсіпорынға қайтып келеді және ОС орташа бағасының байланыс қызметінің табысына қатынасы түрінде анықталады:КД=Oc*TДн/Дусл Мұндағы:Oc-қарастырылатын уақыт аралығындағы (жыл, квартал) өңделген заттардың орташа бағасы (орташа қалдық) ; TДн-уақыт аралығындағы күндер саны; Дусл-уақыт аралығына сәкес байланыс қызметінен түскен табыстардың қосындысы. ОС айналымының ұзақтығы аз болған сайын, байланыс қызметінің берілген көлеміне және олардың ақшалай эквивалентін алуға деген сұраныс соғұрлым аз болады. Айналым коэффициенті байланыс қызметінің нақты уқыт аралығындағы табыс көлемін сипаттайды: Коб=Дусл/Ос
Өзінің құрамы бойынша бұл коэффициент қаратырылатын уақыт периодында және сонымен қатар бір айналымның ұзақтығы период күндерінің санына қатынасымен көрсетілуі мүмкін, Коб=Tдн/Кд. Айналым коэфицентінің мәні өскен сайын, өндірістік айналым құрамына тиімді қолданылады. Айналым құралының тиеу коэффициенті айналым коэффициентіне кері мәнді болады және қызмет көрсетуге кеткен айналым құралының қосындысын 1рубль құнымен сипаттайды: Кзаг=1/Kob=Oc/Dусл.
Айналым құралының жақсару эффектісін қолдану бір айналым ұзақтығының қысқару есебінен олардың босауына қатысты мәнімен анықталады: ∆Ос=(Dycл/Tдн) (Kд2-Kд1),
Мұнда Кд1 және Кд2 - салыстырмалы периодтағы немесе бір периодтың жоспарлы және есебті мәндері бойынша бір айналым ұзақтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz