Орман кәсіпорнының орман өсімдіктері жағдайының және аумағының қысқаша мінездемесі



1. Орман кәсіпорнының атауы және орналасу орны.
2. Орман өсімдіктері аймағының және климаттық жағдайының мінездемесі.
3. Нысандарының өсімдіктері және топырағы, бедері.
4. Гидрография және гидрологиялық шарттары.
Нысанның орман қорының қысқаша мінездемесі.
1. Орман қорының мінездемесі.
2. Ормандардың санатының тобы және олардың халық шаруашылық маңызы.
3. Ормандардың түрлері және өсу орны жағдайының түрі.
Орман дақылдары алаңдарының және орман дақылдары қорының мінездемесі.
Орман дақылдарының түрлерінің және әдіс, тәсіл таңдауының негіздемесі. Орман дақылдарын
агротехникалық құру және сипаттау.
Қорытынды
Ақтөбе облысы – Қазақстанның ірі ауыл шаруашылық аймағы. Оның солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзақтығы- 550 км, батыстан шығысқа қарай – 500 км құрайды, жалпы аумағы – 30,06 млн. гектар, оның ішінде 27 млн. гектар жер ауыл шаруашылық жерлері. Ауыл шаруашылығында басты орынды 81% жайылым мен шабындықтан тұратын ауыл шаруашылық жерлерінің сипаты мүмкіндік беретін мал шаруашылығынан тұрады. Егін егілетін жер көлемі 0,8 млн. гектар.
Ақтөбе облысының аумағы табиғи-климаттық топтасуы бойынша келесі аймақшаларға бөлінеді:
- құрғақшылық далалық (3%);
- орташа құрғақ далалық (11%);
- құрғақ далалық (15%);
- шөлейт далалық (22%);
- далалық шөл (38%);
- орташа шөл (11%).
Облыс климаты құрғақ, солтүстік батыстан оңтүстік батысқа қарай тербелісті өсетін өткір континенталды. Осы себепті Ақтөбе облысы Қазақстанның орманы аз аймағына жатады. Облыстың орманы бар жерлері 42,5 мың. гектар . Оның орман өсімдіктерінің алқабы бар-жоғы 0,14% құрайды. Облыс аумағында ормандардың тең орналаспауы әкімшілк аудандардың орман алқабы 0 ден 24 пайыз арасында болады. Облыстың жекелеген аудандарында (Шалқар, Ырғыз, Байғанин) ормандар мүлдем жоқ. Ормандар көбінесе Ақтөбе қаласының (2,4 пайыз), Мәртөк ауданының (0,7 пайыз), Қарғалы ауданының (0,6 пайыз) жерлерінде байқалады.
1. Экологический Кодекс Республики Казахстан. Астана, 2007 г.
2. Земельный Кодекс Республики Казахстан. Алматы, 2003 г.
3. Лесной Кодекс Республики Казахстан. Алматы, 2003 г.
4. Справочник лесничего. Изд-во «Лесная промышленность», Москва, 1964 г.
5. Сборник нормативных правовых актов по лесному хозяйству, особо охраняемымприродным территориям и животному миру. Астана, 2007 г.
6. Государственный каталог географических названий Республики Казахстан, Том 13, Актюбинская область, Алматы, 2009 г. Справочник лесничего. Изд-во ВО «Агропромиздат», Москва, 1987 г.
7. Байзаков С.Б., Медведев А.Н., Искаков С.И., Муканов Б.М. Лесные культуры в Казахстане. Изд-во «Агроуниверситет», Алматы, 2007 г.
8. Редько Г.И., Мерзенко М.Д., Бабич Н.А. Лесные культуры. Санкт-Петербург, 2005 г.
9. Рекомендации для лесхозов Северного Казахстана и ленточных боров Прииртышья. Типы лесных культур и агротехника их выращивания. Кайнар, 1966 г.
10. Система машин для комплексной механизации и технологии лесного хозяйства и защитного лесоразведения Республики Казахстан на период до 2005 г.
11. (Рекомендации) РГКП «Казахский научно-исследовательский институт лесного хозяйства и агромелиорации». Изд-во РНИ «Бастау», Алматы, 2000 г.
12. Основные положения организации и развития лесного хозяйства Актюбинской области. Казахское лесоустроительное предприятие Комитета лесного и охотничьего хозяйства МСХ. Алматы, 2006 г.
13. ОСТ 56-92-87 Культуры лесные. Оценка качества. Издание официальное.
14. Природно-сельскохозяйственное районирование земельного фонда Республики Казахстан, Комитет по управлению земельными ресурсами МСХ РК, 1998 г.
15. СПиП РК 1.02-01-2007, Инструкция о порядке разработки, согласования, утверждения и составе проектной документации на строительство, Астана, 2007 г.
16. СНиП РК 3.01-01-2002, Градостроительство, планировка и застройка городских и сельских поселений, Астана, 2004 г.
17. СНиП 4.02-91; 4.05-91, Сборник № 1 «Земляные работы», Москва, 1992 г.
18. СПиП РК 8.02-05-2002, Сборник № 47 «Озеленение. Защитное лесоразведение. Многолетние плодовые насаждения», Астана 2003 г.
19. СПиП 4.04-91, Сборник сметных цен на перевозки грузов для строительства (часть 1 железнодорожные и автомобильные перевозки), Москва, 1991 г.
20. СПиП РК 8.02-04-2002, Сборник сметных цен на перевозки грузов для строительства. Часть 1. Автомобильные перевозки.
21. Новикова А.Г., Стороженко Д.М., Бикмухаметов М.А., Тюрменко А.Н. Почвы Актюбинской области. Алма-Ата, 1968 г.

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мазмұны
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Орман кәсіпорнының орман өсімдіктері жағдайының және аумағының қысқаша мінездемесі
1. Орман кәсіпорнының атауы және орналасу орны.
2. Орман өсімдіктері аймағының және климаттық жағдайының мінездемесі.
3. Нысандарының өсімдіктері және топырағы, бедері.
4. Гидрография және гидрологиялық шарттары.
Нысанның орман қорының қысқаша мінездемесі.
1. Орман қорының мінездемесі.
2. Ормандардың санатының тобы және олардың халық шаруашылық маңызы.
3. Ормандардың түрлері және өсу орны жағдайының түрі.
Орман дақылдары алаңдарының және орман дақылдары қорының мінездемесі.
Орман дақылдарының түрлерінің және әдіс, тәсіл таңдауының негіздемесі. Орман дақылдарын
агротехникалық құру және сипаттау.
Қорытынды

1. Орман кәсіпорнының орман өсімдіктері жағдайының және аумағының қысқаша мінездемесі
А) Орман кәсіпорнының атауы және орналасу орны.
Ақтөбе облысы - Қазақстанның ірі ауыл шаруашылық аймағы. Оның солтүстіктен оңтүстікке қарай ұзақтығы- 550 км, батыстан шығысқа қарай - 500 км құрайды, жалпы аумағы - 30,06 млн. гектар, оның ішінде 27 млн. гектар жер ауыл шаруашылық жерлері. Ауыл шаруашылығында басты орынды 81% жайылым мен шабындықтан тұратын ауыл шаруашылық жерлерінің сипаты мүмкіндік беретін мал шаруашылығынан тұрады. Егін егілетін жер көлемі 0,8 млн. гектар.
Ақтөбе облысының аумағы табиғи-климаттық топтасуы бойынша келесі аймақшаларға бөлінеді:
- құрғақшылық далалық (3%);
- орташа құрғақ далалық (11%);
- құрғақ далалық (15%);
- шөлейт далалық (22%);
- далалық шөл (38%);
- орташа шөл (11%).
Облыс климаты құрғақ, солтүстік батыстан оңтүстік батысқа қарай тербелісті өсетін өткір континенталды. Осы себепті Ақтөбе облысы Қазақстанның орманы аз аймағына жатады. Облыстың орманы бар жерлері 42,5 мың. гектар . Оның орман өсімдіктерінің алқабы бар-жоғы 0,14% құрайды. Облыс аумағында ормандардың тең орналаспауы әкімшілк аудандардың орман алқабы 0 ден 24 пайыз арасында болады. Облыстың жекелеген аудандарында (Шалқар, Ырғыз, Байғанин) ормандар мүлдем жоқ. Ормандар көбінесе Ақтөбе қаласының (2,4 пайыз), Мәртөк ауданының (0,7 пайыз), Қарғалы ауданының (0,6 пайыз) жерлерінде байқалады.
Облыстың мемлекеттік орман қорының жерлері 196,4 мың гектарды құрайды , бұл оның жалпы аумағының 0,7 % құрайды.
Облыстың орман шаруашылығы облыс әкімдігінің бағынысындағы жұмысшыларының штат саны 282 адамнан тұратын орман шаруашылығының 7 мемлекеттік мекемесінен тұрады.
Қазақстанның орман секторының басымдығының бірі ормандарды өсіру болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы мен жыл сайынғы халыққа жолдауында Елбасы осы бағытты басым бағыттардың бірі ретінде көрсетеді. Бұл мемлекет аумағын экологиялық сауықтыру жұмыстарын жандандыруға мүмкіндік береді.
Елдегі қаржы секторы мен экономикадағы қазіргі қалыптасқан қиын жағдайға қарамастан Ақтөбе облысының әкімдігі орман шаруашылығы мәселелерін назардан тыс қалдырмай, орман секторын жеткілікті қаражатпен қамтамасыз етуді жалғастырып отыр.
Бұл жұмыстың қала мен оның айналасын тұрғындар өміріне қолайсыз факторлар әсерін төмендету жолымен, яғни әлемдік орман шаруашылық ғылымы мен тәжірибесін ескере отырып ормандарды қалпына келтіру, орманды өсіру тәсілдерін жобалау жолдарымен экологиялық жағдайды жақсарту болып табылады.
Ақтөбе облысы Ақтөбе орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры жерлерінде жалпы ауданы 115 га орман екпелерін ықтырма әдісімен өсіру жұмыс жобасының жасалуы мемлекеттік орман қорының ормансыз аумақтарында жасанды ағаш егістерін жасау және облыстың, тұтас республиканың орман алқаптарын көбейту болып табылады.
Жұмыс жобасы Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстар Министрлiгі экологиялық реттеу және бақылау Комитетімен 16.06.2014 жыл № 01672Р лицензияға қосымша. Қазақстан Республикасының қоршаған орта және су ресурстар Министрлiгімен берілген (қосымша 1) қоршаған ортаны қорғау саласында жұмыстарды атқару және қызмет көрсету үшін 16.06.2014 жылғы № 01672Р Мемлекеттік лицензиясына сәйкес Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты ЖШС-нің мамандарымен жасалған.
Жобалаушының мекен жайы: 021700, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Киров көшесі 58. Телфакс: +7 (716) 364-11-53. 05.05.2014 жылғы № 0008086, РНН 032400214581, БИН 032400214581 салық төлеушінің куәлігі (қосымша 2), Заңды тұлғаның мемлекеттік қайта тіркелу туралы куәлігі № 360-1902-24-ЖШС (қосымша 3), Келісімшарт пен техникалық ерекшелігі (қосымша 4).
Орман екпелерін өсіру үшін жобаланған жер телімі Мемлекеттік орман қорының аумағында орналасқан, белгіленген тәртіпке сай Ақтөбе орман шаруашылығы ММ берілген және оған тұрақты жер пайдалану құқығы бар Актіге сәйкес бекітілген. Кадастрлық № 0099363 (қосымша 5 )
Жұмыс жобасы 115 га аудандағы 2014 жылғы жүргізілген зерттеу жұмыстарының негiзiнде жасалды. Атқарылған жұмыстар барысында төмендегідей жұмыстар атқарылды:
1. Аумақтыбарлапзерттелуі.
2. Аумақтыңкөрiнiстікталдауы.
3. 2015жылғажалпыауданы115,0гаорман екпелерін өсіру үшін жер телімдерін бөлу.
4. Топырақүлгiсіналуүшiнтереңдігі 2,0 м болатын негiзгi тiлулерді белгiлеу.
5. 2015жылда отырғызу үшін орман екпелерінің жобасын құрастыру.

1.1. Жобалау телімінің орналасқан жері

Ақтөбе орман шаруашылығы ММ МОҚ аумағында орман екпелерін өсіруге арналған ауданы 115 га болатын жоба аумағы Қарғалы орманшылығы аумағында Ақтөбе қаласының шығыс жағында орналасқан (1 сурет). Мекеме кеңсесі Ақтөбе қаласында орналасқан.
Пошталық мекенжайы: 030006 Ақтөбе қаласы, Жүргенов көшесі , 184

1 сурет. 2015 жылға орман екпелерін отырғызуға арналған Ақтөбе орман шаруашылығы ММ-дегі жалпы ауданы 115,0 га № 1 және № 2 жер телімдерінің орналасқан жері.
Б) Орман өсімдіктері аймағының және климаттық жағдайының мінездемесі.
Ақтөбе қаласының санитарлық-қорғау жасыл аймағының аумағы далалық аймақта, солтүстік бөлігінде шөл дала аймақтарда орналасқан. Аудан климаты өткір континенталды, күшті желдер, аңызақтар және шаңды дауылдар жиі болады. Климаттық көрсеткіштердің сипаты Ақтөбе қаласының метеостанциясының көпжылғы мәліметтері бойынша 1 кестеде келтіріледі.

1 кесте. Климаттың негізі көрсеткіштері

Климат көрсеткіштері
Айлар
Жылына орташа

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII

1.Ауаның орташа айлық температурасы,
0 С
-15.6
-14.9
-8.2
4.7
14.6
19.8
22.3
20.3
13.3
4.4
-4.8
-12.1
3.6
2. Ауа температурасының абсолюттік минимумы, 0 С
-20.0
-20.0
-13.2
-0.8
7.3
12.6
15.0
13.1
6.6
-0.5
-8.5
- 16.6
-
3. Ауа температурасының абсолюттік максимумы, 0 С
-11.3
-10.3
-3.6
10.5
21.7
26.8
29.3
27.5
20.5
10.2
-0.3
-8.0
-
4. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы (орташа),%
81
80
82
67
54
50
52
50
57
71
81
82
67
5. Жауын-шашынның орташа мөлшері, мм
13
11
14
16
27
31
35
25
21
22
18
17
250
6. Желдің жылдамдығы, орташа (мсек)
4.7
5.0
5.5
4.5
4.8
4.2
3.9
3.7
3.8
4.6
4.1
4.8
4.5
7. Күшті желді күндердің орташа
(15 мсек)
5
6
-
-
-
-
2
5
4
-
-
4
26
8. Ауаның салыстырмалы ылғалды күндер саны, 30 % төмен
-
-
-
-
-
6
12
16
3
-
-
-
37

Қыс айының ең салқын айындағы (қаңтар) ауаның орташа айлық температурасы -15,6[0]С. Ауа температурасының абсолютті минимумы -450С.
Ең ыстық ай - шілде, ауаның орташа айлық температырасы +220С. Ауа температурасының абсолютті максимумы +45[0]С. 0[0]С дан ауаның орташа тәуліктік температурасының тұрақты өтуі көктем мезгілінің басы деп есептеледі. +50С тан тұрақты өту (өсіп-өнудің басы) сәуір айының ортасында жүреді.
Өсіп-өну кезеңінің орташа ұзақтығы 177 күнді құрайды. Өсімдіктердің жылумен қамтамасыз ету көрсеткіші болатын 100С жоғары температура жиынтығы 27000 құрайды.
Өсіп-өну кезіндегі түскен жауын-шашынның барлығы 177 мм (орташа көпжылдық мәліметтер) құрайды. Булану мөлшері жауын-шашын мөлшерінен көп есе артық және 1100 мм жетеді. Түсетін жауын-шашын мөлшері жыл бойына бірдей болмайды. Жазғы жауын-шашынның көп бөлігі маусым-шілдеде, қыста қазан қараша айларында түседі.
00С дан теріс температураға тұрақты өту (қыстың басы) қазан айының соңғы күндеріне келеді. Тұрақты қар жабыны 15-20 қарашада байқалады. Қар жабынының орташа биіктігі 20-30 смге тең. Орта есеппен топырақ 50-60 см тереңдікте қатады, қатты және аз қарлы қыста топырақ 1 м ден көп тереңдікке дейін қатады.
Өсімдіктерге үлкен залалды климаттың қолайсыз факторлары- аңызақ, құрғақшылық, күшті желдер, ерте күзгі және көктемгі кеш суықтар тигізеді.
Жел тәртібі жыл бойы оңтүстік-батыс және батыс бағыттағы желдердің басымдылығымен сипатталады.
Орташа көп жылдық мәліметтер құрғақшылықтың екі жылда бір рет ерте көктемде болатынын көрсетті. Ауа құрғақшылығы топырақ құрғақтығымен, аңызақ пен шаңды дауылдармен жиі ұштасады. Ақтөбе қаласы ауданында орташа қарқынды аңызақ орташа есеппен 30-35 күн байқалады. Қарқынды аңызақтар жаз мезгілінде 10 күннен аз емес. 70% пайызға дейінгі аңызақ желдер 6 - 15 мсек жылдамдықта және 30% кем салыстырмалы ауа ылғалдылығында байқалады.
Салыстырмалы ауа ылғалдылығының ормаша айлық шамалары жылдың салқын кезінде (80 - 82%) максималдық мәніне, жазғы және көктемгі айларда (30%) минималды мәндеріне жетеді. 30% кем ылғалды күндер саны жылына 37 күнді құрайды.
Шамадан тыс қызу 60-70 күндер аралығында байқалады, ауа температурасы желсіз күнде ауа температурасы 33°С асады немесе 6 мсек жоғары жел жылдамдығында 36°С асады. Аязсыз күндердің орташа саны 13 күнге жақын. Өсіп-өну кезеңі 180 күнді құрайды.
Жасанды екпелерді өсіру үшін қолайсыз фактор көктемгі кеш және ерте күзгі суықтар болып табылады. Ең кеш суықтар маусым айының алқашқы бес күнінде мүмкін. Күзгі суықтар қыркүйек айының қыркүйек айының үшінші онкүндігінде болады, бірақ осы айдың басында да болуы мүмкін.

В) Нысандарының өсімдіктері және топырағы, бедері.
Өсімдік қоры

Қазақстанның табиғи климаттық және ботаникалық географиялық топтастыру ының қазіргі талаптарына сәйкес орман екпелерін отырғызуға жобаланған телім аумағы орташа құрғақ дала аумағында жатыр және өсімдіктік аумаққа жатады және Ақтөбе флористикалық атырапқа (АФА- әрі қарай) қарайды Голарктикалық патшалық Бореалдық патшалық асты Циркумбореалдық облыс далалық. Флористикалық аудандастыруға сәйкес ол Ақтөбе флористикалық ауданға жатады. (Қазақстан флорасы, 1956-1966)
Шөп отында басым дақылдарға жататындар: бетеге (Festuca sulcata) ,тығыз шымды көп жылдық боз түрлері - боз (Stipa lessingiana), қылқанбоз (St. capillata), садақбоз (St. Sareptana) және шөл бидайығы (Agropyron desertorum). Аталған түрлерден далалық аумақта тек боз басым таралған, қалған түрлері далалықта да, шөлде де кездеседі.
Жобаланған аумақ ауданында далалық топырақ ботаникалық іздестіру жұмыстары 02.06.2014 - 20.06.2014 ж. аралығында жүргізілді.

Жер бедері
Жердің геоморфологиялық жағдайлары мен бедері гидрологиялық, тапырақ жағдайларын, өсімдік жабынының, оның ішінде ағаш-бұта өсімдіктерінің қалыптасу және олардың жағдайларының заңдылықтарын анықтайды. Жер бедерінің құрылысы рекреация нысандарының көріністік аудандастыру мен функционалды аймақтандыру үшін негіз болып табылады, ол инженерлік құрылыстарды салу кезінде, суару мен сумен қамтамасыз ету сұрақтарына байланысты жобаларда ескеріледі.
Қазақстанның геоморфологиялық аудандыстыруына сәйкес қарастырылып отырған аумақ теңізден 150-400 м биік абсолютті белгілері бар Орал-Жем немесе Орал асты үстіртіне жатады.
Орал асты үстірті жер бетінің құрылымына тән ерекшелік өзен аңғарлары мен құрғақ арналардың көр таралуы болып табылады.
Бөктерлі-төбелі жазықтық болып келетін Сазды орманшылығының аумағы Сазды өзен аңғарының екі жағына бөлінген.
Ақтөбе қаласынан солтүстігіне қарай, Елек пен Бұтақ өзендерінің арсында орналасқан аумақ Қарғалы орманшылығына жатады және 200 ден 270 метрге дейінгі абсолюттік биіктікті тізбекті төбелі дендуациялық жазықтық болып табылады. Тізбектер Елек, Қарғалы және Бұтақ өзендеріне қарай солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай көлбеу бағытта орналасқан. Аумақтың солтүстік бөлігі арықтарға және көлбеу баурайлы апандарға толы.

Топырақ жабыны

Жер қорларының табиғи- ауыл шаруашылық аудандастыруына сәйкес сипатталып отырған аумақ аймақтық қара-қызғылт топырақты құрғақ дала аймағына жатады (Қазақстан Республикасының жер қорын табиғи-ауылшаруашылық аудандастыру, ҚР АШМ жер ресурстарын басқару бойынша Комитет, 1998).
Жер бедері құрылымы бойынша Орал асты үстіртіне жатады және анық көрінген эрозияланған жер бедері бар 250-400 м абсолюттік биіктікті көлбеу құлама етекті жоғары дендуациялық жазықтық.
Мәнді алуан түрлілікпен топырақ түзуші жыныстар да сипатталады. Телімде делювиалды-элювиалды шөгінділер кең тараған. Құлама етектер мен төбелер басы элювиалды шөгінділермен жабылған. Төбелер баурайлары мен құлама етектегі төмендіктер делювиалды саздақ пен балшықтан құралған.
Топырақтарды болжау, олардың морфологиялық және физикалық химиялық қасиеттерін анықтау үшін 2014 жылдың шілде айында сипатталып отырған аумақты далалық топырақтық зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында 8 топырақ тіліктері салынды.

Г) Гидрография және гидрологиялық шарттары.
Зерттелген аумақ Елек өзені мен оның тармақтарының: оң-Қарғалы, сол-Тамды мен Сазды су жиналу бассейндерінде орналасқан.
Елек өзені Ақтөбе облысының негізгі су тамырларының бірі болып табылады. Өзеннің ағуының негізі бөлігі көктемде жүреді. Су ағу қабаттары әдетте белгіленген шамадан 2-3 м асады. Өзендегі су минерализациясы үлкен емес және белгілі кезеңде 0,7-1,0 гл дан аспайды.
Қазіргі уақытта Елек, Қарғалы, Сазды өзендерінің ағуы жасанды су қоймаларымен реттелген, бұл белгілі дәрежеде жер беті мен жер асты суларының байланысын бұзды. Мұны су аңғарындағы ормандардан да байқауға болады: олар құрғап жатыр.
Зерттелген аумақта жер асты суларының деңгейін анықтау үшін 1989-1990 жылдардағы зерттеу кезеңінде Казгипролесхоз институтымен 115 ұңғыма қазылған. Күндізгі жер бетіне ескі аллювий шөгінділеріндегі Қарғалы орманшылығының жер асты сулары жақынырақ. Олардың тереңдігі 2,6-3,0 м. Көп жағдайда жер асты сулары минералды (тұздану дәрежесі орташа, тұздылық түрі сульфатты содалы). Бұл телімдерде шегіршіннің жасанды екпелері қысымды жағдайда немесе қурап қалған.
4-5 м тереңдікте жетекші болып табылатын таралуы бойынша аз мәнді жер асты сулары ашылған. Бұл сулар тұщы немесе минералдығы аз.

Орман қорының мінездемесі.
Ақтөбе облысы бойынша орман шаруашылығы мемлекеттік мекемелерінің 1 қаңтар 2015 жыл жағдайына мемлекеттік орман
қоры жерінің есебіне
ТҮСІНІКТЕМЕ
Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы мемлекеттік мекемесіне жеті орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі қарайды. Олар 01.01.2015 жыл жағдайы бойынша:
орманды жерлері МОҚ жері -
жалпы
1. Ақтөбе орман шаруашылығы ММ 8272 19341
2. Қарабұтақ орман шаруашылығы ММ 5070 32198
3. Қобда орман шаруашылығы ММ 5380 13109
4. Мәртөк орман шаруашылығы ММ 5066 8869
5. Ойыл орман шаруашылығы ММ 7817 26571
6. Темір орман шаруашылығы ММ 7705 75407
7. Үлкен Борсық орман шаруашылығы 5367 28393
БАРЛЫҒЫ: 44677 203888
Ақтөбе облысының 01.01.2014 жыл жағдайына мемлекеттік орман қоры жері 203911 гектар, соның ішінде орманды жерлер 44259 гектар болған. Ал 1 қаңтар 2015 жылға жалпы орман қоры жерілері 203888 гектар, соның ішінде орманды жерлер 44677 гектар құрады. Бұл үстіміздегі жылда мемлекеттік орман қоры жерлерінің 23 гектарға азайғанын (Темір шаруашылығында 59 га жер орман шаруашылығын жүргізу санатынан шығарылып, өндірстік жерлерге ауыстырылды және Мәртөк орман шаруашылығында 36 га орман қоры жері ұлғайды), ал орманмен жабылған ауданы 418 гектарға көбейді.
Орманмен көмкерілген алқапқа 496 га аударылды (оның ішінде орман екпелері 316га және табиғи жанданудан 180 га), алайда 2013 Ақтөбе орман шаруашылығы ММ жерінде өртеңдердің табиғи жаңаруынан көмкерілген алқапқа ауыстырылған 78 га талаптарға сай болмауына байланысты қайта өртеңдер жеріне аударылды. Мемлекеттік орман қоры жерлеріне
938 га орман екпелері отырғызылып жинақталмаған орман екпелері жерлеріне қосылды (оның ішінде: орман шаруашылығы мекемелерімен 813 га және орман алқаптарын қайта құру жобасы бойынша бұрын ағашы кесілген алқапқа келісім шарт негізінде мердігерлермен 125 га екпелер отырғызылды).
Орман екпелерінің өсіп дамымауына байланысты 611 га алқап есептен шығарылып алаңқай жерлерге қайта ауыстырылды, оның ішінде: 54 га өспей қалған бақтар және 557 га жинақталмаған орман екпелері.

1. Ормандардың санатының тобы және олардың халық шаруашылық маңызы.
01.01.2014 - 01.01.2015 жж аралығында мемлекеттік орман қорының өзгеріске ұшыраған санаттары бойынша түсіндірме
1. Қала ормандары мен орманды саябақтар санаты:
- жинақталмаған орман екпелері 240 га көбейді (Ақтөбе орман шаруашылығы ММ жайылымдық жерлер 115 га және ормандарды қайта құру жоспары бойынша бұрын ағашы кесілген алқапқа 125 га орман екпелері отырғызылды) мұнда орманды алқаптар 115 га көбейіп, ормасыз алқаптар 115 га азайды.
2. Елді мекендер мен емдеу-сауықтыру мекемелерінің жасыл аймақтары санаты:
- Темір орман шаруашылығы ММ-на қарасты 37 га бақтар қурап кетуіне байланысты есептен шығарылып алаңқай жерлерге қосылды.
3. Эрозияға қарсы ормандар санаты:
- Ойыл орман шаруашылығы ММ-не қарасты орман қоры жеріндегі жайылымдық жерлерде болған табиғи жандану нәтижесінде 180 га алқап орманмен көмкерілген алқапқа аударылды;
- Ойыл орман шаруашылығы ММ жайылымдық жерлерге 116 га алқапқа орман екпелері отырғызылып жинақталмаған алқапқа қосылды;
- Ойыл орман шаруашылығы ММ жинақталмаған алқаптан алқаптағы өспей қалған 155 га орман екпелерін есептен шығарып алаңқай жерлерге аударды;
- Темір орман шаруашылығы ММ құмдарда тұрған 59 га жерді 05.05.2009 жылғы №626 Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы негізінде орман қоры жерлерін басқа санатқа ауыстыруына байланысты бұрын шығарылмаған алқапты есептен шығарды.
4. Өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектілерінің жағаларындаға тыйым салынған орман жолақтары санаты:
- Ақтөбе орман шаруашылығы ММ 2013 жылы өртеңдерде табиғи жанданған 78 га алқапты орманмен көмкерілген алқапқа аударған болатын, алайда кейінгі тексеріс барысында анықталғандай орманды жерлерге аудару тәртібі сақталмағандықтан және ол өртеңдер өткен уақытта есепке алынбағандықтан аталған алқапты қайтадан өртеңдер бағанына қосты;
- Мәртөк орман шаруашылығы ММ жинақталмаған орман екпелері бағанынан өспей қалған 106 га алқапты алаңқай жерлерге қосты.
5. Егістік және топырақ қорғау ормандары санаты:
- орманмен көмкерілген алқап 316 га өсті (Үлкен Борсық - 50га, Қарабұтақ - 30 га, Мәртөк - 73 га, Темір - 75га, Қобда - 88 га аударды) аталған алқаптар жинақталмаған жерлерден алынып орман екпелері бағанына да қосылды
- Темір орман шаруашылығы ММ-на қарасты 17 га бақтар қурап кетуіне байланысты есептен шығарылып алаңқай жерлерге қосылды
- жинақталмаған орман екплері 30 га азайды: 582 га алқапқа орман отырғызылды, 316 га орманмен көмкерілген алқапқа ауыстырылып азайды, 296 га өспей қалуына байланысты есептен шығарылып азайды.
- алаңқай жерлер 637 га азайды: 506 га орман отырғызылып алынып тасталды, 313 га өспей қалған ормандар алқабы қосылды, 444 га Мәртөк ауданы әкімінің қаулысы негізінде алынып басқа бағандарға қосылды.
- 2008 жылы ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген 8 га (орман пайдаланушы ЖЕМ САГИЗ ЖШС) алқап келісім шарттың бұзылуына байланысты қайтарылып алынды.

1. Ақтөбе орман шаруашылығы ММ бойынша:
- Қарғалы орманшылығы жерінен қайта жаңғырту жоспары бойынша Қала ормандары мен орманды саябақтар санатындағы жайылымдық жерлерге 115 га және ормандарды қайта құру жоспары бойынша бұрын ағашы кесілген алқапқа 125 га орман екпелері отырғызылып жинақталмаған екпелерге 240 га қосылды;
- 2013 жылы өртеңдерде табиғи жанданған 78 га алқапты орманмен көмкерілген алқапқа аударған болатын, алайда кейінгі тексеріс барысында анықталғандай орманды жерлерге аудару тәртібі сақталмағандықтан және ол өртеңдер өткен уақытта есепке алынбағандықтан аталған алқапты қайтадан өртеңдер бағанына қосты;
- 2008 жылы ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген 8 га (орман пайдаланушы ЖЕМ САГИЗ ЖШС) алқап келісім шарттың бұзылуына байланысты қайтарылып алынды.
2. Үлкен Борсық орман шаруашылығы ММ бойынша:
- өсіп жетілуіне байланысты егістік және топырақ қорғау ормандары санатындағы жинақталмаған орман екпелеріндегі 50 га сол санаттағы орманмен қамтылған жерлерге және соның ішінде орман екпелері алқабына кіргізілді;
- егістік және топырақ қорғау ормандары санатындағы алаңқай жерлерге160 га алқапқа орман екпелерінің отырғызылуына байланысты сол санаттағы жинақталмаған орман екпелері жерлеріне қосылды;
- егістік және топырақ қорғау ормандары санатындағы жинақталмаған орман екпелері жеріндегі 68 га өспей қалуына байланысты сол санаттағы алаңқай жерлерге қосылды.
3. Қарабұтақ орман шаруашылығы ММ бойынша:
- өсіп жетілуіне байланысты егістік және топырақ қорғау ормандары санатындағы жинақталмаған орман екпелеріндегі 2008 жылы отырғызылған 30 га сол санаттағы орманмен қамтылған жерлерге және соның ішінде орман екпелері алқабына кіргізілді.
- егістік және топырақ қорғау ормандары санатындағы алаңқай жерлерге101 га алқапқа орман екпелерінің отырғызылуына байланысты сол санаттағы жинақталмаған орман екпелері жерлеріне қосылды;
- егістік және топырақ қорғау ормандары санатындағы жинақталмаған орман екпелері жеріндегі 50 га өспей қалуына байланысты сол санаттағы алаңқай жерлерге қосылды.
4. Мәртөк орман шаруашылығы бойынша:
- өсіп жетілуіне байланысты егістік және топырақ қорғау ормандары санатындағы жинақталмаған орман екпелеріндегі 2009-2010 жылдары отырғызған 73 га алқап сол санаттағы орманмен қамтылған жерлерге және соның ішінде орман екпелері алқабына кіргізілді;
- егістік және топырақ қорғау ормандары санатындағы алаңқай жерлерге76 га алқапқа орман екпелерінің отырғызылуына байланысты сол санаттағы жинақталмаған орман екпелері жерлеріне қосылды;
- егістік және топырақ қорғау ормандары санатындағы жинақталмаған орман екпелері жеріндегі 24 га өспей қалуына байланысты сол санаттағы алаңқай жерлерге қосылды;
- өзендер, көлдер, су қоймалары, каналдар және басқа да су объектілерінің жағаларындаға тыйым салынған орман жолақтары санатындағы жинақталмаған орман екпелері жеріндегі 106 га өспей қалуына байланысты сол санаттағы алаңқай жерлерге қосылды;
- Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімінің 24.02.2014 жылғы №57 Қаулысы негізінде Мәртөк орман шаруашылығы ММ-не тұрақты жер пайдалануға берілген 24.06.2011 жылғы №210 қаулысының күші жойылып, ал 30.10.2012 №350 қаулысының 1 тармағын келесідей өзгерту көрсетілген: орман қоры жері сөзі жайылым сөзімен өзгертіліп 0,7 басқалары сөзі алынып тасталды. 30.10.2012 №350 қаулы негізінде тұрақты пайдалануға 556 га жер беріліп 2013 жылдан бастап есепке кіргізілді. Мәртөк орман шаруашылығы ММ-не қарасты мемлекеттік орман қоры жерлері 8313 га деп алынып оған 556 га қосылған да жалпы орман қоры жерлері 36 га артты ол алқап алаңқай жерлерде қалдырылды.
Өткен жылғы есепте жаңадан қосылған жер алқабы алаңқай жерлерде болғандықтан 30.10.2012 №350 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман шаруашылығының орналасқан жері
Орманды алқаптар
Өсімдіктердің тіршілік формалары
Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
Жасыл ағаш екпелерді күту жұмыстары
Бақанас орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінде ондатрдың (ondatora zibeticus) таралу ареалы және оның санына әсер ететін факторлар
Қазақстан биоресурстары
Шөлдену – ғаламдық экологиялық мәселе
Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының географиясы мен оның рекрациялық маңызы
«БҚО, Бөрлі ауданындағы Қарағанды селолық округінде орналасқан «Тулеугалиев Б.Е.» шаруа қожалығының территориясын ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы»
Пәндер