Діни қызмет және діни бірлестіктер
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1 Қазақстандағы діни бірлестіктер қызметі
1.2 Мемлекет және дін қатынастары
1.3 Қазақстандағы ислам мәселелері
1.4 Қазақстандағы діни жағдай
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Біздің еліміз – Қазақстан Республикасы қоғам ретінде өзіне тән саяси - әлеуметтік, экономикалық және рухани жүйелерден тұрады. Еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алып тұрғаны соңғы уақыттағы зерттеулерден белгілі болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік – экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды, Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр - түрлі діни идеялар толтыруға тырысып бақты.
Қазіргі қоғам алдындағы тұрған басты міндет азаматтарға діннің тарихы мен қатар олардың негізгі ілімдері мен қағидалары, салт - жоралары мен мейрамдары, діндердің ұлттар мен ұлыстардың арасына енуі мен таралу ерекшеліктері, ұлттық пен діниліктің, дін мен мәдениеттің арақатынасы, дінге байланысты зайырлы мемлекетіміздің ұстанған саясатының мәні мен мақсаты, Қазақстандағы діни бірлестіктердің мақсат - мүддесі және іс - әрекеттері жөнінде ауқымды мәселелерді қамтуға тырысады.
Біздің еліміздің Конституциясы бойынша діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Діни құрылымдар республикада қазір болып жатқан процестерге түсіністікпен қарайды және рухани бірлесу мен келісімге келу идеяларын күн өткен сайын нығайта түсуге үлесін қосады. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, сондай - ақ көп дінді де ел. Республикадағы барлық діни құрылымдар қазір болып жатқан қоғамдағы барлық өзгерістерге түсіністікпен қарай отырып, рухани бірлесу мен келісімге келу идеяларын нығайта түсуге, діндер арасындағы алауыздықты болдырмауға әрекет етуде.

1. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер Алматы: "Ғылым", 1999
2. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.
3. Жұбанов Қ. Қазақ тілі бойыншазерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1966.
4. Кеңесбаев I., Мұсабаев Ғ. Қазіргіқазақ тілі. – Алматы: Ғылым, 1975
5. Мырзабеков С. Ќазаќ тілі фонетикасы. – Алматы: Қазақуниверситеті, 2004
6. Джунисбеков А. Проблемы тюркской словесной просодии и сингармонизм казахского слова. Автореф. Дис. ... д-ра филол. наук.
– Алма-Ата, 1988.

Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1 Қазақстандағы діни бірлестіктер қызметі
1.2 Мемлекет және дін қатынастары
1.3 Қазақстандағы ислам мәселелері
1.4 Қазақстандағы діни жағдай
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Біздің еліміз - Қазақстан Республикасы қоғам ретінде өзіне тән саяси - әлеуметтік, экономикалық және рухани жүйелерден тұрады. Еліміздегі діни ахуалдың күрделі сипат алып тұрғаны соңғы уақыттағы зерттеулерден белгілі болып отыр. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары адамдардың ойы мен санасында әлеуметтік - экономикалық мәселелер бірінші орынға шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені байқалды, Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр - түрлі діни идеялар толтыруға тырысып бақты.
Қазіргі қоғам алдындағы тұрған басты міндет азаматтарға діннің тарихы мен қатар олардың негізгі ілімдері мен қағидалары, салт - жоралары мен мейрамдары, діндердің ұлттар мен ұлыстардың арасына енуі мен таралу ерекшеліктері, ұлттық пен діниліктің, дін мен мәдениеттің арақатынасы, дінге байланысты зайырлы мемлекетіміздің ұстанған саясатының мәні мен мақсаты, Қазақстандағы діни бірлестіктердің мақсат - мүддесі және іс - әрекеттері жөнінде ауқымды мәселелерді қамтуға тырысады.
Біздің еліміздің Конституциясы бойынша діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген. Діни құрылымдар республикада қазір болып жатқан процестерге түсіністікпен қарайды және рухани бірлесу мен келісімге келу идеяларын күн өткен сайын нығайта түсуге үлесін қосады. Қазақстан көп ұлтты ғана емес, сондай - ақ көп дінді де ел. Республикадағы барлық діни құрылымдар қазір болып жатқан қоғамдағы барлық өзгерістерге түсіністікпен қарай отырып, рухани бірлесу мен келісімге келу идеяларын нығайта түсуге, діндер арасындағы алауыздықты болдырмауға әрекет етуде. Адамдар әр түрлі діннің өкілдері екеніне қарамастан, ақыл - ойға жүгініп, бір - біріне түсінушілікпен қараса бүкіл әлемде тыныштық орнаған болар еді. Тақырыпта Қазақстандағы діни бірлестіктердің қызметі туралы жан - жақты баяндалып, бүгінгі өміріміздегі, қоғамдағы орын алып отырған басты проблемалар жан - жақты, ауқымды түрде баяндалады.
Мемлекетіміз конфессиялардың өкілдерімен бірлесе отырып, Конституциямыз бен заңнамаларымыз шеңберінде әрбір конфессияға арналған діни білім беру жүйесін қалыптастыру мүмкіндігіне ие. Мектептерге дінтану пәнінің енгізілуі бүгінгі күннің ең басты өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы пәнді оқыту барысында азаматтарымыз діни идеялар мұхитында өз жолын табу ісінде алған білімін ерекше "компас" ретінде пайдалану мүмкіндігіне ие болады.. Сонда ғана дін қоғам өмірімен үйлесім тауып, ұрпақ тәрбиесіне оң әсерін тигізеді. Діндер халқымызды шынайы жақсылыққа үндеп, діндераралық толеранттылықтың заманы орнайды.
І Негізгі бөлім

Қазақстан Республикасының алдына қойған мақсаты - ол өзара тең, әлеуметтік - экономикалық, саяси - рухани, құқықтық әділеттікті, аумақтық тұтастықты, қамтамасыз ететін, бірлікке ұмтылған демократиялық қоғам құру. Дұрыс тәрбиенің нәтижесінде әрбір жеке адамның көкірек көзі ашылып, өмір мен дүние туралы түсінігі саналылықпен қалыптасады.
Тәуелсіздік жылдарында елімізде орын алған күрделі саяси - экономикалық жаңарулар мен өзгерулер ағымында мемлекет билігінің қайнар көзі болып табылатын халқымыздың рухани өмірі мен діни көзқарастары да бір жағынан толығып, ал енді бір жағынан әралуан бағыттар бойынша дамып, бүгінгі көптеген этникалық топтар мен түрлі діндерді ұстанатын зайырлы Қазақстан қоғамы қалыптасты. Жоғарыда айтқанымыздай, халықсыз билік болмайды, ал - дінсіз халық болмайды. Халықтың тұтастығы мен діннің тұтастығы және мемлекеттің тұтастығы арасында тікелей тәуелді байланыс бар екенін ескеруіміз керек. Көптеген этникалық топтар мен діни сенімдерден құралған біздің қоғамымыздағы өтпелі кезеңде дін атаулының мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамсыздандырудағы рөлі, өндіруші күш болып табылатын халықты ұйымдастыру құдіреті, халықаралық қатынастардағы салмағы және еліміздің болашағы мен баяндылығына тікелей әсер етері өте анық көрініс береді.
Мемлекеттік - дін қатынастарының күрделілігі мен маңыздылығын түсіну үшін алдымен еліміздегі діни ахауалға шолу жасап алуымыз керек.
Елімізде негізінен екі дін бар десек болады. Олар - ислам және христиандық. Ислам дінін ұстанушылар халық санының шамамен 67 - 70 пайызын құрайтын 24 этникалық топ. Ресублика халқының 58 пайызы қазақтар және оған қоса ұйғыр, татар, өзбек, түрік, күрд, дүнген, шешен, әзірбайжан, башқұрт, ингуш, балкар қатарлы бауырлас халықтар түгелдей ислам дінін және оның ішіндегі сүнни (суннит) жолын ұстанады. Тек, әзірбайжан және күрд халықтарының бір бөлігі мен шағын ирандық топ ғана шиға (шиит) жолын ұстанады. 2004 жылдың басындағы деректерге қарағанда елімізде 1648 мұсылман діни бірлестігі мен 1534 мешіт жұмыс істейді екен. Осы арада ислам дінінің Қазақстанда негізгі дін екенін және халқымыздың тарихында үйлестіруші, ұйымдаструшы және біріктіруші күш ретінде ең маңызды орын алатынын атап айтуымыз керек.
Қазақстандағы екінші орындағы дін христиандықтың бүгінгі ахуалы исламмен салыстырғанда тым күрделі. Біздегі христиандық (мәсіхшілдік) алуан түрлі конфессиялар мен секталардан құралған және бір діни орталыққа бағынбайтын бытыраңқы көрініс береді. Христиандардың басым көпшілігі славяндық православие бағытында. 1956 жылы республика көлемінде 55 православие жамағаты (приход) болса, бүгінгі күні 240 діни бірлестік және 8 монастыр жұмыс істейді.
Христиандықтың еліміздегі екінші тармағы католицизмді ұстанатын шағын топ. Олардың өзі екі топқа бөлінеді: Рим католик шіркеуі және Грек католик шіркеуі. Бұл екі шіркеу негізінен Астана, Алматы және Қарағанды қалаларында белсенді жұмыс істеуде. Республика көлемінде католик жамағаттардың саны 38, діни бірлестіктер саны 80 мөлшерінде. Шетелдердегі католик шіркеулері, әсіресе Ватикан және АҚШ - та орналасқан католик ұйымдары Қазақстанда миссионерлік іс - әрекеттерді белсенді түрде жүзеге асырып келеді. Бүгінгі күні елімізде материалдық қамсыздандырылған 150 астам шетелдік католик миссионердің (ресми тіркелгендері ғана - М. Б.) тоқтаусыз үгіт - насихат жұмыстарымен шұғылданып жатқанын айтсақ жеткілікті. Сонымен қатар католиктердің Қарағанды, Астана, Павлодар қалаларында діни оқу орындары бар екенін айта кетсек жетерлік.
Христиандардың саны аз болғанымен ең көп тармаққа бөлінген тобы - протестаннтар. Қазақстандағы ең басты протестант шіркеулері Евангелиялық христиан - баптистер, жетінші күннің Адвентисері және Лютерандар. Еліміздегі баптистердің саны 10 - 15 мың адам, дегенмен олардың жамағаттарының саны 300 мөлшерінде. Кейбір баптист топтардың ресми органдарда тіркелуден бас тартып келе жатқанын ескерген жөн. Лютерандардың орталығы Астана қаласында орналасқан, 70 - тей діни жамағаттары бар, негізінен немістер арасында көп таралған. Адвентистердің де орталығы Астана қаласында. Осы аталған протестант мәзһабтары (конфессиялары) елімізде тек өткен ғасырда ғана пайда болғаны, Кеңес билігі кезінде (1917 - 1991) қоныс аударған келімсектер арқылы елімізге келгені белгілі. Жаңа елордамыз Астананың діни орталық ретінде таңдалуы осы шіркеулердің орталық және солтүстік аймақтарда етене жұмыс істеуіне мүмкіндік беруде. Протестанттықтың жаңа формалары, әсіресе тәуелсіздік жылдарында елімізде өте белсенді миссионерлік іс - қимылдарды жүзеге асырып, бір сыпыра азаматтарымызды өз қатарына тарта білді. Олар негізінен АҚШ - та орналасқан протестант миссионер ұйымдары. Елуліктер, Методистер (Біріккен Методист шіркеуі - АҚШ, Флорида уилаяты), Мун сектасы (Оңтүстік Корея), Меннондар, Пресвитериандар (АҚШ), Жаңа апостолдар шіркеуі (АҚШ), Әлемдік Қырман Шіркеуі (АҚШ, Колорадо уилаяты), Қожайындар шіркеуі (АҚШ, Флорида уилаяты), Агапе, Жаңа өмір шіркеуі, Ізгі хабар, Иеһоуа куәгерлері (АҚШ) т. т. Елімізде протестанттықтың 20 шақты сектасы және мыңнан астам діни бірлестіктері мен қоғамдарының қызмет етіп жатқаны біраз нәрсені аңғартса керек. Күн сайын шетелдердегі протестант шіркеулерінің жаңа тармақтары елімізге миссионерлерін жөнелтуде. Олардың ең басты мақсаты - Қазақстанды інжілдендіру (евангелизация) және халқын түгелдей өз нанымдарына иландыру болып табылады.
1.2 Мемлекет және дін қатынастары
Қазақстан Республикасы Ата Заңында көрсетілгендей зайырлы мемлекет болғандықтан, тәуелсіздіктен кейінгі жылдары мемлекет органдарының діни ұйымдардың жұмыстарына бақылау функциясынан тыс тікелей араласпағаны белгілі. Осы орайда ҚР Үкіметі қарамағында діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес құрылған. Кеңестің облыстар мен Астана және Алматы қалаларындағы бөлімшелері тікелей діни бірлестіктер және жамағаттармен, сонымен қатар әкімдіктер, Әділет министрлігінің тіркеу қызметі, Ішкі істер министрлігіне қарасты мекемелер, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мәдениет министрлігі сияқты құзырлы мекемелермен етене байланыс жасайды. Жоғарыда көрсетілген көптеген діни ұйымдар мен миссионерлер және экстремистік бағыттағы зиянды ағымдардың шектен тыс қажыр - қайрат жасауы салдарынан бүгінгі күні еліміздегі діни ахуал аса күрделі қалыпта десек болады.
1992 жылы қабылданған "Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер" туралы заң бойынша азаматтар діни бірлестіктер құра отырып, ұйымдаса алады. Діни бірлестіктерді Әділет министрлігінде тіркеудің өзіндік шарттары бар. Бұл шарттар орындалғанда ғана бірлестіктер тіркеледі және қызмет атқара алады. Діни бірлестіктер тіркелмеген жағдайда жұмысын тоқтатуға немесе айыппұл салуға құқық берген. Нағыз қазақи ортада миссионерлік жасап, шетелдің діни сенімдерін елімізде таратып жатқан ұйымдардың қандай дәрежеге жеткені және қандай аймақтарды мекен еткені біраз нәрседен хабар бергендей.
Бұлар сияқты ислам атын жамылып, әртүрлі негізсіз және зиянды үгіт - насихат жүргізіп жатқан діни ағымдар да баршылық. Бұлардың ішінде баспасөз бетінде жиі аталатыны және қоғамдық тыныштыққа нұқсан тигізушісі "Хизб - ұт Тахрир" ұйымы. Сауатты мамандар мен дінтанушылардың аздығын пайдаланған осындай ұйымдар, әсіресе, еліміздің оңтүстік аймақтарында біршама жастарымызды қатарына қосып кетті.
Мемлекет - дін қатынастарының өзекті бір мәселесі азаматтардың дін саласында білім алу, оқу құқығын пайдалануы. Еліміздегі "Білім" туралы заңда бұл мәселе толық шешімін тапқан емес. Бүгінгі күні Қазақстанда 8 діни жоғары оқу орны, 6 орта дәрежелі діни оқу орны мен3 жалпы білім беру мекемесі жұмыс істеуде. Жоғары оқу орындарының екеуі мұсылмандардікі. Олар "Нұр - Мүбарак Мысыр ислам мәдениеті институты " және ҚМДБ қарамағындағы "Имамдардың біліктілігін жетілдіру институты". Бұған қоса 1 католик, 1 лютеран және 4 протестант оқу орны бар.
1.3 Қазақстандағы ислам мәселелері
Қазақстан мұсылмандарының діни істерін ұйымдастырып, діни бірлестіктер, мешіттер және шетелдердегі мұсылман ұйымдарымен халықаралық қатынастарды реттейтін дербес мекеме "Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы " діни бірлестігі деген атпен 1990 жылы құрылды. Оған дейін "қазият" деңгейіндегі діни мекеме ретінде қызмет атқарған бұл ұйым бүгінгі күні еліміз мұсылмандарының ең басты ислами ұйымы. ҚМБД төрағалығына білікті ғалым, арабист және дипломат, профессор Әбсаттар Дербісәлі 2000 жылғы маусым айындағы құрылтайда сайланды.
Алдымыздағы жылдарда мынадай мәселелер оң шешімін тапса еліміздегі мұсылманшылықтың жүйеленуі және тұтастануы жағынан үлкен жетістіктерге жетер едік:
Біріншіден: Ең маңызды нәрсе еліміздегі мұсылмандардың белгілі бір жүйе бойынша ұйымдаспағанында және ислами үгіт - насихаттың дініміздің негізгі бұлағына, яғни Құран Кәрімге толыққанды сәйкестік қағидасы бойынша жүзеге асырылмауында.
Екіншіден: Ислам ғылымдарын оқыту және ғылыми зерттеулерді белгілі бір жүйеге салу мәселесі де жөнді шешімін тапқан жоқ. Бұл сала мамандары мен исламтанушылардың, діни кадрлардың жетіспеуінің басты себебі.
Үшіншіден: Жоғарыда келтірілген бірінші және екінші проблеманың оң шешімін табуы мұсылмандардың Құран Кәрімді дұрыс түсінуіне тікелей байланысты.
Төртіншіден: Ол тәуелсіздікті алған жылдары елімізде дін мәселесін жете меңгерген мамандардың болмағандығы және мемлекет билігінің жоғарғы сатысында жүрген азаматтарымыздың осы мәселенің маңыздылығын жете бағаламағаны.
Бесіншіден: Қазақстан мұсылмандар діни басқармасынның құқықтық және әкімшілік мәртебесін нығайтуымыз керек. Ұлтты құрайтын құндылықтардың бірі дін екенін жоғарыда атап өттік.
Алтыншыдан: Маңызды проблеманың бірі еліміздегі миссионерлік әрекеттерді қатаң бақылау және әсіресе мұсылмандардың басқа діндерге кетуінің алдын алу мәселесі. Кейбір деректерде 100 мың, ал енді бір газет хабарламаларында 500 мыңға жуық қазақтар басқа діндерді қабылдаған делінеді. Бүгінге дейін бөлінбеген халқымыздың енді азаттыққа қол жеткен шақта алуан түрлі діндерге бөлінуі болашақта аса маңызды проблемаларға апарып соқтыруы, тіпті мемлекетіміздің іргесін шайқалтуы әбден мүмкін. Елімізде христиандықты таратушы ұйымдар мен өзге де миссионерлердің жарғылық құжаттарында бірінші кезекте қазақ халқын шоқындыру мәселесінің алға тартылуы кездейсоқ емес.
1.4 Қазақстандағы діни жағдай
Адамзаттың дінсіз тарихы да, мәдениеті де болмаған. Дін қай қоғамда болса да адамшылық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz