Ұйым қаржысы. «Қазпочта» АҚ


ЖОСПАР
Кіріспе
1. ҰЙЫМ ҚАРЖЫСЫ. «Қазпочта» АҚ
1. 1Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білужәне дайындау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
1. 2 «Қазпочта» АҚ-ның шаруашылық қызметін жоспарлау
1. 3 Негізгі және айналым капиталы
1. 4 Қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру және еңбекақы
1. 5 «Қазпочта» АҚ-ның шығындарын және оның қаржылық нәтижелерін анықтау. Өзіндік құнды калькуляциялау
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП
2. 1 «Қазпочта» АҚ-ның есеп саясатын құру
2. 2 Кассалық операциялар есебі
2. 3 Ағымдағы шоттағы ақша қаражаты есебі
2. 4 Есеп беретін тұлғалардың есебі
2. 5 Жеткізушілермен және мердігерлермен есеп айырысу
2. 6 «Қазпочта» АҚ-ның негізгі қорлар есебі
2. 7 Тауарлы-материалдық қорлар есебі
2. 8 Еңбекақы
3. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
3. 1 Ұзақ мерзімді қаржылық жоспарлау
3. 2 «Қазпочта» АҚ-ның айналым активтерін және қысқа мерзімді міндеттемелерді басқару
3. 3 Шаруашылық субъектінің бюджетті - салықтық жүйесі
3. 4 «Қазпочта» АҚ-ның табысы және рентабельділігі
3. 5 Шаруашылық субъектісі мен кәсіпкерлік тәуекелдік және банкроттығын талдау
3. 6 Қаржылық менеджменттің тәсілдері
4. Экономикалық талдау және қаржылық есепті талдау
4. 1 «Қазпочта» АҚ-ның негізгі қор жағдайын және пайдалнуына талдау жасау
4. 2 Айналым қаражаттарын талдау
4. 3 Еңбек ресурстарын талдау
4. 4 Өнімнің өзіндік құнын талдау
4. 5 Өндіріс көлемін және өнімді өткізуді талдау
4. 6 Ұйым қызметіне операциялық талдау жүргізу
4. 7 Ұйымның инвестициялық қызметіне экономикалық талдау жасау
4. 8 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына және іскерлік белсенділігіне талдау жасау
4. 9 Ұйым қызметінің қаржылық нәтижесін талдау
4. 10 Ұйымның қаржылық жағдайын талдау
4. 11 Қорытынды
КІРІСПЕ
Кәсіпорындар өз өнімдерін нарыққа шағару ұмтылысы мен қабілетін анықтайтын маңызды факторлар - өндіріс шығындары болып табылады. Кез-келген тауарды өндіру-шығындарды талап етеді, ал бұл шығындардың да өздерінің белгілі бір бағалар болады.
Қазақстанның бухгалтерлік есеп стандарттарында және ол бойынша жасалған әдістемелік ұсыныстарында басқарушылық пен қаржылық есебін жүргізудің қоғамдық тұрғысынан танылған тәсілдері мен әдістері, ережелері мен қағидалары белгіленген, онда әрбір кәсіпорындардың техникалық базасына, олардың шешетін міндеттемелерінің күрделілігіне, басқарушы қызметкерлердің біліктілігіне қарап нақтыланған.
Кәсіптік біліктілікті дамытуды жетілдірумен қоса, ең алдымен мен этикалық нормаларды сақтай отырып рұқсат етілген нормада компецетиялы қызметкерге қойылатын талаптарды игердім. Ол үшін мен келесі талаптарды орындауға тырыстым:
- Кәсіпорынның белгіленген жұмыс тәртібін сақтау;
- Әкімшіліктен белгіленген құқықтар шегінде тағайндалған жұмыстарды толығымен әрі уақытылы орындау;
- Кәсіпорында белгіленген эстетикалық және этикалық нормаларға сай ұқыпты киіну;
- Кәсіпорында болған тапсырсалардың құпиялығын сақтау;
Тәжірибе оқу үрдісінің бөлінбейтін бір бөлігі болып табылады және өнеркәсіп салалары мен әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындар үшін мамандар дайындауда маңызды элемент болып табылады.
Экономистер мен басқарушылар - бұл әртүрлі экономикалық және басқарушылық дайындығы бар, экономикалық заңдардағы, заңдылықтар мен олардың әрекет ету механизмдеріне еркін бейімделе алатын, болжау, жоспарлау және күрделі экономикалық өзара байланыстарды зерттеу әдістемесін жетік игерген мамандар жас-бітірушілер мамандықтың теориялық білімдерін жетік білуімен қатар, кәсіби мәселелерді тәжірибеде шығармашылықпен шеше ала білуі қажет.
1. ҰЙЫМ ҚАРЖЫСЫ. «Қазпочта» АҚ
1. 1Ұйымның құрылтай құжаттарын оқып білу және дайындау. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу тәртібі
Президенттің «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығына сәйкес, түрлі құқықтық-ұйымдық нысандар әділет органдарына құжаттардың әр түрлі мәтіндерін ұсынады. Олардың жалпы жобасы мынадай: арыз,, құрылтай және басқа құжаттар пакеті, Мемлекеттік тіркеу үшін алымдардың төленгенін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін тіркеу құжаттарының толық пакеті мынадай:
- Тіркеу туралы арыз;
- Құрылтайшылар бекіткен жарғы;
- Құрылтай шарты (құрылтайшы біреуден көп болса) ;
- Құрылтай құжаттарында көрсетілген негізгі жарғылық қордың 25 пайызы банк депозитіне төленгендігі жөнінде банктен алынған анықтама ( ал заттай төленсе, аудиторлық тұжырымдама керек болады) ;
- Санақ карточкасы;
- Егер құрылтайшылардың біреуі мемлекеттік кәсіпорын болса, меншік иесінің немесе оның өкілінің келісімі;
- Заңды тұлғаның мекен - жайын растайтын құжат;
- Тіркеу үшін алымдардың төленгендігін растайтын түбіртек немесе оның көшірмесі (19) .
Жарғы немесе құрылтай шарты, фирманың негізгі құжаттары ретінде, міндетті түрде нотариалдық куәландыруды талап етеді. Онсыз олар заңды деп танылмайды. Егер еншілес кәсіпорын немесе филиал ашылатын болса, жарғы бас ұйымның бланкісіне толтырылып, «Келісілді» деген арнайы белгі қойылады . жұмысшылардың еңбегі, жалақысы және оларға берілетін әлеуметтік кепілдіктер; басқару және бақылау органдары; мүлкі, қорлары, табысы; серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері және жауапкершілігі; қызметінің мақсаты мен мәні (туризм, сауда, жарнамалық және делдалдық қызмет т. б. ) ; жалпы ережелер: ұйымдық - құқықтық нысаны, атауы, мекен - жайы; Екі құжат та мазмұндары сәйкестендіріліп, мұқият дайындалған болуы тиіс. Олар банктер, салық, төрелік сот, әділет және рұқсат қағаз беруші ұйымдар тарпынан қатаң тексеруден өтеді. Тағы бір ескеретін жай, жарғыда жазылғаннан басқа нәрселермен айналысқыңыз келсе, жарғыны ауыстырып, қайта тіркеуден өтуге тура келеді. Жарғының деректемелері: 1. Құрылтайшылар жиналысының бекіту белгісі; 2. Мемлекеттік тіркеудің белгісі; 3. Мәтіннің атауы; 4. Жарғының мәтіні; 5. Фирманың атқарушы органы басшысының қолы. Жарғының негізгі деректемесі - мәтін - ол саны мен рет тәртібі қатан белгіленбеген бөлімдерден тұрады. Алайда мәтінде мынадай мәліметтер берілуі тиіс:
Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.
Серіктестіктің жарғылық капиталының барлық үлесін бір адам сатып алатын жағдайда жауапкершілігі шектеулі жөне қосымша жауапкершілігі бар серіктестікті бір адам құруы мүмкін немесе олар бір адамнан тұруы мүмкін (ЖПІС туралы заңның 1-бабының 3-тармағы, 2-бабының 1-тармағының 1-бөлігі; Шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 5-тармағы) . Алайда бұл жағдайда да мүліктің меншік иесі, бір ғана қатысушы емес, серіктестіктің өзі болуға тиіс. Толық және сенім серіктестіктерінде қатысушьшардың саны екеуден кем болмауы тиіс (АК-ның 71-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1 жөне 4-тармақтары, 76-бабының 1-тармағы; Шаруашьшық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 3-тармағы, 36-бабы) .
Шаруашылық серіктестіктің құрылтай кұжаттары - құрылтай шарты жөне жарғы. Егер серіктестікгі бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды да, мұндай серіктестік жарғының және заңды тұлғаны құру жөніңдегі жазбаша түрде рәсімделген шешімнің негізінде ерекет етеді (АК-ның 41-бабының 1-тармағының 1-бөлігі) . Акционерлерінің саны жүз және одан да асатын акционерлік қоғамды шаруашылық серікгестікке айналдыратьш жағдайда да құрылтай шарты жасалмайды. Акционерлік қоғамнан өсіп шыққан серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне құқығын делелдейтін құжат шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімінен алынған көшірме болып табылады (АК-ның 58-бабының 9-тармағы) .
1. 2 «Қазпочта» АҚ-ның шаруашылық қызметін жоспарлау
Қазпочта ТМД аумағында бірінші болып пошта-жинақ жүйесін құрастырып енгізген бірден-бір пошта әкімшілігі болып табылады. «Қазпочта» АҚ-ның сапалы пошта-жинақ жүйесін құрастырудағы жұмысының нәтижелері байланыс саласындағы аймақтық достастықпен сәтті деп танылды. Ал Қазақстандағы жаңа пошта жүйесінің үлгісі Достастық елдері пошта әкімшіліктері үшін болашағы мол даму жолы ретінде атап өтілді. Бүгінгі күні қазақстандық пошта 21 000-ға жуық қызметкер, республика бойынша 3200 байланыс бөлімшелері, 14 облыстық және 4 республикалық мәндегі филиалдан тұрады. Қазіргі кезде қазақстандық поштаны көп функционалды қаржылық супермаркетке айналдыру үрдісі жедел іске асырылуда. Мұнда жақын арада пошталық, қаржылық және басқа да қызметтер көрсетіледі. Қазақстан сияқты үлкен мемлекетте ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында әмбебап логистикалық операторының қызметінсіз мүмкін емес. Пошта саласында жүріп жатқан өзгерістер, тұтастай алғанда компанияның алға жылжуына негіз қалады. «Standard & Poor's» халықаралық рейтингтік агенттігі 2013 жылы «Қазпочта» АҚ-ға ұзақ мерзімді несиелік ВВ+ «Тұрақты» рейтингісін берді. Бұл компанияның тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын екенін дәлелдейді. «Қазпочта» АҚ 2014 жылдың қаңтарынан «Самұрық» мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдау болды. Бір жыл ішінде алға қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда бірлесіп жасалған жұмыстар жемісті болды. Директорлар кеңесінде жай ғана поштаның даму тұжырымдамасын емес, сонымен қатар ұлттық пошта операторының инфрақұрылымын жаңартатын бағдарламаны қамтитын 2015-2018 жылдарға дамудың стратегиялық бағыттары бекітілді. Мұндай жаңартудың негізгі міндеттері пошта байланысы бөлімшелерінің жеке желісін оларды жан-жақты қамтып, техникалық нығайту мен ақпараттық коммуникациялық және банктік жабдықтармен қамту арқылы жетілдіру болып табылады. «Қазпочта» АҚ 2014 жылдың қаңтарынан «Самұрық» мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдау болды. Бір жыл ішінде алға қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда бірлесіп жасалған жұмыстар жемісті болды. Осы уақыт ішінде осындай мемлекеттің шешімін дұрыс қабылдау мен түсінуде келді. Директорлар кеңесінде жай ғана поштаның даму тұжырымдамасын емес, сонымен қатар ұлттық пошта операторының инфрақұрылымын жаңартатын бағдарламаны қамтитын 2015-2018 жылдарға дамудың стратегиялық бағыттары бекітілді. Мұндай жаңартудың негізгі міндеттері пошта байланысы бөлімшелерінің жеке желісін оларды жан-жақты қамтып, техникалық нығайту мен ақпараттық коммуникациялық және банктік жабдықтармен қамту арқылы жетілдіру болып табылады. Бұл шаралар көптеген стратегиялық маңызды міндеттерді орындауды ұйғарады. Бірінші кезекте қаржыландыру көздерін аймақтық желіні қалалық, аудандық, ауылдық деңгейде дамытуға толық мобилизациялау қажет. Бұл жан-жақты әрі ақпараттық-техникалық жабдықтау деңгейінде стандартты пошта-жинақтау қызметтерінің тізімін сапалы негізде көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл қайта жабдықталған пошта байланысы бөлімшелерінде «электронды үкімет» жүйесіне қосылу, несиелеу, тұрғын үй салу жинақтарын жасау үшін теле және ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді дамыту есебінен көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Компанияның даму жоспарын іске асыру пошта-жинақтау қызметтерін көрсету деңгейін көтеруге, пошта жөнелтімдерін тасымалдау жиілігін арттыру, сонымен қатар тұтастай алғанда аймақтық желі мен тораптық бағдарларды оңтайландыратын тораптық бағыттар бойынша пошталық жөнелтімдерді жеткізу мерзімін қысқартуға септігін тигізеді.
«Қазпочта» АҚ қызметінің тағы бір оңды нәтижесі клиенттер мен әріптестер жағынан компания қызметтеріне деген жоғары қызуғышылық болып табылады. Пошта - Қазақстан халқының бәріне дерлік қол жетімді бірегей күшті желілік құрылым. Қазпочта ең пәрменді филиалдық желіге ие. Республикада мұндай желіге іспеттес желі жоқ. Қазпочтаның барлық облыстық филиалдарында «K-mobile» мен «K-cell» ұялы байланыс қызметтері үшін төлемдерді қабылдаудан жаңа жобаларды іске асыру бойынша бағдарламалық өнімдер сәтті қолданылып келеді.
2014 жылдың мамырында Қазпочта құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті іске асыруға лицензияны алды. Бұл компанияның трансфер-агенттік қызметтерді көрсетудегі жұмысын кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде «Қазпочта» АҚ өзінің қызметін құнды қағаздар рыногында белсенді түрде дамытуда. Мұнда негізгі екі бағытты атап өтуге болады.
Екінші бағыт «Қазпочта» АҚ құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік желіні дамытуды айқындайды. Осыған байланысты «Самұрық» мемлекеттік холдингінің «Қазақтелеком» АҚ-ның 4, 6% жай акциялары мемлекеттік пакетін «Қазпочта» АҚ трансфер-агенттік пункттері арқылы сату тәжірибесі сәтті болды. Қазпочтаның трансфер-агенттік пункттері инвесторлар мен сатушылар арасында байланыстырушы түйін қызметін атқарады. Трансфер агенттік желі арқылы акцияларды сатып алу өтініштері бүкіл Қазақстан бойынша қабылданды. Аймақтардағы инвесторлар акцияларды сатып алу келісімін өздері тұрған жерден-ақ жүзеге асырды. Бұл жобаны іске асыру трансфер агенттік желіні қолданудың инвесторлар үшін де, Қазпочта үшін де тиімді екенін көрсетті. Бұған дейін трансфер агенттік қызмет қор рыногында табысты қызмет түрлеріне жатпайды деп есептелген.
Ұйымдастырушылық басқару құрылымы. Қазіргі кезде Қоғамда үш деңгейлі басқару жүйесі жүзеге асырылады. 1-деңгей -Қоғам филиалдарын тікелей басқаратын Орталық ақпарат.
2-деңгейге 20 филиал кіреді:14 облыстық филиал, «Астана қ. почта тасымалдау бөлімі» филиалы, «Алматы қ. почта тасымалдау бөлімі»филиалы, «Алматы почтамты» Алматы филиалы, Республикалық арнайы байланыс қызметі филиалы, «Астана почтамты» Астана филиалы, «Почтажабдықтау» филиалы.
Сурет 2. АҚ Қазпочтаның» басқару құрылымы.
Қайнар көзі: «Қазпочта» акционерлік қоғамның жылдық есебі 2015ж
3-деңгей облыстық филиалдардың қоластындағы 18 қалалық почта баланыс тораптары (ҚПБТ) мен 156 аудандық почта байланысы тораптарынан (АПБТ) тұрады. Облыстық филиалдар, ҚПБТ-лар мен АПБТ-лар, 599 қалалық почта байланысы бөлімдері мен 2530 ауылдық почта байланысы бөлімдері, 66 жылжымалы почта байланысы бөлімшелері және 361 почта байланысы пункттерінің қызметін бақылау, үйлестіру мен басқару қызметтерін атқарады.
2013 жылы Басқармамен бекітілген «Қазпочта» АҚ желісін дамыту жоспарына сәйкес 2014 жылы 12 қалалық, 66 ауылдық почта байланысы бөлімшелері, почта байланысы пункттері ашылды. Жылдарға Қазпочта АҚ инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы жасалды. Сурет 3.
«Қазпочта» акционерлік қоғамының басшылығы өз алдына компанияны республиканың қалалық болсын, ауылдық болсын тұрғындары үшін почталық және қаржылық қызметтер кешенінің толық ауқымын көрсетуге бағытталған экономиканың жеке сегментіне айналдыру мақсатында қойылды.
Бүгінгі таңда «Қазпочта» АҚ кең ауқымда пошталық, қаржылық, агенттік, трансфер-агенттік қызметті және басқа да қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ, ақпараттық, ақша және тауар ағыны өтетін жүйе болып табылады.
«Қазпочта» АҚ пошталық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:
- жазбаша хат-хабарлар, бандерольдар мен сәлемдемелерді жөнелту мен жеткізу;
- ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді жіберу мен жеткізу;
- EMS-Kazpost шабармандық қызметі;
- мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды қабылдау, тасымалдау, жіберу, жеткізу мен бөлшек сауда арқылы сату;
- арнайы байланыс қызметі;
- филателия;
- аралас электронды пошта (пошталық жеделхат) .
1. 3 Негізгі және айналым капиталы
Ұйымда негізгі капиталды пайдаланудың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау үшін есепті кезең басындағы негізгі капиталдың бастапқы құны, есепті кезең соңындағы негізгі капиталдың бастапқы құны, негізгі капиталдың қалдық құны, жинақталған тозу сомасы немесе амортизация сомасы туралы мәліметтер қажет болады. Осы мәліметтер негізінде негізгі капиталдың жағдайына толыққанды талдау жасауға қол жеткізе аламыз.
Ұйым қызметінің қалыпты жүруін қамтамасыз ету үшін негізгі капиталмен қажетті деңгейде қамтамасыз етіп қана қоймай оларды жыл сайын жаңартып отыруға және өндірістік үрдісте пайдаланылмайтын, өнімділігі мен тиімділігі төмен бөлігін басқа мақсатта пайдалануға немесе мүлдем есептен шығаруға да мән берілу қажет. Бұл жағдай кез-келген ұйымның меншік иесі мен басқарушысы үшін де маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
4 - кесте. Негізгі капиталды пайдаланудың салыстырмалы көрсеткіштері
4 - кестеде берілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, 2016 жылы «Қазпочта» АҚ- де негiзгi құралдарды жаңарту мүмкiндiгi айтарлықтай жақсарғанын байқауға болады. Бұл 2016 жылы келiп түскен негiзгi құралдардың құны өткен жылмен салыстырғанда едәуір жоғары болуынан, яғни, 28 028 000теңгені құрап 133%-ға артуымен байланысты болып отыр. Оған жоғарыда айтып өткеніміздей, машиналар мен құрал-жабдықтар, өндірістік және шаруашылық инвентарлар сатып алуы және жаңа ғимараттар мен құрылыстардың пайдаланылуға берілуі себеп болған. Ал негізгі капиталдың шығу коэффициенті айтарлықтай төмендеген. Бұл 2014 жылы ұйымдағы негізгі капиталдың істен шығуы немесе жойылуы 152 000теңгеге дейін азайған. Яғни 2015 жылы 169 000теңгенің негізгі капиталы істен шығарылса, 2016 жылы істен шыққан негізгі капитал құны 17 000теңгені ғана құрады. Осыған байланысты негізгі капиталдың шығу коэффициенті айтарлықтай төмендегенін көріп отырмыз. Мұндағы бір ескеретін жағдай бұл көрсеткішті есептеу кезінде есепті кезеңнің басындағы негізгі капиталдың бастапқы құны алынуы тиіс. Бұл дегеніміз есепті кезеңде істен шыққан негізгі капитал құнын кезең басындағы негізгі капиталдың бастапқы құнына бөлу арқылы есептеледі. Бұл көрсеткіш есепті кезеңде істен шығарылған негізгі капиталды сипаттайды.
Ұйымдағы негізгі капиталдың техникалық жағдайын негізгі капиталдың тозу және жарамдылық коэффициенттері арқылы сипаттауға болады. «Қазпочта» АҚ- де бұл көрсеткіштердің мәні 2016 жылы 0, 17 және 0, 83 құраған. Яғни, негізгі капиталдың тозу шамасы 17% болса, жарамдылығы 83%-ды көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіштердің мәні ұйымдағы негізгі капиталдың тозу дәрежесіне және қалыптасқан амортизациялық саясатқа байланысты өзгеріп отырады. Кейбір экономистердің бағалауы бойынша тозу коэффициентінің мәні 50 % -дан жоғары болған жағдайда ұйым қызметіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Осыған байланысты басшылық тарапынан ұйымның материалдық - техникалық базасын нығайтуға және жаңартуға баса назар аударылуы тиіс. Ал, жаңа техникалар мен технологияларды өндiрiске енгiзу кәсiпорын қызметiнiң соңғы нәтижесiне, өнiм сапасына, өзiндiк құнға және басқа да көрсеткiштерге оң әсер ететiндiгi белгiлi.
Ұйымдағы негізгі капиталды пайдалану тиімділігін едәуір айқын көрсететін көрсеткіштердің қатарына қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы, қормен қарулану, негізгі капиталдың табыстылығы және т. б. жатқызуға болады, сондай-ақ, өндірістік үрдіске тікелей әсер ететін негізгі капиталдың активті бөлігінің үлесін анықтаудың да маңыздылығы жоғары. «Қазпочта» АҚ-ғы бұл көрсеткіштердің мәндерін есептеп, келесі кесте (5-кесте) түрінде көрсетуге болады.
5 - кесте. Негізгі капиталды пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz