МҮК ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (МОХОВИДНЫЕ) – ВRҮОРНҮТА


МҮК ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (МОХОВИДНЫЕ) - ВRҮОРНҮТА
Бұл бөлімге өмір сүруі ылғалы жеткілікті, көп жағдайда тіпті аса ылғалды ортамен байланысты болып келетін жоғары сатыдағы өсімдіктер жатады. Аздаған мүк тәрізділер ылғалы жеткіліксіз облыстарда өмір сүреді. Мысал ретінде оған жасыл мүк туысының Tortula desertorum және басқада түрлерін, Riccia -ның көптеген түрлерін алуға болады. Бұл мүктер жылдың құрғақ мезгілінде тыныштық күйде болады да, ылғал түсісімен өсуін жалғастырады.
Мүк тәрізділердің карапайым түрлері сабаққа және жапыраққа бөлінбейді, олардың вегетативтік денесі талломнан немесе слоевищеден тұрады. Жақсы жетілген мүк тәрізділер нағыз жапырақты сабақты өсімдіктер болып келеді. Барлық мүк тәрізділердің тамырлары болмайды.
Өсімдіктің субстратқа бекінуін және топырақтан ылғалды кабыддау қызметін ризоидтары атқарады. Ризоид дегеніміз сыртқы клеткаларда болатын өсінділер.
Өткізгіш системасы шоқ түрінде болмайды, тек кейбір өкілдерінде (жапырақты сабакты мүктердің ішінде Роlуtrісһасеaе тұқымдасында) трахеидтер мен сүзгілі түтіктерге ұқсас өткізгіш элементтері пайда болады. Олар басқа жоғары сатыдағы өсімдіктердің орталық цилиндрінің құрылысына ұқсас жобада пайда болады.
Мүк тәрізділерді басқа жоғары сатыдағы өсімдіктерден ерекше бөліп тұратын негізгі бір белгі, ол бұлардың даму циклінде гаметофитінің (жыныстық ұрпақтың) басым болуы және спорофитінің (жыныссыз ұрпақтың) біршама нашар жетілуі. Сонымен бірге спорофитінің тіршілігі барлық уақытта гаметофитпен байланысты.
Спорофит мүк тәрізділерде спорогон деп аталады. Ол ішінде спорасы, төменгі жағында сағағы (тірсегі) бар қорапшадан тұрады. Сағақтың (тірсектің) төменгі жағы емшек тәрізді жуандап келген, оны гаусторий деп атайды.
Осы гаусторий арқылы спорогон гаметофиттің денесіне еніп, одан өзіне қажетті қоректік заттарды алады.
Мүк тәрізділердің спораларынан протонема (алғашқы жіпше, өскінше) дамиды. Ол балдырға ұқсас жіп немесе табақша (пластинка) пішінді денешік. Протонеманың сырт карағанда толық жетіліп қалыптасқан өсімдіктен айқын айырмасы болады. Кейде ол аса үлкен болып жетіледі. Протонема тікелей мүк өсімдігіне айналады, не болмаса бүршіктер тұзеді. Осы бүршіктерден келешегінде нағыз мүк өсімдігі пайда болады.
Толық жетілген өсімдікте антеридийлері мен архегонийлері пайда болады (көп жағдайда әртүрлі особьтарда) .
Антеридийлерде екі талшығы бар сперматозоидтар жетіледі. Ұрықтанғаннан кейін зиготадан спорогон жетіледі,
Вrуорһуtа өте ертеде пайда болған өсімдіктердің тобы. Мүк тәрізділердің казба түріндегі қалдықтары таскөмір дәуірінен белгілі. Алайда олар күмәнсіз ұзақ эволюциялық жолдан өткен, толық қалыптасқан есімдіктер. Соңдықтан мүк терізділердің пайда болған уақытын әлде қайда кейінге - девон немесе силури дәуірлеріне шегерген жөн.
Кейбір риниофиттердің ( Нorneophyton - ның) мүк тәрізділерге ұқсас белгілерінің бар екендігі белгілі (спорангийлері сфангумның қорапшасының құрылысына ұқсас) . Бұл дегеніміз мүк тәрізділер мен бізге белгілі риниофиттердің ертеректе туыстық жақындықтарының болғандығын және олардың арғы тегінің бір екендігін көрсетеді. Ал риниофиттердің қалған жоғары сатыдағы өсімдіктердің алғашқы бастамасы болып келетіндігі белгілі. Мүк тәрізділер мен риниофиттер жер бетіндегі өсімдіктердің ең қарапайым түрлерінен пайда болған. Шамасы ол өсімдіктердің гаметофиттері мен спорофиттері бірдей дамыған болса керек. Одан әрі дамудың барысында Вrуорһуtа - ның гаметофиті негізінен жақсы жетіліп, ал калған жоғары сатыдағы өсімдіктерде керісінше спорофиті прогрессивтік бағытта дамып, гаметофиттері редукцияға ұшыраған. Сонымен Вrуорһуtа эволюцияның дараланған жеке бір бұтағы болып есептелінеді.
Классификациясы. Вrуорһуtа бөлімі 3 класқа бөлінеді: бауыр мүктері класы ( Нepaticopsida ), антоцероттар класы ( Аnthocerotopsida ) және жапырақты сабақты мүктер класы ( Bryopsida ) . Айта кеткен жөн бірқатар бриологтар антоцероттарды бауыр мүктеріне жатқызып, оларды осы кластың бір тармағы немесе қатары ретінде қарастырады.
Мүк тәрізділерді инвентаризациялау әлі күнге дейін аяқталмаған, әсіресе бриологтар тропикалық және оңтүстік жарты шар аймақтарын нашар зерттеген. Дүние жүзі бойынша шамамен 22000-нан 27000-ға дейін мүк тәрізділердің түрлері кездеседі. Олардың 8500 дейін бауыр мүктері (280 туыс), 14500-ге дейін {кейбір авторлардың мәліметтері бойынша 18000-дейін) жапырақты-сабақты мүктер (700-ден аса туыс) және 300-дей түрін (3 немесе 6 туыс) антоцероттар түзеді. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде түрлерінің саны жағынан мүк тәрізділер гүлді өсімдіктерден кейінгі екінші орынды алады.
БАУЫР МҮКТЕРІ КЛАСЫ
Бұл кластың өкілдері вегетативтік денесінің дорзовен-тральды болып келуімен ерекшеленеді. Бұларға талломды формаларымен қатар жапырақты сабақты өсімдіктерде жатады. Алайда соңғыларының вегетативтік денесі жапыраққа және сабаққа бөлінгенімен дорзовентральды қалпын сақтайды. Бауыр мүктерінің кейбір клеткаларында (талломды және жапыракты сабақты өкілдерінде) бір, екі немесе бірнеше майлы денешіктер болады. Олар әзірге сферокарпуста және антоцероттарда белгісіз. Майлы денешіктер клеткалардың ішінен шығатын артық заттар (секреты) . Химиялық кұрамы жағынан, олар эфир майларының қоспасы, шамасы өсімдіктерді малдың жеп қоюынан қорғайтын болса керек.
Бауыр мүктерінің аздаған бір тобының жапырақтары мен сабақтары болады. Олардың вегетативтік денесінің құрылысы радиальды болып келеді (Нарlоmіtrіаsеs) .
Спорофиттің қорапшасында спорадан баска элатералар болады, олар споралардың шашылуына үлкен әсерін тигізеді.
Бауыр мүктерінің протонемасы нашар жетілген және көп жағдайда ол қысқа жіпше немесе пластинка түрінде болады.
Бауыр мүктері класы мынадай екі класс тармағынан тұрады: Marschantiidae жөне Jungermannidae
Маршанциялар класс тармағы (маршанциевые) - Marschantiidae
Бұл класс тармағына үш қатар жатады: Marschantiidae, Sphaerocarpales және Monocleales. Осы үш қатардың алғашқы екеуінің өкілдері табиғатта кең таралған.
- АНТОЦЕРОТТАР КЛАСЫ (АНТОЦЕРОТОВЫЕ) - ANTHOCEROTOPSIDA
Антоцероттар класы өз атын гректің anthos -гүл және keros- мүйіз деген сөздерінен алған. Бұлардың жертаған (розетка) түзетін қара-көк түсті, табақша (пластинка) пішінді, жерге жабысып өсетін талломында, ұзынша және аздап қисықтау болып келген мүйіз формалы спорогондары дамиды.
Бұл кластың өкілдері баска мүк тәрізділерден гаметофитінің қарапайымдылығымен және спорофитінің кұрылысының өте күрделі болып келуімен ерекшеленеді. Бұлардың спорофиттері ерекше меристемалық клеткалардың көмегімен ұзақ уақыттар бойы өсуге бейімделген.
Гаметофитінің құрылысының көптеген белгілері антоцероттарды балдырлармен жақындастырады, ал спорогонының кұрылысында керісінше жапырақты сабақты мүктерге тән белгілер бар.
Антодероттар класына жер шарының негізінен тропикалық және қоңыржай климатты облыстарында кеңінен таралған 300-дей түр жатады.
Бұл класс антоцероттар ( Anthocerotales ) деп аталатын бір ғана қатардан тұрады. Антоцероттар қатары 2 тұкымдастан: Anthocerotaceae және Notothylaceae. Anthocerotaceae; тұқымдасына 3 туыс жатады.
Бұлар батпақты жерлерде, егістіктерде және ылғалы мол жыралардың бойында өседі. Антоцеростың талломдары жертаған тәрізді, көлемі 0, 5-3 см-ден аспайтын, шет жағы тілімделген қоңыр-жасыл түсті болып келеді. Олар өзінің ортаңғы бөлімі аркылы жерге жабысып бекінетін 6-10 қабат клеткалардан тұрады. Талломдарының шеті бір қабат клеткалардан тұрады және көп жағдайда олар жоғары карап қайырылған болып келеді (А. punctatus), Жерге талломдар қарапайым ризоидтары арқылы бекініп тұрады. Талломдар өз телімдерінің (лопасть) арасында орналасқан төбе клеткалары арқылы өсіп отырады.
Талломның анатомиялық құрылысы өте карапайым болып келеді. Ол біртектес паренхималық клеткалардан тұрады. Эпидермисі нашар жетілген. Талломның клеткаларында балдырлардағыдай ішінде пиреноиды бар пластинка тәрізді хромотофорлары (әр клеткада бір-бірден) болады.
Талломның сыртқа карай ашылып тұратын шырышты қуыстары болады. Осы қуыстарда носток (Nostoc) деп аталынатын көк-жасыл балдырдың жіпшелері өседі.
Антоцеростың вегетативтік жолмен көбеюін қамтамасыз ететін өнім бүршіктер (выводковые почки) болады. Олар балдырлардың апланоспоралары секілді талломның клеткаларының ішінде пайда болады. Бұл жағдайда кейбір клеткалардың ішіндегі заттары клетканың қабырғаларынан біртіндеп қашып бөлініп шығады да, қабықшамен қапталады. Осыңдай жолмен жаңа пайда бос клеткаларда бірінен соң бірі келетін, бірнеше бөліністерден кейін, кішкентай денешіктер пайда болады. Осы денешіктер өздерін түзетін клеткалар қабықшалары шырыштанғаннан кейін, одан босап шығады. Содан соң, ұлғайып өсіп жаңа талломдар береді.
- ЖАПЫРАҚТЫ МҮКТЕР КЛАСЫ
Жапырақты мүктердің вегетативтік денесі барлық уақытта сабакқа және жапыраққа бөлінеді. Сабағының құрылысы радиальді болып келеді, онда тығыз спиральдің бойымен жапырақтары орналаскан. Қорапшасында тек споралары жетіледі, пружинкалары (элатералар) болмайды. Протонемасы жақсы жетілген және ұзын тарамдалған жіпше түрінде, сиректеу пластинка пішіндес болады. Көптеген мүктердің қорапшасында споралардың шашылуына мүмкіндік туғызатын перистом деп аталынатын ерекше аппарат жетіледі (перистом Sphagnum -мен Аndreaea -да болмайды) .
Жапырақты мүктер класы мүк тәрізділер бөлімінің ішіндегі ең үлкені. Оған 700 туыс, 14500-дей түр (одан да көптеу болуы мүмкін) жатады. Бұл кластың өкілдері құрлықтың барлық жерлерінде, Арктикадан бастап Антарктиканың мұздарының арасындағы ашық, жерлерге дейін кездеседі.
Жапырақты мүктер класын мынадай 3 класс тармағына бөледі: Sphagnidae, Andreaidae және Bryidae.
ПЛАУН ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (ПЛАУНОВИДНЫЕ) -LYCOPODIOРНYТА
Жалпы сипаттамасы. Қазіргі кезде біздің планетамызды мекендейтін жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішінде, плаун тәрізділер (Lycopodioрнyта) өте ертеде пайда болған өсімдіктерге жатады.
Плаун тәрізділер өзінің даму биігіне палеозой эрасының соңында көтерілген. Қазіргі кезде плаун тәрізділердің аздаған ғана туысы мен түрлері кездеседі, олардың өсімдіктер дүниесінің құрамының қалыптасуына қатысы шамалы.
Қарастырып отырған бөлімнің қазіргі кезде кездесетін өкілдерінің барлығы мәңгі жасыл, сырт қарағанда кейбір жасыл мүктерге ұқсас болып келетін көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Қазіргі кезде жойылып кеткен плаун тәрізділердің ішінде шөптесін өсімдіктермен бірге, үлкен ағаш тәрізді формалары да болған.
Плаун тәрізділердің көпшілігіне спиральдың бойымен орналасқан жапырақтары бар бұтақтардың болуы тән. Кейде жапырақтары қарама-қарсы немесе топталып орналасады. Кейбір плаун тәрізділердің жапырағының түбіне жақын жерде, оның ішкі өске қараған жағында кішірек шұңқырға батып тұратын өскіні болады. Оны тілше немссе лигула деп атайды.
Сабағының жер асты бөлігі, бір плаун тәрізділерде түрі өзгерген жапырақтары және қосалқы тамырлары бар нағыз тамырсабаққа ұқсас болып келеді. Ал екінші біреулерінде ерекше «ризофорң деп аталынатын орган түзіледі, онда спиральдың бойымен орналасқан тамырлары болады. Плаун тәрізділердің тамырлары қосалқы тамырларға жатады.
Жер беті және жер асты өстері төбелік меристемалары арқылы өседі. Олардың белсенді (инициальды) клеткалары келешегінде бөліну мүмкіндігінен айрылады, сондықтанда плаун тәрізділердің өстері аздап қана өседі.
Плаун тәрізділердің жер беті және жер асты өстеріне дихотомиялық немесе аша тәрізді (вильчатое) бұтақтану тән. Дихотомиясы тең және тең емес болып келеді. Дихотомиясы тең болып келген жағдайда жас бұтақтардың өсуі бірдей болады (детерминирован) және олар бірдей уақытта өледі, ал тең болмаған жағдайда бұтақтардың біреуі өзінің өсіп дамуын екіншісінен бұрын аяқтайды.
Плаун тәрізділердің сабағының өткізгіш системасы стельдердің әртүрлі типтеріне байланысты болып келеді. Өсімдіктің онтогенезінде стельдің бір типінің екіншісіне ауысып отыруы заңды түрде жүретін процесс, оны төбелік меристеманың көлемінің өзгеруінен айқын байқауға болады.
Осы бөлімнің қазіргі кезде жойылып кеткен ағаш тәрізді және кейбір шөптесін өкілдеріне, сабақтарының және ризофораларының екінші рет жуандауы тән, ол қалыпты жағдайдағы немесе қалыпты жағдайдан ауытқыған камбийдің қызметіне байланысты.
Плаун тәрізділердің ішінде тең споралы және әртүрлі споралы өсімдіктер бар. Әртүрлі споралы өсімдіктердің жапырақтарының тілшесі болады. Плаун тәрізділердің спораларының әдетте үш жақтаулы, тетрадалы тігісі болады.
Плаун тәрізділердің тең споралы және әртүрлі споралы формаларының гаметофиттері (өскіншелері) бір-бірінен айқын ажыратылады. Қазіргі кезде өмір сүретін тең споралы плаун тәрізділердің гаметофиттері жердің астында немесе жартылай жердің астыңда жатады және етжеңді келеді, ұзындығы 2-20 мм-дей болады. Олар қос жынысты сапрофит немесе жартылай сапрофит ретінде өмір сүреді және 1-15 жылдың арасында пісіп жетіледі. Әртүрлі споралы плаун тәрізділердің гаметофиттері дара жынысты болып келеді және жердің бетінде өседі. Олар спорада болатын қоректік заттарды пайдалана отырып бірнеше аптаның ішінде дамиды, пісіп жетілгеннен кейін де спораның қабығынан сыртқа шықпайды немесе аздап қана шығады.
Жыныс органдары антеридийлер мен архегонийлерден тұрады. Антеридийлерінде екі немесе көп талшықты сперматозоидтары, ал архегонийлерінде жұмыртқа клеткалары жетіледі. Ұрықтану процесі судың тамшысы болған жағдайда ғана жүреді. Зигота тыныштық кезеңін басынан өткізбей-ақ бірден жаңа өсімдікке, яғни спорофитке айналады.
Плаун тәрізділер бөлімі екі кластан тұрады: 1) плаундар немесе ликоподиопсидтер (Lycopodiopsida) және 2) полушниктер немесе шильниктер немесе изоэтопсидтер (Isoetopsida) кластары.
ПЛАУНДАР КЛАСЫ (ПЛАУНОВЫЕ) - LYCOPODIOРSIDA
Плаундар класына мынадай үш қатар жатады: 1) астероксилондар қатары (Asteroxylales) ; 2) плаундар қатары (Lycopodiales) ; 3) протолепидодендрондар қатары (Protolepidoden-drales) . Бұлардың біріншісі мен үшіншісі түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Ал плаундар қатарына ертеде жойылып кеткен дреланофикустар тұқымдасы (Drepanophycaceae) және осы кластың ішіндегі қазіргі кезге дейін жеткен плаундар тұқымдасы (Lycopodiaceae) жатады.
ПАПОРОТНИК ТӘРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ (ПАПОРОТНИКОВИДНЫЕ) -
РОLҮРОDIOРНҮТА
Жалпы сипаттамасы. Папоротник тәрізділер немесе папоротниктер жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең ертеде пайда болғандарының бірінен саналады. Өзінің ерте пайда болғандығы жағынан олар риниофиттер мен плаун тәрізділерден ғана кейін тұрады. Ал қырықбуын тәрізділермен геологиялық жас шамасы қатар болып келеді, яғни олармен шамамен бір мезгілде пайда болған (қатар дамыған) . Бірақ сол кездің өзінде ринофиттердің жойылып кеткеніне көп уақыттар болған, ал плаун тәрізділер мен қырықбуын тәрізділердің жер бетіндегі өсімдіктер дүниесінде алатын орны (ролі) шамалы болған және олардың түрлерінің саны да көп болмаған. Папоротниктер болса дамудың нағыз өскелең шағында (биігінде) болған. Қазіргі кезде бұрынғы геологиялық кезендермен салыстырғанда папоротниктердің ролі әлде қайда төмен, соған қарамастан олардың 300-дей туысы жөне 1-нан аса түрлері белгілі. Папоротниктер жер шарының барлық бөліктерінде аса кең тараған өсімдіктер. Олар шөлді аймақтардан бастап батпақты жерлерге дейін, көлдермен, күріш өсірілетін жерлерде және кермектеу суларда, яғни әртүрлі ортада кездесе береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz