Қарапайымдылар



І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1 Қарапайымдылар туралы мәлімет
1.2 Ауру қоздырғыш қарапайымдар
1.3 Қарапайымдылардың негізгі қасиеттері
ІІІ.Қорытынды бөлім
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Қарапайымдылар - бір жасушалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады. Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1,5 мм. Қарапайымдылардың құрылысы көп жасушалылардың жасушасының құрылысымен бірдей - цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы - эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар жасушаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су жасушаның ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде жасуша жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді.
1. Қазақ Энциклопедиясы, 9 том
2. Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007.
3. Дәуітбаева К. Ә.Омыртқасыздар зоологиясы. Оқулық. - Алматы: 2004.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Қарапайымдылар

Жоспар:

І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
0.1 Қарапайымдылар туралы мәлімет
0.2 Ауру қоздырғыш қарапайымдар
0.3 Қарапайымдылардың негізгі қасиеттері
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қарапайымдылар - бір жасушалы, өте ұсақ, микроскоп арқылы көрінетін жәндіктер. Морфологиялық жағынан қарағанда қарапайымдылар бір жасушалы формалар, ал тіршілік қасиеттері жағынан алғанда дербес өмір сүретін жеке организм, тірі организмге тән зат алмасу, қозғалу, тітіркену, ортаға бейімделу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, даму т. б. қызметтерін атқарады. Қарапайымдылардың клеткасының пішіні және мөлшері алуан түрлі болады. Олардың мөлшері 3-4 микроннан бірнеше миллиметр шамасында болады. Мысалы, инфузория стентордың ұзындығы - 1,5 мм. Қарапайымдылардың құрылысы көп жасушалылардың жасушасының құрылысымен бірдей - цитоплазмадан, ядродан және органоид бөлшектерінен құралған. Цитоплазма екі қабат түзейді, ашық түсті сыртқы - эктоплазма және қоңырқай, түйіршікті ішкі - эндоплазма. Қоймалжың сұйық цитоплазмада көптеген органоидтар орналасқан: митохондриялар, эндоплазмалық тор, рибосомалар, Гольджи аппараты, т. б. Цитоплазмада ас қорыту вакуолі түзіліп тұрады, олар ас қорыту ферменттерін шығарып, қорек заттарды қорытады. Органикалық заттар мен сұйықтық тамшылар жасушаға фагоцитоз және пиноцитоз жолымен өтеді. Тұщы суларда тіршілік ететін қарапайымдыларда жиырылғыш вакуолі зәр шығару, осмос қысымын реттеу және тыныс алу қызметін атқарып отырады. Клеткадағы зат алмасу жолында пайда болған несеп заттар сыртқа жиырылғыш вакуолі арқылы шығарылады. Тұщы суда тіршілік ететін карапайымдылардың цитоплазмасындағы тұздың және басқа ерітіндінің концентрациясы өзін қоршаған судың концентрациясынан әлдеқайда жоғары болғандықтан, осмос қысымына байланысты сыртқы ортадағы су жасушаның ішіне енеді, ал жиырылғыш вакуоль артық суды үнемі сыртқа шығарып тұрады, соның нәтижесінде жасуша жарылмай бірқалыпты түрде сақталынады. Судың құрамындағы ерітілген оттегі цитоплазмада қалып, сыртқа су арқылы көмірқышқыл газы шығарылып отырады, осылайша тыныс алу процесі жүреді.
Цитоплазманың орталық бөлімінде ядро орналасады. Қарапайымдылардың көпшілігінде ядросы біреу (моноэнергидты), сондай-ақ екі, көп ядролы қарапайымдыларда жиі кездеседі (полиэнергидты). Ядрода қабықша, ядрошырыны, ядрошық және хромосомалар болады. Қарапайымдыларда қозғалыс органойдтары жақсы жетілген. Олар, жалған аяқтары, яғни псевдоподиялары - pseudopodia (латынша pseudo - жалған, poda - аяқ) және жіптәрізді талшықтар мен кірпікшелер. Қарапайымдылардың көпшілігі жыныссыз және жынысты жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюінде жасушаның негізгі бөліну тәсілі - митоз. Жынысты көбеюі аталық және аналық жыныс жасушаларының (гаметаларының) бір-бірімен қосылуы арқылы өтеді, осындай процесті - копуляция деп атайды. Копуляция нәтижесінде ұрықтанған жасушадан - зигота пайда болады. Зигота диплоидты, өйткені ол екі гаплоидты жыныс жасушаларының (гаметалардың) қосылуы нәтижесінде түзіледі. Жыныс жасушаларының (гаметаларының) мөлшері мен пішіні әр қилы болады. Аталық және аналық гаметалардың мөлшері және құрылысы бірдей болса, бұлардың қосылуын - изогамия копуляциясы деп атайды, ал үлкендеу келген аналық гамета - макрогамета, кішілеу келген аталық гамета - микрогаметамен қосылса - анизогамия копуляциясы деп атайды. Қарапайымдылар конъюгация (ядроның қосылуы), ұрпақ алмасуы, шизогония, гаметагония, спорогония жолымен де көбейеді. Қарапайымдылардың бір ерекшелігі - қолайсыз жағдайларда (су кеуіп қалса, мұзға айналса, қорек жетпесе, т.б.) жасуша сыртына қалың қабық шығарып, цистаға айналады. Циста күйінде қарапайым ұзақ уақыт тіршілік етеді. Қолайлы жағдай болғанда жасуша циста қабығын тастап әрекетті тіршілікке кіріседі.
Қоректену тәсіліне қарай карапайымдылар екі топқа бөлінеді: автотрофты және гетеротрофты. Автотрофты қарапайымдылар (жасыл эвглена, вольвокс т. б.) органикалық заттарды хлорофилл дәндерінің жәрдемінен синтездеу арқылы алады, немесе фотосинтез арқылы қоректенеді. Гетеротрофты қарапайымдылар дайын органикалық заттармен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен). Кейбір гетеротрофты қа-рапайымдылар және паразиттік тіршілік ететін карапайымдылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Мұндай қоректену тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды. Бұларға топырақтарда тіршілік ететін қарапайымдылардың кейбір түрлері және паразиттер: трипаносома, лейшмания, трихомонас, безгек плазмодиясы т. б. жатады. Кейбір қарапайымдылар автотрофты және гетеротрофты тәсілімен қоректене ала-ды, бұларды миксотрофты жәндіктер деп атайды. Мысалы, жасыл эвглена - миксотроф.
Қарапайымдылардың 70 000-нан астам түрлері белгілі, тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда кең тараған және жануарлар мен адамның денесінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлар 5 типке бөлінеді.

І Негізгі бөлім

1.1. Қарапайымдылар туралы мәлімет

Қарапайымдылар -- жануарлар әлеміндегі бірклеткалы организмдер, деседе оларга кейбір бірклеткалы формаларды да қосады, олар өздерінің қасиеттері бойынша өсімдіктерге сәйкес келеді және фитофлагелляттар деп аталады. Мұндай организмдерге жасыл эвглена (Euglena veridis) мысал бола алады. Бұл патшалықтармагы шегінде 25 000-нан аса түр белгілі, олардың көпшілігі тұщы және ащы суларда, топырақта тіршілік етеді. 3500-ге жуық түрі өсімдіктердің, жануарлардың және адамның клеткаларында, ұлпаларында және дене қуыстарында мекендейтін паразиттері болып табылады.
Қарапайымдылардың құрылысы түптеп келгенде көпклеткалы организмдердің клеткаларының құрылысына ұқсас. Дегенмен, олар үшін арнайы ерекшеліктер тән, өйткені қарапайымдылардың кез келген өкілі клетка гана емес, сонымен қатар, жеке организм болып табылатындылыгымен айқындалады. Қарапайымдылардың дене формасы сопақша немесе созылган, ал мөлшері көп жағдайда микроскопиялық (3-150 мкм), сол сияқты біршама ірі формалары да кездеседі.
Нагыз қарапайымдылар үшқабатты мембранамен жабылған, оның қалыңдыгы организмдердің әртүрлі түрлерінде өзгеріп тұрады. Мембрананың әрбір қабаты белоктардан құрылган. Жекелеген қарапайымдыларда (бақалшықты тамыраяқтылар) бақалшық түрінде сыртқы цитоқаңқага ие болады. Цитоплазма экто- және эндоплазмага жіктелген. Эктоплазма тыгыздалган түзіліс болып табылады, одан пелликула деп аталатын шеткі пленка түзіледі. Эндоплазма құрылымы бос, борпылдақ болады. Қарапайымдылар үшін органеллалардың (органоидтардың) екі типі -жалпы және арнайы мақсаттағы -- тән.

Жалпы мақсаттағы органеллаларга ядро, митохондриялар, рибосомалар, центриолдар, Гольджи кешені, лизосомалар және басқалары жатады. Ең үлкен қарапайымдылар -- көп ядролылар, майдалары -- бір ядролылар. Ядро қос мембранамен қоршалган. Хромосомалардың саны әртүрлі организмдерде түрліше және екіден (мүмкін гаплоидты санды) 160-тан асады. Хромосомалардың ұзындығы 1-50 мкм болады.
Арнайы мақсаттағы органеллаларға қозгалу органеллары, сол сияқты асқорыту және жиырылғыш вакуольдар жатады. Қозғалу органелларына (қимыл-қозғалыс құрылымдарына) псевдоподиялар (жалған аяқтар), жіпшелер, немесе кірпікшелер жатады. Мысалы, амебатектес организмдердің қозгалысы цитоплазманың қозғалысына негізделген. Эктоплазма эндоплазмаға қысым түсіреді, нәтижесінде цитоплазма дененің басқа учаскесіне құйылады, ол жерде жалган аяқтар түзіледі, олардың көмегімен организм әртүрлі бағытта жылжиды. Жіпшелер ширатылған фибриллалардан (жіпшелерден) құралған, олардың негізі ерекше түйіршік (базальды денешік) түзейді, оны блефаропласт (кинетосома) деп атайды. Еркін тіршілік ететін қарапайымдылардың жіпшелері бұрама сиқты жұмыс атқарады, олар дененің ось бойынша айналуын қамтамасыз етеді. Кірпікшелер фибриллярлы құрылымға ие.
Қарапайымдылардың қоректенуі қоректі сіңіру тәсілдері бойынша біршама алуан түрлілігімен сипатталады. Олардың біреулері пиноцитоз арқылы қоректі ертіндіден барлық денесімен қабылдайды, екіншілері қатты қоректі цитостома (клеткалық ауыз) арқылы сіңірсе, үшіншілері қоректі жалған аяқтарымен ұстайды. Эндоплазмаға түскен қорек, асқорыту ферменттері бар маманданған вакуольдарда қорытылады. Қорытылмаған қоректің бөліктері асқорыту вакуольдарымен бірге ортаға шығарылып тасталады.
Көптеген су қарапайымдылары бір немесе оданда көп жиырылғыш вакуольға ие болады, ол тұрақты осмос қысымын қамтамасыз етеді, сонымен қатар енетін жэне шығарылатын судың көмегімен оттекпен жабдықтайды. Қарапайымдыларды өсіру көрсеткендей, олар минералды қоректенуді, сол сияқты өсу факторларына (витамин В12, тиамин, биотин, рибофлавин, никотин қышқылы, пиридоксин, фолий және пантотен қышқыларды және басқалары) мұктаж. Кейбір қарапайымдылар стероидтарға да мұқтаж болады. Қарапайымдылардың кейбіреулері, өсімдіктерге ұқсастары, фотосинтез жүретін хромотофораларға ие. Хлорофилл мен пигменттердің мол болуына байланысты хроматофоралардың түсі жасыл, сары, қызыл, қоңыр және тіпті көкшіл болуы да мүмкін. Хроматофоралы және хроматофорасыз қарапайымдылардың қоректі қажет етуі қарапайым жануарларымен салыстырғанда күрделі емес. Көптеген қарапайымдылар энергияны органикалық қосылыстардың (көмірсулар, май қышқылдары) тотығуы нәтижесінде алады. Бактериялардан айырмашылығы олар бейорганикалық заттарды энергияның негізгі көзі ретінде пайдалануға қабілетсіз.

Қарапайымдылардың көбеюі жыныссыз жолмен де, сол сияқты жынысты жолмен де жүзеге асады. Жыныссыз көбею организмнің екі жартыға бөлінуі арқылы іске асады, оның алдында ядро бөлінеді. Кейде дененің бөлінуі мен ядроның бөлінуі бір мезгілде жүзеге асады. Жынысты жолмен көбею сингамия (екі гаметаның қосылуы), конъюгация (гаметалық ядралардың алмасуы) және аутогамия, оның мәні гаплоидты ядролар түзілу жэне олар синкариондарға бірігеді. Кейбір қарапайымдылар бір мезгілде әрі жыныссыз әрі жынысты жолмен көбейеді. Мысалы, безгек плазмодияларының көбеюінде жыныссыз саты олар омыртқалы жануарлардың организмінде болғанда, жыныстысы масалардың организмінде болғанда жүреді. Euplotes raikovi табиғаты полипептидті ферромондар өндіретіні анықталған, бұлар қарапайымдылардың осы түрінің әрі жынысты әрі вегетативті көбеюіне ықпал етеді. Қарапайымдылардың түбегейлі ерекшеліктері олардың даму кезеңдерінің өтуі болып табылды. Қарапайым және күрделі даму кезеңдерін ажыратады. Дамудың қарапайым кезеңі -- тек бір сатының (вегетативтік) болу кезеңі. Керісінше, дамудың күрделі кезеңі қарапайымдылардың әртүрлі ұлпалар мен мүшелерде дамуымен байланысты, оның үстіне олар әртүрлі организмдер-иелерге жатады.
Қарапайымдылар тітіркенуге қабілетті, яғни әртүрлі факторлардың әсерлеріне жауап бере алады. Соның ішінде, қарапайымдылардың тітіркенуінің бір формасы олардың вегетативтік формаларының қолайсыз жағдайларда цистаға айналуға қабілеттілігі болып табылады, оны инцистирлену деп атайды. Қарапайымдылар цистаға айналу арқасында әртүрлі қолайсыз жағдайларда (ортаның құрғауы, онда зиянды заттардың пайда болуы, температураның өзгеруі және басқалары) жылдар бойы тірі қалуға қабілетті. Қолайлы жағдайларға түскен кезде цисталардан белсенді вегетативтік формалар (трофозоидтер) дамиды. Сонымен цистаға айналу қарапайымдылардың таралуына себебін тигізеді, олардың жаңа экологиялық қуыстарға түсуіне көмектеседі. Қарапайымдылардың көпшілігі еркін тіршілік етушілер болып табылады. Қарапайымдылар, сонымен қатар, басқа түрдің организмінде де тіршілік ете алады, оған ешқандай зиян келтірмейді, тіпті оған көмектеседі. Мысалы, кейбір талшықтылар, термиттердің ішегінде тіршілік ететіндер, целлюлозаны қорыта алады және осылайша термиттердің қоректік қажеттілігін қамтамасыз етеді, өйткені соңғылары бұл қосылыстарды өз бетінше өңдей алмайды. Деседе қарапайымдылардың басым бөлігі паразиттік тіршілік етеді және кейбір паразиттер адам мен жануарлар үшін өте қауіпті. Адам қарапайымдылардың 25 түрінің потенциальды иесі болып табылады, олардың 2-уі ауыз қуысында, 12-сі ішекте, 1-уі зәр -- жыныс жолында, 10 шақтысы -- қанда және басқа ұлпаларда мекендеуі мүмкін. Қарапайымдыларды олардың қозғалу тәсілдеріне (локомоторлы органдарының құрылысы) және көбею ерекшеліктеріне қарай бес типке жіктейді, атап айтқанда: Саркомастигофорлар (Sarcomasti-gophora), Споровиктер (Sporozoa), Книдоспоридиялар (Cnidosporidia), Микроспоридиялар (Microspora) және Кірпікшелілер, немесе Инфузориялар (Infusoria).

1.2 Ауру қоздырғыш қарапайымдар

Қарапайымдардың ішінде адам өмірі мен жануарлардың әртурлі мүшелерінде паразиттік тіршілік етіп, түрлі ауру тудыратындары да көп. Соларды мына кестеден қарап , толықтырайық.

Паразитті тіршілік ететін жәндіктер

Жәндік аты
Тудыратын ауру аты.
Жұқтырушы орта
Дезентерия амебасы
Қантышқақ ауруы
Жуылмағанн көкөніс, лас су
Безгек паразиті
Безгек ауруы
Безгек масасы
Трипанасома
Адамда ұйқы ауруы
Жылқыда кілеңкі
Сиырда су ауруы
Сона, қандала, цеце шыбыны
Лейшмания
Лейшманиоз
Құм шіркейі
Құртамыш
Кокцидиоз
Лас қол, лас су
Лямблия
Лямблиоз
Лас, қайнамаған су

Трипанасома жұлын сұйықтығында, қанда паразиттік тіршілік етеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарапайымдылардың клетка құрылысын, көбею жолдарын, систематикасын табиғаттағы маңызын зерттеу
Бір клеткалылар патшалық тармағы жайлы
Қарапайымдыларға жалпы сипаттама
Тамыраяқтылар және талшықтылар
Бір клеткалы жәндіктердің тіршілік ортасы
Дизентерия және ішек амебалары
Бір клеткалылар патшалық тармағы
Қарапайымдылардың систематикасы
Қарапайымдылар типі. Тамыраяқтылар және талшықтылар класының, жалпы сипаттамасы, жіктелуі, практикалық маңызы
Бірклеткалылар және нағыз көпклеткалылар
Пәндер