Қазіргі Қазақстандағы конфессияаралық қатынастар



1 Қазіргі заманғы Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың ерекшеліктері
2 Н.Ә. Назарбаев . этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақ моделінің негізін салушы
3 Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық қатынастар және ел бірлігін нығайтудың өзектілігі
4 Доктринаны іске асырудың негізгі бағыттары
5 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНАРАЛЫҚ ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСТАР
Қазақстанда қазіргі уақытта шамамен 40 шақты діннің өкілдері өмір сүреді, сондықтан этносаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Кеңес Одағы кезіндегі ұзаққа созылған дінсіздік ұмыту кезеңінен соң Қазақстанда бүгінде ғұрыптық мінәжат үйлері – мешіттер, шіркеулер, синагогалар және өзге де ғибадатханалар қайтадан ашылуда. Оған қоса, тіркелген діни бірлестіктер мен орталықтар елде емін-еркін жұмыс жүргізуде. Олардың барлығы бейбітшілік және қоғамның бірлігі жағдайында азаматтарға рухани тәрбие беруді көздейді. Мейлінше кең тараған діндер – ислам мен христиандық. Сондықтан Құрбан айт және православтық Рождество республикамызда демалыс күндері болып саналады.
Мемлекет басшысының аса маңызды бастамасының бірі Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу болды. Осымен төртінші рет өткен бұл форум барған сайын кең халықаралық резонанс тудыруда. Ол жаһандық басты дінаралық диалог алаңына айналды деуге болады. Съезд бүкіл әлемнен келген түрлі діни бағыттар өкілдерінің басын біріктірді. Оған қатысушылар бұл шараның дінаралық келісім ісіне қомақты үлес қосып отырғанын айтуда.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазіргі қазақстандағы конфессияаралық қатынастар

Қазақстанда қазіргі уақытта шамамен 40 шақты діннің өкілдері өмір
сүреді, сондықтан этносаралық және конфессияаралық келісім мемлекеттік
саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады. Кеңес Одағы кезіндегі
ұзаққа созылған дінсіздік ұмыту кезеңінен соң Қазақстанда бүгінде ғұрыптық
мінәжат үйлері – мешіттер, шіркеулер, синагогалар және өзге де
ғибадатханалар қайтадан ашылуда. Оған қоса, тіркелген діни бірлестіктер мен
орталықтар елде емін-еркін жұмыс жүргізуде. Олардың барлығы бейбітшілік
және қоғамның бірлігі жағдайында азаматтарға рухани тәрбие беруді көздейді.
Мейлінше кең тараған діндер – ислам мен христиандық. Сондықтан Құрбан айт
және православтық Рождество республикамызда демалыс күндері болып саналады.

Мемлекет басшысының аса маңызды бастамасының бірі Астанада Әлемдік
және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу болды. Осымен
төртінші рет өткен бұл форум барған сайын кең халықаралық резонанс
тудыруда. Ол жаһандық басты дінаралық диалог алаңына айналды деуге болады.
Съезд бүкіл әлемнен келген түрлі діни бағыттар өкілдерінің басын
біріктірді. Оған қатысушылар бұл шараның дінаралық келісім ісіне қомақты
үлес қосып отырғанын айтуда.

Қазіргі заманғы Қазақстандағы конфессияаралық қатынастардың
ерекшеліктері

Үстіміздегі жылдың 26 маусымында Мемлекет тарихы институтының
қабырғасында Деректану, тарихнама және Отан тарихы бөлімінің
ұйымдастыруымен Қазіргі заманғы Қазақстандағы конфессияаралық
қатынастардың ерекшеліктері атты семинар жұмысы өтті. Семинар ҚР Білім
және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің бекіткен Қазақстан-2050
Стратегиясы шаралары аясында өткізіліп отыр. Семинардың мақсаты
Конфессияаралық қарым-қатынастардың негізгі үрдістері мен ахуалын қарастыру
және жаңа әлеуметтік кезеңдегі бағыттарын анықтау; Қазіргі заманғы
Қазақстандағы діни экстремизмдік мәселелерді талқылау. Күн тәртібіне
Қазіргі заманғы Қазақстанның конфессияаралық қатынастар ахуалы және Қазіргі
заманғы Қазақстанның діни экстремизмдік жағдаяттары тақырыптары қойылды.
Семинарға Қазақстан Республикасының Дін істері агенттігі, Қазақстан
Республикасының жетекші ғалым-тарихшылары, ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы
институтының қызметкерлері қатысты. Аталмыш тақырып Институттың іргелі және
қолданбалы зерттеу объектілерінің бірі болып табылады. Жаһандық заманда дін
мәселесі жан-жақты зерттеуді қажет ететін өзекті тақырыптардың біріне
айналып отыр. Еліміздегі діни ахуалдың даму ерекшеліктеріне және
мемлекеттік органдар тарапынан осы салада жүргізіліп отырған шаралары жайлы
толық қанды, ақпарат беру үшін Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі
Исламдық діни бірлестіктер мен байланыстар басқармасының бастығы, теология
докторы Балғабек Әбдіқайымұлы МЫРЗАЕВ қонаққа шақырылды. Балғабек
Әбдіқайымұлының айтуы бойынша қазіргі таңда еліміздегі діни ахуал тұтастай
алғанда қалыпты. Халық арасында жүргізілген сауалнамаға сүйенсек, Қазақстан
азаматтарының 90 пайызға жуығы елдегі діни ахуалды қалыпты деп бағалап
отыр. Бүгінде Қазақстанда 18 конфессияға қатысты 3449 діни бірлестік қызмет
етуде. Оның ішінде исламдық діни бірлестіктердің саны 2393 құрап отыр. Діни
ахуалдың дамуы үшін елімізде толыққанды құқықтық база қалыптастырылды.
„Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы“ жаңа заң қабылданғаннан кейін
оның аясында 15 заңнамалық акті әзірленіп, қабылданды. Нәтижесінде діни
саладағы барлық шаралар мен ережелер реттелді. Ғибадат үйлерін салу, діни
жораларды өткізуге арналған үй-жайларды орналастыру, діни әдебиеттерді
тарату үшін арнайы орындарды белгілеу, миссионерлік қызметті жүзеге асыру
және т.б. бағыттарда нақты талаптар мен стандарттар қабылданды.
Эксремисттік әдебиеттердің елімізге енуіне жол бермеу мақсатында үш жыл
ішінде Агенттікте 25 мыңға жуық кітап сараптамадан өтіп оның 300-ге жуығына
тосқауыл қойылды. Конфессияаралық келісімді қамтамасыз ету, тұрғындардың
діни мәселелері туралы сауатын арттыру, діни экстремизмнің алдын алу
мәселелері бойынша қоғам арасында кешенді түсіндіру жұмысы ұйымдастырылды.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөнінде 2013–2017 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарлама жасақталып, іске асырылуда. Ғаламтор
кеңістігіндегі жұмыстар ретке келтірілді. Исламның дәстүрлі қағидаларын
түсіндіретін және діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған „E-islam“
ақпараттық-ағартушылық ғаламтор-порталы құрылып, белсенді жұмыс істеп
жатыр. Діни мазмұндағы 2000-нан астам Интернет ресурстарына сараптама
жасалып, 500 сайтты жабу туралы ұсыныстар берілді. Оқу, ағарту, білім
саласы бойынша біздің дінге қайшы келмейтін шетелдің 10 оқу орны бекітілді.
Осы оқу орындарында біздің жастар білім ала алады — деп ойын
қорытындылады. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы Еуразия ғылыми-
зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек
Ермұханұлы ҚАБЫЛДИНОВ Діни экстремисттік топтарға төтеп беру және
толеранттықты қалыптастыру атты зерттеулеріне сүйене отырып Қазақстандағы
діни ахуалды көтеру үшін келесі мәселелерді қолға алу керектігін атап өтті.
Олар: 1) Халыққа әлеуметтік көмекті күшейту. Әсіресе ауылды жерлердің
жағдайын көтеру; 2) Қазақстанның Солтүстік өңірлерінде Діни білім ошағын
ашу, мешіттер салу; 3) Имамдардың мектеп оқушыларымен, әскери орындарындағы
сарбаздармен жұмыс жүргізуі; 4) Колонияда отырған азаматтарды түзу жолға
түсіріп, қатаң бақылауға алу; 5) Діни сапалы кітаптарды екі тілде жазу және
көбейту. Ғалымның пайымдауы бойынша Қазақстанның барлық өңірлерін салыстыра
келе, әсіресе Солтүстік өңіріне баса назар аудару керек. Өйткені бұл өңірде
басқа дінге өтіп кету қаупі төніп тұр. Семинар жұмысында Елбасымыздың
бастамасымен барша қазақстандықтарды біріктіретін және еліміздің болашақ
іргетасын құрайтын басты құндылықтар айтылып өтті. Қоғамдық келісімді
сақтап дамыту мемлекеттің, азаматтық қоғамның, діни бірлестіктердің бір
жолғы емес, тұрақты түрде күш жұмсауын талап етеді. Жұмысымыздың басты
басымдығы рухани құндылықтарымызды ары қарай нығайту болып қала береді.
Семинар соңында қонақтарға әр-түрлі маңызды сұрақтар қойылып, кішігірім
пікір-талас болып және ой-қорытынды жасалды.

Н.Ә. Назарбаев – этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақ
моделінің негізін салушы

Қазіргі әлемдегі мемлекеттер арасында да, және олардың ішінде де
қалыптасқан қарым-қатынас орнатылғандай болып, түбегейлі қайта қаралуға
ұшыраған ахуалмен қақтығысты, бұл өсіп бара жатқан тұрақсыздыққа және жалпы
болашақ әлемнің айтарлықтай айқын көмескі келешегіне әкеп соқтырды.
Ешнәрсе, әсіресе жаһандық ауқымда болып жатқан үрдістер маңызды себептерсіз
жүзеге аспайды. Және де бүгінгі күні ұлттық даму проблемасы, этносаралық
қарым-қатынас мәселелері, дін мәселесі өте өзекті болса, адамзатқа ұдайы
өзінің белгілі бір даму сатысында бұрын-соңды шешілген проблемаларды қайта
шешуге тура келетінін белгілейді. Бір жақтан, таңданатын еш нәрсе жоқ:
жаңа халықаралық контекст, жаңа қауіп пен қатерлер немесе діни конфигурация
– бұның барлығы жаңа әдіс-тәсілді қажет етеді. Алайда, екінші жақтан,
тарихтың ілгері қарыштайтын қадамы кейбір проблемаларды айтарлықтай
анықтықпен шешуі тиіс, және де жаңа міндеттер пайда болған кезде тарихи
тәжірибеге сүйенуге болар еді. Өткеннің тәжірибесі құнды да өзекті, алайда
оны қолдану саласы үлкен емес, себебі қазіргі кездегі реалийлер
кешенділігімен, ғаламдығымен және тереңдігімен ерекшеленеді. Бұл
этносаралық және дінаралық қатынастың саласындағы проблемаларға толық
байланысты екенін атап өту керек. Бұл ретте, осы проблемалардың
халықаралық, және де ел ішіндегі деңгейі туралы сөз қозғауға болады.
Жаһанданудың өлшемдері көп, соның ішінде бұрын-соңды байқалмаған көші-қон
көлемі, бір-бірімен өркениетті қабылдамау және де бір уақытта жақындасу,
дін алаңының кеңеюі және де оның қоғамдық мәртебесінің төмендеуі және т.б.
Заманауи уақыттың феномендерінде этностар мен діндер арасындағы қатынастар
бар, ал кейде басым да болады. Мемлекеттер діни бірлестіктермен –
зайырлыдан теократиялық қатынас түріне қарамастан, мемлекеттік-конфессиялық
қарым-қатынасты құруға мәжбүр болады, бұл жерде мемлекеттік органдар
діндердің мемлекет үстіндегі сипатына барып тірелетін, әдетте, қиыншылыққа
душар болады. Діндер халықаралық өмірдің елеулі факторына айналып,
мемлекеттік шекараның сыртынан әрекет етеді. Этностық әр түрлілік пен
этносаралық қатынасқа қатысты осындай сәйкес жағдай қалыптасқан. Бір елде
басым болған этнос, басқа елде этностық азшылық қатарында болуы ықтимал.
Көп этностық мемлекеттер үшін кейде этносаралық келісімді сақтау жіті
мәселеге айналуы мүмкін. Қазіргі заманның айтарлықтай барша жанжал-
шиеленістің негізінде ұлттық немесе дін факторлары жатыр, деп белгілейді
зерттеушілер. Дін еркіндігі қазіргі әлемнің құқықтары мен бостандықтары
арасында басымдылықты алды және де қазіргі уақытта айқындаушы болмаса да,
маңызды деңгейге жетті. Олардың артып келе жатқан рөлімен дамушы
мемлекеттер де, экономикасы дамыған және тұрақталған демократиялық саяси
жүйелері мен институттары бар мемлекеттер де түйіседі. Әлем қоғамдастығы,
сарапшылар мен талдаушылар конфессияаралық және этносаралық қарым-қатынас
саласындағы проблемалардың нысаны мен оларды шешу тәсілдеріне зер салып
қадағалайды, оған түрлі елдердің басшылары мен үкіметі сүйенеді, жалпы
алғанда қоғамдық құрылымдар мен азаматтық қоғамдардың тәжірибесін
жинақтайды. Сол себептен дінаралық және этносаралық қарым-қатынасты
құрудағы оң тәжірибе мен жаңашыл табыстарға жете көңіл бөлінеді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынасты сәтті құра
алатынын, этносаралық келісімді қолдап, дамыту және сонымен қатар
мемлекеттік құрылыстың проблемаларын шеше алатынын бүкіл әлемге көрсете
алды, бұның барлығы жаһандану процестерінің тереңдеген және әлемдегі жалпы
тұрақсыздықтың үдей түскен, қауіп және қатердің ескісі қайта көрініп,
жаңаның қалыптасқан кезінде көрініс тапты. Әрине, әлемде осы проблемалардың
шешілуінің өзге де оң мысалдары бар, алайда Қазақстан халқының көп этностық
және көп конфессиялық құрамына, еуразиялық географиялық және геосаяси
жағдайына, бірқатар әлемдік және өңірлік державалардың келіспейтін және
тіпті қарама-қайшы келетін ұлттық мүдделерінің қатты қысымының зарын
тартатын жағдайға, әлемдік қаржы жүйесінің негізін тітіреткен, жаһандық
экономикалық дағдарысқа келетін болсақ, Қазақстан Республикасы халық пен
басшылықтың табандылығын, күші мен даналығын паш етеді. Осы жайтты
мемлекет көшбасшылары, халықаралық шенеуніктер, сарапшылар мен түрлі
елдердің қарапайым халқы айқын көріп отыр. Сол себептен, Қазақстанмен
өткізілетін ірі форумдар бастамашылығына белсенді үн қосады, мысалға
Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі (2003, 2006, 2009 жж.)
немесе сыртқы істер министрлерінің деңгейінде өтетін Общий мир: прогресс
через разнообразие атты халықаралық форум (2008 ж.). Қазақстан
Республикасының бастамашыл етуімен БҰҮ Бас Ассамблеясының 62-сессиясы
барысында 2010 жылды Мәдениеттер жақындасуының халықаралық жылы деп атау
туралы қарар қабылданды. Сонымен қатар, АӨСШК, ШЫҰ, ЕЭҚ, Ислам
Конференциясы Ұйымы қызметінде Қазақстанның атқаратын рөлі зор екені мәлім.
Қазақстанның конфессияаралық және этносаралық келісімді қолдап, дамытуда,
ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуде және халықаралық аренада әрекет етуші
бастамаларды ортаға салудағы табыстылығы, 2010 жылы әлемдік қоғамдастықпен
ЕҚЫҰ төрағалық ету ұсынылғанына және 2011 жылы Ислам Конференциясы Ұйымында
төрағалық етуіне әкелді. Елдің табыстылығы әрқашанда оның Президентімен
байланысты болады, кейде ол толықтай оның еңбегінің арқасында іске
асырылады. Н.Ә. Назарбаев қазақстандықтардың көңілінен түсіп қана қоймай,
мемлекет көшбасшыларының және де заманауи әлемнің түрлі елдерінің қарапайым
адамдарың құрметіне бөленді. Ел басқарумен байланысты оның күнделікті
жұмысы стратегиялық мақсаттарды, тұжырымдамалар мен Қазақстанды дамыту
бағдарламаларын әзірлеумен айрықша табыстылықпен үйлеседі. Қазақстан
Президенті Н.Ә. Назарбаев этносаралық және конфессияаралық тыныштық пен
келісімді қолдамаған жағдайда, келісім сақталмайтына, Қазақстан
Республикасында ішкі саясат тұрақтылығын сақтау міндеттеріне әрдайым көңіл
аударады. Сол себептен Қазақстанда ұлттық бірлік пен діни бейбітшілікті
сақтау міндеттері Қазақстан Президенті үшін басымды міндет болып табылады.
Өзінің зерттеулерінде, кітаптарында, Қазақстан халқына Жолдауларында,
Қазақстан халқы Ассамблеясы сессияларында, әлемдік және дәстүрлі дін
басшыларының съезінде сөйлеген сөздерінде, мақалаларда, сұхбаттарында Н.Ә.
Назарбаев этносаралық және конфессияаралық келісім тақырыбына, рухани
келісімді бекітудің өзекті проблемаларына тұрақты түрде оралып, Қазақстан
Республикасының үкіметі, жергілікті мемлекеттік органдар, қоғамдық
құрылымдар, жастар ұйымы үшін түйінді болып табылатын осы мәселелерді
қолдау қажеттілігінде зейін аударады. Қазақстандық және әлем жұртшылығының
назарына ұсынып отырған кітапта құрастырушылар түрлі деңгейлер мен
маңыздағы материалдарды жинады. Оларды Қазақстандағы этносаралық және
конфессияаралық қатынас тақырыбы біріктіреді, және де Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тұлғасы қазақстандық қоғамда
тұрақтылық пен бейбітшіліктің кепілі және этносаралық пен конфессияаралық
келісімнің қазақ моделінің негізін салушысы екені күмәнсіз.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы этносаралық және конфессияаралық
қатынастар және ел бірлігін нығайтудың өзектілігі

Ғасырлар бойы қазақтардың тарихи мекенінде әралуан мәдениеттің, дін
мен дәстүрлерді ұстанған көптеген халықтардың тағдыры тоғысты. Нәтижесінде
140 этнос пен 40 конфессия өкілдері қазақтармен қоян-қолтық бейбіт өмір
сүретіндей айрықша жағдай қалыптасты. Сонымен қатар, түрлі этностардың ұзақ
уақыт қатар өмір сүруі қоғамда төзімділіктің орнықты дәстүрлерін
қалыптастырды. Тәуелсіздікке ие болған алғашқы күннен бастап қазақстандық
қоғамды ұйыстыру, барлық этностық топтардың тең құқықты өмір сүруін
қамтамасыз ету мемлекеттің ұлттық саясатының іргелі бағыттарына айналды.
Өтпелі кезеңнің күрделі жағдайында мемлекеттің мақсатты және дәйекті
саясатының арқасында Қазақстанда этносаралық негіздегі қақтығыс,
тұрақсыздық пен қоғамдағы жіктелу бола қойған жоқ. Этностық емес,
азаматтық қауымдастық құруға бағытталған бастапқы таңдау келісім мен
тұрақтылықтың іргетасы болып қаланды. Этностық ерекшелігіне қарамастан
елдегі барлық азаматтардың мүдделерін тоғыстыру ең дұрыс жол екендігін
уақыт көрсетіп берді. Қазіргі таңда Қазақстанда әлемдік қоғамдастық
тарапынан жоғары бағаға ие болған этносаралық келісімнің өзіндік үлгісі
қалыптасты. Этносаралық келісімді қамтамасыз етудің тиімді нормативтік
құқықтық және тұжырымдамалық негіздері құрылды. Қазақстан Республикасының
Конституциясы этностық, нәсілдік, діни немесе өзге де ерекшеліктеріне
қарамастан, барлық азаматтардың мүдделерінің қорғалуына кепілдік берді.
Негізгі заңның нормалары барлық этностық топтар арасында сенім және өзара
құрмет негіздерін қалады. Этносаралық және конфессияаралық келісімді
қамтамасыз етудің басымдықтары Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қоғамның
идеялық ұйысуы Қазақстан прогресінің басты шарты атты бағдарламалық
еңбегінде, Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясында, ҚР
мемлекеттік сәйкестілігін қалыптастыру тұжырымдамасында көрсетілген. Бұл
тақырып Мемлекет басшысының Тарих тоғысында, Сындарлы он жыл
кітаптарында, Қазақстан халқы Ассамблеясының сессияларындағы
баяндамаларында және өзге де сөйлеген сөздерінде жан-жақты көрсетілген.
Сонымен қатар, ел Президентінің тапсырмасымен Тілдерді дамыту мен
қолданудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан
халқы Ассамблеясының орта мерзімге арналған стратегиясы (2011 жылға дейін)
және басқа да құжаттар қабылданды. Ұлттық саясаттың басты құралдарының бірі
1995 жылы құрылған, 818 этномәдени бірлестікті қанатының астына жинаған
Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) болды. Олардың басшылары ҚХА-ның, сондай-
ақ және аймақтық ассамблеялардың құрамына кіреді. 46 этностың өз этномәдени
орталықтары бар. 2007 жылы конституциялық реформалардың аясында Ассамблея
Парламент Мәжілісіне тоғыз депутат сайлау құқығына ие болды. Сөйтіп,
этностық топтардың Парламентте өкілдік етуінің конституциялық тетігі
енгізілді. 2008 жылы әлемде ешбір баламасы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясы
туралы Заң қабылданды. Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекет
қызметінің маңызды бағыты теңгерімді тіл саясатын жүргізу болып табылады.
Конституцияға сәйкес, қазақ тілі - мемлекеттік тіл болып табылады,
мемлекеттік ұйымдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарында қазақ
тілімен тең дәрежеде орыс тілі ресми түрде қолданылады. Мемлекет Қазақстан
халқының тілдерін оқып-үйрену мен дамытуға жағдай жасайды. Мемлекеттік
тілдің қолдану аясын кеңейтудің, оның бәсекелестігін арттырудың 2007-2010
жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Орталық және жергілікті
мемлекеттік органдарда іс қағаздарын жүргізуді кезең-кезеңмен мемлекеттік
тілге көшіру жүзеге асырылуда. Елдің барлық өңірлерінде 60-тан аса қазақ
тілін оқыту орталықтары жұмыс істейді, 2009-2011 жылдары олардың санын 120-
ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта қазақстандық
оқушылардың 61%-і, студенттердің 48%-і қазақ тілінде білім алуда. Сонымен
қатар, Қазақстанда тұратын өзге этностардың тілін дамыту қамтамасыз
етілуде. 1673 мектепте оқыту орыс тілінде жүргізіледі. Таза өзбек, тәжік
және ұйғыр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Этникааралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің саяси типологиясы
Көпэтностық қоғамдағы дін: толеранттылыққа жетудің жолдары
Қазіргі таңда Қазақстанның саяси және экономикалық өрлеу кезеңінде ҚХА құрылу және даму қажеттілігі
Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы
Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Зайырлы Қазақстандағы рухани мәселелер
Азаматтық, Қазақстандық елжандылық, этносаралық келісім тұралы ұғым
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары
Қазақстан Республикасында діни саясатты құқықтық қамтамасыз ету
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
Пәндер