Таспа құрттар


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Kафедра: Биохимия, биология және микробиология.

Реферат

Тақырыбы: Таспа құрттар

Орындаған: Манап Ә.
Тобы: 102 А ҚДС
Қабылдаған: Жолдасов Қ

Шымкент 2016

ЖОСПАР

І КІРІСПЕ

Жалпақ құрттар

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ

а) Таспа құрттар

ә) Патогенезі, этологиясы

б) Алдын алу шаралары

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ

ІV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Таспа құрттар - денесi таспа тәрiздi, дорсо-вентральды бағатта қысыңқы, бас бөлiктен (сколекс), мойын және дене (стробила) бөлігі, оның өзi көптеген бунақтардан (проглоттид) тұрады. Паразиттердiң түрiне байланысты денесiнің ұзындығы бiрнеше мм-ден 10 метрге дейін болады. Проглоттидтiң саны 3-тен бiрнеше мыңға жетедi.

Таспа Құрттар , цестодтар (лат. Cestoda ) - жалпақ құрттардың бір класы.

Ересектері адам мен омыртқалы жануарлардың ішегінде, дернәсілдері омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың ішкі органдары мен дене қуысында паразитті тіршілік етеді. Жер шарында кең тараған 9 отряды, 3 мыңнан астам түрі белгілі. Денесі таспа тәрізді созылған, бірнеше мм-ден 20 м-ге дейін жетеді. Денесінің алдыңғы ұшында басы (сколекс), иесіне жабысатын мүшелері (сорғыш түтікшелері, ұзын қысқыш аппараты, ілмектері, тұмсықтары, т. б. ), бөлшектенбеген мойны, бунақтардан құралған денесі (стробила) және бір қатар буындар (проглоттидтер) болады. Таспа Құрттарда ішек болмайды, денесін кірпікшелі өсінділер (микротрихиялар) жапқан. Олар құрттың қоректенуінде маңызды қызмет атқарады, ас қорыту жүйесі толығымен жойылған. Зәр шығару жүйесі - протонефридиялы. Қан айналу және тыныс алу жүйесі болмайды. Анаэробты жолымен тыныс алады. Жүйке жүйесі, сезім органдары нашар дамыған.

Таспа құрттар - гермафродиттер. Дамуы өте күрделі, өсіп-өнуі кезінде иелерін алмастыру сияқты ерекшеліктері бар. Таспа Құрттардың кейбір түрі жылына 600 млн-нан астам жұмыртқа салады. Жұмыртқадан 6 ілмешегі бар онкосфера және корацидий деп аталатын дернәсілдер жетіледі. Қан тамырлары арқылы онкосфера ішкі органдарға өтіп, осы органдарда ұрық - онкосфера финна деп аталатын дернәсіл сатысына айналады. Финна бұршақ тәрізді сұйықтыққа толы көпіршік, оның ішінде 4 сорғышы бар басы болады, мұны цистицерк деп атайды. Дернәсіл аралық иеде бірнеше жыл өмір сүреді. Финна түпкі иесі - адамның ішегіне түскенде ересек құртқа айналады. Финнозбен ауырған сиырдың етін жегенде жұғады. Таспа Құрттардың басқа түрлерінің де тіршілік циклі иесін алмастыру және онкосфераның финна дернәсіліне, финнаның ересек түріне ауысуымен өтеді. Финнаның бірнеше формалары болады: цистерк; сұйықтыққа толы көпіршіктің қабырғасында бірнеше басы орналасқан, олардың әрқайсысы жеке дарабасқа айналатын - ценур; көпіршігі үлкен, ішкі қабырғасында және көпіршіктің ішінде бірнеше басы бар - эхинококк; көпіршіктің құйрық тәрізді өсіндісі бар - цистицеркоид; құрт тәрізді дернәсіл - плероцеркоид. Таспа Құрттар адамды гименолепидоз, тениидоз, эхонококкоз ауруларына шалдықтырады.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e1/%D0%A1%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%80.jpg/640px-%D0%A1%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%80.jpg

Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e2/Taenia_saginata_adult_5260_lores.jpg/220px-Taenia_saginata_adult_5260_lores.jpg

Жармасқақ

Жалпақ құрттардың көпшілігінің пішіні жапыраққа немесе таспаға ұқсас. Таспа тәрізді жалпақ құрттардың денесі бунақты. Бас бөлігінде бунақ болмайды. Жалпақ құрттардың ішекқуыстылардан айырмашылығы - денесі екі қабаттан емес, үш қабаттан тұрады. Ұрықтың дамуы кезінде эктодерма мен энтодерма аралығынан аралық жасушалы қабат - мезодерма пайда болады. Мезодермадан әр түрлі мүшелер мен мүшелер жүйесі түзіледі. Дене жабынын цилиндр тәрізді жасушалардан тұратын жабын ұлпасы - эпителий қаптайды. Эпителий жасушаларында кірпікшелер бар. Еркін жүзетін жалпақ құрттардың (мысалы, ақ сұлама) жабын жасушаларында да кірпікшелі жасушалар бар. Жалпақ құрттардың паразиттік жолмен тіршілік ететін түрлері де бар. Олардың дене жабынының құрылысы ерекше, эпителий ұлпасында жасуша болмайды, оны тығыз түзіліс қаптайды. Ол түзіліссірқабық деп аталады. Сірқабық қорғаныш және тірек қызметін атқарады.

Жалпақ құрттардың жүйке жүйесі дененің бас бөлігінде орналасады. Ол жүйке түйіндерінен басталып, денені бойлай екі бағана түзіп, созылып жатады. Екі бағананы көлденең орналасқан жүйкелер байланыстырады. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі бар. Жаңа жүйе зәршығару (қажетсіз заттарды бөлу) жүйесі деп аталады. Бүл - бұған дейін тірі ағзаларда болмаған жүйе. Жалпақ құрт типіндегі ағзалардың барлығында қантарату және тыныс-алу жүйелері мүлде жоқ. Олардың тыныс алуына бүкіл денесі қатысады. Жалпақ құрттардың асқорыту мүшесі екі бөліктен қүралады. Бір бөлігі - жұтқыншақ, екіншісі - ішектің ортаңғы бөлігі. Жалпақ құрттарда артқы ішек пен аналь тесігі жоқ. Жалпақ құрттар - қосжынысты гермафродит) жәндіктер. Олардың жыныс жүйесінің құрылысы өте күрделі. Жалпақ құрттар жыныстық жағынан жетілуге дейін бірқатар дернәсілдік сатылардан өтіп, өзгеріспен дамиды.

Кірпікшелі құрттар класы

Ақ сұлама - еркін жүзіп қимылдайтын, жалпақ құрттарға жататын кірпікшелі құрт. (Денесі кірпікшелі эпителий жасушаларымен қапталғандықтан, кірпікшелілер класына жатады. ) Ол кірпікшелерінің көмегімен суда еркін жүзеді. Сұламаның дене қимылын реттейтін әр түрлі бұлшықеттері бар. Сыртқы қимылға сақиналы бұлшықеттер қатысады. Аралық қабат қимылын қиғаш бұлшықеттер реттейді. Ал ішкі қабаттағы қимыл бірыңғай салалы бұлшықеттермен реттеледі. Кірпікшелі құрттардың аузы, асқорыту, зәршығару және жыныс мүшелері бар. Кірпікшелі құрттарда сезім мүшелері дами бастайды. Мысалы, ақ сұламаның қарапайым көзшелері бар. Сипап-сезу сезімталдығы едәуір арта түскен. Ақ сұлама жұмыртқадан дамып, піллә түзеді. Ол жыныссыз да, жынысты да жолмен көбейеді.

Сорғыш құрттар класы

Бұл класқа жататын жәндіктер паразиттік жолмен өмір сүреді. Дене пішіні жалпақ, [жапырақ] тәрізді. Қоректік денеге сорғыштарымен жабысады. Екі сорғышы болады: біреуі - аузында, екіншісі - бауырында. Осы сорғыштармен қоректік денеге жабысып, бұлшықетті жұтқыншағының сору қимылы арқылы қорегін сорады. Бұлар сондықтан сорғыш құрт аталған. Сорғыш құрттың денесінде кірпікшелер болмайды. Негізгі иесінің бауырындағы [өт] жолында сорғыштарымен бекініп, өтпен қоректенеді. Сондықтан[бауырсорғыш] деп те аталады. Кірпікше тек дернәсілдерінде ғана болады. [Қоректік зат] қалдығын шығаратын өзек болмағандықтан, оны аузынан сыртқа шығарады. Көзі де жоқ. Тіршілік әрекеттерінің даму айналымы өте күрделі.

Бауырсорғыш - [гермафродит] жәндік. Демек бір ағзада аталық та, аналық та жыныс жасушасы болады. Ұрықтанған жұмыртқа бауырдың қантамырлары арқылы ішекке түсіп, одан нәжіспен бірге сыртқа шығады. Жұмыртқаның бірден суға түсуі де, түспеуі де мүмкін. Суға түспегендері одан әрі дами алмайды. Ал суға түскендерінің денесін кірпікшелер қаптап, суда жүзетін дернәсілдерге айналады. Ондай [дернәсілдер] аралық иесі - кішкене тоспаұлудың денесіне түсе қалса, одан әрі дамып, көбейеді де, келесі [ұрпақ] үшін тағы бірнеше дернәсілдерге айналады. Ол дернәсілдер тоспаұлу денесінен суға түсіп, құйрықты дернәсілге айналады. Сөйтіп жұмыртқаның құйрықты дернәсілге айналуы 2, 5-3 айға созылады. Дернәсілдер бұдан соң құйрығын түсіріп, өсімдік сабағына жабысады. Денесін сірқабақ қаптап, қозғалмайтын күйге, цистаға айналады. Мал [су] ішкенде немесе [су] тартылған жердегі [циста] жабысқан өсімдікпен қоректенсе, циста ішекте жарылып, одан жас [бауырсорғыш] жетіледі. Ол [қантамырлар] арқылы - бауырға, одан өт жолына өтеді. Сөйтіп ересек бауырсорғыш көбею барысында екі иеде өмір сүреді. Ол негізгі иесі - мал, үй хайуанаттары, т. б., кейде адам да, аралық иесі - кіші тоспаұлу денесінде тіршілік етеді.

Таспа құрттар класы

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/6/64/Taenia_solium-detailed_morphology.jpg/220px-Taenia_solium-detailed_morphology.jpg

Жармасқақ

Бұлар - әсіресе жануарлардың және адамның ішкі мүшелерінде паразиттік ететін эндопаразит жәндіктер. Олардың денесі жалпақ, таспа тәрізді болғандықтан, класс таспа қарттар деп аталған. Паразиттік тіршілікке ерекше бейімделген құрттың бірі - сиыр цепені. Ересек цепень (жармасқақ) - адамның ішегінде, ал дернәсілдері мүйізді ірі қараның, яғни сиырдың денесінде дамиды. Бұл жәндік ішекке қармақшасымен және сорғыштарымен жармасып алады, сондықтан жармасқақ деп аталған. Дененің алдыңғы бөлігінде қысқа мойынды басы болады. Басында 4 дөңгелек сорғыштары бар. Дененің сыртын сірқабық қаптайды. Жүйке жүйесібасында жүйке жасушаларының жиынтығын түзіл, екі желілі жүйке құрттың денесін құйрығына дейін бойлай созылады. Оның көзі, асқорыту және тынысалу мүшелері, қанайналым жүйесі болмайды. Зәршығару жүйесі дененің ең соңғы бунағында екі өзектен қосылып, сыртқа ашылатын зәршығару түтіктерінен қүралады. Сиыр цепені - гермафродит жәндік. Сиыр ңепенінің тіршілік әрекеті өте күрделі. Ол денесінде жүмыртқадан дернәсілдің екі түріне ауысады: біріншісі - қармақшалы дернәсіл; екіншісі - таспақұрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі - финна. Ересек таспақұрт негізгі несі - адам денесінде өмір сүреді. Жалпақ құрттар - сула, топырақта, ағзалар денесінің сыртылда және ішінде тіршілік ететін омыртқасыз паразит жәндіктер. Бұлардың еркін тіршілік ететін түрлері ұсақ шаяндар, құрттар және судағы жануарлардың қалдықтарымен қоректенеді. Паразиттік жолмен тіршілік ететін жалпақ құрттар, жануарлар мен өсімдіктер ағзасында әр түрлі аурулар туғызады. Халық шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді.

Сонымен бірге таспа-құрттардың барлығы жануарлар мен адам өміріне зиян келтіреді. Ішекте өмір сүретін паразиттер - эндопаразиттер. Ал ағза денесінің сыртылда паразиттік жолмен тіршілік ететін жәндіктер эктопаразиттер деп аталады. Денесі жонынан қүрсағына қарай ығысып, жалпақ болғандықтан, құрттардың бүл типі жалпақ құрттар - ең алғашқы денесі үш қабаттан: эктодерма, мезодерма және энтодермадан түзілген екі жақты симметриялы жәндіктер. Жүйке жүйесі - басында жинақталған жүйке түйіні бар. Зәршығару жүйесі қарапайым құрылыста болып келеді. Артқы аналь тесігі жоқ. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың барлығында қантарату, тынысалу жүйесі де мүлде болмайды. Олар бүкіл денесі арқылы тыныс алады. Еркін суда жүзіп өмір сүретін жалпақ құрттар - жыртқыштар, ал паразиттік жолмен тіршілік ететіндерінде асқорыту жүйесі жойылған. Бұлар - қос жынысты жәндіктер. Паразит ағзалардың тіршілік әрекет айналымы күрделі. Олар екі неде - алғашқы (тұрақты) және екінші (аралық) неде өмір сүрелі. Алғашқы неде паразит құрттардың жыныстық жолмен көбейетін ұрпақтары, аралық неде дернәсілдік ұрпақтары тіршілік етеді.

Таспақұртыңбасында 4 (ботриялары) болады. Бастанкейiнмойын - өсузонасы, онда жасбунақтар (проглоттидтер) қалыптасады, . , , ол гермафродиттiбунаққа айналады. -. , . Барлықцестодалар - гермафродиттер.

, тұратынтерi - бұлшық еттіқабатпенқапталған. , . , .

Асқорыту, қанайналым жәнетынысалужүйелерi жоқ.

Зәршығаружүйесi .

Жүйкежүйесі ганглиялық-бағаналытиптес

Тіршілікциклы . Цепеньдер - биогельминттер, иелерiн- дефинитивтiк (негiзгi) және аралықиесiн ауыстырыпдамиды. , жемменбiргетүскен жұмыртқадан асқорытужүйесiнде бірінші личинкалық сатысы - 6 ілмектері бар онкосфера босапшығадыда, қанарқылы iшкi мүшелергетүсіп, онда финна типтерi айналады: [8] цистицерк, цистицеркоид, эхинокок, ценур, плероцеркоид. Кейбірличинкалар (мысалы, ценурлар, эхинококктар, альвеококктар) . Негiзгi иелерінедұрыс мүшелердi, . , .

Таспа құрттар тудыратын ауруларды цестодоздар деп атайды.

Шошқа немесе қарулы цепень (Taenia solium) - тениоздың қоздырушысы.

Денесі таспа тәріздіақ түсті, ұзындығы 2- 3 м. Сколексiнде 4 сорғыш және iлмектерi бар. Стробиласы барлық таспа құрттарға тән құрылысты. Ерекшеліктері - шошқа цепеннің гермафродитті бунақтарында аналық безінде қосымша үшінші бөлігі, ал пісіп жетілген бунағында жатыр тармақтарының саны 7-12 болады.

Орналасуы. Адамның ащы iшегi.

Географиялық таралуы - барлық жерде.

Тіршілік циклы. Негiзгi иесi - тек адам. Аралық иелерi - шошқа, жабайы қабан және т. б., сонымен қатар кейде адам.

Инвазия көзі тек адам болып табылады. Науқас нәжісімен жұмыртқалардан тұратын жетілген бунақтар сыртқа түседі. Жұмыртқа одан ары даму үшін шошқаның ішегіне түсуі қажет. Шошқа цепень жұмыртқасымен ластанған жеммен, адам нәжісімен қоректенгенде залалданады. Жұмыртқадан асқазанда 6 ілмекті онкосфера шығып, ілмектерiмен қабырғасын тесiп, қан тамырларына түсiп, ағыспен бүкiл мүшелердi аралап, көбiнесе бұлшық етте, сирек жүректе, өкпеде, мида т. б. цистицерк типті финнаға айналады. Цистицерк d=0, 5-1, 5 см болатын мөлдiр сұйығы бар қапшық. Сұйықтықтың iшiнде құрылымы жағынан ересек цепеньге ұқсайтын ішке қарай жатқан басы көрiнедi. Финналар шошқа бұлшық еттерінде ұзақ уақыт сақталады. [7]

Финналар жетілген формасына негізгі иесі - адамның ішегіне түскенде ғана айналады. Адамға шошқа цепені шикi жеткiлiктi термиялық өңдеуден өтпеген финноздық шошқа етiн пайдалану арқылы жұғады. Кейбір жағдайда адам шошқа цепенінің аралық иесі болуы мүмкін. Жеке бастың гигиенасы ережесін сақтамаған жағдайда жұмыртқалармен залалданған тағамдар және лас қол арқылы немесе құсқан кезде (аутоинвазия) онкосфера iшектен асқазанға қайта түседі. [1] Асқазанға түскен онкосфералар қан арқылы бұлшық еттерге, көзге және миға жетіп, цистицерк типті финналарға айналып, адамда зілді ауру - цистицеркозды тудырады. Цистицерктер 2-3 ай iшiнде қалыптасады.

Патогендік әсері. Паразиттің бірнеше әсері бар: механикалық, паразиттің иесінің есебінен қоректенуі, тіршілік өнімдерінің токсикалық әсері. Тениозбен ауырған адам лоқсиды, құсады, іші өтеді, тәбеті болмайды.

Көздің цистицеркозы соқырлыққа, ал мидың цистицеркпен зақымдануы өлімге әкеледі.

Диагностикасы . Цистицеркоз д иагнозын анықтауда рентгендiк, томографиялық, клинико - лабороториялық әдiстер (жұлын сұйықтығын зерттеу, серологиялық әдiстер) қолданылады. Ал тениоз диагнозы нәжiстен жатыр тармақтарының санына байланысты (7-12) жетілген бунақтарды табуға негізделген.

Алдын алуы. Жеке - жеткілікті термиялық өңдеуден және санитарлық-ветеринарлық сараптамадан өтпеген шошқа етін пайдаланбау. Цистицеркоздың алдын алу үшін тениозбен ауыратын адамды емдеу және жеке бастың гигиенасы ережесін сақтау қажет.

Қоғамдық - шошқа етін санитарлық-ветеринарлық сараптамадан өткізу және саяжайда шошқаларды союға тиым салу. Топырақтың адам нәжісімен ластануынан қоғау. Тұрғындар арасында санитарлық - ағарту жұмыстарын жүргізу.

Сиыр немесе қарусыз цепень (Taeniarhynchus saginatus) - тениаринхоздың қоздырушысы.

Орналасуы. Адамның ащы iшегi.

Географиялық таралуы - барлық жерде.

Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Денесiнiң ұзындығы орташа 10 метрден асады. Шошқа цепеніне құрылысы бойынша ұқсас болады. Айырмашылығы - сиыр цепенінің сколексінде қармақшалары жоқ, сондықтан да оларды қарусыз цепень дейді. Гермафродитті бунақтарында аналық безі екі бөліктен тұрады, ал жетілген бунақта 17-35 тармақты жатыры орналасқан. Жыныстық жетiлген бунақтары стробиласынан бөлініп, өз бетiнше белсендi қозғалып, аналь тесiгiнен шыға алады.

Тіршілік циклы (1 сурет) . Негiзгi иесi - тек адам. Аралық иелерi - iрi қара мал, қодас, өркешті сиыр (зебу) және солтүстiк бұғылар. Сиыр цепені науқас адамның нәжісімен бөлінген бунақтар мен жұмыртқалармен ластанған жем, су т. б. арқылы аралық иелеріне жұғады. Аралық иеслерінің ағзасында онкосфера және финналар дамиды. Бұлшық еттердегі финналар адамға шала пiскен iрi қара малдың етiнен, ал солтүстік аудандарда цистицерктермен зақымдалған бұғылардың миынан жұғады (В. С. Киричек, 1986) .

Ас қорыту жолдарына түскен цистицерктер қарын сөлiмен өттiң әсерiнен бастарын жазып, сорғыштарымен ащы iшектің жоғарғы бөлігінің қабырғаларына жабысады. Цистицерктердiң iшекке түскенiнен бастап, жыныстық жетiлуiне дейiн 3-3, 5 ай өтедi. Жетілген формасының өмiр сүру ұзақтығы 18-20 жыл, бiр жыл iшiнде 600 млн. жұмыртқа бөлiп шығарады. Сиыр цепенінің жмыртқасы шошқа цепенінің жұмыртқасынан айырмашылығы адам ағзасында дамуға қабілетсіз, сондықтан оның финноздық сатысы кездеспейді.

Патогендік әсері. Паразиттің бірнеше әсері бар: механикалық, паразиттің иесінің есебінен қоректенуі, тіршілік өнімдерінің токсикалық әсері. Симптомдары тениоздағыдай, көңіл бөлетін жағдай паразиттің адам ағзасынада ұзақ жылдар тіршілік етуі.

Диагностикасы . Дәл диагноз қою үшін нәжiстен жетілген бунақтарын тауып, жатыр тармақтарының (17-35) санау қажет. Жұмыртқаларын шошқа цепенінің жұмыртқаларынан ажырату мүмкін емес.

Алдын алуы. Жеке - жеткілікті термиялық өңдеуден және санитарлық-ветеринарлық сараптамадан өтпеген етті пайдаланбау. Қоғамдық - ірі қара малдың залалдануын алдын алу; мал шаруашылығында жұмыс істейтін адамдарды тексеруден өткізу, емдеу; сыртқы ортаны адам нәжістерінен ластанудан қорғау; еттi ветеринарлық-санитарлық тексеруден өткiзу.

Ергежейлi цепень (Hymenolepis nana) - гименолепидоздың қоздырушысы .

Орналасуы. Адамның ащы iшегi.

Географиялық таралуы - барлық жерде.

Морфофизиологиялық ерекшеліктері. Ұзындығы 1, 5 -5 см. Стробиласы 100-200 бунақтан (проглоттидтерден) тұрады. Басында 4 сорғышы және тұмсығында iлмектерi бар. Жетілген бунақтары ірі, жұмыртқаға толы қапшық тәрізді жатыры алып жатады. Жұмыртқасы дөңгелек не сопақтау пішінді.

Географиялық таралуы - барлық жерде.

Тіршілік циклы . Бүкiл тiршiлiгі бiр адамның ағзасында өтедi, ол негiзгi және аралық та иесі болады. Адамға жеке бастың гигиенасы ережелерін сақтамағанда жұғады. Кір қолдан жұмыртқалар ауызға түседі. Ащы ішек бөлігінде жұмыртқалардан онкосфералар шығып, ілмектерінің көмегімен ішек бүрлеріне кіріп цистицеркоидтарға айналады. Олар құйрық тәрізді өсіндісі бар басы ішіне қарай оралып жатқан көпіршіктен тұрады. Финналар бүрлерін зақымдап, ішек қуысына шығады. Басын шығарып, ішектің кілегейлі қабығына жабысып, 15 тәуліктен кейін ересек формасына айналады. Ересек формасы ащы iшек бөлiгiнде паразиттiк тiршiлiк етедi. Пісіп жетілген бунақтар ішек ішінде жарылады, босаған жұмыртқалар нәжіспен бірге шығарылады. Кейде науқас адамда ергежейлі цепень жұмыртқасын қайта жұғуы нәтижесінде суперинвазия байқалады немесе сыртқы ортаға шықпай жұмыртқалар қайта дамиды (аутореинвазия) . Iшекте онкосфера шығып, кiлегейлi қабыққа енiп, цистицеркоид типті финнаға айналады. Бiршама өткенен кейiн iшек ворсинкаларының бұтiндiгiн бұзып, цистицеркоид қайта iшек қуысына түсiп, ересек формасына айналады. Жұмыртқалар нәжiстен сыртқы ортаға шығады, олар қайта лас сумен, ластанған көкөнiспен жұғуы мүмкін. Ергежейлi цепень - контакттылы гельминт.

Патогендік әсері . Жиі 3 жастан 12 жас аралығындағы балалар ауырады. Гельминттер ішек бүрлерін жаралап, механикалық әсер етеді, тіршілік өнімдері токсикалық әсер етеді. Гименолепидоз ауруында адамның басы, iшi ауырып, коньюнктивит және дененiң бөрітуі түрiнде көрiнетiн аллергия, жалпы әлсіздік және тез шаршау, ұйқысының бұзылуы байқалады. Кiшкентай балалар тез ашуланып, мазасызданып, жылағыш келедi.

Диагностикасы . Нәжiстен ергежейлi цепеннiң жұмырқасын табу. Жұмыртқалары мөлдір, эллипсоидты немесе шар пішінді, жұқа екі контурлы қабықшадан тұрады. Жұмыртқасының ішінде полюстерінде жіңішке жіпшелер - филаменттері бар онкосфера орналасады. Лабораториялық диагностикада бұл құрт жұмыртқаларын кезеңді бөлетiнiн бiлу қажет. Сондықтан 10-15 күн сайын 3 рет тексеру жүргізу қажет.

Профилактикасы . Жеке - жеке бастың гигиенасын сақтау. Қоғамдық - балалар мен балабақша қызметкерлерiн жылына 1 рет тексеруден өткiзу керек. Әжетхана мен балалар ойнайтын бөлменi таза ұстау. Балалардың жеке бастың тазалығын сақтауын қадағалау. Нәжiстi хлорлы әкпен себiп тастау қажет. Ата-аналар арасында санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу.

Тениоз ауруларын жеке бастың және қоғамдық тазалығын сақтау қажеттілгін ескеру қажет. Аурудың негізгі көзі адам екендінін ескере отырып қоршаған ортаның ластануының алдын алу-аурудың алдын-алу болып табылады.

Тениаринхоз. Қоздырғышы сиыр цепені - Taeniarhynchus saginatis болып табылады, ірі таспа құрт, оның ұзындығы 6-7м-ге дейін жетуі мүмкін, ол адамның ащы ішегінде паразиттік өмір сүретін гермафродит болып табылады. Паразиттің өмір сүру ұзақтығы он шақты жылға дейін жетуі мүмкін. Адам сиыр цепенімен тағамға құрамында цистицеркы бар (сиыр цепенінің дернәсілі) шала піскен етті, сонымен қатар шикі және қақтатылған етті қолданған кезде зақымдалады. Зақымдану көзі науқас адам болып табылады, ол көптеген жылдар бойы сыртқы ортаға нәжісімен бірге мүшелерді шығарып отырады (әр мүше өзіне 145-175 мың жұмыртқаны сыйғызады) . Жұмыртқа құрамында қалыптасқан дернәсіл (онкосфера) болады, және ол сыртқы ортада қосымша дамуды қажет етпейді. Аралық иенің (ірі қара мал) ағзасына жем-шөп арқылы түсіп, ішегінде дернәсіл жұмыртқадан босап шығып, ілмектері арқылы ішектің ұсақ қан тамырларына енеді және қан ағысымен кез-келген мүшелерге таралуы мүмкін, ол негізінен бұлшық ет аралық дәнекер ұлпада орнығып, келесі дернәсілді сатыға - цистицеркқа (финнаға) айналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таспа құрттар класы
Жалпақ құрттар типі
Жалпақ құрттар типі. Таспа құрттар класы, сипаттамасы, жіктелуі, практикалық маңызы
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктер туралы
Құрттар типіне жалпы сипаттама
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктер
Ішек құрттар немесе гельминттер
ЖАЛПАҚ ҚҰРТТАР ТИПІ - РLATHELMINTHES НЕМЕСЕ РLАТОDES
Жануарларда паразиттық ауруларды болдырмау үшін бірінші атқаратын жұмыс профилактика, яғни осы аурулардың алдын алу жолдары
Трематодтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz