Орман шаруашылығы жайында


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . . 3

І. ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ . . . 5

1. 1 Орман туралы түсінік . . . 5

ІІ. ЖАС АҒАШТАРДЫ САҚТАЙ ОТЫРЫП ОРМАНДЫ ОТАУ . . . 7

2. 1 Күту кесулерінің негізгі мақсаттары мен мәселелері, түрлері . . . 7

2. 2 Орманды басты қолдану және қалпына келтірудегі кесу жұмыстарының технологиясы . . . 15

2. 3 Шаруашылықта құнды түрлердің өзі өсетін және жас ұрпақтарын сақтау жұмыстарының технологиялары . . . 18

2. 4 Орман күтіміндегі механизациялық және технологиялық жұмыстарды ұйымдастыру және кескен орынды тазалау . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 29

КІРІСПЕ

Орманды қалпына келтіру - әр түрлі себептермен, соның ішінде көбінесе адамның теріс іс-әрекеттерінен бұрын болып, кейін жойылып кеткен орманды өсімдіктерді қалпына келтіру. Орман өсімдіктері адамға, жалпы тіршілікке табиғаттың берген аса бір құнды байлығы. Сондықтан ол ормандарды күтіп, қорғау адам қоғамының парызы. Өкінішке орай Қазақстанның көп жерлерінде бағалы ормандарымыз өртке шалынып немесе отын үшін қырқылып, оталып, бұрынғы орманды жерлер ормансыз болып, сол аймақтардың табиғи экологиялық жағдайларын нашарлатуда. Ондай алқаптардың орман жамылғылары, соларды жойып жіберген мекеме, адамдардың есебіне қайтадан қалпына келтірілуі қажет. Ормандарды қайта қалпына келтіру және оларды дамыту шаралары шаруашылық шараларды жүргізіуге болмайиын жерлерден басқа мемлекеттік орман қорының барлық рұқсат етілген жер категорияларында жүзеге асырылады.
Жобалау жұмыстарда орманды пайдаланушылардың көп жылдар бойы, орман екпелері мен табиғи жаңаруды зерттеу жұмыстары кезінде жиналған мәліметтеріне сәйкес жүргізіледі.
Ұдайы өндіру мен орман өсіруді талап ететін және шаруашылық әсер етуге қолайлы учаскелерге енетін орман екпелерінің қоры аралап көріп таксияцалау мәліметтері бойынша анықталады:
1) шарушылық құнды тұқымдылардың табиғи жолмен өсуі мүмкін емес орманмен қамтылмаған учаскелер;
2) тексеру кезеңінде жаппай кесуге жіберілген басым тұқымдылардың толымдылығы бойынша, табиғи жаңаруы мүмкін емес кеспеағаштар;
3) қалпына келтірілген және басқада орманмен қамтылмаған жерлер (орман мелиорациясы ретінде белгіленген, құмдар, жырлар, балкалар, карьерлер) ;
4) өнімділігі, толымдығы төмен алқа ағаштары мен екпе ормандарды отырғызу жолымен қалпына келтірілген бұталы өсімдіктер.
Орман орналастыру кезеңіндегі кеспеағаштардың жасанды жолмен қайта қалпына келтіруді қажет ететін ауданы пісіп жетілген орман астарындағы табиғи жаңару және есепті кепеағаштың нақты және болашақтағы пайдаланылуын ескере отырып есептеу арқылы анықталады.

Басты пайдалануға кесу жетілген және ескі ағашты кесу үшін ағаштың сүрегін дайындаумен қалпына келтіру болып табылады. Қазіргі заманда осындай ағаш кесу орманда басты және белсенді ықпал етеді. Сонымен қатар кесудің басты пайдасы халық шаруашылығымен және орманның экологиялық маңызына тәуелді болуы, олардың тұрған жері мен қызметінің орындалуы әр түрлі рөл атқарады. Басты міндетінен басқа орман материалдарын дайындау осындай оқиға қатарында кесу су қоймасының күшеюіне орманның қорғаныш және санитарлық-гигиеналақ қасиеттеріне байланысты. Сөйтіп, кесудің басты пайдасы орманды пайдалану қызығушылығымен, орманды қалпына келтіруге байланысты.
Басты пайдалануға кесу орманды басты пайдаланудың бір түрі, ішкі ресурстарды пайдаланудың басты бөлігі болып табылады. Орманды дұрыс пайдалануда, кесудің пайдасын негізге алып, олар ағаштың өлшемі мен сапасын алады, халық шаруашылығымен толық қанағаттандырады.

Ағашты тұтастай кесу, бұл ағаш кесетін жерде бір амалмен ағашты кесіп алуды, басты пайдалануға кесу мен қалпына келтіруін айтады. Кесуден кейін тұқым ағаштарын отырғызатын жер қалдырады көлемі 0, 5 тен 1, 5 га дейін, көлденеңі 10 - 15 метр. Ресейде ағашты тұтастай кесу тәсілі басты кесудің түрі болып табылады, себебі осының көмегі арқылы 95 % орман материалдарын дайындайды.

Тұтастай ағашты кесу көбінесе ІІІ және ІІ топ ормандарында кеңінен қолданылады және көптеген сорттардың көлем сұранысына байланысты. Олар ағаш кесетін учаскенің өлшемі жағынан өзгеше және тар жерде ағаш кесу айырмашылығы байқалады, онда ағаш кесетін жердің ұзындығы 100 м аспайтын және ауданы 50 га жерде құнарландырылған кесумен көлік жол магистралында болу керек, құнарлы ағаш кесетін жердің ұзындығы 200 м-ге дейін жетеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Жас ағаштарды(өскіндерді) сақтай отырып ағаштарды кесу арқылы орманды күту жолдарын қарастыру.

Курстық жұмыстың міндеті:

1) орманмен қамтылмаған аумақтарда екпе ормандарын отырғызу;
2) өнімділігі төмен және бұталы ормандарды жаңарту үшін, жасанды алқа ағаштарға құру;
3) орманды басты мақсатқа пайдалану үшін кесу кезінде жас өскіндерді ескере отырып, олардың табиғи жаңаруының артуына әсер ету;
4) табиғи жаңарудың келешекте орман құруына мумкіншілігі бар аудандарды қалдыру;
5) мелиоративтік орман өсіру.

І. ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ

  1. Орман туралы түсінік

Ағаш өсімдіктерін ботаника бөлімі немесе өсімдіктер туралы ғылым -дендрология зерттейді, ол ғылыми көзқараспен көп жылдық ағаш өсімдіктерінің - сыртқы және ішкі құрылысын, таксономиялық жағдайын, түр ішілік жүйеленуін, физиологиясын, экологиясын, географиялық орналасуын және шаруашылық мағнасын зерттейді. Ормандық ағаш өсімдіктері келесі өмірлік формаларына немесе топтарына бөлінеді: ағаштар, бұталар, бұташықтар, шалабұталар.

Әсіресе кеңінен тарап және шаруашылықта мағналы болған ағаштар - жан - жағында бұталары мен жоғарыда өркені бар айқын діңді көп жылдық өсімдіктер. Олардың орман қалыптасуында және шаруашылық пен халыққа сүрік алуда маңызды орны бар. Ағаштардың биіктігі 8…10 м биік болады.

Есейген бұталарда басты дің болмайды, оның орнына бірнеше діңшелер қалыптастырып 5 м биіктікке дейін өседі. Бұташалар тармақталған 80 см дейінгі биіктікке өсетін өсімдіктер, ал лиандар - иілгіш, ұзын, тұрақсыз, тіреу тілейтін сабақтары бар өсімдіктер.

Орман түсінігі көп қырлы . Орман биосфераның құрамдарының бір бөлігі болып есептеледі, жер шары өмірінің белсенді орны болып құралады, өйткені құрамы, құрылымдары тірі ағзалардың тіршілігімен байланысты; географиялық ландшафттың элементі ретінде оны орман ауқымы (массив) және орман қоры ж. т. б. құрастырады.

Орман - жер шарының негізгі түрлерінің біреуі, яғни әртүрлі аралас өсімдіктердің күрделі қарым - қатынасы, бірақта көлемі, құрылымы, құрамы, көбеюі, көректенуі және басқа белгілері бойынша айырмашылығы бар. Ал өсімдіктер ішінде ағаштар басты орында. Бірақта көп ағаштарды орман деп атауға болмайды. Өйткені олар бір-бірінен алшақ орналасып, қатар-қатар тұруы мүмкін, сондықтан олар саябақ немесе демалыс бағын құрастырады.

Орман тек сандық белгілерімен емес, сапалық көрсеткіштерімен анықталады. Орманда өскен ағаштардың өте жоғары орналасқан бөрікбасы болады. Олар жоғарыда қосылып жарықты, жылуды, жауын-шашынды жерге түсірмейді. Сондықтан төменгі бұтақтар солып қалады, ал өсетіндері діңдері. Ол ағаштардың бағалылығы және шаруашылық мағынасы мол көрсеткіші.

Еркін өсетін ағаштардың бұтақтары солбырап, бөрікбасы шашыраңқы болады. Ағаштың діңі бұтақты, қысқа болады, оларда жақсы тауарлық түр болмайды. Ормандағы ағаштар, еркіндегі өсетіндерге қарағанда, 10 . . . 20 жыл кеш тұқым береді және дән беретін кезеңдері болады. Ол жылдар ағаштардың тұқымы мен табиғи жағдайларымен байланысты, сонымен қатар тұқым беру ағаштардың көлемдерімен байланысты. Өте ірі ағаштар 80% көп дәндер береді, ал нашар өсетіндері - 0, 5 % көп бермейді.

Орманда, ағаштармен қатар бұталар, шөптер, мүктер, қыналар және т. б. өсімдіктер өседі. Ол әсерлер жарық, көректік заттар және су үшін бәсекелестікте.

Сонымен, орман тек көптеген ағаштар араласы емес, ол бұталардың, шөптердің, мүктердің, қыналардың және т. б. өсімдіктердің қарым-қатынасы, онда ағаштар, ең бірінші болып, қоршаған ортаға әсер етеді: жарық, жылу, ылғал, ауа құрамы, жел және басқа экологиялық жағдайларға. Орман өз ортасын құрастыра отырып, қоршаған егістіктерге, шабындықтарға, су қоймаларына және т. б. әсер етеді.

Орман тек өсімдіктер құрылымы емес, ол биологиялық жүйе, оның қатарында әртүрлі жануарлар бар, орман фаунасын құрастыратын, сонымен қатар микроағзалар дамитын орта. Ормандық аңдар мен құстар өздеріне жайлы жағдай табады, өйткені олар қоректене және көбейе алады. Ал көптеген аңдармен құстар ағаштардың өсіп-дамуына әсер етеді, өйткені зиянды жәндіктердің көбейюін азайтып, орманның санитарлық жағадайын жақсартады. Жер қазатын жануарлар (борсық, көртышқан) топырақ құрамын жақсартады, қарағай тұқымдастарының қауіпті зиянкесі мамыр зауда қоңызының дернәсілін азайтады.

Ормандағы топырақта көптеген құрттар мен микроағзалар бар. Олар топырақтың құрамын жақсартады және ағаштар мен бұталардың қоректенуін қамтамасыз етеді, өйткені түскен қылқандарды, жапырақтарды, бұтақтарды, қабықтарды өңдеп пайдалы қылдырады.

Орман шаруашылығының негізін қалаушы Г. Ф. Морозов орманға жан-жақтық түсінік берген, яғни орман тек ағаш өсімдіктерінің бір-біріне әсер етумен емес, ал топырақтың және ауаның құбылыстарымен жаңа өзгерістер әкеледі.

В. Н. Сукачев орманды ормандық биогеоценоз (грек. био - өмір, гео- жер, ценоз-жалпы) ретінде қарастырған, яғни барлық тіршіліктің, топырақтың, жалпы дамудың әсерімен болатын өзгерістер ретінде.

Қазақстан Республикасының Орман кодексінде орманға келесі түсінік берілген. «Орман - ағаш пен бұта өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтік мәні бар табиғи кешен ».

ІІ. ЖАС АҒАШТАРДЫ САҚТАЙ ОТЫРЫП ОРМАНДЫ ОТАУ

2. 1 Күту кесулерінің негізгі мақсаттары мен мәселелері

Күту мақсатындағы кесу жұмыстарының биологиялық негіздерінің бірі болып келесі басты жағдайлар есептеледі: а) қолайлы өнімділікті орман бітімін құрастыруда, ағаш бөрікбастарының физиологиялық белсенділігі көп мөлшерде пайдаланылуы; б) өз кезегінде егіліп өсіп тұрған екпелердің көлемін ағаштармен толықтыру; в) ағаштарды олардың биологиялық ерекшеліктеріне байланысты және орман өсіру талаптарына сай келетіндей етіп орналастыру; г) төзімді, көп жылдық, жоғары сапалы қарқынды дамитын ағаштардан құралған екпелер өсіру; д) орман фаунасына пайдалы және орманға көп пайда әкелетін микроорганизмдерге қолайлы жағдай жасау. Таза отырғылардағы түрішілік байланысын реттеу .

Күтудің экономикалық негіздері халық шаруашылық маңыздылықтарымен тұқымдастарының орман шаруашылық қасиетіне және нақты табиғи жағдайларға байланысты күту кесулерін жүргізу үшін, ағаштың негізгі тұқымдасы анықталып, кесу жұмыстарының басталу және қайталану уақыты белгіленіп, кесуге жарамды ағаштарды іріктеу, өсіруге жарамды ағаш іріктеу принциптері оның қарқындылығы, кесуге арналған жұмыс құру және оның технологиясы анықталады. Халық шаруашылығына және тұрғындарға қажетті қосымша ағаштарды іріктеп алу орман қоймаларын тиімді пайдалану, қосымша шикі заттар алу, яғни қылқанды және дәруменді ұнтақ алу жағдайлары күту кесулерінің басты экономикалық алғы шарттары болып табылады.

Қазіргі кезде қылқан жапырақты және қатты жапырақтылар тұқымдастарына аса назар аударуда, сондықтан оларды ең басты ағаш тұқымдары деп біледі. Бұл жерде басқа қайың және көктерек ағашы тұқымдардың ең басты ағаш тұқымдарына жатпайды дегені емес егерде орман шикізат базасы сіріңке комбинаты мен күшейіп тұрса, онда әрине бұл жерде көктерек ағашы тұқымдасы ең басты тұқымдас болар еді, сондықтан ең басты тұқымдарына көп өнім беретін, шикізат базасын көтеретін тұқымдар жатады және оларға көп назар аударылып, күтім жасалады. Бұрын орман шаруашылығында бекіп қалған қағида болған, онда күту кесулері ерте басталуы керек делінген, бірақ мөлшерленген қарқынмен жиі орындалып тұруы керек. Мұнда, қағида таза екпелерде жасалатын күту кесулерінде, әсіресе, жас қарағайлы екпелерде қалыптасқан. Қазіргі кезде көптеген аралас ағаш бітімдері өсіп тұрған жерлерде орман шаруашылық және экономикалық жағдайлары келесіні көрсетеді: күту кесулерін кешірек бастап, оны жоғары қарқынмен, сирек қайталап тұру керек дейді бұл принцип солтүстік аудан ормандарында биологиялық тұрғыдан дәлелденеді, онда орман оңтүстікке қарағанда баяу өседі.

Күту кесулері арқылы аумаққа тиісті ағаш санын анықтауға болады, сонымен қатар олардың орналасуын анықтауға да болады. Сондықтан басты ағаштарға өсуге бөгет жасайтын тиімсіз ағаш тұқымдары алып тасталады, ішінен тек қоректік заттыларын алып қалады, ол орманның өсуін жақсартады.

Ағаштарды кесуге іріктеп алумен бірге оның орындалу қарқындылығы да қатар жүреді. Егер біз көп ағаш кесетін болсақ, онда ағаш бітімінің тұрақтылығын жойып, т. б. қолайсыз өзгерістер әкелуіміз мүмкін. Ал егер біз мөлшерімен аз ағаш кессек, онда кесудің мақсаты өз шешіміне жетпейді және ол экономикалық жағынан аяқталмайды. Сондықтан ағаштарды кесуге іріктеу принципі мен оның қарқынын таңдау орман шаруашылық іс-шараларында өте маңызды міндет атқарады

Күту кесулері кезінде жұмысты ұйымдастыру және территорияны белгілеу алдын-ала кесу жұмыстарының орындалу технологиясын анықтайды және ормандар ауданын үлкейту мен күту кесулеріне деген жаңа амал-тәсілдерін қолдану алдында кесу жұмыстарындағы жұмыскерлердің өндіру мүмкіншіліктерін қарастырады.

Күту кесулерінің түрлері және әдістері .

Ағаш жасы және шаруашылық мақсатына байланысты күту кесулерінің келесі түрлерін ажыратады: жарықтандыру, тазарту, сиректендіру, өтпелі кесулер. Күту кесулерінің түрлері ағаштың жас ерекшеліктері мен тұқымдастарына байланысты анықталады. Жарықтандыру - бұл жұмыс жас ағаш бітімінде вегетация кезеңінде ағаштың тұқымдық және сапалық құрамының, басты ағаш тұқымдарының өсу жағдайларын жақсарту мақсатында жасалады. Жарықтандыру жұмысы жасы 10-дағы, кейде 20-дағы қылқанды орман аймақтарында, тұқымдардың орман түзу ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар ағаш бітімінің өнімділігіне және орман түзу аймағына байланысты жасалады. Жас ағаштар ішінен жақсы дамып, өсіп келе жатқан ағашқа өз септігін тигізетін жағымсыз, аралас ағаштардың көзін жояды. Кесетін кезде ағаш тұқымдасына, оның биіктігімен диаметріне қарамастан, тіреп тұрған және жарықты түсірмей, жауып тұрған ағаштарды кеседі.

Тазарту жұмыстары-бұл күту кесулері жас ағаш бітімінде жүргізіледі. Ол кесу жұмыстары ағаштардың жақсы өсіп, басты ағаш тұқымдардың аумаққа дұрыс орналасуын реттейді. Тазарту жұмыстарын жарықтандырудан кейін 20 немесе 40 жастағы ағаш бітімінде жасалып, құнды ағаш екпелерінің ары қарай өркендеп өсуін қамтамассыз етеді. Кейде орман шаруашылық практикасында жарықтандыру мен тазарту жұмыстарын бір күту кесулері түріне біріктіреді, себебі екеуінің де мақсаты бір бағытта, яғни басты ағаш тұқымдары басым болып келетін ағаш бітімін құру болып табылады. Тазарту жұмыстары кезінде кесуге алынатын ағаштарды іріктеу мен оларды өсіру принциптері жарықтандыру жұмыстарымен бірдей болады. Аралас орман және орманды-далалы аймақтарда жарықтандыру жұмыстары қарағайлы, балқарағайлы, шыршалы және майқарағайлы ағаш бітімдерінде көп жағдайларда 10 жасқа дейінгі, тоғайда - 20 жасқа дейінгі ағаштарда жасалады. Ал тазарту жұмыстары 11 жастан 20 жасқа дейінгі және 40 жасқа дейінгі ағаштарда жасалады. Сібірдің тойғайлы ормандарында ағаштар өте бояу өсетін болғандықтан оларда жарықтандыру жұмыстары жүргізілмейді. Еменді шағанды, үйеңкі ағаш бітімді далалы және орманды-далалы аймақтардағы жарықтандыру мен тазарту жұмыстарының жасалу мерзімі аралас орман аймағындағы жарықтандыру мен тазарту жұмыстарымен бірдей болады.

Сиректендіру жұмыстары - бұл күту кесулері, ағаштары ІІ класс жасындағы және орта жастағы ағаш бітімдерінде жүргізіледі. Сиректендіру жұмыстары ең жақсы ағаштардың бөрік басы мен діңінің дұрыс қалыптасуы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында жүргізіледі. Сиректендіру жұмысы тазарту жұмысынан кейін жасы 30-40 жастағы немемсе 60 жастағы ағаш бітімінде жасалады. Сиректендіру жұмыстары суалу кезеңіндегі, өліп бара жатқан, зиянкестер және аурумен зақымдалған ағаштарға белгіленеді. Мұнда қисайған ұзын өскен бұтасы көп, бөрік басы төмен салбырап кеткен ағаштар кесіледі.

Орман шаруашылық тәжірибесінде сиректендіру жұмыстары аралас орман, орманды-далалы және далалы аймақтардың қылқанды екпелерінде тағы қатты жапырақтылар тұқымдарының туысында және бірінші генерация кезінде жүргізіледі, ерекшелігі желектер 21 жастан 40 жасқа дейінгі ағаш бітімдерінен құралу керек. Мұндай аймақтардың қылқанды екпелеріндегі басты кесу жұмыстары жасы 101 жас және одан жоғары, ал басқа тұқымдар үшін басты кесу жұмыстары жасы 61-ден және 21 жастан 40 жасқа дейін жүргізіледі.

Өтпелі кесулер - бұл күту кесулерін орта жастардағы ағаш бітімдерінде, ең жақсы ағаш өскіндерінің көлемін үлкейту мақсатында оларға қолайлы жағдай жасайды. Бұл күту кесулері сиректендіру жұмысынан кейін басталып, басты қолданыс кесулеріне дейін 5 . . . 10 жыл бұрын аяқталады. өтпелі кесулердің басты мақсаты, ол ағаштың пісу кезеңіне дейін басты қолданыс кесулерінен көбірек техникалық сапасы жоғары ағаштарды өндіріп алу болып табылады. Соңында діңінің жағдайы, сапасы және пішіндері жағынан толықтай шаруашылық мақсаттарына сай келетін ең жақсы ағаштарды алып қалады.

Ұсақ жапырақты ағаш бітімінде, тағы да емен, шаған және үйеңкі ағаштары бар жерлерде келесі жұмыстар жүргізіледі. Басты қолданыс кесулерінің жасы 41-дегі және одан жоғары жастағы ағаштарда, жарықтандыру 10 жасқа дейінгі ормандарда, тазарту жұмыстарын 11-ден 30 жасқа дейінгі, жол салу кесулерін 31-ден жоғары жастағы ағаштарда жасайды.

Аралас жас өскіндерде жасалатын күту кесулері түрлерінің ішіндегі ең бастылары жарықтандыру мен тазарту жұмыстары болып табылады. Сиректендіру кезінде ағаш діңімен бөрік басының пішініне күтім жасалады және ағаш бітімінің құрамын күту жұмыстары жалғасады. Өтпелі кесулер ең жақсы ағаштардың пісіп келе жатқан екпелеріндегі өскіндердің көлемін үлкейту және ағаш бітімдерінің сапасын жақсарту мақсатында жасалады. Сиректендіру мен өтпелі кесулер арқылы ең жақсы ағаштардың өсуі үшін қолайлы жағдайлар жасалады.

Күту кесулерінің негізгі түрлерінің бірі санитарлық кесулер, ағаш бітіміндегі бұталарды кесу, майда тоғайларды жаңғырту және ашық алаңдарды күту жұмыстары кіреді. Санитарлық кесулер - орман жағдайларын жақсарту мақсатындағы кесулер, ол кесу жұмыстарында ауырған, зақымданған және қурап қалған жеке ағаштарды немесе бүкіл ағаш бітімін алып тастайды. Ағаш бітіміндегі санитарлық кесулер, өздік іс-шаралары сияқты негізгі күту кесулерінің бір түрі уақытында жасалмаған кезде, көп жағдайларда зиянды жәндіктер мен саңырауқұлақ ауруларының ошақтары пайда болған кезде, көп жағдайларда зиянды жәндіктер мен саңырауқұлақ ауруларының ошақтары пайда болған кезде, санитарлық кесулердің тапсырмалары да қоса жасалынады. Бірақ мұндай санитарлық жағдайларына қанағатсызданатын ағаш бітімдері болады, оларға міндетті түрде көптеген ауруларға және зиянды жәндіктердің көбінесе көбеюіне қарсы белгі беретін санитарлық кесулер тағайындалуы тиіс. Ол екпелерді сауықтыру үшін және келешекте жақсы сүрек алу үшін өте қажет.

Санитарлық кесулерді іріктемелі және тұтас деп 2-ге бөледі. Іріктемелі санитарлық кесулер ағаш бітімінің барлық жас класстарында жасалады. Олардың ішінен жел сұлатпаларға, сұламаларға, қар сұлатпаларға ұшыраған, суалу кезіндегі және өліп қалған ағаштарды іріктеп, сонымен қатар саңырауқұлақ ауруларымен зақымдалған және зиянды жәндіктермен жауланған ағаш даналарын кеседі. Өндірілетін ағаш бітімдерінің сапасын түсірмейтін негізгі белгілерінің бірі іріктелмелі санитарлық кесулерден кейінгі ағаш бітімдерінің толықтығы болып табылады. Кесілген ағаштар орта жастағы ағаштардың толықтығын кем дегенде 0, 7-ден артық, ал пісіп келе жатқан және пісіп болған ағаш бітімдерін кем дегенде 0, 6-дан артық төмендетпеуі тиіс.

Тұтас санитарлық кесулер - бұл кесулерді өртке шалдыққан екпелерде, жел сұлатпаларға және сұламаларға ұшыраған орман аймақтарында, сонымен қатар діңдердің 40% -нан астамын зиянды жәндіктер мекендеп алған ормандарда жасалады. Мұндай ағаш бітімдерінде іріктемелі санитарлық кесулерін жүргізу экономикалық жағынан тиімді емес және орман шаруашылығында қолайлы емес, себебі мұндай кесулер кезінде тым қатты кескіленген екпелер айтарлықтай көптеген қорғаныс қасиеттерін жоғалтады және ол өз кезегінде орманның сапа көрсеткіштерін төмендетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге ораналастыруды жобалау
Шаруа (фермер) қожалықтарының жер пайдалануының құрылуы
Жерге орналастыру жобасы
Геодезия, жер мәселелері (сұрақ пен жауап түрінде)
Жерді пайдаланудың құқықтық негіздері
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Шаруашылық аралық жерге орналастыру принциптері
Жерге орналастыруды жобалау және ауылшаруашылық жерлерін пайдалану саласы бойынша
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобаларында берілетін жерді және қоршаған ортаны қорғау жүйе шаралары
Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жұмыс жобасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz