Қазақ ұлттық спорт ойындары негізінде дене тәрбиесі тиімділігін арттыру



Кіріспе
1. Қазақ ұлттық спорт ойындарының теориялық және педагогикалық негіздері
1.1. Қазақ ұлттық спорт ойындарының теориялық негізін анықтаудың маңыздылығы
1.2.Қазақ ұлттық спорт ойындарын оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі
1.3. Дене тәрбиесіндегі қазақ ұлттық спорт ойындарының сипаты
2. Қазақ ұлттық спорт ойындары негізінде дене тәрбиесі тиімділігін арттырудың әдістемелік сипаттамасы
2.1. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі қазақ ұлттық спорт ойындарын қолдану ерекшеліктері
2.2. Қазақтың ұлттық ойындары арқылы өзіндік сабақтарында дене дайындығы дағдыларын қалыптастыру
2.3. Қазақ ұлттық спорт ойындары негізінде дене тәрбиесі тиімділігін арттырудың құрылымдық.мазмұндық нобайы
3. Зерттеудің міндеттері, әдістері мен ұйымдастырылуы
3.1 Зерттеу мақсаты мен міндеттері
3.2 Зерттеу әдістері
3.3 Зерттеудің ұйымдастырылуы
Қорытынды
Практикалық нұсқаулар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі және спорт саласындағы қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері бойынша отандық және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және педагогикалық бағытта үлкен зерттеулер мен ұсыныстар жасаған. Қазақ халқының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт түрлері бойынша осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді. Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын халықтардың төл мәдениетінің өркендеуіне үлкен жол ашып отыр. Бұл мүмкіндік 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында «Қазақстан Республикасының әр азаматы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға және қорғауға міндетті» деп заңмен бекітілген.
Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу–тәрбие және спорттық жаттықтыру жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға жол ашады.
Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасында алғашқылардың бірі болып «Дене шынықтыру және спорт Заңын» 1999 жылы қабылдады.
Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту, бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген «Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру қажет» деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.
Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің жалпы педагогикада, оның ішінде, этнопедагогикадағы алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі ішінде дене тәрбиесіне өте үлкен мән бергендігін, оған ұлттық ойындарды ұтымды қолдана білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің сан-саласына өзіндік үлкен үлестерін қосқан ойшылдар, ағартушылар еңбектерінің көп екендігін, оларға қазақ халқының рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы, Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты еңбектері әлі зерттелмегендігін атап өту керек.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫ НЕГІЗІНДЕ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ
ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ тақырыбына жазылған

Диплом жұмысы

Мамандық: 05010800 - Дене шынықтыру және спорт

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1. Қазақ ұлттық спорт ойындарының теориялық және педагогикалық негіздері
1.1. Қазақ ұлттық спорт ойындарының теориялық негізін анықтаудың
маңыздылығы
1.2.Қазақ ұлттық спорт ойындарын оқу және тәрбие үрдісінде пайдаланудың
өзектілігі
1.3. Дене тәрбиесіндегі қазақ ұлттық спорт ойындарының сипаты
2. Қазақ ұлттық спорт ойындары негізінде дене тәрбиесі тиімділігін
арттырудың әдістемелік сипаттамасы
2.1. Жас ұрпақты тәрбиелеудегі қазақ ұлттық спорт ойындарын қолдану
ерекшеліктері
2.2. Қазақтың ұлттық ойындары арқылы өзіндік сабақтарында дене дайындығы
дағдыларын қалыптастыру
2.3. Қазақ ұлттық спорт ойындары негізінде дене тәрбиесі тиімділігін
арттырудың құрылымдық-мазмұндық нобайы
3. Зерттеудің міндеттері, әдістері мен ұйымдастырылуы
3.1 Зерттеу мақсаты мен міндеттері
3.2 Зерттеу әдістері
3.3 Зерттеудің ұйымдастырылуы
Қорытынды
Практикалық нұсқаулар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Дене тәрбиесі басқа да тәрбие құралдары
сияқты жас баладан бастап, барлық жастағы адамдар тәрбиесінде кеңінен
қолданылады. Дене тәрбиесін игеру кезінде оның теориялық және тәжірибелік
бағыттары негізге алынып, оқу-жаттығу жұмыстарының жоспарлары мен
бағдарламалары түзіледі. Осы бағдарламалар негізінде педагогикалық
жұмыстардың принциптері мен әдістемелері жасалады. Қазіргі дене тәрбиесі
және спорт саласындағы қолданылып жүрген жаттығулар, ойындар, спорт түрлері
бойынша отандық және шетелдік мамандар мен ғалымдар теориялық және
педагогикалық бағытта үлкен зерттеулер мен ұсыныстар жасаған. Қазақ
халқының көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын ұлттық ойындары мен спорт
түрлері бойынша осы кезге дейін ғылыми ізденістер аз жүргізіліп келді.
Қазақстан Егеменді ел болысымен Республикада тұратын халықтардың төл
мәдениетінің өркендеуіне үлкен жол ашып отыр. Бұл мүмкіндік 1995 жылы 30
тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында Қазақстан
Республикасының әр азаматы тарихи және мәдени құндылықтарды сақтауға және
қорғауға міндетті деп заңмен бекітілген.
Дәстүрлі халық мәдениетінің ажырамас бір бөлігі болып саналатын ұлттық
ойындар мен спорттың қоғамдағы атқаратын пайдалы орнын анықтау, оны
теориялық-педагогикалық тұрғыдан негіздеу, алдымен, ұлттық ойындар мен
спорт түрлерінің осы уақытқа дейін толыққанды тәрбие құралы ретінде
танылмай жүрген олқылықтарын жоюға, оқу–тәрбие және спорттық жаттықтыру
жұмыстарында басқа дене тәрбиесі құралдары сияқты өзіне тиісті орнын алуға
жол ашады.
Қазақстан бұрынғы Кеңестік республикалар арасында алғашқылардың бірі
болып Дене шынықтыру және спорт Заңын 1999 жылы қабылдады.
Егемен Қазақстан жағдайында халқымызды дене тәрбиесі оның ішінде ұлттық
спорт пен ойындар арқылы салауаттық өмірге баулу, денсаулығын жақсарту,
бұқаралық спортты дамыту, салт-дәстүрді сақтау, елін-жерін сүюге тәрбиелеу
жолдарын ғылыми негіздеу осы жұмыстың өзекті бағыты болып табылады. Бұл
жұмыстарды іске асыру Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 30
қаңтар 2010 жылғы Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның
жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген
Қазақстанда бұқаралық спортты дамытуды 2020 жылға дейін 30 пайызға көтеру
қажет деген тапсырмасын орындауға бағытталып отыр.
Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің жалпы педагогикада, оның ішінде,
этнопедагогикадағы алатын орнын анықтау, қазақ халқының ұрпақ тәрбиесі
ішінде дене тәрбиесіне өте үлкен мән бергендігін, оған ұлттық ойындарды
ұтымды қолдана білгендіктерін көрсетіп, жалпы тәрбиенің сан-саласына
өзіндік үлкен үлестерін қосқан ойшылдар, ағартушылар еңбектерінің көп
екендігін, оларға қазақ халқының рухани-тәрбие көсемдері Асанқайғы,
Шалкиіз, Жиембет, Бұқар жырау, Тәуке, Әйтеке, Қазыбек, Төле билердің
педагогикалық көзқарастары, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты
еңбектері әлі зерттелмегендігін атап өту керек.
Сонымен қатар, этнопедагогикалық ойдың дамуына үлкен үлестерін қосқан
ал-Фараби, А.Құнанбаев, Ш.Уалиханов, Ә.Диваев, С.Торайғыров, Ы.Алтынсарин,
Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Х.Досмұхамедов, т.б. халқына
тәрбие құндылықтарын, оның ішінде дене тәрбиесіне байланысты айтқандарын
ашу да осы еңбектің өзектілігін айқындайды.
Қазіргі заман талабына сәйкес дене тәрбиесі және спорт саласында ұлттық
ойындар мен спорт түрлерін ұтымды қолдана білу жолдарын қарастыру, тарих
толқынында жоғалған, шеттетілген, ұмытылған дәстүрлі ұлттық ойындарымызды
халқымыздың мәдени, рухани құндылықтары негізінде қайтадан қалпына келтіру
де осы жұмыстың өзекті тақырыбы болып саналады.
13.00.04 – Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар, сауықтыру және бейiмдеу
дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi бағытындағы мамандандырылған
диссертациялық кеңесте ұлттық ойындар мен спорт саласын пайдалану арқылы
қорғаған ғалымдар: М.Таникеев [1998], Б.Доскараев [2009], Е. Алимханов
[1996], Ж.М. Тулегенов [1982], Е.Мухиддинов [1999], Е. Канағатов [2008], А.
Қарақов [1996], Б.Мендалиев [2009], Ж. Оңалбеков [1996] осы жұмыстардың
ішінде ұлттық спорт пен ойындардың теориялық және педагогикалық негіздеріне
арналған арнайы жұмыстар кездеспеді.
Біз өз зерттеуімізде қазақтың ұлттық ойындарының да спорт түрлеріне
айналуының себептерін айқындау, жетілдіру, жүйелеу, топтау, атау беру
зерттелмеген бағыт екендігін атай отырып Қазақстан аймақтарында ұлттық
ойындар мен спорт түрлерінің даму барысын, жарыс өткізу, төрешілік жасау,
маман кадрлар даярлау мәселелерін зерттеу де осы жұмыстың өзектілігін
айқындай түседі.
Зерттеу обьектісі: Қазақтың ұлттық ойындары мен спорты, білім беру және
спорт салалары, спорт мектептері, ұлттық спорттан өткізілетін жарыстар,
ұлттық спорт федерациялары, ассоцациялар, бірлестіктер.
Зерттеу пәні: Егемен Қазақстан жағдайында ұлттық спорт пен ойындардың
дамуын жетілдіру жолдары.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Ұлттық ойындар мен спортты бүгінгі күн
талаптарына сай теориялық және педагогикалық зерттеу арқылы қазақ халқының
тарихи қалыптасқан өзіндік дене тәрбиесі жүйесі болғандығын және оны
қазіргі уақыт талабына сай қолдану тиімді екендігін дәлелдеуге болады.
Зерттеудің мақсаты. Қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында халықтың мәдени
және рухани дамуына айтарлықтай үлес қоса алатын ұлттық спорт пен ойын
түрлерін теориялық және педагогикалық тұрғыдан негіздеу болашақта сапалы
маман кадрлар даярлау, оқушы балаларды патрюттыққа тәрбиелеу, спортшы
даярлау, халықты салауатты өмір сүруге бейімдеу жұмыстарында тиімді жол
ашатындағын зерттеп, негіздеу болып табылады.
Осы мақсаттарды іске асыру үшін төмендегідей жұмыстар жоспарланды:
1. Қазіргі кездегі ұлттық ойындар мен спорттың теориялық және
педагогикалық тұрғыдан қарастырылуын анықтау;
2. Ұлттық ойындар мен спорттың даму тарихына шолу жасау;
3. Спортшы дайындаудағы орнын анықтау;
4. Ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің топталуы, жүйеленуі, атауларының
қалыптасуы жағынан зерттеу;
5. Ұлттық спорт түрлерінің республика аймақтарында және спорт
мектептерінде даму жағдайын анықтау.
Зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Зерттеу мақсаты мен міндеттерін іске
асыру барысында автор төмендегідей әдістемелік қағидаларға сүйенді:
- ұлттық ойындарға байланысты тарихи, этнографиялық, этномәдениеттік,
этнопедагогикалық материалдарды зерттеу;
- ұлттық ойындар мен спортқа байланысты осы кезге дейінгі жүргізілген
ғылыми зерттеу жұмыстарын талдау;
- мемлекет тарапынан дене шынықтыру және спорт саласына байланысты
қабылданған заңдар, нұсқаулар, қаулылар, ережелер, жоспарларды саралап
зерттеу арқылы, олардың дене тәрбиесіне және спортты дамытумен қатар
олардың ұлттық спортқа әсері, сабақтастығы мен қайшылықтарын анықтау
жұмыстары іске асырылды;
- зерттеу жұмысы ұлттық ойындарды дамыту мақсатында осы уақытқа
дейінгі орындалған және болашақта іс жүзіне асырылатын жұмыстарды теориялық
негіздеу және педагогикалық тұрғыдан даму жолдарын көрсету болғандықтан,
ұлттық ойындардың адам өміріндегі ролі, орны, пайдасы, қажеттілігі туралы
ата-аналар, оқушылар, студенттер, ұстаздар, жаттықтырушылар, спортшылар,
дене тәрбиесі және спорт басшылары арасында анкеталық сұрақ- жауап, әңгіме-
сұхбат алу жұмыстары қолданылды;
- ұлттық ойындар мен спорт саласында қалыптасқан ұғымдар, атаулары,
олардың топталып жүйеленуі, дене тәрбиесінде қолдану ерекшеліктері туралы
ақпараттар жиналып барлығы 252 ойын түріне сараптама жасалды;
- ұлттық ойындардың спорт түріне айналуына қажетті факторлар
жинақталып, спорт түріне қойылатын талаптар көрсетілді.
Зерттеу әдістемелері: Алға қойылған мақсаттарды ойдағыдай шешу үшін
төмендегідей әдістемелер қолданылды:
- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерттеу;
- анкеталық сұрақ- жауап;
- педагогикалық бақылау;
- педагогикалық эксперимент;
- математикалық және статистикалық сараптау түрлері.
Зерттеудің жетекші идеясы: Дене тәрбиесі және қоғамдық маңызы бар
тәрбие құралы ретінде ұлттық ойындар мен спорттың теориялық және
педагогикалық негізін жетілдіру, оны тиімді пайдалануға жол ашады деп
санаймыз.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Қазақстан тәуелсіздік алғанға дейінгі тарихи кезеңдердегі ұлттық
ойындар мен спорттың дамуының жағдайы көрсетіліп, оның дене тәрбиесі мен
спорттағы атқарған ролі анықталды;
- қазіргі егемен Қазақстан жағдайында ұлттық ойындар мен спорт
түрлерінің дене тәрбиесі және спорт саласындағы орны ғылыми-педагогикалық
тұрғыдан негізделді;
- дене тәрбиесі және спорт салаларына маман кадрлар даярлау кезінде
ұлттық ойындар мен спорттың жалпы педагогикадағы, оның ішінде
этнопедагогикада жек орны бар екендігі дәлелденді;
- мемлекеттік заңдар мен қаулылардағы ұлттық ойындар мен спорттың орны
анықталып, оны жетілдіру жолдары көрсетілді;
- ұлттық ойындардың спорт түріне айналуы теориялық және практикалық
түрде негізделді;
- ұлттық спорт және ойындарды топтау, жүйелеу, атау беру, жарыс өткізу,
төрешілік жасау зерттеліп, оны жетілдіру жолдары көрсетілді;
Теориялық маңызы: Зерттеу барысында алынған материалдарды сараптау Қ.Р.
дене тәрбиесі және спорт саласындағы ұлттық ойындардың орнын ғылыми-
педагогикалық тұрғыдан негіздеуге мүмкіндік береді, білімді кеңейтеді.
Дәстүрлі мәдениетімізді тәрбие құралы ретінде қолдану, адамдар
денсаулығы мен ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтаудың бірден - бір тиімді
жолы екендігін дәлелдеуге мүмкіндік береді.
Зерттеу тақырыбының мемлекеттік маңызды жоспарлар және бағдарламалармен
байланысы:
Зерттеу тақырыбы Қазақстан -2030 мемлекеттік Стратегиялық Жоспары
[2000], Дене шынықтыру және спорт Заңы [1999], Қазақстан Республикасында
дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007–2011 жылдарға арналған
мемлекеттiк Бағдарламасы [2007], Қазақстан Республикасы туризм және спорт
Министірлігінің 2009-2011 жылдарға арналған Стратегиялық Жоспары [2008],
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың 30 қаңтар 2010 жылғы Жаңа
онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты
Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген тапсырмаларын іске асыру
бағдарламаларымен ұштасады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
- егемен Қазақстан жағдайында ұлттық ойындар мен спорт түрлеріне
байланысты ғылыми-педагогикалық негіздің қажеттілігі, қазақ халқының ұлттық
ойындары мен спортының дамуын ғылыми- педагогикалық тұрғыдан зерттеу, баға
беру;
- ұлттық спорт пен ойындардың жалпы педагогикадағы және
этнопедагогикадағы орнын көрсету;
- ұлттық ойындар мен спорттың бұқаралық спортты дамыту, халықты
салауатты өмір салтына бейімдеу, денсаулықтарын шынықтыруда, спортшылар
даярлауда тиімді құрал екендігін дәлелдеу;
- ұлттық ойындар мен спорт түрлерін жүйелеу, топтау, атаулар берудің
теориялық және практикалық маңыздылығын көрсету.
- Қазақстан Республикасы білім беру және спорт салаларында қабылданған
Заңдар мен Бағдарламалардағы ұлттық спорттың орнын талдау, сараптама
жасау, қазіргі ХХІ ғасыр талабына сәйкес ұлттық ойындар мен спортты
дамытуға қажетті өзгертулер мен толықтырылар енгізуді ұсыну.
Зерттеудің тәжрибелік мәніне алғашқы теориялық және педагогикалық
нәтижелер қолдануға ұсынылады:
- білім беру салаларында және маман даярлауда ұлттық спортты арнайы пән
ретінде оқыту;
- ұлттық ойындар мен спортты бұқаралық спортта кеңінен қолдану тиімді
құрал екендігі;
-ұлттық спорт түрлерінен маман кадрларды қайта даярлау, мұғалімдер,
жаттықтырушылар, әдіскерлер, тәрбиешілер арасында оқулар ұйымдастыру
кезінде оқыту тиімді.
Диссертанттың жеке үлесі:
-егемен Қазақстан жағдайында ұлттық ойындар мен спортты дамытуды ғылыми
тұрғыдан негіздеуі;
-ұлттық ойындар мен спорттың жалпы педагогика, оның ішінде
этнопедагогиканың бір саласы екендігін дәлелдеуі;
-ұлттық ойындар мен спорт түрлері халық арасында салауатты өмір салтын
насихаттаушы, спорт түрлеріне баулудың негізі болатын дене тәрбиесі құралы
екендігін көрсетуі;
- мамандарға, зерттеушілерге, оқу орындарына, жалпы қоғамдағы
адамдарға арнап барлығына ортақ түсінікті болуы үшін ұлттық спорт түрлері
бойынша ортақ ұғымдар жасау, әдіс-айла, тәсілдерді жазу, топтау, жүйелеу,
атау беруді ұсынуы;
-Қазақтың ұлттық ойындарының спорт түрлеріне айналуына қажетті
алғышарттар мен талаптардың негізін айқындауы.
Зерттеу жұмыстарын талқылау және өндіріске ендіру. Негізгі талқылау мен
өндіріске енгізу түрлеріне тақырып бойынша еңбек, 4 - оқу кұралы, 6 - шет
елде, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған баспаларда 14
мақала шыққан, мамандар мен адамдар арасында жүргізілген анкеталық сұрақ -
жауап жұмыстарын, 6- енгізу актісін, 1- патент, 2-Ж.О.О. арналған
Мемлекеттік стандарттың, 4 - Типтік бағдарламаның, 2010 жылы Ұлттық спорт
пен ойындардың бүгінгісі мен болашағы атты республикалық ғылыми тәжрибелік
конференцияны өткізу және конференция материалдарын жалпы авторлықпен
шығару, 46 - ғылыми және ақпараттық жарияланымдардың авторы болуын
келтіруге болады.
Зерттеу жұмыстарының негізгі тұжырымдары мен мазмұны, тәжірибелік
ұсыныстары автордың 2004 жылы Сеул (Корея), 2004 жыл Алматы, 2006 жыл Улан
Батор, 2009 жыл Алматыда өткізілген халықаралық конференцияларда, 2006–2010
жылдары аралығында өткізілген республикалық ғылыми тәжірибелік конференция
мен семинарларда, ЖОО дәрістерінде баяндалды. Диссертациялық жұмыс
тақырыбына байланысты БАҚ құралдарында, республикалық дәрежедегі спорттық
жарыстар отырыстарында баяндамалар жасалып, төрешілік семинарлар өткізілді.

Зерттеу базалары. Қазақтың спорт және туризм академиясы, Республикалық
қазақша күрес федерациясы, Қазақстан Республикасы ұлттық спорт түрлері
ассоцациясы, Республикалық Қыран федерациясы, ҚР Тоғызқұмалақ бірлестігі,
Республикалық ат спорты федерациясы, Қ.Р туризм және спорт министрлігі,
Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Алматы спорт
мектептері, Қытай Халық Республикасы Сынцзян педагогикалық университеті,
Корея университеті.
Эксперименттік жұмыстарға 300-ден астам спортшылар, студенттер мен
оқушылар, 96 спорт мамандары мен ұстаздар, ұлттық спорт жаттықтырушылары
мен бапкерлер қатысты.
Диссертациялық жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс
кіріспеден, 5 бөлімнен, қорытынды мен тәжірибелік ұсыныстан және
қолданылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының өзектілігі көрсетіліп, зерттеу жұмысының
мақсаты мен міндеттері айқындалады. Жұмыстың теориялық және тәжірибелік
маңызы мен қорғауға қажетті бағыттар, жұмыстың орындалу әдістемелері мен
орындары көрсетіледі.
Бірінші бөлімде зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері, оны орындау
әдістемелері, зерттеуді ұйымдастыру жолдары көрсетіледі.
Екінші бөлімде ұлттық спорт пен ойындарды теориялық тұрғыдан
негіздеудің қажеттігі, оның теориялық қарастырылу деңгейі, даму тарихына
шолу, ұлттық спорт пен ойындардың салт - дәстүрлермен байланысы, терминдер,
сөздер, ұғымдар қарастырылады.
Үшінші бөлімде ұлттық спорт пен ойындардың педагогикалық негізі,
этнопедагогикадағы орны, оқу орындарындағы сабақтарда қолданылуы зерттеліп,
оны тәрбие жұмыстарында қолдану жолдары көрсетіледі.
Төртінші бөлімде Қазақстан спорты және бұқаралық спорттағы ұлттық спорт
пен ойындардың орны, спортшы даярлау, кәсіпқой спорт, ұлттық ойындардың
спорт түрлеріне айналу жолдары айқындалып зерттеледі.
Бесінші бөлімде ұлттық спортты басқару жүйесі, федерациялар,
бірлестіктер мақсаттары, міндеттері ұлттық спорт пен ойындарды топтау,
жүйелеу, таңбалап жазу мәселелерімен қатар жарыс өткізу, атақ-дәрежелер,
сыйлықтар беру зерттеледі.
Қорытынды бөлімде диссертациялық жұмысқа қорытынды жасалып тәжірибелік
ұсыныстар беріледі.
Қосымшада енгізу актілері, сұрақ-жауап сауалнамаларының нұсқасы,
кестелер мен суреттер беріледі.
Диссертациялық жұмыс 239 компьютерлік терілген беттен, 205 қолданылған
әдебиеттен, 7 кесте , 30 суреттен және қосымшалардан тұрады.

1. Қазақ ұлттық спорт ойындарының теориялық және педагогикалық негіздері
1.1. Қазақ ұлттық спорт ойындарының тарихи-теориялық негізін анықтаудың
маңыздылығы

Болашақ ұрпақ тәрбиелеуде оның ішінде дене тәрбиесі бағытында өзінің
қолайлы тәрбие құралдардың бірі екендігін дәлелдеп келе жатқан ұлттық
ойындар мен ұлттық спорт түрлері қазіргі егемен Қазақстан халқы үшін
атқарылып жатқан істердің ішінде өзінің пайдалы жақтарымен көрінуде. Ұлттық
ойындар мен спорт халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін жеткізуші
ретінде, ұлттық тілді дамытуда қажеттілігі, барлық жастағы адамдардың
денесін шынықтыру істеріндегі пайдалылығы, салауатты өмір сүруді
насихаттауы, спортшылар дайындау жағынан маңыздылығымен ерекшеленеді.
Қазақстан өзінің егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси-
идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени
мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алды.
Мемлекеттік Мәдени мұра бағдарламасы қабылданып, дер кезінде шет
елдердегі, және отанымыздағы көптеген мәдени туындылар анықталынып, ел
тарихына өлшеусіз пайдалы істер асырылуда [2006].
Қазіргі ХХІ ғасырда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы,
ауыру түрлерінің көбеюі, қоршаған табиғаттың ластануы күрделі проблема
болуда. Осы келеңсіз жағдайларды болдырмау, алдын алу үшін көптеген дәрі-
дәрмектер түрлері жасалынып, денсаулықты сақтаудың жолдары қарастырылуда.
Осы шаралардың ішінде дене тәрбиесі арқылы денсаулықты сақтау, шынықтыруды
ұлттық ойындар мен спортты қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен
ерекшеленуде.
Осы маңызды жұмыстарды іске асыру жолында Қазақстан мемлекеті тарапынан
көптеген шаралар іске асуда. Қазақстан халқының салауатты өмір салтын
қалыптастыру, денсаулығын сақтау жолында дене тәрбиесінің маңызы туралы
Қазақстан -2030 Стратегиялық жоспарында [1998], Қ.Р. Білім беру
салаларында балалар мен жастарды дене тәрбиесі арқылы тәрбиелеу
Концепциясында [2001], Қ.Р. Дене шынықтыру және спорт Заңында [1999],
Қазақстан Республикасы туризм және спорт Министрлігінің 2009-2011 жылдарға
арналған Стратегиялық жоспарында [2008], Қазақстан Республикасының 2020
жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарында [2010], республика халқын дене
тәрбиесі және спорт арқылы салауатты өмір салтына тәрбиелеу, денсаулықтарын
шынықтыру шаралары көрсетілген және осы құжаттарда ұлттық спорт түрлеріне
де маңызды орын бөлінген.
Дүние жүзін мекендеген халықтардың ұлттық ойындарының белгілі бір
мақсаты мен әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өзіндік ерекшеліктер болады.
Сондықтан да халық арасында қалыптасқан ойындар туралы деректер және
құжаттар ғылыми тұрғыдан зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Дәстүрлі ұлттық ойындардың тарихы, ел арасында тарауы, қоғамдағы рөлі,
ұрпақты тәрбиелеудегі қажеттілігі сияқты тақырыптар төңірегінде отандық
және шет ел ғалымдары көптеген ізденістер жасаған.
Дене тәрбиесі адамның денсаулығы мықты, күшті болуы үшін қолданылады,
осыған орай Қазақ халқының қазақ болып аталуы да мықты, берік,
жойқын, ауыспайтын деген мағананы білдіретіндігі туралы Сібір халықтары
сөздерінде, Шайбанинамеде - қазақ өте қадірлі сөз, мықты, күшті,
шабытты көрсетеді. Европа тілінде ондай ұғымды рыцарь деп атайды. Демек,
қазақ сөзінің түбірі қаз - тұру, тік тұру, мықты, берік тұруды
білдіреді. Кішкене балалар жүруге ұмтылып аяғын тәй-тәй басып келе жатқанда
қазақтар қаз, қаз, қаз тұр деп тікесінен тік тұрғызады. Қаз -ға қосып
айтылыатын “ақ сөзі – күшейтілген жалғау. Тоң-Алып (Афрасиабтың) қызының
аты да жойқын күшті алып болуы үшін Қаз деп атағандығы туралы Махмуд
Қашқари айтқан - деп жазады ғұлама ғалым Ә. Марғұлан [1984].
Жоғарыдағы мысалдарды келтіре отырып, біз қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігінде адамдар денсаулығына және оның мықты, күшті болуына үлкен
талап қойғандығын көреміз. Мұндай үлкен дәрежеде мән беру және оны іске
асыру үшін халық арасында арнайы жаттығулар мен ойындар жүйесінің
қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық ойындар мен арнайы жаттығулар осы
талаптарды іске асырушы жүйе болып саналды. Сондықтан қазақ халқының
арасында дене тәрбиесіне бағытталған арнайы жүйе болған деп айтуға толық
дәлел бар.
Дене тәрбиесінде ұтымды тәрбие құралдардың бірі ретінде қолданылып келе
жатқан ұлттық ойындар мен спорт түрлері қазіргі Егемен Қазақстан жағдайында
өзінің жаңаша даму сатысына көтеріліп және өзінің бұқаралық спортты
дамытуда негізгі күш екендігін дәлелдеп келеді.
Қазақстан халқы арасында ұлттық ойындар және спортпен шұғылдануға деген
ынта күннен-күнге артып келе жатқандығын анкеталық сұрақ-жауап қорытындысы
көрсетіп отыр. Сұрақ-жауапқа қатысқан адамдардың 80% ұлттық ойындармен,
спортпен шұғылданудың пайдалы екендігін атап өтеді.
Оған себеп қазіргі кезде ұлттық ойындар арқылы дене тәрбиесімен
шұғылдануға, халықтың тарихи қалыптасқан салт-дәстүрлерін білуге деген
ұмтылысы, салауатты өмір сүруге бейімделуге деген дұрыс көзқарастың халық
арасында артуымен түсіндіруге болады.
Қазақстан өзінің Егемендігін алысымен тарих толқынында жоғалтқан, саяси-
идеология салдарынан дамуына кедергілер келтірілген ұлттық мәдени
мұраларымызды қайтару, қалпына келтіру жұмыстарын қолға алуда. Осы жұмыстар
аясына ұлттық ойындар мен спорт түрлері де кіреді.
Кеңестік дәуірдегі педагогикалық ғылым сол кездегі идеологиялық бағытты
іске асырушы ретінде кіші, ұсақ халықтардың тарихы мен мәдениетін,
әсіресе, халықтық дене тәрбиесін жас ұрпақ тәрбиесінде қолдануды шеттетуі
болғандығын байқауға болады.
Ұлттық ойындар мен спорттың тарихын Кеңестік уақытта зерттеген ғалым
М.Таникеев [1998] ...халықтық педагогика ұлттар арасында рухани байлықты
сақтаушы ғана емес, ол әр кезде халқын сүюге, еңбек етуге, шындыққа жетуге
шақырады деп, тәрбие жұмыстарындағы маңызды құрал екендігін көрсетеді.
Ғалым зерттеуші Б. Досқараев [2009] Историко – педагогические основы
становление и развития системы физической культуры в Казахстане атты
докторлық диссертациясында ...К сожалению, многие из физических
упражнений древности оказались забытыми или им уделяется недостаточно
внимания в наши дни деп қорытынды жасай келіп, ұлттық ойындар мен спорт
түрлерін кеңінен насихаттауды қолға алу керектігін көрсетеді.
Кеңестік уақытта ұлттық тәрбие түрлері балабақшалардан бастап,
мектептер мен жоғары оқу орындарының оқу тәрбие-бағдарламасынан орынсыз
қысқартылды. Осының салдарынан көптеген ұлттық тәрбие түрлері ұмыт болды,
тіпті көптеген ұлттар мен ұлыстар жойылып кетті.
Қазіргі заманда жер бетіндегі адамдар денсаулығының нашарлауы,
қоршаған табиғаттың ластануы барлық елдерді алаңдатуда. Осы келеңсіз
жағдайларды болдырмау, алдын алу мақсатында көптеген дәрі-дәрмектер түрлері
жасалынып, денсаулықты сақтаудың әртүрлі жолдары қарастырылуда. Осы
шаралардың ішінде денсаулықты дене тәрбиесі арқылы шынықтыру, әсіресе,
ұлттық ойындарды қолдау арқылы іске асыру өзінің тиімділігімен
ерекшеленуде.
Қазақтың ұлттық ойындары туралы көптеген деректер өз елімізде және шет
елдерде зерттеліп ғылыми айналысқа енген жоқ. Тәрбие тұрғысынан ұлттық
ойындар мен спорт өскелең ұрпақтың денесін шынықтырып, еңбекке баулуда
қолайлы құрал екендігі ғасырлар бойы дәлелденіп келе жатса да, білім беру
мен спорт саласында қолданылуы әлі де жеткіліксіз болып отыр.
Қазақстан бүгінгі күнге дейінгі ұлттық ойындар мен спорт түрлеріне
арналып жүргізілген ғылыми зерттеулер төмендегідей бағыттарды
қамтығандықтарын көруге болады. Оларға:
- ұлттық ойындар мен спорт түрлерінің даму тарихы;
- ұлттық ойындарды спорттық оқу - жаттығу жұмыстарында қолдану;
- ұлттық ойындарды патриоттық тәрбие жұмыстарында қолдану;
- ұлттық ойындарды балалардың, оқушылардың, студент жастардың дене
шынықтыруында қолдану.
Мамандандырылған 13.00.04 – Дене тәрбиесi, спорттық жаттығулар,
сауықтыру және бейiмдеу дене тәрбиесi теориясы мен әдiстемесi бағытындағы
мамандандырылған ғылыми диссертациялық кеңесте барлығы 121 педагогика
ғылымдарының кандидаты атағын алу үшін қорғалған диссертациялардың ішінде
10 жұмыс ұлттық ойындар мен спортқа арналған, оның ішінде 5-і қазақ
тілінде, ал 17 барлық қорғалған докторлық диссертацияның ішінде
М.Таникеевтің Теория и практика взаймовлияния национальных и
интернациональных факторов в развитии физического развития и спорта в
Казахстане [1998] және Б. Досқараевтың Историко – педагогические основы
становление и развития системы физической культуры в Казахстане [2009]
атты еңбектері бар. Қазақ тілінде докторлық дәрежеде қорғалған еңбектер
жоқ.
Ұлттық ойындар мен спорттың тарихы оның дене тәрбиесіндегі атқаратын
рөлі, ойындардың адамдардың достық қарым-қатынастарына жағымды әсері туралы
Кеңес Одағында көптеген зерттеулер жүргізген М.Таникеев [2001] Игры в
народной педагогике физического воспитания выполняет важную роль при
освоении тех сфер воспитания где существующие профессиональные дисциплины
не нашли себя деп ұлттық ойындардың сол кездегі қолданысы жағдайын анық
көрсетеді.
М. Тәнекеев [1961] ұлттық спорт түрлерінің даму тарихын әлем
халықтарының және олимпиадалық ойындардың даму барысымен байланыстыра
отырып, адамзат тарихындағы ұлттық ойындардың халықтардың тұрмыс-
тіршілігімен тығыз байланыста болғандығын тарихи тұрғыдан негіздеп
көрсетеді. Ол өз зерттеулерінде тоғыз құмалақ, түйе жарыс, қыз қуу,
көкпар, күміс алу, жаяу жарыс, жамбы ату, тағы да басқа ойындардың
жастар арасындағы тәрбиелік рөлімен қоса, халықтар арасындағы достық қарым-
қатынасты дамытуда атқаратын орны туралы да тұжырымдар жасайды.
Б.Доскараевтың [2009] педагогика ғылымдарының докторы дәрежесін алу
үшін қорғаған Историко-педагогические основы становления и развития
системы физической культуры в Казахстане атты еңбегінде Қазақстан
жеріндегі ерте дәуірден бастап, қазіргі Қазақстанның Егеменді ел болған
кезең аралығындағы дене тәрбиесінің даму тарихын зерттей келе, ұлттық
спорттың дамуына байланысты қазіргі Қазақстан территориясында әр тарихи
кезеңдерде өмір сүрген Гүндер, Сақтар, Құшандықтар, Түркілер сияқты үлкен
бірлестіктер кезіндегі дене тәрбиесінің ерекшеліктеріне тоқтай келе,
қазіргі кездегі ұлттық ойындар мен спорт түрлері туралы Қазақстан Егеменді
ел болғаннан соң ұлттық спорт пен ойындарға деген құлшыныс арта түсті,
студенттердің 70% ұлттық спорт түрлерімен шұғылданғысы келетіндіктерін
көрсетті деп атап өтеді.
Көрнекті орыс ғалымы, географ, тарихшы А.И. Левшиннің [1832] қазақтар
туралы жазған монографиясы Описание киргиз-казачьи или киргиз-кайсацких
орд и степей деп аталады. Левшин қазақтар арасында өтетін ат жарыс,
теңге алу, қыз қуу, балуан күресіне тоқталып, қазақ балаларының жастайынан
қимыл-әрекет дағдысына қалыптасып еңбек ететіндігін айта келіп, ол
қазақтардың шыдамды, мықты болып өсетінін суреттей келе: Халықтың өмірі
үнемі мал бағумен, табиғатпен, таза ауада тіршілік етумен өмір өткізуі
олардың дене бітімінің зор, күшті болып өсуіне себепкер болған. Сондықтан
да олар ыстыққа, суыққа төзімді, көп жасайды, бас ауруы дегендер сирек
кездеседі. Олардың көзі қырағы болып келеді. Алыстағы көрінген малдың түсін
айнытпай дәл ажыратады. Атқа мініп жүруді балалары жастайынан үйренген.
Олар үшін атқа шабу гимнастикалық жаттығудың бір түрі сияқты болып кеткен,
- деп жазады.
Қазақ халқының өмірі жайында көптеген материалдар жинаған орыс
ғалымдарының бірі И.С. Паллас [1887] өз зерттеулерінде қазақ халқының тыныс-
тіршілігін бақылай келе ұлттық ойындарға сипаттама беріп, қазақ қоғамындағы
аңға шығу мен аңшылықты суреттейді.
Ана тілін меңгерген адамның ұзақ мерзімге тіл ортасынан кету кезінде
ұмытылу дәрежесін ойынмен салыстырғанда, ойынның адам жадында ұзақ әрі
өзгеріссіз сақталатындағын көруге болады. Бұл жағдайдан төмендегідей
қорытынды шығаруға болады, яғни адамның есінде қалу, жатталу дәрежесі ойын
қимылы арқылы қосымша берілетін болса, ол соғұрлым ұзақ мерізімге созылып
адам жадында көп сақталады.
Қазақтың ұлттық ойындарына мән беріп, оны жинақтап, топтап жарыққа
шығарған ғалымы А. Диваев [1908] өзінің Игры киргизских детей атты
еңбегінде автор тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп
қарастырады: бірінші кішкентай балалар ойыны, екінші ересек балалар ойыны,
үшінші жігіттер ойыны.
Қазақтың ұлттық ойындарының дамуы қазақ халқының жүріп өткен тарихи
жолымен тығыз байланыста екендігі белгілі. Осы кезеңдерде біздің тарихымыз
қазіргі зерттеулер бойынша кемінде бес мың жылды қамтиды деп жазады тарихшы
Бейімбет Ирмуханов [2006].
Қазақ даласында жыл сайын өткізілетін жәрмеңкелер орыс көпестері мен
қазақ халқы арасындағы сауда қатынасын ғана дамытып қоймай, мәдени
бағыттардың араласуына, осы жағдай ұлттық ойындар бойынша жарыс
сайыстарының көптеп өткізілуіне себепкер болды.
Келесі қазақтардың ұлттық ойындарына тоқталған орыстың ғалымы А.
Алекторовтың [1888] жазған О рождении и воспитании детей киргизов, о
правилах и власти родителей еңбегін атауға болады.
Бұл ізденісінде ғалым көшпенді қазақтардың өмір сүру салтындағы баланың
дүниеге келген сәтінен өсуінде ұлттық ойын мен қимыл-қозғалыс әрекетінің
алатын орны мен дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы халық ойындарының
қажетті жақтарын ашады.
Абай Құнанбаев [1995] халық ойындарының балаларға беретін тәрбиелік
мәнін жоғары бағалап халық дәстүрі мен салтын құрметтеп, ойы мен іс-
әрекетін қалыптастыруда атқаратын қызметін жоғары бағалайды.
Ш. Уәлиханов [1985] халықтың салт-дәстүрлері мен діні, наным-сенімдерін
зерттей отырып, қазақ мәдениетін өзбек, қырғыз, түрікмен, қарақалпақтардың
өмір сүру әдісімен байланысты қарастырып, олардың бір-біріне тигізетін
әсерін жан-жақты сөз еткен. Ол қай халықтың болмасын жалғыз өзіне ғана тән
салт-дәстүрінің болмайтынын, шаруашылық кәсібі мен мәдени тұрмыс-тіршілігі
аралас елдердің бір-біріне тигізер әсерінің сөзсіз болатынын дәлелдеген.
Этнограф М. Гуннер мен М. Рахимгуловтың [1949] Краткий сборник
казахских народно-национальных видов спорта атты еңбектерінде социализмнің
жетістіктері арқасында ұлттық мәдениет оның ішінде ұлттық ойындардың
дамуына жол ашылды, қазіргі мәдени жетістіктердің барлығы ұлттық формада
болғанымен, мазмұны социалистік болуы керек дей келе, қазақтың ұлттық
ойындарын төмендегідей топтарға бөледі: 1-і жалпы ойындар, 2-і қарсыласу
мен күресу сипатындағы ойындар, 3-і ашық алаңқайдағы ойындар, 4-і қыс
мезгіліндегі ойындар, 5-ші демалыс ойындары, 6-ы ат үстіндегі ойындар, 7-і
аттракциондық-көрініс ойындары деп бөледі. Осы еңбекте қазақ күресі, ат
спорты, тоғызқұмалақ сияқты ойындарды өткізу ережелері берілген.
Қазақтың Тоғызқұмалақ ойынының суреті мен ойнау тәртібін қағаз бетіне
түсірген этнограф Н. Пантусов [1914] өз еңбегінде бұл ойын өте көне және
кім ойлап тапқаны белгісіз. Ол қазақтың үш ордасының барлығына тегіс
тараған деп жазады.
Қазақтың ұлттық спорт пен ойындар түрлерін ғылыми тұрғыда зерттеу ХХ
ғасырдың отызыншы жылдарынан кейін қолға алына бастады.
Дене тәрбиесі мен спорт саласына жергілікті ұлт өкілдерін тарту,
мамандар даярлау мәселесінде 1930 жылдары ғалымдардың ұсынған теріс
көзқарастары үлкен кедергі келтірді. Мысалы, ленинградттық ғалымдар Д.Ещен,
А.Пустоваловтың [1932] Национальный вопрос в физкультурном движении атты
еңбектерінде былай деп көрсетілген: О неспособности казахов заниматься
спортом и достич высоких спортивных результатов из-за врожденной
неполноценности их конституции дей келе теория коротких рычагов деген
атпен белгілі қорытынды жасап, наука чужда и недоступна казахам деп
тұжырымдайды.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн
тәртібіндегі өзекті мәселе болмағанына қарамастан, Қазақстан ғалымдарының
бір тобы тақырып төңірегінде үлкен жұмыстар атқарды, ғылыми еңбектер жазды.
Сол кезеңде дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарына М.
Рахимгулов, М. Гуннер, М. Тәнекеев, Б. Төтенаев, М. Болғамбаев, Ә.
Бүркітбаев, тағы да басқа ғалымдарды атауға болады.
Ұлттық спорт пен ойындардың теориялық тұрғыдан қарастырылу деңгейін
әдебиеттік деректерден қарай отырып, төмендегідей тұжырымдар жасауға
болады:
- Археологиялық қазбалар нәтижелері, тарихи деректер бойынша ойындар
тас ғасырларынан бастау алып, алғашқы қауымдық құрылыста адамдарды
тәрбиелеу құралы ретінде көрініс береді.
- Қазақтың ұлттық ойындары деген жеке атауды қазақ халқының жеке этнос
болып қалыптасу уақытынан бастау қажет;
- Қазақтың ұлттық ойындарының ғылыми тұрғыдан зерттеле бастауын ХХ
ғасырдың бірінші жартысынан бастау алады деп санауға болады;
- Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі, ерекшелігі адамдар денсаулығына және
оның мықты, күшті болуына үлкен талап қойғандығын көреміз. Осындай өте
үлкен дәрежеде мән беру үшін және оны іске асыру үшін халық арасында арнайы
жаттығулар мен ойындар жүйесінің қалыптасуы қажет болды, яғни ұлттық
ойындар мен арнайы жаттығулар осы талаптарды іске асырушы жүйе болып
саналды. Сондықтан қазақ халқының арасында дене тәрбиесіне бағытталған
арнайы жүйе болған деп айтуға толық дәлел бар.
Ұлы далада бұрын және қазір мекендеп жатқан көптеген халықтардың
мәдениеті мен тұрмыс-тіршіліктерінде айтарлықтай ұқсастықтардың болуы көшіп-
қонуға негізделген шаруашылықтарында және түркі тілдес болуынан деп
тұжырымдаймыз. Осы жерді мекендеген халықтардың ұлттық ойындары арасында
көптеген ұқсастықтың болуы да араласып өмір сүрудің нәтижесінен. Өз
бастауларын Қазақстан жерінен алатын тарихта Сақтар дәуірі, Ғұндар дәуірі,
Түрік қағанаты, Қарахан қағанаты, Алтын Орда, Қазақ хандығы деп аталатын
тарихи кезеңдер болғандығы тарихтан белгілі.
Сақтар дәуірі біздің жыл санауымызға дейінгі VII ғасырда шаңырақ
көтеріп, біздің заманымыздың II ғасырына дейін өмір сүрді.
Сақ мемлекеті жан жағындағы көршілес елдермен сауда-саттық және мәдени
байланыстарды жақсы жолға қойды. Осындай байланыстардың болғандығының бір
дәлелі ретінде сақ адамдарының Кир патшаның құрметіне Месопатамия жерінде
б.д.д. 539 жылы (қазіргі Бағдат қаласы батысында) өткізілген ат бәйгесіне
қатысуларын алуға болады. Осы жарыс туралы Геродот сақ атының барлық
аттарды артқа тастап, бірінші келгендігін жаза отырып, жалпы сақтардың жас
балаларды 5 жасынан 25 жасқа дейінгі аралықта атқа отыру, садақ ату және
әділеттікке үйрету сабақтарын беретіндіктерін айтады. Геродот [1972].
Сақтардың дене тәрбиесіне үлкен көңіл бөліп, арнайы сабақтар
өткізгендіктері, яғни педагогикалық әдістемелерді өте көне уақыттан
бастап қолданғандықтарын айтуға болады. Сақтар дәуірі кезінде ұйымдасқан
түрде күшті әскердің болғандығы, осы әскерлер соғыс жорықтарына дайындық
кезінде ат үстінде жаттығулар жасау, қылыштасу, найзаласу, садақ ату сияқты
қазіргі кезде спорт түрлеріне айналған ойындарды жетік меңгергендіктерін
көреміз. Әр елдің өз машығы бар: садақ ату – cкифтердің, сыбызғы тарту
–эллиндердің сүйікті ісі деп жазады Анахарсис [2004].
Ғұндар дәуірі біздің заманымызға дейінгі 204 жылдан осы дәуірдің 216
жылына дейін тарих сахнасында өшпестей із қалдырды. Осы кезде қытайлықтар
салық төлеп ғұндардан құтылу үшін ұзындығы үш мың келетін атақты Қытай
қорғанын тұрғызуға мәжбүр болды. Еуразия құрлығында ғұндармен күш жағынан
иық тіресетін бірде бір мемлекет болмаған.
Сол кезеңдегі көшпенділердің адамзат өркениетін дамытудағы рөлі туралы
Л.Гумилев [1970] Неправильно думать, что в кочевом обществе невозможно
технический прогресс. Кочевники вообще, а хунны в частности изобрели такие
предметы, которые ныне вошли в обиход всего человечества как нечто
неотьемлемое от человека. Такой вид одежды, как штаны, без которых
современному европейцу невозможно представить себе мужской пол, изобретены
кочевниками еще в глубокой древности. Первая кочевая повозка на деревянных
обрубках сменилась сначало коляской на высоких колесах, а потом вьюком, что
позволило кочевникам форсировать горные, поросшие лесом хребты. Кочевниками
были изобретены изогнутая сабля, вытеснившая тяжелый прямой меч.
Усовершенствованный ими длинный составной лук, металл стрелы на растояние
до 700 м деп жазып ғұндардың тарихтағы прогрессивтік рөлін айқын
көрсетеді.
Ғұн патшалығы тарих сахнасынан кеткеннен кейін оның негізін құраған
туыстас тайпалар босқындыққа ұшырап, Орталық Азияға, Еділ сыртына, Қиыр
Шығысқа, Алтай тауларына тарап кетеді. Алтай тауында қалған шағын бөлігі
жужандардың билеуімен 400 жылдай елеусіз өмір кешеді. Алтай тауларында кен
өндіріп, темір балқытып, қолөнері мен егіншілікті кәсіп етіп күшейе
бастайды. Олар 535-552-ші жылдары Бумын атты қолбасшының арқасында азаттық
күресіне шығып, ордасын – Түрік деп, атап, басшылары Құтлұғ қаған, Білге
қаған (Бумын), Күлтегін, Тоныкөктерге - Елтеруші (Елхан) деген атақ беріп,
Түркі қағанатын құрады.
Түркілер де өздерінің ата-бабалары Сақтар мен Ғұндар тәрізді Тәңірге
табынып, табиғат заңдылықтарымен өмір сүреді. Осы түркі мәдениетінің биік
дәрежеге көтерілуінің бір айғағы Орхон-Енисей жазба ескеркіштері болып
табылады. Түркі мемлекетінің құрылуы - бүкіл адамзат тарихының бетбұрыс
кезеңі. Түркілердің қоғамдық өмірі мен әлеуметтік институттарының күрделі
түрлері қайран қалдырады: ел, меншіктің сатылық жүйесі, шендер ирархиясы,
әскери тәртіп, елшілік дәстүрі, сондай-ақ көрші отырған елдердің
идеологиялық жүйелеріне қарсы қоятын, мұқият әзірленген дүниетанымның
болғандығы таңқалдырады деп жазады Л.Гумиев [1994].
Екі ғасырдай өмір сүрген Түрік қағанатының жері шығыста Корей
түбегінен, батыста Днепрге дейін, солтүстікте Мұзды мұхитқа, оңтүстігінде
Қытай, Үндістанға дейінгі жерді алып жатты.
Геродот [1976] сақтар мен скифтер туралы айта келіп: олар бастарына
киізден тігілген төбелері үшкір баскиім киеді, кигендері шалбар,
ұстағандары садақ, қысқа қылыш және ораққа ұқсас секирлер - деп көрсетеді.
Геродоттың осы еңбегіндегі Сақ-тиграхауда парсыларға салық әкеліп тұр
атты б.д.д. V ғасырда Персополдағы Ксеркс сарайының қабырғасында салынған
суреттегі көріністе сақ әскері екі шеңбер ұстап тұр. Бұл сақтардың өз
тайпаларының таңбасы еді. Осы суретте сақтар дань салық әкеліп тұрған
жоқ, олар жарысқа қатысуға келгендіктерінің белгісі деп ойлаймыз, себебі
сақтар парсыларға ол кезде салық төлемеген. Осы ойымыз дәл болса, онда
біздің ата-бабаларымыз сақтардың спорттық жарыстарға өте көне уақыттан
бастап қатысқандарын көруге болады.
Шеңбер белгісін түркілер бірлестіктеріне енген этностар Бірлестік
шеңбері, яғни графикалық түрдегі мемлекет пен мемлекетті билеуші жеке
адамды білдіретін символ ретінде қабылдаған. Ол белгі шоқпар сипатында
болған.
О. Сүлейменов [2002] Олимпиада сөзінің шығу төркінін түркі тілімен
байланыстыра келіп, түркі тілдес халықтарда ежелден қалыптасқан аруаққа
табыну, өлгендерге арнап ас беру кезінде ат жарысын, балуан күресін, т.б.
сайыстарды өткізу ежелден қалған дәстүр екендігін, өлген басшы адамның
орнына жаңа басшы адамды сайлаудың қалыптасқан демократиялық жолы
екендігін, басқа адамдармен күш сынасу өзінің денсаулығының мықты екендігін
дәлелдеу арқылы билікке келу жолы болғандығын айтады.
Ол Олим-пи сөзі грек тілінен Билеуші өлімі деген мағынаны
білдіретіндігін көрсете келіп, сол сайыстарда жеңіп шыққан адамға белгі
ретінде түркілер қолына шоқпар берген, ал римдіктер басына қазіргі
кездегідей ағаш жапырағынан венок кигізгендігін айтады.
Кейінгі кездердегі жүргізілген археологиялық қазбалар садақпен алысқа
ату сақтарда болған деген ғалымдардың тұжырымын пікірін растайды. Мысалы,
хантау жерінде жүргізілген зерттеулер кезінде табылған жартасқа қашалып
садақты тізерлей отырып аспандата атып отырған сақ әйелінің бейнесі садақ
оғын осындай мөлшерде жоғары көтеріп ату, ол тек алысқа ату кезінде
қолданылады деген тұжырымды бекітеді.
Қазақ топырағында балуандық өнердің өте көне тарихы бар екендігінің бір
дәлелі осыдан 18 ғасыр бұрын 371-381 жылдар арасында ғұндар патшасы
Баламбер (Аттиланың алдында) өзінің жеңістері мен айтулы мемлекеттік
шешімдерінен кейін үлкен той- жиын өткізіп, оның негізгі бір бөлігі ретінде
ат жарыс, балуан күресі, садақ ату, найза лақтыру, аударыспақ, теңге алу,
т.б. ойын түрлерін өткізген. Ал сол кездегі ғұндар тілімен осы ойын түрлері
былай айтылған: Ээр – хүреш, Ат – хүреш, Ланса – хүреш (ланса – қазақша
найза), Шабарман – хүреш, Жебе – хүреш, т.б. Ээр, Ер – күшті мағынасында,
Хүреш-балуан күрес мағынасында Аммиан фон Бек [2002].
Қазақ халқының ішінде таралған балуан күрестерін төмендегідей бірнеше
түрлерге бөлуге болады: қазіргі еркін күреске ұқсас кеуде жалаңаш, жалаң
аяқ, белбеусіз күресу түрі, шапан киіп, белдік буынып күресу, белдік
буынып, кеудені жалаңаштап күресу, аяқ киімді шешпей күртеше немесе шапан
киіп күресу, отырып күресу халық арасында кеңінен таралғандығын көруге
болады.
Бүгінгі таңда дүние жүзінде 250 тарта жылқы тұқымы бар, оның 17 түрлі
таза қанды тұқымы Қазақстандағы ат заводтарында дамытылған. Кеңес Одағы
кезінде Қазақстанда 12 ат заводы, 32 асыл тұқымды жылқы фермасы болған.
Қазір соның Луговой және Қостанай, Көкшетаудағы ат заводтары ғана қалды.
Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында ұлттық ат спорты жарыстарын
ұйымдастырып, оны еуропалық үлгіде өткізуге көп күш салды. Оның негізі
1860 жылы Бөкей ордасында қаланды. Ат спорты ойындары мен жарыстар 3 жылда
бір рет өткізіле бастады.
Спорттық жарыстардың жаңа түрлерінің дамуы мен нығаюына Қазақстанның
Ресейге қосылғанынан кейінгі жәрмеңкелер де елеулі ықпал етті. Мәселен, 40-
шы жылдарда әйгілі Қарқаралы жәрмеңкесінің де негізі қаланды, ал, арада 8
жыл өткен соң, Қазақстандағы ең ірі Қоянды жәрмеңкесі құрылды. XIX ғасырдың
екінші жартысындағы Түркістан өлкесіндегі ең ірі жәрмеңке Әулиеата
жәрмеңкесі болды. Жәрмеңкелерге 50 мыңнан астам адам жиналды. Бұлардың
бәрі де спорттық жарыстардың өзіндік ортасы болып саналады. Бұларда
шабандоздар, мергендер, палуандар өнер көрсетті.
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін қазақтың ұлттық спорт
түрлерінен өткізілген жарыстар 1945 жылы Абайдың 100 жылдығына, 1946 жылы
Жамбылдың 100 жылдығына арналып, оған Қазақстанның әр аймақтары мен
ауылдарынан мыңдаған спортшылар қатысты. Осы спорттық мерекені
ұйымдастыруға көрнекті қазақ жазушылары М. Әуезов пен С. Мұқанов және
басқалар белсене араласты. Сондай-ақ, ат спортының классикалық түрлерінің
өкілдері де үлкен табыстарға қол жеткізді. Шабандоз С. Қалмұрзин Каток
сәйгүлігімен бір тәулікте 281,9 шақырымды шауып өтіп, теңдессіз нәтиже
көрсетті. Бұл бүкілодақтық жаңа рекорд еді.
Тоғызқұмалақтың пайда болуын осыдан төрт мың жыл бұрын болған деген
көзқарас бар. Осы ойынның және осы ойынға ұқсас ойындардың таралу
аймақтарына қарасақ оған Таяу Шығыс, Орта Азия, Европа, Ресей, Монголия,
Қытай деп тарата беруге болады. Осы географиялық атаулардан тоғызқұмалақ
ойынын Ұлы Дала жеріне көршілес жатқан елдердің бәрі білетіндігін байқауға
болады.
Орта Азия көлемінде тоғызқұмалақ туралы алғашқы құнды еңбекті жазған
түркітанушы С. Аманжолов болды. Оның 1936 жылы шыққан Тоғызқұмалақ
кітабында, ғалым ойынның қазақ пен қырғыз халықтарының арасында көп
ұшырасқанын, көшпенділердің салт-дәстүрінінің негізінде шыққанына тұжырымды
деректер келтіреді.
С. Аманжоловтың [1936] Асыра сілтемей айтқанның өзінде бұл ойын шахмат
ойынынан кем емес, әрі қызықты әрі маңызды. Сонысына қарағанда, бұл тез
араның ішінде жалғыз Қазақстан емес, бүкіл Кеңестер одағына тарап кетуіне
күмәніміз жоқ - деп ХХ ғасырдың басында айтқан еді. Бірақ Кеңестер Одағы
кезінде тоғызқұмалақ ойыны басқа ұлттық ойындар сияқты теріс идеологияның
салдарынан тоқырауға ұшырады.
Рессей зерттеушілерінің ішінде тоғызқұмалақ туралы жазған этнограф Н.
Пантусов болды. Оның Киргизская игра тогузкумалак атты мақаласы 1906 жылы
Қазан қаласында жарыққа шықты. Бұл еңбек туралы түркітанушы С. Аманжолов;
Пантусовтың жазған ойыны тым жабайы, кей жері дұрыс емес, сондықтан да ол
бұрын көңілін тартпаған, тарта алмаған болуы керек -деп ойынның мазмұнын
дәл бере алмағандығын атап өтеді.
Бұдан кейінгі ресейлік этнографтардың ішінде тоғызқұмалақты зерттеген
А. Попова болды [1956]. Ол Монғолияның шығысындағы Баянөлгейдегі қазақ
ауылдарын аралап, Қазақстанға беймәлім тугулаах, есонкоргоол және
тоғызқұмалақ ойындары туралы материалдар жинақтады.
Ғалым аталған ойындардың барлығын қазақтардың мұрасы деп есептеген.
Сонымен қатар зерттеуші тоғызқұмалақты Ауғанстанда да ойналады деп, ойынның
таралу аймағын кеңейтіп көрсетеді.
Археологиялық материалдарда кездесетін садақ қалдықтары, адырна
сүйектер, жақтың кішкентай модельдері, көне Түркілердің бейнелеу
өнерлерімен ескерткіштеріндегі бұл садақтың суреттері оның формасын,
көлемін, белге тағыну әдісін толық қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
Кейін жақтың серпіні күшті болу үшін ұзын сүйек адырнаның екі иініне
ішкі жағынан бекітіліп, белімен бастарына сүйек қолданылмайтын болды.
Садақтың бұл жаңа үлгісі Монғол шапқыншылығы кезіне сәйкес келгендіктен,
бұл садақты шартты түрде Монғол садағы деп атайды.
Қазақтардың тұрмыс-тіршілігінде, жауынгерлік өнерінде, ұлттық
ойындарында садақты қолдану кең тараған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының ұлттық қозғалыс ойындары арқылы оқушылардың патриотизмін қалыптастыру
Халық педагогикасындағы дене тәлім – тәрбиесінің негізгі қағидалары және соның ішіндегі дене тәрбиесінің маңызы
Қазақтың ұлттық ойындарын дене шынықтыру пәнінде қолдану
Ауылдық жердегі балалардың қазақтың ұлттық ойындары арқылы өзіндік сабақтарында дене дайындығы дағдыларын қалыптастыруы
Мектептерде дене шынықтыру пәнін оқытуда ұлттық ойындарды дұрыс, жас ерекшеліктеріне сай ұйымдастырылуын қамтамасыз ету
Дене мәдениеті және спорт факультеті
Ұлттық ойындар арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі дене қасиеттерін қалыптастыру
Дене тәрбиесі ерекшеліктерін анықтау
Оқушылардың дене тәрбиесін қозғалыс-қимыл жаттығулары арқылы ұйымдастыру ерекшеліктері
Бастауыш мектептің дене шынықтыру сабақтарында ұлттық ойындарды пайдалану
Пәндер