Білгеніңнен білмейтінің көп әлі


БІЛГЕНІҢНЕН БІЛМЕЙТІНІҢ КӨП ӘЛІ . . . ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ ЖҮКТІЛІК: ИЯ МЕН ЖОҚ.
Мектеп жасындағы жас өспірім қыздарда нәзіктік пен құштарлық, сүйгеніне жан-тәнімен берілгендік, қорқыныш пен үрей, қуаныш пен қызғаныш сияқты сезімдер пайда болады. Желөкпелік пен көрсеқызарлыққа қарама-қарсы, нағыз махаббат өзінің жан толғанысының тереңдігімен, жүрек лүпілінің нәзіктігімен, бір бетінен қайтпайтын табандылығымен ерекшеленеді. Осындай махаббат жайында Абай: «Асыл адам айнымас, бір бетінен қайрылмас» деген. Асыл махаббат иесі болу тек адам баласына ғана тән қасиет. Бұл екі адамның арасындағы ар-ұяттың, сана мен сезімнің, намыстың жүректен қайнап шыққан тұтастығы. Оның мың сан иірімін, туу, жалындау жолдарын ешкім де қолмен қойғандай етіп түсіндіріп берген емес. Бұрынғы ата-бабаларымыз айтады екен: адамның ақылы жетпейтін төрт нәрсе бар. Олар - аспандағы қыранның жолы, жартастағы жыланның жолы, судағы кеменің жолы және ер-азаматтың әйел жүрегіне салатын жолы.
Өмірде ешкім айтпаған, тек кинодан көріп, кітаптан оқыған сырлы сөздерді алғаш есту шындығында да басқа ғой. Қыздардың жедел өсіп-жетілу кезінде (акселерация) мұндай болмай тұрмайды. Сондықтан да жігіттің жетегінде кете бермей, бойларыңдағы тілекке тежеу салыңдар. Әдетте тән тілегі бір басқа болады. Қандай да бір қадам жасаған кезде мұның өз тағдырларыңа тікелей ықпалы болатынын естен шығармаған жөн.
Кейбір жігіттер «сен менің ақыл-есімді билеп алдың» деп, «сенен басқаны сүйе алмаймын» деп, қыз жүрегіне от тастап, сенімдеріне кіруге тырысады. Қыздың өзін құлай сүйетініне көзі жеткендер «айтқаныма көнбесең, бұдан былай сені көрмеймін» деп «қорқытуы» да мүмкін. Алаяқ жігіттер өз дегенін істейтін қыздарды тез таниды. Олардың әсіресе ұяң мінезді, қатты қарсылық жасай алмайтын, бұрын жігітпен жақындаспаған, көкірегі қиялға толы аңғал, балауса қыздарды торитыны сөзсіз.
Тән жақындығы дегеніміз - махаббаттан мүлде аулақ жатқан, әлдеқайда арзан, бір сәттік қана өткінші сезім. Мөлдір махаббатты мүлде ұқпайтын, тек құмарлыққа салынғандар өз ойларына жеткенше асығады. Мұндайда олар бойындағы бар «өнерін» жұмсап, тілінен бал тамызып, бастарын шыр айналдырады. Бірақ мұның жалған, жылтыр сөз, жақсы ойналған роль екендігін бүгінгі білімді, ойлы қыздарымыз ажырата білер деп сенеміз.
Ерте жастағы жүктілік болғанда, бала көпшілік жағдайларда шала туады. Мұндай жағдайда босанғанда ішкі жыныс мүшелерінің жыртылып кетуіне және босанғаннан кейін қанның тоқтамай ағуына әкеліп соғады. Себебі жатырдың жиырылу қабілетінің өте төмен болуына байланысты. Жыныстық жағынан жетілмей жүкті болғанда жатырдағы балаға оттегінің келуі де өз дәрежесінде болмайды. Соның салдарынан нәресте ақыл-есі дұрыс емес кемтар болып дүниеге келуі мүмкін. Сәбидің мұндай кінәратпен өмірге келуінің басты себебі ол әйел ағзасының дамуының табиғи кезеңдерінен толық өтпеу салдарынан.
Бұл проблемаға тек физиологиялық жағынан қарау аздық етеді. Ерте жастағы жүктілік мектеп жасындағы қыз бала үшін сан түрлі мәселелер тудыратыны анық. Бұл жағдайда оқушыға мектепке келуге тиым салынады. Бұл әлпештеп өсірген ата-ана үшін қасірет саналады. Қасыңызда жүрген құрбы қыздарыңызбен еркін араласуға да қиындық туары анық. Бұл жағдай қыз баланы психологиялық тұрғыдан да ауыр күйзелістерге ұшыратады. Сондықтан, тұлымы желбіреген, өрімдей жас өспірім қыздарымызға айтарымыз, қазақтың ежелден арын сыйлаған ибалы қыздарымыздың жолын берсе дейміз. Әрбір қыз бала ата-анасын, туыстарын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйренсе, болашақта ол қыздарымыздан елін, жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз.
Бойжеткен қыздарымызға ерті жүктілік және оның қасіреті жайында айтылған мағлұматтар тәжірибелі ұстаз, биолог-маман Мейірханова Зура Есқалиқызының «Қыз - өмірдің қызғалдағы» атты кітабынан алынды.
Бүгінгі күннің трагедиясы тәрбиеден басталып жатқан жайы бар. Біз көз жұма қарап жүрген бұл өзекті мәселенің мән-жайынан қалың көпшілік хабардар. Өрімдей жас қыздардың басына түскен қасірет олардың өмірінде сызат қалдырды. Ашығын айтар болсақ, бұл күні жеткіншек қыздардың оң жақта отырып-ақ құрсақ көтеруі жиіледі. Бұрындары қысылғанда қуыс таппайтын құбылыс енді бір-екі жел сөзге ұласып, жабулы қазан жабулы күйінде қалатын болды.
Біреу біреуге ақыл айтып, жөн сілтейтін заман келмеске кетті. Арды жоғары қоятын қыздарымыз жоқ жерден қылық шығаруда. «Қыз он беске келгенде, шашынан көп жаласы» дегендей, бойжеткен қыздың соңынан қашанда сөз еретіні белгілі. Жастықтың дәмін татпай жатып, зәрін тартатын қыздарымыз көбейді. Бұрындары бір кісі «қызды баққаннан, ешкі баққаным артық» деген екен. Аруларымыз санасыздықтың салдарынан сан соғып қалып жатыр. Бір кездері қазақ қыздарының намысын ерлеріміз найзамен қорғаса, бүгінде кейбір аруларымыздың ары аяқ астында. Ерте жүктіліктің етек алуына кімді кінәлаймыз? Көше кезген көріктісымақ қызды ма, «қызға қырық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz