Қазақстанның қазіргі тарихында еуразиялық идеяларының даму перспективасы


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ғылыми комитеті
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
ӘОЖ Қолжазба құқығында
САБЫРҒАЛИЕВА НАЗГҮЛ БАҚТЫҒАЛИҚЫЗЫ
Қазақстанның қазіргі тарихында Еуразиялық идеяларының даму перспективасы
6N020300 - тарих магистрі академиялық дәрежесін алу
үшін дайындалған магистрлік диссертация
Ғылыми жетекші
тарих ғылымдарының
докторы, профессор Т. З. Рысбеков
Қазақстан Республикасы
Орал, 2017
МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 3
КІРІСПЕ . . . 4
1 ЕУРАЗИЯ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1. 1 Еуразия түсінігі және оның дамуы . . . 15
1. 2Н. Ә. Назарбаев - Еуразия Одағы ұғымының көш басшысы . . . 23
2 ЕУРАЗИЯЛЫҚ ИДЕЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
2. 1 Президент Н. Ә. Назарбаевтың Еуразиялық Одақ жөніндегі идеясы . . . 30
2. 2 Еуразиялық Одақ XXI ғасырда . . . 48
3 ЕУРАЗИЯЛЫҚ ОДАҚ - БАТЫС ПЕН ШЫҒЫСТЫҢ ДИАЛОГЫ
3. 1 Еуразиялық идеяның қазіргі заманғы күрделі үрдістермен астасуы . . . 58
3. 2 Еуразияшылдық идея және Қазақстанның геосаяси стратегиясының негізгі ұстанымы . . . 81
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 101
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 104
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АҚШ
АӨСШҚ
БҰҰ
ЕурАзЭҚ
ЕАО
ЕҚЫ¥
ЕО
КСРО
ҚР ПМ
ҚР
ММУ
НАТО
НАФТА
РФ
ТМД
ОШАЕА
ОАЭҚ
¥ҚШ
ШЫ¥
КІРІСПЕ
Диссертациялық жұмыс «Еуразияшылдық» идеяның негізгі түп тамырын және Кеңестік Одақтың ыдырауынан кейін құрылған тәуелсіз мемлекеттер арасындағы байланысты қайта қалыптастыруда ұсынылған Еуразиялық одақ идеясының маңыздылығын мен тәуелсіз Қазақстанның қазіргі тарихындағы еуразиялық идеялардың даму бағытын зерттеуге арналып отыр. Өйткені Еуразиялық идеяның жани жақты жүзеге асырылу үрдісі күні бүгінге дейін ғылыми айналымға тартылмай келген жаңа тың деректер негізінде қарастырылып, сараланады.
Тақырыптың өзектілігі: 2010 ж. 5-6 шілдеде ЕурАзЭҚ-ың он жылдығына арналған мүше елдерінің Президенттері Астанада өткен жиналыста Еуразиялық құрлықта осы күнге дейін қол жеткізілген әлеуметтік - экономикалық және саяси жетістіктері мен кемшіліктеріне талдау жасап, келешектегі даму бағыттарын белгіледі. Онда Н. Ә. Назарбаев қазақстандық ұстанымды дәріптеп, ЕурАзЭҚ-тың кеңестіктегі саяси-экономикалық тұрақтылықтың кепілі екендігін, 1994 ж. ұсынылған идеяның қазіргі таңда жемісті нәтижелер мен Еуропа және Азия арасында тікелей интеграциялық негіздің қаланғанын атап өтті. Елбасыны қолдаған Ресей Федерациясының Президенті Д. А. Медведев кеңестіктегі халықтардың бейбітшілік пен ынтымақ ішінде өмір сүруін жалғастыруы үшін тиісті шаралардың атқарылу қажеттілігіне тоқтап, Еуразиялық идеяның өз маңыздылығын жоғалтпағанын тілге тиек етті [1] . Дегенмен, Еуразиялық идеяның даму эволюциясы және ондағы Қазақстанның орны мен қызметіне әлі күнге дейін ғылыми баға берілмей келеді. Сондықтан бүгінгі таңда бұл тақырып өзектілігін арттыра түсті деуге толық негіз бар.
КСРО ыдырағаннан кейін жаңа халықаралық жүйе қалыптасып, оның орнына пайда болған тәуелсіз мемлекеттердің келешегіне бірқатар саясаткерлер күмәндана қарады. Себебі, одақтың ыдырауымен жаңа бой көтерген мемлекеттердің алдында өздерін халықаралық деңгейде таныту және мойындату үшін сыртқы саяси-дипломатиялық байланыстарды құру, ядролық қаруды жою, шекараны анықтау, миграция, өзара тиімді шаруашылық мәселелерін шешу міндеттері тұрды. Бұған қарамастан посткеңестік ауқымда құрылған әрбір тәуелсіз мемлекет мәдени ерекшеліктері мен идеологиялық даму стратегиясына сай тұғырын негіздей білді. Тарихи өлшеммен қарағанда осы аз уақыт ішіндегі Қарабах мәселесі, шешімін таппай келе жатқан Преднистровье статусы, Тәжікстанда өткен азамат соғысы, Грузия мен абхаздар және осетиндер арасындағы соғыс, «түрлі-түсті» революциялар, жуырда Қырғызстанда өткен ұлтаралық т. б. мәселелер еуразиялық кеңестіктегі сауатты интеграцияның әлсіздігін көрсетіп келді. Бұл мәселелердің алдын-алу мақсатында стратегиялық маңызы зор ТМД, ШЫҰ, Орталық Азия одағы, т. б. іспетті ұйымдар мен одақтар әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асырды. Алайда аталмыш ұйымдар мен одақтардың қолда бар бірігу әлеуетін толық көлемде орындауға мүмкіндік берді дей алмаймыз [2, 135 б. ] . Оның өзіндік себептері бар, атап айтқанда, қабылданған бағдарламалардың толыққанды жүзеге асырылмауы, құрылған институттар жұмыстарының белгілі бір себептерге байланысты әлсіздігі мен сыртқы саяси факторлардың әсері.
Осыған байланысты, еуразиялық кеңестіктегі ең маңызды болып табылатын саяси тұрақтылық пен экономикалық даму қарқынын арттыру үшін жаңа формадағы интеграциялық одақ құру қажеттілігі туындаған. Сондықтан, «Еуразиялық Одақ» құру идеясы өміршең екендігін көрсетіп, барлық жаққа тиімді идея бола алады.
Алғаш рет Мәскеу мемлекеттік университеті оқытушы-профессорлар құрамының алдында «Еуразиялық одақ» құру идеясын ұсынған Н. Ә. Назарбаев, ТМД мемлекеттерінің әрқайсысының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, интеграциялық процестерді сатылы түрде жүзеге асыру қажеттілігін атап өткен. Мұндай одақ құру идеясы ежелден қанаттас жатқан халықтардың береке-бірлігін алдағы уақытта да сақтау мақсатынан туындаған. «Еуразиядағы тағдырлас халықтардың геосаяси бірігуі діни, мәдени және экономикалық жүйелерден үстем» екендігін кезінде Г. Вернадский де атаған
[3] .
Еуразиялық одақ ең алдымен бұрынғы біртұтас мемлекет құрамында болып бір-бірімен саяси-экономикалық және әлеуметтік жағынан жақын тұрған халықтардағы сол тарихи сабақтастығының игі жақтарын үзіп алмай қайта жалғастыру, оны одан әрі дамыту идеясы болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан бұл идея өзгелер бұрмалауға тырысып жүргендей «бұрынғы одақты» аңсау емес, Еуразиялық одақтың басты мақсаты осы территориядағы елдердің интеграцияға деген қажеттіліктерін, оған жол ашып беріп тұрған мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Еуропалық Одақ үлгісіндегі өзара ынтымақастықты арттыру. Еуразиялық одақ идеясы он жылдан астам уақыт өмір сүріп келеді, дегенмен идеяның толық жүзеге асырылуы болашақтың ісі ретінде қаралуда. Қазіргі қоғамдық пікір әлі де таңдау жасап, ортақ тұжырымға келмеген тұста осы мәселеге ғылыми тұрғыдан баға беріп, оның Қазақстанда жүзеге асырылу барысын тарихи ой елегінен өткізу қажет. Еуразиялық одақтың тиімділігін қоғамға жеткізу экономистер міндеті десек, ал Одақтың міндеті мен мақсатын түсіндіріп қоғамдық ой-пікірді қалыптастыру тарихшылар борышы. Біз зерттеп отырған мәселенің және өзіміздің алдымызда тұрған міндеттің өзектілігі осы айтылған ойлардан көрініс табады.
Зертеу жұмысының нысаны - Еуразияшылдық идеясының көрнекті өкілдерінің жарыққа шыққан еңбектері, ғылыми мақалалары және Еуразиялық одақ идеясының авторы Н. Ә. Назарбаевтың жазған еңбектері алынған.
Зерттеу жұмысының пәні - диссертация мазмұны Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еңбектері бойынша көзқарастары және оның жалпы тарих ғылымында алатын орны.
Тақырыптың зерттелу деңгейі: Еуразиялық одақ жөнінде алғаш ұсыныс айтылып, оның мақсаты мен міндеттері анықталды. Одақ жобасы ТМД елдерінің басшыларына ұсынылған кезде бұл мәселе көптеген саясаткерлер мен ғалымдардың қызығушылығын арттырды. Сол кезде ТМД елдерінің басылымдарында 500-ге жуық мақалалар жарияланып, осы уақытқа дейін идеяны талқылау толастамауда [4, 139 б. ] . Бүгінде саяси, қоғамдық және ғылыми басылым беттерінде Еуразиялық одақ идеясы тақырыбына арналған әр сала өкілдерінің ой-толғаныстары көптеп кездеседі. Осының негізінде тақырыптың зерттелу деңгейін екі бағытқа бөліп қарастыруға болады. Біріншісі, Еуразияшылдық идеясының алғашқы өкілдерінің еңбектері және екіншісі, 1994 жылы Н. Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық одақ» идеясын ұсынғаннан кейін жарық көрген еңбектер.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдары тарихи философиялық ағым ретінде өмірге келген орыс эмигранттарының Еуразияшылдық идеясы қалыптасқан кезден бастап бұл пікір қызу талқыға түсті. Осы мәселе жайында пайымдаулар әлеуметтік-философиялық, тарихи, саяси және аналитикалық еңбектерде жарық көрді. Сол жылдары Г. В. Вернадскийдің идеологияландырылған формадағы еуразияшылдық теориясын атаған жөн. Дегенмен, бастапқы кезінде оның теориясы ресейлік және еуразияшылдық ұстанымы тұрғысынан дәріптелген. Ол Ресей империясының отаршылдық саясатын жоққа шығарып, оның заңды географиялық сипаттағы үрдіс ретінде қарастырған. 1961 ж. жарық көрген Г. В. Вернаскийдің бір томдық «Ресей тарихы» еңбегінде ол «еуразияшылдықтың белгісіз әлеуметтік-тарихи көрінісі» ұғымы ретінде қабылдамай, идеяның логикалық георгафиялық дедукция екендігін алға тартады [5] . Алайда бұл пікірмен келісуге болады деген ойдан біз аулақпыз.
Еуразияшылдықты ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдар Н. А. Бердяев, Н. М. Карамзин, П. Чаадаев, А. А. Кизеветтер, П. Н. Милюков, И. А. Ильин, Ф. А. Степун өз еңбектерінде идеяның мәселелерін талдап, теориялық негізін қалаған. Аталған ғалымдардың арасынан Н. А. Бердяев еуразияшылдардың көзқарастарындағы дүниетанымдық негіздерін анықтай отырып, «Еуразияшылдар ұлтшылдық түсінігінде реалистер де, ал адамзаттық түсінігінде номиналистер», - деп жазады [6] .
Еуразия идеясының алғышарттары жайлы атақты орыс тарихшысы Н. М. Карамзин: «татар-монғол шапқыншылығы Ресей үшін жойқын апат болып қана қойған жоқ, сонымен қатар орыстардың орталықтандырылған қуатты мемлекетке айналуына да себепкер болды және орыс елі Шы ңғыс ханның кейбір ел басқару үлгілерін де қабылдады» - деп, Шығыс пен Батыстың байланыстарын тарихтың терең қойнауынан алуды жөн көреді [7, 133 б. ] .
Еуразияшылдардың алғашқы еңбектері Кеңес Одағында да назардан тыс қалған жоқ. 1929 жылы Қызыл профессура институты «Марксизмнің жаңа сынына қарсы» жалпы тақырыппен шыққан еңбектердің жинағында жарияланған «Орыс эмигранттарының марксизмді сынауы» атты көлемді мақала тұтас еуразияшылдыққа арналып, ол «Еуропада болысып жүрген қалың тобыр ақ эмигранттардың неғұрлым оңшыл бөлігінің, сондай-ақ КСРО-дан қуылған неғұрлым кертартпа профессура бөлігінің» ағымы ретінде сипатталды [8, 3-19 бб. ] .
Ресейде еуразияшылдық мәселесі төңірегінде кең көлемдегі талқылаулар 1990 жылдары басталды. Ресейдің өткен, болашағы жайында еуразияшылдық концепциясының саяси және идеологиялық негізі «Иностранная литература», «Социально-политический журнал», «Вопросы философии» атты ғылыми басылымдарда пікірталастар түрінде өрбіді.
Қазіргі таңда еуразиялық жобаның жүзеге асу мәслесі жайында зеттеу жұмыстарымен айналысып жүрген ресейлік ғалымдар А. Г. Дугин [9],
Г. Д. Чесноков [10], А. С. Панарин [11], В. Я. Пащенколар [12] бұл идеяны қолдаушылардың қатарына жатады.
Еуразиялық идеяның Ресейдегі бүкіл өмір тұрпатына баламалығын негіздеуде белгілі ресейлік шығыстанушы М. Титаренко ресейлік мәдениетінің еуразиялық мәнін ашып көрсетіп, еуразиялық өркениет туралы ойын топшалайды. Бүгінде еуразиялық идеясының орыс халқына қаншалықты маңызды екенін үнемі көтеріп жүрген К. Мяломен, басқа да ресейлік ғалымдармен пікір таластыра келіп: «Бізге ұнаса да, ұнамаса да, әйтеуір орыс мәдениетінің еуразияшылдығы нақты шындық» - деп тұжырымын білдіреді [13, 24 б. ] .
ХІХ-ХХ ғасырларда ұлан-байтақ Ресей империясындағы мәдени және саяси процестердің ұйытқысы іспетті идеялардың бірі Еуразия концепциясы болғандығы даусыз. Тәуелсіз қазақ жерінде көрініс тапқан бұл өміршең идеяның әлеуметтік-философиялық мәні жайында Ә. Нысанбаев пен Ф. Сүлейменовтың пікірлері назар аудартады [14, 222 б. ] . Т. Ғабитов Еуразиялық мәдениетті тек Батыс пен Шығыстың ортасындағы буферлік аймақ ретінде қарастыруды сыңаржақтылықтың бір түрі деп қарап, батыл сынайды [15, 194 б. ] .
- ж. кейін тарих сахнасына қайта шыққан еуразияшылдық идеясы Н. Ә. Назарбаевтың ұсынған «Еуразиялық одақ» төңірегінде өрбіді. Бұл идея сол кездегі ең тосын оқиға ретінде бағаланғандығын айта кету қажет. Н. Ә. Назарбаевтың «Еуразиялық одақ» идеясы тұңғыш рет 1994 жылы жариялағаннан кейін, іле-шала идеяның көптеген қағидалары сол жылдың қыркүйек айында Алматыда өткен «Еуразия кеңістігі ықпалдастық мүмкіндіктері және олардың жүзеге асуы» атты ғылыми-практикалық конференцияда жан-жақты талқыға салынды. Оған ТМД елдерінің мемлекет басшылары, қоғам және саяси қайраткерлері, ғалымдар, БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияға қатысушылар өздері қабылдаған қорытынды құжатында Мемлекеттердің Еуразия одағы идеясын және басқа ықпалдастық жобаларын пайдалана отырып, ТМД ықпалдастық мүмкіндіктерін бекіте түсу жолында қадамдар жасау ұсынысын берілді. Демократиялық реформалардың халықаралық қозғалысы ТМД мемлекеттері басшыларының Мәскеудегі кездесуінде «Еуразия одағы болуы керек» деген үндеу жолданды. Онда тәуелсіз мемлекеттердегі алпыстан астам ұжымдық қатысушылар атынан Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасын қолдау қажеттілігі айтылды [2, 99 б. ] . Демократиялық реформалардың халықаралық қозғалысының бастамасымен ұйымдасқан «Жаңа келісімге» атты форум Еуразия одағын құруды толығымен қолдады. 1994 жылы 18 маусымда өткен «Еуразия қауымдастығы: әр алуандықтан туындайтын тұтастық» атты конференцияға бұрынғы посткеңестік елдерінен 30 партия мен 60 -тан астам қоғамдық қозғалыстың өкілдері қатысты. Олар өз халықтарына, парламенттеріне, мемлекет басшыларына жолдаған үндеуінде: «Біз Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев жасақтаған «Еуразия Одағы» жобасын қолдаймыз және мемлекет басшыларын оған өз халықтары мүддесі тұрғысынан қарауға шақырамыз», - деп мәлімдеді [2, 99 б. ] .
Мәскеу қаласында шыққан «Евразийский Союз: идеи, практика, перспективы (1994 - 1997) » атты еңбектің авторлары соңғы жүз жылдықтың алғашқы жылдарында пайда болған «еуразияшылдық» идеясының шығу тарихын және осы идеяны қалыптастырғандардың негізгі мақсаттарының мәнін ашуға тырысқан. Онда ТМД елдерінің көрнекті саясаткерлерінің Еуразиялық одақ жобасы туралы айтылған ой-пікірлері қамтылып, Н. Ә. Назарбаевтың баспасөз тілшілеріне берген сұхбаттары, 1994-1997 жылдар аралығындағы Еуразиялық одақ жобасы жайында айтылған көзқарастары, оның қолдау табуы және оған қарсы айтылған сын-пікірлері, жобаның өміршеңдігі нақты дәлелдермен көрсетілген.
Еліміздің саяси және қоғам қайраткерлері де Еуразиялық одақ идеясы жайлы өз ойларын білдіруде шет қалған жоқ. Бұл идея жөнінде әсіресе Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі қызметін атқарған Қ. Тоқаев пен дипломат Т. Мансұровтың еңбектерінің орны ерекше. Қ. Тоқаевтың еңбектерінде мемлекетіміздің қазіргі заманғы геосаясаты және Қазақстанның сыртқы саясаттағы басымдықтары қарастырылады [16] . Ал тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен қарым - қатынасы жан-жақты қарастырылып, Еуразиялық одақ идеясының мақсаты мен міндеттері Т. Мансуров еңбектерінде айқындалып көрсетілген.
Г. Толмачевтің «Елбасы» атты еңбегінде Еуразиялық одақ жобасының ғылыми ортада толық қолдау тауып, оны айғақтайтын фактіліреді мысалға келтірген [17] . О. Видованың «Н. Назарбаев портрет человека и политика» еңбегінде Еуразиялық одақ идеясының ТМД елдерінің арасында тұралап қалған мәселелерді шешуде бастамашы жол екендігін көрсетіледі [18] .
Еуразиялық одақ идеясы ұсынылған соң еуразиялық кеңістік жайлы көптеген пікірталастар туындап, ТМД елдерінде еуразиялық орталықтар мен комитетер ашылып, бұл идеяны насихаттау жолға қойылды. Осындай институттардың бірі Қазақстан Республикасы стратегиялық зерттеу институтының ғылыми басылымдары тәуелсіз Қазақстан Республикасының еуразиялық стратегиясы, Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық бастамасы, Қазақстанның Орталық Азия, Еуропа елдерімен қатынасына, еліміздің Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуіне ғылыми тұрғыда сараптаулар мен зерттеулер жүргізеді.
Қазіргі заман тарихында Батыс пен Шығыс қатынасы мәселесі Қазақстанның бірқатар зерттеушілердің еңбектерінде біршама көрініс тапқан. Еуразия идеясы жайында профессор Қ. Т. Жұмағұлов бұл идеяның жүзеге асқанын сенімді түрде айта отырып, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуда бірқатар халықаралық ұйымдар жұмыс жасап отырғандығын зерттей келе Батыс пен Шығыс бір-бірін жақсы түсіне бастады деп өз ойын топшалайды [19] . Орталық Азия елдерінің интеграциялық мәселесін зерттеген К. Қ. Қожахметов Орталық Азия елдерінің интеграциясы аймақта тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтауға мүмкіндік туғызып, қысқа мерзім ішінде осы аймақтағы халықтардың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік беретінін терең ой елегінен өткізеді [20] . Сонымен қатар, осы мәселеде зерттеулер жүргізген ғалымдар К. Н. Макашева [21], Н. Мұқаметхан [22], К. Е. Байзакова [23], Ж. У. Ибрашев [24], М. Ш. Губайдуллина [25], Ғ. Б. Жұматай [26] т. б. ғылыми мақалалары мен еңбектерінде «Еуразиялық одақ» идесының қазіргі интеграциялық үрдістер барысындағы іске асырылу мәселелері, Орталық Азиядағы экономикалық ынтымақтастық пен халықаралық деңгейдегі ұйымдардың ықпалы жіті қарасытырылған.
Қазақстан тарихын шетел тарихнамасында қарастырып, ХХ ғ. басында Еуразиялық кеңестіктегі түркі халықтарының өзара ынтымақтастығы туралы, сондай-ақ патшалық Ресей мен КСРО құрылған алғашқы жылдарындағы саяси үрдістер жайлы К. Л. Есмағамбетов еңбектерінде зерделенген [27] . Еуразиялық құрлықтағы, әсіресе Орталық Азия халықтарының өзара саяси-экономикалық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту қажеттілігін М. Қ. Әбусейітова өз еңбектерінде айқындаған. Ол «Орталық Азия халықтарын біріктіре түсетін жаңа комплексті ұстаным қажет. Бірінші кезекте әлемді бұзуға бағытталған қақтығыстар мен аймақтық тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан тигізетін мәселелерді Орталық Азия мемлекеттері біріге алдын алу қажет. Орталық Азиядағы ынтымақтың маңыздылығы өтпелі кезеңдегі қалыптасқан геосаяси жағдаймен, экономикалық, этникалық және мәдени-өркениеттік факторлармен байланысты» деген [28] . Орталық Азия елдері арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың маңыздылығы туралы және миграциялық мәселелерді жан-жақты зерттеген ғалымдардың арасында Г. М. Мендиқұлованың еңбектерін атаған жөн [29] .
Орталық Азия аумағының интеграциялық үрдістері туралы, Қазақстан мен Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстан арасындағы экономикалық байланыстары, олардың өзара ынтымақтастық, сондай-ақ аймақтағы қауіпті әсерлерді зерттеген А. Арыстанованың [30], Р. Қалиеваның [31], С. К. Кушкумбаевтың [32], Л. Еркешеваның [33], А. Матвееваның [34], жапондық ғалым Тосио Цунодзакинің [35], өзбекстандық зерттеуші Б. Очиловтың [36] жұмыстарын жатқызуға болады. 2001 жылдан кейін АҚШ -тың Орталық Азия саясаты мен мұндағы интеграциялық үрдістер туралы, бұл аймақтың даму келешігіне болжамдар жасаған және посткеңестік ауқымда «Еуразиялық одақ» идеясының жүзеге асырылу барысын зерделеген ғалымдардың қатарында М. Лаумулиннің мақалалары құнды болып табылады [37] .
Батыс пен Шығыстың ықпалдастығы жайлы мәселе Еуропа ғылымында да орын алады. Бұл зерттеулерде ғалымдардың Еуразия континентінде байланыстардың тарихи тамыры болған деген пікірлері айтылады. Әсіресе бұл жөнінде Тони Юдт [38], Петр Боровски [39], В. Вайденфельд [40] т. б. өз көзқарастарын жариялаған. Еуразия мәселесі жөніндегі сарапшы Мерлин Ларюэль еуразиялық идеясының мүмкіндіктері туралы пікірін білдіре отырып, қазақстандық еуразия идеясы - бұл Н. Ә. Назарбаев ұсынған мемлекеттік идеология екенідігін атап көрсетеді [41, 21 б. ] .
Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы интеграциялық байланыстарды жан-жақты зерттеп, Еуразиялық идеяның даму келешегін саралап Б. Г. Шинтемирова докторлық диссертациясын қорғаған [42] . Жұмысын 19912005 ж. ж. аралығымен шектеген автор, «Еуразиялық одақ» идеясы туралы жаңа тұжырымдар мен тарапсыз пікірлерін білдіреді. Б. Г. Шинтемированың пайымдауынша Одақ ресми құрылмағанымен, оның алғышарттары, мемлекетаралық келісімдер арқылы жүзеге асуда.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz