Қайта өрлеу дәуірінің негізгі принциптері



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі принциптері.
2. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым.
3. Дәуірдің утопиялық көзқарастары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Бұл тарихи кезең өзін антикалық мәдениеттің, антикалық өмір салтының, ойлау тәсілінің және сезім талдығының жаңаруы, жаңғыруы деп сезінді. Сондықтан болар «Ренессанс» деген терминмен сипатталған.
Бұл кездегі философиялық ойлауды антропоцентрлік деп айтуға болады, өйткені оның өзегінде тұрған адам. Антропоцентризм – дүниетанымдық айқындама, оған сәйкес Адам дегеніміз — әлемнің орталығы және асқар шыңы. Адам әлемнің қақ ортасында тұр, яғни бүкіл әлем Адам үшін – шет аймақтар; Адам әлемнің ең ұшар басында тұр, демек бүкіл әлем деңгейі жөнінен де, маңызы жөнінен де адамнан төмен. Тек Адам ғана – субъект, ал бүкіл әлем оның объектісі ғана. Әлем Адам игілігіне, өз еркінше пайдалануына құрал ретінде ғана берілген. Батыс Еуропадағы қайта өрлеу дәуірі қоғамының белгілі бір бөлігінің көңіл күйі ретінде Адам осындай . Мұнда іс жүзінде әрбір суреткер – алып немесе тіпті құдірет, қалған бүкіл әлем соның төңірегінде шыр айналады.
Гуманизм Қайта өрлеу дәуірінде тиянақты идеялық қозғалыс ретінде қалыптасты. Гуманизм – адамның қадір-қасиеті мен құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына, Адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Бұл кезеңде гуманизм феодализмге және орта ғасырдың теологиялық көзқарастарына, қарсы көзқарастармен тығыз байланыста болды. Гуманистер Адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, Адам ләззаты мен өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру құқы жолында күресті. Осы дәуірдің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонарда да Винчи, Бруно, Монтень, Коперник т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды роль атқарды. Әуел бастан-ақ гуманизмнің ішінде – Мор, Кампанелла, Мюнцер секілді өкілдері, кейінірек утопиялық социализмнің басқа да жақтаушылары еңбекшілер бұқарасының мүдделерін білдіретін ағым болып оқшау шықты. Олар қоғамның антигуманистік сипатын көре білді, оның кеселдерін сынады, мүліктік теңдікті талап етті. Сапалық жаңа гуманизм барлық адамдардың жан-жақты және жарасымды дамуы үшін, жеке адамның шын бостандығы үшін қажетті алғы шарт жасайды.
Осы дәуірде әлемнің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы, поляк астрономы Н.Коперник болды. Ғылым тарихында Коперник ілімі шын мәніндегі революциялық іс болды, сол арқылы табиғат зерттеу істері өзінің діннен тәуелсіз екенін паш етті. Жердің күнді айналуы туралы және Жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы Коперник теориясы Птоломейдің геоцентрлік жүйесін және «құдайдың қалаулысы» ретіндегі жер туралы оған негізделген діни түсініктерден қол үзуді білдіреді. Бұл теория аристотельден бері келе жатқан және схоластикада пайдаланылған аспан мен жер денелерінің қозғалыстарын бір-біріне қарсы қоюды жоққа шығарып, дүниені құдай жаратқаны туралы шіркеу аңызына соққы берді, болашақта күн жүйесінің табиғи пайда болуы мен дамуы туралы ілімнің дүниеге келуін жеделдетті. Коперниктің заманының және одан кейінгі дәуірлердің озық ойшылдары оларды өздерінің жауынгерлік туына айналдырып, одан әрі дамытты.
1. Bigox.kz сайтынан алынды

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Қайта өрлеу дәуірінің негізгі принциптері.
2. Қайта өрлеу дәуіріндегі ғылым.
3. Дәуірдің утопиялық көзқарастары.
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

І. Кіріспе
Бұл тарихи кезең өзін антикалық мәдениеттің, антикалық өмір салтының, ойлау тәсілінің және сезім талдығының жаңаруы, жаңғыруы деп сезінді. Сондықтан болар Ренессанс деген терминмен сипатталған.
Бұл кездегі философиялық ойлауды антропоцентрлік деп айтуға болады, өйткені оның өзегінде тұрған адам. Антропоцентризм - дүниетанымдық айқындама, оған сәйкес Адам дегеніміз -- әлемнің орталығы және асқар шыңы. Адам әлемнің қақ ортасында тұр, яғни бүкіл әлем Адам үшін - шет аймақтар; Адам әлемнің ең ұшар басында тұр, демек бүкіл әлем деңгейі жөнінен де, маңызы жөнінен де адамнан төмен. Тек Адам ғана - субъект, ал бүкіл әлем оның объектісі ғана. Әлем Адам игілігіне, өз еркінше пайдалануына құрал ретінде ғана берілген. Батыс Еуропадағы қайта өрлеу дәуірі қоғамының белгілі бір бөлігінің көңіл күйі ретінде Адам осындай . Мұнда іс жүзінде әрбір суреткер - алып немесе тіпті құдірет, қалған бүкіл әлем соның төңірегінде шыр айналады.
Гуманизм Қайта өрлеу дәуірінде тиянақты идеялық қозғалыс ретінде қалыптасты. Гуманизм - адамның қадір-қасиеті мен құрметтеуді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның игілігіне, оның жан-жақты дамуына, Адам үшін қолайлы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы. Бұл кезеңде гуманизм феодализмге және орта ғасырдың теологиялық көзқарастарына, қарсы көзқарастармен тығыз байланыста болды. Гуманистер Адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, Адам ләззаты мен өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру құқы жолында күресті. Осы дәуірдің аса көрнекті гуманистері - Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонарда да Винчи, Бруно, Монтень, Коперник т.б. - зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды роль атқарды. Әуел бастан-ақ гуманизмнің ішінде - Мор, Кампанелла, Мюнцер секілді өкілдері, кейінірек утопиялық социализмнің басқа да жақтаушылары еңбекшілер бұқарасының мүдделерін білдіретін ағым болып оқшау шықты. Олар қоғамның антигуманистік сипатын көре білді, оның кеселдерін сынады, мүліктік теңдікті талап етті. Сапалық жаңа гуманизм барлық адамдардың жан-жақты және жарасымды дамуы үшін, жеке адамның шын бостандығы үшін қажетті алғы шарт жасайды.
Осы дәуірде әлемнің гелиоцентрлік жүйесін жасаушы, поляк астрономы Н.Коперник болды. Ғылым тарихында Коперник ілімі шын мәніндегі революциялық іс болды, сол арқылы табиғат зерттеу істері өзінің діннен тәуелсіз екенін паш етті. Жердің күнді айналуы туралы және Жердің бір тәулік ішінде өз кіндігін айналып шығуы туралы Коперник теориясы Птоломейдің геоцентрлік жүйесін және құдайдың қалаулысы ретіндегі жер туралы оған негізделген діни түсініктерден қол үзуді білдіреді. Бұл теория аристотельден бері келе жатқан және схоластикада пайдаланылған аспан мен жер денелерінің қозғалыстарын бір-біріне қарсы қоюды жоққа шығарып, дүниені құдай жаратқаны туралы шіркеу аңызына соққы берді, болашақта күн жүйесінің табиғи пайда болуы мен дамуы туралы ілімнің дүниеге келуін жеделдетті. Коперниктің заманының және одан кейінгі дәуірлердің озық ойшылдары оларды өздерінің жауынгерлік туына айналдырып, одан әрі дамытты.
ІІ. Негізгі бөлім
Д. Бруно схоластикалық философия мен Рим католиктік шіркеуіне қарсы күрескер, ғылыми дүниетаным идеяларының жалынды насихатшысы. Пантеизм мүддесін қолдады. Ол өз заманының ғылыми жетістіктерін, әсіресе Коперниктің гелиоцентрлік теориясының ықпалында қалыптасты. Бруно жаратушы мен табиғаттың шексіз мәңгілігін үйлестіре отырып, келе-келе өз ұстазы Н.Кузанскийге де батыл пікірлер айтты. Ол табиғаттың шексіздігі туралы нақты тұжырым жасады. Коперниктің ашқан жаңалығына сүйеніп, Бруно осы философиялық принциптің физикалық және астрономиялық мән-мағынасын шыңдай түсуге күш салды. Сонымен бірге ол Коперник теориясындағы: әлемнің шектеулілігі, аспан әлеміндегі жұлдыздардың қозғалмайтындығы, Күн әлемінің мызғымайтын кіндігі делініп келген көзқарастарға түзету енгізді. Соның негізінде ол жұлдыздар әлемдерінің шексіз көптігін және оларда шексіз тіршілік иелерінің болатындығы туралы қорытынды жасады. Схоластиканың натурфилософиялық дуализміне қарсы шыға отырып, Бруно Жер мен аспан әлемінің біртектілігін, олардың топырақ, су, ауа, от және эфирден тұратындығын тұжырымдады. Бруно бірлік, байланыс және табиғаттағы қозғалыс атауларының универсалдылығы, шексіз үлкен және шексіз кіші мөлшерлердегі қайшылықтардың өзара ұласуы тұрғысындағы диалектикалық пікірлерді өрістетті.
Келесі ойшыл итальян физигі, астрономы және ойшылы Г.Галилей Аристотельдің беделіне көз жұмып табынуды, догмалық схоластиканы сынап, математиканы, атап айтқанда геометрияны тәжірибе түрінде ғылыми тәжірибені, табиғат құбылыстарын модельдеуді бірінші болып жүйелі түрде қолдана бастады. Галилейдің механикадағы басты жетістігі инерция заңын, салыстырмалылық принципін анықтау болды. Бұл принципке сәйкес денелер жүйесінің біркелкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н. Макиавеллидің саяси және тарихи көзқарастары
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетінің өкілдері
Саясаттану ғылым және оқу пән ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендері
Саяси философия
Қайта өрлеу дәуірінің философиясы жайлы
Адам құқығының дамуы жайлы қазақ ойшылдарының идеялары
Cаяси құқықтық ілімдер тарихының қалыптасуы
Саяси ойлар және қазіргі кездегі саяси мектептедің тарихы
Құқықтық билік
Қайта өрлеу және реформция дәуірінің тарихи ойлары
Пәндер