Тұлға әлеуметтенуіндегі қарым-қатынас рөлі



Қарым - қатынас - әлеуметтік құбылыс. Бұл байланыс тұлға әлеуметтенуінің қайнар көзінің бірі ретінде анықталады. Тұлғаның әлеуметтеңу принципі екі жағдайда сипатталуы қажет: біріншіден, қарым - қатынас факторы, адамның әлеуметтік өмірімен өзара байланысы жүзеге асырылатын алеуметтік қайнар көзі ретінде есептелінуі керек; екіншіден, әлеуметтену екі аспектіде қарастырылады, ол меңгеру әлеуметтік бағдарлама құру және оны таратуы.
Қарым - қатынас - біріншіден, біріккен іс - әрекетте пайда болатын адамдар арасында байланыс орнату және оны дамыту процесі болса, екіншіден, тұлғалардың бірлескен іс-әрекетте қажеттіліктен пайда болған өзара белгі құралдарымен жүзеге асатын күйі, мінез құлқы.
Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор Қ.Жарықбаев қарым-қатынас туралы былай деген: «қарым - қатынас - адам іс - әрекетінің аса ауқымды саласы, өмір сүру, тыныс тіршіліктің негізгі арқауын білдіретін ұғым. Адамға ауа, тамақ, киім, баспана қандай қажет болса, айналасындағылармен қарым-қатынаста болу да аса маңызды». Сондықтан қарым-қатынас тіршіліктің барлық кезеңінде адам үшін маңызды орын алады.
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуында негізгі факторлардың бірі - ол қарым-қатынас. Тарихи -қоғамдағы обьективті талаптар және қоғамның дамуындағы әлеуметтік заңдылықтар тұлғаның қарым - қатынас процесіндегі рөлін анықтайды. Қарым - қатынас барысында тұлғаның әлеуметтенуінде байқалатын өзіндік ерекшелектер мәселесіне көңіл бөле отырып, қазіргі кезеңде бұл салада жүйелі зерттеулерді қажет етеді. Бұл салада жоспарланған зерттеулер өзіндік ерекшеліктердің қарым-қатынас процесінің кез-келген аспектілеріне ықпалы айқын байқалуда.
Аталған өзіндік сипаттың бірнеше деңгейі ерекшеленеді. Олар біріншіден, Әлеуметтік, мұнда әлеуметтік - экономикалық статус, мамандығы, білімі; екіншіден, Әлеуметтік - психологиялық, мұнда құндылық бағдар, мақсат пен көзқарастардың ортақтығы; Психологиялық, мұнда тұлғаның мінезі және басқа да қасиеттері, ақыл - ой денгейі; Психофизиологиялық, мұнда темперамент, эмоционалдылық.
Тұлға - бұл басқа адамдардын арасында белгілі позицияны иеленетін қоғамдық іс - әрекеттін себепші субьектісі ретіндегі адам. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері, ол неге талпынады және неден қашады, Сонымен қатар ұғым, ұйымшылдық дәрежесі, оның белсенділігінің интенсивті және қорытынды нәтижесі, өмірлік тапсырманы шешуге сәйкес бағытталуынан көрінеді. Әрбір жеке адамға тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі өзіндік әрекет жасай алатын қабілеті, білімі мен тәрбиесі бар екенін ескере отырып қарым - қатынасқа деген ынтасын арттыру, олардың жеке басылық қасиеттерін дамытып, оны қоғам талабына сай іске асыруға мүмкіндік жасау.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ТҰЛҒА ӘЛЕУМЕТТЕНУІНДЕГІ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС РӨЛІ

Қарым - қатынас - әлеуметтік құбылыс. Бұл байланыс тұлға әлеуметтенуінің
қайнар көзінің бірі ретінде анықталады. Тұлғаның әлеуметтеңу принципі екі
жағдайда сипатталуы қажет: біріншіден, қарым - қатынас факторы, адамның
әлеуметтік өмірімен өзара байланысы жүзеге асырылатын алеуметтік қайнар
көзі ретінде есептелінуі керек; екіншіден, әлеуметтену екі аспектіде
қарастырылады, ол меңгеру әлеуметтік бағдарлама құру және оны таратуы.

Қарым - қатынас - біріншіден, біріккен іс - әрекетте пайда болатын адамдар
арасында байланыс орнату және оны дамыту процесі болса, екіншіден,
тұлғалардың бірлескен іс-әрекетте қажеттіліктен пайда болған өзара белгі
құралдарымен жүзеге асатын күйі, мінез құлқы.

Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор Қ.Жарықбаев қарым-қатынас туралы былай
деген: қарым - қатынас - адам іс - әрекетінің аса ауқымды саласы, өмір
сүру, тыныс тіршіліктің негізгі арқауын білдіретін ұғым. Адамға ауа, тамақ,
киім, баспана қандай қажет болса, айналасындағылармен қарым-қатынаста болу
да аса маңызды. Сондықтан қарым-қатынас тіршіліктің барлық кезеңінде адам
үшін маңызды орын алады.

Тұлғаның дамуы мен қалыптасуында негізгі факторлардың бірі - ол қарым-
қатынас. Тарихи -қоғамдағы обьективті талаптар және қоғамның дамуындағы
әлеуметтік заңдылықтар тұлғаның қарым - қатынас процесіндегі рөлін
анықтайды. Қарым - қатынас барысында тұлғаның әлеуметтенуінде байқалатын
өзіндік ерекшелектер мәселесіне көңіл бөле отырып, қазіргі кезеңде бұл
салада жүйелі зерттеулерді қажет етеді. Бұл салада жоспарланған зерттеулер
өзіндік ерекшеліктердің қарым-қатынас процесінің кез-келген аспектілеріне
ықпалы айқын байқалуда.

Аталған өзіндік сипаттың бірнеше деңгейі ерекшеленеді. Олар біріншіден,
Әлеуметтік, мұнда әлеуметтік - экономикалық статус, мамандығы, білімі;
екіншіден, Әлеуметтік - психологиялық, мұнда құндылық бағдар, мақсат пен
көзқарастардың ортақтығы; Психологиялық, мұнда тұлғаның мінезі және басқа
да қасиеттері, ақыл - ой денгейі; Психофизиологиялық, мұнда темперамент,
эмоционалдылық.

Тұлға - бұл басқа адамдардын арасында белгілі позицияны иеленетін қоғамдық
іс - әрекеттін себепші субьектісі ретіндегі адам. Тұлғаның психологиялық
ерекшеліктері, ол неге талпынады және неден қашады, Сонымен қатар ұғым,
ұйымшылдық дәрежесі, оның белсенділігінің интенсивті және қорытынды
нәтижесі, өмірлік тапсырманы шешуге сәйкес бағытталуынан көрінеді. Әрбір
жеке адамға тұлға ретінде қарап, оның өзіне тән санасы, еркі өзіндік әрекет
жасай алатын қабілеті, білімі мен тәрбиесі бар екенін ескере отырып қарым -
қатынасқа деген ынтасын арттыру, олардың жеке басылық қасиеттерін дамытып,
оны қоғам талабына сай іске асыруға мүмкіндік жасау.

Тұлғаның әлеуметтенуінің әлеуметтік психологиялық факторлары біріншіден,
әлеуметтенудің - мәдени, тарихи, ұлттық ерекшеліктерін қарастыратын
әлеуметтік топ болса, екіншіден, белгілі бір денгейде өмір жолының
кезеңдерінде көрінетін жеке тұлғалық топ. Осы орайда В.Г.Крыско тұлғаның
әлеуметтенуінің үш түрлі факторын ұсынды. Олар: микрофакторлар - отбасы,
микроәлеумет, тәрбие институттары, діни ұйымдар; мезофакторлар - этнос,
аймақтық шарттар, мекені, қарым - қатынас құралдары; макрофакторлар -
мемлекет қоғам ел және мәдениет.

Қарым - қатынас сан алуан адамдардың қатынастары жағдайында жүзеге асады,
яғни әлеуметтік және тұлғааралық қатынастардың жағымды да, кері де
жағдайларында болуы мүмкін. Өмірдің түрлі жағдайларына байланысты біздің іс
- әрекетімізбен қатар мінез-құлқымыз да өзгермелі. Соған сәйкес карым-
қатынас стильдері де өзгермелі болады. Қарым - қатынас стилі адамның басқа
адаммен өзара әсерлесуі барысындағы мінез-құлқын көрсететеді. Сонымен
адамнын қарым - қатынас стилі, оның анықталған нақты бір қарым - қатынаска
орнықталынуы, бағытталуы соған дайындығы мен адамның сол жағдайдағы өзін
көрсетуі.

Қарым - қатынас адам өмірінің рухани және материалдық формаларының сан
алуандығын сипаттайды және тұлға өміріндегі ең маңызды қажеттілік болып
табылады. Кейде қарым - қатынас, әлеуметтік қарым - қатынас,
тұлғаралық қарым - қатынас түсініктерін теңдестіру тенденциялары көрініс
береді. Дегенмен бұл түсініктер өзара байланысты болғанымен, бір - біріне
тепе - тең болмайды. себебі олардың өз өзгешеліктері болады. Қарым -
қатынас, біріншіден топтар арасындағы, топтар мен ұйымдардағы әріптестер,
әрекет субъектілері арасындағы аппарат алмасу: екіншіден, қарым - қатынас
субъектілерінің бірлескен әрекет стратегияларының өнімін; үшіншіден, қарым
-қатынас - бірлескен міндeттepдi шешу процесіндегі адамдардын бірін - бірі
қабылдауы мен түсінуі.

Адамзаттың барлық өмірі үнемі басқа адаммен қарым - қатынас негізінде
өтеді. Қарым - қатынас процесінің барлық жақтары (коммуникативті,
интерактивті. перцептивті) басқа құрылымдық тәсілдерді қолдануды қажет
етеді. Олар кез келген іс - әрекетте бір - бірін қабылдау, түсіну,
бірлескен әрекет ұйымдастыру мақсатыңды іс - әрекеттің мазмұнына байланысты
орындалатын процестің негізінде туындайтын қарым - қатынастың түрлері мен
арақашықтықтары.

Адамнын психикасы тіршіліктің барлық кезеңінде үздіксіз дамиды. Кеңес
психологтарының теорияларына сәйкес, баланың психикалық дамуы әлеуметтік
ситуациямен анықталады, яғни оның қоғамдағы орны, үлкендер және
құрбыларымен қарым - қатынас жүйесі. Дамудың әлеуметтік ситуациясы
кездейсоқ құрылмайды, бала және оның айналасындағылар арасындағы жанды
өзара әрекеттестік процесінде жасалады. Бір жас кезеңінен екіншісіне өту
дамудың әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланысты. Сонымен, мектепке
дейінгі бала - ойын баласы, яғни оның айналасындағылармен қарым - қатынас
жүйесін анықтайды. Оқушы - басқаша қарым - қатынас жүйесінде болатын білім
алушы бала, ал ересек белгілі еңбек әрекетіңдегі қарым-қатынасқа түсуші
кәсіби  маман иесі.

Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым - қатынас
жасайды. Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық сипаттары, қадір
қасиеттері, іс - әрекет жасау қабілеттері қалыптасады. Тұлғаның кісілік
қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс - әрекеттегі белсенділігінің
өрістеуіне ықпал етеді. А.С.Золотнякованың пікірінше, қарым -қатынас - бұл
әлеуметтік және тұлғаға бағытталған процесс, мұңда жеке тұлғалық
қатынастармен қатар, құқықтық құндылық шарттары жүзеге асады. Оның ойынша,
қарым - қатынас әлеуметтік процесс болып табылады. Осы орайда, қарым -
қатынас коммуникативтік- процесс ретінде түсіндіріліп, тек әлеуметтік
құндылық мөлшерін реттеумен шектелмейді, индивид пен әлеуметтік жүйенің сол
құндылықтарды игеруін реттеп отыруымен сипатталады.

Әлеуметтік психологияда тұлғалардың өзара әрекеті - бұл қарым -қатынастың
үш координаталық бірі. Өзара әрекет - бірлескен іс - әрекетті
ұйымдастырудың белгілі формасы. Тұлға қалыптасуында негізгі орынды оның
басқалармен қарым - қатынас жасау қабілеті алады. Қарым - қатынас арқылы
тұлға өзін көрсете алады, Сонымен қатар ерекшеліктерінің ашылуына, танымдық
белсенділігінің артуына ықпал етеді.

Тұлға және қарым-қатынас - психологиялық білімнің осы маңызды саласының
негізгі түсініктері. Әлеуметтік психология қарым - катынас процесінде
тұлғаның дамуын, қарым - қатынасын және іс - әрекетін зерттейді. Басқа
адамдармен қарым - қатынас процесінде адам адами мәдениетті, тарихи даму
және жалпылама түсініктерде, еңбек дағдыларында, мінез - құлық ережелерінде
т.с.с жинақталған тәжірибені игереді.

Басқа адамдармен тікелей қарым - қатынасты тұлға аралық қажет ету -
адамның негізгі әлеуметтік қажеттіліктерінің бірі. Басқа адамдармен қарым-
қатынас орната отырып, адам танымдық - жаңа әсерлер, жаңа ақпараттар
қажеттілігін қанағаттандырады. Осы екі өзара үздіксіз байланысқан
қажеттіліктер адамның алғашкы күндерінен оның психикалық дамуын анықтап,
бірлескен іс -әрекетте  қарым - қатынас қажеттілігіне қызмет етеді.

Тұлғанын қалыптасу және даму заңдылықтарын, түрлі жағдайлардағы оның мінез-
құлықтары мен іс-әрекеттерін зерттейтін, адамдарды жиі жағдайларда
жақындықтары бойынша біріктіру (отбасы, оқу топтары, өндірістік ұжым)
әлеуметтік психологияның зерттеу объектісі болып табылады. Әлеуметтік
психолог үшін адамдарды біріктіру мәселесі зерттеудің екі аспектісі бойынша
қарастыру маңызды. Олар: біріншіден, адамдарды біріктіру тұлғаны
қалыптастыру шарты ретінде және, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы ұлдар мен қыздардың әлеуметтенуіндегі гендерлік айырмашылық
Балалық топтардағы гендірлі сегрегация
Жеке тұлға және мәдениет
Қазақстандағы жастардың саяси әлеуметтенуіндегі өзгерістер
Жастардың қазіргі қоғамымыздағы саяси және әлеуметтік орны
Жасөспiрiмдердiң әлеуметтенуi - әлеуметтiк - педагогикалық құбылыс ретiнде
Білім берудегі теңсіздік
Мектепке дейінгі жастағы ұлдар мен қыздардың әлеуметтенуіндегі гендерлік айырмашылық
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілерді әлеуметтендіру мәселесі
Құндылықты беймделу этикалық сана - сезім компоненті ретінде
Пәндер