«Финансовый консалтинг Е&K» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Тарау 1. Ұйым қаржысы

  1. Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі.
  2. Ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау
  3. Негізгі және айналым капиталы
  4. Есеп беретін тұлғалардың есебі
  5. Ұйымның шыңындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау. Өзіндік құнды калькуляциялау
  6. Өндірістің жалпы тиімділігін анықтау
  7. Қорытынды

Тарау 2. Қаржылық есеп

2. 1 Ұйымның есеп саясатын құру

2. 2 Кассалық операциялар есебі

2. 3 Ағымдағы шоттағы ақша қаражаттар есебі

2. 4 Есеп беретін тұлғалардың есебі

2. 5 Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу

2. 6 Негізгі қорлар есебі

2. 7 Тауарлы-материалдық қорлар есебі

2. 8 Еңбек ақысы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу

2. 9 Ұйымның қаржылық есеп беруі

Тарау 3. Бюджеттік есеп

3. 1 Мемлекеттік мекемелердегі есеп саясатының негізгі ережелері

3. 2 Ақша операцияларының есебі

3. 3 Дебиторлық және кредиторлық берешек есебі

3. 4 Қызметкерлермен есеп айырысу есебі

3. 5 Қорлар есебі

3. 6 Негізгі қорлар есебі

3. 7 Материалдық емес активтердің есебі

3. 8 Кірістер мен шығындар есебі

3. 9 Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беру

Тарау 4. «1С: Бухгалтерия»

4. 1 «1С: Бухгалтерия» бағдарламасымен танысу

4. 2 Есептің жүргізуін дұрыс жолға қою

4. 3 Есептің жүргізудің жалпы принциптері

4. 4 Ақша қаражаты операцияларының есебі

4. 5 Сауда операцияларының есебі

4. 6 Негізгі қорлар мен материалдық емес активтердің есебі

4. 7 Еңбекақы және каржылық есеп

4. 8 Өндіріс есебі

4. 9 Стандарттық есептер

Тарау 5. «Салық салу және заңды тұлғалардың салықтық есебі»

  1. Корпоротивтік табыс салығын есептеу
  2. Қосымша құн салығын есептеу
  3. Мүлік салығын есептеу
  4. Жер салығын есептеу
  5. Әлеуметтік салықты есептеу
  6. Арнайы салық режимдері қолданылатын кіші бизнес субьектілерінің салығын есептеу
  7. Қорытынды сабақ және салық салу

Тарау 6. «Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау»

  1. Негізгі қор жағдайын және пайдалануына талдау жасау
  2. Айналым қаражаттарын талдау
  3. Еңбек ресурстарын талдау
  4. Өнімнің өзіндік құнын талдау
  5. Өнімнің көлемін және өнімді өткізуді талдау
  6. Ұйым қызметіне операциялық талдау жүргізу
  7. Ұйымның инвестициялық қызметіне экономикалық талдау жасау
  8. Ұйымның қаржылық тұрақтылығына және іскерлік белсенділігіне талдау жасау
  9. Ұйым қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау
  10. Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
  11. Қорытынды сабақ және сынақ алу

Кіріспе

Мен Алакозова Марал 30-шы қаңтардан 03-ші сәуір айларының аралығында «Финансовый консалтинг Е&K» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте оқу тәжірибемді өттім.

Осы оқу тәжірибедегі мақсатым - «Финансовый консалтинг Е&K» ЖШС-нің өндірістік - қаржылық қызметін меңгеріп, толығымен танысып, кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін, қаржылық жағдайын зерттеп, қарастыру. Сабақ барысында алған теориялық білімімді тәжірибеде іске асырып, өзімнің қаржылық есеп, аудит, қаржылық талдау салаларында білімімді бекіту болып табылады.

Оқу тәжірибені орындау барысындағы басты міндеттерім:

Кәсіпорынның есеп саясатымен, жарғысымен, басты ұйымдастырушылық құжаттарымен, құрылымдық құжаттарымен, бөлімдер мен бөлімшелердің қызметтерімен толық танысу;

Кәсіпорынның бас бухгалтерімен бірлесіп тәжірибенің күнтізбелі жоспарын құрып, жоспарға күнделікті жазбаны түсіру;

Кәсіпорынның ішкі шаруашылық қызметінің анықтама, сипаттамасын жасап, қызметіне талдау жасау;

Кәсіпорынның қызметін қаржылық талдау, яғни қаржылық тұрақтылығын және қаржылық жағдайын бағалау;

Тәжірибе жетекшісінің тапсырмасына сүйене отырып, кәсіпорынның қаржылық - шаруашылық қызметінің мәліметтері мен құжаттарын жинақтап, іс-тәжірибе жөнінде есеп беруге құрастыру;

Оқу тәжірибемді өткен ЖШС «Финансовый консалтинг Е&K» кәсіпорыны 2006 жылдан бастап Қазақстан нарығында жұмыс істеп келе жатыр. Кәсіпорынның басты мақсаты пайда табу.

Мен ЖШС «Финансовый консалтинг Е&K» кәсіпорында тәжірибе өту барысында қаржылық есеп, бухгалтерлік есеп және аудит салаларының бөлімшелерінің құрылымымен, бухгалтерлік есептің қалай ұйымдастырылып, есептелетінін, құжаттарының қандай ретпен, қай жағдайда толтырылатынымен таныстым.

Тарау 1. Ұйым қаржысы

  1. Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі

«Финансовый консалтинг Е&K» ЖШС Қазақстан Республикасының заңы бойынша орта кәсіпкерліктің субьектісі ретінде заңды тұлға болып табылады. Серіктестік ҚР «Азаматтық Кодексі», ҚР «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының негізінде, 2002 жылдың, 7 наурызында құрылған. Негізгі мақсаты: пайда табу.

ЖШС-ң мекен-жайы:Алматы қаласы, мамыр 4 ықшам ауданы, 148 үй. Бюджетке салық төлеуші ретінде тіркелген туралы куәлігі бар-РНН 090800015679.

Серіктестік заңды тұлға болып табылады, өз жеке балансы, банктерде есеп айырсу және валюталық есеп шоттары, өз аты көрсетілген дөңгелек мөрі, оқшауланған мүлкі бар. Серіктестік өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі мүлікпен жауап береді. Серіктестік қатысушы оның міндеттемесі бойынша жауап бермейді, өздері қалаған салым бағасы көлемінде шығын тәуекелін жасайды.

Серіктестіктің жарғылық капиталы: 60 272 000 (алпыс миллион екі жүз жетпіс екі мың) теңге құрайды. Жарғылық капитал серіктестікті тіркеу мерзіміне қатысушылармен қалыптастырылған. Қолданатын заңдармен тағайындалған жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінен азайтылуына жол берілмейді. Серіктестіктің мүлігі қатысушылардың салымдары, серіктестіктің табыстары есебінен және заңнамамен тиым салынбаған өзге қайнар көздерден қалыптасады. Серіктестіктің мүлігі оның балансында есепке алынады.

1. 2 Ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты таза табыс табу болып табылады. Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • Консалтингтік қызмет көрсету;
  • Делдалдық қызмет көрсету;
  • Коммерциялық қызмет көрсету;
  • Көтерме және бөлшек сауда;
  • Ауылшаруашылық қызмет;
  • Үйді немесе ғимаратты жалға беру;
  • Отандық және шетелдік нарықтағы жылжитын және жылжымайтын мүлікпен операциялар өткізу;
  • Құрылыс, жөндеу-құрылыс, құрастыру, қалпына келтіру, жөнге салу жіберу, өңдеу жұмыстарын жүзеге асыру;
  • Құрылыс материалдарды өндіру және сату;
  • Жобалау - қаржы жобалық жұмыстар жүргізу;
  • Тұрғын кешендер, ғимараттар құрылысы;
  • Құрылыс заттарын әкелу және сату;
  • Сауда нүктелер ашу және пайдалану;
  • Елге қызмет қөрсету;
  • Өндірістік және шаруашылық қызмет көрсету;
  • Жалпы техникаға және халық тұтынушыға арналған тауар өндіру және оны өткізу
  • Еңбекпен қамту агенттіктерін ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет т. б. Негізгі және айналым капиталы

Негізгі кұралдар - бұл кәсіпорынға ұзақ уакыт бойы қызмет атқаратын, өндірісте, тауарды сатқанда, жалға бергенде және де әкімшілік мақсаттарда қолданылатын материалдық активтерді айтамыз.

Негізгі құралдар:

  • Сатып алғанда
  • Жалға бергенде
  • Тегін алғанда
  • Құнын қайта бағалағанда артық шыққанда есепке алынады.

Негізгі құралдар:

  • Сатқанда
  • Жалға бергенде
  • Жетіспеушілік пайда болғанда
  • Тегін берілсе
  • Негізгі құралдар құнын қайта бағалағанда есептен шығарылады.

Айналымдағы негізгі құралдар:

Д-т К-т

2410 3310 -жабдықтаушылардан келген негізгі құралдар

2410 3320, 3330, -еншілес ұйымдар мен қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардан түскен негізгі құралдар

2410 4150 -ұзақ мерзімді жалға берілген негізгі құралдардың келіп түсуі

2410 6220 -өтеусіз алынған негізгі құралдардың келіп түсуі

2410 6280 -өзгеде кірістерден түскен негізгі құралдар

Жалдау бойынша негізгі құралдардың келіп түсуі:

Д-т К-т

2410 2160

Ұзақ мерзімді жалдау бойынша негізгі құралдандан есептен шығуы:

Д-т К-т

4150 2410

Операциялық жалдау бойынша амортизация:

Д-т К-т

7450 2420

Негізгі құралдарға амортизация есептелінді:

Д-т К-т

2410 2420

1. 4 Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақы

Бас директор қызметкерлерді жеке еңбек шарты, сонымен бірге 15. 05. 2007 жылы Қазақстан Республикасының Еңбектік кодексіне сәйкес еңбек қатынастарын реттейтін өзге нысандар негізінде жұмысқа алуға құқылы. Серіктестік қызметкерлерге Қазақстан Республикасының Заңнамасымен анықталатын, барлық әлеуметтік-экономикалық құқықтарына кепілдік береді. Әр қызметкердің еңбек ақысы оның жеке еңбекке қосқан үлесі мен жұмыстың соңғы қорытындыларымен максималды мөлшерлермен шектелмейді және бекітілген заңдарға сәйкес салық салынады.

Қызметкерлердің жұмысы:

  • Консалтингтік қызмет көрсету;
  • Ауылшаруашылық қызмет;
  • Коммерциялық қызмет көрсету;
  • Көтерме және бөлшек сауда;
  • Делдалдық қызмет көрсету;
  • Үйді немесе ғимаратты жалға беру;
  • Құрылыс материалдарды өндіру және сату;
  • Жобалау - қаржы жобалық жұмыстар жүргізу;
  • Тұрғын кешендер, ғимараттар құрылысы;
  • Құрылыс заттарын әкелу және сату;
  • Сауда нүктелер ашу және пайдалану;
  • Елге қызмет қөрсету;
  • Өндірістік және шаруашылық қызмет көрсету;
  • Жалпы техникаға және халық тұтынушыға арналған тауар өндіру және оны өткізу
  • Еңбекпен қамту агенттіктерін ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет т. б.

1. 5 Ұйымның шығындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау.

Өзіндік құнын калькуляциялау

Серіктестіктің табысы материалдық шығынның және оған теңестірілген шығындардың, еңбек ақысын төлеуге жұмсалған шығындардың орны толтырылғаннан кейін, шаруашылық қызметтен түскен түсімнен қалыптасады. Серіктестіктің салық еңбек ақы және бюджетке басқа да төлем төлегенен кейін, қалған табыс серіктестіктің меншігі болып саналады және ол серіктестіктің әрі қарай жұмыс жасау және даму үшін бөлінеді. Серіктестік өндірісін дамытуға және жалпы қажеттіліктері үшін бөлінгеннен кейін қалған таза табыстың бөлігі серіктестіктің қатысушысының шешімімен бөлінеді. Қатысушылар оның жарғылық капиталдағы үлесіне сәйкес таза табыстың бір бөлігін алуға құқылы. Оның төленуі бір айдың ішінде ақшалай жүзеге асуы тиіс.

Қызметкерлердің атқарған жұмысы мен көрсеткен қызметі үшін еңбек ақы есептелінді:

Д-т К-т

1620, 2920, 7110, 7210 3350

Еңбек ақыдан жеке табыс салығы ұсталынды:

Д-т К-т

3350 3120

Еңбек ақыдан қызметкерлерге зейнетақы аударылды:

Д-т К-т

3350 3220

Еңбек ақыдан алимент ұсталынды:

Д-т К-т

3350 3390

1. 6 Өндірістің жалпы тиімділігін анықтау

Серіктестіктің табысы бір жыл ішінде өз қызметінің нәтижелері бойынша қаржы есебі негізінде анықталады. Серіктестік өндірісін дамытуға және жалпы қажеттіліктері үшін бөлінгеннен кейін қалған таза табыстың бөлігі серіктестіктің қатысушысының шешімімен бөлінеді. Қатысушылар оның жарғылық капиталдағы үлесіне сәйкес таза табыстың бір бөлігін алуға құқылы.

Өнім өндіру мен қызмет көрсетуден түскен кіріс:

Д-т К-т

1010, 1030 6010

1210-1240

2110-2140

Резервтік капитал есебінен 6010 шотының жабылуы:

Д-т К-т

6010 5410

Алдағы кезеңнің кірістері:

Д-т К-т

3520, 4420 6010

Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің төлемеген төлемі үшін, сатылған өнімді қайтару:

Д-т К-т

6020 1210-1240

2110-2140

Бағадан және сатудан жеңілдіктер:

Д-т К-т

6030 3320-3340

Өтеусіз алынған активтерден алынған кірістер:

Д-т К-т

6220 1020, 1030

3320-3340

3390

Жылдың соңындағы 6020 шоты мен 6030 шотының жабылуы:

Д-т К-т

5410 6020, 6030

Тарау 2. Қаржылық есеп

2. 1 Ұйымның есеп саясатын құру

Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты қаржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп прициптері, әдістер мен ережелер және ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

Есеп саясатының міндеттері:

- есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау;

- нәтижелік өзгерістерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;

- қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу;

- ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және ағымдағы активтерді бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету;

Негізгі қызмет түрлері:

  • Консалтингтік қызмет көрсету;
  • Ауылшаруашылық қызмет;
  • Консалтингтік қызмет көрсету;
  • Ауылшаруашылық қызмет;
  • Жобалау - қаржы жобалық жұмыстар жүргізу;
  • Тұрғын кешендер, ғимараттар құрылысы;
  • Құрылыс заттарын әкелу және сату;
  • Сауда нүктелер ашу және пайдалану;
  • Елге қызмет қөрсету;

2. 2 Кассалық операциялар есебі

Әрбір ұйымдардың шаруашылық субъектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Жалпы касса операцияларының есебі 1010 (451) “Кассадағы ұлттық валютасы түріндегі нақты ақша” деп аталатын шоттарда жүргізіледі.

Ұйымның құжаттама қызметі төмендегідей операцияларды атқарады:

1. Құжаттарды қабылдау және өңдеу;

2. Құжаттарды тіркеу;

3. Құжаттарды ұйым басшысына қарауға тапсыру;

4. Құжаттарды орындауға тапсыру;

5. Құжаттардың мерзімінде орындалуын бақылау.

Шығыс құжаттарын өңдеу төмендегі операциялардан тұрады:

1. Құжаттар жобасын жасау;

2. Жоба жөнінде келісу;

3. Құжатты ресімдеудің дұрыстығын тексеру;

4. Құжатты аударуға беру;

5. Құжатқа қол қою;

6. Құжатты тіркеу;

Шоттар корреспонденциясы:

Дт Кт

3350 1010 - кассадан жұмысшыларға еңбекақы төленді

1010 1030 - есеп айырысу шоттынан кассаға ақша келіп түсті

3510 1010 - кассадан қысқа мерзімді аванс берілді

1010 5110 - жарғылық капиталға жарна есебінде кассаға ақша келіп түсті

7210 1010 - әкімшілік шығыстар төленді

1010 6110 - сыйақылар бойынша кірістер

1010 6120 - дивиденттер бойынша кірістер

2. 3 Ағымдағы шоттағы ақша қаражаттар есебі

Кәсіпорындар өздерінің ақша қаражаттарын өздері таңдаған, яғни өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Ол үшін өздері қалаған банк мекемелерінде есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:

1. Банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;

2. Ұйымның, субъектінің құрылуы жайлы құжат, жоғары органдардың ұйымды құруы жайлы шешімдердің көшірмесі;

3. Ұйымның басшысы, бас бухгалтер және олардың орынбасары қол таңбасын қойған, ұйым таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және де басқа құжаттар. Есеп айырысу шоты бойынша мынадай шаруашылық операциялары көрініс табады:

1030 - “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шоты дебеттеліп мына төмендегі шоттарға кредиттеледі;

1) 1010 - “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоты- кассадан келіп түскен түсім және депоненттелген еңбек ақы сомасы;

2) 1210 - “Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі” шоты салынған өнім, жұмыс пен қызмет төлемақысына;

3) 3510 - “Алынған қысқа мерзімді аванстар” алынған аванстар” - “Орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар” шоттары-сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстарына;

1030 - “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” кредиттелінеді де, мына шоттар дебеттеледі;

1) 3310 - “Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек” шоты алынған өндірістік қорлар орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен мердігерлердің акцептелген шоттардың төлемақысына;

2) 1010 - “Кассадағы ұлттық валюта түріндей қолма-қол” шоты-еңбек ақыға, іссапарға және басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға алынған сомасына;

3) 1150 - “Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары”;

4) 1130 - “Қысқа мерзімді инвестициялар”;

5) 1610 - “Берілген қысқа мерзімді берілген аванстар”;

6) 3010 - “Банк несиелері”;

7) 3020 - “Банктен тыс мекемелерден берілген несиелер” - шоттары есеп айырысу шотынан өтелген банк несиелері мен заем қаражаттарының сомасына;

2. 4 Есеп беретін тұлғалардың есебі

Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс. Аванс есептерін есеп бөлімі тексереді, сонан соң оларды субъектінің басшысы бекітеді. Дұрыс рәсімделмеген аванс есептері және оларға қоса тіркелген құжаттар қайта рәсімдеу үшін есеп берұші адамдарға қайтарылады. Аванс құжаттары бойынша артық жұмсалған сома қызметкерлерге кассадан беріледі. Іс сапар шығындары өтелетін шығындар қатарына жатады.

Шоттар корреспонденциясы:

Дт Кт

1250 1030 - есеп айырысу шотынан есеп беретін тұлғаларға ақша берілді

1250 1030 - есеп айырысу шотынан кызметкерлердің шотына ақша аударылды

1010 1250 - есеп беретін тұлға артық ақшаны кассаға кайтарды

7210 1250 - іс сапар шығындары есептен шығарылды

1250 1010 - есеп беретін тұлғаға кассадан ақша берілді

7470 1250 - өзгеде шығыстар

3350 1250 - есеп беруге міндетті тұлғаның, қолданылмаған аванс сомасы еңбекақыдан ұсталынды

2. 5 Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу

Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык ұйымдармен келісім-шартқа отырады. Кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, қосалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі.

Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бакылап отыруға мүмкіндік береді. Келіп түскен шот-фактураларды алдымен «Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді.

Шоттар корреспонденциясы:

Дт Кт

3350 1010 - кассадан жұмысшылардың еңбекақысы берілді

1320 3310 - жабдықтаушылардан дайын өнім келіп түсті

2520 3310 - бағып-күтіп, өсіру үшін жас мал сатып алынды

1310 3310 - жабдықтаушылардан жем-шөп келіп түсті

3310 1610 - мердігерлермен алдын ала жасалған төлем бойынша есептесу

1330 3310 - шетел жабдықтаушыларынан тауар келіп түсті

1420 3310 - келіп түскен тауарларға қосылған құн салығы есептелінді

3310 1030 - мердігерлермен жазба ақшамен есеп айырысу ққс-сыз

2410 3310 - келісім құны бойынша жабдықтаушылардан алынған компьютерлер мен қондырғылар кіріске алынды

2. 6 Негізгі қорлар есебі

Негiзгi құралдарға қозғалмайтын мүлiк, жер учаскелерi, үйлер мен ғимараттар, өткiзгiш тетiктер, машиналар мен жабдықтар, өлшеу және реттеу аспаптары мен қондырғылар, есептеу машиналары мен техникалары және олардың бағдарламалық құралдары, көлiк тасымалдау құралдары, аспаптар, өндiрiстiк және шаруашылық құрал-саймандары, өнiм және жұмыс малдары, көп жылдық екпе ағаштар, шаруашылықтың iшкi жолы, тағы да басқалар жатқызылады. Заттық құрамына қарай негiзгi құралдар: мүлiктiк және мүлiктiк емес болып бөлiнедi. Мүлiктiкке (заттай) көрiнiсi бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүлiктiк еместерге пайдаланылатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа күрделi қаржы салымы, яғни заттық нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерiн, егiстiк үшiн пайдаланылатын жердi өңдеу, жалға алынған негiзгi құралдарға күрделi қаржы жұмсау, т. б. ) жатады.

Шоттар корреспонденциясы:

Дт Кт

7210 2420 - кеңсе қармағындағы ғимараттарға тозық есептелінді

8415 2420 - негізгі цех станогына тозу есептелінді

2410 6220 - тегін алынған автокөлік

7010 2520 - сатылған жас малдың өзіндік құны есептен шығарылды

2520 8110 - мал төлдері кіріске алынды

2520 3310 - бағып-күтіп, өсіру үшін жас мал сатып алынды

2410 3310 - жабдықтаушылардан негізгі құралдар келіп түсті

2410 3320 - еншілес кәсіпорынан жеңіл автокөлік алынды

7510 2410 - табиғат апаты нәтижесінде негізгі құралдар есептен

шығарылды

7410 2410 - жою кезінде баланстық құн бойынша қойма ғимараты есептен шығарылды

2410 2930 - құрылыс аяқталғанан кейін қолданысқа берілген негізгі құралдар объектісі кіріске алынды

7110 2420 - маркетинг бөлімінің компьютер қондырғысына тозу есептелінді

2410 5110 - шаруашылық суъектісінің жарғылық капиталына құрылтайшылар салған негізгі құралдар кіріске алынды

2. 7 Тауарлы-материалдық қорлар есебі

Тауарлы- материалдық қорлардың есебінің негізгі мақсаты- олардың есебінің дұрыс ұйымдастырылып жүргізілгендігін анықтау болып табылады:

1) олардың сақталу және пайдалану орындарындағы қозғалыстары мен нақты қолда барлығы туралы дәлелді мәліметтер алу;

2) олардың сақталу ережелерін қамтамасыз ету;

3) өндіріске жұмсалу номаларының сақталуын қамтамасыз ету;

4) өндіріске қажеті жоқ материалдық ресурстарды табу, анықтау және оларды сату;

Тауарлы-материалдық қорлар баланста: материалдар 1310, дайын өнімдер 1340, тауарлар 1330, аяқталмаған өндіріс баптары бойынша жинақталып, оларға мынадай активтер жатады: шикізаттар, сатып алынған жартылай фабрикаттар (шала өнімдер) мен құрастыру бұйымдары, конструкциялар мен тетіктері, отындар, ыдыстар мен ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектері, қайта өңдеуге берілген материалдар, сондай-ақ шаруашылықтың негізгі қосалқы өндірістерінде сатуға шығарылған өнімдер түріндегі активтері және әр түрлі мақсаттар үшін сатып алынған тауарлар.

Шоттар корреспонденциясы:

Дт Кт

1310 5110 - жарғылық капиталға салым есебінде отын алынды

1310 3310 - жабдықтаушылардан жем-шөп келіп түсті

1310 3310 - жабдықтаушылардан құрылыс материалдары келіп түсті

8411 1310 - негізгі өндіріс цехтарын жылытуға отын жіберілді

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұзақ мерзімді активтердің құрамы
Кәсіпорындағы қаржылық менеджментті жетілдіру жолдары
Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстары
Шағын кәсіпорындардың қаржыларын басқару мәселелері
Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарын қалыптастыру көздері
Kazakhstan Facilitators ЖШС консалтингтік компаниясының ұйымдастырушылық экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың экономикалық мәні мен маңыздылығы
Бағдарламалық жабдықтардың интернет-магазині үшін web-қосымша құру
Корпорация капиталын басқару ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz