Адам эмбриогенезінің ерекшеліктері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Адам эмбриогенезінің ерекшеліктері.
  2. Жыныс жасушаларының морфофункциональдық сипаттамасы
  3. Эмбриональдық дамудың бастапқы кезеңі:ұрықтанубөлшектену
  4. Адамның эмбрионалдық дамуының ұрықтық кезеңіерте гаструляциякеш гаструляция

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адам эмбриологиясының міндеттері адам ұрығының дамуының заңдылықтарын қарастырудан тұрады, ол жүкілік пен туудың қалыпты өтуін, туа біткен ауытқуларды анықтау мен емдеу үшін қажет. Эмбриологияның акушерлік істе маңызы өте зор.

Эмбрионалдық кезең аналық жыныс жасушасының сперматозоидпен ұрықтануынан бастап туғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Эмбриогенез 3 кезеңнен тұрады: бастапқы (дамудың 1-ші аптасы), ұрықтық (2-8-ші апталар) және іштегі нәрестелік кезең құрсақішілік дамудың 9-шы аптасынан туғанға дейінгі кезеңді қамтиды. Бұл эмбриогенезді акушерлік іс бойынша кезеңдерге бөлу.

Сонымен қатар эмбриологиялық кезеңдерге бөлу бар:

  1. Ұрықтану сатысы, оның нәтижесінде біржасушалық организм зигота пайда болады.
  2. Бөлшектену сатысы кезінде көпжасушалы ұрық - бластула (бластоциста) пайда болады.
  3. Гаструляция сатысы кезінде ұрық жапырақшалары пайда болады, ұрық гаструла деп аталады.
  4. Нотогенез сатысы немесе ұрық жапырақшаларынан біліктік мүшелердің дамуы.
  5. Гистогенез, органогенез және системогенез сатысы. Бұл сатыда тіндер, мүшелер дамып, организмнің жүйелері қалыптасады.

Бірінші және екінші сатылар эмбриогенездің бастапқы кезеңіне жатады. Ұрықтық кезең гаструляцияны, нотогенезді, гистогенезді және органогенезді қамтиды. Іштегі нәрестелік кезеңде гистогенез органогенез және системогенез процестері жалғасады. Көптеген эмбриологтар эмбриогенезге жыныс жасушаларының пайда болуын - прогенезді де жатқызады.

Адам эмбриогенезінің ерекшеліктері

Сүтқоректілер мен адамның эмбриональдық дамуында басқадай омыртқалылардың дамуына тән көптеген ортақ сипат бар, бірақ олардың дамуының тек сүтқоректілер мен адамға ғана тән ерекшеліктері болады. Адам эмбриогенезінің ерекшеліктеріне көңіл аударайық.

1. Адамның дамуының басты ерекшелігі ол құрсақ ішінде және ана мен бала арасында тығыз байланыс жағдайында өтуі.

2. Эмбрионалдық кезеңнің ұзақтығы. Адамда ол 280 күнге (9 ай, 10 акушерлік ай, немесе 40 апта) созылады.

3. Әйел организімінде жыныс жасушаларының дамуы эмбрионалдық кезеңде басталып, туғаннан кейін жалғасады. Адамның жұмыртқажасушасы ұрықтың құрсақішінде дамуына байланысты қоректік заттары аз болып, екінші реттік олигоизолецитальды болады, оның құрамындағы аздаған сарыуыз бүкіл цитоплазмаға біркелкі жайылған. Толық пісіп жетілген аналық жыныс жасушасы аналық жыныс безінен менструальды циклдің ортасында айына бір рет бөлініп шығады. Аталық жыныс жасушалары аталық жыныс безінде үзіліссіз түзеледі.

4. Ұрықтандыру организмнің ішінде полиспермді жолмен өтеді. Ұрықтану моноспермді: жұмыртқажасушаға өзінің геномын тек 1 ғана сперматозоид жеткізеді. Ұрықтану жатыр түтікшесінде өтіп бірнеше сағатқа созылады.

5. Зиготаның бөлшектенуі толық, біркелкі емес, асинхронды.

6 . Эмбриогенездің ерте сатысынан бастап-ақ ұрық пен ана арасында өте тығыз байланыс пайда болады. Байланыстың қалыптасуы имплантация (ұрықтың жатырдың шырышты қабықшасына енуі) және плацентация (ана мен баланы байланыстыратын мүше ретінде плацентаның түзелуі) кезінде жүреді. Адамда өтетін имплантация басқа сүтқоректілерден айырмашылығы терең жүріп интерстициалды болып табылады (ұрық эндометрийге тереңдей кіріп қан тамырларын бұзады) . Осының нәтижесінде ұрықтың ерте даму сатыларында қоректену әдісі екі рет өзгеріске ұшырайды: басында ол аутотрофты болып зиготаның өзінің қоректік заттарының есебінен жүрсе, кешірек ол гистотрофты жол арқылы (жатыр түтікшесінің, жатыр бездерінің және бұзылған тіндердің өнімдерін қолдану) гематотрофты әдіске (тікелей қан арқылы) көшеді.

7. Гаструляция деламинация, иммиграция және жасушалардың жартылай инвагинациясы әдістерімен екі саты түрінде өтеді.

8. Гистогенез и органогенез 17-20-шы тәуліктерде жүріп, пресомиттік, сомиттік және дефинитивті гистоорганогенез сатыларынан тұрады.

9. Сүтқоректілердің эмбриогенезі басқа омыртқалыларға тән ұрық қабықшаларының дамуының ерте жүруімен және жаңа провизорлы мүшелердің (хорион, плацента, кіндік бау) құралуымен сипатталады. Адам плацентасы дискоидальды гемохориальды болады.

10. Адамның бүкіл эмбриогенезін өзіндік ерекшеліктерімен сипатталатын бастапқы, ұрықтық және нәрестелік кезеңдерге бөледі.

11. Адамның дамуында гистогенез және органогенез кезеңдері ұзақ жүріп эмбриогенездің көп мерзімін алады, бірақ нәрестенің тууымен толық аяқталмайды. Осыған байланысты жаңа туған бала басқа сүтқоректілердің төлімен салыстырғанда дамуы кешеуілдеген, дәрменсіздеу болады.

12. Адамның эмбриогенезіне бас миының қарқынды дамуы тән, бұл цефализацияның индексінің (бас миының салмағы мен бала денесінің салмағының арақатынасы) .

Жыныс жасушаларының морфофункциональдық сипаттамасы

Жыныс жасушаларына аталық жыныс жасушасы сперматозоид және аналық жыныс жасушасы - жұмыртқажасуша (овоцит) жатады. Жыныс жасушалары гаплоидты болып келеді.

Сперматозоид.

Оның басы, құйрығы бар, ұзындығы 60-70 мкм болады. Каудальды бөлігі өз кезегінде байланыстырушы, аралық, басты және дистальды болып бөлінеді.

Сперматозоидтың ядросының алдыңғы бөлігінде, цитолемманың астында Гольджи кешенінің туындысы және лизосомаға ұқсас акросома орналасады. Оның мембранасы алдынан цитолеммаға, ал артынан ядроға түйісе орналасқан. Акросоманың құрамында овоциттің мөлдір қабықшасының құрамына кіретін заттарды ыдыратын белсенді заттар (гиалуронидаза, протеазы, гликозидаза, липаза, нейраминидаза, фосфатазалар т. б. 10-12 әртүрлі ферменттер) болады.

Аналық жыныс жасушасы

Адамның жұмыртқажасушасы дөңгелек пішінді. Оның диаметрі шамамен 130 мкм. Құрамында 23 хромосома бар, оның бірі жыныстық Х- хромосома. Электрондық микроскопиялық зерттеулерде овоциттің цитоплазмасында митохондриялар, Гольджи кешені, жақсы дамыған гранулярлық және агранулярлық эндоплазмалық торлар, сондай-ақ трофикалық (вителлин, липид түйіршіктері) және пигменттік қосындылар анықталады. Жұмыртқажасушаны сыртынан плазмалық мембрана қаптап тұрады. Оның астында қалыңдығы 2- 3 мкм болатын цитоплазма қабаты орналасады. Цитолеммамен қосып оны кортикальды қабат деп атайды. Кортикальды қабатта құрамында әртүрлі ферменттері (овопероксидаза, мысалы, ұрықтанудан кейін жарқырауық қабықшаның қасиетін өзгертеді) бар кортикальды түйіршіктер анықталады. Кортикальды қабат жасушаның құралуында және ұрықтануында маңызды қызмет атқарады.

Сперматогенез: Сперматогенез
Овогенез: Овогенез
Сперматогенез: Көбею сатысы жыныстық жетілу кезеңінен басталып, өмір бойы өтеді
Овогенез: Көбею сатысы эмбрионалдық даму кезінде өтеді
Сперматогенез: Өсу сатысы қысқа, көбею сатысынан кейін өтеді
Овогенез: Өсу сатысы ұзақ, үлкен және кіші өсу сатыларына бөлінеді
Сперматогенез: Пісіп жетілу сатысында сперматоциттердің біркелкі бөлінуі өтеді
Овогенез: Пісіп жетілу сатысында овоциттер біркелкі емес бөлінеді: 1 овоцит және 3 редукционды денешіктер
Сперматогенез: Қалыптасу сатысы бар
Овогенез: Қалыптасу сатысы жоқ
Сперматогенез: Ер адамның өмір бойы өтеді
Овогенез: Менопаузадан соң тоқтайды

Эмбриональдық дамудың бастапқы кезеңі.

Ұрықтану. Ұрықтану - аталық және аналық жыныс жасушаларының бірігуінің нәтижесінде бір жасушалы организмнің - зиготаның пайда болу үрдісі, ол жатыр түтікшесінің ампулярлық бөлігінде өтеді. Ұрықтану 3 кезеңнен тұрады: 1) гаметалардың дистанттық әрекеттесуі; 2) контакттық әрекеттесуі; 3) пронуклеустардың бірігуі, синкарионның түзілуі. Жыныстық қатынас кезінде бөлінген 3 мл-ге жуық шәует құрамындағы 3*108 сперматозоидтар қынап күмбезіне құйылады. Шәуеттің құрамындағы шырыш, фруктоза, С витамині, простогландиндер және түрлі ферменттер қынаптың қышқыл ортасының рH-ын 6-6, 5-ке дейін өсіреді . Мұндай сілтілі орта сперматозоидтардың 24-72 сағат бойы өмір сүруіне және олардың ұрықтандыру қабілетінің 12-24 сағт бойы сақталуына қолайлы жағдай болып табылады. Әйтсе де, аталық жасушалардың біразы өліп, жатыр түтігінің ампуласына тек 200-400 спермийлер жетеді. Бірінші саты - дистанттық әрекеттесу - жыныс клеткаларының қосылу мүмкіндігін жоғарылататын бейспецификалық факторлардың реттік жиынтығынан тұрады. Мұнда басты рольді жыныс клеткалары бөлетін гамондар атқарады:жұмыртқа клеткасы - гиногамон (І, ІІ), спермий - андрогамон (І, ІІ) . 7 сағат бойы өтетін капацитация кезінде аналық жныс жолдарының бөлінділері әсерінен спермий акросомасындағы рецептор - гликозилтрансфераза жалаңаштанады. Дистанттық әрекеттесуде хемотаксис құблысы, яғни гиногамон І-дің концентрациясы жатыр түтігінің ампуласында жоғары болғандықтан спермийлер осы бағытқа миграцияланады.

Екінші саты - контактты әрекеттесу кезінде овоцитке жеткен 200-400-ге жуық сперматозоидтар оны қоршап, қабығымен әрекеттеседі. Ол акросома және оның ферменті - спермализин арқылы жүзеге асады. Спермализиндер мөлдір зонаны ерітіп, сперматозоид перивителлиндік кеңістікке шығады да спермий ооплазмаға енеді.

Үшінші саты. Кортикальді реакция - астында орналасқан кортикальді гранулдардың мембраналары плазмалеммамен тұтасып, ішіндегі заттарын шығарады. Мөлдір қабықтан қалыптасқан ұрықтану қабығы овоцитті полиспермиядан қорғайды.

Бөлшектену. Зиготаның митоз жолымен жүйелі түрде бөлініп бластомерлердің түзілуі. Ұрықтың бөлшектенуі 1-тәуліктің соңынан басталып, 3-4 тәуліктер арасында өтеді. Адам зиготасының бөлшектенуі бір тәуліктің аяғында толық, тең емес, асинхронды түрде жүреді. Пайда болған бластомерлердің (30 сағат ішінде) саны екеу. Бұл бластомерлердің біреуі «күңгірт», ал екіншісі «ашық» түсті. «Ашық» түсті бластомерлер ұсақ, олар ұрықтың ортасында орналасқан «күңгірт» түсті бластомерлерді бір қабат болып сыртынан қоршайды. Олардан трофобласт дамиды. Ал ішкі «күңгірт» түсті бластомерлер эмбриобласты құрайды. Одан ұрық дамиды. 3-ші және 4-ші тәулікте 7-12 бластомерлер, ал 50-60 сағаттан соң морула түзіледі. Морула - жұмыр келген шар тәрізді, құрамында 105-107 бластомерлері бар ұрық.

Имплантация - ұрықтың жатырдың шырышты қабығына енуі. Имплантацияның екі сатысын ажыратады: адгезия және инвазия. Жетінші тәуліктен бастап трофобласт пен эмбриобласттың инплантацияға дайындығы жүреді. Трофобласт жасушаларында құрамында ферменттері бар лизосомалары көбейіп, жатырдың шырышты қабығын бұзады да, ұрық оның астындағы дәнекер тініне енеді. Сөйтіп, ұрық ара қанымен тікелей байланысады. Ұрықтың анасында қан толы шұңқырлар (лакуналар) түзіледі. Гаструляциясының бірінші сатысында ұрық түйіні - ұрық қалқанына айналады. Имплантация 40 сағатқа созылады. Имплантациямен қоса ұрық жапырақшаларының түзілуі жүреді. Бұл ұрықтық дамудың қауіпті кезеңінің бірі болып табылады. Трофобласт имплантацияның бірінші сатысында жатырдың шырышты қабығына бекініп, екі қабатты цитотрофобласт және симпластотрофобластқа түрленеді. Ал, екінші сатысында симпластотрофобласт протеолитикалық ферменттер бөліп, жатырдың кілеегйлі қабығының эпителиін оның астындағы дәнекер тінін бұзады да, трофобласттан шыққан бүрлері қан тамырлар қабырғасына өтеді. Осының арқасында ұрықтың айналасында ана қаны толы шұңқырлар пайда болады, мұны имплантациялық шұңқырлар дейді. Алғашқы екі аптада ұрық ана тінінен бөлінген қалдық өнімдермен қоректенсе ( гистиотрофты қоректену), ал кейін қоректік өнімді ана қанына алады (гематотрофты коректену) . Ұрық ана қанынан қоректік заттармен қатар, одан тыныс алу процесіне керекті оттегін де алады. Мұнымен қоса, жатырдың шырышты қабығының қайта қалпына келуі тез арад жүзеге асады. Бұған дәнекер тінідегі гликогенге бай децидуальді жасушалардың қосар үлесі өте маңызды. Сонымен ұрықтың гистиотрофты қоректенуінің гематотрофтыға ауысуының арқасында эмбриогенездің келесі сатысы гаструляция мен ұрықжапырақшалары, ұрықтан тыс мүшелердің қалыптасуы басталады.

Ұрықтық кезең

Гаструляция - ұрық жапырақшаларының пайда болу үрдісі ұрық жасушаларының орын ауыстыру қабілетінің қалыптасуымен тығыз байланысты. Адам ұрығында гаструляция деламинация және иммиграция арқылы іске асырылады.

Деламинация - ұрықтың екі жапырақшаға - эпибласт және гипобластқа бөлінуі. Бұл құбылысқа белгілі бір мезгілде ұрықтың бластомерлерінің бөлінуі ұрықтың сыртқы бетіне параллельді жазықтықта өте бастауы, сонымен қатар жасушалардың бір қабаты екіге жарылуы жауапты. Осындай гаструляция барысында ұрық сыртқы жазық жасушалар қабатынан (эктодерма) және ішкі биік жасушалардан тұратын қабатынан (энтодерма) тұратын шарға айналады.

Иммиграция кезінде эктодерманың қабырғасынан жасушалар белсенді түрде бөлініп шығып екі жапырақшаның арасында үшінші жапырақшаны мезодерманы түзейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Анатомия пәні мен міндеттері, аралас пәндермен байланысы
Құрсақтағы ұрыққа ананың шылым шегуінің әсері
Гистогенез және органогенез
Ұрықтың дамуындағы қауіпті кезеңдер
Қалқанша безі құрылысы, синтезі және зат алмасуға, клетка биоэнергетикасына әсер ету механизмдері
Жүрек - тамырлы жүйесі
Мінез-құлықтың пренатальды кезеңде дамуына жалпы сипаттама
in vitro әдісімен (ficus carica l. ) інжірдің жедел таралу технологиясын жетілдіру және нәтижелерін оқу үрдісіне енгізу
Ұрықтың даму сатылары
Дамудың қатерлі кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz