АҚ «Нурбанк» есеп саясатын құру


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны: Кіріспе . . .
3
Мазмұны: 1 тарау. Ұйым қаржысы
Мазмұны: 1. 1
АҚ «Нурбанк» құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу тәртібі . . .
Мазмұны: 1. 2
АҚ «Нурбанк» шаруашылық қызметін жоспарлау . . .
Мазмұны: 1. 3
Негізгі және айналым капиталы . . .
Мазмұны: 1. 4
Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақы . . .
Мазмұны: 1. 5
АҚ «Нурбанк»шығындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау . . .
Мазмұны:
Өзіндік құнды калькуляциялау . . .
Мазмұны: 1. 6
Өңдірістің жалпы тиімділігін анықтау . . .
Мазмұны: 2 тарау. Қаржылық есеп
Мазмұны: 2. 1
АҚ «Нурбанк» есеп саясатын құру . . .
Мазмұны: 2. 2
Коперациялар есебі . . .
Мазмұны: 2. 3
Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты есебі . . .
Мазмұны: 2. 4
Есеп беретін тұлғалардың есебі . . .
Мазмұны: 2. 5
Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу . . .
Мазмұны: 2. 6
Негізгі қорлар есебі . . .
Мазмұны: 2. 7
Тауарлы-материалдық қорлар есебі . . .
Мазмұны: 2. 8
Еңбекақысы бойынша қызметкерлермен есеп айырысу . . .
Мазмұны: 2. 9
Ұйымның қаржылық есеп беруі . . .
Мазмұны: Тарау 3. Мекемедегі бюджеттік есеп
Мазмұны: 3. 1
Мемлекеттік мекемелердегі есеп саясатының негізгі ережелері . . .
Мазмұны: 3. 2
Ақша операцияларының есебі . . .
Мазмұны: 3. 3
Дебиторлық және кредиторлық берешек есебі . . .
Мазмұны: 3. 4
Қызметкерлермен есеп айырысу есебі
Мазмұны: 3. 5
Қорлар есебі
Мазмұны: 3. 6
Негізгі қорлар есебі
Мазмұны: 3. 7
Материалдық емес ативтердің есебі
Мазмұны: 3. 8
Кірістер мен шығындар есебі
Мазмұны: 3. 9
Мемлекеттік мекемелердің қаржылық есеп беру
Мазмұны: 4 тарау. «1С: Бухгалтерия»
Мазмұны: 4. 1
«1С: Бухгалтерия» бағдарламасымен таныстыру. Еңбекті қорғау және
Мазмұны: техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау
Мазмұны: 4. 2
4Есептің жүргізуін дұрыс жолға қою
Мазмұны: 4. 3
Есеп жүргізудің жалпы принциптері
Мазмұны: 4. 4
Ақша қаражаты операцияларының есебі
Мазмұны: 4. 5
Сауда операцияларының есебі
Мазмұны: 4. 6
Негізгі қорлар мен материалдық емес активтердің есебі
Мазмұны: 4. 7
Еңбекақы және кадрлық есеп
Мазмұны: 4. 8
Өндіріс есебі
Мазмұны: 4. 9
Стандарттық есептер
Мазмұны: Тарау 5. Салық салу және заңды тұлғалардың салықтық есебі.
Мазмұны: 5. 1
Корпоративтік табыс салығын есептеу
Мазмұны: 5. 2
Қосымша құн салығын есептеу
Мазмұны: 5. 3
Мүлік салығын есесптеу
Мазмұны: 5. 4
Жер салығын есептеу
Мазмұны: 5. 5
Әлеуметтік салықты есептеу
Мазмұны: 5. 6
Арнайы салық режимдері қолданылатын кіші бизнес субьектілерінің
Мазмұны: салығын есептеу
Мазмұны: 5. 7
. Қорытынды сабақ және салық салу
Мазмұны: 6 тарау. Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау
Мазмұны: 6. 1
Негізгі қор жағдайын және пайдалнуына талдау жасау
Мазмұны: 6. 2
Айналым қаражаттарын талдау
Мазмұны: 6. 3
Еңбек ресурстарын талдау
Мазмұны: 6. 4
Өнімнің өзіндік құнын талдау
Мазмұны: 6. 5
Өндіріс көлемін және өнімді өткізуді талдау
Мазмұны: 6. 6
ЖШС «Нурбанк» қызметіне операциялық талдау жүргізу
Мазмұны: 6. 7
ЖШС «Нурбанк» инвестициялық қызметіне экономикалық талдау
Мазмұны: жасау
Мазмұны: 6. 8
Ұйымның қаржылық тұрақтылығына және іскерлік белсенділігіне
Мазмұны: талдау жасау
Мазмұны: 6. 9
Ұйым қызметінің қаржылық нәтижелерін талдау
Мазмұны: 6. 10
Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
Мазмұны: Қорытынды
Мазмұны: Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Мен Косалыкова Улмекен, оқу тәжірибемді АҚ“ Нурбанк ”-те өттім. Оқу тәжірибеден өту мақсатым, тәжірибеден өтетін мекемемнің қаржылық жағдайымен, құрылымымен, ол мекеменің бөлімдерімен, атқаратын қызметтерімен, қауіпсіздік ережелерімен, жұмысқа қатысты заңдармен, ақпараттық жүйелерімен танысу. Сонымен қатар, қазіргі таңдағы технологиялармен, ақпараттық жүйелермен, бағдарламалармен танысу және солармен жұмыс жасап көру. Мекеменің желілік байланыстарымен танысу және мүмкіндік болып жатса, теориялық алған білімімді іс-жүзінде жасап көру.

Алдағы аталған мақсаттарға қоса осы оқу тәжірибе барысында ұйымның өзіне тән программаларымен танысып, солармен жұмыс істеу. Қазіргідей әлемдік ғаламдану процесі кезінде ақпараттар ағымынан адам баласы өзінің ұдайы дамып отыруына керекті ақпаратты саралап, пайдалана білу-бүгінгі уақыттағы басты мәселе. Осыдан кейін туындайтын мәселелердің бірі-жастарға сапалы білім, саналы тәрбие орта мектепте, колледжде, жоғарғы оқу орындарында білім беру ісін оқытудың жаңа инновациялық әдістерімен толықтыру, оқытудың жаңа технологияларын іздестіру, студентті ақпаратты талдай білуге, ақпараттық технологияларды тиімді пайдалана білуге үйрету. Ақпараттық технологияларды игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін оқу және жазу қабілеті сияқты сапаларымен бір қатарға және әрбір адам үшін қажетті шартқа айналады. болып қайта тіркеліп, банктік операцияларды жүргізуге Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 1991 жылғы 21 қазандағы № 48 лицензиясын алады. 1994 жылғы сәуірде Банк «Астана Холдинг» коммерциялық банкімен біріккен. 1994 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық-есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық желісі арқылы негізгі іскерлік және халық көп қоныстанған орталықтарда орналасады. 1995 жылы Қазкоммерцбанк қазақстандық кәсіпорындарды қайта құрылымдау мен жекешелендіру процесінде Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңесшісі болды.

1тарау. Ұйым қаржыcы

1. 1. Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі

Мемлекет заңына сәйкес құрылтай құжаттары жарғы мен құрылтай шарты болып танылады. Дегенмен ұйымдастырушыларға қалыптасу, тіркелу барысында басқа да құжаттар толтыруға тура келеді. Президенттің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығына сәйкес, түрлі қуқықтық ұйымдық нысандар әділет органдарына құжаттардың әр түрлі мәтіндерін ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз,, құрылтай және басқа құжаттар пакеті, Мемлекеттік тірлеу үшін алымдардың төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі.

Белгілі бір шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде құрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) бөлінген заңды тұлға . Қызмет мақсаты пайда алуды көздейді. Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жарғылық капиталдың бастапқы мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш шамасына бара-бар сомадан кем болмауы керек.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шарты жасалады, онда:

- кәсіпорынның аты;

- мекен-жайы;

- негізгі қызмет бағыттары;

- қызмет түрлері;

- капитал мөлшері;

- қоғам мүшелерінің үлестері көрсетіледі.

З аң бойынша азаматтық құқықтар мен міндеттердің субъектісі болып табылатын кәсіпорын‚ мекеме ‚ ұйым‚ фирма , т. б. Ол өз атынан мүліктік және жеке беймүліктік құқықтар мен міндеттемелерді сатып ала алады‚ сотта ‚ төрелік сотта (арбитражда) талапкер немесе жауапкер бола алады. Әрбір заңды тұлға заңда‚ әкімшілік актіде немесе өзінің жарғысында көзделген міндеттерді жүзеге асырады‚ сол тәртіппен реттелетін ішкі құрылымы болады‚ меншігінде, шаруашылық жүргізуінде немесе оралымды басқаруында оқшау мүлкі бар және осы мүлікпен өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

1. 2. Ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау

Кәсіпорын қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны.

Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.

Негізгі құралды иемдену кезіндегі іс жүзіндегі шығындарына жататындар:

Сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық пошлиналар және орны толтырылмайтын салықтар;

Активті тасымалдау және жұмыс қалпына келтірумен байланысты барлық шығындар (тасымалдауға кететін бастапқы шығындар, монтаж шығындары және т. с. с. ) ; Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді. Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бүл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы жөне кептеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс) .

1. 3 Негізгі және айналым капиталы

Негізгі капитал (негізгі қорлар, айналымнан тыс активтер, негізгі құралдар) - бұл өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп, белгілі бір бөліктермен, бірнеше өндірістік цикл ішінде түсіретін және өзінің натуралдық-заттық формасын ұзақ уақыт бойы сақтайтын, жоғалтпайтын еңбек құралдары. Негізгі құралдар өндірістік (өндірістік процесіне қатысатын) және өндірістік емес (тікелей қолдануға арналған, өндірістік процеске қатыспайды: мед. мекемелер, мәдениет үйі, тұрғын үй) болып бөлінеді. Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Айналым құралдарының жеке меншік және қарызданатын болып бөлінуі кәсіпорынға ұсынылатын айналыс құралдарының шығу көздері мен түрлерін көрсетеді, яғни айналым құралдарының қолданылу мерзімі уақытша әлде тұрақты екенін көрсетеді.

1. 4. Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақы

Жұмысшылар мен қызметкерлердің істеген жұмыстарына толықтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбек ақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан, кәсіпорын әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбек ақы есептеу үшін толтырылатын бұл табельдермен алғашқы құжаттардың дұрыс толтырылуы лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Негізгі еңбек ақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбек ақыға мыналар жатады: мерзімді және кесімді еңбек ақы, сыйлықтар мен сыйақылар, үстеме сыйлықтар.

Кесте 1

Шаруашылық операциясының мазмұны
Дебет
Кредит
Шаруашылық операциясының мазмұны: Сауда қызметкерлеріне еңбекақы есептелді
Дебет: 7110
Кредит: 3350
Шаруашылық операциясының мазмұны: Лауазымды тұлғаларға кассадан еңбекақы берілді
Дебет: 1010
Кредит: 3350
Шаруашылық операциясының мазмұны: Басқару аппараты жұмысшыларына демалысақы есептелді
Дебет: 7210
Кредит: 3350
Шаруашылық операциясының мазмұны: Ғимаратты бұзғаны үшін жұмысшыларға еңбекақы есептелді
Дебет: 7410
Кредит: 3350
Шаруашылық операциясының мазмұны: Еңбекақыдан алимент ұсталды
Дебет: 3350
Кредит: 3390
Шаруашылық операциясының мазмұны: Сауда қызметкерлерінің еңбекақысынан зейнетақы жарнасы ұсталды
Дебет: 3350
Кредит: 3220
Шаруашылық операциясының мазмұны: Көмекші өндірісте істейтін еңбеккерлерге жалақы есептелді
Дебет: 8310
Кредит: 3350

1. 5. Ұйымның шығындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау. Өзіндік құнды калькуляциялау

Кәсіпорын әртүрлі өндірістерден және шарушылықтардан тұратын күрделі механизм (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) . Барлық өндірістер негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріске - кәсіпорын шығаратын өнімдер жатады.

Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды. Бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді.

Онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялық өңдеуден өтеді.

Алдын ала жоспарланатын калькуляция - өнімді шығарғанға дейін өндіріске қажетті шығындардың мөлшерін топтайды. Оған: жоспарлы, сметалық, нормативтік калькуляция жатады.

Кейінгі калькуляция - өнім шығарылғаннан соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады. Олар нақты шығынды көрсетеді. Олар ғана нақты және шамаланған калькуляция жатады.

Кесте 2

Шаруашылық операциясының мазмұны
Дебет
Кредит
Шаруашылық операциясының мазмұны: Сыртқы ұйымның көмегімен негізгі құралдарды жөндеумен байланысты шығыстары есептен шығарылды
Дебет: 8400
Кредит: 2330
Шаруашылық операциясының мазмұны: Көмекші өндіріс қажеттілігіне босатылған материалдар
Дебет: 8300
Кредит: 1310
Шаруашылық операциясының мазмұны: Көмекші өндіріске жататын үстеме шығыстары есептен шығарылды
Дебет: 8310
Кредит: 8010
Шаруашылық операциясының мазмұны: Бір-біріне қарама-қарсы көрсетілген қызметтері есептен шығарылды
Дебет: 8310
Кредит: 8310
Шаруашылық операциясының мазмұны: Есепті кезеңнің басындағы негізгі өндіріс бойынша аяқталмаған өндіріс қалдықтары есептен шығарылды
Дебет: 8110
Кредит: 1340

1. 6. Өңдірістің жалпы тиімділігін анықтау

Өндірісті нығайту, тиімділігін арттыру қай деңгейде және қалай іске асатынына байланысты агрегатты, технологиялық және ұйымдастырушылық - шаруашылық шоғырландыру болып бөлінеді. Агрегаттық шоғырландыру, бұл жабдықтардың бірліктік қуаттылығының артуын, яғни жоғарғы қуатты жабдықтардың үлесін арттыру және агрегаттары мен машиналардың өнімділік техникасын дамытудағы қалыптасқан реттегі барынша өсуін айтады. Келесі, ұйымдастырушылық - шаруашылық шоғырландыру өндірісі, өндірістік бірлесудің құрылуымен және ұсақ кәсіпорынның әкімшілдік бірігуімен қалыптасады. Бұл орталықтық басқару өз кезегінде оларды реконструкциялау және техникалық қайта қарулану базасында кәсіпорынның бірігуіндегі өндіріс шоғырлануы үшін алғышартты құрауы қажет.

Рентабельділік, пайдалылық (нем. Rentabel- табысты, пайдалы) - тиімділік‚ фирманың‚ оның қызметінің табыстылық көрсеткіші. Сан жағынан табысты шығынға бөлуден алынған жеке сан ретінде айқындалады.

Сызба 1

2 тарау. Қаржылық есеп

2. 1 АҚ «Нурбанк» есеп саясатын құру

Ұйымның есеп саясатын құру

Қазақстандық бухгалтерлік есеп тәжірибесіне «есеп саясаты» термині кезіндегі Қазақстан Республикасы «Бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссияның» 13 қазан 1996 «Қаржылық қорытынды есеп дайындау және тапсыру жөніндегі тұжырымдама» деп аталған қаулысымен енгізілген. Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

2. 2 Кассалық операциялар есебі

Әрбір ұйымдардың шаруашылық субъектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Кассир материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілік туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақымен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады. “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі бекіткен кассалық операциялар жүргізу тәртібі №24 “ХАС” сәйкес жүргізіледі. Шаруашылық субъектінің есеп айырысу шотынан нақты ақшаны сол есеп айырысу шоты ашылған банк мекемесі берген чек кітапшасы арқылы ғана ала алады. Банк мекемесінен нақты ақша алу үшін шаруашылық субъектінің касса қызметкері чек кітапшасындағы парақты толтырады. Толтырылған чекке шаруашылық субъектінің бас бухгалтері мен басшысы қол қойып, осы субъектінің мөрі басылады.

Кесте 3

Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша”шоты - кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға
1040 (441)
Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша”шоты - кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға: Қызметкерлердің және басқа да адамдардың қарыздары” қызметкерлердің есебінде сомалар, жалақы, жетіспейтін сомалар т. б. бойынша кассаға өткізілген қарыздар
1040 (441): 1250 (333)
Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша”шоты - кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға: Дайын өнімдерді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыс
1040 (441): 6010 (701
Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша”шоты - кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға: Сатып алынған тауарларды сатудан түскен табыс
1040 (441): 6030 (702)
Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша”шоты - кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға: Шоты кредиттелінеді және мына төмендегі шоттары дебеттеледі
1040 (441): 1010 (451)
Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша”шоты - кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға: Қызметкерлер, жұмысшылармен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу” шоты, шаруашылық субъектісінің қызметкерлеріне берілген еңбек ақысының сомасына
1040 (441): 3350 (681)
Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша”шоты - кассаға есеп айырысу шотынан алынған сомаға: Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты шаруашылық субъекті қызметкерлерінің есебіне берілген сомаға
1040 (441): 1250 (333)

Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі

Кесте 4

Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шотын ашады
1010 (452)
Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шотын ашады: Ел ішіндегі валютаның шоттағы қолма-қол ақша” шоты валюта шотынан валюта түскен кезде
1010 (452): 1050 (431)
Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шотын ашады: Алынуға тиісті қарыздар” кассаға алынған валюта түсімінің сомасы
1010 (452): 1210 (301)
Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шотын ашады: Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта сомаларына
1010 (452): 1250 (333)

2. 3 Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты есебі

Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет. Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредетивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. «Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы» деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады. Ақшалай қаржылар - кассадағы және банк шотындағы ақшалар. Ақшалай қаржыларға нақты ақшалар мен қалпына келтіруге дейінгі жарналар жатады . Ақшалай қаржылардың ағымы- ақшалай қаржылар мен олардың эквиваленттерінің келуі мен кетуі.

1000 «Ақшалай қаржылар»бөлімшесінің келесідей шоттары арналған:

Кесте 5

«Кассадағы ақшалар»;
1010
«Кассадағы ақшалар»;: «Жолдағы ақшалай қаржылар»;
1010: 1020
«Кассадағы ақшалар»;: «Ағымдағы банктік шоттардағы ақшалай қаржылар»
1010: 1030
«Кассадағы ақшалар»;: «Карт шоттардағы ақшалай қаржылар»;
1010: 1040
«Кассадағы ақшалар»;: «Жинақ шоттарындағы ақшалай қаржылар»
1010: 1050
«Кассадағы ақшалар»;: «Басқа да ақшалай қаржылар»
1010: 1060

2. 4 Есеп беретін тұлғалардың есебі

Есеп айырысу шотын ашқан шаруашылық субъектісі оның иесі болып табылады. Ол өзіне берілген құқықтардың шегіндеосы шоттағы қаражаттардың барлығына иелік жасайды. Кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша - есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады. Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бакылап отыруға мүмкіндік береді.

«Қорлар» бөлімшесіні негізгі, активтік, инвентарлық шоттарында жүргізіледі.

Кесте 6

1310
«Шикізаттар мен материалдар»
1310: 1320
«Шикізаттар мен материалдар»: «Дайын өнім»
1310: 1330
«Шикізаттар мен материалдар»: «Тауарлар»
1310: 1340
«Шикізаттар мен материалдар»: «Аяқталмаған құрылыс»
1310: 002
«Шикізаттар мен материалдар»: «Жауапты сақтауға қабылданған қорлар»
1310: 003
«Шикізаттар мен материалдар»: «Қайта өңдеуге қабылданған материалдар»
1310: 005
«Шикізаттар мен материалдар»: «Монтаждауға қабылданған жабдықтар»

2. 5 Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу

Кәсіпорын жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 «Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу» шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша - есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.
Өнім жеткізушілермен есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айырысуларды бакылап отыруға мүмкіндік береді.

2. 6 Негізгі қорлар есебі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банк қызметінің жобалауын басқару
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерін басқару
Банктің балансын талдау жəне оқудың əдістемесі
Коммерциялық банктің тартылған ресурстары
Банктік маркетингтің теориясы және оның маңыздылығы
Қарыз алушының несие
Кассалық операциялар
Банктің корпоративтік клиенттерімен жүргізетін операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Коммерциялық банктер қызметін ұйымдастыру мен дамытудың теориялық аспектілері
Мектепте қаржы сауаттылығы пәні бойынша коммерциялық банктердің сырттан тартылған ресурстарының көлемін арттыру жолдарын
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz