Дефектология жеке ғылым саласы ретінде


Жоспары:
- Дефектология ғылымы
- Дефектология ғылымының қазіргі кездегі өзекті мәселелері
- Дамуында ауытқуы бар баланың тәрбиесі
Дефектология - ( defectus деген латын тілінде кемістік деген мағынаны көрсетеді, ал logos грек тілінде - сөз, ілім) балалардың арнайы педагогикалық ғылымына жатады оның негізгі Мақсаты - әртүрлі кемістігі бар балалардың психологиялық және физиологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу және сонымен қатар оларды оқыту және тәрбиелеу, түзету, қалыптастыру жолдарын айқындау.
Дефектология ғылымның зерттеу объектісі - дамуында қандай да бір кемістігі бар адам.
Бұл саладағы зерттеу нұсқасы мүмкіндігі шектеулі балалар, яғни тәрбиелеуі қиын (аномальді) балалар. Олармен жұмыс істеу өте қызықты, сонымен қатар аса жауапкершілікті, шыдамдылықты талап етеді. Қазіргі таңда бұл мамандық өте жоғары сұранысқа ие, себебі, өкінішке орай, жыл санап елімізде мұндай балалардың саны артып келеді. Мұндай ауытқулардың негізгі себептері мынадай:
1. Жүкті әйелдердің денсаулығына салғырт қарауы. Мәселен, алькоголь, есірткі қабылдау, темекі шегу.
2. Жұқпалы аурулармен ауыруы, қатты әсері бар дәрі - дәрмектерді қабылдауы, стресс, әр түрлі жарақаттар.
3. Генетикалық фактор, бала мен ананың резус факторының сәйкес келмеуі.
4. Туылғаннан кейін баланың жұқпалы ауруларға шалдығуы, жарақат алуы.
Міне, осы және басқада факторлар баланың физиологиялық және психологиялық дамуына кері әсерін тигізеді.
Дефектология жеке ғылым саласы ретінде XVIII ғ. қолға алына бастады. Алғаш рет Еуропа, Киев, Ресей, елдерінде зерттелді. Филипп Пинель, Доминик Эскироль, Эмиль Крепелин, Екатерина Грачева,
Л. С. Выготский секілді психолог - дефектологтар негізін қалап, дамуына ықпал етті. Ал елімізде ХІХ ғ. аяғында қолға алына бастады. Отандық даңқы шыққан психолог - дефектологтар: Ж. Намазбаева, А. Шарапиева, А. Сатова, М. Адилова. Т. Тебенова, т. б өз үлесін қосты.
Дефектология медицина, социология, генетика, психология, арнайы психология, педагогика, тіл білімі секілді бірқатар ғылым салаларымен тығыз байланысты. Шет елдердің көпшілігінде «Дефектология» терминінің орнына «арнайы оқыту» термині қолданылады. Ал Германияда, Австрияда, Швецияда бұл сала «емдік педагогика» деп аталады. КСРО кезінде дефектология саласындағы ғылым-зерттеу жұмыстарын Мәскеудегі педагогика ғылымдар академиясының дефектология институтында, Киев педагогика және психология институтында, басқа да педагогикалық институттардың дефектология факультеттерінің кафедраларында, мектептерде жүргізілді. 1931 жылы Алматыда құлағы мүкіс, 1932 жылы көз кемістігі бар балалар үшін алғашқы арнаулы мектептер ашылды. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап көмекші мектептер жұмыс істеп келеді. Мұндай мектептерде жұмыс істейтін арнаулы кадрлар 1976 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде, 1984 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде даярланады.
Біздің университетіміздің саз-педагогика факультеті 1978 жылы құрылды. Факультетте педагогика және шығармашылық бағыттарында сегіз мамандық бойынша мамандар даярлайды.
Қазіргі уақытта елімізде 563 мыңнан астам мүгедек жан тұрады, олар халықтың жалпы санының 3 % -нан астамын құрайды. Осы санның ішінде 58 мың мүгедек бала бар; бүгінде мүгедектік және мүгедектерді әлеуметтік қолдау ұғымы өзгеріп, жаңа сипатта іске асырылуда.
Біздің облысымызда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған №1 және №2 арнайы мектеп- интернаттары, Облыстық құлағы мүкіс балалрға арналған мектеп - интернаты, "Базовая средняя школа по проблемам воспитания и развития №23"ММ.
Әрине, қазіргі таңда ең негізгі мәселе бұл - мүгедектікке ұшырау қатерінің алдын алу екені сөзсіз.
Статистикаға жүгінсек, 2001 жылы алғаш рет мүгедек деп танылған адамдардың саны 50 мыңға жуық болса, өткен жылы 47 мыңға дейін азайды.
Бұған қоса, әлеуметтік қолдау мүгедектерге техникалық, көмекші (компенсаторлық) құралдар беруді де қамтиды. Өткен жылы мүмкіндігі шектеулі 52 мың адамға протездік-ортопедиялық, есту қабілетін протездеу көмегі көрсетіліп, кресло-арба, сурдо- және тифло- техникалық құралдар берілді және санаториялық - курорттық емдеу, ымдау тілі мамандарының, жеке көмекшілердің қызметтері көрсетілді.
Міндеттері:
- Әр кемістіктің, немесе кемтар балалардың дамуындағы ауытқулардың түрлерін, дәрежесін анықтап, олардың қалыптасу ерекшеліктерін анықтау;
- Физикалық және психикалық дамудағы ауытқулардың негізгі биологиялық, әлеуметтік және педагогикалық себептерін анықтап, олардың салаларын түзету және толықтыру әдістерін қарстыру;
- Арнайы мекемелерді, қалыптастыру орталықтарын ұйымдастыру және олардың түзету - дамыту негізгі принциптерімен таныстыру;
- Арнайы түзету, толықтыру және дамыту мекемелерінің негізгі мақсат, міндеттерін айқындау және жұмыстарының мазмұнын талдау;
- Дефектолог мамандарын даярлау үшін қажетті ғылыми, оқу - әдістемелік әдебиеттермен танысып, көрнекі құралдар және тәжірибелік мекемелер жүйесінің жұмыстарына қатысу;
Ғылыми таным саласы ретінде дефектологияның зерттеу негізіне МШБ (мүмкіндігі шектеулі балаларды) оқыту, тәрбиелеу және қалыптастыру мәселелері алынады.
Әртүрлі кемістіктері бар балаларды тәрбиелеу мен оқыту - күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Бұл мәселелер МШБ-ды қолдан келгенше, қоғамдық өмірге пайдалы, белсенді, өз беттерінше өмір сүре алатындай етіп дайындау мақсатындағы негізгі сұрақтарды шешуге көмектеседі.
Кеміс балаларды арнайы оқыту, түзету және тарбиелеу әдістері мезгілімен дұрыс қолданылса, олардың биологиялық кемістіктерінің салдары азаяды. Осы концепция дефектологияның арнайы әдістемелік негізін құрастырады.
Категориялары:
Дефектология арнайы педагогикалық ғылыми ретінде, әртүрлі кемістіктері бар балаларды нәтижелі тәрбиелеу, оқыту және қалыптастыру үшін бірнеше салаларды біріктіреді:
- Сурдопедагогика - есту мүшелері кеміс дамыған және есту қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп оқыту мәселелерін зерттейді;
- Тифлопедагогика - көру мүшелері кеміс дамыған және көру қызметі төмен балаларды тәрбиелеп оқыту мәселелерін зерттейді;
- Олигофренопедагогика - ақыл - ойы кеміс дамыған балалардың ерекшеліктерін, тәрбиелеу және оқыту, арнайы әдістерді қолдану арқылы оларды әлеуметтік бейімдеу мәселелерін зерттейді;
- Логопедия - тілінің мүкістігі бар, сөйлеу аппарты кеміс дамыған және сөйлеу қабілеті төмен балаларды тәрбиелеп, оқыту мәселелерн зерттейді.
Дефектология, сондай-ақ дене кемістігі күрделі (соқыр және саңырау, саңырау және ақыл-ой кемістігі бар, т. б. ) балаларды оқытып тәрбиелеуді де қамтиды.
Дефектология невропатология, генетика, психология, педагогика, тіл білімі секілді бірқатар ғылым салаларымен де тығыз байланысты. Шет елдердің көпшілігінде «Дефектология» терминінің орнына «арнайы оқыту» термині қолданылады. Ал Германияда, Австрияда, Швецияда бұл сала «емдік педагогика» деп аталады. Бұрынғы КСРО-да Дефектология жөніндегі ғылым-зерттеу жұмыстарын Мәскеудегі Педагогика ғылымдар академиясының Дефектология институтында, Киев педагогика және психология институтында, басқа да педагогикалық институттардың дефектология факультеттерінің кафедраларында, мектептерде жүргізілді. 1931 жылы Алматыда құлағы мүкіс, 1932 жылы көз кемістігі бар балалар үшін алғашқы арнаулы мектептер ашылды. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап көмекші мектептер жұмыс істеп келеді. Мұндай мектептерде жұмыс істейтін арнаулы кадрлар 1976 жылдан Алматы мемлекеттік университетінде, 1984 жылдан Қарағанды мемлекеттік университетінде даярланады. Қазақстанда табиғи кемістігі бар балалар мемлекет есебінен арнаулы мектептерде тегін оқытылады.
Дефектология сонымен бірге өзіне кемтар балалардың психологиялық ерекшеліктерін зерттейтін арнайы психологияны қамтиды.
Арнайы психология - психикалық және дене бітімі жағнан кемістігі бар ересек адамдар мен балалардың психикалық даму зандылықтарын және психикалық қызметтерінің өзіндік ерекшеліктерін зерттейтін психология ғылымының дербес саласы.
Адамның кемістігі тек биологиялық тұрғыдан іздестіріліп, оның дене құрылысы мен айналасындағы табиғи нәрселермен қалайша қатынас жасайтындығы зерттеледі. Ал педагогтар ұзақ жылдар бойы тәрбие ісін жандандыру арқылы дене мен ақыл-ой кемістігінің орнын толтыруға болады деген пікірді қолдап келді. Психологиялық жағынан кемістік - әлеуметгік мінез-құлықты өзгертуге ықпал етеді. Тірі организмнің мінез-құлқындағы ерекшеліктер өмірмен байланысты болудың нәтижесі тіршілік ортасына бейімделу жүйесі. Бұл жүйенің өзгеруі әлеуметтік байланыстың қайта құрылуына және оның өзгеруіне әкеліп соғады. Кемтар баланың психологиялық ерекшеліктерінің негізі биологиялық фактор емес, әлеуметтік фактор екендігін көрсетеді.
Кемтар балаларды тәрбиелеу мен оқыту - күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе. Мұндағы мақсат - осы балаларды мүмкіншіліктері мен қабілеттеріне қарай қоғамдық пайдалы еңбекке дайындау. Іс-әрекет - тұлғаның негізгі әлеуметтік міндеті, сондықтан оны зерттеу және кемтар балаларда іс-әрекетті дамыту олардың әлеуметтік қалыптасуына әсерін тигізеді.
Қазіргі таңдағы кемтар балаларға білім беру мәселесі инклюзивті оқыту жүйесі арқылы жүзеге асыру қолға алынуда. Бұл жүйе АҚШ-та, Европаның дамыған елдерінде, Жапонияда жүзеге асырылуда.
Инклюзивті оқыту - ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірбие көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:
1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.
2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.
3. Әрбір адам қарым-қатынасқа құқылы.
4. Барлық адам бір-біріне қажет.
5. Білім шынайы қарым-қатынас шеңберінде жүзеге асады.
6. Барлық адамдар құрбы-құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.
7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.
8. Жан- жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.
Инклюзивті оқыту - барлық балалардың мұқтаждықтарын ескеретін, ерекше қажеттіліктері бар балалардың білім алуын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдісінің дамуы. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады, өйткені олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып білуге, қабылдауға үйренеді.
Инклюзивтік білім беру - барлық балаларды жалпы білім үрдісіне толық енгізу және әлеуметтік бейімдеуге, жынысына, шығу тегіне, дініне, жағдайына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға, ата-аналарын белсенділікке шақыруға, баланың түзеу-педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, қоршаған ортаның балаларды жас ерекшеліктеріне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуіне жағдай қалыптастыру, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Бүгінде денсаулықты нығайту және мүгедектікке әкеп соғатын патологияларды азайту мәселесінде, ең алдымен балалардың бойындағы ауытқушылықтарды, олардың сәби кезінде уақтылы анықтау бойынша жұмыс күшейтілді. Мысалы, кемтар балалардың үштен бірінің мүгедектігі - туа біткен кемістіктердің әсері болуымен байланысты.
Жыл санап мүмкіндігі шектеулі балаларға деген қоғамның көзқарасы өзгеріп келеді. Бұрынғыдай оларды бақытсыз адам ретінде қарамай, қоғамның белсенді мүшесі және өз тағдырына батыл сеніммен қарайтын адам ретінде қабылдауда. Осы орайда әлеуметтік қызметкерлердің міндеті қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі балалардың жанайқайын, яғни ауруының себеп - салдарын анықтап, оның бала ағзасының дамуына қандай бөгеттер жасап отырғандығын анықтау және мүмкіндігі шекеулі балалардың отбасындағы қарым - қатынасын дамытып, дені сау балалар мен аралас - құралас өсуіне жағдай туғызу, қоғам мен жеке адамдардың түсінігіне жарым жан балаларға әркез жәрдем беруге әзірлігін камтамасыз етуге үйрету қажет. Бұл процестің мақсаты мен міндеті жалпы педагогикалық принцптерімен анықталған. Яғни, оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі тиіс.
Дамуында ауытқуы бар баланың тәрбиесі-дефектологияның негізгі ұғымдарының бірі. Бұл процестің мақсаты мен міндеті жалпы педогогикалық принциптерімен анықталған, яғни, оларды қоғамдық пайдалы өмірге бейімдеу, азаматтық қасиеттерін қалыптастыру, бұлардың бәрі дефектіге сәйкес деңгейде, соған тән әдістемелермен жеткізілуі және түзетілуі тиіс. Тәрбиенің бұл түрі тек қана педагогтармен ғана емес, арнайы мамандардың көмегімен жүзеге асырылады. Дамуында ауытқуы бар балалардың тәрбиесі бір-біріне қарама-қарсы екі ұғымнан тұрады. Олардың бірі- ата-анасы баланы жан-жақты, материалдық жағынан толық қамтамасыз етеді. Бірақ, оның ішкі әлеміне үңіліп, рухани қажеттіліктеріне терең бойлай бермейді. Тіпті кейде баланы жазалайды. Мұндай отбасындағы балалар іштей күйзеліске түседі. Олардың көңіл күйі түсіп сенімсіздік пайда болады. Ал, психологиялық шеттету баланың зиятына кері әсерін тигізіп, білім деңгейін тежейді. Екінші бір жағдай, ол- баланы шектен тыс қамқорлыққа алу. Ата-аналар бала тәрбиесіне көп көңіл бөліп, өздерін кінәлі сезініп, оны тым бос ұстап еркелетеді. Мұндай атмосферада өскен бала бұйығы келеді, өз-өзіне сенімсіз, әлжуаз болып өседі. Мұндай балалар әлеуметтік даму жағынан түрлі қиындықтарға тап болады. Отбасы баланың тұлға ретінде қалыптасуына, қоғамда алғашқы қадам жасауына жәрдемдесуі тиіс. Дамуында ауытқуы бар бала дүниеге келгеннен кейін оның тәрбиесіне отбасының әрбір мүшесі жауапты. Өйткені мұндай балалар отбасына көптеген проблемаларды өзімен бірге ала келеді. Ата-ана балаға қойылған аңғарымды алғаш естіген кезде үрейленіп, қорқыныш сезіміне беріле бастайды. Одан кейін өздерін кінәлі санау басталады. Сондықтан, мұндай отбасылар арнайы педагог мамандардың, соның ішінде дефектолог, психолог, әлеуметтік-педагогтардың көмектеріне зәру. Өйткені мұндай балалар ерекше көңіл бөлуді, арнайы тәрбиелеу мен оқытуды талап етеді. Дамуында ауытқуы бар баланың отбасындағы қарым-қатынасын және өзі қатарлас балалармен қарым-қатынасын анықтау, олармен бірдей деңгейде араласуына мүмкіндік туғызу, білім деңгейіне сай оқыту және қоғамның болашақ өз-өзіне сенімді азамат етіп тәрбиелеу үшін педагог мамандар ата-аналармен, әлеуметтік сала қызметкерлерімен тығыз байланыста болуы керек. Тек осы жағдайда ғана, дамуында ауытқуы бар балалардың өздерін қоғамның толыққанды азаматы ретінде қабылдауына жағдай туар еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz