Тұқымбақтарға арналған орман екпелері. Арша тұқымдасы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. ОРМАН ЕКПЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Орман екпелері жайлы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.2 Орман тұқымбағына сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
ІІ. ОРМАН ЕКПЕЛЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... .. 8
2.1 Ормандарды молықтыру мен орман өсірудің тиімділігін бағалау.. 8
2.2 Орман шаруашылық тәсілдері мен құндылығы аз орман екпелерін қайта құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.3 Арша тұқымдарын өсіретін орман питомниктердегі екпелер мен көшеттерді күтуді жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 13

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Егемен ел болғалы 25 жыл ішінде Қазақстан саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық өзгерістерді жалғастыруда. Қоғамның өркениетті дамуына орай еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта өз салмағының арта түсіп, әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына жан-жақты жағдайлар туғызуда. Нарық жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты табиғат қорын пайдаланудың тегін түрінен төлемді жүйеге өтуі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін қалыптасқан табиғатты тегін пайдалану теориясы табиғат қорын тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны ластанудан сақтандыра алмады. Бұл, әсіресе қоры жағынан да, алып жатқан аумағы жағынан да аз орман ресурстары үшін ең қолайсыз кезең болды. Планетамыздың өкпесі саналатын бұл ресурсты экономикалық-географиялық тұрғыдан дұрыс бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені қалыптастыру бүгінгі ең өзекті мәселе.
Қазақстан ТМД елдері ішінде территориясы жағынан екінші орынды, халқы жағынан төртінші орын, ал орман қоры жағынан әрбір шаршы шақырымға шаққанда ең соңғы орындардың бірін алады.
Қазақстанда орман жердің 26,2 млн. га бөлігін алып жатыр, оның ішінде ағашты алқап – 12,4 млн. га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге дейін ағаш дайындалады. Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. га м3-ге жуық ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
Қазақстан орман қорына бай болмағандықтан ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шет елдерден (негізінен Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.
Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану мен қорын қайтадан қалпына келтіріп отыруға тікелей байланысты. Бұл алдымен орман және ауыл шаруашылығының және табиғатпен байланысты басқа да өндірістердің тікелей міндеті. Орманның өскен жерінде ауа райын өзгертіп, өзен-көл суларын толықтырып отыратындығын, оны қорғаудың қажеттілігін арттырудың маңызы зор. Бұған қарамастан ағашты пайдаланбай тағы да отыра алмаймыз. Себебі қоғамға қажетті өндірістің көпшілігінің ағашсыз күні жоқ.
1. Ө. Орынбаев. Қазақстан ормандары.-Алматы.-1972.-142 б.
2. Ауыл шаруашылығын өркендету жүйесі жөніндегі ұсыныстар (Шығыс Қазақстан облысы).-Алматы.-1991.-353 б.
3. Ахметов М. Егоренков С. Егін қорғайтын орман алқаптаоын өсіру.-Алматы: Қайнар. -1970.- 145 б.
4. Дәуренбеков Ж. Аскаров Ә. Жасыл әлемге саяхат.-Алматы: Қайнар.-1985.-160 б.
5. Н.Толепбергенов.Жасыл орман – ел дәулеті. – Алматы,Қайнар-1984. – 156 б.
6. А.В.Чигаркин. Геоэкология иохрана природы Казахстана.-Алматы.- 2003.-337 с.
7. К.М.Джаналеева .Антропогенное ландшафтоведение.Алматы. – 2001.- 162 с.
8. Бейсембаев М.У. Лесопажарная классификация горной территории. Рудного Алтая.Казахстан – 1990.-98 с.
9 . Вдовина Т.А. Лесные экосистемы. Красноярск – 1987.-25 с.
10. Гвоздиков.А.И. Лесовастанавление в Казакстане.-Алматы,198с. -102 с.
11. Фурсов.В.И. Экологическая проблемы окружающей среды.-Алматы,1991.-23с.
12. Демина.Т.А. Экология природопользование,охрана окружающей среды.Москва,1995.-152с.
13.И.С.Мелехов. Лесоведение. Москва .Издательства.Лесная,промышленость,1980. -160с.
14.В.Г.Атрохин. Лесоводства. Издательства,Лесная промышленость, Москва,1970. -185с.
15.А.В.Егорина, Ю.К.Зинченко, Е.С.Зинченко. Физическая география Восточного Казахстана Западный и Восточный субрегионы, Усты-Каменогорск, 2003. -181с.
16. Альдербаев М.А Казахский лес. Миф и реальность. М , 1986. – 132с.
17. С.Г Синшине Лес и охрана природы. М «Лесная промышленность» 1980.- 124с.
18. Бауер В.В. Технология выращивания лесных культур крупномерным поссадочным материалом в условиях Казахстанского Алтая. Урал : ЛЕСОТЕХ институт 1986. - 318с.
19. А.М. Мушегян. Деревья и кустарники Казахстана. Алматы., 1962.- 158с
20. Есеналиев.А. Табиғат байлықтарды қорғау мен ұтымды пайдалану. Заң №4,56б.
21. Қазақстан республикасының кодкестері мен заңдары: Жер кодексі (2003); Су кодексі (2003); Орман кодексі (2003);Атмосфералық ауаны қорғау туралы заң (1997); Экологиялық сараптама туралы заң (1992).
22. 2000-2024 жылдардағы Қазақстанның ауыл, орман және балық шаруашылығындағы статистикалық жинақ. Алматы, 2005ж.
23. География және табиғат.2004(1,2),2005(2).
24. Қазақстан Республикасының 2004 – 2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы. Егемен Қазақстан,№320.2003.10 желтоқсан.
25. Коган. А.М, Коган. В.Н. Влияние условий выращивание на, рост посадочного материала хвойных пород в Восточном Казахстане. Вест.Науки Казахстана, 1990. – 96 с
26.Сүлейменов А.А. Орман шаруашылығы: курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.- Павлодар: Кереку,2008.- 20 б.
27. Эйтинген Г.Р. Лесоводство. – М.: 1953. – 426 с
28.Белов С.В. Лесоводство. – М.: 1983. – 321 с.
29.Морозов Г.Ф. Учение о лесе. Изд.5 – М.Л.:1949. – 75 с.
30. Набатов Н.М. Лесоводство. – М.: 1997. – 325 с.
31.Нестеров В.Г. Общее лесоводство. – М.: 1954. – 432 с.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Тұқымбақтарға арналған орман екпелері. Арша тұқымдасы

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І. ОРМАН
ЕКПЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 5

1.1 Орман екпелері жайлы
түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Орман тұқымбағына
сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6

ІІ. ОРМАН ЕКПЕЛЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... .. 8

2.1 Ормандарды молықтыру мен орман өсірудің тиімділігін бағалау.. 8

2.2 Орман шаруашылық тәсілдері мен құндылығы аз орман екпелерін қайта
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 11

2.3 Арша тұқымдарын өсіретін орман питомниктердегі екпелер мен көшеттерді
күтуді
жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... .. 13

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... 22

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24

КІРІСПЕ

Егемен ел болғалы 25 жыл ішінде Қазақстан саяси, экономикалық,
әлеуметтік, құқықтық өзгерістерді жалғастыруда. Қоғамның өркениетті дамуына
орай еліміздің дүниежүзілік қауымдастықта өз салмағының арта түсіп,
әлеуметтік-экономикалық жағынан дамуына жан-жақты жағдайлар туғызуда. Нарық
жағдайында Қазақстан Республикасы экономикасының жаңа бағыты табиғат қорын
пайдаланудың тегін түрінен төлемді жүйеге өтуі болып табылады.
 Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін қалыптасқан табиғатты тегін
пайдалану теориясы табиғат қорын тиімді пайдалануды және қоршаған ортаны
ластанудан сақтандыра алмады. Бұл, әсіресе қоры жағынан да, алып жатқан
аумағы жағынан да аз орман ресурстары үшін ең қолайсыз кезең болды.
Планетамыздың өкпесі саналатын бұл ресурсты экономикалық-географиялық
тұрғыдан дұрыс бағалау және оларды пайдаланғаны үшін төлемдік жүйені
қалыптастыру бүгінгі ең өзекті мәселе.
Қазақстан ТМД елдері ішінде территориясы жағынан екінші орынды, халқы
жағынан төртінші орын, ал орман қоры жағынан әрбір шаршы шақырымға шаққанда
ең соңғы орындардың бірін алады. 
Қазақстанда орман жердің 26,2 млн. га бөлігін алып жатыр, оның ішінде
ағашты алқап – 12,4 млн. га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге дейін ағаш
дайындалады. Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге
болады. Еліміз жылына 11 млн. га м3-ге жуық ағаш өнімдерін тұтынады.
Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары
негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады. 
Қазақстан орман қорына бай болмағандықтан ағаш және ағаш өнімдерінің басым
бөлігі шет елдерден (негізінен Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде
орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық,
әлеуметтік-экономикалық мәселе. 
Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану мен қорын
қайтадан қалпына келтіріп отыруға тікелей байланысты. Бұл алдымен орман
және ауыл шаруашылығының және табиғатпен байланысты басқа да өндірістердің
тікелей міндеті. Орманның өскен жерінде ауа райын өзгертіп, өзен-көл
суларын толықтырып отыратындығын, оны қорғаудың қажеттілігін арттырудың
маңызы зор. Бұған қарамастан ағашты пайдаланбай тағы да отыра алмаймыз.
Себебі қоғамға қажетті өндірістің көпшілігінің ағашсыз күні жоқ. 
Осыған байланысты адам баласының алдында орманның табиғатқа жасайтын
жағымды ықпалын бұзбайтындай етіп пайдалану міндеті тұр. 
Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы,
үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры
ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы болғандықтан оны өсіру,
қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылады. 
Орман алқаптарының тіршілікте алатын орны айрықша. Құнарлы топырақ
қабаты мен сапалы су көздерін қорғауда қамтамасыз ететін де, қолайлы
климаттың қалыптасуына игі ықпал жасайтын да, тыныс алатын таза ауаны
оттегімен жабдықтайтын да, экологиялық апаттардың зардабын бәсеңдететін де
қалың орман.
Тақырыптың өзектілігі: Елімізде орман ресурстарына деген сұраныстың
шиеленісуі жағдайында тұрғындар мен шаруашылықты орманмае қамтамасыз ету
проблемасын шешудің жалғыз жолы- оны қорғау мен үнемді пайдалану. Қазіргі
кезеңде орман ресурстарын тиімсіз пайдаланудың бірнеше бағыттары бар.
Адамзат баласы орман ресурстарын тиімсіз пайдалануда. Соның салдарынан
орманның қоры азаюда.
Курстық жұмыстың мақсаты: Орман ресурстарын пайдаланудың әрі ұдайы
өндірудің аймақтық және жалпы мемлекеттік қорларды қалыптасқан жөн. Бұл
қорлар табиғи қорларды пайдаланудың әрі ұдайы өндірудің республикалық
қорының бір бөлігі болуы керек. Оларды табиғатты пайдалану саласын
қаржыландыру мақсатында құру керек.
Курстық жұмыстың міндеті:

• Орман тұқымбастарын молықтыру және реттеу;
• Орман қорын қорғауды қолдау мен дамыту;
• Орман қорын пайдаланудың және қорғаудың негiзгi принциптерi мен
бағыттарын айқындау;

І. ОРМАН ЕКПЕЛЕРІ

1.1 Орман екпелері жайлы түсінік

Қазақстанда ең алғашқы орман екпелерін құру жұмысы М.К. Савичтің
жетекшілігімен 1881 жылы Батыс Қазақстанда Орал дала орманшылығы
ұйымдастырылды. Орал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым
қашықтықта аумағы 800 га болатын Краснов орман саяжайы құрылып, ол жерде
кәдімгі жатаған шегіршін, жасыл және кәдімгі шаған, қотыр қайың, кәдімгі
емен және үшкір жапырақты үйеңкі өсірілді.
Орман екпесі – ағаш кесу мен орман құру жұмысының арасын теңестіру
болып табылады. Қазақстанда жыл сайын 80 мың га орман қайта қалпына
келтіріліп, соның ішінде 70 мың га екпе орман отырғызу жұмысы жүргізілген.
Біздің елімізде бүгінгі күнде орман қоры азайды, сондықтан орманды қайта
қалпына келтіру мен қайта жаңарту жұмысын ұлғайту керек. Орман екпесінің
негізгі міндеті орман заңнамаларының негізінде құру:
• Ағаш кесілген және өртенген ормандарды қайта қалпына келтіру
мерзімін қысқарту, ағаш кесу және орман екпесін отырғызу
аралығын қысқарту;
• Орманды қалпына келтіруде шаруашылық-бағалы түрлерге ауыстыру;
• Аз орманды аудандардың ормандылығын көбейту, қойлайсыз жерлерде
орман өсіру және тағы басқа;
• Санитарлы-гигиеналық, қорғаныш және әсемдік-эстетикалық сапаны
пайдалану мүмкіндігін кеңейту.
Әрбір орман екпесі орман қорының алұқаптарында өсу жағдайының типін,
сонымен бірге экономикалық мақсатын ескере отырып, орман екпесінің
жұмысының сипаты анықталады, нақтырақ: ағаш түрлерін таңдау, араластырудың
типтері мен сүлбесі, өндіріс тәсілі, отырғызу немесе себу орындарын
араластыру, күтіп-баптау шаралары және т.б. орман екпелерін өсіру жобасының
негізінде өңделеді.
Бірінші кезекте игерілетін орман екпесінің қорына жататындар:
• жаңа кесілген қылоқан жапырақты ағаш түрлері мен өртенген
аумақтар, тез өсетін арамшөптермен зақымданған жерлер;
• жоғары өндірісті топырақты орманмен қамтылмаған аумақтар, жоғары
класты бонитетті екпе ағашын өсіруге жарамды жерлер;
• елді мекендердегі жасыл аймақ учаскелері мен өзен, көл, су
қоймасы, каналдар жағасы мен басқа да су жүйелері маңындағы
тыйым салынған орман жолақтары;
• топырағы жел және су эрозиясынан бүлінген учаскелер;
• ағашы кесілген, төмен бағалы жұмсақ жапырақты ағаштар және бұта
түрлерімен ауыстыру керек;
• пайдалы қазбалары қазылып алынған және қалпына келтірілген орман
өсіруге жарамды жерлер.
Орман екпесін құру кезінде жас өсімдіктер (сеппелер, тікпелер)
қолданылады. Олардың тамыр жүйесі қалыптасқан басты мәселе топырақ өңдеу
тереңдігіне байланысты. Әрбір орман өсетін аймақта топырақ өңдеу кезінде
мынаны ескеру керек:
• Өсу орыны жағдайларының типі;
• Екпе ормандар алаңшасының жағдайы мен шығу тегі;
• Екпе орманға қолданылатын ағаш түрінің биоэкологиялық қасиеті.
Топырақ өңдеу түрін таңдау тәсілі келесі факторларға байланысты:
• Климаттық жағдайға;
• Екпе орман алаңшасының бедері жағдайына (тың және тыңайған жерлер,
кеспе ағаш, өртең, ашық жерлер және т.б.);
• Арамшөптердің түрлік құрамына;
• Екпелерді отырғызу мезгіліне және т.б.
Сондықтан екпе орман алаңшасының әрбір учаскесіне, олардың
спецификалық ерекшелігіне байланыстығ мейлінше эффективті топырақ өңдеу
жүйесін қолдану керек.
Жалпы алғанда, орман екпесін құру әдісі көп жағдайда әрі сенімді,
әрі экономикалық жағынан да тиімді. Қазіргі таңда, екпелерді өсіру
барлық орман өсетін аймақтарда жақсы нәтиже беріп отыр.

1.2 Орман тұқымбағына сипаттама

Тұқымбақтар мақсатына қарай 3 түрге бөлінеді:

1.Орман тұқымбағы, 2. Жеміс-жидек тұқымбағы, 3. Көгалдандыру тұқымбағы;
Ал көлеміне қарай тұқымбақтар былай жіктеледі:
1.ұсақ, көлемі 5га  дейін; 2.ірі, 25 гадан көп 3.орташа, 5 гадан 25га 
дейін;
Өмір сүру ұзақтылығына байланысты уақытша және тұрақты тұқымбақ болып
бөлінеді.
1. Уақытша орман тұқымбағы ( 5 жылға дейін) – отырғызу материалын бір рет
өсіру үшін арналған. Уақытша орман тұқымбағы әдетте орман шаруашылығында,
кейде кәсіпшілігінде құрылады және оларды қолдануда механизмдерді тысқары
пайдалану , жолдардың, техниканың , мамандардың болмау жағдайына байланысты
өсіру ережесін бұлжытпай орындау қажет. Алғашқы жылдары орман топырақтарына
отырғызу материалдарын өсіру кезінде екпелерді өсіруде арамшөптер болмайды
2. Тұрақты орман тұқымбағы (2-5 ж, кейде 10 жылға дейін өсіреді) – жеке
шаруашылықтық барлық жағынан қолайлы жерде құрылады, жер көлемі уақытша
орман тұқымбағынан артық болады, ұзақ уақыт бойы пайдаланылады. Тұрақты
орман тұқымбағының тұқым егетін бөлімі негізгі бөлім болып табылады. Мұнда
арнайы мамандар жұмыс істейді. Мамандандырылған техникалар,
механикаландырылған және автоматтандырылған құрылғылар да бар деуге болады.
Тұқымбақ төмендегідей бөлімдерден тұрады:

• Екпе бөлімі. Екпе тұқымдарын көшеттерді өсіру жолымен өсіру үшін
біржылдық, екіжылдық, үшжылдық өсімдіктерді бір жерден екінші
жерге ауыстырып отырғызу үшін арналады;
• Мектеп бөлімі – екпе ағаштарды өсіру үшін арналған бөлім. Көшет–
сиретілген екпелерді бір жерден екінші жерге отырғызып өсіретін, жас
ағаш және бұталы өсімдік;
• Қалемшелі көшеттер бөлімі – қысқы қалемшелерден алынған көшеттер өсіру
үшін арналады. Вегетативті көбеюде қолданылатын тамырдың кесіндісі;
• Жасыл қалемшелер бөлімі. Жасыл қалемше – вегетациялық өсімдіктер
кезінде дайындалған жазғы мерзімде жапырақтың қурап қалуы;
• Аналық бөлім, вегетативтік жолмен көбею мақсатында материалдарды алу
үшін қолданылады;
• Теплица – жер учаскесін қабыршақпен қаптап, отырғызу материалын жылдам
өсіру үшін арналған бөлім;
Шаруашылық учаске, қазылған учаске және қордашық. Отырғызу
материалдарын өсіру технологиясында шаруашылық бөлімдерінің жиынтығы,
тұқымбақтарды белгілеу мақсатында анықталады.
Жоспарлы - картографиялық материалдар питомник аумағын ұйымдастыру
жоспарымен, питомниктің ашып көрсетілген сызбасымен және суару жүйесінің
жұмыс сызбаларымен беріледі.

ІІ. ОРМАН ЕКПЕЛЕРІНІҢ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ

2.1 Ормандарды молықтыру мен орман өсірудің тиімділігін бағалау

Орман секторын дамыту басымдықтарының бірі ормандарды қалпына келтіру
болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясында және
Қазақстан халқына барлық жыл сайынғы жолдауларында Президент осы бағытты
мемлекет аумағын экологиялық сауықтыруға жәрдемдесетін басым бағыттардың
бірі ретінде бөліп көрсетеді.
Осылай республика бойынша орман иеленушілер 2012-1016 жылдары
республика аумағында 243,7 мың га алаңда ормандарды молықтыру және орман
өсіру жұмыстары жүргізілді.
Қолдан орман өсірудің негізгі бағыттары орманды молықтыру және өсіру
болып табылады. Орманды молықтыру – бұл бұрын орманмен көмкерілген
алаңдарды орман екперін өсіру. Мұндай алаңдарға, әдетте әр түрлі жастағы
ағаштары кесілген, өртенген және көшеттері қурап қалған алаңдар жатады.
Орман өсіру – бұл бұрын орман өспеген жерлерге орман екпелерін өсіру,орман
өсірукде тек қолдай ағаш өсіру және отырғызу тәсілімен жүзеге асырылады.
Орманды молықтыру кезінде өсірумен және отырғызумен қатар жекелеген
тұқымдастарды табиғи жаңарту да пайдалануы, яғни ол аралас түрде жүргізілуі
мүмкін. Аралас молықтырудың айрықша түрі ағаш екпесі әдісімен құндылығы
төмен ағаш тұқымдары мен бұталарды шаруашылықта бағалы екпелермен ауыстыру
мақсатында жас екпелерді қайта құру болып табылады.
Орманды молықтыру және орман өсіру кезінде орман екпелерін өсірудің 4
жүйесі пайдалануы мүмкін:
• Бастапқы орман ағаштары;
• Орман қолтығы екпеағаштары;
• Ағаш кесілген және өртенген алаңдарда кейіннен орман дақылдарын
отырғызу;
• Бұрын орман болмаған алаңдарда ағаш өсіру.
Бастапқы орман ағаштары – бұл таяу жылдары кесуге түсетін жетілген
екпелерді ауыстыру үшін егілетін дақылдар. Мұндай дақылдарды қалыптастыру
жетілген, ал кейде толысқан екпелердің орнындағы алаңқайда басталады.
Ағаштар кесілгеннен кейін алдын-ала егілген екпелер толықтырып, нәтижесінде
ашық алаңдарда егілетін тұтас екпе ағаштар жасалады. Олардың басымдығы сол,
онда тұқымдардың қалаусыз ауысымның алды алынады, орман жағдайына қолайлы
жағдайлар барынша пайдаланылады, екпеағаштарды отырғызу мен өсіруге кететін
шығын төмендейді.
Орман қолтығындағы екпеағаштарды тығыздығы төмен екпелердің өнімділігі
мен орнықтылығын арттыру үшін егу ұсынылады. Әдетте оларды жасы екінші,
кейде үшінші сыныптағы жас және орта жастағы алқа ағаштарда отырғызады.
Өнімділікті арттырудан басқа орман қолтықтары екпеағаштарының топырақты
қорғау, су сақтау, алқа ағаштардың санитарлық-гигиеналық және сәндік
қасиеттерін күшейтетін мелиривті маңызы бар, олар аңшылық-кәсіпшілік
хайуанаттар дүниесінің жемдік қорын жақсартады. Бұл көзқарас бойынша жасыл
аймақ және айрықша қорғалатын табиғи аймақтарында орман қолтығы екпе
ағаштарын отырғызу пайдасы зор.
Ағаштар кесілген және өртенген жерлерде кейіннен отырғызылатын екпе
ағаштар басты тұқымдармен молықпайтын немесе қанағаттанарлық түрде
молықпайтын кеспеағаштарындағы алқаағаштарды кескеннен кейін отырғызылып,
өсіріледі. Олардың негізгі басымдығы барлық жұмыстарды механизациялау
мүмкіндігі және құрамы мен құрылымы бойынша күрделі алқа ағаштар егу болып
табылады.
Бұрын орман болмаған алаңдарда орман өсіру – бұл ағаштарды арттыруға
мүмкіндік береді. Екпеағаштар орманмен көмкерілмеген, орманды емес алқаптар
– алаңқайларда, алаңдарда, бос жерлерде, аралық орманды алқаптарда және
тағы басқа секілді жерлерде егіледі. Орман екпеағаштары алаңының бұл санаты
орман екпе ағаштарын егу жұмыстарына кешенді механизацияны барынша толық
қолдануға мүмкіндік береді. Алайда, мұндай алаңдарды игеру кезінде ағаш
кесу орындарын егжей-тегжейлі зерттеу және тұқымды іріктеуді негіздеу қажет
болады.
Жер бетіндегі өсімдіктер әлемінде ең маңыздыларының бірі - орман болып
табылады. Орман ауадағы көмір қышқыл газын сіңіріп алып, өзінен оттегін
бөліп шығарады, яғни ауадағы оттегі мен көмір қышқыл газ балансын
қамтамасыз етушілердің бірі және негізгісі болып табылады. Салыстырмалы
түрде айтқанда орман жердің өкпесі іспеттес. Бір гектар орман тәулігіне 220-
280 көмір қышқыл газын сіңіріп алып, 180-200 кг оттегін бөліп шығарады.
Орман ауаны тазартушы, сауықтырушы қызметін атқарады. Бір гектар ормандағы
жапырақты ағаштар бір күнде 2 кг фитонцид бөліп шығарады, қылқанды
жапырақтар - 5 кг, ал арша тектестер .- 30 кг-нан астам. Орманда ауру
тудыратын микробтардың күрт азаятындығы байқалады. Қала ауасымен
салыстырғанда орманда мүндай бактериялар 300 есе кем. Қылқан жапырақты
ормандағы ауаның тазалығы хирургиялық операция бөлмесіндегімен бірдей.
Сондықтан қалалардағы, елді мекендегі орман алқаптары (парктер, скверлер,
т.б.) маңызды денсаулық сақтау, сауықтыру қызметін атқарады.
Орман топырақтың құнарлылығын сақтайды, жердің тозуын (эрозиясын)
болдырмайды. Орман жердің көркі, жанның саясы. Орман су көздерін қорғау
қызметін атқарады, ауыл шаруашылық жерлерін, қатынас жолдарын - жел
эрозиясынан, құм, шаң басудан қорғайды.
Орман халық шаруашылығына қажетті құнды материал - ағаш береді.
Орманда дәрілік, тағамдық, техникалық, өсімдіктер, жеміс - жидек,
саңырауқұлақтар өседі. Орман ағаштарынан құнды шырын, шайыр алынады.
Орманда түрлі жан-жануарлар, қүстар, жәндіктер өмір сүреді.
Қазақстан орман қорының жері 21,2 млн. га, оның ішінде ағашты алқап -
9,1 млн.га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге дейін ағаш даярланады, ал
есептелген кесуге болатын шамасы 3-3,5 млн. м3-ге жетеді.
Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады.
Еліміз жылына 11 млн. м3-ге жуық (келтірілген шама) ағаш өнімдерін
тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан
ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
Қазақстан орман қорына бай емес. Ағаш және ағаш өнімдерінің басым
бөлігі шетелдерден (көпшілігінде Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде
орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте езекті экологиялық,
әлеуметтік-экономикалық мәселе.
Сол себепті, орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты
мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыруяғни, екпеағаштарын отырғызу,
әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына
келетін табиғат ресурсы. Сондықтан орман қорын өсіру, қорғау ұзақ
мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылуы тиіс. Орманда әр
жылдық ағаштар өседі. Бұл ағаш өсіру мен оны пайдалануды үйлестіруге
мүмкіндік береді. Яғни ағашты өсіруге, оны қорғауға жүмсалатын шығын мен
оның өнімдерін пайдалану процестері үздіксіз қайталанып отырады.

2.2 Орман шаруашылық тәсілдерімен құндылығы аз орман екпелерін қайта құру
Құндылығы аз орман екпелерін қайта құру дегеніміз - құндылығы аз
орман екпелерін кесу және мәдени орман өсіру тәсілдері көмегімен құндылығы
жоғары екпелермен орнын ауыстыру. Қайта құрудың негізгі мақсаты – орман
құрамының құндылығын жақсарту, өнімділігін және табиғатты қорғау
функцияларын жоғарылату.
Орман шаруашылық тәсілдері мен құндылығы аз орман екпелерін қайта
құру тек қана қандағашты, тамыр атпалы көктеректі, жас бұтақты қайыңдардың
орындарын басады, яғни қылқан жапырақтылар – емен, шаған, үйеңкі және тағы
басқаларымен. Бұлар табиғи немесе жасанды жолмен пайда болған. І топқа
жататын ормандардың өте жақсы өсу жағдайларын қамтыған құндылығы төмен
отырғыларда қайта құру жұмыстарын белгілейді. Қайта құрудың 2-ші қатарында
болатын орманның ІІ тобындағы өскіндер мен тамыр атпалардан қалыптасқан
отырғылар жатады олар шымылдық астында 1,5 – 2000 қылқан жапырақты дана мен
биіктігі 0,5 метрден биік болып, ауданда біркелкі орналасып сүрек діңдерді
сату мүмкіндігі болса. Соңында қалпына келтіру жұмыстары ІІІ топ
ормандарында жүргізіледі. Яғни мұнда сүректер аз кездеседі және
шаруашылықта бағалы орман ағаштарын екпелермен ауыстыру жұмысының нәтижесі
жоғары өнімділік бермейді.
Әдетте құндылығы аз екпелерде қайта құру, біртекті топтастыру,
бірқалыпты қайта құру және тегіс қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Олар
қайта құратын екпелердің құрамына, шығу тегіне, бірігуіне, жағдайына
байланысты, ең бастысы - шымылдық астындағы шаруашылық жағынан құнды
түрлердің жас өскіндерінің болуымен байланысты.
Жалпылап қайта құру тәсілін жиі өскіндер мен тамыратпалар тегі бар
ұсақ жапырақты 5-20 жылдық өсімдіктерде және биіктігі 6-7 метр болып,
шаруашылықта құнды түрлерімен және ауданда біркелкі өсуімен көзге түссе.
Бұл жас өскіндерде ені 4-8 метрлік ашық жол салынады. Келешекте ол жолдарды
сиректетеді немесе тегіс кесіп тастайды.
Қайта құрудың біртекті топтастыру тәсілін аралас 5-20 жастық
толықтығы бірқалыпты емес және шымылдық астындағы топтар 0,05 га дейін және
шаруашылықта құнды түрлері бар біртекті ағаштарда қолданылады. Топтар мен
біртекті шашылған дәндерден өскен ағаштардың үстінен сапасы екінші сатыдағы
ағаш түрлері кесіледі немесе шаруашылықта құнды ағаштарға өсу мүмкіншілігі
жақсартылады. Ол өсуді нашарлататын жапырақты өсімдіктен арылуымен
байланысты.
Бір қалыпты қайта құру - шашылған дәннен өскен ағаштардың үстіндегі
шымылдықты сиректетумен байланысты және шаруашылықта құнды түрлерді бірнеше
тәсілмен сақтауды жүргізеді.
Құндылығы төмен екпелерде тегіс қайта құру жұмыстары жоғары қарқынды
орман шаруашылығында қолданылады және ол өскіндердің жоғарысындағы ұсақ
жапырақты тамыр атпалардан дамыған ағаштарды жоюмен байланысты, олардың
ішінде шаруашылықта құнды түрлер болмауы керек. Жағымсыз ағаштар мен
бұталардан арылу Секор бұта кескішімен, балтамен және ағаш пен бұта
өсімдіктерін жоятын арнайы химиялық заттармен, яғни арборицидтермен
жүгізіледі.
Арборицид ретінде жүйелі түрде әсер ететін препараттар қолданылады.
Жапырақтарға түскеннен кейін жүргізу жүйелерімен ағаш тамырына жетеді,
сонымен қатар таңдамалы әсер ететін болып келеді. Яғни жағымсыз ағаштарды
(сұр қандағаш, көктерек, қайың, орманжаңғақ, тал, т.б.) жойып, пайдалы
(шырша, балқарағай, майқарағай, қарағай, т.б.) түрлерге зиян келтірмейді.
Жағымсыз ағаштармен күресу шараларында қолданылатын негізгі арборицид
түрлеріне амин тұздары, бутил және т.б. эфирлер 2,4-Д, пиклоран
препараттары (раундап, гармон, т.б.), вельпар, гардоприм жатады. Бүрку
тәсілін құрғақ, тыныш ауа райында таңғы немесе кешкі сағаттарда, ереже
ретінде, жоғарғы бүршік қалыптасып және қылқан жапырақтыларда өркендер
ағаштанғанда жүргізіледі. Бүркіп шашуға ұшақтар (АН-2, АН-2М) және
тікұшақтар (КА-26, МИ-2), тракторлар (орманда қолданылатын аэрозольді
бүріккіш генератор ЛАГО-У, аэрозольді генератор АГ-4Д-2), сонымен қатар
арнайы, арқаға салып жүретін бүріккіштер (ОРП, ОМР-2,т.б.) қолданылады.
Арборицидтерді ағаш қабығына жағу арқылы және діңінің камбиіне енгізу
арқылы да қолданады. Бұл тәсілдерде жаққыштар пайданылады, өңдеу аппараты
(АБО-1) және сүректік инжектормен (ИД-1, ИД-2, ИП-4), Кобра аппараты
қолданылады.
Орманды күту жұмыстарында арборицидтерді қолданғанда, мыналарды
ескеру керек. Олардың жоғары токсинді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орман екпелерінің жағдайын бағалау
ОРМАН ЕКПЕЛЕРІ
Өтпелі ағаш кесу
Ақмола облысы, Маралзинская орманшылығы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚЫЗЫЛ КІТАПҚА ЕНГЕН ӨСІМДІКТЕР
Жеміс шірігі
Орман ағаштары және оларға зиян келтіретін аурулар
Алматы қорығындағы қосмекенділер (Amphibia)
Ашық тұқымды өсімдіктер арқылы емдеу
Ботаникалық ресурстардың маңызы және олардың негізгі топтары
Пәндер