Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті



ЖОСПАРЫ

1. КІРІСПЕ

2. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті.

3. Кеңес дәуіріндегі қазақ балалар әдебиеті.

4. Кеңес дәуіріндегі қазақ тарихи әдебиеті.

5. Кеңес дәуірінің соңындағы қазақ әдебиеті.

6. Тәуелсiз Қазақстандағы қазақ әдебиеті.
1. КІРІСПЕ
. Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже, Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике, Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi, Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.) қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» — 1880, «Бала зар» — 1890, «Диуани хикмет» — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды.
20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып, жетiлуiне үлес қосты. Оның «Қамар сұлу», «Кiм жазықты?» атты романдары, «Адасқан өмiр», «Кедей», «Таныстыру», «Қала ақыны мен дала ақынының айтысы» поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин, Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш, Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик. өлеңдермен ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев «Қалың мал» атты роман жазды. «Айқап» журналын шығарған белгiлi журналист Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары («Гүлқашима», «Топжарған») басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты, қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi. Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

1. КІРІСПЕ
2. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті.
3. Кеңес дәуіріндегі қазақ балалар әдебиеті.
4. Кеңес дәуіріндегі қазақ тарихи әдебиеті.
5. Кеңес дәуірінің соңындағы қазақ әдебиеті.
6. Тәуелсiз Қазақстандағы қазақ әдебиеті.

1. КІРІСПЕ
. Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi
жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл
әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов
ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке
жетуге болатынына сендi. Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi
iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Ыбырай әдебиетке деген
ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн
көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды. Көркем сөз
өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа
көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. Ол Еуропа
мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен
талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық
әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар
қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге
асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне
ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Онда айтыс ақындары (Жанақ, Шөже,
Орынбай, Түбек, Бақтыбай, Кемпiрбай, Сабырбай, Сара, Ырысжан, Ұлбике,
Тәбия, Ақбала, т.б.), әншi ақындар (Бiржан сал, Ақан Серi, Сегiз Серi,
Мұхит, Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, т.б.), қиссашыл ақындар (Жүсiпбек
Шайхисламов, Ақылбек Сабалов, Шәдi Жәңгiров, Мәулекей Юманчиков, Кашафутдин
Шахмарданұлы, т.б.) жыршы-жыраулар дәстүрiн жалғастырып, халықтық әдебиет
үлгiлерiн сақтап жеткiзушiлер (Марабай, Абыл, Нұрым, Мұрын, Ығылман, т.б.)
қатар өмiр сүрдi. Бұлардың барлығы өз мүмкiндiктерiнше әдеби арнаны
толықтырды, өмiрдi өзiнше танып жырлады. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар
осы кезде басылды (Өсиет наме — 1880, Бала зар — 1890, Диуани
хикмет — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады.
Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа
аудармалар пайда болды.
20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық
дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi
аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов
қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған
күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан
қазақты бiрi Маса боп құлағына ызыңдап, бiрi Оян, қазақ деп, бар
дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың
барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi. Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ
әдебиетін көркемдiк-эстетикалық тұрғыдан байытып, жаңа жырлардың туып,
жетiлуiне үлес қосты. Оның Қамар сұлу, Кiм жазықты? атты романдары,
Адасқан өмiр, Кедей, Таныстыру, Қала ақыны мен дала ақынының айтысы
поэмалары, лирик. өлеңдерi, публицистик. мақалалары ақынның әр саладағы
iзденiстерiн танытты. Әдебиеттегi сыншылдық бағытты дамытып, ағартушылық
идеяны көркем сөз арқылы өрiстетуге Сәбит Дөнентаев, Мұхамеджан Сералин,
Спандияр Көбеев, Бекет Өтетiлеуов, Тұрмағамбет Iзтiлеуов, Ғұмар Қараш,
Нарманбет Орманбетұлы, Бернияз Күлеев, т.б. елеулi еңбек сiңiрдi. Олар
ақындық өнердi әр жағынан жетiлдiрдi. Сәбит шағын, сюжеттi өлеңдер мен
мысал жанрында өнiмдi еңбек етсе, Бернияз заман шындығын лирик. өлеңдермен
ашуға ұмтылды. Ауыл мектептерiнде сабақ берген Спандияр мен Бекет еңбектерi
олардың ұстаздық, ағартушылық көзқарастарымен байланысты едi. Көбеев Қалың
мал атты роман жазды. Айқап журналын шығарған белгiлi журналист
Сералиннiң әлеуметтік теңсiздiктi бейнелейтiн дастандары (Гүлқашима,
Топжарған) басылды. Отаршылдық қанауды, ел билеу жүйесiндегi саясатты,
қазақ қоғамының мешеу күйiн сынауда Ғұмар мен Нарманбет өлеңдерi едәуiр
көркемдiк табысқа жеттi. Бұл дәуiрдегi әдебиет ақын-жазушылардың ұстаған
жолы мен көркемдiк iзденiстерi, бағыт-бағдары жағынан бiркелкi емес едi.
Олардың iшiнде таза қазақы дәстүрге сүйенген, аракiдiк шығыс әдебиетiнен
хабары бар ақындар тобы болды. Олар да ел iшiн жайлаған надандықты, ел
билеушiлердiң әдiлетсiздiгiн, патшаның отаршылдық саясатын сынады. Мәшһүр-
Жүсiп Көпеевтiң, Нұржан Наушабаевтың реалистiк өлеңдерi дәуiр шындығын ашып
көрсеттi. 20 ғ-дың басындағы әдебиеттi толықтыруда Исатай-Махамбет
дастанының авторы Ығылман Шөрековтi де, Қ. ә-нiң дәстүрлi саласын дамытқан
әншi-ақындар легiнде (Майра, Иманжүсiп, Мәди, Кенен, Үкiлi Ыбырай) атап
айтуға болады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң батырлары Амангелдi,
Бекболат, т.б. туралы жырлар туды. Көтерiлiске байланысты туған халық
поэзиясы ғасыр басындағы әдебиеттiң демокр.-халықтық бағытын толықтырып,
оны жаңа мазмұнмен байытты.

2. Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті.
Қазақ әдебиеті тарихында кеңес дәуiрi ерекше iз қалдырды. Бұл кезең,
негiзiнен, ұлттық әдебиеттiң өрлеу жолынан өткен, жанрларын байытқан,
одақтық, сол арқылы, әлемдiк әдебиетпен қарым-қатынасқа түскен шағы болды.
Алайда, әдебиеттiң даму қарқыны үнемi бiркелкi болмады. Әдебиеттiң
партиялылығы принципi оның тақырып таңдауына керi әсер еттi. Әдебиетте
науқаншылдық өрiстеп, адамзат мүддесiне ортақ мәселелер жеткiлiксiз
көтерiлдi, оның алдына бiрыңғай кеңестiк жүйенiң артықшылығын дәлелдеу
мiндетi қойылды. Соған қарамастан ұлттық әдебиет туған халқының өмiрiмен
байланысын үзген жоқ, оның қайшылықты өмiр жолын көркемдiкпен тануға
ұмтылды. Әдебиетшiлердiң бiр тобы Кеңес өкiметiнiң теңдiк, әдiлдiк
ұрандарын қолдап жаңа жырлар туғызды. Олардың басында Сәкен Сейфуллин
тұрды. Сейфуллин жырларында азаттық, теңдiк аңсаған, сол үшiн күрескен жаңа
адамның бейнесi жасалды. Ол табиғат суреттерi мен махаббатты, сезiмдi
жырлаған лирикалық өлеңдер, поэмалар (Көкшетау, т.б.), прозалық
шығармалар (Тар жол, тайғақ кешу) жазды. Сәкен бастаған бағытқа Бейiмбет
Майлин, Iлияс Жансүгiров, Шолпан Иманбаева, Сәбит Мұқанов, т.б. ақын-
жазушылар үн қосты. Олар қазақ жерiнде жаңа туа бастаған кеңестiк шындықтың
жарқын жақтарына ризашылық бiлдiрiп, шаттық жырын жырлады. Алайда, 20-
жылдардағы ашаршылық пен шаруаларды күштеп ұжымдастыру, қолдағы малды
тартып алу, содан туған қуғын-сүргiн көшпелi елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн
қиындатып жiбердi. Бiрақ бұл жағдайды суреттеуге кеңес әдебиетi бара
алмады. Осы олқылықтың орнын Мағжан Жұмабаев шығармалары ғана толықтыра
алды. Большевиктер билiгiн қабылдамаған Мағжан демократиялық әдебиет
дәстүрiн жалғастыра отырып, халық басындағы қайғылы тұстарды көркем суретке
түсiрдi. Ол өмiрдiң мұңды, қайғылы жақтарына көп үңiлдi, өкiнiш пен
күйiнiшке бой алдырды. Бiр мезгiл орыс декаденттерiне елiктеп өлеңдер
жазды. Мағжанның махаббат пен табиғат жырлары да қазақ лирикасының ең
жарқын беттерi болып саналады. Сәкен мен Мағжан шығармалары 20-жылдардағы
қазақ әдебиетіндегi екi сарынның бейнесi iспеттi. Жаңашыл жас ұрпақ Сәкен
маңына топтасты. Әдебиеттiң өмiр жаңалықтарын зерттеп, жаңа тақырыптарды
игеруге бет бұрды. Азаматтық, саяси лирика дамыды, лирикалық-
публицистикалық поэмалардың үлгiлерi туды. Көркем проза, драматургия даму
жолына түстi. Мұхтар Әуезов, Жүсiпбек Аймауытов осы екi жанрда бiрдей
елеулi шығармалар бердi. Қилы заман, Қараш-қараш оқиғасы, Қартқожа,
Ақбiлек, т.б. повестер мен романдар, Еңлiк-Кебек, Қаракөз,
Мансапқорлар, Шернияз сияқты пъесалар жазылды. Әңгiме жанрында Майлин
жемiстi еңбек еттi. Әдебиетшi кадрлар қатары өсiп шықты. Асқар
Тоқмағамбетов, Өтебай Тұрманжанов, Ғабит Мүсiрепов, Ғабиден Мұстафин, С.
Шәрiпов, Ж. Тiлепбергенов, Е. Бекенов, М. Дәулетбаев, т.б. шығармалары
әрқилы әлеуметтік көзқарастарына қарамастан, 20-жылдар әдебиетiнде жаңа
бетбұрыс жасалғандығын көрсетедi. Мұндай қарқынды бұған дейiн ешбiр әдебиет
тарихы көрiп-бiлген емес. Оған азаттық идеясының әсерi болғаны даусыз. 30-
жылдар Қазақстан экономикасын, мәдениетiн кеңес саясатына ыңғайлау ұранымен
басталды. Социалистік реализм әдiсi қабылданып, әдебиет соц. шындықты
бекiтетiн материалдар негiзiнде жұмыс iстейтiн болды. Бұл, белгiлi
дәрежеде, әдебиеттiң еркiндiгiн шектедi. Осы шектеуге алдымен қазақ
поэзиясы ұшырады. Ол 30-жылдары, негiзiнен, жаңа соц. отанды мадақтауға,
елдi индустрияландыру, ұжымдастыру науқандарын паш етуге бағытталды. Адам
ойын, сезiмiн, сүйiспеншiлiгi мен күйiнiшiн, табиғатпен байланысын жырлау
саясаттан тыс саналды. Халықты Бесжылдықты төрт жылда орындау ұранына
шақыру орын алды. Iстелген iстердi тiзбелеу, жаңалықты тамашалау сарындары
көбейдi. Бұл — қазақ лирикасының өсуiне кедергi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Қазақ фольклорының тарихы
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНЫҢ КӨНЕ ТҮРКІ ДӘУІРІНДЕГІ ӘДЕБИЕТПЕН БАЙЛАНЫСЫ ТУРАЛЫ
Асан қайғының шығармаларының зерттелуі
Тұрсынбек Кәкішұлының азаматтық тұлғасы және қайраткерлік қыры
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Ежелгі қазақ әдебиетінің тарихы және оның зерттелуі
Ежелгі дәуір әдебиеті үлгілерінің сипаттамасы мен ерекшеліктері
Зар заман поэзиясы ақындарының шығармашылық мұрасын қазіргі кезеңде зерттелуі
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер