Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы



1 Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы
2 Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы
Қылмыстың объективтік жағының мазмұны көптеген белгілерінің жиынтығынан тұрады. Ең бастысы қылмыстық заң құрайтын заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғатын және оған қол сұғу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет ( әрекет немесе әрекетсіздік).
Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстың объективтік жағының белгісі болып табылатын «қоғамға қауіпті зардап» деген ұғымды білдіреді.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын зардаптың арасын байланыстыратын белгіні себепті байланыс деп атайды.
Қылмыстың объективтік жағы – қылмыс жасаушының қылмыстық әрекетке байланысты мінез-құлқының ішкі жағы. Объективтік жақтың өзіне тән төмендегідей белгілері бар: 1) қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік; 2) қоғамға қауіпті зардап; 3) қоғамға қауіпті әрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс; 4) қылмыстың жасалу орны, уақыты, жағдайы, тәсілі және құралы. Алғашқы үш белгілі объективтік жақтың негізгі белгілерін, ал соңғысы факультативті белгісін құрайды.
Қылмысты объективтік жағына қарай саралау, объективтік жақтың бар екендігін анықтаудан басталады, яғни, әрекет пен әрекетсіздікті, қылмыстық зардапты және осы екеуінің арасындағы себепті байланысты. Қылмыстық заң диспозициясында бір жағдайда қылмыстық әрекет туралы нақты жазылса, мысалы, ұрлық, ал екінші жағдайда, тек қылмыстық зардаптың орын алатындығын көрсетеді.Мысалы, адам ұрлау. Қылмыстық заңда кейбір диспозицияларында қылмыстың объективтік жағы толықтай сипатталып көрсетілген қылмыстық әрекет және одан туындайтын қылмыстық зардап, мысалы, 165-бап, мемлекеттік опасыздық, 103-бап, денеге ауыр зардаптар келтіру т.б.
Қылмыстық құқықта кеңестік деген ұғым нақты іс-әрекеттің істелген орны ретінде қарастырылады. Сондықтан да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашып көрсететін белгілер қатарына қоғамға қауіпті іс- әрекет, істелген орын және уақыт та қосылады.
Кейбір реттерде заң шығарушы нақты қылмыс құрамының белгілерін анықтағанда қоғамға қауіпті іс- әрекеттің белгілі бір жағдайда істелетіні да еске салады.
Демек, мұндай жағдай қылмыстың объективтік жағының бір белгісі болып саналады.
Кез келген қоғамға қауіпті іс - әрекет белгілі бір тәсілмен, кейбір реттерде нақты құралдар мен қару-жарақтар қолдану арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Мысалы, кісі өлтіруде бірнеше тәсіл қолданылуы мүмкін: кісіні өлтірі үшін мылтық немесе пышақ, у дәрі пайдалану, адамды тұншықтыру, қылғындыру немесе автокөлік пен әдейі қағып кету арқылы да өлтіреді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағы
Қылмыстың объективтік жағының мазмұны көптеген белгілерінің
жиынтығынан тұрады. Ең бастысы қылмыстық заң құрайтын заң қорғайтын
қоғамдық қатынастарға қиянатпен қол сұғатын және оған  қол сұғу қаупін
тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет ( әрекет немесе әрекетсіздік).
Қылмыстық құқықтағы зиян қылмыстың объективтік жағының белгісі болып
табылатын қоғамға қауіпті зардап деген ұғымды білдіреді.
Қоғамға  қауіпті іс-әрекет пен одан туындайтын  зардаптың арасын
байланыстыратын  белгіні себепті байланыс деп атайды.
Қылмыстың объективтік жағы – қылмыс жасаушының қылмыстық әрекетке
байланысты мінез-құлқының ішкі жағы. Объективтік жақтың өзіне тән
төмендегідей белгілері бар: 1) қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік;
2) қоғамға қауіпті зардап; 3) қоғамға қауіпті әрекет пен зардаптың
арасындағы себепті байланыс; 4) қылмыстың жасалу орны, уақыты, жағдайы,
тәсілі және құралы. Алғашқы үш белгілі объективтік жақтың негізгі
белгілерін, ал соңғысы факультативті белгісін құрайды.
Қылмысты объективтік жағына қарай саралау, объективтік жақтың бар
екендігін анықтаудан басталады, яғни, әрекет пен әрекетсіздікті, қылмыстық
зардапты және осы екеуінің арасындағы себепті байланысты. Қылмыстық заң
диспозициясында бір жағдайда қылмыстық әрекет туралы нақты жазылса, мысалы,
ұрлық, ал екінші жағдайда, тек қылмыстық зардаптың орын алатындығын
көрсетеді.Мысалы, адам ұрлау. Қылмыстық заңда кейбір диспозицияларында
қылмыстың объективтік жағы толықтай сипатталып көрсетілген қылмыстық әрекет
және одан туындайтын қылмыстық зардап, мысалы, 165-бап, мемлекеттік
опасыздық, 103-бап, денеге ауыр зардаптар келтіру т.б.
Қылмыстық құқықта кеңестік деген ұғым нақты іс-әрекеттің істелген орны
ретінде қарастырылады. Сондықтан да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын
ашып көрсететін белгілер қатарына қоғамға қауіпті іс- әрекет, істелген орын
және уақыт та қосылады.
Кейбір реттерде заң шығарушы нақты қылмыс құрамының белгілерін
анықтағанда қоғамға қауіпті іс- әрекеттің белгілі  бір жағдайда істелетіні
да еске салады.
Демек, мұндай жағдай қылмыстың объективтік жағының бір белгісі болып
саналады.
Кез келген қоғамға қауіпті іс - әрекет белгілі бір тәсілмен, кейбір
реттерде нақты құралдар мен қару-жарақтар қолдану арқылы жүзеге асырылуы
мүмкін.
Мысалы, кісі өлтіруде бірнеше тәсіл қолданылуы мүмкін: кісіні өлтірі
үшін мылтық немесе пышақ, у дәрі пайдалану, адамды тұншықтыру, қылғындыру
немесе автокөлік пен әдейі қағып кету арқылы да өлтіреді.
Қылмыс жасаудың тәсіліне алдау немесе сенімге қиянат жасау(мысалы,
алаяқтықта немесе салық қылмыстарында) болуы мүмкін.
Осы айтылғандарға байланысты қылмыс істеудің тәсілі, құрал және қару-
жарақ деген ұғымдар да қылмыстың объективтік жағының мазмұнын ашатын
белгілер қатарына жатады.
Сонымен, жоғарыда белгілердің барлығы да қылмыстың объективтік жағының
белгілері болып табылады және осы белгілер арқылы объективтік жақтың
мазмұны айқындалады.
Кез келген жеке қылмыс құрамы үшін объективтік жақ сол нақты құрамның
төрт элементтерінің бірі ғана. Қылмыстық құқылық белгіленген қылмыс
құрамының белгілерін талдағанда сол қылмыстың объективтік жағы нақты қандай
белгілерден тұратынын анықтау өте қажет.
Қылмыстық құқық қылымында қылмыс құрамын ғылыми негізде зерттеуде А.Н.
Трайнин үлкен үлес қосқан.
Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің нақты нормаларын талдағанда,
жоғарыда көрсетілген қылмыстың объективтік жағының барлық белгілері
түгелдей дерлік, нақты нормалардың әрқайсысында кездесе бермейді.
Көптеген жағдайларда қоғамға қауіпті іс -әрекеттен міндетті түрде
туындайтын зардаптың (мысалы, ауыр немесе өте ауыр емес дене жарақаты)
болуын заңның өзінде атап көрсетеді.
Мұндай ретте заң шығарушы объективтік жақтың –уақыт ,орын, жағдай,
тәсіл немесе басқа да белгілерін заңда көрсетпейді.
Біршама қылмыстық – құқылық нормалар қоғамға қауіпті іс-әрекетті атап
өтумен ғана шектеледі. Мысалы, пара беру (ҚР ҚК 367-бабы), қызметтік
жалғандық жасау(ҚР ҚК 369 -бабы).
Кейбір жекелеген қылмыстық – құқылық нормаларда қылмыстың істелген
орны, уақыты немесе жағдайы тура көрсетіледі.
Яғни, қылмыстың объективтік жағының мазмұнына тән бір топ белгілердің
ішінен тек біреуі ғана қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік кез
келген қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті, қажетті белгісі, ал
қалған белгілерінің барлығы да факультативтік белгілері болып табылады. Бұл
белгілер адамның санасынан тысқары объективті өмір сүреді, сонымен қатар
олар әрбір нақты қылмысқа тән, заң шығарушының міндеті,бұл жерде, заңда осы
белгілерді дәл және тереңірек тауып анықтау болып табылады.
Сондықтанда заңның баптарының дизпозициясы, қылмыс құрамының
элементтерін ғана көрсетеді, оның өзі толығымен емес.
Қылмыстың  объективтік жағының маңызы біріншіден, оның белгілерін
дәлме-дәл анықтау арқылы істелген қоғамға қауіпті іс-әрекетті дұрыс
саралаудың негізі болып табылады.
Екіншіден, объективтік жағының белгілері арқылы өзара жақын, ұқсас
қылмыстарды бір - бірінен ажыратуға мүмкіндік туады (мысалы,ұрлықты
тонаудан, алаяқты ұрлықтан т.б.)
Осыған байланысты қылмыстың объективтік жағы қылмыс құрамының ішіндегі
ең маңызды элементтері қатарына жатады.
Қылмыс құрамының объективтік жағы дегеніміз - қылмыстық заңда
көрсетілген қылмыстық іс-әрекеттің сыртқы көрінісінің жиынтығы.
Олардың қатарына мыналар жатады: қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет
немесе әрекетсіздік), қоғамға қауіпті салдар (қылмысты нәтиже), қоғамға
қауіпті іс-әрекет пен қоғамға қауіпті салдар арасындағы себепті байланыс,
қылмысты жасаудың әдісі, орны, уақыты,жағдайы, қаруы және құралы.
Қылмыстың объективтік жағы-қылмыстық жауаптылықтың маңызы алғы шарты.
ҚР Қылмыстық кодексі қылмыстық құқық бұзушылық деп адамның жүзеге
асырылған кезде жеке басқа, қоғамға және мемлекетке қауіп төндіретін ойын
немесе пікірін емес, оның тек қылмыстық-құқықтық нормаларды бұзушы 
қоғамдық қауіпті іс-әрекетті ғана мойындайды (ҚК 4,10-баптары).
Қылмыстың объективтік жағы - қылмыстық жауаптылықтың негізін қалаушы
болып саналады, онсыз жауаптылықтың болуы мүлдем мүмкін емес.
Адамның жауаптылығы үшін іс-әрекеттің объективті жағының айырықша
мағынасын өткен ғасырдың 40-шы жылдарында К.Маркс өзінің жас кезінде былай
деп тұжырымдаған: Негізгі белгі ретінде істің өзін емес, әрекеттенушінің
ойларының түрін алға шығарушы заңдар-заңсыздықтың жағымды жазалау
шараларынан басқа түк те емес. Мен өзімді көрсете білгендіктен ғана, шын
болмыспен бетпе-бет келгенімде ғана –заң шығарушыға бағынышты ортаға
енемін. Заң үшін әрекеттерімнен басқа өз басым, тіпті де жоқ нәрсемнің, мен
тіпті де оның объектісі емес екенмін.
Сондықтан, қылмыстың объективтік жағы қылмыскердің ойы мен мақсатын
бағалауға негізгі белгі болып табылады.
Осыған байланысты, қылмысты істі алдын-ала тергеу немесе сотта қарау
кезінде, ең алдымен қылмыстың  қылмыстың объективтік жағы анықталып алып,
оның негізінде субъективтік жағы белгілі болады, қылмыстық заң жүзінде
тыйым салуына қарамастан қоғамдық қауіпті әрекет жасаушының мақсаты, себебі
және ниеті туралы шешім шығарылады.
Объективтік жақтың белгілерінсіз субъективтік жақтың мәселелері
қозғалмайды да, себебі соңғысы алғашқымен байланыссыз іске аса алмайды.
Қылмыстың объективті жағының маңыздығын, қылмыс құрамының дәл осы
буыны қылмыстық жауаптылық пен қылмыс құрамының түгел құралымының іргетасы
екендігін, ҚР Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімі баптарының диспозицияларында
заң шығарушы қылмыстың объективті жағының белгілерін жиі атайтығындығынан
да көруге болады.
Мысалы, қылмыстық заңда ылғи қоғамдық қауіпті іс-әрекеттердің
белгілері аталады, оларсыз Ерекше бөлім баптарының бірде-бір диспозициясы
мүмкін болмай қалады, қылмыстық заңда объективтік жақтың басқа да белгісі
жиі көрсетіліп отырады.
Атап өтетін бір жай олардың барлығы да қылмыстық-құқықтың маңызға
бірдей дәрежеде ие бола алмайды.
Қылмыстардың барлық құрамына міндетті нәрсе – қоғамдық қауіпті іс-
әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік). Объективтік жақтың басқа белгілері
факультативті, атап айтқанда, олар кейбір қылмыстардың құрамы үшін олардың
объективтік жағының белгілері болып саналса, басқа біреулері үшін –олай
саналмайды.
Мысалы, адам өлтіру,зорлау (99,120- баптар) қылмыс құрамдары үшін
қылмыстың істелген орны еш рөл атқармайды және қылмыстық жауаптылық бұл
қылмыстардың қай жерде істелгеніне қарамастан тағайындалады.
Алайда, дәл осы белгі (орын), мысалы, су жануарлары мен өсімдіктерін
заңсыз алу (ҚК 335-бабы) қылмысының құрамын анықтау үшін міндетті болып
табылады.
Объективті жақтың факультативті белгілері – тіпті қылмыстың құрамының
белгілері болмағандықтан оның бағалауына әсер етпеген күнде де, жаза
белгілеуге айтарлықтай әсер ететіндіктен үлкен материалдық-құқықтық маңызға
ие.
Кейбір жағдайларда олар жаза белгілеу кезінде кінәлінің жауаптылығын
жеңілдетуші немесе ауырлатушы жағдай болып табылады.
Мысалы, ҚР ҚК-нің 54-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылықты ауырлататын
мән-жайлар болып объективтік жақтың төмендегідей белгілері саналады:
қоғамдық қауіпті салдар (қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтіру), қылмыстың
жасалу әдісі (аса қатыгездікппе, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ
жәбірленушіні қинап қылмыс жасау), қылмыстың жасалу жағдайы қылмысты
төтенше жағдайда жасау) және т.б.
Объективті жақтың факультативті белгілерінің қылмыстық іс бойынша әр
қашан маңызды дәлелдік мағынасы бар екендігін екерген жөн.
Олардың барлығы да кез келген қылмыстың қажетті сипаттамасы болып
табылады. Егер, мысалы,істелген қылмыстың уақыты мен орны анықталмаса,
қылмысты ашылды деп санауға болмайды (тіпті кейбір құрамда олардың қылмысты
бағалауда маңызы болмаса да.
Сондықтан, қылмыстың объективті жағынан барлық белгілері өзінің
міндеті немесе факультативті болуына қарамастан кез келген қылмыстық
іс  бойынша қылмыстық-құқықтық мағынада дәлелдеу затына жатады.
ҚР Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің бір тарауы көлемінде текті
(арнайы) объект бойынша топтастырылған қылмыстар көбінесе объективті
жағының белгілері бойынша ажыратылады.
Себебі, қылмысқа сәйкес қоғамдық қауіптілікке тән дәл осы белгілерді
ажырату кезінде байқалады. Адамның және азаматтардың конституциялық
құқықтары мен  бостандығына қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігі бір
–бірінен қылмыстың объективті жағының белгілері бойынша, яғни қоғамдық  іс-
әрекеттің сипатына қарай ажыратылады.
Конституцияның 1-бабында ең қымбат қазына-адам және адамның өмірі,
құқықтарымен бостандықтары, -деп жарияланған.
Мысалы, сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссиясының
жұмысына кедергі жасау (ҚР ҚК 150-бабы), адамның және азаматтың тең
құқықтылығын бұзу (ҚР ҚК 145-бабы), сайлау құжаттарын, референдум
құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды қате есептеу (ҚР ҚК 151-бабы),
тұрғынжайға қол сұғылмаушылықты бұзу (ҚР ҚК 149-бабы) және т.б.
Қылмыстың объективті жағының белгілері  тек  қылмыстық істерді бір -
бірінен ажыратудың негізі болып қоймай, кейбір жағдайларда қылмыстарды
жіктеуге де негіз болады-бір жағынан әкімшілік,тәртіптік, екінші жағынан-
басқа құқық бұзушылық.
Мысалы, ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу (ҚР ҚК 340-бабы),қылмыс
ретінде дәл осындай әкімшілік құқық бұзушылықтан объективті жақтың
белгісімен ажыратылады, ол – құқық бұзушылық салдарынан тартылған залалдың
мөлшері.
Өкілеттіктерді теріс пайдалану (ҚР ҚК 250-бабы) осыған ұқсас тәртіптік
теріс қылықтан келтірілген зиян мөлшері бойынша ажыратылады.
Егер қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану кезінде азаматтар мен
ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделеріне немесе қоғамның не
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне айтарлықтай зиян келтірілген
болса, ондай теріс пайдаланушылық-қылмысты деп танылады.
Егер келтірілген зиян мөлшері онша көр болмаса, бұл іс тәртіптік
жауаптылыққа тартылуы керек.
Қылмыстық іс-әрекетті саралауда қылмыстың объективті жағының маңызы
зор.
Мысалы, Қазақстан Республикасының күші бар қылмыстық заңлары бөтеннің
мүлкін талан-таражға салуға байланысты қылмыстық жауаптылықты, олардың
жасалу нысанында қарай анықтайды (188-192 баптар).
Бұл қылмыстардың барлығы ұұрлық, сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін
ысырап ету немесе иеленіп алу, алаяқтық, шабуыл жасап тонау, тонау) тікелей
қасақаналықпен жасалынып, бірдей объектіге қол сұғады.
Сондықтан аталған қылмыстарды тек қана объективтік белгілеріне
байланысты дұрыс – саралай аламыз, яғни мүлікті алу тәсіліне қарап (ұрлық
–жасырын алу, тонау -ашықтан –ашық алу және т.б.).

Қылмыстық құқық бұзушылықтың субъективтік жағы
Жасалған қылмыстың обьективтік жағын анықтаумен қатар оның ішкі
негізін көрсететін субъективтік жағын дұрыс аша білудің маңызы ерекше.
Қылмыстың субъективтік жағы — кінәлі тұлғаның қылмыс істеудегі психикалық
іс-әрекетімен тікелей байланысты болғандықтан, қылмыстың субъективтік жағы
әрқашан да пікірталас тудыратын қылмыстық құқықтың маңызды саласы ретінде
заңгер ғалымдардың көңілін аударуды талап етеді. Бұл тек қылмыс жасаған
тұлғаның ниеті мен мақсатын түсінумен қатар оны қылмыс жасауға итермелеген
кінәлінің психологиясын зерттеуге итермелейді. Сондай-ақ, белгілі бір
қылмыстық істі шешуде кінә принциптерін тәжірибеде нақты саралай білудің
негізі қылмыстың субъективтік жағын дұрыс анықтаудан көрінеді. Субъективті
жақ термині қылмыстық заңнамада қолданылмайды. Бірақ; қылмыстың
субъективтік жағы мазмұнын қылмыстық құқықта мынадай бегілер кұрайды: кінә,
қылмыстық ниет, мақсат. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни
қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан-дүниесінде орын алған ішкі
өзгерістерді, оның санасы мен өзара іс-әрекет арасындағы байланысын
бейнелейді. Істелмекші болған қылмыс жөніндегі абыржу, өкініш білдіру
немесе жазадан қорқу психикалық әрекеттің әлементтері болып табылмайды,   
сондықтан    ол    қылмыстың    субъективтік    белгісіне жатпайды. Аталып
өткен қылмыстың субъективтік жағының осы белгілерінің заңдылық маңызы
біркелкі емес, керісінше, әр түрлі.

Қылмыс қоғамға қауіпті әрекет ретінде объективтік және субъективтік
белгілердің өзара үйлесім табуы негізінде жүзеге асады. Олардың біріншісін
объект пен объективтік жақ, екіншісі — субъект пен субъективтік жақ
құрайды. Олардың ортақ белгі деп аталуы жан-жақты түрде бір әлеуметтік
құбылыс — қылмысты сипаттаумен байланысты. Шынайы орын алған қылмыстық
әрекетте қылмыс белгісі өзара ажырамайтын байланыста болады.

Кінә — қылмыстың субъективті жағының негізгі және міндетті белгісі.
Кінә қағидасына сай, кеңестік кұқық ғылымында тек қана кінәлі тұлға ғана
қылмыстық жауапкершілікке тартылады және өзінің жасаған қылмыстық әрекетіне
сай жазаға тартылады деп көрсетілген. Бұл қағида қазіргі таңда Тәуелсіз
Қазақстан Республикасының қылмыстық кұқығында баса айтылған және қылмыстық
кодекстің арнаулы бабында көрсетілген. Қазақстан Республикасының қылмыстық
заңнамасына сәйкес қылмыстық жауапқа тек қана қылмыс істеген кінәлі адам
ғана тартылады. Объективтік айыптауға, яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін
қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейді. Сондықтан, адам өз кінәсі анықталған
қоғамға қауіпті іс-әрекеті және одан туындаған қоғамға қауіпті зардаптары
үшін ғана қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс. Кінәлі әрекет пен кінәлі еріктің
тұтастығынсыз қылмыстық жауаптылық та болмайды. Кінәнің қылмыстық құқықтың
қағидасына және анықтамасына сәйкес, кінә — қылмыстық әрекеттің немесе
әрекетсіздіктің ажырамас бөлігі және қылмыстық заңмен қаралатын, соттың
ұкімімен мемлекет атынан әшкерленетін, адамның өзінің жасаған қоғамға
қауіпті әрекетіне және оның зардаптарына деген психикалық қатынасы. Осы
тұста айта кететін жайт, психикалық қатынас — заңды түсінік емес, ол жеке
адам психологиясы пәніне кіретін түсінік. Сондықтан, қылмыстық кұқық
ғылымында психологиялық қатынас түсінігінің мазмұны психология ғылымының
зерттеген категорияларына, ережелерше сай анықталады. Адамның өзіне тән
психикалық белгілеріне — адам қызметінің, хал-ахуалының, өзара ішкі сезім
қатынасының қасиеттері жатады.

Субъективті жауапқа тарту теориясының дамуы кеңестік кезеңде кінәнің
екі нысанымен жасалатын қылмыстық құқық концепциясының дамуына әкелді. 60
жылдары заң басылымдарында авторлардың арасында дискуссия қыза түсті,
олардың бірі әрекет пен оның салдарына деген психикалық қарым-қатынасты
кінә нысанынының ерекшелігі ретінде қараса, келесілері кінәнің өзге нысаны
жоқ деп санады. Бірақ олардың ешқайсысы қылмыс жасаушы тұлғаның өз
әрекетіне (әрекетсіздігіне) деген әртүрлі қарым-қатынаста болуы мүмкіндігін
жоққа шығармады. Мысалы, Г. А. Кригер ерікті немесе еріксіз әрекеттің
салдармен өзара байланыстылықта болуы жасалған әрекетті күрделі объективтік
және субъективтік жақтардан құралған бір қылмыстың түрі ретінде қарастыруға
мүмкіндік береді. Мұндай жағдайды субъективті жағын сипаттағанда күрделі
немесе екі нысанды (кінәнің жеке нысанын емес) атауға болады деп жазды.
А.Б. Сахаров, екі нысанды кінәнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының түсінігі
Қылмыстық құқық бұзушылықтың объективтік жағының факультативті белгілері
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Қылмыс құрамының міндеті белгісі ретінде обьективтік жағы
Қылмыстық құқық бұзушылықтың белгілері
Басқару тәртібіне қарсы қылмыстардың топталуы
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. құқыққа сай мінез-құлық
Пәндер