Эволюциялык идеялар
1. Кіріспе.
2. Эволюциялык идеялардың даму тарихы.
3. Орта ғасырлардағы Орта Азиядағы эволюциялық идеялардың қалыптасуы.
4.Ж.Б.Ламарктың эволюциялық концепциясы.
5. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар
6. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы.
7. Ч.Дарвиннен кейінгі дәуірде эволюция ілімінің дамуы.
8. Эволюцияның синтетикалық теориясының қалыптасуы.
9. Органикалық эволюция. обьективті процесс.
10. Эволюцияны зерттеу әдістері. Тіршіліктің негізгі қасиеттері.
11. Микроэволюция ілімі. Микроэволюция ұғымы және оның қалыптасуы.
12. Популяция . эволюцияның элементарлық өлшем бірлігі.
13. Популяцияның генетикалык құрылымының өзгеруі. эволюцияның элементарлы құбылысы.
14. Эволюцияның элементарлы факторлары.
15. Қолдан сұрыптау және оның әдістері.
16. Табиғи сұрыпталу . эволюцияның қозғаушы және багыттаушы күші.
17. Табиғи сұрыптаудың негізгі формалары.
18. Бейімдеушілік . табиғи сұрыпталу әрекетінің нәтижесі.
19. Түр . эволюциялық әректтің негізгі кезеңі.
20. Түр түзілу . микроэволюцияның нәтижесі.
21. Макроэволюция мәселелері.
22. Эволюцияның негізгі бағыттары мен жолдары.
23. Филогенетикалық топтар эволюциясы.
24. Жекеленген мүшелердің эволюциясы.
25. Онтогенез эволюциясы.
26. Антропогенез.
27. Адам нәсілдері және олардың қалыптасу жолдары.
28. Экожүйе өзгерісі. Әртүрлі түрлердің эволюциялық жиынтығы (коэволюция).
29. Биосфера эволюциясы.
30. Ноосфера.

Эволюция ілімі және оның міндеттері. Эволюциялық процестердің зерттеу әдістері. Эволюция ілімінің негізгі принциптері. Эволюция ілімінің ғылыми зерттеу жүйесіндегі орны
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы – адам баласын сандаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді.
Табиғат жайындағы жаратылыстану ілімі осыдан 300 жыл бұрын діни көзқарастардың тұтқынында болды. «Метафизикалық» дәуір деп аталған сол кезеңдердегі жаратылыс зерттеушілерінің ақыл-ойын өзінше бір дүние тану қөзқарасы шарпыды. Олар «Жер және онда тіршілік еткен тірі табиғат құдайдың құдыретімен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді» деген ұғымда болды.
XVII ғасырдың ортасында кейбір озат ғалымдар, жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде өзгеріске ұшырайды деген көзқарас танытты. Бірақ, көптеген діни көзқарастарды жақтаушылардың басым болуы, бұл жаңа бағыттың жеңуіне үлкен қиыншылық келтірді. Органикалық дүниенің өзгеретіні жайындағы жаңа идеяның қалыптасуына ғылыми дәлелдемелердің аздығы да бөгеу болды.
Тірі табиғат эволюциясының ғылыми концепциясын жүз сексен жыл бұрын ағылшын биологы Чарльз Дарвин құрды. 1859 ж. Дарвиннің «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы» деген негізгі кітабы жарыққа шығуымен ең алғаш эволюциялық идея тиянақты ғылыми негізге ие болды. Бұл теория атақты ғалымның атымен «дарвинизм» деп аталды. Қазіргі уақытта «дарвинизм» деген сөз, «эволюциялық теория», «ілім» деген атаумен ауыстырылды.
«Эволюция» (лат. evolutio-даму) деген терминді XVIII ғасырдың ортасында биология саласына швед ғалымы Шарль Боннэ енгізді. Алғашқы кезде бұл термин тек қана эмбриональды дамумен ғана байланысты болды. Қазіргі кезде «эволюция» термині тек биологияда ғана емес, ғылымның басқа салаларында да кеңінен қолданылады.
Эволюцияның жеке дамудан (онтогенезден) айырмашылығы, ол алдын ала жоспарланып қойылмаған. Даму процесі дегеніміз – бір жағдайдан екінші жағдайға өту, тек қана жаңа қасиеттеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар ежелгі тірі ағзаларды ерекшеліктерінің сақталуымен сипатталады. Тірі ағзалардың және түрлердің эволюциялық қайта құрылымдары күрделенуге бағытталған, бұл әрекет ата - тектен жаңа ағзаға тұқым қуалауға негізделе отырып жүреді. Эволюцияны, материяның ерекше даму формасы деп қарастырғанда оның үш қасиетін атауға болады:
1. Биологиялық эволюция – қайтымсыз әрекет;
2. Эволюция дегеніміз – биологиялық пайдалы белгілердің пайда болуы;
3. Эволюция ұрпақтар жалғастығына негізделген, яғни жаңа пайдалы
белгілердің бұрынғы ағзаға үйлесімді енуі.

Эволюция ілімі және оның міндеттері. Эволюциялық процестердің зерттеу
әдістері. Эволюция ілімінің негізгі принциптері. Эволюция ілімінің ғылыми
зерттеу жүйесіндегі орны
Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, адамның шығу тегі, тірі ағзалардың сан
алуандығы мен олардың мекен ортасына таңғаларлықтай бейім болуы – адам
баласын сандаған ғасырлар бойы толғандырған мәселелер еді.
Табиғат жайындағы жаратылыстану ілімі осыдан 300 жыл бұрын діни
көзқарастардың тұтқынында болды. Метафизикалық дәуір деп аталған сол
кезеңдердегі жаратылыс зерттеушілерінің ақыл-ойын өзінше бір дүние тану
қөзқарасы шарпыды. Олар Жер және онда тіршілік еткен тірі табиғат құдайдың
құдыретімен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді деген ұғымда болды.
XVII ғасырдың ортасында кейбір озат ғалымдар, жануарлар мен өсімдіктер
сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде өзгеріске ұшырайды деген көзқарас
танытты. Бірақ, көптеген діни көзқарастарды жақтаушылардың басым болуы, бұл
жаңа бағыттың жеңуіне үлкен қиыншылық келтірді. Органикалық дүниенің
өзгеретіні жайындағы жаңа идеяның қалыптасуына ғылыми дәлелдемелердің
аздығы да бөгеу болды.
Тірі табиғат эволюциясының ғылыми концепциясын жүз сексен жыл бұрын ағылшын
биологы Чарльз Дарвин құрды. 1859 ж. Дарвиннің Табиғи сұрыпталу жолымен
түрлердің шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың
сақталуы деген негізгі кітабы жарыққа шығуымен ең алғаш эволюциялық идея
тиянақты ғылыми негізге ие болды. Бұл теория атақты ғалымның атымен
дарвинизм деп аталды. Қазіргі уақытта дарвинизм деген сөз, эволюциялық
теория, ілім деген атаумен ауыстырылды.
Эволюция (лат. evolutio-даму) деген терминді XVIII ғасырдың ортасында
биология саласына швед ғалымы Шарль Боннэ енгізді. Алғашқы кезде бұл термин
тек қана эмбриональды дамумен ғана байланысты болды. Қазіргі кезде
эволюция термині тек биологияда ғана емес, ғылымның басқа салаларында да
кеңінен қолданылады.
Эволюцияның жеке дамудан (онтогенезден) айырмашылығы, ол алдын ала
жоспарланып қойылмаған. Даму процесі дегеніміз – бір жағдайдан екінші
жағдайға өту, тек қана жаңа қасиеттеріне ғана байланысты емес, сонымен
қатар ежелгі тірі ағзаларды ерекшеліктерінің сақталуымен сипатталады.
Тірі ағзалардың және түрлердің эволюциялық қайта құрылымдары күрделенуге
бағытталған, бұл әрекет ата - тектен жаңа ағзаға тұқым қуалауға негізделе
отырып жүреді. Эволюцияны, материяның ерекше даму формасы деп қарастырғанда
оның үш қасиетін атауға болады:

Органикалық эволюция дегеніміз – үздіксіз және қайтымсыз ұзақ уақыт дамитын
тарихи әрекет, яғни тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайларына бейімделу
жолымен біртіндеп макромолекулалықтан жоғарғы сатыға көтерілуі мен
биосфераға дейінгі күрделенуі. Жер бетіндегі тіршіліктің эволюциясы
негізінен үш кезеңнен тұрады:
1. Тіршіліктің пайда болу;
2. Тірі ағзалардың нақты топтарының және биосфераның бүтіндей дамуы;
3. Адамның ерекше биоәлеуметтік жүйе ретінде пайда болуы.
Эволюциялық ілім – тірі материяның тарихи даму теориясын оқытатын пән.
Эволюциялық ілім басқа биология пәндерімен тығыз байланыста оқытылады.
Жалпы эволюция ілімі курсын үш модуль бойынша оқып білім аламыз:
Эволюциялық идеялардың даму тарихы мен қалыптасуы.
Микроэволюция әрекетінің жүру жағдайы.
Макроэволюция.
Эволюция ілімінің міндеті мен зерттеу әдістері. Эволюция ілімінің міндеті
- әр түрлі ағзалардың шығу тегінің себептері мен оған әсер ететін
жағдайларын табу. Басты міндеті – азалардың тарихи даму заңдылықтарын
анықтау. Ол екі бағытта зерттеледі:
популяциядағы түр түзілуге дейінгі эволюциялық әрекеттерді эксперимент
жасай отырып зерттеу;
эволюция проблемаларын теориялық жолмен зерттеу.
Эволюция проблемаларын ойдағыдай шешу үшін экспериментальды зерттеулердің
жаңа әдістерін ойлап табу қажет.
Эволюцияның негізгі әдістері мен прициптері
Эволюциялық ілім негізгі екі приципке сүйенеді: тарихилық және
актуальдылық. Эволюцияның бағыттары мен әдістері осы екі принциппен
байланысты. Тарихи принцип – қазіргі тірі ағзаларды зерттеу үшін бұрынғы
жүрген эволюцияны зерттегенде алынған мәліметтерді қолданады. Оған мына
афоризм сәйкес келеді ескіні зерттеу – жаңаны түсінудің кілті. Тарихи
принцип генетикалы және салыстырмалы әдістер негізіне сүйенеді.
Салыстырмалы әдіс – ағзалардың тұрақталған формаларын зерттегенде
қолданылады. Ол әр түрлі ағза топтарының құрылысы мен қызметін, олардың
ұқсастықтары мен арасындағы айырмашылығын салыстыруға негізделген. Мысалы,
ол: – анатомиялық – морфологиялық салыстыру; – эмбриональды
салыстыру;
– цито-химиялық салыстыру;
- популяциялық – статистикалық әдістермен анықталады.
Генетикалық әдіс – ағзалардың шығу тегі себептерін түсіндіреді, бұл әдісті
өз еңбектерінде Ч.Дарвин енгізген болатын. Генетикалық әдіс палеонтология
мәліметтеріне сүйенеді. Генетикалық әдіс салыстырмалы әдіспен тығыз
байланысты. Актуальдылық принципі – жекеленген популяцияларда байқалатын
эволюциялық өзгерістерді, алдыңғы эволюциялық әрекеттерге қолдану.Оның мәні
Қазіргі зерттеу өткенді білудің кілті афоризміне сәйкес келеді. Қазіргі
зерттеулер популяциялық – статистикалық әдіске негізделеді.
Эволюция ілімінің ғылыми зерттеу жүйесіндегі орны.
Эволюциялық ілім – жеке биологиялық пән. Эволюциялық ілім басқа
жаратылыстану салаларымен, әлеуметтік ғылымдармен, диалектикалық
материализм филасофиясымен тығыз байланысты. Органикалық эволюция
биологияның – палентология, морфология, эмбриология, биохимия, генетика,
экология және басқа барлық салаларына сүйенеді. Түрлердің қайсы бірі
болмасын ,бүкіл биоценоз болсын эволюцияланушы жүйе болып табылады. Олардың
өзіндік құрылымдары бар. Тірі ағзалар молекулалардан, жасушалардан,
ұлпалардан, жекеленген мүшелерден, мүшелер жүйесінен тұрады.Тіршілік
деңгейлерінің әрқайсысын әр түрлі ғылымдар саласы зерттейді
Тіршіліктің әр түрлі формаларын зерттеп, эволюцияның себептерін және
қорытындысында не болатынын қарастырғанда, эволюциялық теория әр түрлі
ғылымдардың да себеп- салдарын қарастырады (молекулалық генетика, биохимия,
цитология, гистология, анатомия, физиология).Миллиондаған жылдар бойы
жүрген эволюция да өз жағынан қазіргі бірқатар бионикалық – техникалық
проблемаларды шешуге де үлесін қосты.
2. Эволюциялык идеялардың даму тарихы.
Дарвиндік дәуірге дейінгі эволюциялық идеялардың дамуы. Ерте заманғы, орта
ғасырдағы тірі табиғаттың дамуы жайлы ұғымдар. Қайта өркендеу дәуіріндегі
биологияның дамуы.Ж. Кювье мен Э. Жоффураның идеяларындағы қайшылықтар.
ХҮІІІ ғ.органикалық дүние эволюциясындағы көзқарастар. К.Линейдің тірі
табиғаттың дамуы жөніндегі еңбегі.
Ежелгi заман философиясындағы эволюционизм элементтерi. Органикалық
дүниенің тарихи дамуы туралы ғылым бiрден пайда болған жоқ. Тiрi табиғаттың
дамуы, басқаша айтқанда эволюциясы туралы түсiнiктер, екi кезеңге: 1.
Дарвинге дейiнгi; 2. Дарвиннен кейiнгi болып бөлiнедi. Дарвинге дейiнгi
тірі табиғаттың дамуы жайлы алғашқы идеялар Месопотамияның, Қытайдың,
Үндістанның, Египеттің, Грецияның ертедегі материалистерінің еңбектерінде
байқалады.Олардың ұғымы бойынша табиғаттағы барлық зат қозғалыста,
өзгерісте болады және де біреуінен екіншісі дамып жаңа зат пайда болады,
нәтижесінде қарапайымдардан күрделі формалар қалыптасады делінген.
Алғашқы философиялық мектептер кiшi Азия жағалауларындағы iрi қалалар
Эфисте және Милетте ашылды. Гераклит – Эфис ойшылы (б.э.д. 530-470 ж.) оның
түсінігіше табиғатта барлық нәрсе ықпалды, барлығы өзгередi. Галактиканың
алғашқы элементтерi: от, су, ауа, топырақ үздіксіз қозғалыста болады және
олар өзара әрекеттесіп, материя дамуының бастамасы болғанын, оның аяғы жоқ
шексіз әрекет екенiн айтады.
Ион материалистiк философиялық мектептiң iрi өкілдері Фалес, Анаксимендр,
Анаксимен - әлемнiң шығу тегiн табиғаттың өзiмен байланыстырды. Фалес,
барлығы табиғи дамудың нәтижесiнде судан пайда болды деп есептедi.
Анаксимандр, тiршiлiк судан және топырақтан жылудың әсерiнен пайда болады
дедi. Анаксимен, негiзгi элемент ауа, ол сиректенедi және тығыздалады, ол
заттардың әр түрлiлiгiн сол әрекеттердiң әсерiнен пайда болатынын
түсiндiредi. Ол адам мен жануарлар жер кiлегейiнен пайда болды деп санады.
Механикалық материализмнiң өкiлдерi саналатын философтар - Демокрит және
Эмпедокл болды (б.э.д. 460- 370 ж.). Демокрит бойынша әлемнiң барлығы
көптеген бөлiнбейтiн атомдардан тұрады. Грецияның философы Эмпедокл (490-
430) алғаш рет тiршiлiктiң пайда болу механизмiн түсiндiрмекші болды.
Атомдардың жеңілдері бетіне көтеріліп одан ауа, ауырлары астына түсіп
одан топырақ пен су пайда болған, ал олардың камбинацияларынан бiр тұтас
ағзалар құралады деп жорамалдады.
Биологияның ғылым ретiнде пайда болуы Грецияның ұлы ойшылы Аристотельмен
байланысты. Ол өзiнiң еңбектерiнде жануарларды салыстыра зерттеп,
салыстырмалы анатомияның, морфологияның, ежелгi эмбриологияның негiзiн
салды. Жануарлар тарихы атты еңбегiнде Аристотель ағзалардың жiктелуiн
салыстырмалы морфологиялық және физиологиялық зерттеулердiң негiзiнде
құрды. Жануарларды ол екi үлкен топқа қаны бар жануар және қансыз
жануарлар деп бөлдi, ары қарай бұл топтар одан майда таксондарға бөлiнедi.
Ең бiрiншi рет туыс және түр деген түсiнiктердi енгiздi. Аристотель
өзi құрған жiктеу әдiсiн қолданып жануарлардың 500 түрiн сипаттап берген.
Жануарлардың бөлiктерi атты еңбегiнде мүшелердiң өзара байланыстылығы
(корреляциясы ) туралы ой келтiредi. Мұнда бiр мүшенiң өзгеруi басқа да
мүшенiң қызметiнiң өзгеруiне әкеледi дейді. Осы еңбегiнде Аристотель
табиғаттың жалпы заңы ретiнде материялы объектiлердiң сатылы дамуын
көрсетті: төменгi сатыға - минералдар, өсiмдiктер, зоофиттер ( өсiмдiк
жануарлар) және төменгi сатыдағы жануарлар, жоғарғы сатыға - жануарлар мен
адамды орналастырды. Бiрақ Аристотель осы сатының баспалдақтары арасында
байланыс жоқ деп есептедi. Жануарлардың шығу тегi деген еңбегiнде
Аристотель салыстырмалы анатомиялық әдiстi жетiлдiрдi және
эмбриологиялық зерттеулердi қолданды. Әр түрлi жануарлардың эмбриондарын
зерттеу барысында, Аристотель олардың ата тегi бiр болуы мүмкiн деген ойға
келдi.
Ион мектебiнен басталатын материалистiк философия саласы ежелгi уақытта
Рим философы және ақыны Лукрецкий Кардың мәлiмдемесiмен аяқталды. Атақты
ақын Табиғат заттары туралы поэмасында Лукреций Кар алғаш рет табиғатта
жүріп отыратын табиғи сұрыптау туралы түсiнiк енгiздi.
Сонымен, ежелгi заман философтарының көзқарастарында эволюцианизмнiң
маңызды элементтерi болды: 1. Тiршiлiк табиғат жолымен пайда болды және
олар қарама-қайшылықтың күресi нәтижесiнде өзгередi, сәттi түрлерi тiршiлiк
етедi. 2. Тiрi табиғаттың сатылап, бiрте- бiрте күрделенуi туралы
идеялары. 3. Ағзалардың бiртұтастығы (корреляция принципi) және
эмбриогенез, жаңа құрылымдық әрекеттер туралы түсiнiктер пайда болды.
Метафизикалық кезең. Креацинизм көзқарастарының таралуы.
Заманындағы осындай материалистік бағыттағы ой – пікірге қарсы
метафизикалық көзқарастар қалыптаса бастады. ҮІ – ХІҮ ғасырлар аралығында
Еуропа елдерінде жаратылыстану ғылымында ұзақ уақытқа созылған тоқырау
заманы туды. Батыс Еуропада дамып келе жатқан феодалдық қоғам жағдайында
шіркеу, ең алдымен католик шіркеуі ірі экономикалық және саясаттық күшке
айналды. Шіркеу діни идеологияны насихаттап, қанауды жақтап феодалға бас
июге шақырды. Табиғатты танудың орнына аруаққа табыну, кереметке сену
уағыздалды, ғылымның орнына схоластика және діни кітаптарды мадақтады.
Ғылыммен айналыспақ түгілі табиғат жайлы кітап оқығандарды да жазаға
тартып, тірідей отқа өртеп, қорқытты. Шіркеу догматының шектен тыс
уағыздалуы, озық ойлы ғалымдардың да қателесуімен жалғасып жатты.
Қайта өркендеу дәуіріндегі эволюциялық идеялар.
Сауданың дамуы, теңізде жүзудің кең етек алуына байланысты жаңа елдердің
ашылуы ХҮІ ғасырдың басында жаратылыстану ғылымдары – астрономия,геология,
ботаника, зоологияның дамуына себеп болды. ХҮІ – ХҮІІ ғасырлар аралығы
биологияның даму саласында сипаттау кезеңі болып есептеледі. Ағылшын
философы Ф.Бэкон индукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек
тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады.Бұл үндеу табиғат
зерттеушілерінің арасында кең қолдау тауып, нәтижесінде түрлі ғылыми
салаларда көптеген жаңалықтар ашыла бастады.Мысалы, 1543 жылы А.Везалий
адам денесінің құрылысын зерттеп, оған сипаттама берсе, М.Мальпиги 1661
жылы қылтамырлардағы қанның қозғалысын анықтады. 1628 жылы У.Гарвей қан
айналымы жөніндегі ілімін жариялады. Р.Гук 1665 жылы өзінің ұлғайтқыш
құралын жасап, өсімдік жасушасының құрылысын ашты. А.Левенгук 1683 жылы
ұсақ ағзалар дүниесін, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысын жан –
жақты зерттеді.
Тірі табиғаттың тұтастығы және дамуы жайлы көзқарастардың қалыптасуы.
Географиялық саяхатттардың дамуына байланысты, өсiмдiктер мен жануарлар
әлемi туралы мәлiметтер көптеп жиналды. Барлық белгiлi өсiмдiктер мен
жануарларды бiр жүйеге келтiру үшiн белгілі бiр жүйелер бiрлiгi керек
болды. Мұндай бiрлiк түр деп аталады. Оның алғашқы анықтамасын ағылшын
ботанигi Дж. Рей (1628-1705) бердi. Ол Өсімдіктер тарихы атты еңбегінде
18600 өсімдік түрлерін сипаттап жазды.
Өсiмдiктер систематикасында көптеген жаналықтар енгiзген көрнектi ғалым
К. Линней (1707-1778) болды. Ол барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары
мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді.
Оның 23 класы гүлді өсімдіктер және 1 класы құпия некелілер, бұған
папортниктер, мүктер, балдырлар және саңырауқұлақтар жатқызылды. Ал
жануарларды тыныс алу және қанайналым мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа
топтастырды. К. Линней біріншіден, сол уақытта белгiлi өсiмдiктердiң
ситематикасын құрастырды. Екіншіден, бұрынырақ К.Баунинг құрастырған бинар
номенклатурасын (қос ат беру, түр және туыс) тәжірибеге енгiзіп, оны
жүйелеуге негіз етіп алды. Үшіншіден, К. Линнейдiң iрi жетiстiктерiнiң
бiрi таксондар иерархиясын анықтау болды. Жақын түрлер туысқа, туыстар
отрядқа, отряд класқа біріктірілді. Бiрақ К. Линней эволюциялық көзқарасты
жақтамады. Оның ойы бойынша басында қанша түр болса, нетижесiнде сонша
қалады, түрлер өзгермейді олардың саны құдірет жаратқаннан аспайды деген
сенімде болды. Оның концепциясы креациоизмге тән сипатта жазылды.
Сонымен, түрдiң тiрi табиғаттың негiзгi құрылымдық бiрлiгi болуы мен
ситематика биология саласында дарвинизмге дейiнгi кезеңде басты орынға
ие болды.
Преформизм және эпигенез.
А. Левенгук жыныс жасушаларды, ал У. Гарвей жұмыртқа жасушасын табуы және
ағзалардың жеке дамуы белгілі бір жоспарлы түрде жүретіндігін көрсеттi.
Онтогенездiң iштен жоспарлануы преформизм концепциясының негiзi болды.
Көптеген белгiлi ғалымдар жыныс жасушаларында миниатюра түрiнде дайын
ағза қалыптасқан деп санады. Мысалы, немiс биологы Р. Ганнердiң ойынша
тауық жұмыртқасында дайын шөже бар. Преформистердiң көзқарастарының
негiзi онтогенез әрекетінiң барысында жаңа туындылар пайда болмайды дедi.
Преформизм концепциясына қарама-қарсы жаңа көзқарасты ағылшын эмбриологы
У. Гарвей эпигенездi енгiздi. Гарвей бойынша эпигенез дегенiмiз -
материяның даму тәсiлi және ол бiрден пайда болады әрі дамиды. Сонымен,
эпигенз концепциясы бойынша, алғашқы бiркелкі материалдан даму нәтижесінде
дененің жаңа бөлiктері пайда болады және жүйелi түрде бiртұтас ағза
қалыптасады. Орыс ғалымы К. Вольфтың классикалық еңбегiнде эпигенез
концепциясын тауық эмбрионының дамуы арқылы түсіндірілді. Вольф жұмыртқада
ешқандай дайын тірі ағза жоқ екенiн, iштегі эмбриональды даму барысында
бiртiндеп жаңа бөлiктер және мүшелер дамитынын көрсеттi. Бұл
метафизикалық көзқарасқа қарсы жақсы соққы болды. Бiрақ, өзi түрдiң тарихи
өзгередi деген идеядан аулақ болды.
Ұрықтың iштей салыну гипотезасы. Өсiмдiк бетiнiң көбеюiн зерттеп, Ш
Боннэ партеногенез құбылысын ашты, бiрақ бұл әрекеттi материя әдiсiмен
ғана түсiндiре алды. Оның гипотезасы бойынша тірі ағзалардың аналықтарында
ұрпақтары бірінің ішіне бірі матрешка сияқты салынып қойған. Боннэ даму
процесi алдын ала анықталған деген ұғымды ұстанды.
Эволюциялық идеяның туылуы. (трансформизм).
Биология саласында XVII – XVIII ғ. дейін жеткен әр түрлi жетiстiктерi
түрлердiң өзгеруi (трансформизм) туралы түсiнiктiң пайда болуына алғы
шарттар тудырды. Трансформизм идеясын алғаш енгізген француз ғалымы Ж.
Бюффон болды. Тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайына қарай өзгеретіні
жөніндегі эволюциялық мазмұндағы идеяны трансформизм деп атайды. Климат
әсерi, қоректiң асқазан құрылысына әсерi ( күйiс қайтаратын жануарлардың
күрделi асқазаны ), адам әрекетімен жабайы түрдi, үй жануарларына
айналдыру т.б. пiкiрлер арқылы түрлердiң эволюциясы әр түрлi бағытта
жүредi (прогрессивтi өзгерiстер және дегенерация). Бюффон эволюциялық
түсiнiкке жаңа бағыт бердi. Философтардан Голбах, Дидро, Мапертюларды
атауға болады.
3. Орта ғасырлардағы Орта Азиядағы эволюциялық идеялардың қалыптасуы.
Орта Азиядағы эволюциялық идеялардың дамуы. Ахмед ибн Насыр Жайхони, Әбу
Насыр әл-Фараби, Абу Али ибн Сина (Авиценна), Абу Райхан Беруни, Захириддин
Мухаммад Бабур, Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы
Ахмед ибн Насыр Жайхони. Еуропа мемлекеттерінде Христиан дінінің дамуына
байланысты, жаратылыстану ғылымында тоқырау басталды. Ал, Орта Азия
мемлекеттерінде жаратылыстану ғылымының жандана түскен кезеңі болатын. Орта
азия оқымыстылары жаратылыстану ғылымына, әсіресе биология саласына көп
үлестерін қосты. Ахмед ибн Насыр Жайхони ( б.з.д. 870-912) Үндістаннан,
Қытайдан және Орта Азия жерлерінен өсімдіктер мен жануарлар туралы өте
құнды мәліметтер жинады. Оның еңбектерінде өсімдіктер мен жануарлардың
таралу аймақтары, табиғаттағы маңызы және жергілікті тұрғындардың
пайдаланып жүрген түрлері туралы жазылған. Әбу Насыр әл-Фараби ( б.з.д.
873-950) ботаникаға, зоологияға және адам анатомиясына қатысты өз
пікірлерін жазып қалдырған. Ол жаны бар тірі ағзаларды ойлай алатындар және
ойлай алмайтындар деп бөлді. Ойлай алатын жоғарғы сатыға адамды қойды.
Адамның шығу тегін жануарлармен байланыстырады. Адам ағзасының ауру
себептерін дұрыс тамақтанбаудан деп көрсетеді. Табиғатта өздігінен табиғи
сұрыпталудың бар екендігін айта келіп, халық өзіне қолайлы түрлерді алу
үшін қолдан сұрыптау әдісдерін жүргізіп отыратынын айтады.
Абу Али ибн Сина (Авиценна) (980-1037) жаратылыстану ғылымына көп
қызығушылық танытқан Орта Азияның жаратылыстанушы-философ ғалымы. Медицина
қағидалары атты бес кітаптан тұратын еңбегін зерттеу негіздеріне сүйене
жазған болатын. Бұл еңбегінде адам мүшелерінің қүрылысы мен онда кездесетін
аурулардың түрлері мен пайда болу себептерін түсіндіреді, ауруды емдеу үшін
қолданылатын қарапайым және күрделі қосылысты дэрі-дәрмектерді дайындаудау
жолдары мен пайдалану кеңестерін ұсынады. Ғалым адамда кездесетін кейбір
жүқпалы аурулардың ( осапа, холера, туберкулез) қоздырғыштары көзге көріне
бермейтін микроағзалар екенін айтты. Денсаулықты нығайтудың ең тиімді жолы
- дұрыс тамақтану мен ағзаны шынықтыру екенін баяндайды. Ғалымның пікірінше
Жер өте баяу өзгеріске ұшырап отыратынын, өзендер мен теңіздер біртіндеп
тартылып кеуіп отырады. Ол жерлерден тек кезінде суда тіршілік еткен
ағзалардың жақтаулы қақпақшалары мен қаңқаларын кездестіруге болады. Ол
өсімдіктердегі, жануарлардағы және адамдардағы ұқсастықтарға қоректену,
даму-өсу және көбею әрекеттерін жатқызады. Тірі ағзалар арасындағы
байланыстың бар екенін көрсетеді.
Абу Райхан Беруни (973-1051) Орта Азияның жаратылыстану ғылымына көп үлесін
қосқан ғалым. Оның еңбектерінде Орталық Азияда, Иранда, Индияда және
Ауғанстанда кездесетін өсімдіктер мен жануарлардың түрлері сипаттап
жазылып, емдік қасиеттері көрсетіледі. Ғалым жыл мезгілдерінің ауысуына
байланысты, өсімдіктер мен жануарларда да болатын өзгергіштікті жазады.
Егер жер бетінде бір ғана түрдің саны артатын болса, онда басқа түрлер
көбейе алмаған болар еді деп көрсетеді. Сондықтан да бағбан егістігіндегі
арам шөптерді тазартып отырады. Омарташылар трутеньдерді емес, аналық араны
сақтап қалады. Табиғат бір түрдің көбейіп кетпеуін өзі реттеп отырады,
біріншісімен екіншісі қоректеніп теңесіп отырады. Жер бетінің өзгеруі сол
айналадағы тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлады да өзгертеді, дейді
Беруни. Ол Қарақұм мен Қызылқұм жерлерінде өзінің палеонтологиялық ізденіс
жұмыстарын жүргізіп, Жердің өзгеру тарихымен ондағы организмдердің де
өзгеретінін қортындылайды. Беруни 1116 емдік қасиеті бар заттарды, оның
ішінде 750 өсімдіктер және 101 жануарларға тән қасиеттер. Үндістанға сапар
шегіп, жергілікті жердегі өсімдіктер мен пілдердің тіршілік ортасына
бейімделу ерекшеліктерін сипаттап жазды. Адамдардың терісінің түсінің әр
түрлі болуы сол жердің табиғатына сәйкес екенін, ол белгілер ұрпақтан-
ү_рпаққа берілетінін айтты.
Захириддин Мухаммад Бабур (1483-1530) үлы ел билеуші қызметші ғана емес,
ақын және көрнекті жаратылыстанушы ғалым да болды. Оның Бабур тағылымы
еңбегінде тарихижәне географиялық Орта Азиялық, Үндістандық, Ауғаныстандық
жерлерден қызықты мэлімдемелер беріледі. Ол жерлердегі халықтың қоныстануы
мен тұрмыс-салттары жазылған. Бабур өз деректерін нақты іс жүзінде өзі
саяхаттаудың нэтижесі бойынша берді. Өсімдіктер арасында кездесетін
ұқсастықты, жануарлар арасындағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарды, әртүрлі
аршалар мен бүталы өсімдіктерді сипаттайды. Үндістанның эндемді өсімдіктері
туралы жазды. Басқа елдерден экелінген жануарларды жерсіндіруге көп еңбек
етті. Мысалы, тоты құсын, тауықтарын, маймылдарын, үйректерін, еліктерін
т.б. әкелді. Бабур жануарлар дүниесін төртке бөлді.
Ресейде эволюциялық идеялардың дамуы.
Ресейде табиғат туралы эволюциялық идеялар XVIII ғасырдың екінші жартысында
қалыптаса бастады. Жер қыртысының тарихы туралы еңбектерінде М. В.
Ломоносов өлі табиғаттағы өзгерістердің тірі табиғаттағы өзгерістерге
тікелей байланысты екенін айтса, Санкт-Петербург академигі К.Ф.Вольф
алғашқылардың бірі болып, үрықтық дамуы жөнінде дұрыс пікір үсынды.
А.Н.Радищев табиғатты бір түтас деп тауып, оның дамуы қарапайымнан күрделі
қүрылысты ағзаларға қарай жүреді деген пікірде болды. Зоолог К.Ф.Рулье
түрлердің тұрақтылығы жайлы мета-физикалық көзқарасты қатты сынап,
ағзалардың қай қайсысы болса да, айналадағы ортаның әсерінен өзгереді, ал
өз кезегінде ағзалар сыртқы ортаны өзгертеді деді. Аса құнды эволюциялық
идеяны А.Н.Герценнің еңбектерінен де кездестіруге болады. Ол қүрылысы мен
физиологиялық ерекшеліктері жақын ағзалар арасында міндетті түрде туыстық
байланыстар бар, яғни олардың шығу тегі бір деп жазды.
4.Ж.Б.Ламарктың эволюциялық концепциясы.
1. Органикалық дүниені жүйелеуі
2.Түр туралы көзқарасы.
3. Ламарк іліміне берілген баға.
Ж.Б.Ламарктың эволюциялық теориясының мәні. Алғашқы эволюциялық теория ХІХ
ғасырдың басында жарық көрді. Оның негізін қалаушы француз ғалымы
Ж.Б.Ламарк 1809 жылы басылып шыққан Зоология философиясы атты еңбегі
эволюция теориясы бағытындағы жолда ең маңызды баспалдақ болды. К.Линней
сияқты Ламарк та жүйелеумен шұғылданды. Ол линнейлік жүйені едәуір
жетілдірді. Ол Парижде Жаратылыс тарихы мұражайында омыртқасыз жануарлар
кафедрасын 24 жыл бойы басқарғандықтан, оның зоология саласындағы
ізденістері Линней еңбектерінен анағұрлым нақтырақ болды. Негізгі
еңбектерінің бірі Жәндіктердің табиғи тарихы кітабында сол кезде белгілі
омыртқасыздардың туыстары мен түрлерінің барлығы сипаттап жазылған. Ол
омыртқасыздарды 10 класқа бөліп, қомекенділер мен жорғалаушыларды жеке
кластарға бөлді. Ламарк өз жіктеуіне жүйке және қан айналу жүйелерінің
құрылысын негіз етіп алды. Ол түрлердің құрылысын сараптай келе, тірі
ағзалардың құрылымдары сатылап күрделенетіндігін байқады. Ламарктың
жүйесінде жануарлар реті бір жасушалылардан – кірпікшелі кебісшеден
басталып, сүтқоректілермен аяқталған. Мұнда барлық жануарлар 6-сатыға, 14
класқа жіктелу арқылы орналастырылған (1кесте).
Ламарктың бұл жүйесінен баспалдақ сипатында жануарлар құрылысының біртіндеп
күрделенуін, яғни жоғарлауын (градация) көруге болады. Ламарк біртіндеп
тірі ағзалар деңгейінің жоғарылауын және олардың күрделенуін сатылы
көтерілу – градация деп түсінді. Демек, тірі табиғат әлемі өзгереді және
күрделенеді деп тұжырымдады. Тірі ағзалардың өзгеруі ішкі ұмтылыс пен
сыртқы орта жағдайларының әсерінен болатынын түсіндірді. Ол түрлердің
тұрақтылығы жайлы пікірге қарсы болып, түрлердің өзгеретіндігін, бірақ бұл
әрекет өте баяу жүретіндіктен оны байқау қиын екенін түсіндірді.
Оның ілімі тірі табиғатта қарапайымнан күрделіге қарай тарихи даму болып
табылатын эволюцияның бар екенін тұжырымдады. Бірінші болып ғылымға
биология деген терминді енгізіп, жануарлар дүниесін омыртқалылар және
омыртқасыздар деп екі топқа бөлді.
Ламарктың эволюциялық заңдылықтары. Ламарк органикалық формалардың
эволюциялық қозғаушы күшін өзі ұсынған заңдылықтарымен түсіндіреді.
Мүшелердің жаттығу және жаттықпау заңы
- Орта жағдайлардың өзгерісі өсімдіктерге немесе жануарларға тікелей
әсер етіп, оларды өзгертеді. Өзгеріске ұшыраған кейбір мүшелер жақсы жұмыс
істеп, жаттыға келе дамып жетіледі, ал басқалары көп қолданылмағандықтан,
керісінше жаттықпайды да, біртіндеп жойылады. Мысалы, Ламарк пікірі бойынша
тіссіз (кит, құмырсқа жегіштің) сүтқоректілердің тістерінің жойылып кетуі,
олардың ата тектілерінің коректік заттарды шайнамай жұтуының салдарынан
болса, жер астында тіршілік ететін жануарлардың көздері пайдаланбағандықтан
қажетсіз мүше ретінде жойылуы.
Суда жүзетін құстарда саусақтарының арасында терісінің керілу салдарынан
саусақ аралық жүзу жарғақтары пайда болған. Шөбі жоқ құрғақ жерде
мекендейтін жираф үнемі бойын созып ағаш жапырақтарын үзіп жеп қоректенді.
Осылай биіктегі жапырақтарға ұмтылып дағдыланғандықтан біртіндеп олардың
алдыңғы аяқтары мен мойны ұзарған.
Тікелей бейімделу заңы
- Тіршілік барысында пайда болып, қажетті бағытқа толық сәйкестелген
белгілер міндетті түрде тұқым қуалайды. Мысалы, су сарғалдағы (Ranunculus
agvafilis) терең суда өссе, жапырақтарының бәрі су ішінде дамиды да жапырақ
алақандары жіңішке тілімді болады. Егер су сарғалдағы таяз суда өссе,
сабағы ұзарып, үстіңгі жапырақтары судағыға қарағанда өзгеше болып өседі.
Бұл жағдайда төменгі жапырақтары жіңішке тілімді, жоғарғы жапырақтары
жалпақ дөңгелек, ойық жиекті болады. Тағы бір өсімдік түріндегі тікелей
бейімделуді айтуға болады. Жебежапырақ (Sagittaria sagittifolia)
өсімдігінің су ішіндегі жапырағы таспа тәріздес болса, су бетіндегі
жапырағы дөңгелек, су үстіндегі жапырағы жебе тәрізді болады.
Ламарк адамның шығу тегі жайында өз ойын қорыта келе адам дене құрылысы
жағынан басқалардан гөрі маймылға жақын деген пікір айтты.
Түр туралы көзқарасы. Ламарктың көзқарасы салыстырмалы түрде алғанда терең
ойлы эволюциялық концепция болып табылады. Ол идеалистік көзқараста болды.
Оның ойынша материя бірінші және қозғалыссыз болады, ал материяны қозғайтын
сыртқы күш. Жаратушы құдірет өзі қалаған кезде кенеттен бар дүниені мәңгіге
қозғалысқа енгізген деп сенді. Оның түр туралы ойы қарама-қайшылықта болды.
Алғашында Линней сияқты түрдің тұрақтылығын мойындап, өсімдіктер жүйесін
жасап шықса, кейіннен оның көзқарасы түрлердің тұрақсыздығымен өзгереді.
Ламарк тірі табиғатта түрлер жоқ деп санады. Ал, әр кластағы даралардың әр
түрлілігін келесі себептермен байланыстырады:
Белгілі бір тәртіпті сақтау үшін әр ағзаның ішінде өзін күрделендіру үшін
ұмтылыстары болады;
Тірі ағзаларға сыртқы ортаның әсер етуі;
Ламарк табиғат біртіндеп өзгереді, даралардың әр түрлілігін эволюцияның
ауыспалы сатысы деп санады. Эволюцияны байқауға болмайды, ол бірқалыпты
байқаусыз өтеді деп санады. (Линейше түр бар, бірақ олар өзгермейді, ал
эволюция жоқ). Ол табиғатта түрлердің тұрақты еместігін, соның нәтижесінде
бір түрдің басқа түрге біртіндеп айналатындығын айта келіп, табиғатта
түрдің шын мәнісінде бар екенін жоққа шығарды.
Ламарк іліміне берілген баға. Ламарк ғылым тарихында эволюциялық идеяны ең
алғаш ұсынған ғалым ретінде белгілі. Алайда, оның эволюциялық көзқарастары
қатаң сыналып, жан-жақты талқылануда болды. Ол өз еңбегінде эволюция
ілімінің негізгі проблемаларын қоя білді және оны өзінше шешуге тырысты.
Осының өзі Ламарктың ұлылығын көрсетеді. Ламарктың жануарлар градациясы
Боннэнің тіршілік сатысымен салыстырғанда алға жаңа бір қадам жасағанын
көрсетеді. Градация негізінде ол ағзалардың тарихи даму принципін ұстанды.
Боннэнің иерархиялық сатысы Ламарктың жануарлар градациясында тарихи сатыға
айналды. Оның әрбір баспалдағы бір – бірімен тығыз байланыста болды. Ғалым
эволюцияның әртүрлі бағытта жүретінін көрсетті. Соның арқасында тірі дүние
бір жағынан күрделенсе, екінші жағынан бір өзінде әртүрлі жіктеулер жүріп
отырады. Осының арқасында дүниенің алуан түрлілігі пайда болған. Ол
эволюцияның бейімделу бағытында жүретінін атап көрсетті. Бірақ, эволюцияның
себепетерін дұрыс көрсете алмай, оны түсіндіруге әр ағзада прогреске іштей
ұмтылыс болады және ортаға бейімделуге әуел бастан мақсатқа сәйкестілік бар
деген идеалистік қате ұғымда болды.
Дарвин эволюциялық идеяларды тұжырымдауда Ламаркты өзінің ізбасары деп
танып, оның еңбектерін өте жоғары бағалады. Ламарктың эволюциялық
көзқарастары деректі материалдармен жан-жақты толық мәнінде дәлелденбеуі
себепті кең көлемде тарала алмады.
5. Ч.Дарвиннің эволюциялық теориясының қалыптасуындағы жалпы алғы шарттар
XIX - ғасырдың І-ші жартысында Англиядағы қоғамдық саяси алғышаттар. XIX-
ғасырдың І-ші жартысында жаратылыстану ғылымдарының даму дэрежесі. XIX-
ғасырдың І-ші жартысында ауыл шаруашылық практикасының даму дәрежесі. Чарлз
Дарвиннің эволюциялық ілімінің пайда болуынына көптеген ғылыми және
қоғамдық экономикалық алғы шарттар себеп болды.
XIX - ғасырдың І-ші жартысында Англиядағы қоғамдық саяси алғы шарттар.
Қогамдық - саяси алғы шарттарга XIX ғасырда Англия экономикасының жылдам
дамуы жатады. Ғылымның дамуы негізінен саяси-тарихи прогрестің деңгейімен
анықталды. Эволюциялық ілімнің отаны Англия. Өйткені XIX ғ. оратасында
капиталистік саяси қатынастар тұрақталды. Англияда капитализмнің жаңғыруы,
машина өндірісінің дамуы, Британия империясының колониялы жүйесінің артуы
болды. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы, ауыл шаруашылығының шикі затына сұраныстың
артуына себепкер болды.Сол кезде Англия өнеркөсіптік және ауыл шаруашылық
өндірістердің деңгейі бойынша да, басып алынған және меңгерілген отарлардың
саны бойынша да дүние жүзінде көшбасшысы болды. Бұдан басқа, өсіп келе
жатқан өнеркәсіптік өндіріс, әсіресе көмір өндіру және шойын мен болат
қорыту геологияның дамуына желеу болды.
XIX- ғасырдың І-ші жартысында жаратылыстану ғылымдарының даму дәрежесі.
Салыстырмалы морфология және анатомиядагы зерттеулер XVII ғ. алдында пайда
болды. Оның негізін салушының бірі неміс ақыны В.Гете. Ол өсімдіктердің
өзгеру құбылысының (метаморфоз) мысалында өсімдіктердің әр түрлі мүшелері
бір органнан дамиды және ол негізінде сол күйінде қалғанымен, өзгерістердің
әсерінен прогрессивті жолмен дамиды деп көретті. Бірқатар жануарлардың
дене құрылысының ұқсас болатындығы дәлелденді, ал мұның өзі олардың шығу
тегінің бір екенін дәлелдей түсті.
Клетка теориясының қалыптасуы. 1838 ж. Бүкіл тірі жасушалардың құрылысы мен
шығу тегінің ортақтығын дәлелдеген Т. Шван мен М. Шлейденнің жасушалық
теориясы ашылды, ал кейінірек Р.Вирхов толықтырған жасушалық теория
өсімдіктер мен жануарлар жыныс жасушалары арқылы ұрықтанған жасушалардан
дамитынын қосты, бұндай ұқсастықтар органикалық дүниенің бір тұтастығын
көрсетті.
Эмбриологияныц пайда болуы. Салыстырмалы эмбриология ғылымдағы зерттеулер
барлық ағзалардың дамуы ұрықтанған жұмыртқадан басталатын анықтады. Сондай-
ақ алғашқы даму сатысында желілілер ұрықтарының және басқа да типтерге
жататын жануарлар ұрықтарының бір-біріне ұқсас келетінін, ал мұның өзі
олардың арасында туыстық қатынастың бар екенін көрсетті.
Геологияның пайда болуы. Геология саласындағы мәліметтер жер қыртысы әр
түрлі шөгінді қабаттардан тұратынын ол қабаттар табиғи күштердің
әсерінен біртіндеп түзілгенін дәлелдеп бұл ұзаққа созылған тарихи дамуыдың
нәтижесі деп таныды. 1883 ж. Ч. Лайельдің Геология негіздері еңбегі
шықты. Онда геологиялық процестерді ұзақ тарихи құбылыс ретінде қарап, оны
жер қыртысының осы заманғы күйін талдау арқылы табуға болады деп есептеді.
Химияның пайда болуы. Химиялық зерттеулер өлі және тірі табиғаттың бірдей
химиялық элементтерден тұратынын көрсетті. Энергияның сақталу және түрлену
заңы ашылды, бұдан табиғаттың бір тұтастығы айқын көрінді. 1841-1844 жж.
Энергияның (қуаттың) сақталу заңы.Ю. Р. Майер, Г. Л. Гельмгольц, Дж. П.
Джоульдар ашты.
Палентологияның пайда болуы. Палеонтологияның деректері жер бетінде
жануарлар формаларының үнемі алмасып отырғанын, оны дәлелдейтін өтпелі
формалардың тіршілік ететін тұжырымдады. Олай болса, түрлер тұрақты болмай,
әр түрлі жағдайларға байланысты үнемі өзгеріп отырғаны дәлелденді.
Эволюциялық теорияны қалыптастыруда белгілі рөл атқарған негізгі ғылыми
жаңалықтарға мыналарды да жатқызуға болады:
1. 1828 ж. Ф. Велер ең алғаш ағзалық зат — мочевинаны қолдан синтездеді.
2. 1828 ж. Бүкіл омыртқалылар ұрықтарының эмбриондық дамудың
ерте сатыларындағы ұқсастық заңын К. М. Бер ашты.
3. 1830-1834 жж. Әлемнің көптеген өңірлерінің, солардың
ішінде Қазақстанның (1829) да флорасына саяхатының барысында
сипаттап жазған А. Ф. Гумбольд негіздеген геоботаника дүниеге келген
соң биогеография қалыптасып, дамыды.
XIX- ғасырдың І-ші жартысында ауыл шаруашылықпрактикасының даму дәрежесі.
Капиталистік өзара қатынас пен нарыктық экономика сұрыптаудың дамуына
мәжбүр етті. Ал бұл себеп, селекция жұмыстарын жүргізуді тездетті. Ағылшын
селекционері Р.Бакуэл жануарлардың жаңа түрлерін шығаруды жоспарлы түрде
жүргізді. Э.Найт, гибридизация әдісін қолданып өсімдіктер мен жемісті
ағаштардың жаңа сорттарын шығарды. Англияның тіркеу қызметкері Мальтус Т. -
адамдардың өсу санын азайту қажет, өйткені тағам өндірісі арифметикалық
прогрессияда, ал адамның өсуі геометриялық прогрессия бойынша өседі деп
санады. Д.Рикардо мен Смит барлығының күресі - тіршілік үшін,
конкуренция-бәсекелестік дегеніміз саяси қарым-қатынастың жаратылас заңы
деп көрсетеді.
Н. И. Вавиловтың тауып айтылған сөзі бойынша: Сұрыптау — бұл адам
басқаратын эволюция.
Қысқа мерзімнің ішінде көптеген селекционерлер гибридизация және сұрыптау
әдісін қолданып, ауыл шаруашылығына қажетті жаңа қолтұқымдар: ірі қарамал,
жылқы, қой, шошқа, құстар; жаңа іріктемелерден бақша өнімдері мен гүл
шығарылды. Дарвин мен Уоллестің біріне-бірі тәуелсіз бірдей қорытындыларға
келу жағдайларының өзі эволюция теориясының дүниеге келу алғы шарттарын
анықтайтын дәлелдер болып табылады.
6. Ч. Дарвиннің эволюциялық теориясы.
Ч.Дарвиннің өмірбаяны мен еңбектері. Дарвинизмнің дамуы және эволюциялық
биологияның қалыптасуы.. Дарвиннің қолдан сұрыптау ілімі. Өзгергіштік
түрлері.Ч.Дарвин ілімінің негізгі қағидалары.
Ч.Дарвиннің өмірбаяны мен еңбектері. Чарлз Дарвин 1809 жылы ақпанның 12-
сінде дәрігер отбасында Шрюсбериде туды. Мектепте оқыған кезінде
(1816—1826) ол көрнекті қабілеттілігімен ерекшеленген жоқ, алайда
өсімдіктер мен жануардың, сондай-ақ әр алуан минералдардың жинақтамаларын
жинауды қатты ұнатты. Дарвин мектепті бітірген соң 1826 жылы Эдинбург
университетінің медицина факультетіне түсті. Екі жылдан соң әкесінің талап
етуімен Кембридж университетінің дін ілімі факультетіне ауыстырылды. Онда
үш жылын өткізіп, 1831 жылы бакалавр дәрежесін алды. Балғын Чарлз барынша
ынталанған католик болды жөне өмір бойы ауыл дін қызметшісі дәрежесінде
қалуды армандады.
Дарвиннің өз айтуы бойынша мектепте және университетте болған кезде ол
ешнәрсеге үйренбепті. Дарвин оқыған мектепте тек кана көне тіл, көне
география және көне тарих оқытылған. Мұның өзінде антикалық автордың
еңбектері оқытылған жоқ. Дарвиннің әкесі өз ұлының дәрігер болуын калады.
Чарлздың өзіне сол кезде ауырсынуды басатын дәрі-дәрмек болмағандықтан,
дәрігерлікті оқуға көңілі қаламады. Наркозсыз операцияға екі рет қатысып,
оның біреуінде балаға операция жасады. Дарвин бұдан соң өз өмірінде
операция жасайтын белімге бас сұқпады. Ол екі университетте өзін
қызықтыратын пәндер ретінде геология жөне зоологияға ынтық болды. Дарвин
антомология және ботаникаға арналған негізгі еңбектерді оқыды, жинақтама
үшін бунақденелілерді көп дана етіп аулап, экспедицияларға катысты. Оны
аңшылык баулиды, ол атып алынған құстардың әркайсысын сипаттап жазды. Ч.
Дарвин тіпті Эдинбург университетінде-ақ Ж. Б. Ламарктың теориясымен
танысты, бірақ ол жас ғалымға ешкандай әсер етпеді.
Дарвин 1831 жылы табиғат зерттеушісі ретінде Бигль кемесімен жер шарын
айналған саяхатқа кетті. Байқалған әр алуан өсімдіктер мен жануарлардың,
қиырдағы аралдардың ғажайып өсімдіктер бірлестігі мен экожүйесінің молдығы,
сондай-ақ экспедиция барысында табылған өліп біткен тірі ағзалардың
калдықтары деректі материал болды да, Дарвин соларды талдап, акырында осы
заманғы эволюциялық теорияны тұжырымдады. Дарвин бақылағандарының барлығын
күнделікке жазып, ағзалар мен минералдардың жинақтамасын жасады, сапарда
болған аумақтардың жаңа географиялық картасын жасауға көмектесті.
Дарвин сапардан оралған соң жер шарын айналғандығы туралы 1839 жылы жарық
керген ерекше баяндамамен, ізденіс күнделігімен және Саяхаттар
зоологиясы аталған бес томдық монографиямен жұмыс істеді
Кейінірек үш еңбек: Түрлердің шығу тегі... (1859), Жануарлардың және
мәдени өсімдіктердің өзгеруі (1868) жөне Адамның шығу тегі жөне жыныстық
сұрыпталу (1871) бірегей эволюциялық теорияға біріктіріле бастады.
Әділдігін айтқанда эволюциялық теория Дарвиннің жалғыз ғана ғылыми еңбегі
еместігін атап айтқан жөн. Ол өзінің елу жылға жуық еңбек жолында мыңға
жуық ғылыми жарияланымдардың, шағын көлемді мақалалар мен көлемді
монографиялардың авторы.
Дарвинизмнің дамуы және эволюциялық биологияның қалыптасуы. Чарлз Дарвиннің
эволюциялық теориясының дүниеге келуі мен одан әрі дамуы биология ғылымының
барлық салаларындағы келесі табыстарды қамтамасыз ететін заңды құбылыс
болып табылады. Дарвиннің эволюциялық теориясы дүниеге келгеннен кейін
эволюциялық ұстаным биологияға берік енді. Сол кезден бастап барлық табиғи
құбылыстар эволюциялық заңдылықтарды есепке алып зерттелетін болды. Ч.
Дарвиннің орасан зор еңбегі оның көбінесе факторлар, тетіктер немесе
қозғаушы күш деп аталатын эволюция себептерін ұсынып, дәлелдеуінде.
Дарвиннің пікірі бойынша тіршілік үшін күрес, өзгергіштік және табиғи
сұрыпталу эволюцияның негізгі факторлары болып табылады. Сондықтан
Дарвиннің теориясын табиғи сұрыпталу теориясы деп жиі атайды. 1859 жылғы
эволюциялық теория өзгеріссіз калды деп ойламау керек. Ол келесі ұрпақ
ғалымдарының еңбектері нәтижесінде өте көп толықтыруларды бастан кешті.
Бірак соған карамастан, оны бұрынғысынша Дарвиннің теориясы немесе
дарвинизм деп атайды.
Бигель кемесімен саяхаттан Англияға қайтып оралғаннан кейін Дарвин
түрлердің шығу тегі мәселесін түсінуге дәлел болатындай үй жануарлары мен
мәдени өсімдіктердің, сондай-ақ табиғи жағдайдағы өсімдіктер мен
жануарлардың өзгерістеріне қатысы бар деректерді жинай береді. Түрлердің
шығу тегі жайындағы теориясын қүрудағы еңбегін тэжірибелі бағбандармен және
мал шаруашылығындағы адамдармен сөйлесе жүріп, мәдени өсімдіктер мен үй
жануарларының өзгергіштігі жайлы көптеген материалдармен толықтыра түсті.
Қолдан сұрыптау тәжірибесін талдай келе, органикалық түрлердің шын мэнінде
өзгеріп отыратынын көрсетіп, оны адамның пайдалы тұқымдарды шығаруы -
табыстың көзі деп түсіндіреді. Қолдан сұрыптауды баяндау арқылы
органикалық дүниенің эволюциясын түсіндіруді алдына мақсат етіп қоя білді.
Мәдени түрлердің шығу тегі. Дарвин заманында үй жануарлары мен өсімдіктер
жабайы түрден шыққаны белгілі болатын. Себебі, жабайы және үй жануарлары
арасындағы ұқсастық адамдарды таң қалдырмайтын. Дарвин жабайы
жануарлардың қолға үйретілуін, жабайы өсімдіктердің қолда егіле бастауын
терең зерттей отырып, доместикация ілімінің негізін қалады. Доместикация
немесе жануарларды қолға үйрету кезінде жабайы түрлер тек қолға үйретіліп
қана қоймай адамзат қалауымен көптеген өзгерістерге де ұшырайды. Дарвин ол
өзгерістер ішіндегі екі ерекшелікке тоқталады. Біріншіден, үй тауықтары,
сиырлар немесе бір бақшада өсірілген орамжапырақ, қарбыз болсын бәрі
біркелкі болмайды. Олардың ішінен көзге көрінетін де, байқала бермейтін де
өзгерістері бар дараларды кездестіруге болады. ХІХ ғасырдың ортасында қара
малдың бір-екі түрінен шыққан бірнеше жүз тұқымы, иттердің бірнеше түрден
шыққан жүзден астам тұқымы болды. Екіншіден, бір тұқымға жататын
жануарлардың өзі бір-бірінен де, тегінен де өзгешіліктері көп болады.
Қолдан сұрыптау ілімі. Қазіргі үй жануарларының барлық тұқымдары және
мәдени өсімдіктердің барлық іріктемелері адам баласының творчестволық іс-
әрекеттерімен, қолдан сұрыптау әдісін қолдануының нәтижесінде пайда болды.
Дарвин өз еңбегінде қолдан сұрыптаудың екі түрін көрсетеді. 1. Санасыз
сұрыптау – алдына мақсат қоймай, еш жоспарсыз тек жануарлардың етті немесе
сүтті, өсімдіктердің жақсы өсіп, мол өнім беретін дараларын сақтап қалу
мақсатында адамзат тарихында мыңдаған жылдардан бері жүргізіліп келе
жатқан әрекеті. 2.Әдістемелік сұрыптау – сұрыптаушы алдына пайдалы бегілері
мен қасиеттері бар тұқым және іріктеме шығаруды мақсат етіп қойып,
сұрыптауға тиімді әдістерді қолдана отырып, көздеген нәтижеге жетуі. Мұнда
ол бір тұқымдардың ұнаған пайдалы белгілерін жетілдіретін болса, сол түрге
жататын басқа тұқымдарға басқа талап қояды. Нәтижесінде белгілердің
дивергенциясына әкеліп соғады.
Өзгергіштік және оның түрлері. Мәдени формалар эволюциясының факторлары.
Дарвин теориясының негізгі қағидасы – адамның мәдени түрге айналдырған
өсімдіктері мен жануарларының елеулі өзгеріске ұшырады деп тануы еді. Мұны
жер шарының әр жерінде шығарған үй жануарлары мен құстардың көптеген
тұқымдарымен, өсімдік іріктемелерінен көруге болатын еді. Жануарлар мен
өсімдіктердің қай түрін алсақ та әрбір дара бір – біріне ұқсамайды.
Жануарлар мен өсімдіктердің өзгергіштіктері жайындағы нақтылы материалдарын
талдай келіп, Дарвин тіршілік жағдайындағы өзгерістердің қандайы болса да
ағзада өзгеріс туғызады, және де әсер етуші факторлар әр түрлі ағзаға
түрліше әсер етеді деген қортындыға келді. Бұл өзгерістер кейде көмескі
түрде болады, кейде айқын көрінетіндей болады. Осыған орай өзгергіштікті:
айқын (топтық) және айқын емес (жеке) деп екіге бөлді. Айқын немесе топтық
өзгергіштікте белгілі жануар тұқымының немесе өсімдік іріктемелерінің
даралары белгілі бір себептің әсерімен біркелкі өзгереді
Коррелятивтік немесе арақатынастық өзгергіштік дегеніміз – белгілі бір
мүшенің өзгеруімен байланысты басқа мүшелердің өзгеруі.
Компенсациялық өзгергіштік дегеніміз – бір мүшелердің және олардың
қызметтерінің дамуы басқа бір мүшелердің дамуы мен қызметін тежеп, олардың
жетілмей қалуына немесе редукциялануына себеп болады
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі. Үй жануарлары мен мәдени
өсімдіктердегідей анық көріністі болмаса да , табиғи жағдайларда тіршілік
ететін ағзаларда да елеулі өзгергіштік белгілері болатыны белгілі. Тірі
ағзалардың кез келген ұрпағындағы дарасында басқа дараларынан біраз
айырмасы болады. Осы жеке айырмашылықтардың өте үлкен мәні бар, өйткені
олар көбіне тұқым қуалайды және бұл келесі ұрпақтарда бірте-бірте
жинақталып қорлана түседі. Екінші жағынан, түр көлемінде ағзалардың әр
түрлі морфологиялық оқшау топтары жиі пайда болып отырады. Дарвин ондай
топтардағы даралардың жиынтығын түршелер деп атады. Ағзалардың
табиғаттағы өзгергіштігі түрдің таралу көлеміне байланысты, кең таралған
түрлерде түршелер де мол болады. Түрлердің әр түрлі физикалық және
биологиялық жағдайларда мекендеуіне байланысты, олардағы топ аралық
өзгергіштігі де айқындала түседі. Бұндай әрекеттер ұзақ уақыт аралығында
жүретіндіктен, өзгерген белгілер тұқым қуалайтын болады. Яғни, сыртқы орта
жағдайына бейімделе отырып қалыптасқан белгілер міндетті түрде тұқым
қуалаудың нәтижесінде ұрпақтан ұрпаққа беріледі.
Тұқым қуалаушылық теориясы. Дарвин мәдени түрлер мен табиғи түрлер пайда
болу әрекеттерінің тарихи даму нәтижесі екендігіне көзі жеткен соң, ол
әрекеттің бір екендігін дәлелдеуге кіріседі. Үй жануарларының тұқымдарын
зерттеу, оларды қолда асырай бастағаннан бері едәуір ірілене бастағанын
және бұл өзгерістер ұзақ уақыт бойы тұқым қуалай алатындығын көрсетті. Егер
тіршілік жағдайлары сол қалпында сақталып отырса, бірнеше ұрпақтар бойы
тұқым қуалап келе жатқан өзгерістер, олардың келешек ұрпақтарына шексіз
беріле беретіндігі Дарвин жұмыстарынан белгілі болды. Қолға үйретудегі
әрекеттер табиғи жағдайда да өздігінен сыртқы орта жағдайының әсерінен
жүріп отыратынын ғалым негізгі еңбегінде көрсеткен болатын. Тұқым
қуалаушылық, ағзаның өзгергіштік қабілеті сияқты, барлық ағзаға тән қасиет.
Бұл, ата-тегінің белгілері ұрпақтан ұрпаққа берілу және сақталу қасиеті
болып табылады. Тұқым қуалаушылық жынысты және вегетативтік көбеюде де
жүреді. Дарвин тұқым қуалауды басқарып тұрған қандай заңдылық екендігіне
аса назар аударып, пангенезис (шығу тегінің жалпыға бірдейлігі) теориясын
жете тексерді. Ол теория бойынша ағзаның тұқым қуалайтын белгілерінің
әрқайсысы белгілі заттық ең кіші бөлшекке – геммулаға сәйкес келеді.
Ағза жасушалары жеке даму барысында қайтадан иелене алатын геммулалар бөліп
шығарады. Бұрынғылары сияқты қайтадан иеленген бұл геммулалар ұрықтық
жасушаларға беріледі де, олар бөлінген кезде еншілес жасушаларға беріледі,
деп дұрыс түсндіре алмады. Дарвин өзінің осы жорамалының дұрыс еместігін
көрсете отырып, тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті терең зерттеу
қажеттілігін өз еңбектерінде бірнеше рет айтады.
Тіршілік үшін күрес. Ағзалардың мақсатқа сәйкес бейімділіктері қалай пайда
болатынын түсіндіру Дарвин теориясында жақсы айтылған. Тірі ағзалардың
геометриялық прогрессия бойынша көбейіп отыратыны белгілі еді. Бұл заңдылық
бойынша әрбір түрде даралар санын шексіз көбейтіп отыру мүмкіндігі бар.
Бірақ, табиғатта бір түрдің өте көп көбеуі байқалмайды. Бұлардың шексіз
көбейюіне тіршілік үшін күрес бөгеу болады. Тіршілік үшін күреске
ағзалардың жеке қоршаған ортасының өлі және тірі табиғатымен
қарым–қатынасын жатқызады. Ағзалар арасындағы қатынасты түр ішілік және
түр аралық деп бөлді. Себебі ағзалардың көп ұрпақ қалдыруынан, табиғаттағы
тіршілік ресурстары жеткіліксіз болады. Тіршілік үшін күрес сұрыпталу
әрекетіндегі өзгеріс туғызатын негізгі фактор болып табылады.
Бейімділік пен табиғи сұрыпталу. Тірі ағза өкілдерінің қасиеттері әртүрлі
болғандықтан қоршаған ортаға тәуелділігі де әртүрлі. Көптеген ағзалардың
қоршаған ортаға бейім ерекшеліктері болады. Яғни, ағзалардың тіршілік
қабілеттері де әртүрлі. Тіршілікке бейімділігі бар ағзалар тіршілік үшін
күресте аман қалып, арттарынан ұрпақ қалдырып отырады. Сыртқы орта
жағдайына және тіршілік үшін күресте бейімделе алмаған ағзалар азайып,
біртіндеп жойылып кетеді. Ағзалардың тіршілік үшін күресін табиғи ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz