Мектеп жасына дейінгі балаларда геометриялық пішіндер жайлы ұғымдарды қалыптастыру ерекшеліктері жұмысының мазмұны


АСТАНА ҚАЛАСЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
Мектепке дейінгі тәрбие
және оқыту бөлімі
Мектепке дейінгі және шығармашылық пәндер бірлестігі
Курстық жұмыс
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДА ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ
ПІШІНДЕР ЖАЙЛЫ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
Орындаған 0101000 «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы 0101013 «Мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешісі» біліктілігі бойынша оқитын 3 курс студенті
Жетекші Мектепке дейінгі педагогика және жеке әдістемелер пәні оқытушысы
2016-2017 оқу жылы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы алғашқы ұғымы . . . 5
1. 2 Естияр және ересек топтарын геометриялық пішіндермен таныстыру әдістемесі . . . 7
2 ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР ҰҒЫМЫН ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕКШЕЛІГІ.
2. 1 Геометриялық пішіндермен таныстыруда заттың пішінін анықтау . . . 14
2. 2 Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы түсінігін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың маңызы . . . 18
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 30
ГЛОССАРИЙ
ҚОСЫМША . . . 32
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі . Қазақстан дербес мемлекет ретінде тәуелсіздігін алғаннан бері қоғам дамуының қазіргі талаптарынан туындап отырған міндет пен мақсаттарға орай өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беру мәселесін жан-жақты жетілдіру қажет болып отыр.
Әрине, бұлбілім беру жүйесінің барлық буындарына, сонын ішінде мектепке дейінгі буынға, зор жауапкершілік жүктейді. Өйткені, білім мен тәлім-тәрбиенің негізгі мектепке дейінгі ұйымдарда қаланады.
Осы бағытта біршама шаралар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: бағдарламалар жасалып, соларға сәйкес төлтума оқу-әдістемеліку кешендер жазылады, демек, оқу -тәрбие процесін ұйымдастырудың жаңа жүйесі мектепке дейінгі мекемелердің тәжірбиесіне енгізілуде, яғни педагогикалық ғылымның озық идеялары мен жинақталған тәжірбиелердің нәтижелері жаңа жағдайларда өзінің қолданысын тауып отыр.
Осындай күрделі мәселенің дұрыс шешілуі ұстаздардың теориялық білімінің және кәсіби мамандығының деңгейіне тәуелді. Сондықтан, тек қана білім берумен шектеліп қалмай, қазіргі заман талабына сай тәлім-тәрбие беретін, балалардың ой-өрісін, қабілетін жан-жақты дамытуға толық мүмкіндік туғызатындай дайындығы бар мамандар дайындаудың қажеттігін ескеруге тура келеді.
Зерттеудің мақсаты. Геометриялық пішіндерді оқыту әдістемесін математика сабағында балалардың қызығушылығын ояту құралы ретінде қолданудың ғылыми-әдістемелік негіздемесін жасау.
Зерттеудің міндеттері.
- геометриялық пішіндер туралы түсініктерін қалыптастыру;
- сызбалық және өлшеуіш аспаптардың көмегімен және оларды пайдаланбай ( көзбен өлшеу, қолдан сызу, т. с. с) балаларда өлшеудің және геометриялық пішіндерді салудың машықтық біліктерін қалыптастыру;
- кеңістік ұғымдары жөніндегі білімдерін жалпылау
- геометриялық пішіндерді анықтау әдісінің балалардың пәнге қызығушылығын оятудағы тиімділігін тәжірбие жүзінде тексеріп, зерттеу нәтижесінде ғылыми-әдістемелік нұсқау жасау, оны дәстүрлі оқыту әдістерінің нәтижелерімен салыстыру;
Проблема. Елдің болашағы оқу-тәрбие ісіне тәуелді. Сондықтан да оқу - тәрбие ісіне келелі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иелерін тәрбиелеп өсіру отбасының, балабақшаның міндеті.
Бүгінгі күн дидактика саласындағы орнықты мәселелердің бірі-математика пәні бойынша балалардың геометриялық ұғымдарын қалыптастыру проблемасы. Математика пәнін оқытудың тәжірбиесі геометриялық пішіндермен таныстыра отырып оқытудың тиімді әдістемесіне қол жеткізеді, екіншіден, баланың осы ұғымдарды игере отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірбиесін жинақтау қажеттілігі.
Зерттеудің болжамы: Егер математика сабағында балалардың пәнге қызығушылығын арттыруға бағытталған геометриялық ұғымдарды қолдану әдісі пайдаланылса, онда балалардың танымдық ойлау қабілеті, қызығушылығы артады, білімді игеру сапасының деңгейі жоғарылайды.
Зерттеу нысаны: Мектепке дейінгі мекемелерде математика пәнін оқыту.
Зерттеу пәні : Геометриялық пішіндерді қабылдау ерекшеліктері.
Зерттеу әдістері:
- зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми әдістемелік тұрғыдан талдау жасау;
- алдыңғы қатарлы педагогтардың іс-тәжірбиесімен танысу;
- дәстүрлі оқыту әдістері мен ұсынылған оқыту әдісіне салыстырмалы талдау жасау;
Зерттеудің ғылыми-практикалық жаңалығы:
- ұсынылып отырған курстық жұмыс мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың пәнге қызығушылығын оятуға игі әсерін тигізеді және геометриялық пішіндер туралы ұғымдарды сапалы игеруге көмектеседі.
- Геометриялық пішіндер ұғымын оқыту негізінде балалардың геометриялық ұғымын қалыптастыруға арналған тапсырмалардың мектепке дейінгі мекеме педагогтарының іс-тәжірбиесінде қолдануға кең мүмкіндіктің болуын
1. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ПІШІНДЕР ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ
1. 1 Мектеп жасына дейінгі балалардың геометриялық пішіндер туралы алғашқы ұғымы
Геометриялық пішіндер жайындағы мәліметті балалар алғаш рет ойыннан алады. Оқу жылынын басында топқа шар, құрылыс материалдарын, мозайкалар т. б енгізеді. Балалармен ойнай бастаған педагог геометриялық пішіндердің дұрыс атын атайды.
Бұл уақытта баланың қабылдауын дамыта түсу керек, әр түрлі формалар туралы түсінік жинақтау керек. Алғашқы жастағы топта баланың шар және төртбұрышты ажырата білуді үйретеді. Бірақ кейбір балалар екінші кіші топқа алғаш рет келуі болады, сондықтан сабақты пішіндермен таныстырудан бастау керек. Кішкентайлар тобымен жұмыс істегентәрбиеші шарды атап, оны атап көрсетеді, әр түрлі қимылдар жасап қолдан-қолға домалатады. Екі алақанымен дөңгелетеді, үстел үстінде дөңгелетеді, қимыл барысында тәрбиеші сөйлеп айтады: шар домалап жатыр. Мен шарды қолдан-қолға домалаттым. Балалар қолдарына шар алып дәл осы әрекетті қайталайды, кейін кімнің шары қандай түсте екенін анықтайды. Қорта келе, қолда қызыл шар ол домалап жатыр. Балаусада көк шар домалап жатыр. Мұхаммеджанда жасыл шар ол да домалап жатыр барлық шарлар домалап жатыр.
Кейін балаларды кубпен таныстырады. Оларда заттың көлемін зерттеу тәжірбиесі болғандықтан әр түрлі көлемдегі кубтар ұсынылады. Алдымен тәрбиеші кубты көрсетіп атайды. Алдымен тәрбиеші кубты көрсетіп атайды. Кейін екі түсті өзгеше кубты көрсетеді және бұл не? Оның түсі қандай? Қай куб көп немесе аздеген сұраулар қояды. Балалар кубты әбден ұстап, зерттеп болғаннан кейін оның тұрақты екенін анықтайды. Олар үлкен кубтын үстіне кішісін қойып, бірдеңелерді құра бастайды.
Кейін бұл пішіндерді салыстыру, топтастыру жаттығуын жүргізді. Балаларға үлгі бойынша бірнеше шар немесе куб алуды ұсынады.
Шар немесе кубты көрсет (3-4 пішіннің арасынан) . Дәл сол түстегі немесе көлемі де сондай шарды тауып көрсет.
Куб және шарды айыра білу жаттығуы берілген белгілер бойынша заттарды теңестіруге кіреді.
Балалардың білім жиынтығын тексеру үшін тағы ойын ұйымдастырылады. Оларға тақтамен жұмыс құрады әр тесікке қажетті өз пішінің ( үшбұрыш, төртбұрыш, шар) орын орнына қою керектігін бір пішін екінші пішіннің орнына шақ келмейтінін түсіндіреді. (Шар дөңгелек және оның тесігі де дәл солай, қолымен шеттерін ұстап шыққан педагог баланы заттың формасын сезімталдық қабылдауға үйретеді.
Егер бала өзі істеуге қиналса оған қолмен батыл жүргізуді көмектесу керек. Геометриялық пішіндерді оқытуда балаларға қолмен айналдырып көрсету, көзбен қадағалау маңызды болып саналады. Тәрбиеші пішінді көрсетіп оны атайды, кейін балалардан соны қайталауын сұрайды, кейін балалармен бірігіп дәл сондай қимыл жасауға шақырады. Балалар тәрбиешінің қолына қарап дәл соны қайталайды. Форманың қасиетін шығару үшін баладан қандай да бір қимыл жасауын сұрайды, пішіндерді дөңгелектен бала дөңгелекті домалап, ал тік төртбұрыштың домалайтындығына көзжеткізеді. Не үшін тіктөртбұрыш домаламайды? Өйткені бұрыштары кедергі жасайды. Тік төрт бұрыштың дөңгелек бұрышы жоқ, сондықтан домаламайды.
Пішін туралы түсінік құру үшін оның моделін қолданады (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш т. б) картоннан, қағаздан істелгенін пайдаланады.
Балалар әр түрлі пішіндердің ішінде төртбұрышты, үшбұрышты дөңгелекті таба алады.
Мектепке келген балалар келесі геометриялық пішіндерді ажыратып, дұрыс атай білуі керек: үшбұрыш, төртбұрыш, шар, цилиндр.
6
Ол заттан өздері білген көлемді табуды үйренеді. Бұл жұмысқа ереже бойынша 30 минут бөлінеді. Оқу жылынын басында тәрбиеші баланың көлем туралы білімінің деңгейін анықтайды. Егер балалар үшбұрыш пен дөңгелекті, төртбұрыш пен цилиндрды ажырата алмаса онда ұзын пішіндердің моделі салыстыру қажет болады.
Балалардың алты-жеті жасында ойлау қабілеті арта түседі. Сондықтан балаларға берілген тапсырма да күрделене түседі. Мысалы геометриялық пішіндерді айыра білу керек. Екі-үш пішінді құрастыру арқылы қандай жақсы форма құрастыруға болады. Тапсырманы орындаған бала қандай пішіндерді құрастыру арқылы, қандай пішін жасап шыққанын айтып бере алады. Балалармен бұлай жұмыс жасау арқылы баланың математикаға деген қызығушылығы артады, білімі жетіледі. Мектеп жасына дейінгі балалар мұндай қызықты тапсырмаларды ынталана отырып, шын ықыласымен орындайды.
Естиярлар және ересек топтарын геометриялық пішіндермен таныстыру әдістемесі
Естиярлар тобында әдетте алдыңғы топтан-кішкентайлардың екінші тобынан көшірілген балалар болады, бірақ кейде жаңадан, бұрын мектепке дейінгі мекемеде болмаған балалар да келіп қосылады. Тәрбиеші өз тобының құрамдық ерекшеліктерін ескеріп, жыл басында оқу іс-әрекетідиференциялды өткізу қажет. Бағдарламада оқу іс-әрекеттердің мазмұнын бұдан әрі күрделендіру көзделген, сондықтан бақшаға жаңа ғана келген балалармен алдыңғы топқа арналған бағдарлама бойынша бірнеше оқу іс-әрекетін өткізген жөн.
Естиярлар тобында жиын, өлшем, форма жөніндегі, кеңістік және уақыт қатынастары жөніндегі түсініктерін әрі қарай дамыта түсу, сонымен бірге балаларды санауға үйрету және сан ұғымын алғашқы рет қалыптастыру көзделген.
Естиярлар тобынын бағдарламасында геометриялық пішіндермен олардың атауларын әрі қарай анықтай түсу және неғұрлым айқынырақ дифференциялау көзделген.
Төрт жастағы балалар үшін бұл әбден түсінікті, өйткені олардың қолданылуында өздері іс жүзінде айыра алатын әр түрлі геометриялық пішіндер бар( құрылыс материалы, геометриялық мозайка т. б) Бұл топта балаларды осы пішіндердің кейбір қасиеттерімен де ( орнықтылығы және орнықсыздығы), сондай-ақ олардың әр-түрлі өлшемдерімен таныстыруға болады ( кіші куб, үлкен куб, үлкен дөңгелек, кіші дөңгелек т. с. с) Бұл топта балаларды айналадағы заттардың формаларын таныс геометриялық пішіндермен ( кітап парағы-тік төртбұрыш ретінде, жұмыр қарандаш-цилиндр ретінде т. с. с) салыстыруды әрі қарай жалғастыру керек.
Балаларды іс жүзінде оларға белгілі геометриялық пішіндермен таныстыру: шар, куб, цилиндр, тік төртбұрыш, шаршы, дөңгелек, үшбұрыш. Геометриялық пішіндерді қимыл-қозғалыс түйсігі арқылы қарастыру әдістеріне және олардың кубтың бұрыштары көп, шар мен цилиндрде бұрыш жоқ, шар мен цилиндр домалайды, ал куб орнықты деген сияқты ерекше белгілерін айқындап ашу әдістеріне жаттықтыру. Геометриялық пішіндердің бұрыштарын, төбелерін және қабырғаларын ажырата білуге үйрету.
Тік төртбұрыш пен шаршының төрт бұрышы, төрт төбесі, төрт қабырғасы бар, ал үш бұрыштың үш бұрышы, үш төбесі және үш қабырғасы бар, дөңгелектін бқрыштары жоқ.
Айналадағы өмірде кездесетін геометриялық пішіндер түріндегі заттардың формаларын салыстыруға балаларды жаттықтыру; қарындаш-цилиндр тәріздес, тәрелке-дөңгелек тәріздес, дәптер парағы-тік-төртбұрыш тәріздес, стакан-куб тәріздес, доп-шар тәріздес, бет орамал-шаршы тәріздес т. б
Дөңгелек, тік төртбұрыш және үшбұрыш формалары заттарды ажырата білуге жаттықтыру, мәселен, бөлмедегі тік төртбұрыш, шаршы, дөңгелек формалы заттарды тапқызу (үстелдің беті-тік төртбұрыш, терезе-тік төртбұрыш, орындықтын беті-шаршы, электр фонары-дөңгелек тәріздес т. с. с) . Нәрселердің формасы жөніндегі түсініктерді дамытудағы жұмыс әдістемесі. Геометриялық пішіндердің атауларымен балаларды ойын кезінде, оқу іс-әрекетте және күнделікті өмірде бірте-бірте таныстырып отыру керек. Тәрбиешінің өзі бұл пішіндерді қалай атайтынын балалардың естігені жөн.
Айталық балалар бір нәрсе құрастырмақшы болсын, сонда тәрбиеші оларға цилиндрлерді немесе кубтарды пайдалануды ұсынады. Мұны-кішкентайлардың екінші тобынын өзінде-ак жасау керек, сонда балалар өздеріне таныс емес ойыншықтардың, құрылыс материялдарының бөлшектерінің т. с. с атауларын естуге бірте-бірте үйренеді. Ойындар процестерінде шар мен цилиндрдің онай домалайтыныныа, ал кубтын домаламайтынына балалардың назарын аударуға болады. Неліктен? Сұрақ балаларды ойландырады, олар бірден жауап та бермеуі мумкін; ол уақа емес. «Шар мен цилиндр неге домалайды, ал куб домаламайды?»-деп тәрбиеші өз сұрағын тағы да қайталайды. Ол осы пішіндерді сипалап олардың формасын саусағымен айналдыра көрсетіп шығуды балаларға ұсынады: « Неге куб қырлы?» - «Оның бұрыштары мынадай». «Ал цилиндр мен шардың бұрыштары бар ма?». Балалар кубтың бұрыштары көп, ал шар мен цилиндрдің бұрыштары жоқ екенің аңғарады.
Бұдан кейін тәрбиеші шар мен цилиндірді салыстырып, бұл пішіндердің қайсысы орнықты, ал қайсысы орнықсыз екенің айтқызады. Балалар шар мен цилиндірді түрліше қойып көреді де цилиндірді тұрғызып қоюға, домалатуға болатынын, ал шар «домалай беретіні» байқайды. « Неге цилиндр орнығып тұра алады?». Балалар затты қарап шығып, цилиндрдің «едені мен төбесі» бар, ал бүйірлері дөңгеленіп келген, « ал шардың барлық жері дөңгеленіп келген», - дейді.
Өздерінің ойыншықтарынын ішінде бар геометриялық денелердің өзіндік қасиеттерін балалар осылайшабайқайды.
Математика оқу іс-әрекетінде геометриялық пішіндер суреттері бірінде көп, басқаларында аз салынған түрлі карточкаларды пайдаланып, балалар олардың атауларымен танысады. Бұл пішіндер, сондай-ақ, санау үшін қажетті үйлестіру материялдары да геометриялық мозайкада берілген, төрт жастағы балалар әдетте пішіндерді ажырата да, атай да алады. Бес жасқа қараған балалар тобында негізгі міндет балаларды осы пішіндердің негізгі қасиеттерімен оқу іс-әрекетте таныстыру болады.
Тәрбиеші әр-түрлі пішіндерді көрсетіп, төрт бұрыштар, шаршылар, үшбұрыштар, дөңгелектер үлкен де, кіші де бола алатынына балалардың зейінін аударады. Ол ірі және ұсақ пішіндерді беттестіру әдісін қолданып салыстыруды ұсынады. Балалар пішіндердің формасы бірдей, ал үлкендігі мен түсі жөнінен әр-түрлі екендігін анықтайды. Бұдан кейін өлшемдері әр-түрлі үш пішін беріледі, оларды үлкендігіне немесе кішілігіне қарай орналастыру керек. Сонан соң балаларға өздерінің жеке қалташаларында жатқан пішіндерді қарастырып, формалары бірдей пішіндерді қатарластырып тізгізеді де кімде қандай пішін қанша екенін айтқызады. Егер алғашқы оқу іс-әрекетінде барлық балалар бірдей жиынтықтарды ( әр түсті және тек үлкендігі екі түрлі дөңгелектер, үшбұрыштар, шаршы) алса, онда келесі жолы әр бала сол төрт формадан тұратын, бірақ әр пішіннің үлкендігі, түсі түрліше және саны жөнінен де әр түрлі пішіндердің ерекше комплектісін алады. Балалар кімде қандай пішін және қанша екенін айта отырып, өз комплектерін қуана-қуана бөліп қоя бастайды.
Естиярлар тобында жыл аяғына қарай балаларды шаршының, тік төртбұрыштың, дөңгелектің, албіршама кейінірек үшбұрыштын да кейбір қасиеттерімен таныстыруға болады. Мұндай оқу іс-әрекеттерде балаларға тек білетіндерін ғана айтқызу емес, оларды өздері жауап іздейтіндей жағдайға келтіру қажет. Балалардың өздері формаларды қарастырып, өзқорытындыларын жасайтын болса, ал тәрбиеші олардың жауаптарын анықтай түседі және жинақтайды.
Ересек балалар тобына әр-түрлі отбасылардан және мектепке дейінгі мекемелерден келген балаларды, сондай-ақбір балалар бақшасында тәрбиеленіп жүрген бес жастағы балаларды зерттеу олардың білімдерінің ала-құла болатындығын көрсетеді. Алайда бұл жастағы балалардың бәрі математикалық білімге, атап айтқанда, санауға деген ынтасын, қызығатындығын білдіреді. Олар көзімен көргендердің бәрін ( үйлердің қабаттары мен терезелерін, трамвайлар мен машиналарды т. б) санайды.
Алдыңғы топтардың бағдарламасын өтпеген балалар сан есім- сөздерді көп атайды ( кейде тіпті 15көлемінде де), бірақ жиынтық заттарды санағанда сан есімді дәл өз обьектісіне сәйкестемейді немесе сан есімдерді тастап кетеді, қорытындысы санды атай білмейді, санау процесінең санның жиынын диференциялай алмайды ( берілген санды ұмытып қалады т. б. ) .
Бұл олардың әлі де болса санау іс-әрекетін саналы түрде меңгере алмағандығын, санның жиын қуаттылығының көрсеткіші ретіндегі мәнән түсінбегендігінің айғағы, берілген санды олар тек тоқтату сигналы, яғни санауды немесе санап алуды нұсқауы ретінде қабылдайды. Жиындардың арасында өзара-бірмәнді сәйкестікті тағайындау жолымен оларды іс-жүзінде салыстыру әдісін балалар меңгере алмаған, олар үлгідегі жиын элементтерінің арасындағы кеңістік қатынастарды байқамайды, заттарды бір-біріне тығыздап жақындатып орналастырады, сондықтан да сонша дегенді әрқашан дұрыс қайталап айта бермейді. Балалар жиындарды әр түрлі белгілері бойынша реттей білмейді. Егер екі түсті 5 қарандаш жатса, балалар олардың санын түсі бойынша ғана анықтайды ( « үш қызылжәне екі көк»), ал олардың жалпы заттық белгісі бойынша ( қарындаштар деп) жинақтай алмайды. Бұл-балалар жиындарды жинақтау және жиыннан оның ішкі жиынын ажырату операциясын меңгере алмаған деген сөз.
Кейде балалар сандар қатарындағы сандарды ретімен ауызша дұрыс атайды және сегіз саны жетіден көп ( үлкен) екенін айтады. Алайда бұл қатынастарды « сегіз саны алыс, жеті саны жақын», - деп қана түсіндіреді, яғни берілген санның бірліктерден құралғандығына негізделмей, олардың аталу ретіне негізделеді. Балалар заттарды көбінесе тек бір бағытта-оңнан солға қарай оң қолмен санайды. Егер жиынтықтардың біреуінің элементтері екіншісінің элементтерінен ірірек болса немесе егер сан жөнінен теі жиындар ауданы әртүрлі бөліктерді алып жатса немесе түрліше формада берілген болса, балалар жиынтықтардың сан жөнінен тең екендігін көре бермейді. Бұл-жиынның сандық жағы сапалық ерекшеліктерінен балалар санасында бөліне алмағандығын көрсетеді. Дыбыстарды санағанда, заттарды сезім түйсігі, қимыл-қозғалыс арқылы санағанда балалар көп қателеседі. Сөйтіп, балалардың сан есімдерді ретімен 12-15 ке дейін санай білетіндіктеріне қарап, тәрбиеші жайбрақаттыққа салынбауы тиіс: нақтылы жиындар және олардың жасалу тәсілдері жөнінде түсініктері бар - жоғын, санамай тұрып- ақ жиындар мен операциялар жасай біле ме? Заттардың жиынтықтарын олардың элементтерін бір-біріне сәйкестей отырып салыстыра ала ма? Осыларды жақсы біліп, тексеріп алу қажет.
Ересек балалар тобына отбасынан келген көптеген балалар негізгі геометриялық пішіндер атауларын білмейді, әр түрлі ұзындық параметірлерін айыра білмейді, бір нәрсенін ені мен жуандығын шатастырады, оның ені мен ұзындығын айыра алмайды.
Ересек балалар тобына арналған бағдарлама балалардың ақыл-ойы мен математикалық дамуын әрі қарай жетілдіруге көмектесетін білімдер мен шеберліктерінің көлемі айқындалады.
Өмірдегі заттардан геометриялық форманы көре білуге үйрету, шарға ұқсайтын не? ( доп, қарбыз т. б), цилиндрге ше (стакан, банкі т. б), конусқа не ( воронка, пирамида т. б), дөңгелекке ше ( тәрелке, табақ т. б), тік төртбұрышқа не ( үстелдің қақпағы, еден, төбе, есік т. б), шаршыға ше ( орамал), үшбұрышқа ше ( үш бұрышты орамал), сопақшаға ше ( жұмыртқанын ұзынынан кесілген жармасы, табақтың жиегі т. б), трапецияға ше ( балалар үстелі, үйлердің төбесі т. б) .
Балаларды геометриялық пішіндермен таныстыру әдістемесі. Алты жастағы балалар дөңгелекті, шаршыны, үшбұрышты, тік төртбұрышты тек жақсы айыра біліп қоймай, оларды атайды да және бұл жазық пішіндердің бәрінің өлшемдері алуан түрлі және түстері де әр түрлі болуы мүмкін екенін біледі.
« Тәрбие бағдарламасында» балаларды сопақша формалы денемен, конуспен және білеуше мен таныстыру міндеті қойылған. Балалардың айналасындағы көптеген заттардың формалары сондай болып келеді, сондықтан оларды дұрыс атай білуге үйреткен жөн.
Заттарды формалары жөніне салыстыру үшін үлгі ретіндегі балаларға таныс геометриялық пішіндердің ең қарапайым белгілерімен және ерекшеліктерімен оларды таныстыру ересек балалар тобы тәрбиешісінің негізгі міндеті болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz