Camtasia Studio бағдарламасы көмегімен оқыту курстарын жасақтау



1 Бөлім. Аудиовизуалды оқыту құралдары
1.1 Аудиовизуалды оқыту құралдарының ерекшеліктері
1.2 Бейнеоқыту ерекшеліктері
1.3 Оқыту процесінде бейнекурстарды пайдаланудың артықшылықтары
1.4 Бейнесабақтарды жасау бағдарламалары
1.5 Бейнекурстарды жасау технологиясы
2 Бөлім. Camtasia Studio бағдарламасының мүмкіндіктері
2.1 Camtasia Studio 7 бағдарламасы
2.2 Қосымшалар терезесі
2.3 Экрандағы іс.әрекетті жазу
2.4 Жазу панелін баптау
2.5 ScreenDraw скрин маркерін қолдану
2.6 Camtasia Studio бағдарламасының бейне редакторын қолдану
2.7 Дыбыспен жұмыс
2.8 Ұлғайту (Zoom) эффектісін қолдану
2.9 Ауысу эффектілерін қолдану
2.10 Түсініктемелерді (выноски) қосу
3 Бөлім. Жобаның техникалық.экономикалық негіздемесі
3.1 Электронды құралды жасақтау еңбек шығынын анықтау
3.2 Жобаны жасақтауға кеткен шығынды есептеу
3.3 Жоба бағасын анықтау
4 Бөлім. Өмір тіршілік қауіпсіздігі
4.1 Жұмыс орнын ұйымдастыру
4.2 Ішкі интерьерді жабдықтау
4.3 ДК пайдаланушылардың жұмыс орнындағы зиянды заттар
4.4 ДК жұмыс жасау режимін ұйымдастыру
4.5 Микроклиматты ұтымды жағдайлары
Оқытуға арналған бағдарламалық өнімдердің көбінесе мынадай оқыту-әдістемелік электрондық нұсқалары қолданылады: көрнекілік сипаттағы компьютерлік презентациялар, электрондық сөздіктер, анықтамалар мен оқулықтар, нақты процесстерді модельдеуге мүмкіндік беретін зертханалық практикумдар, тренажер-бағдарламалар, тестілік бағдарламалар, электрондық оқулықтар.
Оқыту жүйесінде қазіргі күнде әртүрлі Қазақстандық оқу орындарында жасалған оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалар бар. Оның кейбіреуінің ғана ғылыми-әдістемелік деңгейі жоғары және сапалы.
Дипломдық жұмыс тақырыбы өзекті болып келеді, себебі Қазақстандық білім жүйесінің қазіргі даму сатысы оқыту процесіне компьютерлік технологияларды кеңінен ендірумен сипатталады. Бұл технологиялар оқытудың жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік береді және оқытушыларға, оқушыларға бұрын қол жетпеген мүмкіндіктерге жол ашады. Ақпараттық технологиялар әртүрлі пәндік аймақта, әртүрлі жастағы деңгейде өз қолданысын табады және белгілі бір тақырыптарды немесе пәнді толық меңгеруге көмектеседі.
1. Толокнов А., Camtasia Studio 7, Подробное руководство, 2010 год, Screen Camera.ru
2. Бажак К. Возникновение изображения / К.Бажак. - М.: Издательство «Астрель», 2004.
3. Воронин Ю.А. Технические и аудиовизуальные средства обучения: Учебное пособие / Ю.А.Воронин. – Воронеж: Воронежский государственный педагогический университет, 2005.
4. Выготский Л.С. Педагогическая психология / Л.С.Выготский; Под ред. В.В. Давыдова. - М.: Педагогика, 2006.
5. Григорьев С.Г. Мультимедиа в образовании / С.Г.Григорьев, В.В. Гриншкун. - М.: Педагогика, 2008.
6. Коджаспирова Г.М. Технические средства обучения и методика их использования / Г.М. Коджаспирова, К.В.Петров. – М.: Аcademia, 2009.
7. Комарова Н.И. Технические и аудиовизуальные средства обучения. Программа для студентов гуманитарных факультетов педагогических ВУЗов / Н.И. Комарова. - М.: МГПУ, 2004.
8. Носкова Т.Н. Аудиовизуальные технологии в образовании / Т.Н.Носкова. - СПб.: СПбГУКиТ, 2004.
9. Розин В.М. Визуальная культура и восприятие: Как человек видит и понимает мир / В.М.Розин. – М.: Владос, 2005.
10. Тихомиров В.П. ДО: история, экономика. тенденции// Дистанционное обучение. 2004. № 2.
11. Проблемы информатизации высшей школы/ Гос. НИИ системной интеграции. М., 2009. ВыпЗ.
12. Воронина Т.П., Кашицин В.П. Молчанова О.П. Образование в эпоху НИТ. М.: АМО, 2005.
13. Барсуков В.Н. Дистанционное.... Да! Но...... // Проблемы информатизации высшей школы. 2005. Вып. 3. С. 10-12.
14. Бурлак Г.Н., Безопасность работы на компьютере. М., Финансы и статистика, 1998.
15. Сибаров Ю.Г., Охрана труда в вычислительных центрах. М., Машиностроение, 1990.
16. Сағындықова Н. Т. «Еңбек қорғау» пәнінен оқу-әдістемелік құрал. Ақтау, 2009 ж
17. Демеген А. А. «Тіршілік қауіпсіздігі». Терминологиялық орысша- қазақша сөздік, Тараз, 2003ж

Диплом тақырыбы:
Camtasia Studio бағдарламасы көмегімен оқыту курстарын жасақтау

Мазмұны
1 Бөлім. Аудиовизуалды оқыту құралдары
1.1 Аудиовизуалды оқыту құралдарының ерекшеліктері
1.2 Бейнеоқыту ерекшеліктері
1.3 Оқыту процесінде бейнекурстарды пайдаланудың артықшылықтары

1.4 Бейнесабақтарды жасау бағдарламалары

1.5 Бейнекурстарды жасау технологиясы
2 Бөлім. Camtasia Studio бағдарламасының мүмкіндіктері
2.1 Camtasia Studio 7 бағдарламасы
2.2 Қосымшалар терезесі
2.3 Экрандағы іс-әрекетті жазу
2.4 Жазу панелін баптау
2.5 ScreenDraw скрин маркерін қолдану
2.6 Camtasia Studio бағдарламасының бейне редакторын қолдану
2.7 Дыбыспен жұмыс
2.8 Ұлғайту (Zoom) эффектісін қолдану
2.9 Ауысу эффектілерін қолдану
2.10 Түсініктемелерді (выноски) қосу

3 Бөлім. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі

3.1 Электронды құралды жасақтау еңбек шығынын анықтау

3.2 Жобаны жасақтауға кеткен шығынды есептеу

3.3 Жоба бағасын анықтау

4 Бөлім. Өмір тіршілік қауіпсіздігі
4.1 Жұмыс орнын ұйымдастыру
4.2 Ішкі интерьерді жабдықтау
4.3 ДК пайдаланушылардың жұмыс орнындағы зиянды заттар
4.4 ДК жұмыс жасау режимін ұйымдастыру
4.5 Микроклиматты ұтымды жағдайлары

Кіріспе
Оқытуға арналған бағдарламалық өнімдердің көбінесе мынадай оқыту-
әдістемелік электрондық нұсқалары қолданылады: көрнекілік сипаттағы
компьютерлік презентациялар, электрондық сөздіктер, анықтамалар мен
оқулықтар, нақты процесстерді модельдеуге мүмкіндік беретін зертханалық
практикумдар, тренажер-бағдарламалар, тестілік бағдарламалар, электрондық
оқулықтар.
Оқыту жүйесінде қазіргі күнде әртүрлі Қазақстандық оқу орындарында
жасалған оқытуға арналған компьютерлік бағдарламалар бар. Оның кейбіреуінің
ғана ғылыми-әдістемелік деңгейі жоғары және сапалы.
Дипломдық жұмыс тақырыбы өзекті болып келеді, себебі Қазақстандық
білім жүйесінің қазіргі даму сатысы оқыту процесіне компьютерлік
технологияларды кеңінен ендірумен сипатталады. Бұл технологиялар оқытудың
жаңа деңгейіне көшуге мүмкіндік береді және оқытушыларға, оқушыларға бұрын
қол жетпеген мүмкіндіктерге жол ашады. Ақпараттық технологиялар әртүрлі
пәндік аймақта, әртүрлі жастағы деңгейде өз қолданысын табады және белгілі
бір тақырыптарды немесе пәнді толық меңгеруге көмектеседі.
Оқыту ақпараты ақпараттық телекомуникациялық желілердің дамуынан жаңа
тербеліс алады. Интернет ауқымды желі әртүрлі түкпірдегі ғаламда орналасқан
үлкен көлемдегі ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Жиырма бірінші ғасыр – компьютерлендіру, соның ішінде оқытуды
компьютерлендіру ғасыры.
Дипломдық жұмыстың мақсаты Camtasia Studio бағдарламасы бойынша
оқытушы бейнекурстарын жасау.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай мәселелер қойылды:
• Ақпаратты қабылдаудың аудиовизуалды құралдарының теориялық
аспектілерін зерттеу;
• Оқыту процесінде бейнесабақтар ерекшеліктерін және оны
қолданудың артықшылықтарын қарастыру;
• Бейнекурстарды жасақтау үшін қолданылатын бағдарламалық
қамтамасыздандыру құралдарынмен танысу;
• Мультимедиа құралдарының оқытуда қолданылуын талдау;
• Camtasia Studio бағдарламасын толық меңгеру;
• Camtasia Studio бағдарламасы бойынша оқыту куртарын жасақтау.

1 Бөлім. Аудиовизуалды оқыту құралдары

1.1 Аудиовизуалды оқыту құралдарының ерекшеліктері
Қазіргі қоғам дамуының объективті талаптары оқыту жүйесінде әртүрлі
оқыту құралдарын пайдалануды талап етеді.
Аудиовизуалды оқыту құралдары (лат. Audire – есту және visualis көзбен
көру) – экрандық және дыбыстық нұсқауларды қамтыған және оқыту процесінде
кеңінен қолданылатын техникалық оқыту құралдарының ерекше тобы.
Аудиовизуалды оқыту құралдары бөлінеді (Ляховицкий классификациясы);
1. визуалды (көзбен көру) құралдар (видеограммалар) – сурет, кесте,
сызба, сурет салу өнерінің өнімдері, транспаранттар, диафильмдер,
диапозитивтер;
2. аудитивті (есту) құралдары (фонограммалар) – дыбыс әуендері,
магниттіжазулар, радиохабарлар;
3. аудиовизуалды (көріп есту) құралдар (видеофонограммалар, фильдер) –
дыбыс жетекшілігі бар кино-, теле- және диафильмдер.
Зельманов классификациясы бойынша аудиовизуалды оқыту құралдары
экрандық, дыбыстық және экранды-дыбыстық құралдар.
Аудиовизуалды оқыту құралдары төмендегідей бөлінеді:
1. әдістемелік оқыту матералдары бар және тіл сабақтары үшін арналған
оқытушы құралдар(көрнекі нұсқаулар);
2. оқыту процесіне кірістірілетін коммуникация құралдары.
Аудиовизуалды оқыту құралдары басқа оқыту құралдары арасында ерекше
орын алады және материалды меңгеруге үлкен ықпал етеді. Себебі материалдың
образдық қабылдауын қамтамасыз етеді және жаттау мен оңай ұғып алуды
жеңілдететін көрнекі формасында беріледі.
Аудиовизуалды оқыту құралдарының дидактикалық ерекшеліктері:
­ ақпараттық жоғары қанықан;
­ берілетін ақпараттың рационалды бөлінуі;
­ зерттелетін құбылыстардың қозғалыстағы көрсетілуі;
­ шындықты көрсетудің нақтылығы.
Аудиовизуалды оқыту құралдарының пайдаланылуы келесі дидактикалық
принциптердің жүзеге асуына мүмкіндік береді: мақсатқа жету принципі;
өмірмен байланыс принципі; көрнекілік принципі; педагогикалық процестің оң
эмоционалды көрініс принципі.
Аудиовизуалды оқыту құралдар өзінің айқындығымен, ерекшелігімен және
қоршаған ортаның нақты әрекеттерін және бір бірімен сұхбаттасу жағдайларын
қалпына келтіретін көру-есту образдарының ақпараттық құндылығының арқасында
оқыту сапасын арттыратын эффективті көз болып табылады..
Мысалы, дыбыстық кинофильмдерді, хабарларды және бейнежазуды қолданған
кезде, дыбыстық-көру образдарын құрастыруда сурет, онда айтылатын сөздер,
әуен, әртүрлі дыбыстар мен түстер қатысады. Осындай ерекше мүмкіндіктер
синтезі тәрбие беруде және оқыту процесінде жақсы әсер береді. Сонымен
қатар бұндай жағдайда көрнекіліктің дидактикалық принципі, оқушыны жеке
және барлық оқушыларды қатар қамтып оқыту мүмкіндігі жүзеге асады. Яғни
сабақтың мотивациялық жағы күшейеді.
Қазіргі уақытта аудиовизуалды оқыту құралдарын (сабақта қолданылатын
нұсқаулар) және техникалық оқыту құралдарын (нұсқауларды көрсетуге арналған
техникалық құрылғылар) бөліп көрсетеді.
Құрылғыларға кино-, диа- и графопроекторлар, электроойнағыштар,
радиоқабылдағыштар, магнитофондар, телеқабылдағыштар, видеомагнитофондар и
бейнеойнағыштар, теле және видеостудиялар жатады.
Аудиовизуалды оқыту құралдар қазіргі уақытта мынадай болады:
1. Фонограммалар: фоножаттығулардың түрлері, фонотестілер, мәтіндік
фоножазулар, аудиосабақтар және аудиодәрістер;
2. Бейнеөнімдер: бейнефрагменттер, бейнесабақтар, бейнефильмдер,
бейнедәрістер, тақырыптық слайдтар;
3. Компьютерлік оқыту құралдары: электронды оқулықтар, өз бетімен оқуға
арналған оқытушы нұсқаулар, анықтамалықтар, сөздіктер, қолданбалы
оқытушы және бақылау бағдарламалары, әртүрлі тест жүйелері және
оқытушы ойындар.
4. Интернет: жүйелік мәліметтер қоры, бейнеконференциялар,
бейнежүргізулер, виртуалды семинарлар, арнайы тақырыптық форумдағы
телеконференциялар, телекоммуникациялық жобалар.
Оқыту процесіндегі ақпараттық және дидактикалық мүмкіндіктерімен
ерекшеленетін Интернеттің орны ерекше:
­ оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетінде (ақпаратты іздеу; қосымша
тілді меңгеру және құбылыстарды зерттеу; ақпаратты сұрыптау;
емтиханға дайындық және т.б.);
­ қашықтан оқыту процесіндегі оқу іс-әрекетінді;
­ сыныптан тыс және сабақ үстіндегі оқу-тәрбиелік процесінде;
­ қосымша білім алу жүйесінде.
Аудиовизуалды оқыту құралдар барлық оқыту процесін тиімді
ұйымдастыруға көмектеседі және оған белгілі бір нақтылық пен мақсаттылық ты
қосуға мүмкіндік береді.

1.2 Бейнеоқыту ерекшеліктері
Бейнекурстар оқыту процесінде соңғы кездері көп қолданыла бастады.
Бейнекурстарды қолданудың бастапқы тәжірибелерінде олардың оқыту процесін
және сабақты меңгеру эффективтілігін арттыратынын көрсетті. Бейнекурстар
нақты мәселелерді шешуде, әрбір оқушыға жекелей жұмыс жасауға мүмкіндік
береді.
Бейнекурстар сөз, дыбыс, сурет, сан түрінде берілетін ақпаратты
өңдеудің мықты құралы болып табылады. Бейнекурстарды қолдану арқылы
аудиторияны белгілі бір жұмысқа жылдам бағыт беріп, баптауға, оқыту
процесінде жаңа ойлау дағдыларын қалыптастыруға, күрделі мәселелерді шешуге
мүмкіндік береді.
Бейнекурстар аудиторияда өтетін сабақтарды немесе өз бетімен жасалатын
жұмысты қызықты, әрі жылдам, сенімді, әрі жеңіл етеді. Бейнекурстар оқыту
процесін активті және оған зерттеу мен іздеу сипатын береді. Оқулық,
кинофильмдерге қарағанда бейнекурстар сабақтан қалып бара жатқан оқушыларға
танысқан материалға қайта оралуға, оны қайталауға, жақсы дайындалған
оқушыларға күрделі деңгейден өте күрделі деңгейге өтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар оқу жеке түрде де оңай жүзеге асады.
Бейнеоқыту – қашықтан оқытудың бір формасы болып табылады және ол
әдетте камераға немесе монитор экранын жазып алу бағдарламалары арқылы
(Camtasia Studio) жазылған, дыбыстық сүйемелдеуі бар белгілі бір тақырып
бойынша жүйеленіп, таңдалған бейнесабақтар тобы түрінде жинақталады.
Көрнекі болу үшін арнайы компьютерлік анимация, соның ішінде интерактивті
анимация қолданылады. Содан кейін арнайы тақырыптық сайттар, ақпарат
тасымалдаушылар (DVD, тасымалданатын қатқыл диск), электронды пошта қызметі
арқылы таратылады.
Бейнеоқыту көбінесе өздігінен білім алу үшін қолданылады, себебі
қашықтан оқыту кезінде оқу орны жаттығулардың, бақылау жұмысының жасалуын
қадағалайды және соңынан аттестат береді.
Бейнеоқыту ерте кезден белгілі құралдардың бірі. Мысалы, XX ғасырдың
30 жылдары Совет Одағының ұшқыштары оқу кезінде қолданған. Арнайы оқу
фильмдерін түсіру үшін студиялар салынған. 60-80 жылдары СССР-да
университет дәрістерді теледидар арқылы берген.
Бейнекурстардың эффективтілігіне қарамастан (дыбыс сүйемелдеуі бар
бейнеақпаратты қабылдау – бірінші рет қарағаннан кейін 51 %, терілген мәтін
арқылы сондай ақпаратты қабылдау – 9%, дыбыстық ақпарат арқылы – 17%), бұл
әдіс негізінен техникалық мәселелерге байланысты 2000 жылға дейін кең
таралған жоқ:
­ қымбаттылық, үлкен көлемдегі ақпаратты тасымалдау және оларды
қолдану қиындығы;
­ бейнені көрсету құралдарының қымбаттылығы (ДК, теледидар,
бейнемагнитофон);
­ саяси көзқарас, сол кездегі жұмыс күшінің қажеттілігі, жоғары
сауаттылық деңгейі талап етілген жоқ.
Қуатты дербес компьютерлердің, DVD және Blu-Ray сияқты қымбат емес
ақпарат тасымалдаушылардың кең таралуы, үлкен жылдамдықты Интернет
бейнеоқытуға деген көзқарасты өзгертеді.
Меңгеріп алуға жеңіл бейнені, суретті, дыбысты, үш өлшемді анимацияны
монтаждауға арналған бағдарламалардың, арзан бейнекамералардың пайда болуы
кез келген адамның бейнекурстарды жасақтауына мүмкіндік берді (мысалы,
бағдарламалау немесе балық аулау бойынша). Дамыған елдерде бейненұсқауларды
жасақтау және оларды сату бизнеске айналып кетті. Ондағы материал қиын
академиялық тілмен емес, қарапайым тілмен жасалады және ол оқуды
жеңілдетеді, әрі жылдам қабылдауға мүмкіндік береді.

1.3 Оқыту процесінде бейнекурстарды пайдаланудың артықшылықтары
Біріншіден, бейнекурстар және бейнесабақтар бұл жеңіл және жылдам оқу
түрі. Егер бұл монитор экраны арқылы түсірілген бейнесабақ болса, онда
көрген нәрсені қайталауға болады, бұндайда еш нәрсе назардан тыс қалмайды.
Егер бейнедәріс форматында жазылған бейнекурс болса, онда вербальді және
вербальді емес, көрнекі ақпарат алынады.
Екіншіден, бейнекурстар әдетте жүйеленіп жасақталған, сондықтан оқыған
материалды қайталау үшін оны табу (кітапқа қарағанда) қиындыққа түспейді.
Бейнекурстар бөлек бейнесабақтары бар әртүрлі бөлімдерге бөлінген болып
келеді. Әрбір бейнесабақ белгілі бір тақырыпты қарастырады.
Үшіншіден, бейнекурстарды жасақтаушы адамдар көбінесе құрастырудың
барлық циклін сипаттайды, мысалы, сайт құрастыру курстары болса, онда
сайтты Интернет желісінде қалай орнатуға болатынын іздеу қажет емес.
Курстағы жасақтаушының іс-әрекетін қарап, көрсетілгендей қайталау ғана
қалады. Міне, осныдай ақпараттық толықтық қарапайым оқулықтарға
жетіспейді.
Төртіншіден, кез келген іс-әрекеттің сатылап, нақты нұсқаулар арқылы
көрсетілуі. Бейнесабақтарда белгілі бір іс-әрекеттің дайын алгоритмі
беріледі.
Бесіншіден, дайын құрастыру мысалдарының көрнекілігі. Яғни қарапайым
мысалдар арқылы күрделі тақырыптардың ашылуы.
Қазіргі кездегі бизнестегі компанияның табысты болуы ондағы
қызметкерлердің әрдайым біліктілігін көтеру мүмкіндігінен байланысты болып
келеді. Тәжірибе көрсеткендей, алып мекеме және корпорациялар үшін қашықтан
оқыту тиімді болып келеді.
Дәстүрлі оқуға қарағанда қашықтан оқудың негізгі артықшылықтарын
қарастырсақ:
1. Бағасы. Қашықтан оқыту курстарының және ондағы таратылатын
материалдың бағасы төмен болады. Күндізгі оқуға қарағанда,
қызметкерді қашықтан оқыту барлық жағынан тиімді болып келеді.
Қашықтан оқытудың финанстық тиімділігі әсіресе ондағы оқып
жатқан адамдар санына байланысты көрініп тұрады..
2. Бақылау. Қашықтан оқыту жүйесінің корпоративті ақпараттық жүйе
басшыларының және кадрлық қызметінің байланысы арқылы
қызметкердің білім деңгейі бақыланып отырады. Яғни оқу барысы
және нәтижелер тек қызметкердің өзіне емес, сонымен қатар оның
басшыларына белгілі болады.
3. Практикалық бағыттылығы. Қашықтан оқыту жүйесінің дағдыларды
қалыптастыру әдісі күндізгі оқытудағы тренигтерге ұқсас болып
келеді. Тренинг оқыту процесінің тиімділігін көп есеге
арттырады, себебі ол практикалық дағдыларды қалыптастыруға
бағытталған. Бұл өздігінен білім алумен байланысты. Белгілі
болғандай, күндізгі оқу формасындағы тыңдаушылар дәріс
материалының, егер оны тыңдаса - 20 %, егер оны жазып алса -
40% қабылдайды. Қашықтан оқыту курстары алынған білімді
практикада өңдеу мүмкіндігі арқасында оқытудың тиімділігін 60%-
ға арттырады.
4. Үздіксіздік және жеке қасиеттер. Қашықтан оқыту формасы
қызметкерлерді өндірістік жұмысынан айырмай қайта даярлауға
мүмкіндік береді, мысалы, жұмыстан тыс уақытта немесе арнайы
оқуға арналаған жұмыс күнінің белгіленген уақытында.
Қызметкерлерді оқыту жеке бағдарламалар арқылы жүзеге асуы
мүмкін.
5. Оперативтілік. Қазіргі уақытта қолданылып жатқан технологиялар
жылдам өзгеріп отырады. Сондықтан қашықтан оқыту формасы
қызметкерлердің дер кезінде біліктілігін көтеруге мүмкіндік
береді және бар білімінің ескіруіне жол бермейді. Қашықтан оқыту
кезінде оқыту материалдарының жаңаруы және өзгеруі оперативті,
жылдам түрде өтеді.
6. Тыңдаушылардың географиялық орналасуы. Дәстүрлі оқыту кезінде
әртүрлі жерде орналасқан тыңдаушыларды, қызметкерлерді даярлау
қиындыққа соғады. Қашықтан оқыту оқыту орталығы мен басты
офисінің орналасуына қарамастан компанияның әртүрлі филиалындағы
кадрларды оңай даярлауға мүмкіндік береді.

1.4 Бейнесабақтарды жасау бағдарламалары

1. CamStudio - open source дыбыс сүйемелдеуі бар экрандағы бейнені
жазу бағдарламасы. AVI және SWF форматтағы жазуды сүйемелдейді.
2. Jing – бейнені жазып қоймай, скриншоттарды түсіруге мүмкіндік
береді. Мәтінді, бағыттауыштарды, керекті фрагменттерді
ерекшелеуге арналған төртбұрыштарды қосу мүмкіндігі бар.
Бағдарлама шыққан нәтижені Screencast.com, Flickr, Twitter және
басқа да web-сервистерге жөнелте алады. Егер микрофон болса,
дыбысты жазуға болады.
3. Webineria – қолдануда жеңіл бейне жазуға арналған бағдарлама. .FLV
форматына айналдыруға мүмкіндігі бар .AVI форматтағы бейнені
жазады. Ыстық пернелер тобы арқылы жазу процесін оңай басқаруға
болады. Екі бейне көзін біріктіру функциясы бар, мысалы, экранды
жазу және вебкамера. .EXE, .FLV, .HTML және т.б. форматтарды
сүйемелдейді.
4. Wink – презентация және бейнесабақтарды құрастыруға арналған
бағдарлама. Сонымен қатар скриншот пен түсініктеме мәтінін,
батырмаларды қосуға мүмкіндік береді.
5. UltraVNC Screen Recorder – CamStudio бағдарламасы негізінде
жасалған. Аудио және скриншоттарды сүйемелдейді.
6. Windows Media Encoder – аудио және бейне контентті қамтитын,
көпканалды сапалы дыбысты сүйемелдейтін қуатты қосымша. (HD бейне)
7. BB FlashBack Express – бағдарламаның тегін баламасы. Нәтижені AVI
немесе FLV форматында экспорттауға, таңдалған бейне-сервистерге
жүктеуге болады.
8. uTIPu TipCam – бейне және аудионы жазудан басқа мынадай
мүмкіндіктері бар: AVI, FLV форматын сүйемелдейді, бейнені қайта
жазу, басы мен соңын кесіп алу мүмкіндігі, белгілі бір
элементтерді үлкейтіп көрсету үшін бейненің зум функциясы бар,
жазу кезінде кез келген фигураларды сызуға болады.
9. Krut – скринкасттарды жасау үшін арналған кішігірім Java
қосымшасы. Krut монитордың белгілі бір аймағын .mov форматында
жазады. Презентация мен интерактивті оқыту курстарын жазуға өте
қолайлы бағдарлама.

1.5 Бейнекурстарды жасау технологиясы

Бейнекурс жасау үшін бейне түсірудің барлық техникалық кезеңдерін және
ерекшеліктерін ескеру қажет. Бейне камера көмегімен емес, экран аймағын
қамту арқылы түсіріледі. Түсірілген нәрсенің барлығы белгілі бір форматта
бейне файл түрінде сақталады.
Бейнесабақтарды түсіру және жасау кезінде қолданылатын техникалық
минимум:
1. Бейнесабақтарды жасауға арналаған бағдарлама;
2. Бейнекурстың flash-менюін жасау үшін және оны дискіге жазып алу үшін
арналған бағдарлама;
3. Бейнекурстың сыртқы қалыбын (обложка) жасау үшін арналған бағдарлама.
Бейнекурстарды жасау үшін үш негізгі бағдарлама кеңінен таралған:
а) CamtasiaStudio;
б) AutoPlayMediaStudio;
в) AdobePhotoshop
CamtasiaStudio – монитор экранында жасалатын іс-әрекетті жазып алуға
арналған құралдар жинағы. CamtasiaStudio арқылы түрлі бейнесабақтарды,
презентацияларды, туториалдарды, бағдарлама жұмысын қарастыратын түрлі
бейнероликтерді, құттықтауларды және т.б. жазуға болады.
Қазіргі уақытта бұл бағдарламаның көптеген баламалары бар, қолдануда
өте ыңғайлы және функционалды. Құрастырушылардың айтуынша Camtasia Studio
бағдарламасы әртүрлі 50 жағдайда көмектеседі. Оның құны 300$-ға жақындайды,
оны http:www.techsmith.com ресми сайтынан көшіруге болады.
Бейнесабақты түсіру негізгі үш қадамнан тұрады:
1. Монитор экранынан бейнені жазу;
2. Бейнені өңдеу;
3. Бейнені компьютерде қажетті форматта сақтау.
Егер бейнесабақтар тізбегін бүтін бейнекурсқа біріктіру керек болса,
онда оны әдемі flash-меню арқылы жүзеге асыруға болады. Flash-меню бір
сабақтан екіншісіне оңай өтуге мүмкіндік береді. Бұндайда
AutoPlayMediaStudio немесе бағдарламасы Camtasia Menumaker қосымшасы
көмектеседі.
AutoPlayMediaStudio — дайын бейнесабақтарды жүктеуге арналған жылдам,
сапалы меню құралын жасау үшін арналған бағдарлама. Сонымен қатар
бағдарлама бейнекурсты дискіге немесе оны компьютерге сақтауды жүзеге
асырады.
Бейнесабақтар түсіріліп, оған flash-меню жасалғаннан кейін бейнекурс
дайын деп есептеуге болады. Бірақ оның көрнекілігі болып есептелінетін және
бастапқыда бейнекурстпен танысу үшін 3D суретті жасау керек болады. Себебі
қолданушылар естіп қана қоймай, көзбен көріп қабылдау қажет, ол
бейнекурстың интернетте қаралуын қамтамасыз етеді. 3D кескінін жасау үшін
көбінесе Adobe Photoshop бағдарламасы қолданылады. Әдетте құрастырушы Adobe
Photoshop-тан басқа да бағдарламаларды қолданады.

2 Бөлім. Camtasia Studio бағдарламасының мүмкіндіктері

2.1 Camtasia Studio 7 бағдарламасы
Camtasia Studio 7 бағдарламасы экрандағы немесе Жұмыс үстеліндегі
жасалынып жатқан іс-әркетті қамтып, жазып алу үшін арналған құрал.
Бағдарлама Жұмыс үстеліндегі іс-әрекетті және курсор қозғалысын да жаза
алады.

2.1 сурет. Camtasia Studio 7 бағдарламасының бастапқы терезесі

Camtasia Studio 7 бағдарламасының бастапқы терезесі ашылған кезде
берілген режимдердің біреуін таңдауға болады: экрандағы іс-әрекетті жазып
алу үшін Record the screen (Экранды жазу), Record voice narration (Дыбысты
жазу), Record PowerPoint (MS PowerPoint презентацияларын жазу), Import
Media (Файлдарды импорттау). Recent projects (Жақында жасалған жобалар)
бөлімінде жақында жасалған жобаларды таңдап, ашуға болады.
Camtasia Studio 7 бағдарламасының негізгі терезесі бірнеше аймақтарға
бөлінеді.

2.2 сурет. Camtasia Studio 7 редакторы

Терезенің жоғарғы жағында тақырып жолынан кейін әдеттегідей басты меню
орналасқан.
Одан төмен құралдар панелі орналасқан, оның түрін оң жақта орналасқан,
төмен қараған стрелкасы бар кішігірім батырма арқылы өзгертуге болады.
Құралдар панелінің астында Сервистік панель орналасқан. Оның түрі
немесе мазмұны астындағы панельдердің қайсысы активті болғанына байланысты
өзгеріп отырады.
Оң жақта жобаны алдын ала қарау терезесі, ал төменде Уақыт шкаласы
(Timeline)орналасқан.

2.2 Қосымшалар терезесі

2.3 сурет. Қосымшалар терезесі
Clip Bin (Клиптер қоржыны) қосымшасы таңдалып тұрса, Сервис панелінде
ағымдық жобаға байланысты барлық мультимедиялық файлдар орналасады. Бұнда
видео, сурет, музыканы импорттап, қосуға болады. Импортталған файлдар Уақыт
шкаласында қолданылып, өңделеді.
Library (Кітапхана) қосымшасын басқан кезде мультимедиалық кітпханасы
бар бумалар тізімі ашылады, одан алдын ала дайындалған музыкалық немесе
видео файлдарды жүктеуге болады.
Library (Кітапхана) қосымшасынан кейін түсірілген матералдарды өңдеу
үшін арналған қосымшалар орналасқан. Егер Уақыт шкаласында ешқандай объект
орналаспаған болса, одна бұл қосымшалар активті болмайды. Өңдеуге арналған
қосымшалардың барлығын ашу үшін More (Тағы) қосымшасынан керектісін
таңдауға болады.

2.3 Экрандағы іс-әрекетті жазу
Экрандағы іс-әрекетті жазу процесіне өті үшін бағдарламаның басты
терезесінде орналасқан Record the screen батырмасын басу қажет. Сол кезде
басты бағдарламаның терезесі төменге оралып түседі де, Жазу панелі пайда
болады.

2.4 сурет. Жазу панелінің жалпы түрі

Жазу панелінің Full Screen (Барлық экран) батырмасы таңдалса, онда
барлық Жұмыс үстелі, Пуск батырмасы бар есептер панелі де жазылады.
Таңдалған режимнің астында үлкен көк нүкте жанып тұрады.
Custom (Қарапайым) батырмасы таңдалса, кез келген экран аймағын қамтуға
болады.

2.5 сурет. Кез келген экран аймағын таңдауға мүмкіндік беретін режим

Экранда жасыл түсті пунктир сызықпен сызылған тіктөрбұрышты аймақ
көрінеді.

2.6 сурет. Экранды жазу аймағы
Берілген аймақты жылжыту үшін курсор көмегімен тінтуірдің сол жақ
батырмасын қолданып, экранның ортасынан тарту керек. Экран өлшемін өзгерту
үшін рамканың тіктөртбұрышты маркерлерін қолдану қажет. Сонымен қатар
пиксельмен өлшенген енгізу жолдарына дәл өлшемді енгізуге болады.
Экран өлшемін берген соң жазуды бастау үшін Rec атты қызыл түсті
батырманы басу қажет. Басқан кезде ескерту терезесі ашылады, жазуды тоқтату
үшін F10 батырмасын басу керек.
Жазу процесі кезінде Жазу панелі бос орынға байланысты жоғары немесе
төмен орналасады және оның түрі өзгереді.

2.7 сурет. Экран іс-әрекетін жазу кезіндегі Жазу панелінің түрі
Қажетті жазуды жасап, Stop батырмасын басқан кезде Preview алдын ала
қарау терезесі ашылады.

2.8 сурет. Preview алдын ала қарау терезесі
Терезенің өлшемін тінтуір көмегімен өзгертуге болады. Видео суреттің
өлшемін терезенің өлшеміне сәйкестендіру үшін Shrink to Fit батырмасын басу
қажет.
Жазылған видео ұнамаса Delete (Кетіру) батырмасын, егер жарамды деп
танылып, оны сақтау керек болса Produce (Публикациялау) батырмасын басу
қажет. Егер жазылған видеоны өңдеуді талап ететін болса, онда Save and Edit
(Сақтау және өңдеу) батырмасын қолдану керек.

2.4 Жазу панелін баптау
Recorded inputs бөлімінде Webcam on батырмасын басса, онда жазу тек
Жұмыс үстелін ғана емес, сонымен қатар веб-камераны қамтиды. Бұндайда
суреттің ішінде сурет әдісі жүзеге асады.
Егер Audio on батырмасын басса, онда микрофон арқылы дыбысты жазу
мүмкіндігін қосуға болады.
Сонымен қатар Options пунктін басып, әртүрлі қосымша әрекеттер жасауға
болады:
Бірінші меню – Capture (Захват-Аймақты қамту). Record (F9) пункті
бейнені жазуды іске қосады. Екінші пункт Stop (F10) – бейнені жазып алуды
тоқтатады. Үшінші пункт Delete жасалған бейнені кетіреді. Select area to
record командасы экран аймағын керекті күйге келтіруге көмектеседі. Келесі
команда Lock to application активті терезенің шектелген аймағын бекітуге
мүмкіндік береді. Соңғы Record audio және Record webcam екі команда
жоғарыда қарастырылған Audio on және Webcam on батырмаларын қайталайды.
Келесі меню – Effects (Эффектілер). Annotation пунктінің Add system
stamp (Жүйелік штамп қосу) командасы жасалып жатқан бейнеге күн мен уақыт
туралы немесе бейненің қашан жасалғаны, оның ұзақтығы туралы ақпаратты
қосуға мүмкіндік береді. Add caption командасы бейнеге алдын ала жасалған
белгілі бір жазуды қосады.
Cursor пункті арқылы курсор көрсеткішінің түрін таңдауға болады:
­ Hide cursor – тышқан көрсеткішін жасыру;
­ Show cursor – тышқан көрсеткішін көрсету;
­ Highlight– тышқан шертілімінің жану эфектісін қосу;
­ Highlight cursor – тышқан көрсеткішінің жану эфектісін қосу;
­ Highlight cursor & clicks – тышқан шертілімінің және
көрсеткішінің жану эфектісін қосу.
Тышқан шертілімінің және көрсеткішінің жану эфектісі бейнені жазып
алып, тексеріп қарағаннан кейін көрінеді.
Effects менюінің Use mouse click sounds (Тышқан шертілімінің дыбысын
қолдану) пункті тышқанды шерткен кезде дыбыс шығару мүмкіндігін қамтамасыз
етеді.
Options... пунктін таңдаған кезде Effect Options терезесі ашылады.

2.9 сурет. Effect Options терезесі

Annotation қосымшасында жүйелік уақыттың көрінуін және бейнеде
көрінетін жазуды анықтауға болады. System stamp options... немесе Caption
options... батырмасын қолданып, шыққан терезеде бейнені жазып алу аймақ
төңірегінде жазудың түрін, түсін, көрінуін және орналасуын өзгертуге
болады.

2.10 сурет. Бейнедегі жазудың көрінуін басқару терезесі
Effect Options терезесінің Sound қосымшасында тышқан шерткен кездегі
дыбыс эффектілерін жөндеуге болады.

2.11 сурет. Тышқан шерткен кездегі дыбыс эффектілері
Бұнда тышқан шерткен кездегі және тышқан батырмасын жіберген кездегі
дыбысты анықтауға болады. Сонымен қатар таңдалған дыбысты тыңдауға және
оның дыбысының қаттылығын дұрыстауға болады.
Effect Options терезесінің келесі қосымшасы Cursor.

2.12 сурет. Тышқан көрсеткішінің эффектілерін жөндеу
Бұл қосымшада курсор көрсеткішінің және тышқан шерткен кездегі
эффектілірінің түрін, қалпын, өлшемін және түсін өзгертуге болады.
Жазып алу панелінің келесі менюі Tools (Құрал саймандар).

2.13 сурет. Tools менюі
Оның бірінші бөлімінде Camtasia Studio бағдарламасының құрамына кіретін
қосымша кішігірім утилиталар тізімі көрсетілген.
Options командасы Tools options терезесін ашады.

2.14 сурет. Tools Options терезесінің General қосымшасы
General қосымшасының Help бөлім іекі опцияны қамтиды:
­ Show Tooltips – Көмекші сөздерді көрсету (Показывать
подсказки);
­ Warn me when recorder will be recorded – Рекордер жазуды
аяқтаған соң маған көрсету.
Capture (Қамту) бөлімінде:
­ Capture layered windows – көпқабатты терезені қамту;
­ Capture keyboard input – пернетақта енгізуін қамту;
­ Disable screensaver during capture – Жазу кезінде экран
сақтаушысын өшіру;
­ Disable display acceleration during capture – Жазу кезінде
дисплей жылдамдығын үлкейтуді өшіру.
Saving бөлімінде файл форматы таңдалынады – .camrec немесе .avi.
Tools Options терезесінің Inputs қосымшасының Video бөлімінде Screen
capture frame rate пункті арқылы экран іс-әрекетін жазу кезіндегі 1 секунда
анықталатын кадрлар жиілігін орнатуға болады.

2.15 сурет. Tools Options терезесінің Inputs қосымшасы
Audio бөлімінде дыбыс құрылғысын таңдап, дыбысты жазу деңгейін баптауға
болады.
Hotkeys қосымшасында бейнені жазу кезінде қолдануға болатын ыстық
батырмалар тобын анықтауға болады.
Tools Options терезесінің соңғы қосымшасы – Program, бұнда бейнені жазу
кезінде Жазу панелінің іс-әрекетін анықтауға болады.

2.16 сурет. Tools Options терезесінің Program қосымшасы
Recording Region (Жазу аймағы) бөлімінің пунктерінің мәні мынадай:
­ Show green region rectangle while recording – Бейнені жазу
кезінде шектелген аймақты көрсету;
­ Glowing capture rectangle – Бейнені жазу кезінде жазу аймағының
шеткі нүктелері жасыл түсті жыпылықпат тұрады.
­ Force popup dialogs into region – жазу аймағында көмекші
ақпаратты және басқа да терезелерді көрсету.
­ Force region to multiple of 4 (improves quality) – Жазу аймағын 4
көбейткішке келтіру (сапасын арттырады). Бұл бейне ойнаған кезде
ондағы қателіктердің аз болуы үшін арналған (әртүрлі кодектерді
қолданағанда).
Workflow (Технологиялық процесс) бөліміндегі келесідей пункттер бар:
­ Record screen after starting capture – экрандағы іс-әрекетті Rec
батырмасы басылғаннан кейін бірден жазу. Егер бұл пункт
белгіленбеген болса, онда бейнені жазып алу үшін F9 пернесін
басу қажет;
­ Show countdown before recording – бейнені жазу алдында кері
санауды көрсету;
­ Restore cursor location after pause – Паузадан кейін курсор
жағдайын қалпына келтіру;
­ Hide preview window after recording is stopped – Жазуды
тоқтатқаннан кейін бейнені алдын ала қарау терезесін көрсетпеу.

2.5 ScreenDraw скрин маркерін қолдану
Rec батырмасын басқаннан кейін экрандағы іс-әрекет жазып алынады және
алдын ала баптау жүргізілгеннен кейін Жазу панелінің түрі өзгереді.

2.17 сурет. Жазу панелінің экрандағы іс-әрекетті жазу кезіндегі түрі
Жазу панелінің Effects бөлімінде ScreenDraw батырмасы орналасқан. Оны
жазу жүргізіліп жатқан кезде бассақ, онда тышқан көрсеткіші маркерге
айналады да, онымен белгіленген экран аймағында сурет салуға болады.
Маркердің бірнеше параметрлі қосымша батырмалары пайда болады. Скрин
маркерді [Ctrl]+[Shift]+[D] пернелер тобы арқылы іске қосуға болады.

2.18 сурет. Скрин маркердің параметрлері
ScreenDraw батырмасының оң жағында орналасқан батырмаларды басып
отырып, оның экрандағы белгілеу сипатын өзгертуге болады: эллипс, бағыт,
фломастер, тіктөртбұрышты шекара, жарық. Сонымен қатар батырма жанындағы
бағытқа басып, шыққан тізімнен оның түрін, түсін және қалыңдығын өзгертуге
болады.

2.19 сурет. ScreenDraw маркер сипатын өзгерту

2.6 Camtasia Studio бағдарламасының бейне редакторын қолдану
Жұмыс үстелінің іс-әрекетін жазып, онда скрин маркерді қолданып, веб-
камера арқылы бейнені және дыбыс комментарийлерін жазып алдық делік.
Бейнені тоқтату үшін F10 пернесін басып, шыққан алдын ала қарау терезесінен
Save and Edit батырмасын басамыз. Содан кейін жазылған бейнені сақтау үшін
орналасу жерін таңдайтын терезе шығады. Жасалып жатқан жоба *.camrec
форматында сақталады.

2.20 сурет. Бейне жазып алынғаннан кейінгі сақтау терезесі
Сақтау батырмасын басқаннан кейін автоматты түрде Camtasia Studio
бағдарламасының басты терезесі және онда қосымша терезе ашылады.

2.21 сурет. КВК алдын ала қарау терезесін орналастыру
Бұл терезе веб-камерадан жазып алынған бейнені орналастырады және КВК
(суреттің ішінде сурет) алдын ала қарау режимін таңдауды ұсынады.
Содан кейін Editing Dimensions (Экран өлшемін өзгерту) терезесі шығады.

2.22 сурет. Экран өлшемін өзгерту терезесі
Бұнда таңдалатын тізімнен экран өлшемін таңдау жүргізіледі. Оптимальді
нұсқасы екінші пункт – 1280x1000 Recording Dimentions.

2.23 сурет. Жоба өлшем нұсқалары
Жобамен жұмыс жасаған кезде онда әртүрлі мультимедиалық материалдарды
қосуға болады: сурет, әуен, бейне файлдар. Бұл файлдар қатқыл дисктің
әртүрлі жерлерінде сақталуы мүмкін. Сондықтан жобаны басқа жерге көшірген
кезде файлдар жоғалмау үшін File – Export project as zip (Жобаны zip
түрінде экспорттау) пунктін қолдану қажет.
Жобада экспортталған файлдарды Уақыт шкаласына орналастырып, олармен
жұмыс жасау үшін файлды тышқан көмегімен төмен сүйреу қажет. Уақыт
шкаласында құралдар панелін, жүгіртпе (бегунок) және белгілі бір жолдарды
көруге болады.

2.24 сурет. Уақыт шкаласының жалпы түрі
Бейнені монтаждау кезінде әдетте бейненің керек емес жерлері кесіп
алынады. Бейнені белгілі бір жерден кесу (бөлу) үшін жүгіртпені керек жерге
қойып, содан кейін құралдар панелінде Split (Бөлу) батырмасын басу қажет.
Бейненің белгілі бір жерін ерекшелеу үшін жүгірпенің екі жағында
ораналасқан қызыл және жасыл түсті ярлыкты қолданып тарту қажет. Қайта
қалпына келтіру үшін жүгірпенің үстінен екі рет шерту керек.

2.25 сурет. Клиптің ерекшеленген жері
Edit менюінің Grop to timeline selection (Белгіленген аймақ бойынша
кесу) командасын қолдансақ, бейненің ерекшеленбеген аймағы кетіріледі.
Сонымен қатар белгілі бір кадрдың ойналу ұзақтығын үлкейтуге болады. Ол
үшін жүгіртпе арқылы кадрды таңдаймыз да, Edit менюінің Extend Frame
командасын қолданамыз. Шыққан терезеде кадрдың секундтағы ойналу ұзақтығын
белгілейміз.
Кейбір кездері клиптің ойналу жылдамдығын өзгерту керек болады. Ол үшін
қажетті клипті ерекшелеп, Edit менюінің Clip speed (Клип жылдамдығы)
командасын таңдаймыз.

2.26 сурет. Клип жылдамдығын өзгету терезесі
Ашылған терезеден бастапқы ойнау жылдамдығының процентпен өлшенетін
мәнін енгізу қажет. 100-ден артық мән берілсе, клип үлкен жылдамдықпен
ойналады.
Уақыт шкаласының түрін Раскадровка режиміне View – Stoyboard командасы
арқылы ауыстыруға болады.

2.27 сурет. Уақыт шкаласының Раскадровка режимі
Бұл режимде клиптерді оңай сұрыптауға, клиптердің ауысу эффектілерін
қоюға болады. Бұл режим Transition (Ауысу) қосымшасы активті болғанда
автоматты түрде қосылады. Уақыт шкаласы режиміне қайта оралу үшін View –
Timeline пунктін таңдау керек.

2.7 Дыбыспен жұмыс
Бейне редакторына дыбыстық файлды импорттау үшін құралдар панелінде
Import Media батырмасын басу қажет. Керекті файлды таңдаған соң клиптер
қоржынында жүктелген файл көрінеді. Оны Уақыт шкаласына орналастыру үшін
сүйреп апару қажет.
Дыбысты жобаны жасап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпаратты қабылдау ерекшеліктері
Электротехника пәні бойынша электрондық оқулық
Тест бағдарламасының үлгісі
Camtasia Studio бағдарламасында бейнесабақтар жасау
Интерактивті элементтері бар слайдқа негізделген электрондық оқыту курстарын құрудың қуатты құралы
Жаңа бетке сілтеме
Flash бағдарламасында C++ тілі бойынша интерактивті ойын тапсырмаларын жасақтау
DELPHI БАҒДАРЛАМАСЫНДА ИНФОРМАТИКА ПӘНІНЕН ИНТЕРАКТИВТІ ТАПСЫРМАЛАР ЖАСАҚТАУ
Интуит бағдарламасы
Физика пәнінен интерактивті тапсырмалар жасақтау
Пәндер