Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Морфологиялық және физиологиялық пәндер, дене шынықтыру валеологиямен кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері.

Орындаған: Тугелбай А.

Тобы: 107 “Б” ЖМ

Қабылдаған: Турекулова А.

Шымкент 2017 ж

Жоспар

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Сүйек құрылысы
  2. Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері.

ІІІ Қорытынды

ІV Пайдаланылған әдебиеттер

Қаңқа-sceleton-грекше кептірілген скелет. Қаңқа қимыл аппаратының енжар бөлімі. Қаңқа сүйектерден тұрады. Қаңқаның қызметі тіректік, қорғаныстық және қозғалысты іске асыру.

Сүйек - мүше. Лат. ossis. Органикалық заты сүйектің 1/3 құрайды. Бейорганикалық заты 2/3 құрайды. Кальций тұздары әсіресе фосфор қышқылды ізбес - 51, 04%. Органикалық заты негізінен - оссеин.

Сүйектің құрылымдық бірлігі - остеон. Сүйек тығыз және кеуек заттардан тұрады. Сүйек ұяшықтарында жілік майында қан жасалады. Жілік майы екі түрлі болады: қызыл және сары.

Сүйек қабығы - сүйекті сыртынан қоршаған қызғылт түсті дәнекер тінді жұқа қабыршақ. Сүйектің буын беттерін буын шеміршектері жауып жатады. Сөйтіп, мүше ретіндегі сүйек ұғымына сүйектің негізгі массасын құрайтын сүйек тіні, жілік майы, сүйек қабығы, буын шеміршегі және көптеген жүйкелер мен қан тамырлар жатады.

Сүйектердің жіктелуі. Қаңқада мынадай бөліктерді ажыратады: тұлға қаңқасы (омыртқалар, қабырғалар, төс), бас қаңқасы (бассүйек пен бет сүйектері), қол-аяқ сүйектері - иық белдеуі (жауырын, бұғана) және жамбас белдеуі (жамбас астауы) және қол сүйектері (тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік және қол ұшы), аяқ сүйектері (ортан жілік, сирақ сүйектері және аяқ ұшы) .

Ересек адамның қаңқасына кіретін сүйектердің жекелеген саны 200-ден асады. Сыртқы пішіні жағынан сүйектер ұзын, қысқа, жалпақ және аралас болады. Сүйектерді анатомиялық жіктеуді үш принцип негізінде жүргізеді: пішіні (құрылысы), қызметі және дамуы. Осы тұрғыдан сүйектердің мынадай жіктеуін белгілеуге болады:

1. Жілік сүйектер

2. Кемік сүйектер

3 Жалпақ сүйектер

4. Аралас сүйектер

Омыртқа бағанасы - омыртқалардан тұрады. Омыртқа бағанасының қалпы мен пішіні адамның тік тұруына байланысты болады. Омыртқада мынадай бөлімдері бар: денесі, тесігі, доғасы, өсінділері.

Омыртқалардың жеке түрлері :

1. Мойын омыртқасы

2. Кеуде омыртқасы

3. Бел омыртқасы

4. Сегізкөз омыртқасы

5. Құймышақ омыртқасы

Кеуде торы. Қабырғалар артқы жағынан кеуде омыртқаларымен, ал алдыңғы жағынан тақ сүйек-төспен қосылып, кеуде торын түзеді.

Қол сүйектерінің белдеуі екі жұп сүйектен тұрады: бұғана және жауырын. Ол иық буынын кеуде торынан тиісті қашықтыққа ығыстырады, сөйтіп, қолдың барынша еркін қозғалуын қамтамасыз етеді. Жауырын 2-7 қабырғалар аралығында, кеуде торының артқы бетіне жанасып жатқан жалпақ үш бұрышты сүйек.

Қолдың еркін бөлігінің қаңқасы тоқпан жіліктен, білектің екі сүйегінен және қол ұшы сүйектерінен тұрады. Тоқпан жілік ұзын қозғалыс рычагы болып табылады және нағыз ұзын жілік сүйек түрінде дамиды.

Шынтақ жілік - ulna. Кәрі жілік - radius. Алақан сүйектері - meta carpus - (олар 5 сүйек) . Саусақ сүйектері - ossa digitorum manus.

Аяқ сүйектерінің қаңқасы. Аяқ сүйектерінің белдеуі екі жұп жамбас сүйектен тұрады. Жамбас сүйек- os coxае - жалпақ сүйек. Ол жекелеген үш сүйектен тұрады - мықын, қасаға, шонданай. Аяқтың еркін бөлігінің қаңқасы - ортан жілік -os femoris. Cирақ сүйектері - асықты жілік, үлкен жіліншік -tibia. Асықты жілік шыбығы, кіші жіліншік - fibula.

Аяқ ұшы сүйектері:

Асық топай сүйек, talus

Өкше сүйек, calcaneus

Қайық тәрізді сүйек, os naviculare

4 -5 - 6 үш сына тәрізді сүйек

7 - текше сүйек - os culoideum

Табан сүйектері - metatarsus (олар 5 сүйек) . Бақайшақтар, аяқ ұшы бақайларының сүйектері - phalanges digitorum pedis.

СҮЙЕКТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ӨСУІ. Сүйек ұлпасының құрамы. Сүйек өте берік болады. Адамның тігінен қойылғвн асықты жілігі 1500 кг жүкті көтере алады. Сүйектердің аса берік болуы оның құрамына байланысты. Олар органикалық және анорганикалық қосылыстадан құралады. Бұл заттардың маңызын қарапайым тәжірбиелер жасай отырып, опоңай анықтауға болады. Егер сүйекті ұзақ уақыт отқа қатты қыздырса, ондағы органикалық қосылыстар жанып кетеді де, су буланып шығады. Мұны абайлап істесе, сүйектің пішіні сақталып қалады, бірақ оның морт келетіні соншама, тиіп кетсе болғаны анорганикалық заттардан тұратын өте ұсақ қатты бөлшектерге бөлінеді.

Сүйектен анорганикалық қосылыстарды - минералдық тұздарды бөліп шығару қиын емес. Олардың ішінен кальций карбонаты мен фосфатын атауға болады. Ол үшін сүйекті 10 % HCl ерітіндісіне бір тәулік бойы салып қояды. Анорганикалық қосылыстар бірітіндеп еріп кетеді де, сүйек иілгіш және созылғыш болып шығады, тіпті оны спиральша ширатуға да болады. Оның ұштарын босатып жіберсе болғаны, ширатылуы тарқатылып, бастапқы қалпына келеді. Органикалық қосылыстар сүйекке иілгіштік және серпімділік қасиет береді.

Анорганикалық қосылыстардың қаттылығы мен органикалық қосылыстардың серпімділігі ұштасуынан сүйек өте берік болады. Кәрі адамның сүйегінен, ересек адамның сүйегі берік болады.

Сүйектің құрылысы. Сүйектің беріктігі оның құрамына ғана емес, құрылысына да байланысты. Ұзын сүйектердің, мысалы, қол қары, білек, сан, балтыр сүйектерінің іші қуыс болады. Бұлар түтік тәрізді сүйектер. Олардың екі ұшы қуыс емес, жуандау бастары болады. Ұзын сүйектердің құрылысы түтік тәрізді болғандықтан, берік және жеңіл болып келеді. Оларды жілік дейді. Пластмассадан немесе металдан жасалған іші қуыс түтіктердің беріктігінен кем түспейтіні белгілі ғой. Сондықтан да техникада берік те жеңіл құрылыстарды түтіктерден дайындайды. Жіліктер қуысында майы көп дәнекер ұлпасы - сары жілік майы болады.

Жіліктің басы бірімен-бірі айқасып жатқан өте көп сүйекті пластинкалардан құралған кеуекті кемік заттан түзіледі. Олар сүйектің көбірек созылатын немесе сығылатын бағытына қарай орналасқан. Құрылысы осындай болғандықтан, сүйек жеңіл де берік. Мысалы, осыған ұқсас, көпірлерді, радио мачталарын айқасып жатқан металл арқалықтарынан жасайды.

Қысқа сүйектер, мысалы, білезік және шыбық сүйектері мен омыртқалар да негізінен кеміктен құралған. Жалпақ сүйектердің, мысалы, жауырынның, қабырғаның, бастағы қақпақ сүйек пен жамбас сүйектерінің құрылысы да осындай.

Сүйек кемігіндегі қуыстары дәнекер ұлпадан тұратын кемік майына толып тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабығы болады. Бұл - жұқа, бірақ сүйекпен бірігіп өскен дәнекер ұлпадан тұратын тығыз қабат. Қан тарататын тамырлар мен жүйкелер сүйек қабығы арқылы өтеді. Ұзын сүйектердің шеміршекпен қапталған бастарында сүйек қабығы болмайды.

Сүйектердің өсуі. Ұрықтың дамуы кезінде бірте-бірте, адамда скелет қалыптасады. Алғашында ол борпылдақ дәнекер ұдпасынан тұрады, ал кейін шеміршекке алмасады. Жаңа туған нәрестенің шеміршек ұлпасының көпшілігі сүйек ұлпасына алмасып үлгіреді, бірақ толық алмасу тек 22-25 жасқа келгенде ғана аяқталады. Скелет сүйекке айналарда кейбір сүйектердегі борпылдақ дәнекер ұлпасы шеміршекке айналуынсыз, бірден сүйек ұлпасына айналады. Баланың және жасөспірімдік шақта адамның сүйегі ұзынынан да, көлденеңінен де өседі. Ересек адамдарда сүйек заттары үнемі жаңарып отырады.

Сүйектердің өсуі мен сүйек заттарының жаңарып отыруын зерттеу үшін, жануарларға тәжірибе жасалған. Бұзауға берілетін жемге уы жоқ бояу қосылады. Мұндай азықты үзіліспен: он күн бояу қосып, келесі он күнде бояусыз жемдеп, тәжірибені бірнеше рет қайталаған. Ішекке түскен бояу қан арқылы бұзаудың барлық мүшелеріне таралады. Өгізшені сойып, оның бір жілігін арамен көлденеңінен кескен. Арамен кескен жерден сақина тәрізді центрлес сүйектердің боялған және боялмаған ақ қабаттармен кезектесіп орналасқаны байқалған. Бұдан сүйектің жуандап өсіп, оның сыртынан жаңа қабаттар пайда болатыны белгілі болды. Мұның шындығында да дәл осылай болатыны басқа тәжірибемен дәлелденеді. Жас иттің сан терісін тіліп, бұлшық еттерін екі жаққа ысырып, ортан жілігін сыммен шығыршықтап байлаған. Жылдар жылжып өте берген. Ит өліп, оны сойған. Ортан жіліктің сыртынан байланған сым жоқ болып шыққан. Оны жіліктің ішкі қуысынан тапқан.

Сүйектің жуандап өсетінін қалай түсіндіруге болады? Сүйек қабығының ішкі бетіндегі клеткалар жедел бөлінеді де, сүйек клеткаларының жаңа қабаттары сүйектің бетіне жинақтала береді. Осы клеткалардың айналасында клетка аралық заттар пайда болады.

Антропометрия - адамның дене мүшелерін өлшеу арқылы оның дене құрылысына тән жыныстық, нәсілдік және жас ерекшеліктеріне жан-жақты анықтамалар беретін антропологиялық зерттеудің негізгі тәсілдерінің бірі. Антропометрия тәсілінің негізін алғаш француз антропологтары (19 ғ. ) қалаған. Антропометрия өлшеу балдық бағалар арқылы жүргізіледі. Этник. антропологияда тірі адамның бас, бет, дене салмағы, бойы т. б. түрлі өлшемдер бойынша анықталады. Сонымен қатар бассүйек, қаңқа сүйектерге, көз, шаш, тері түстеріне де өлшеу жұмыстары жүргізіледі. Сөйтіп, А-лық материалдарға жан-жақты статистик. сипаттамалар беріледі. А-ның қолдану салалары өте көп: адамға киім тігу, аяқ киімдерін, өндіріс станоктарын, жиһаздардың түрлерін т. б. адам денесіне ыңғайлы етіп жасау кезінде антропометриялық деректер ескеріледі. Криминалистикада антропометриялық деректер қылмысты адамды тануда кең пайдаланылады.

Еркек тұлғаның антропометриялық мiнездемелерi.

Денесінін сырткы кұрылысына белгілі бір ішкі кұрылысы сәйкес келеді. Осындай корреляцияның аркасында дененің сырткы құрылысына карап ішкі құрылысының ерекшеліктерін елестетуге болады. Дәл диагноз кою үшін сол накты адамнын дене кұрылыс типін ескеру манызды. Дене кұрылыстын үш типін бөліп көрсетеді.

1. Долихоморфты -биік немесе ортадан биіктеу бойлы, тұлғасы

біршама қысқалау, көкірек шенбері тарлауі орта немесе қушық

иыкты, аяқтары ұзын, жамбасының көлбеу бұрышы кішкене.

2. Брахиморфты-орта немесе ортадан аласалау бойлы, тұлғасы

біршама ұзындау, көкірек шенбері үлкен, біршама кең

иықты, аяқтары қысқа, жамбасының көлбеу бұрышы үлкен.

3. Мезоморфты аномалиялар. Адам организмі қалыптасу процесінде өзін қоршаған ортаға бейімделді. Соның нәтежесінде организм мен сыртқы дүниенің нақтылы жағдайлары арасында белгілі бір тепе-теңдік орнады.

Адам еңбек үрдісінің қол, аяқ, саусақ, бақай және т. б. осы сияқты өзінің табиғи құралдарын іс-қимылға қосады. Енбек құралдарын жасау арқылы ол дененің табиги мүшелерінің құрылысын өзгерте отырып, олардың толықтыра. ұзартатын жаңа жасанды құралдар алады және адамның өзі «сонымен бір мезгілде өз табигатын өзгертеді»Демек, енбек үрдістері тұтастай адам денсінеісүйек жүйесін қоса оның қозғалыс аппаратына едәуір әсерін тигізді. Қаңқага булшыкеттрдің жұмысы күшті әсер етеді. Сіңірлердін бекитін жерлерінде бұдырлар(төмпешік, өсінді, бұдыр), ал булшыкет будаларының бекіген жерлерінде тегіс немесе ойыс беттер(шұңқырлар) түзіледі. Бұлшықет неғұрлым дамыса, олардың бекіген жерлері сүйекке соғұрлым айкын білінеді. Міне, сондықтан бұлшықеттің бекуімен байланысты сүйек бедері балага караганда ересек адамда, әйелге қарағанда еркек адамда күштірек байкалады. Бұлшықеттің ден жаттыгулары мен кәсібеи жұмыс кезіндегідей ұзақ және жүйелі жиырылуы біртіндеп нерв жүйесінің рефлекстік мехнизмі арқылы сүйектегі зат алмасуын өзгертеді, соның салдарынан сүйек затының жұмыстық гипертрофиясы деп аталатын ұлғаюы байкалады. Бұл сүйектердің үлкен-кішілігі, пішіні және құрылысының өзгеруіне себеп болады, оны тірі адамдардан рентген арқылы оңай анықтауга болады. Дене шынықтырумен айналасытындардың қаңқасы онымен шұғылданбайтындарға қарағанда қаңқасы едәуір дамыган. Дене бітімі мықтылау балаларда дене бітімі әлсіздеу балаларға карағанда канка жүйесі әлдекайда жаксы жетіледі. Тиімді дене жаттыгулары, қимылдары арқасында баланың қанқасы, кеуде торына қоса барлық бөлімдрі жақсы дамып, мұның өзі олардың ішінде жайғасқан өмірлік маңызды ағзалардың (жүрек, өкпе) дамуына қолайлы әсер етеді. Демек, қанқанын дамуы туралы дерктер мектеп гигенасы үшін маңызды. Дене кимылы әсерімен сүйектрдін өзгеруі функционалдык жагдайлардың нәтижесі болып табылады. Бұган мынадай дәлдеп келтіруге болады. Егер симметриялы аяк-колдарга бірдей қалындайды. Егер оң немесе сол қолға оң немесе солаяққа көбірек жүк түссе, онда ауырлык көбірек түскен аяк не кол көбірек жуандайды. Демек, сүиек затының дамуы дәрежесінде туа біткен факторлар (оңқайлык, солакайлык) гана емес, сонымен бірге туганнан кейінгі адамның бүкіл өмір бойы дене енбегінін сипаты да шешуші рөл атқарады. Бұл зандылык физикалык жаттыгулар аркылы сүйектердің өсуіне бағдарлы әсер ете отырып, адам денесінің үйлесімді дамуына көмегін тигізді. Сүйектердін практиалык әсері де осныда жатыр. Сүйектердің закымдануларынан бітіп жазылуына көмектестін емдік дене шыныктыру да осы заңдылыкка негізделген. Сүйектің форма түзілудегі функциянын рөлінін жаркын мысалына сыныктан кейінгі патологиялық буынның түзілуіне жатады. Сүйек сынықтарының бітіспеуі жағдайында олардың ұштары ұзак уакыт бір-біріне үйкелуі нәтижесінде бұлшықеттердің жиырылуы әсерімен тегіс буын беттрі пішіндеріне ие болып бұрынғы сынған жерде жалған буын кұрады. Немесе баска бір мысал. Егер асык жіліктін бөлігін баска, токпан немесе ортан жіліктің орнына қондырсақ, онда ауыстырылып кондырылган сүиек бөлігі біртіндеп сол кондырылган сүйектін құрылысына ие болады. Ауыстырылып кондырылган бөліктін архитектоникасы трансплантатка койылатын жана функциялык талаптарга сәикес каита кұрылады. Қанка жүиесінің дара өзгергіштігі биологиялык та, әлеуметтік те факторларга байланысты. Организм сырткы орта факторларын биологиялык жагынан қабылдап, ол қаңқанын қаита құрылуына әкеледі. Сүйек тінінін каита кұрылуы аркылы өзгеріп отыратын функциялык кажеттілітерге бейімделу кабілеті сүйектердің биологиялык өзгергіштігінін себебі, ал жүктеме сипаты, енбектің ауыр-жеңілдігі адамнын тұрмыс тіршілігін калыпты және баска әлеуметтік себептері болып табылады. Сонымен сүйек дегеніміз өте бір пластикалы мүшелердің бірі, ол ішкі және сырткы факторлардын әсерімен едәуір өзгерістерге ұшырайды. Бұл өзгерістердің көбісі рентген аркылы айқындалады да сондықтан қанқанын рентгендік көрінісі бірсыпыра денгейде организм тіршілігін бейнелейтін айна тәрізді. Енбек және тұрмыс жағдайларын есепке ала отырып, сүйектердің калыпты құрылымын зерттеудің нормадан тысқары күшті манызы бар. Анатомия ғылымынын мұндай бағыты түрлі кәсіби адамдар анатомиясы деп аталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйектің құрылысына спорттың әсері
Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлар әсері
Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері туралы ақпарат
Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың сүйек құрылысына тигізетін әсері
Анатомияны тірі адамда оқу әдістері
Адам қаңқасының құрылысы
Адамның сыртқы құрылысы
ДЕНЕ ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП, ДАМЫТУДА ЕҢ МАҢЫЗДЫ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ СПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ҚИМЫЛ- ҚОЗҒАЛЫС ОЙЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ
Анатомия ғылымының салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz