«Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны: Кіріспе . . . 3
Мазмұны: Тарау 1. Ұйым қаржысы
Мазмұны: 1. 1
Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды
Мазмұны: тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі . . .
4
Мазмұны: 1. 2

Негізгі және айналым капиталы . . .

5
Мазмұны: 1. 3

Есеп беретін тұлғалардың есебі . . .

5
Мазмұны: 1. 4

Ұйымның шыңындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау

Мазмұны:

өзіндік құнды калькуляциялау . . .

6
Мазмұны: 1. 5
Өндірістің жалпы тиімділігін анықтау . . .
7
Мазмұны: 1. 6
Қорытынды . . .
7
Мазмұны: Тарау 2. Қаржылық есеп
Мазмұны: 2. 1
Ұйымның есеп саясатын құру . . .
8
Мазмұны: 2. 2
Кассалық операциялар есебі . . .
8
Мазмұны: 2. 3
Ағымдағы шоттағы ақша қаражаттар есебі . . .
9
Мазмұны: 2. 4
Есеп беретін тұлғалардың есебі . . .
10
Мазмұны: 2. 5
Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу . . .
11
Мазмұны: 2. 6
Негізгі қорлар есебі . . .
11
Мазмұны: 2. 7
Тауарлы-материалдық қорлар есебі . . .
12
Мазмұны: 2. 8
Еңбек ақысы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу . . .
13
Мазмұны: 2. 9
Ұйымның қаржылық есеп беруі . . .
14
Мазмұны: Тарау 3. Бюджеттік есеп
Мазмұны: 3. 1
Мемлекеттік мекемелердегі есеп саясатының негізгі ережелері . . .
15
Мазмұны: 3. 2
Ақша операцияларының есебі . . .
15
Мазмұны: 3. 3
Дебиторлық және кредиторлық берешек есебі . . .
16
Мазмұны: 3. 4
Қызметкерлермен есеп айырысу есебі . . .
17
Мазмұны: 3. 5
Қорлар есебі . . .
18
Мазмұны: 3. 6
Негізгі қорлар есебі . . .
19
Мазмұны: 3. 7
Материалдық емес активтердің есебі . . .
19
Мазмұны: 3. 8
Кірістер мен шығындар есебі . . .
20
Мазмұны: 3. 9
Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беру . . .
21
Мазмұны: Тарау 4. 1С: Бухгалтерия
Мазмұны: 4. 1
«1С: Бухгалтерия» бағдарламасымен танысу . . .
22
Мазмұны: 4. 2
Есептің жүргізуін дұрыс жолға қою . . .
22
Мазмұны: 4. 3
Есептің жүргізудің жалпы принциптері . . .
23
Мазмұны: 4. 4
Ақша қаражаты операцияларының есебі . . .
24
Мазмұны: 4. 5
Сауда операцияларының есебі . . .
24
Мазмұны: 4. 6
Негізгі қорлар мен материалдық емес активтердің есебі . . .
25
Мазмұны: 4. 7
Еңбекақы және каржылық есеп . . .
26
Мазмұны: 4. 8
Өндіріс есебі . . .
27
Мазмұны: 4. 9
Стандарттық есептер . . .
27
Мазмұны: Тарау 5. Салық салу және заңды тұлғалардың салықтық есебі
Мазмұны: 5. 1

Корпоротивтік табыс салығын есептеу . . .

29
Мазмұны: 5. 2

Қосымша құн салығын есептеу . . .

29
Мазмұны: 5. 3
Мүлік салығын есептеу . . .
30
Мазмұны: 5. 4
Жер салығын есептеу . . .
30
Мазмұны: 5. 5
Әлеуметтік салықты есептеу . . .
31
Мазмұны: 5. 6
Арнайы салық режимдері қолданылатын кіші бизнес субьектілерінің
Мазмұны: салығын есептеу . . . 31
Мазмұны: 5. 7
Қорытынды сабақ және салық салу . . .
31
Мазмұны: Тарау 6. Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау
Мазмұны: 6. 1
Негізгі қор жағдайын және пайдалануына талдау жасау . . .
32
Мазмұны: 6. 2
Айналым қаражаттарын талдау . . .
33
Мазмұны: 6. 3
Еңбек ресурстарын талдау . . .
33
Мазмұны: 6. 4
Өнімнің өзіндік құнын талдау . . .
34
Мазмұны: 6. 5
Өнімнің көлемін және өнімді өткізуді талдау . . .
34
Мазмұны: 6. 6
Ұйым қызметіне операциялық талдау жүргізу . . .
35
Мазмұны: 6. 7
Ұйымның инвестициялық қызметіне экономикалық талдау жасау . . .
35
Мазмұны: 6. 8
Ұйымның қаржылық тұрақтылығына және іскерлік белсенділігіне . . .
36
Мазмұны: 6. 9
Ұйымның қаржылық тұрақтылығына және іскерлік белсенділігіне
Мазмұны: талдау жасау . . . 36
Мазмұны: 6. 10
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау . . .
37
Мазмұны: 6. 11
Қорытынды сабақ және сынақ алу . . .
37
Мазмұны: Қорытынды . . . 38
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер . . . 39

Кіріспе

Мен Тілеубергенова Айсара 30-шы қаңтардан 03-ші сәуір айларының аралығында «Анадолу Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте оқу тәжірибеден өттім.

Осы оқу тәжірибедегі мақсатым - «Анадолу Маркетинг» ЖШС-нің өндірістік - қаржылық қызметін меңгеріп, толығымен танысып, кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін, қаржылық жағдайын зерттеп, қарастыру. Сабақ барысында алған теориялық білімімді тәжірибеде іске асырып, өзімнің қаржылық есеп, аудит, қаржылық талдау салаларында білімімді бекіту болып табылады.

Оқу тәжірибені орындау барысындағы басты міндеттерім:

  • Кәсіпорынның есеп саясатымен, жарғысымен, басты ұйымдастырушылық

құжаттарымен, құрылымдық құжаттарымен, бөлімдер мен бөлімшелердің қызметтерімен толық танысу;

  • Кәсіпорынның бас бухгалтерімен бірлесіп тәжірибенің күнтізбелі

жоспарын құрып, жоспарға күнделікті жазбаны түсіру;

  • Кәсіпорынның ішкі шаруашылық қызметінің анықтама, сипаттамасын

жасап, қызметіне талдау жасау;

  • Кәсіпорынның қызметін қаржылық талдау, яғни қаржылық

тұрақтылығын және қаржылық жағдайын бағалау;

  • Тәжірибе жетекшісінің тапсырмасына сүйене отырып, кәсіпорынның

қаржылық - шаруашылық қызметінің мәліметтері мен құжаттарын жинақтап, іс-тәжірибе жөнінде есеп беруге құрастыру;

Оқу тәжірибемді өткен ЖШС «Анадолу Маркетинг» кәсіпорыны 1998

жылдан бастап Қазақстан нарығында жұмыс істеп келе жатыр. Кәсіпорынның басты мақсаты табыс табу және басты қызметі Түркия Қытай Ресей мемлекеттерінен көтерме бағамен тауар алып Қазақстан нарығында тарату және Қырғызстанға экспорттау болып табылады.

Мен ЖШС «Анадолу Марктинг» кәсіпорында тәжірибе өту барысында

қаржылық есеп, бухгалтерлік есеп және аудит салаларының бөлімшелерінің құрылымымен, бухгалтерлік есептің қалай ұйымдастырылып, есептелетінін, құжаттарының қандай ретпен, қай жағдайда толтырылатынымен таныстым.

Тарау 1. Ұйым қаржысы

1. 1Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі

«Анадолу Маркетинг» ЖШС Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің, Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілікті серіктестіктер туралы» Заңының, және осы жарғының негізінде әрекет етеді, ерікті негізде құрылған және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес заңды тұлға болып табылады. Негізгі мақсаты: пайда табу. ЖШС-ң мекенжайы: индекс 050034, ҚР, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Райымбек даңғылы, 351 «В».

Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектісі болып саналады, бұл қызметкерлердің бір жылда орта есеппен алғандағы саны 100 адамнан аспайтындығы және орташа жылдық табыстың бір жылда орташа есеппен алғандағы құны тиісті қаржылық жылға арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген 300 000 есе айлық есептік көрсеткіштен аспайтындығын білдіреді. Шағын кәсіпкерлік субъектілері қызметкерлерінің бір жылмен алғандағы саны сол субъектінің филиалдарының, өкілдіктерінің және өзге де оқшау бөлімшелерінің қызметкерлерін қосқандағы бүкіл қызметкерлерді ескере отырып белгіленеді.

Серіктестіктің Құрылтайшысы болып табылады:

1. Түркия Республикасының азаматы Озтуран Юсуф туылған жылы 02. 09. 1988, Түркия азаматының төлқұжаты U 02300652, Зейтинбурну тарапынан 20. 05. 2011 ж. Берілген, шетелдік тұру ықтиярхаты №025549244, ҚР IIM тарапынан 14. 11. 2011 ж. Берілген, ЖСН 880902399064 тұрғылықты жері: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Курильская көщесі, 28 үй.

Жарғы капиталындағы қатысу үлесі - 100% - 150 630 000 (жүз елу миллион алты жүз отыз мың) теңге.

Жарғылық капитал серіктестікті тіркеу мерзіміне қатысушылармен қалыптастырылған. Қолданатын заңдармен тағайындалған жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшерінен азайтылуына жол берілмейді. Серіктестіктің мүлігі қатысушылардың салымдары, серіктестіктің тасыстары есебінен және заңнамамен тиым салынбаған өзге қайнар көздерден қалыптасады. Серіктестіктің мүлігі оның балансында есепке алынады.

Мекеменің жұмыс тәртібі; Еңбек ұжымының мүшелері еңбектік құқықтарға ие және міндеттерін ҚР еңбек туралы заңдарына сәйкес атқарады. 3 ЖШС барлық мәселерді ҚР Еңбек туралы заңдары шектерінде шешеді. Қызметкерлердің еңбекақысы мен басқадай табыс түрлерінің қалыптары, төлеу жүйесі ЖШС Директорымен ҚР Заңдарына сәйкес анықталады.

1. 2 Ұымның шаруашылық қызметін жоспарлау

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты таза табыс табу болып табылады. Көзделген мақсатқа жету үшін серіктестік келесі көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асырады:

  • коммерциялық қызмет ( cауда-cатып алу іс-әрекеттері, сауда делдалдық қызмет, дүкендер, дүңгіршектер, сауда уйлерін ашу және пайдалану, делдалдық қызмет көрсету, көтерме-бөлшек, комиссиялық сауданы ұйымдастыру) ;
  • ғылым зерттеу ашуларын өңдеу және еңгізу
  • ғылыми техникалық, патенттік және инжиниринг, маркетинг, консалтинг, сипатында экономикалық ақпараттық қызмет атқару;
  • ғылыми технологияларды енгізу;
  • ғылыми техникалық қызмет;
  • жарнамалы ақпараттық қызмет;
  • Қазақстан Республикасының заңына сәйкес сыртқы экономикалық қызмет, әр түрлі тауарлардың экспорты мен импорты, оның ішінде шетелдік әріптестермен бірге халықаралық жобалар мен бағдарламаларға қатысу үшін шетел мамандарын шақыру, рұқсатнама құжаттарын дайындауға көмек көрсету;
  • Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге қызметтүрлері.

Кәсіпорын үшін жоспарлау есеп және бақылау сыртқы ортамен байланыс құралы ретінде көрінеді. Ақша қорының әрбір қолдану бағытына сәйкес қайнар көзі. Ақша ағымдары шаруашылық қызметтің барлық салаларын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Жоспарлаудың негізгі мақсаты - кәсіпорынның өндірістік-қаржылық операцияларындағы қызметін анықтау, уақыт бойынша және кәсіпорынның бөлімшелері бойынша оны нақтылау, алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін қаржы көздерін және ресурстардың қажетті мөлшерін анықтау. Ұйымның шаруашылық қызметін талдаудың қорытынды кезеңі оның қаржы жағдайын зерттеу болып табылады. Кәсіпорынның қаржы жағдайы оның өндірістік қызметіне тікелей тәуелді болады. Жоспарларды, әсіресе, өнім өндіру мен өткізу жоспарларын орындаудағы ауытқулар кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер етпей қоймайды.

1. 3. Негізгі және айналым капиталы

Негізгі және айналым капиталы қосалқы қорлардың үлесі кәсіпорын қоймасында сақталған тауарлық-материалдық қорлардың айналым активтерінің жалпы сомасына қатынасы арқылы анықталады. Ұйым капиталының құрылымы Көрсеткіштер Негізгі капитал Айналым капиталы Кәсіпорынның меншік капиталы Негізгі қаражаттар Негізгі қор Өндірістік айналым қоры Айналыс қоры Кәсіпорынның қарыз капиталы Ұзақ мерзімді міндеттемелер Қысқа мерзімді міндеттемелер Дереккөз: Кәсіпорын экономикасы оқулығы негізінде Ұйымның айналым қаражатына қажеттілігі мына факторларға байланысты:

• Өндірістік кезеңнің ұзақтығына;

• Компания капиталының құрылымына;

• Компанияның есептік саясатына және есеп айырысу жүйесіне;

• материалдық-техникалық жабдықтау деңгейіне;

• тұтынылатын шикізаттың түрі мен құрылымына;

• өндірістің және компания өнімінің сату мөлшерінің өсу қарқынына;

«Анадолу Маркетинг» ЖШС айналым құралының деңгейі өндірістік процестің қажеттіліктеріне ғана байланысты анықталмайды, кездейсоқ факторларға да байланысты. Сондықтан айналым құралын тұрақты және өзгермелі құралға бөлген жөн.

Осы мәліметтер «Анадолу Маркетинг» кәсіпорынның «Есеп саясаты» құжатынан алынды. Шоттар корреспонденциясы:

Д-т К-т

2410 3310 -жабдықтаушылардан келген негізгі құралдар

2410 3320, 3330, -еншілес ұйымдар мен қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардан түскен негізгі құралдар

2410 4150 -ұзақ мерзімді жалға берілген негізгі құралдардың келіп түсуі 2410 6220 -өтеусіз алынған негізгі құралдардың келіп түсуі

2410 6280 -өзгеде кірістерден түскен негізгі құралдар

Жалдау бойынша негізгі құралдардың келіп түсуі:

Д-т К-т

2410 2160

Ұзақ мерзімді жалдау бойынша негізгі құралдандан есептен шығуы:

Д-т К-т

4150 2410

1. 4. Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақы

Еңбекақы - қызметкерлердің орындаған жұмыс көлемі мен белгілеген еңбек шарты және лауазымы нұсқауына байланысты төлем. Еңбек тиімділігін арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары болып, сыйақы, қосымша төлем, кепіл төлемақы және т. б. болып табылады. Жұмысқа алушы еңбекақы жүйесі мен нысанын Еңбек туралы ережеге сәйкес, нақтылы еңбек жағдайын ескере отырып, Қызметкерлер ережесі бекіткен жұмысшылар және жұмыс уақыты режимі бойынша өздері белгілейді. Аталған ережелер жұмысқа алушыға тек еңбек шартына отыру немесе еңбек режимін ұйымдастыру үшін ғана емес, сонымен қатар шығындармен төлемдерді негіздеу мақсатында қажет. Жалақы жеке жұмыс нәтижесі бойынша немесе ұжымның жұмыс нәтижесіне байланысты төленеді. Бұл жағдайда қызметкерге белгіленген еңбекақы көлемі заң бойынша белгіленетін төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы тиіс. Тәжірибе жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі екі нысаны - мерзімдік және кесімді қолданады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің табысын, оның ішінде табыстан ұсталатын ұсталымдарды және оларға төленуге тиісті еңбекақы сомаларын жинақтап, қорытындылауға арналған құжатты есеп айырысу ведомосі деп атайды.

«Анадолу Маркетинг» кәсіпорынында қызметкерлер құрылымы директор және бас есепшіден құралады.

1. 5. Ұйымның шығындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау.

Өзіндік құнды калькуляциялау Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, өтімділігі мен рентабельділігі ең алдымен ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты және ол тәуекелдіктің өлшемі ретінде көрінеді. Кәсіпорын үшін тәуекелдіктің жоғарғы деңгейі кредиторлық бөлшекті уақытында төлемеудің немесе банкроттыққа ұшыраудың мүмкінділігінің үлкен болуында деп есептеледі. Өндірістік-шаруашылық процесте шикізаттарды, материалдарды және басқа да тауарлық-материалдық игіліктерді алудан бастап, өнім өткізуге дейінгі барлық операциялар тығыз өзара байланыста болады және қаржы арқылы жүзеге асып отырады. Сондықтан егер кәсіпорынның өз қарамағында ақша қаржыларының жеткілікті сомасы болмаса немесе олар ұйымсыз пайдаланылатын болса, мұның өзі жабдықтау, өнім өндіру және өткізу жоспарларының орындалуына едәуір дәрежеде ықпал жасайды.

Кәсіпорын шығындарына әкімшілік шығындар, шикізат және материалдар шығындары, амортизациялық аударымдар, еңбекақы шығындары, коммуналдық шығындар, жал бойынша шығындарын өтейді. Қазіргі кезде кәсіпорынның өз алдындағы міндеттемелерін уақытылы және толық өтеуде, кірістері шығындарына қарағанда жоғары соған байланысты кәсіпорынның қаржылық жағдайы тұрақты.

1. 6Өндірістің жалпы тиімділігін анықтау

Кәсіпорынның өндірістік қуаты негізгі қорлардың өнімді барынша көп шығару жөніндегі мүмкіндіктерімен анықталады. Өндірістік қуат негізгі қорлардың құрамының әркелкі болуына тікелей байланысты болады. Қорлардың бір бөлігі өндірістік процеске тікелей қатысады да, өндірілген өнімнің көлеміне тура ықпал жасайды, енді бір бөлігі өндіріс процесіне тікелей қатыспағанымен, өндірістің қалыпты барысын қамтамасыз ету үшін қажет болады. Бұған қоса кәсіпорындардың өндірістік мақсатқа жатпайтын қорлары да болады. Талдау 7 кәсіпорындардың негізгі қорларының құрамын және осы талданып отырған кезеңде құрамда болған өзгерістерді зерттеуден басталады. Кәсіпорынның табысы өндірістің тиімділігін сипаттайтын қорытынды көрсеткіш болып табылады. Кәсіпорындар немесе бірлестіктер коллективінің жұмысындағы жағымды жақтар да, жағымсыз жақтар да пайдада өз көрінісін табады.

Тарау 2. Қаржылық есеп

2. 1 Ұйымның есеп саясатын құру

Есеп саясаты осы құжаттарға сүйене отырып жасалды:

  • ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы
  • Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары
  • ҚР Қаржы министрлігінің 23. 05. 2007ж. №185 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
  • ҚР «Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
  • ҚР «ҚР кеден ісі туралы» заңы
  • ҚР «ҚР бюджет жүйесі туралы» заңы
  • ҚР«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы

Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді.

Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады. Есеп саясатының міндеттері:

- есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау;

- нәтижелік өзгерістерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;

- қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу;

- ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және ағымдағы активтерді бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету;

- синтетикалық және аналитикалық шоттар тізімін жасау.

2. 2 Кассалық операциялар есебі

Жалпы касса операцияларының есебі 1010 (451) “Кассадағы ұлттық валютасы түріндегі нақты ақша” деп аталатын шоттарда жүргізіледі. Кәсіпорындардың кассадағы ұлттық валюта түріндегі нақты ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының есебі Қазақстан Республикасының

Кіріс құжаттарын қабылдау және өңдеу

Ұйымның құжаттама қызметі төмендегідей операцияларды атқарады:

1. Құжаттарды қабылдау және өңдеу;

2. Құжаттарды тіркеу;

3. Құжаттарды ұйым басшысына қарауға тапсыру;

4. Құжаттарды орындауға тапсыру;

5. Құжаттардың мерзімінде орындалуын бақылау.

Шығыс құжаттарын өңдеу және әзірлеу тәртібі

Шығыс құжаттарын өңдеу төмендегі операциялардан тұрады:

1. Құжаттар жобасын жасау;

2. Жоба жөнінде келісу;

3. Құжатты ресімдеудің дұрыстығын тексеру;

4. Құжатты аударуға беру;

5. Құжатқа қол қою.

Осы мәліметтер «Анадолу Маркетинг» кәсіпорынның «Есеп саясаты» құжатынан алынды. Шоттар корреспонденциясы:

Дт Кт

3350 1010 - кассадан жұмысшыларға еңбекақы төленді

1010 1030 - есеп айырысу шоттынан кассаға ақша келіп түсті

3510 1010 - кассадан қысқа мерзімді аванс берілді

1010 5110 - жарғылық капиталға жарна есебінде кассаға ақша келіп түсті

7210 1010 - әкімшілік шығыстар төленді

1010 6110 - сыйақылар бойынша кірістер

1010 6120 - дивиденттер бойынша кірістер

2. 3 Ағымдағы шоттағы ақша қаражаттар есебі

Кәсіпорындар өздерінің ақша қаражаттарын өздері таңдаған, яғни өздеріне қызмет көрсететін банк мекемелерінде сақтауға міндетті. Ол үшін өздеріқалаған банк мекемелерінде есеп айырысу шотын ашулары тиіс. Есеп айырысу шотын ашу үшін кәсіпорын банк мекемесіне мынадай құжаттарды табыс етуі қажет:

1. Банк мекемесінің атына шот ашу туралы өтініш;

2. Ұйымның, субъектінің құрылуы жайлы құжат, жоғары органдардың ұйымды құруы жайлы шешімдердің көшірмесі;

3. Ұйымның басшысы, бас бухгалтер және олардың орынбасары қол таңбасын қойған, ұйым таңбасы басылған арнаулы үлгідегі карточка және де басқа құжаттар.

Осы мәліметтер «Анадолу Маркетинг» кәсіпорынның «Есеп саясаты» құжатынан алынды. Есеп айырысу шоты бойынша мынадай шаруашылық операциялары көрініс табады:

  • 1030 - “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” шоты дебеттеліп мына төмендегі шоттарға кредиттеледі;

1) 1010 - “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоты- кассадан келіп түскен түсім және депоненттелген еңбек ақы сомасы;

2) 1210 - “Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі” шоты салынған өнім, жұмыс пен қызмет төлемақысына;

3) 3510 - “Алынған қысқа мерзімді аванстар” алынған аванстар” - “Орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар” шоттары-сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстарына;

  • 1030 - “Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша” кредиттелінеді де, мына шоттар дебеттеледі;

1) 3310 - “Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек” шоты алынған өндірістік қорлар орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылармен мердігерлердің акцептелген шоттардың төлемақысына;

2) 1010 - “Кассадағы ұлттық валюта түріндей қолма-қол” шоты-еңбек ақыға, іссапарға және басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға алынған сомасына;

3) 1150 - “Өзге қысқа мерзімді қаржы инвестициялары”;

4) 1130 - “Қысқа мерзімді инвестициялар”;

5) 1610 - “Берілген қысқа мерзімді берілген аванстар”;

6) 3010 - “Банк несиелері”.

2. 4 Есеп беретін тұлғалардың есебі

Өнеркәсіптік-шаруашылық қызметі барысында кәсіпорын өз қызметкерлерін қызмет бабымен іс-сапарға жібереді, дүкендерден кеңсе жабдықтарын сатып алады, почта арқылы жіберілген ақшаларды және басқа да шығындарды төлейді. Бұл шығындардың үнемі банк мекемелері арқылы нақты ақшасыз есеп-айырысу жолымен төленуі мүмкін емес. Сондықтан да жоғарыда аталған және басқа да шығындарды төлеу үшін қызметкерлерге қолма-қол ақша беріледі және олар сол алған ақшасына есеп беруі тиіс. Аванс тек басшының жарлығымен және нақты қажеттілік жеткен кезде есеп беруге тиісті адамдарға және қызмет бабымен жіберілетін тұлғаларға беріледі. Есеп беруі тиісті адамдарға берілген сомалар оны қуаттайтын құжаттарының негізінде жұмсалады және белгіленген мерзімде бухгалтерияға тапсырады (толтырылған аванс құжаты төменде келтірілген) .

Осы мәліметтер «Анадолу Маркетинг» кәсіпорынның «Есеп саясаты» құжатынан алынды. Шоттар корреспонденциясы:

Дт Кт

1250 1030 - есеп айырысу шотынан есеп беретін тұлғаларға ақша берілді

1250 1030 - есеп айырысу шотынан кызметкерлердің шотына ақша аударылды

1010 1250 - есеп беретін тұлға артық ақшаны кассаға кайтарды

7210 1250 - іс сапар шығындары есептен шығарылды

1250 1010 - есеп беретін тұлғаға кассадан ақша берілді

7470 1250 - өзгеде шығыстар

3350 1250 - есеп беруге міндетті тұлғаның, қолданылмаған аванс сомасы еңбекақыдан ұсталынды.

2. 5 Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу

Кәсіпорын өз ондірісінің тиімді және ырғақты жүмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалык базасын жасайды, яғни өндіріске қажет корларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык ұйымдармен келісім-шартқа отырады.

Демек, көсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-

шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша - есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

Осы мәліметтер «Анадолу Маркетинг» кәсіпорынның «Есеп саясаты» құжатынан алынды. Шоттар корреспонденциясы:

Дт Кт

3350 1010 - кассадан жұмысшылардың еңбекақысы берілді

1320 3310 - жабдықтаушылардан дайын өнім келіп түсті

2520 3310 - бағып-күтіп, өсіру үшін жас мал сатып алынды

1310 3310 - жабдықтаушылардан жем-шөп келіп түсті

3310 1610 - мердігерлермен алдын ала жасалған төлем бойынша есептесу

1330 3310 - шетел жабдықтаушыларынан тауар келіп түсті

1420 3310 - келіп түскен тауарларға қосылған құн салығы есептелінді

3310 1030 - мердігерлермен жазба ақшамен есеп айырысу ққс-сыз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналым құралдары мен айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдату көрсеткіштері
Шағын бизнесті демеу шаралары
Ұйым қаржысы
«AV ENERGY» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі
Кәсіпорында маркетингті ұйымдастырудың қағидалары
CAPITAL PROJECTS LTD ЖШС - ның менеджмент жүйесі
«Nur-ali trade» ЖШС-н басқарудың ұйымдастырушылық жүйесі
Инвестициялық ахуалды қалыптастырудың теориялық аспектілері
Кәсіпорынның өнімді өткізуді ұйымдастырудың теориялық аспектілері
«Barakat invest» ЖШС-нің экономикалық-қаржылық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz