Мемлекеттік қызметі


Мемлекеттік қызметі - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:
- Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлер;
- Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал;
- Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік - билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.
Мемлекет қызметінің негізгі мүдде-мақсаты: адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету.
Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-қатынастарды дұрыс реттеп басқарады.
Мемлекеттің функциялары - қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары. Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөлінеді:
- Таптық қайшылықтарды реттеу функциясы.
- Жалпы қоғамды реттеп-басқару функциясы.
Дамушы елдерде бұл функция жиі, күрделі түрде пайдаланады.
Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі.
Мемлекеттің ішкі функциялары:
- Экономикалық функция- мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономикалық дамуын реттеудің 4 тәсілі болады:
- Салық саясаты арқылы мемлекет бюджеттің дамуын реттеп - басқару.
- Экономикалық тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп дамыту.
- Ғылым мен техниканы дамытып экономиканы көтеру.
- Мемлекеттік өндірісті дамыту.
- Әлеуметтік функция- мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі - халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәреже дамыту.
- Қаржы реттеу функция- қоғамдағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп - басқарып отыру. Бюджеттің дұрыс пайдалануын қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады. Шекарадан заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті мемлекеттік кеден аппараты тексеріп, бақылап отырады.
- Мәдениет бағытындағы функция- адамның денсаулығы рухани сана-сезімі, білімі, әдеп-ғұрпы, салт-дәстүр, әдебиет, өнер, т. б. Мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамып отырады.
- Экономикалық функция- бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Жеке мемлекеттер де, жеке ұйымдар да, жеке адамдар да өздерінің үлесін қосуға міндетті. Табиғатты ластау адам қоғамының болашағын жою. Сондықтан БҰҰ бақылауында, халықаралық құқық шеңберінде біраз нормативтік актілер қабылданып, мемлекетаралық бағдарлама бекітілді.
- Құқықтық тәртіпті қорғау функциясы- қоғамда мемлекеттің, бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде мақсаттарын қорғайтын әділетті, инабатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек. Қарап, қалыптастыратын, реттеп - басқаратын мемлекет.
- Қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы-бұл мемлекеттің органдарының қызметінің ең күрделі, жауапты түрі. Осы функция арқылы адамдардың бостандығын, құқықтарын қамтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға мүмкіншілік қалыптастыру.
- Ғылыми-техникалық прогресті дамыту функциясы-қазіргі заманда қоғамның жақсы даму бағыты: Ғылым мен техниканы қарқынды түрде дамуына толық мүмкіншілік жасау, барлық қаржыны мемлекеттік бюджетке тапсыру. Бұл істі бір орталықтың басқаруы қажет.
Мемлекеттің сыртқы функциялары.
- Екіжақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу т. б. іс-әрекеттер жасау. Бұдан мемлекеттер ұтылмайды, керісінше, ұтыстарды молайтады.
- Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту. Барлық мәселені бейбітшілік жолмен шешу. Бұл байланыс үш түрлі деңгейде жүргізіледі: парламентарлық, үкіметаралық және жергілікті басқару аппараттарының байланысы.
- Мәдени және ғылыми-техникалық мәдени ынтымақтастықты қалыптастыру. Бұл жұмысқа мемлекеттік емес ұйымдарда кеңінен қатысып жүр.
- Дүниежүзілік ғаламдық мәлелерді реттеп, іске асыру. Қазіргі замандағы глобалдық проблемалар: бейбітшілікті сқтау, экологияны жақсарту, адамдардың сауатсыздығын жою, дүниежүзіндегі халықтардың денсаулығын, әлеуметтік жағдайын жақсарту, цивилизациялық жетістіктерді қорғап, сақтау, дамыту.
- Мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мәселені жаңаша, қазіргі заманға сәйкес шешу. БҰҰ арқылы соның шеңберінде реттеп, шешуді қарастыру және әр мемлекеттің өзінің бейбітшілік саясаты дамып, нығаяы керек.
Мемлекеттің функциясы диалектикалық даму процесі арқылы оның мазмұны да, орындалу тәсілі де өзгеріп, жаңарып жатады. Жер жүзіндегі мемлекеттердің функциясы сан жағынан әр түрлі болады. Мемлекеттердің бәрінде функциялар міндетті түрде болады, олар халықаралық құқыққа, мемлекетаралық шарттарға сәйкес дамып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz