Жалпы өсімдік тұқымына жалпы сипаттама беру, олардың дамуына талдау жасау
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. ТҰҚЫМНЫҢ ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.1Тұқымның даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Тұқымның тыныштық күйі, тіршілікке қабілеттілігі және оның ұзақтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 9
1.3 Өсімдік өнімділігі және тұқымның әртүрлі сапалылығы ... ... ... ... .. 12
ІІ. ТҰҚЫМНЫҢ БАҒАЛАНУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 15
2.1 Тұқымның сапасына экологиялық және агротехникалық жағдайлардың әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.2 Биоклиматтық көрсеткіштерді және дақылдар мен сорттардың әртүрлі пісу топтарын өсіру мүмкіншілігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұқымнан басталатындығы ежелден белгілі ақиқат: егер аңызға сапасыз тұқым себілсе, ол жағдайды түзете алмайды. Мұндай жағдайда топырақ өңдеу де, тыңайтқышты қолдану да, егістікке жасалған күтім де, жауын-шашын да, құр босқа зая кетеді.
Тұқымдық дән өзінің үш сапасымен ерекшеленеді: себу сапасы — олардың себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері; сорттық сапасы — сорттық тазалығына, репродукциясына және типіне (үлгісіне) койылатын, талаптарға сәйкес келеді; өнімділік сапасы — нақты жағдайларда белгілі бір мөлшерде өнім беру кабілеті.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тұқым – гүлді өсімдіктердің қосарынан ұрықтануының нәтижесінде тұқым бүрінен пайда болатын, көбею және таралу қызметін атқаратын мүшесі. Тұқым гүлді өсімдіктерде жемістің ішінде жетіледі. Сондықтан гүлді өсімдіктер жабық тұқымдылар деп аталады.
Қосарынан ұрықтану аяқталғаннан кейін ұрық қалтасының жұмыртқа клеткасынан (зиготадан) тұқымның ұрығы, ал орталық ядросынан тұқымның қоректік ұлпасы – эндосперм пайда болады. Интегументтер тұқымның қабығына айналады, синергидтер мен антиподтар еріп кетеді де, нуцеллус көптеген өсімдіктерде ұрықтың қалыптасу барысында қоректік зат ретінде жұмсалып, сирек жағдайда қоректік ұлпа – перистермге айналады.
Өсімдіктер тұқымдарының сыртқы пішіні, түсі, мөлшері әр қилы болды. Олардың салмағы миллиграмның жүзден бір бөлігінен (орхидеяларына) кейбір пальмаларда 15 кг-ға жетеді.
Көптеген гүлді өсімдіктердің тұқымы тұқым қабығы, ұрық және эндоспермнен тұрады.
Тұқым қабығы (спермодерма) – тұқымның сыртын жауап тұратын, тұқым бүрінің жабындарынан (интегументтер) пайда болатын бөлігі. Кейде оның пайда болуына нуцеллус қалдықтары қатысады. Әдетте спермодерма құрылысы және атқаратын қызметі жағынан ұлпалардың бірнеше қабатынан: эпидерма, гиподерма және паренхималық клеткалар қабатынан тұрады. Эпидерма ұрықты механикалық зақымданудан, микроорганизмдердің енуінен, кеуіп кетуден, мезгілінен бұрын өсуден сақтайды.
Тұқымның өсуінің бастапқы кезеңінде оның сілемейленіп, тұқымның топыраққа бекінуіне және ылғал жинауына әсерін тигізеді (мысалы, зығырда). Зигота тыныштық кезеңінен өткеннен кейін бөлініп, екі клетка пайа болады. Оның микропиле жақтағысы базальды клетка деп аталады. Бұдан ұрықты ұрық қалтасының қабырғаасына бекітетін ілекер деп аталатын жіңішке, ұзындау келген дене қалыптасады (1-сурет). Базальды клетка көбінесе көлденең бөлінеді. Екінші клетка терминальды деп аталады, бұл клеткадан ұрық дамып, жетіледі. Терминальды клетка өзара перпендикуляр екі қалтарыстарымен бөлініп, төрт клетка мұның әрқайсысы тағы бір реттен бөлініп, сегіз клетка пайда болады. Одан кейінгі бөлінулердің нәтижесінде майда клеткалардан тұратын, пішіні дөңгелек шар тәрізді дене – ұрық дамып, жетіледі. Ұрықтың жоғары жағы тегіс, келіп, ал бүйірлерінен екі төмпешік пайда болды. Қос жарнақтыларды ол екеуі симметриялы дамып, олардан ұрықтың екі тұқым жарнағы жетіледі. Дара жарнақтыларда бір тұқым жарнағының бастамасы қарқынды дамиды, екіншісі баяулап, қалып қояды да, одан бір тұқым жарнағы қалыптасады.

1. Агрономия негіздері: оқулық/ Қ. Ш.Жанабаев – Астана: Фолиант, 2007г. – 351б.
2. Байтенов М.С. «Флора Казахстана»том ІІ, «Ғылым», Алматы, 2001 г.75-б
3. Гулинова Н.В. Методы агроклиматической обработки наблюдений. Л, 2009 – 95с.
4. Әметов Ә. Ботаника. Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім баспасы А 2000ж 508б.
5. Зоидзе Е.К. Погода, климат и эффективность труда в земледелии Л, 2007 – 24с.
6. Жатканбаев Ж. Биология, өсімдіктер систематикасы, экологиясы. т.1
7. Дәріқұлов Н.Т. Ботаника. Өсімдіктер жүйесінің практикалық курсы. Алматы: «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2003,320-бет.
8. Комарницкий Н.А. Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Ботаника: Систематика растений учебник М. Просвещение, 1975 с. 608.
9. Арыстанғалиев С.А., Рамазанов Е.Р. Растения Казахстана, И. Наука, Алма-Ата, - 1977.23- б.
10. Иващенко А.А. Қазақстанның өсімдіктер әлемі. – «Алматыкітап» ААҚ,2004, - 176 б.
11. Буш Н.А. Систематика высших растений М.1959.
12. Бавтуто Г.А., Ерей Л.М. Практикум по анатомии и морфологии растений. – Минск: Новое издание, 2002.
13. Старостенкова М.М., Лысогор А.И. Практические работы по систематике растений. - М., 1981.
14. Еленевский А. Г. и др. Ботаника: Систематика высших, или наземных,растений:Учебник для пед.вузов.-3-е изд.,испр. и доп.-М.:Академия,2004.-432с.
15. Андреева И.И., Родман Л.С. Ботаника:Учебник для вузов.-3-е изд. , перераб. и доп.-М.:КолосС,2003.-528с.
16. . Байтенов М.С. «Флора Казахстана»том І, «Ғылым», Алматы, 1999.56-б
17.Агрономия негіздері: оқулық/ Қ. Әрiнов – Астана: Фолиант, 2007 г. – 272б.
18. Васильев А.Е., Воронин Н.С., Еленевский А. Г., Серебрякова Т.И. «Ботаника (Анатомия и морфология растений)», Москва «Просвещение», 1978 г.17-б
19. Әметов Ә., Мырзақұлов П.М. Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы 1-бөлім Архегониальды өсімдіктер Алматы Қазақ университеті 2000ж.
20.Клещенко А.Д. Оценка состояния зерновых культур с применением дистанционных методов. Л, 2008 – 200с.

ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. ТҰҚЫМНЫҢ
ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .. 5
1.1Тұқымның даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... . 5
1.2 Тұқымның тыныштық күйі, тіршілікке қабілеттілігі және оның
ұзақтығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Өсімдік өнімділігі және тұқымның әртүрлі сапалылығы ... ... ... ... ..
12
ІІ. ТҰҚЫМНЫҢ
БАҒАЛАНУЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
15
2.1 Тұқымның сапасына экологиялық және агротехникалық жағдайлардың
әсері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 15
2.2 Биоклиматтық көрсеткіштерді және дақылдар мен сорттардың әртүрлі пісу
топтарын өсіру мүмкіншілігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... . 18
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28
КІРІСПЕ
Ауылшаруашылық дақылдарының өнімі тұқымнан басталатындығы ежелден
белгілі ақиқат: егер аңызға сапасыз тұқым себілсе, ол жағдайды түзете
алмайды. Мұндай жағдайда топырақ өңдеу де, тыңайтқышты қолдану да,
егістікке жасалған күтім де, жауын-шашын да, құр босқа зая кетеді.
Тұқымдық дән өзінің үш сапасымен ерекшеленеді: себу сапасы — олардың
себуге жарамдылық дәрежесін анықтайтын тұтас тұқымдық қасиеттері; сорттық
сапасы — сорттық тазалығына, репродукциясына және типіне (үлгісіне)
койылатын, талаптарға сәйкес келеді; өнімділік сапасы — нақты жағдайларда
белгілі бір мөлшерде өнім беру кабілеті.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тұқым – гүлді өсімдіктердің қосарынан
ұрықтануының нәтижесінде тұқым бүрінен пайда болатын, көбею және таралу
қызметін атқаратын мүшесі. Тұқым гүлді өсімдіктерде жемістің ішінде
жетіледі. Сондықтан гүлді өсімдіктер жабық тұқымдылар деп аталады.
Қосарынан ұрықтану аяқталғаннан кейін ұрық қалтасының жұмыртқа
клеткасынан (зиготадан) тұқымның ұрығы, ал орталық ядросынан тұқымның
қоректік ұлпасы – эндосперм пайда болады. Интегументтер тұқымның қабығына
айналады, синергидтер мен антиподтар еріп кетеді де, нуцеллус көптеген
өсімдіктерде ұрықтың қалыптасу барысында қоректік зат ретінде жұмсалып,
сирек жағдайда қоректік ұлпа – перистермге айналады.
Өсімдіктер тұқымдарының сыртқы пішіні, түсі, мөлшері әр қилы болды. Олардың
салмағы миллиграмның жүзден бір бөлігінен (орхидеяларына) кейбір
пальмаларда 15 кг-ға жетеді.
Көптеген гүлді өсімдіктердің тұқымы тұқым қабығы, ұрық және эндоспермнен
тұрады.
Тұқым қабығы (спермодерма) – тұқымның сыртын жауап тұратын, тұқым
бүрінің жабындарынан (интегументтер) пайда болатын бөлігі. Кейде оның пайда
болуына нуцеллус қалдықтары қатысады. Әдетте спермодерма құрылысы және
атқаратын қызметі жағынан ұлпалардың бірнеше қабатынан: эпидерма, гиподерма
және паренхималық клеткалар қабатынан тұрады. Эпидерма ұрықты механикалық
зақымданудан, микроорганизмдердің енуінен, кеуіп кетуден, мезгілінен бұрын
өсуден сақтайды.
Тұқымның өсуінің бастапқы кезеңінде оның сілемейленіп, тұқымның топыраққа
бекінуіне және ылғал жинауына әсерін тигізеді (мысалы, зығырда). Зигота
тыныштық кезеңінен өткеннен кейін бөлініп, екі клетка пайа болады. Оның
микропиле жақтағысы базальды клетка деп аталады. Бұдан ұрықты ұрық
қалтасының қабырғаасына бекітетін ілекер деп аталатын жіңішке, ұзындау
келген дене қалыптасады (1-сурет). Базальды клетка көбінесе көлденең
бөлінеді. Екінші клетка терминальды деп аталады, бұл клеткадан ұрық дамып,
жетіледі. Терминальды клетка өзара перпендикуляр екі қалтарыстарымен
бөлініп, төрт клетка мұның әрқайсысы тағы бір реттен бөлініп, сегіз клетка
пайда болады. Одан кейінгі бөлінулердің нәтижесінде майда клеткалардан
тұратын, пішіні дөңгелек шар тәрізді дене – ұрық дамып, жетіледі. Ұрықтың
жоғары жағы тегіс, келіп, ал бүйірлерінен екі төмпешік пайда болды. Қос
жарнақтыларды ол екеуі симметриялы дамып, олардан ұрықтың екі тұқым жарнағы
жетіледі. Дара жарнақтыларда бір тұқым жарнағының бастамасы қарқынды
дамиды, екіншісі баяулап, қалып қояды да, одан бір тұқым жарнағы
қалыптасады.
Қос жарнақтылардың толық қалыптасқан ұрығы – екі тұқым жарнағы. Тұқым
жарнағының астыңғы қылтасы ұрық тамыршасы мен алғашқы өркеннің бой
конусынан (бүршігінен) тұрады. Дара жарнақтыларда бір тұқым жарнағы пайда
болады да, сабақтың бой конусы бүйір жағына қарай орналасады. Кейбір
өсімдіктерде, мысалы, орхидеялар тұқымдасының өкілдері мен көптеген
паразитті (сұңғыла, арамсояу және т.б.) және сапрофитті тіршілік ететін
өсімдіктердің тұқымында ұрық нашар жетіледі де, ол бірнеше клеткалардың
тобынан ғана тұрады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жалпы өсімдік тұқымына жалпы сипаттама беру,
олардың дамуына талдау жасау.
Курстық жұмыстың міндеттері:
( Өсімдік тұқымына дамуына сипаттама беру;
( Олардың әр түрлі сорттарының ерекшеліктерін зерттеу;
( Экологиялық, агротехникалық жағдайларына талдау жасау;
І. ТҰҚЫМНЫҢ ДАМУЫ
1.1Тұқымның даму кезеңдері
Өсімдіктердің гүлдену кезеңдерінде тозаңдану үрдісі жүреді де іле-шала
ұрықтанады. Қосарлана ұрықтанғанда еркек жынысты бір спермий ұрғашы жынысты
жұмыртқа клеткасына (жасушасына) құйылады, басқа біреуі екіншілік ядроға
қосылады. Соның нәтижесінде ұрықтанған жұмыртқа клеткадан ұрық дамиды,
ұрықтанған екіншілік ядродан эндосперм қалыптасады. Ұрықтан тұқым, ал
түйіннен (завязь) жеміс дамиды. Ұрық пайда болғаннан толық піскенге дейін –
қалыпты өскін беру қаблетіне ие болғанға дейін – бірқатар күрделі
өзгерістерге ұшырайды, бір күйден жетілдірілген басқа күйге айналады,
басқаша айтқанда тұқымның даму кезеңдері өтеді. Бұл күрделі құбылыс және
дәнді дақылдарда барынша тыңғылықты зерттелген, әрі алты кезеңге бөлінген
(Н.Н. Кулешов, И.Г. Строна): тұқымның түзілуі (эмбрионалды кезеңі),
қалыптасуы, толысуы, пісуі, егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі, толық
пісуі. Аталған кезеңдер жалпы түрде басқа да дақылдарға тән, алайда әрбір
дақыл тұқымдары мен жемістерінің даму кезеңдері мен сатыларында өзіндік
жекелеген ерекшеліктері де байқалады.
1.Тұқымның түзілуі немесе пайда болуы. Бұл кезең ұрықтанғаннан өсу
нүктесінің (ұрықтың) пайда болу аралығын қамтиды. Аналық өсімдіктен
ажыратқанда ұрық әлсіз өскін бере алады және бұл кезеңнің ұзақтығы
дақылдарға қарай әртүрлі: күздік бидайда – 7-9 тәулік, жаздық жұмсақ
бидайда – 7 тәулік, жаздық қатты бидайда – 10, ал жүгеріде – 10-15 тәулік
ж.б.
2.Тұқымның (дәннің) қалыптасуы – ұрықтың пайда болуынан сортқа,
буданға тән дәннің түпкілікті ұзындығына жеткенге дейінгі кезең. Бұл
кезеңнің ұзақтығы ауа райына, дақылдарға, сорттарға т.б. байланысты шамамен
10-14 тәулікке созылады. Бұл уақытта тұқым (дән) негізінен ұзындығына
өседі, дәннің барлық құрам бөліктері қалыптасады да ұрықтың оқшаулануымен
аяқталады. Дәннің ішіндегісі сулы жағдайдан сүтті күйге айналады, өйткені
эндоспермде крахмал дәндері болады және хлорофилдің молаюынан дән қабығы
жасылданады. Қарастырылып отырған кезеңде тұқымда ажырамайтын су мөлшері
көп те құрғақ заттар аз, кезеңнің соңына қарай толық пісудің 15-35% құрғақ
заттары жинақталады. Тұқым ылғалдылығы қалыптасуының бас кезінде 80 %
шамасында, ал соңына қарай 65 %-ға дейін төмендейді. Эндосперм күйіне
сәйкес бұл кезеңді екі сатыға бөлуге болады: қоймалжың-сұйық және сүттену
алдындағы күйлері: қоймалжың-сұйық күйінде дәннің ылғалдылығы 80 %, ал
сүттену алдында – 65 %-ды құрайды.
3.Тұқымның (дәннің) толысуы. Қорлық заттардың қарқынды түрде
жинақталуымен сипатталады. Азотты заттар амин қышқылдары мен төмен
молекулалы ақуыз (белок) түрінде жинақталады, көмірсулары (углеводтар)
сахароза мен глюкоза – фруктоза түрінде және крахмал синтезделеді, ал май
синтезі өте аз мөлшерде болады.
Тұқым бұл кезеңде негізінен қалыңдығы мен көлденеңіне барынша ұлғайып
өседі, эндосперм ткандары толығымен құралады. Құрғақ заттардың молаюына
байланысты (толық пісудегі мөлшердің 85-90 %) тұқым ылғалдылығы 40 %-ға
дейін төмендейді. Бұл кезеңнің ұзақтығы 20 тәуліктей, бірақ ауа-райы
құрғақ, әрі ыстық болғанда 12-15 тәулікке дейін қысқарады да, күн салқын
әрі ылғалды болғанда 25-30 тәулікке дейін созылады. Бұл кезеңді екі сатыға
ажыратуға болады: сүттене пісу-дәннің консистенциясы сүт тәрізді ақ масса,
қабығы жасыл түсті; қамырлана пісу – эндоспермі қамыр түстес күйге ие
болады, дән қабығы сарғыштана бастайды, өйткені хлорофилл жоғалады (ол тек
қана дән тілігінде сақталады). Өсімдік сарғая бастайды, жасыл түс жоғарғы
жапырақтар мен масақша қауызында ғана сақталады.
4. Пісу – дәннің толысуы аяқталғанша басталады. Бұл кезеңде
пластикалық (қорлық) заттардың қозғалуы әлі тоқтамайды (10 – 15%), бірақ
оның пәрменділігі төмендейді және балауызданып пісудің ортасына қарай толық
тоқтайды. Тұқымдарда (дәндерде) полимеризация жүреді де, пластикалық заттар
қорға айналады. Мәселен, алейрон дәндері мен клейковиналы (дән уызы)
ақуыздар (белоктар) түзіледі, қорлық крахмал синтезделеді, тұқым аналық
өсімдіктен ажырай бастайды, бұл кезде оның ылғалдылығы қоршаған ортаға
байланысты өзгереді: күндіз, әсіресе тал түсте тұқым құрғақтау болады, ал
кешке қарай және түнде олар ылғалданады. Сондықтан тұқымдық алқаптарда
(егістікте) дестелерді күндізгі сағаттарда бастыру керек. Бұл кезеңде
эндосперм балауызданып, созылмалы болады, тұқым ылғалдылығы 40 – 20% - ға
дейін төмендейді. Пісу кезеңінің ұзақтығы метеорологиялық жағдайларға
байланысты 6 – 12 тәулікке созылады.
Пісу кезеңі екі қосымша кезеңге (сатыға)
бөлінеді: балауыздануыжәне толық пісуі. Блауызданып пісудің өзі үш деңгейге
бөлінеді: басы, ортасы және соңы. Балауызданып пісудің бас кезінде дән
жасыл түсін мүлде жоғалтады, іріленіп жылтырланады, тырнақпен жеңіл
кесіледі. Бұл сатыда негізінен қоректік заттардың қозғалуы аяқталады (толық
пісуден 95 – 98%). Балауызданып пісудің ортасында дән әлі тырнақпен
кесіледі, эндосперм ақ, ұнды немесе жылтыр. Бұл кезеңде тұқымда пісу үрдісі
аяқталады, тұқымдық егістіктерді дестеге шабуға болады. Балауызданып
пісудің соңында дән тырнақпен кесілмейді, бірақ оның ізі қалады,
ылғалдылығы 20 – 25%-ға дейін төмендейді де көлемі мен түсі толық пісу
кезеңіндегі сияқты болады. Тұқымдық алқаптарды осы кезеңде шапқан дұрыс.
Қазақстан Республикасының А. И. Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми -
өндірістік орталығы РММ – нің деректеріне қарағанда бидай тұқымының өнімі
осы кезеңде орғанда, дән ірілігінің есебінен жоғары болады: балауызданып
пісудің басында бидайдың 1000 дәнінің массасы – 32 г, соңында – 35,2г
болады; сонымен қатар балауызданып пісудің соңында орғанда өсімдіктер
дестеде аз уақыт жатады (3 – 4 тәулік), мұның өзі тұқым сапасына жақсы әсер
етеді, өйткені қосалқы ылғалдану мүмкіндігі азаяды.
Толық пісу сатысы (кезеңі) екі деңгейге бөлінеді: толық пісудің басы
және толық пісу. Толық пісудің бас кезінде тұқым қатты, тырнақпен із де
салынбайды, ылғалдылығы – 20 – 18%. Бұл деңгейде егінді комбайнмен тікелей
орып жинау ұсынылады. Толық пісу кезіндегі тұқым ылғалдылығы – 17 – 16%, ол
жеңіл аздаған шығынмен үгітіледі, құрғақ, сапалы.
Тұқымның толысуы мен пісуі сыртқы ортаның факторларына байланысты:
жылуға, топырақ пен ауаның ылғалдылығына, топырақтың құнарлылығына,
өсімдіктің жарықталуына т. б.
Қоршаған орта кезеңдер мен кезеңдердің ұзақтығын ғана емес, сонымен
бірге олардың сипатын өзгертеді және бұл түқымның себу мен өнімдік
қасиеттеріне әсер етеді. Егер тұқымның қалыптасуы мен толысуы кезеңінде ауа-
райы ыстық, әрі құрғақ болып топырақта ылғал аз болса, онда дәнді ыстық
үрады, немесе ол демікпеге ұшырайды, Кейде өсімдіктің әлсіреуі одан әрі
созылып, дәннің қатты сусыздануына әкеліп соғады, биохимиялык үрдістер
өзгереді, солардың салдарынан семіп калған 1000 дәннің массасы төмен тұқым
алынады.
Тұқымның қалыптасу, толысу және пісу процесінде оның химиялық
құрамында айтарлықтай өзгерістер болады, бұларға тұқымның биологиялык
сапасы да тәуелді.
Тұқымның пісуіне қарай бірте-бірте май, углевод және белок түріндегі
пластикалық заттар жиналады. Егер толысу кезінде олар жеңіл ерігіш жай
қосылыстар интенсивті түрде кірсе, пісу соңында олар нашар еритін күрделі
қосылыстарға айналады да қоректік заттардың қоры ретінде жинақталады.
Негізгі қоректік заттардан басқа тұқымда ферменттер (биологиялық
катализаторлар), өсіргіш заттар, органикалық қышқылдар, алкалоидтар,
минералды заттар т. б. жинақталады.
Толысу-пісу ұзақтығына және қоректік заттардың тұқымға келіп түсу
интенсивтілігіне ауа райы және агротехникалық жағдайлар елеулі әсер етеді.
Ауа райы ыстық және құрғақ, топырақта ылғал жеткіліксіз болғанда тұқымға
түсетін пластикалық заттар азаяды демікпе және ыстық ұруы кезінде мүлде
тоқтайды, осылардың нәтижесінде егін өнімі мен сапасы нашарлайды. Мұндай
жайт Солтүстік Қазақстан жағдайында толысу-пісу кезеңінде құрғақшылық
ұзаққа созылғанда дүркін-дүркін байқалып тұрады.
Салқын әрі жаңбырлы ауа райы тұқымның толысуы мен пісуін ұзартады,
дәннің химиялық құрамы өзгереді, өйткені кейбір заттар өзінің түпкі күйіне
айналып үлгермейді. Төменгі температурада және ауаның жоғары салыстырмалы
ылғалдылығында тұқымда белоктың мөлшері азаяды.
Тұқымның тамырында тұрып піскенімен оның дамуы әлі аяқталған жоқ.
5. Тұқымның егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуі.Толық пісу кезеңінде
жиналған көптеген танаптық дақылдардың тұқымдары (жемістері) қолайлы
жағыдайларда көктеткенде өнбейді, немесе олардың өну қуаты мен өнгіштігі
төмен болады. Мұндай тұқымдар морфологиялық тұрғыдан алғанда жетілсе де,
физиологиялық жағынан шала піседі және өніп – көктеу қабілетіне белгілі
мерзімде сақтағаннан кейін ғана ие болады. Піскеннен толық өнгіштікке
жеткенге дейінгі уақытты тұқымның егін жинағаннан кейінгі пісіп – жетілуі
деп атайды. Ол тұқымның тыныштық кезеңі (күйі) түрінде байқалады. Тұқымның
тыныштық кезеңі – тірі тұқымдардың қалыпты жағдайларда өнбейтін немесе өте
баяу өнетін күйі. Бұл ұзақ эволюциялық үдерістің нәтижесінде орта белдеудің
өсімдіктері қалыптастырған қасиет, ол өсімдіктердің өсіп-дамуына қолайлы
жағдайларда тұқымның өніп-көктеуін қамтамасыз етеді және түрдің сақталуына
мүмкіндік жасайды. Егін жинағаннан кейінгі тұқымның пісіп-жетілу ұзақтығы
өсімдік түрі мен сортына, дәннің толысып пісу, жинау және сақтау
жағдайларына байланысты. Мәселен, жүгері, қарақұмық, эспарцет т.б.
тұқымдарына өте қысқа егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу кезең тән –
бірнеше тәулік, ал еркекшөп, арпа, күнбағыс ж.б. – 20-30 тәулікке дейін,
кейде одан да ұзақ мерзім қажет. Күздіктер жаздық дақылдарға қарағанда
біршама қысқа егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу кезеңімен ерекшеленеді.
Пісу мен егін жинау жағдайларының әсері мынадан байқалады: ауа-райы ылғалды
әрі салқын болғанда тұқымның егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу кезеңінде
тұқымда күрделі биохимиялық үдерістер жүреді: жоғары молекулалы ақуыз
(белок) қосылыстарының синтезі аяқталады, дербес май қышқылдары майға
айналады, көмірсуларының молекулалары іріленеді, ферменттердің қызметі
әлсірейді, тұқым қабығының ауа-су өткізгіштігі артады. Кезеңнің басында
тұқымның өнгіштігі төмен, ал соңында – қалыпты деңгейге жетеді.
6. Тұқымның толық пісу кезеңі – оның толық өнгіштікке жеткен кезеңінен
басталады, басқаша айтқанда, тұқым барлық жағынан да жаңа тіршілік үрдісін
(циклын) бастауға дайын. Коллоидтар тоза бастайды, ал бұл құбылыс әлсіз
тыныс алу мен қабаттас жүреді. Осы күйінде тұқым өнгенге дейін сақталады
немесе ұзақ сақтаудың нәтижесінде опат болады (шіриді).
Қарастырылған тұқымның даму кезеңдері негізінен дәнді астық
дақылдарына тән. Алайда дәнді бұршақ, майлы дақылдарды, мал азықтық
шөптерде тұқым мен жемістің пайда болуы жобамен дәнді астық дақылдарына
ұқсас. Бұл танаптық дақылдарда тұқымның өзіне тән қоректік заттар синтезіне
байланысты біраз ерекшеліктер байқалады. Мұны күнбағыс мысалында қарастырып
көрейік.
Күнбағыс тұқымының даму үрдісінде төрт кезең ажыратылады: шекілдеуік
көлемінің қалыптасу кезеңі, дән (ядро) көлемінің қалыптасу кезеңі, толысу
және пісу кезеңдері.
1. Шекілдеуік көлемінің қалыптасу кезеңі гүлденуге дейін басталады да
ұрықтанғаннан соң 6-14 тәуліктен кейін аяқталады. Ұрықтанғаннан кейін
шамамен 6 тәулікте ұзындығы, ал 8-14 тәулікте ені мен қалыңдығы
қалыптасады.
2. Дән (тұқым) көлемінің қалыптасу кезеңі ұрықтанғаннан кейін
басталады. Ұзындығы, қалыңдығы мен ені төртінші тәулікте айтарлықтай өсе
бастайды және 12-14 – тәулік дегенде аяқталады.
3. Толысу кезеңі тұқым көлемінің қалыптасу кезеңінің соңында басталады
да шекілдеуікке құрғақ заттардың жинақталуы мен майдың қорлануы тоқтағанда
аяқталады. Әдетте бұл шекілдеуік ылғалдылығы 38-40 %-ға дейін төмендегенде
іске асады.
4. Пісу кезеңінде ылғалдылығы азайып, кебу үрдісі жүреді. Тұқым егін
жинағаннан кейінгі пісіп-жетілу күйіне өтеді. Пісу кезеңінің ішінде пісу
деңгейлері ажыратылады: жинау деңгейі – шекілдеуік ылғалдылығы 18-20 %,
шаруашылық деңгейі – шекілдеуік ылғалдылығы – 12-14 % және тамырында тұрып
қалу деңгейі – шекілдеуік ылғалдылығы 12 %-дан төмен.
Жоғарыда келтірілген деректер көрсеткендей, тұқымның даму үрдісінің
негізіне ылғалдылық алынған, алғашқы екі кезеңге ғана басқа белгілер
алынған. Бұл кескін де дәнді дақылдар тұқымдарының даму кезеңдерімен сәйкес
келіп тұр, тек қана бірінші кезеңді – шекілдеуіктің қалыптасу кезеңін –
тереңірек білген дұрыс.
1.2 Тұқымның тыныштық күйі, тіршілікке қабілеттілігі және оның ұзақтығы
Тұқымның тыныштық күйі – салыстырмалы түрдегі түсінік және ол тұқымның
бүкіл тіршілігінде болатын күрделі үрдістерді толық көрсете алмайды.
Дегенмен арнайы әдебиеттерде бұл түсінік әбден қалыптасып кеткен. Тұқымтану
іссанасында тыныштық күйдің үш түрі ажыратылады және бір-бірінен үлкен
айырмашылықтары бар.
1. Тұқымдық тыныштық күйі – егін жинағаннан кейінгі пісіп-жетілуден
өткен (немесе өтпеген) және өнуге қабілетті, алайда қажетті табиғи
жағдайлардың жоқтығынан өне алмайтын тұқым күйі. Мұндай күйді экологиялық
деп атауға да болады, өйткені ол тек қана экологиялық себептерге
байланысты. Тыныштық күйдің бұл түріне қоймада сақтауда тұрған, ылғалдың
жетімсіздігінен немесе температураның төмендігінен ж.б. себептермен
топыраққа сіңірілсе өне алмай жатқан тұқымдардың барлығы жатады.
2. Біріншілік тыныштық күй немесе тұқымның егін жинағаннан кейінгі
пісіп-жетілу кезеңі. Осы кезеңді жиі түрде тұқымның тыныштық күйіне
жатқызады. Тыныштық күйдің бұл түрі алғашқы түрінен уақыты бойынша да,
сипаты бойынша да мүлде өзгеше. Тұқымның біріншілік тыныштық күйі филогенез
үдерісінде қалыптасқан тұқымның бейімделу қабілеті, ал ол кәдімгі тірі
тұқымдардың табиғи немесе оңтайлы жағдайларда өне алмайтын немесе өте төмен
өнгіштігі мен сипатталатын қасиеті. Мұндай тыныштық күйі тұқымның
морфологиялық-анатомиялық құрылысына және оларда жүретін күрделі
физиологиялық-биохимиялық үрдістерге байланысты.
3. Екіншілік тыныштық күй. Тұқымның бұл тыныштық күйі өте қолайсыз
жағдайларда байқалады, өйткені өну кезеңінде олардың әсерінен тұқымда жүріп
жатқан қалыпты физиологиялық үрдістер тәртібі бұзылады да өну үрдісі күрт
тежеледі немесе мүлде тоқтайды. Мұндай тыныштық күйі егін жинағаннан
кейінгі пісіп-жетілуі аяқталған немесе аяқталуына дейін байқалуы мүмкін;
соңғы жағдайда қатты тұқымдар түзіледі және олар терең және ұзақ тыныштық
күймен ерекшеленеді. Бұршақ тұқымдастарда қатты тұқымдылық қоректің,
ылғалдың жеткіліксіздігінен немесе басқа осындай себептермен аналық
өсімдіктердің өзінде байқалады, екінші жағынан, тыныштық күйге мұндай жеңіл
ауысуы өсімдік түрлерінің қоршаған орта жағдайларына бейімделуі болып
табылады. Жаңа жиналған тұқымдар ескілеріне қарағанда екіншілік тыныштық
күйге жеңіл ауысады. Дақылдар арасында да үлкен айырмашылықтар бар. Атап
айтқанда, мақсарының тұқымдары кең ауқымды температурамен әсер еткенде
екіншілік тынышытық күйге өтуге қабілетті. Тұқымдардың екіншілік тыныштық
күйге ауысу құбылысы жиі байқалады, бірақ оған көңіл аз аударылады. Мұндай
тыныштық күйге бидай, арпа, қарақұмық ж.б. тұқымдары жиі ұшырайды. Мысалы,
жаздық бидай тұқымын төрт тәулік бойы 500С-ға дейін қыздырып немесе ылғалды
астықты тәулік бойы 500С-да ауасыз ортада қыздырғанда екіншілік тынышытық
күйге ауыстыруға болады.
Шаруашылықтар қоймаларында тұқымды сақтағанда төменгі температураның
әсерінен (әсіресе қатты аязда) тұқым екіншілік тыныштық күйге оқай ауысуы
мүмкін.
Тұқым тыныштығының табиғаты аяғына дейін аныкталмаса да зерттеулер мен
бақылаулардың нәтижесінде тұқымның биологиялық тыныштығын көрсететін
төмендегідей себептер анықталды.
1. Тұқым қабығының ауа, су өткізбеушілігі немесе көптеген екпе
дақылдарға әсіресе дәнді бұршақ және бұршақ тұқымдас дақылдардың
тұқымдарына (түйежоңышка, жоңышқа, бөрібұршақ, маш т. б.) тән қатты
тұқымдылық;
2. Тұқым құрамында ингибиторлардың, басқаша айтқанда өсуді бөгейтін
заттардың (гормональдық теория) болуы. Бұл теорияға сәйкес тыныштық күйі
тұқым құрамындағы ингибиторлар мен активаторлардың ара қатынасына
байланысты.
3. Тұқым ұрығының шала піскендігі немесе шала дамығандығы, басқа
сөзбен айтқанда, егін жинау кезеңіне қарай тұқым ұрығының көптеген
тканьдері толық оқшауланбайды (дифференцияланбайды), яғни тұқымның әрі
қарай дамуына қажетті белгілі бір метаболикалық жүйе болмайды.
Ғылым мен тәжірибе тыныштық күйде тұрған тұқымның өсуін тездететін
бірқатар әсер ету әдістерін зерттеп тапты:
- тұкым қабығының бүтіндігін бұзу, немесе зақымдау, ол
үшін құмды немесе бұдырлы заттарды пайдалануға болады (ска-
рификациялау), бүл әдіс бұршақ тұқымдас мал азығындық шөптердің, кейбір
көкөніс дакылдардың қатты тұқымдылығымен күрескенде пайдаланылады;
- тұқымға өзгермелі төменгі және жоғарғы температуралар арқылы әсер
ету; зерттеулер бұл әдістің дәнді дақылдар, зығыр, қыша, сиыржоңышқа,
бөрібұршак, астық тұқымдас шөптердің тұқымдары үшін тиімді екенін көрсетті;
- тұқымды жылы ауамен немесе басқа жылумен қыздыру, соның нәтижесінде
тұқым қабығының өткізгіштігі мен ауа алмасуы жақсарады, антиингибиторлардың
әсері күшейеді. Өндіріс жағдайында бұл әдіс Орал, Сібір, Солтүстік
Қазақстан аудандарында, әсіресе тұқымды ауа райы қолайсыз жағдайларда
жинаған жылдары кеңінен қолданылады;
- тұқымды өсіргіш заттардың ерітіндісімен өндеу (гибберлин, ауксин,
гетероауксин т. б.) қымбаттылығынан, әрі көп еңбекті қажет ететіндіктен
екпе дақылдар тұқымын өндеудің бұл әдісі шектеулі;
- тұқымның ауыспалы сақтық қорының болуы, ең алдымен
күздік дақылдар үшін, өйткені тұқымның жинап алғаннан кейін
пісу кезеңін өтпеген жағдайдағы себілген егістіктерде алқаптың
сиректігіне әкеліп соғады.
Кейде тұқымдар екінші немесе индуцирленген тыныштыққа ауысады, бүл
күйден олар тіпті қолайлы жағдай жасалса да шықпайды. Екінші тыныштық күйі
кең тараған құбылыс және сыртқы ортаның колайлас жағдайларының ұзақ уақыт
әсер етуінен пайда болады (температура, жарықталу, анаэробтік күйі, төмен
температура кезіндегі жоғары ылғалдылық т. б.). Себу сапасына жеткен
тұқымды сақтау кезінде екінші тыныштық күйіне ұшырап, оның өнгіштігін
кенеттен төмендеткен жағдайлар да белгілі. Әсіресе бұл қыс уақытында
байқалады, ал көктемге қарай тұқым өнгіштігі жақсарады.
Тұқым бірінші және екінші тыныштық күйінде болған кезінде оның
өнгіштігін анықтағанда ісінген бірақ өспеген тұқымдар кездеседі. Егер
тұқымның өнгіштігі төмен және оның арасында өспеген ісінген тұқым көп
болса, онда ауыспалы төмен температурада өнгіштікті қайтадан анықтау керек,
сонымен қоса мемлекеттік стандарт талабына сәйкес олардың тіршілік
қабілеттілігін анықтау қажет.
Тұқымның тіршілікке қабілеттілігі – тұқымдық жадығаттағы тірі тұқымның
пайыз мөлшері.
Тұқым тірі организм болғандықтан шектелген тіршілік ұзақ-тығымен
сипатталады. Тұқымның белгілі бір уақыт өткеннен кейін өсуге бейімділігі
өсімдік түрі мен әртүрлі басқа факторларға байланысты.
Тұқым биологиялық және шаруашылықті ршілік ұзақтығымен, ұзақ өміршендігімен
ажыратылады. Қалыпты жағдайда сақталған тұқымдардың өну қабілетін сақтауын
биологиялық тіршілік ұзақтығы деп атайды (сыналған үлгіден бірен-сараңы
өнсе де). Шаруашылық тіршілік ұзақтығы (ұзақ өміршеңдігі) – кондициялық
сапасы сақталатын кезең ұзақтығын көрсетеді.
Тіршілік ұзақтығына қарай тұқымдар 3 топқа бөлінеді:
1. Микробиотиктер – тұқым өнгіштігін 3 жылға дейін сақтайтын
өсімдіктер (су күріші, пияз, ағаш өсімдіктері ж.б.).
2. Мезобиотиктер - өнгіштігін 3-15 жыл (көптеген танаптық дақылдар –
бидай, арпа, сұлы ж.б.) бойы сақтайды.
3. Макробиотиктер – тұқым өнгіштігін 15-100 жылға дейін сақтай алатын
өсімдіктер жатады (кейбір бұршақ тұқымдас шөптер – ақ беде т.б.).
Тұқымның тіршілік ұзақтығы:
1. Тұқым мен жемістің жабу тканьдерінің қасиеттеріне тәуелді.
Өткізгіштігі аз және тығызырақ қабықты тұқымдар борпылдақ қабықты
тұқымдарға қарағанда ұзақ өміршеңдігімен ерекшеленеді. Қолайлы жағдайда
сақталған тұқымның шаруашылық ұзақ өмірлігі бұршақ тұқымдас шөптерде 20-22
жыл, дәнді бұршақ дақылдарда 18-20 жыл, бидай, арпа, сұлы, жүгері, күріш
тұқымдарында 5-7 жыл, қара бидайда 2-3 жыл.
2. Химиялық құрамына тәуелді, өйткені оған тыныс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz