Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлар әсері


Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Морфологиялық және физиологиялық пәндер,

дене шынықтыру

валеологиямен кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және

биологиялық факторлардың әсері

Орындаған: Түгелбай Әсел

Тобы: 107 Б ЖМ

Қабылдаған: Турекулова А. К.

Шымкент 2017

ЖОСПАР:

І Кіріспе

ІІ Негізгі бөлім

  1. Тірек-қимыл аппаратына сипаттама
  2. Қаңқа - анықтамасы, қызметі. Адам қаңқасының ерекшеліктері (тік жүру) .
  3. Сүйек - мүше ретінде: құрылысы, дамуы, жіктелуі.
  4. Сүйектердің дамуы мен құрылысына әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері

ІІІ Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Барлық бұлшық еттер қозғалыста атқарады. Алайда, бұлшықет жеке өзі жұмысын қосымша сүйек арқылы жүзеге асады. Қимыл-іс бұлшықеті жеке 3 жүйені біріктіреді: сүйек, буын - байланыстары (сүйектердің қозғалыс байланысы) және бұлшықет (скелет бұлшықеттері) . Сүйектер мен олардың байланыстары сүйек түзеді, олар өмірлік негізгі функцияларды атқарады: қорғаныштық, рессорлы және қозғалтқыш. Сүйектер қанның түзілуіне және зат алмасуға қатысады.

Ересек адамда 200 сүйек бар. Формасы бойынша сүйектерді: ұзыцн, қысқа, жалпақ және домалақ деп бөледі. Эволюция барысында сүйектер ұзындық бойына және енінен ұзарады да үлкен тұтқырлыққа ие болады. Сүйектің тұтқыр болуы, сүйектің химиялық құрамына байланысты, яғни құрамындағы минеральды және органикалық заттар және олардың механикалық құрылысына байланысты. Кальций және фосфор тұздары сүйекке тұтқырлық береді, ал оның органикалық компоненттен - созылмалы және мықтылық қасиет береді. Кальций корбонаты жас өте мөлшері көбейе түседі де, мықтылық және созылмалы қасиетін төмендетеді, яғни сүйектердің сынғыштығын қамтамасыз етеді.

Тірек қимыл аппаратына жататын құрылымдар:

1. Сүйектер (қаңқа) -остеология;

2. Сүйектердің қосылысы -артросиндесмология;

3. Бұлшықеттер - миология.

Тірек-қимыл аппараты - статикалық және динамикалық жұмыстар атқарады.

Жұмыстар пассивті және активті (белсенді) бөліктерге бөлінеді .

Пассивті бөлігіне - сүйектер мен оның байланыстары және әр түрлі қозғалыстарға қатысатын тиек сүйектері жатады.

Активті (белсенді) бөлігіне - бұлшықеттер жатады, олар жиырылып, сүйектер мен буындарға әсер етіп, денені және оның бөлімдерін қимылға келтіреді.

Тірек қимыл аппаратында мүшелерді қаңқаға бекітіп тұратын жұмсақ құрылымдар болады: шандырлар, байламдар, мүшелер капсуласы және де басқа дәнекер тінді құрылымдар.

Тірек қимыл аппараты үлкен адам денесінің салмағының 72, 45 %-ын құрайды.

Адамның тік жүруіне байланысты қаңқаның ерекшеліктері:

- басты тік ұстап тепе теңдік сақтауға байланысты мойын бұлшықеттері барлық жазықтықта жақсы жетілген;

- мидың ерекше дамуына сәйкес ми сауыты үлкен, дөңес және дөңгеленген;

- омыртқа жотасының вертикалды орналасуы мен иіндерінің болуы(мойын, бел лордозы және кеуде, сегізкөз кифозы) ;

- омыртқа денелерінің жоғарыдан төмен қарай біртіндеп үлкейуі және сегізкөз омыртқаларының бітісіп біртұтас сегізкөз сүйегінің түзілуі;

- кең және жалпақ кеуде клеткасының болуы, көлденең размері үлкен, ал сагиталды бағытта кішірейген;

- қол еңбек құралы ретінде арнайы, нәзік жұмыстар атқарылады.

тік жүруге байланысты аяқ басының күмбездік құрылысы, және тиек сүйектері болады (тізе тобығы, бұршақ сүйек т. б) .

Қаңқа - скелет - skeletos- кептірілген. Қаңқа құрамына 200-204 сүйек кіреді.

Қаңқаның қызметі:

Тірек қызметі -бұлшықетер, шандырлар және де басқа АҒЗАЛАРбекитін құрылым.

Қозғалыс қызметі- бұлшықеттердің жиырылуы және сүйектердің аралығындағы буындармен атқарылады.

Рессорлық қызмет -қозғалыс кезінде соққыны, шайқалуды азайтатын арнайы анатомиялық құрылымдардың арқасында (омыртқа жотасы, аяқ ұшының күмбезі) жүзеге асады.

Қорғау қызметі- миды (бас қаңқасы) , жұлынды (омыртқа жотасы) т. б.

Биологиялық қызметі: қан түзуге және минералық зат алмасуға қатынасады (кальций, фосфор, темір және т. б) .

Сүйек - OS(лат) - OSTEON(грек) .

Остеология -сүйек туралы ілім

Сүйек мүше ретінде - өзіне тән пішіні, құрылысы және дамуы бар, белгілі бір қызымет атқаратын бірнеше ұлпадан тұратын дененің бөлігі.

Сүйектің химиялық құрамы. Үлкен адамның сүйегі: 50%-су, 28, 15 % органикалық, 21, 85 % -бейорганикалық заттар. Сүйектің 1/3-бөлігі «оссеин» деп аталатын органикалық заттардан, 2/3-бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады.

Сүйектің физикалық қасиеті (беріктілігі, майысқақтығы) органикалық және бейорганикалық заттардың қатынасына байланысты.

Сүйектің құрылысы

Сүйектің құрылымдық бірлігі остеон, яғни қан тамырлар өзегінің айналасында орналасқан сүйек пластинкалар жүйесі (остеобласттар, остеокласттармен түзілетін) .

Остеондардан сүйек перделері немесе трабекулалар түзіледі:

а) егерде трабекулалар нығыз жатса, онда тығыз заты - substantia compakta түзіледі (түтікті сүйектердің диафизін қоршап орналасады) ;

б) егерде трабекулалар араларында ұяшық түзіп, борпылдақ жатса, кемікті заты - substantia spongiosa түзіледі (эпифиздер) .

Сүйектердің сыртқы бетін сүйек қабығы (периост) жауып жатады.


Сүйектің микроқұрылымы:

1-сүйек қабығы (екі қабатты) ;

2-остеоннан тұратын тығыз зат;

3-трабекуладан түзілген кеуекті зат;

4-остеондарды құрайтын сүйек пластикалары;

5-остеон;

6 - сүйек клеткалары (остеоциттер) ;

7- остеон қан тамырлары (остеондардың қоректендіргіш каналдарынан өтіп, сүйек кемігіне жетеді) .

Кеуекті зат ұяшықтарында және сүйек қуысында сүйек кемігі (майы) орналасқан, ол қан түзуші және биологиялық қызмет атқаратын құрылым: сүйектің қоректенуіне, дамуына, өсуіне қатысады.

Сүйек кемігінің 2 түрі бар:

Сүйектің қызыл кемігі-medulla ossium rubra ретикулярлық тіннен тұрады, оның торында қан және сүйек түзетін клеткалық элементтері болады. Қан тамырлары және қан элементтері сүйек кемігіне қызыл түс береді. Жаңа туған нәрестеде көп болады.

Сүйектің сары кемігі- medulla ossium flava түтікті сүйектердің қуыстарын толтырып жатады, негізінен май тінінен тұрады. .

Ортан жілік кесіндісінің құрылысының үлгісі

Сүйектің қызыл кемігі (medulla ossium rubra)

Костный мозг

Сүйектердің дамуы

Сүйектер -мезодермадан және оның айналасындағы мезенхимадан дамиды.

Мезодерма алғашқы кезде дорзалді орналасқан сомиттерден тұрады;

Сомиттің әрқайсысы дорсалді жағында үш бөлікке бөлінеді:

1) дорсолатералді - дерматом;

2) медиовентралді склеротом;

3) екеуінің аралығында ортаңғы (дорсомедиалді) - миотом;

Склеротомнан сүйектер (қаңқа) дамиды;

Сүйектердің түзілуі мен өсуіне жауапты жасушалар: остеобласт және остеокласт.

Ұрық жапырақшалары

C:\Users\Анатомия кафедрасы\Desktop\Общие вопросы\94720689.jpg







Сүйектің дамуы немесе остеогенездің түрлері:

Сүйектің дамуы немесе остеогенездің түрлері:







Сүйектің дамуы немесе остеогенездің түрлері:

1. Эндесмалды сүйектену - сүйектердің алғашқы дәнекер ұлпалық негізінде сүйек аралшықтары (сүйектену нүктесі) пайда болады (мысалы: төбе сүйектерінде) .

2. Перихондралды сүйектену - сүйектің шеміршекті бастамасының сыртқы бетіндегі шеміршек үсті қабығының астындағы остеобластардан түзіледі.

3. Периосталды сүйектену - алдымен шеміршек үсті қабық сүйек үсті қабыққа (периостқа) айналады, одан остеобластар сүйектің шеміршек бастамасына өтіп шеміршекті біртіндеп сүйекке айналдырады.

4. Энхондралды сүйектену - сүйектің шеміршекті бастамасының ішінде сүйек аралшықтары (сүйектену нүктесі) пайда болады.

Сөйтіп, сүйек онтогенезі филогенездік даму кезеңдерін қайталайды, яғни даму процессінде қаңқа 3 түрлі кезеңнен өтеді:

1. Дәнекер тінді (жарғақты) ;

2. Шеміршекті;

3. Сүйекті;

Сүйектердің жіктелуі

І. І. Түтікті сүйектер

Ұзын(тоқпан, сан) қысқа (алақан, табан, фалангалар)

Кемікті және тығыз заттан түзіледі

ІІ. Кемікті сүйектер

Ұзын (қабырғалар, төс) Қысқа (омыртқалар, білезік, тілерсек)

тобық

(patella, бұршақ тәрізді сүйек) ІІІ. Жалпақ сүйектер

Бас қаңқасының сүйектері (маңдай, төбе) Белдеу сүйектері

(жамбас, жауырын)

ІV. Аралас сүйектер

Бас қаңқасы негізінің сүйектері, бұғана

Сүйектердің пішіні мен құрылысының өзгергіштігі әлеуметтік және биологиялық факторлармен негізделген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүйектің құрылысына спорттың әсері
Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Сүйектердің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері
Еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың сүйек құрылысына тигізетін әсері
Адамның сыртқы құрылысы
Адам қаңқасының құрылысы
Анатомияны тірі адамда оқу әдістері
Спорттық кешендері арқылы жастардың салауатты өмір салтын қалыптастыру
Сүйектің құрылысына еңбектің, спорттың, әлеуметтік және биологиялық факторлардың әсері туралы ақпарат
Мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz