«AV ENERGY» ЖШС-нің өндірістік – қаржылық қызметі


Мазмұны
Негізгі және айналым капиталы . . .
Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақы . . .
Корпоротивтік табыс салығын есептеу . . .
Қосымша құн салығын есептеу . . .
Кіріспе
Мен Сарепов Сұлтан 30-шы қаңтардан 03-ші сәуір айларының аралығында «Анадолу Маркетинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестікте оқу тәжірибеден өттім.
Осы оқу тәжірибедегі мақсатым - «AV ENERGY» ЖШС-нің өндірістік - қаржылық қызметін меңгеріп, толығымен танысып, кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін, қаржылық жағдайын зерттеп, қарастыру. Сабақ барысында алған теориялық білімімді тәжірибеде іске асырып, өзімнің қаржылық есеп, аудит, қаржылық талдау салаларында білімімді бекіту болып табылады.
Оқу тәжірибені орындау барысындағы басты міндеттерім:
- Кәсіпорынның есеп саясатымен, жарғысымен, басты ұйымдастырушылық
құжаттарымен, құрылымдық құжаттарымен, бөлімдер мен бөлімшелердің қызметтерімен толық танысу;
- Кәсіпорынның бас бухгалтерімен бірлесіп тәжірибенің күнтізбелі
жоспарын құрып, жоспарға күнделікті жазбаны түсіру;
- Кәсіпорынның ішкі шаруашылық қызметінің анықтама, сипаттамасын
жасап, қызметіне талдау жасау;
- Кәсіпорынның қызметін қаржылық талдау, яғни қаржылық
тұрақтылығын және қаржылық жағдайын бағалау;
- Тәжірибе жетекшісінің тапсырмасына сүйене отырып, кәсіпорынның
қаржылық - шаруашылық қызметінің мәліметтері мен құжаттарын жинақтап, іс-тәжірибе жөнінде есеп беруге құрастыру;
Менім өнідірісті практика оқу міндетім ЖШС «AV Energy» да өте жақсы бағамен өткізілді. Аталған мекеме 10. 07. 1999 жылы жеке меншік кәсіпорын ретінде құрылып, ҚР әділет министрлігінде тіркеліп өз жұмысын серіктестік ретінде атқаруды
Тәжірибе уақытында, мен, кадрлар бөлімінің қызметімен танысап, кадрларды есепке алу құжаттарымен, бөлімнің кәсіптік және қызметтік міндеттемелерін үйрендім. Бухгалтерлік бөлімнің құжаттарын қарап, ұйымның шаруашылық қызметіне белсенді қатыстым, және де мамандарға көмектестім. Тәжірибеде алынған қорытынды есепте көрсеттім.
Тарау 1. Ұйым қаржысы
- Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
«AV Energy» жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ары қарай текстегі атауы Серіктестік Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бойынша оның потенциалын қолдану әсерін жоғарлату үшін құрушылардың жабдықтарын 6ipiктіру арқылы, 220-1 22. 04. 1998 жылғы"Шектеулі және қосымша жауаптағы серіктестік туралы", ҚР Заңы 31. 01. 2006 жылғы, «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы және басқа да нормативті құқық актілер" бойынша құрылған және қызмет істейді.
Құқықтық мекен жайы: Қазакстан Республикасы, Алматы қаласы, Досмұхамедова көшесі, 11 үй, 143 пәтер.
Меншік түрі : жеке меншік. Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдары бойынша шағын бизнестің субъектісі болып саналады.
Серіктестік кызметінің мақсаты - ҚР қатысушының және іскер әріптестерінің мүддесіне қарай бірлескен кәсіпкерлік шаруашылық және басқа да қызметті жүзеге асыру болып табылады.
Серіктестік мынандай құрылыс- монтаждық қызмет түрлерін жүзеге асырады:
- сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы қызмет;
- құрылыс жұмыстарын жүргізу, оның ішінде жобалау, құрылыс-монтаждық құрылыс-жөндеу, ішкі әрлеу және т. б. ;
- құрылыс жұмыстарында қолданылатын кіші-гірім механизмдермен жабдықтау және оларды жөндеуден өткізу;
- көпшілікті және заңды тұлғаларды құрылыс қызметтермен және механизмдермен қамтамасыз ету;
- көлік және темір жол құрылысы
- инженерлік байланыс орнату
Қазақстан Республикасының қолданылатын заңдарында тыйым салынбаған басқа да қызметтің түрлері.
ҚР заңы бойынша мемлекеттік тіркеуден өткен соң Серіктестік заңды мекеме болып саналады .
Кәсіпорынның негізгі қызметі тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады, бұл орайда негізгі көрсеткіштер ретінде өнімді өткізу көлемі, өнімнің өзіндік құны, жалпы табысты және жұмысшылардың еңбек өнімділіктері болады.
Сондықтан кәсіпорын жұмысын талдауды өнімді және қызметті шығару көрсеткіштерін зерттеуден бастаймыз.
1. 2. Ұйымның шаруашылық қызметін жоспарлау
Кәсіпорын қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлға құқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны.
Негізгі құралдар ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі құралды иемдену кезіндегі іс жүзіндегі шығындарына жататындар:
Сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық пошлиналар және орны толтырылмайтын салықтар;
Активті тасымалдау және жұмыс қалпына келтірумен байланысты барлық шығындар (тасымалдауға кететін бастапқы шығындар, монтаж шығындары және т. с. с. ) ; Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
1. 3 Негізгі және айналым капиталы
Негізгі капитал (негізгі қорлар, айналымнан тыс активтер, негізгі құралдар) - бұл өзінің құнын дайын өнімге біртіндеп, белгілі бір бөліктермен, бірнеше өндірістік цикл ішінде түсіретін және өзінің натуралдық-заттық формасын ұзақ уақыт бойы сақтайтын, жоғалтпайтын еңбек құралдары. Негізгі құралдар өндірістік (өндірістік процесіне қатысатын) және өндірістік емес (тікелей қолдануға арналған, өндірістік процеске қатыспайды: мед. мекемелер, мәдениет үйі, тұрғын үй) болып бөлінеді . Айналым қаражаттарының мәні - ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады.
Осы мәліметтер «AV Energy» кәсіпорынның «Есеп саясаты» құжатынан алынды. Шоттар корреспонденциясы:
Д-т К-т
2410 3310 -жабдықтаушылардан келген негізгі құралдар
2410 3320, 3330, -еншілес ұйымдар мен қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардан түскен негізгі құралдар
2410 4150 -ұзақ мерзімді жалға берілген негізгі құралдардың келіп түсуі 2410 6220 -өтеусіз алынған негізгі құралдардың келіп түсуі
2410 6280 -өзгеде кірістерден түскен негізгі құралдар
Жалдау бойынша негізгі құралдардың келіп түсуі:
Д-т К-т
2410 2160
Ұзақ мерзімді жалдау бойынша негізгі құралдандан есептен шығуы:
Д-т К-т
4150 2410
1. 4. Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақы
Серіктестіктің басқарылуы қамсыздандырылады:
Жоғарғы орган Серіктестіктің қатысушымен. Жеке атқару орган - Директор.
Қатысушы, Серіктестіктің ішкі қызметіне қатысты мәселелер бойынша Серіктестіктің өзге де органдарының кез келген шешімінің күшін жоюға құқылы.
Серіктестіктің орындаушы органы Қатысушыларға есеп беруші, Серіктестіктің күдегі қызметіндегі сұрақтарды шешетін Директор болып саналады.
«AV Energy» ЖШС-нің басқару органдары мен жауапкершілігі. Серіктестіктің басқару органдары болып төмендегілер табылады: директорлар кеңесі; қоғамды басқарушылар.
«AV Energy» ЖШС-нің өз бетінше жалақының жалпы қорын бөледі, жұмыскерлердің жалпы санын, олардың мамандандырылған және білікті құрамын анықтайды. ЖШС іс-әрекет ететін заңдылық және шаруашылық қызмет нәтижесіне сәйкес төлем формасы, жүйесі және еңбекті реттеу, жұмыскерлерге қосымша төлеуді бекітеді.
Құрылтайшы
Ревизор
Директор
Әкімшілік- басқарушы персонал
Техникалық директор
Қаржылық директор
Қөлік - көмекші бөлімі
Құрылыс бөлімі
Әкімшілік- басқарушылық персонал
Техникалық персонал
Қаржылық- есеп беру бөлімі
Сурет 1. «AV Energy» ЖШС-нің ұйымдастырушылық құрылымы
Басқарымды шешімдерді қабылдау және іске асыру жауапкершілігі жүктелген басшылар мен манмандар тобы басқару аппаратын құрайды, олар категорияларға бөлінеді
Кесте 1. Кәсіпорынның басқару қызметкерлері
-директор;
-басөарушы;
-директордың орынбасарлары, бөлімшелер құрылымдарының бастықтары;
Экономикалық:
-бухгалтер;
-еңбекті ұйымдастыру бойынша инженер;
-кадрларды дайындау бойынша инженер,
-жабдықтау жөнінде агенті;
-референт-хатшы,
-экспедитор;
-кассир;
-диспетчерлік қызметтің операторы және т. б.
Өндірісті басқаруын қйымдастыру бойынша инженер;
-жоспарлау бойынша техник;
-еңбек бойынша техник және т. б.
-инженерлік-техникалық;
-сапа жөнінде инженер;
-инженер технолог;
-техниг-технолог;
-техник- технолог және т. б
Міне осы баяндалған тиімділік критерилерін негізге ала отырып, кәсіпорынның тиімділігін арттырудағы механизмінің мына моделін ұсынамын.
Басқарудың ұйымдастырушылық құрамына мұнда әр түрлі факторлар әсер етеді. Бір жағынан, бұл өндіріс масштабтарының өсу, шығарылатын өнімнің күрделенуі, территориялық жалпылықтың болмауы факторлары. Екінші жағынан - нақты мирмаларды құрудың тарихи ерекшеліктердің факторлары. Құрылым осы факторлардың бірлесуімен анықталады.
1. 5. Ұйымның шығындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау. Өзіндік құнды калькуляциялау
Кәсіпорын әртүрлі өндірістерден және шарушылықтардан тұратын күрделі механизм (негізгі, көмекші, қосымша, қосалқы және эксперименттік) . Барлық өндірістер негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріске - кәсіпорын шығаратын өнімдер жатады.
Көмекші өндіріс негізгі өндірістің өнімін әзірлеуге қатыспайды. Бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді.
Онда бастапқы шикізат дайын өнімге дейін рет-ретімен технологиялық өңдеуден өтеді.
Кейінгі калькуляция - өнім шығарылғаннан соң бухгалтерлік есеп мәліметтері бойынша жасалынады. Олар нақты шығынды көрсетеді. Олар ғана нақты және шамаланған калькуляция жатады.
Кесте 2 Шаруашылық операциясының мазмұны
1. 6. Өңдірістің жалпы тиімділігін анықтау
Өндірісті нығайту, тиімділігін арттыру қай деңгейде және қалай іске асатынына байланысты агрегатты, технологиялық және ұйымдастырушылық - шаруашылық шоғырландыру болып бөлінеді. Агрегаттық шоғырландыру, бұл жабдықтардың бірліктік қуаттылығының артуын, яғни жоғарғы қуатты жабдықтардың үлесін арттыру және агрегаттары мен машиналардың өнімділік техникасын дамытудағы қалыптасқан реттегі барынша өсуін айтады. Келесі, ұйымдастырушылық - шаруашылық шоғырландыру өндірісі, өндірістік бірлесудің құрылуымен және ұсақ кәсіпорынның әкімшілдік бірігуімен қалыптасады. Бұл орталықтық басқару өз кезегінде оларды реконструкциялау және техникалық қайта қарулану базасында кәсіпорынның бірігуіндегі өндіріс шоғырлануы үшін алғышартты құрауы қажет. Осы мәліметтер «AV Energy» кәсіпорынның «Есеп саясаты» құжатынан алынды.
Тарау 2. Қаржылық есеп
2. 1 Ұйымның есеп саясатын құру
Есеп саясаты осы құжаттарға сүйене отырып жасалды:
- ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» заңы
- Бухгалтерлік есептің халықаралық стандарттары
- ҚР Қаржы министрлігінің 23. 05. 2007ж. №185 бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
- ҚР «Салық және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдер туралы»
- ҚР «ҚР кеден ісі туралы» заңы
- ҚР «ҚР бюджет жүйесі туралы» заңы
- ҚР«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңы
Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді.
Есеп саясатының мақсаты: бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмаламау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үзіксіздігін қамтамасыз ету, материалды активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады. Есеп саясатының міндеттері:
- есеп процедуралары арасындағы нақтылы фактілер мен орындалмай қалған фактілер арасындағы байланысты анықтау;
- нәтижелік өзгерістерге есеп өрісінде қолданылған әр түрлі әдістердің сандық және сомалық әсер етуінің тиімділігін анықтау;
- қаржылық қорытынды есеп сенімділігін арттыру үшін қолданылатын маңызды есеп әдістерін белгілеу;
- ұйымдардың есеп варианттарын таңдап алу процесінде ұзақ және ағымдағы активтерді бағалаудағы, материалды және материалды емес активтерге амортизация есептеудегі әдістерді таңдап алу жөніндегі ұйымның құқығын қамтамасыз ету;
- синтетикалық және аналитикалық шоттар тізімін жасау
2. 2 Кассалық операциялар есебі
Әрбір ұйымдардың шаруашылық субъектілерінің қолда бар нақты ақшалай қаражаттарын сақтайтын өздерінің кассасы болуы керек. Кассир материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкершілік туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбекақымен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады. “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісі бекіткен кассалық операциялар жүргізу тәртібі №24 “ХАС” сәйкес жүргізіледі.
Кесте 3
Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның” есебі
Кесте 4
2. 3 Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты есебі
Қазіргі таңда ақшалар қозғалысын басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды мәселе болып саналып отыр. Ақшалар мен оның баламаларын дұрыс ашып көрсету және жіктеу кәсіпорын қызметінің нәтижесін дұрыс бағалау үшін қажет. Ақшалар шоттарында тек қана жедел арада міндеттемелерді өтеу үшін төлем жасауға қабілетті активтер есептеледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшалары олардың кассасындағы, есеп айырысу және валюталық шоттарындағы ақшаларынан, аккредетивтеріндегі ақшаларынан, чектеріндегі ақшаларынан, банктердегі арнаулы шоттарындағы ақшаларынан, сондай-ақ аударылған жолдағы ақшаларынан құралады. «Кәсіпорындар мен ұйымдардың бухгалтерлік балансындағы ақшаларының қалдығы» деп аталатын бабында осы жоғарыда аталған ақшалар шоттарындағы ақшалардың барлық қалдығының жиынтық сомасы жазылады. Ақшалай қаржылар - кассадағы және банк шотындағы ақшалар. Ақшалай қаржыларға нақты ақшалар мен қалпына келтіруге дейінгі жарналар жатады . Ақшалай қаржылардың ағымы- ақшалай қаржылар мен олардың эквиваленттерінің келуі мен кетуі.
1000 «Ақшалай қаржылар»бөлімшесінің келесідей шоттары арналған:
Осы мәліметтер «AV Energy» кәсіпорынның «Есеп саясаты» құжатынан алынды. Шоттар корреспонденциясы:
Кесте 5 Ақшалай қаржылар бөлімшесінің шоттары
2. 4 Есеп беретін тұлғалардың есебі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz