Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі



І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы, тәрбие процесінің жалпы заңдылықтары
2. Сыныптың тәрбие жүйесі компоненттері
3. Мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау
ІІІ.Қорытынды бөлім
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер
Тәрбие жүйесі — жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс. Тәрбие жүйесі — адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінде тәрбиелеу кешені. Сонымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын қатынастарды игеріп басқарынатын іс-әрекет, яғни тәрбиелік жүйенің өмір тіршілігіне қабілеттіліктерін қамтамасыздандырады. Педагогикалық мақсатты және оқушының дамуын қамту үшін жасалады. Тәрбие заңы (қоғамдағы құбылыс ретінде) — жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Тәрбие заңы оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ жалғастығын, қоғам тіршілігін қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай туғызады.
Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.
Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.
1. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2004ж.
2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологии /Под.ред.Щурковой Н.Е. –М., 1998г.
3. Воспитательная работа с «проблемными» учащимися. Планирование. Мониторинг развития учащихся. Разработка занятия с педагогами и родителями. –М., Изд.:Учитель, 2007 г.
4. Рожков М.И., Байбородова Л.В. Организация воспитательного работы в школе. –М.,2000. –с.89-110.
5. Сергеева В.П. Технология деятельности классного руководства воспитательнойсистеме школы. –М., Изд.: Перспектива, 2008г.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі

Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы, тәрбие процесінің жалпы заңдылықтары
2. Сыныптың тәрбие жүйесі компоненттері
3. Мектептің тәрбие жүйесінің үлгісін жасау
ІІІ. Қорытынды бөлім
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Тәрбие жүйесі -- жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс. Тәрбие жүйесі -- адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінде тәрбиелеу кешені. Сонымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын қатынастарды игеріп басқарынатын іс-әрекет, яғни тәрбиелік жүйенің өмір тіршілігіне қабілеттіліктерін қамтамасыздандырады. Педагогикалық мақсатты және оқушының дамуын қамту үшін жасалады. Тәрбие заңы (қоғамдағы құбылыс ретінде) -- жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Тәрбие заңы оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ жалғастығын, қоғам тіршілігін қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай туғызады.
Мектептің тәрбие жүйесінің пайда болуы, қалыптасуы, дамуы көптеген объективтік және субъективтік факторлардың ықпалымен. жүретін ұзақ мерзімді және күрделі процесс болып табылады. Сонымен қатар ол оқу орнының қызметі мен айналадағы әлеуметгік ортаға мәнді өзгерістер ендіреді. Оның нәтижесі көп жағдайда мектеп өмірінде нені, қалай, қашан өзгерту қажеттігін анықтай білуге байланысты. Қателеспес үшін, ең алдымен оқу орнының бүгінгі жағдайы мен келешектегі бейнесін нақты елестете болжай білу өте маңызды.
Мектептің тәрбие жүйесінің дәл бүгінгі таңдағы және келешектегі бейнесінің үлгісін жасау оның қалыптасуы мен дамуы жағдайында қажет болып табылады.
Үлгі ретінде, философ В.А.Штоффтың пайымдауынша, зерттеу объектісінің бейнесі мен елесін таныта отырып, оны алмастыра алатын, яғни оның зерттелуі сол объекті туралы жаңа ақпарат беретін ойша көрініспен материалдық тұрғыда бұрын қолданылған жүйені түсінуіміз керек.
Академик В.ДАфанасьев үлгінің негізгі сапаларын атай отырып, оған мыналарды жатқызады:
-- түпнұсқаның -- жүйеге ұқсас, соған сай келуі;
-- мақсаттылық, яғни оның параметрлерінің жүйе алдына қойылған мақсатпен, күтетін нәтижелерімен сәйкес келуі;
-- субъектілік бағалау қатынасына және үлгіні жасаушыларға бейтарапттлық қатынаста болу;
-- түпнұсқаның -- жүйенің параметрлерінен және кейбір детальдарынан алшақтау, дерексіздену болуы.
Үлгі объектінің немесе құбылыстың белгілі бір жеңілдетілген, схемаландырылған көрінісі болып табылады. Ол үлгі жасау процесі -- ерекше таным тәсілінде жасалады, яғни жүйе зерттеу объектісінің үлгісінде (формада) көрініс табады (В.ГАфанасьев).

Негізгі бөлім

1. Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы, тәрбие процесінің жалпы заңдылықтары

ТП - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада ТП талаптарымен құрылған мынадай жүйелері белгілі: ТП мақсаты, міндеті, мазмұны, процестің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы, тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, процестің даму кезеңдері және т.б. Солардың кейбіреулерін қарастырайық:
Мақсаттық талап ТП-нің құрылымын шешуге бағытталған міндеттердің бірізділігін білдіреді. Қазіргі мектеп жағдайында тәрбие процесінің бағыттары мынадай:
* үйлесімді, жан-жақты дамыту мақсатын есепке ала отырып, тұлғаны біртұтас қалыптастыру;
* азаматтық құндылықтар, әлеуметтік-бағдарлы мотивация, ақыл-ой, эмоционалдық және еріктік үйлесім ауқымы негізінде тұлғаның адамгершілік сапаларын қалыптастыру;
* оқушыларды ғылыми, мәдени және өнер, т.б. қоғамдық құндылыққа қатыстыру;
* қоғамның демократиялық өңделуіне, тұлғаның құқық-тары мен міндеттеріне сәйкес өмірлік позицияға тәрбиелеу;
* тұлғаның мүмкіндіктері мен тілектерін, сонымен бірге әлеуметтік талаптарын ескере отырып, оның икемділігін, ептілігін және қызығушылығын дамыту;
* оқушылардың даралық және қоғамдық түсінімдерін дамытатын танымдық іс-әрекет ұйымдастыру;
* тұлғаны сапалы тәрбиелеу мақсатында әлеуметтік құнды, әрі жан-жақты іс-әрекет ұйымдастыру;
* тұлғаның аса маңызды әлеуметтік функциясын, яғни, өзгермелі еңбектік іс-әрекет жағдайындағы қатынастарын дамыту, әлеуметтік қуаттылықты көтеру.
Келесі құрылым ТП-нің негізгі сатыларын белгілеуге негізделеді. Бұл сатылар - қойылған міндеттердің сапалы шешілуіне бағытталған бірізді кезеңдердің міндетті түрде өтетін процесі. Құрылым ТП бірізділігінің және бірлігінің терең заңдылығын түсінуде өте маңызды:
* қойылатын талаптар мен ережелерді тәрбиеленушілердің түсінуі;
* білімнің сенімділігі;
* сезім қалыптастыру;
* іс-әрекетке араласу және іс-әрекет арқылы тәрбиелеу.
Келесі құрылым да бірізді процесс кезеңдерін анықтауға негізделеді, бірақ ол енді басқа талаптарға, яғни процестің жүруінің пәрменділігін қамтамасыз ететін бірліктер арасындағы байланыстар мен тәуелділіктерге негізделеді: а) тәрбиенің негізгі міндеттері мен мақсат-тарын қамтитын процесті жоспарлау; б) материалды (еңбек, табиғатты қорғау); қоғамдық (ұжымдық, ұйымдастыру-басқарушылық, коммуникативтік); рухани (эмоционалды -сезімдік, танымдық, құндылық-бағдарлаушылық) іс-әрекеттерді ұйымдастыру; в) тәрбиеленушілердің негізгі іс-әрекеттерінде тұлға аралық қарым-қатынасын және оның дамуын реттеу; г) жоспарланған және алынған нәтижелердің айырмашылығын бақылау және қорытындылар шығару, жіберілген қателіктер мен қол жеткізетін жетістіктерге талдау жасау.
ТП кезеңдерінің өлшем шектері ретінде педагогика-лық әрекеттің бірізділігін пайдалануға болады. Бұл жағдайда құрылымда мынадай бірліктер пайда болады:
* жалпы нормалар және талаптармен танысу;
* қарым-қатынас қалыптастыру;
* көзқарастар мен тұжырымдар қалыптастыру;
* тұлғаның жалпы бағытын қалыптастыру.
Бұл әрекеттердің барлығының нәтижесі - нормалық қалыптағы тұрақты мінез-құлық әдеттерін баулу. Әрекеттердің әдеттенуі біртіндеп мінез бітістеріне, тұлғалық қасиеттерге ауысады.
Жалпы заңдылық ауқымының әрекеті ТП-нің барлық жүйесіне таралады. Жалпы заңдылық осы процестің маңызды және ірі бірліктерінің арасын байланыстырып отырады. Жүйе ішіндегі бірліктерінің байланысын анықтайтын заңдылық жеке (нақты) заңдылық деп аталады. ТП жалпы педагогикалық процестің бөлігі ретінде осы процестің заңдылықтарына бағынады.
Тәрбиелеу тәжірибесі үшін ТП-інің кейбір бірліктерін тәрбие сапасына ықпал жасайтын заңды қатынастар пәрменділігімен байланыстыру қажет.
Тәрбиелеу пәрменділігі мыналарға байланысты:
* қалыптасқан тәрбиелік қатынастарға;
* әрекеттерді ұйымдастыру мен оған қойылған мақсат-тардың бір-біріне үйлесуіне;
* тәрбиеленушілерге ықпал етуіне;
* объективті және субъективті факторлар әрекетінің байланысына;
* тәрбиелеудің және өзіндік тәрбиенің қарқындылығына;
* педагогикалық өзара әрекеттегі тәрбие процесіне қатысушылардың белсенділігіне;
* тәрбиемен ұштасушы дамыту және оқыту процестерінің пәрменділігіне;
* тәрбиелік ықпалдың сапасына;
* тәрбиеленушінің ''ішкі жан дүниесіне'' әсер ету қарқындылығына;
* тәрбиеленушілердегі сөздік және сезімдік процестердің даму деңгейі мен педагогикалық әсер етудің үйлесуіне;
* тәрбиеленушілердің өзара бір-бірімен қарым-қатынасының қарқындылығы мен санасына байланысты болады.
Тәрбие мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер жүйесі деп қабылданған.
Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы - бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен политехникалық, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы. Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне мына идеялар жатады:
Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы. Бүгінгі нақты мақсат - бұл адамның ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудің құралы - әр адамның мәдениет қоры негіздерін игеруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлғаның ''базалық мәдениеті'' келіп шығады. Бұл өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті болып табылады, яғни, экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік пен экологиялық мәдениет, көркемөнер және дене мәдениеті, отбасы қатынастар мәдениеті.
Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны балалармен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге, іс-әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен заңдылықтарын өңдеуден құралады. ТП-де оқушының өзіндік белсенділігі көрінеді.
Адамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы арқылы тұлғаның толық қалыптасуы нақты тәрбиеде жобаланады.
Тәрбие мазмұнындағы маңызды элемент - адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. өмірлік өзіндік таным - бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамты-майтын өте кең ұғым. өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз бақытының және өз өмірінің субъектісі ретінде сипатталады. Адамның өзіне-өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік өзіндік танымы қалыптасады.
Тәрбиенің тұлғалық бағыты. Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогика-лық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың жеке қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез-сипаты мен бірге өз қадірін сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет.
Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту, бірлесе жұмыс істеу идея-ларын іске асыру мүмкін емес. ТП-і еріксіз ұйымдас-тырылса, ол балаға да, мұғалімге де кері әсерін тигізеді. Балаларды ''тәрбиелеуге'' міндеттеме керек. Егер тәрбие-леушілер тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына, азаматтық және жолдастық міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына сүйенсе, сонда тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады.

2. Сыныптың тәрбие жүйесі компоненттері

Сыныптың тәрбие жүйесінің аса маңызды, айқындалған 5 компоненті:
1. жеке дара-топтық;
2. құндылық-бағдарлы
3. атқарымдық-әрекеттік
4. кеңістіктік-уақытты
5. диагностикалық-нәтижелілік
Жеке-дара-топтық компонент бұл ересектер мен балалардың қауымдастығы .Олар бір сынып көлемінде ортақ әрекет арқылы біріккен қауымдастық. Бұл қауымдастық бірнеше бөліктерден тұрады:сынып жетекші, оқушылар, ата-аналар,пән мұғалімдері басқа да тәрбие үдерісіне қатысы бар адамдар.
Сыныптың тәрбие жүесін құрудағы өте маңызды компонент. Себебі осы адамдар сыныптың тәрбие жүйесінің мазмұнын, қандай бағыттың қажетті екенін анықтап,жүзеге асырады. Жүйенің мағынасы мен маңызы, оқушылардың қажеттілігін жүзеге асыру және әрқайсысының тұлғалық дамуына ықпал ету арқылы ұжым ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету. Соның ішінде сынып жетекшінің көзқарасы, құндылық бағдары, қызығушылығы, ұстанымы, әуестігі тәрбие жүйесінің негізгі құраушы факторы болып табылады. Ал сынып оқушылары, бір жағынан өз дамуының толық құқылы иесі,екінші жағынан әдейі бағытталған және бірлескен әрекет, қарым қатынастың еріксіз ықпалының нысаны.
Құндылық-бағдарлы компоненті. Ол келесі жиынтықтан тұрады:
o Тәрбие жүйесінің маңыздылығы;
o Мақсат, міндеттері;
o Сыныптың ұжым ретінде әрекетінің келешегінің болуы
o Сыныптың тәрбие жүйесін құрудың және іске асырудың негізгі қағидасы.
Сыныптың тәрбие кеңістігінде жеке дара да, топтық та құндылықтар бар. Бірі қарым-қатынастарды құруға, бірігіп әрекет етуге ықпал етсе, кейбір құндылықтардың тіпті қажеттілігі шамалы болады. Яғни мәселе тәрбиелеудегі құндылықтардың басымдылығы мен олардың маңыздылығында. Бір сыныпта басымдылық адамгершілік қасиеттерге берілсе, кейбіреуінде қарым-қатынасқа, үшіншісінде-бірігіп әрекет ете алуға берілуі.Сондықтан әр сынып жетекші өз сыныбына басым және маңызды құндылықтарды анықтауы қажет. Яғни кез-келген жолмен жеңіске жету ме,әлде жеңілсе де өз абыройын сақтап қала алу ма? Сіз үшін, сіздің сыныбыңыз үшін не маңызды, соны нақты анықтау керек.
Атқарымдық-әрекеттік компонент келесі бөліктерден тұрады:
o Сыныптағы оқушылардың біріккен әрекетін,қарым-қатынасын ұйымдастыру әдістері мен түрлері;
o Тәрбие жүйесінің атқаратын негізгі міндеттері
o Сыныптың күнделікті тіршілігін,өз бетімен әрекет етуін педагогикалық жағынан қолдау, қамтамасыз ету,
Бұл компоненттің негізін сынып оқушыларымен біріккен әрекет, шара құрайды.
Кеңістіктік-уақытты компоненті. Ол келесі бөліктерден тұрады:
o Сынып оқушыларының тіршілік-әрекетіндегі,күнделікті дамуындағы адамгершілік-рухани, сезімдік-психологиялық, заттық-материалдық ортасы, жағдайы;
o Сыныптың басқа сыныптармен, қоғаммен байланысы, қарым-қатынасы. Біз күнделікті байқаймыз кейбір сынып оқушылары өздерінен ересек не жасы кіші балалармен қарым-қатынас жасайды.Ал кейбіреуі тіпті өзімен бірге оқитын оқушылармен тіл табыса алмай жатады;
o Сыныптың жалпы мектепішілік тәрбие кеңістігіндегі орны. Кейбір тапсырманы не шараны өткізуді тапсырғанда сыныптың деңгейіне, өз бетінше әрекет ету алу қабілетіне қараймыз.Бұл сыныптың жалпы мектептегі тәрбиелік бет-пердесі;
o Сыныптың тәрбие жүйесінің даму кезеңдері. Тәрбие жүйесі байланысы мен қарым-қатынасы шектелген,жабық жүйе болмауы керек. Сынып жетекші өз сыныбының басқа да сынып оқушыларымен байланысын қалыптастырып,оның нығаюына атсалысқаны дұрыс.Сондықтан кейбір шараларды параллель сыныптар арасында бірігіп өткізуді ұйымдастыру қажеттігі бар. Бірақ бұл жерде ескеретіні оқушылардың барлығын шарамен қамту. Қалғандары бос отырса, бір-біріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп пен сыныптағы тәрбие жүйесі
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру
Сынып жетекшісінің қызметтері
Тәрбиенің жалпы заңдылықтары
Бастауыш мектептегі тәрбие процесі
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері
Сыныптағы сынып жетекшісінің тәрбие жоспары
Тәрбие процесін ұйымдастыру
Қазіргі мектептегі сынып жетекшісінің ата - аналармен жүргізу жұмысы түрлері, мазмұны
Пәндер