Ауылшаруашылық дақылдарында зиянды организмдердің таралуы мен дамуын болжау



Кіріспе
1. Меркі ауданы табиғи климаттық жағдайы.
2. Күздік бидайды өсіру технологиясы.
3. Күздік бидайдың негізгі зиянкестері мен ауруларына сипаттама.
4. Күздік бидайдың негізгі зиянкестері мен ауруларына болжау беру түрлері мен есептеу тәсілдері.
5. Күрес шараларының мерзімін хабарлау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Өсімдік қорғау жүйесінде бірінші кезекте ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден аурулардан және арамшөптерден қорғау үшін өсімдік қорғауды жоспарлаудың негізі диагностикамен болжаудың маңызы зор. Болжау өсімдік қорғаудың негізі. Осы болжау негізінде өсімдік қорғауға қажетті химиялық және биологиялық заттармен қамтамасыз ету және қажетті техниканың жабдықталуы материалдық шығындар есептелініп жоспарланады. Болжау жасаудың негізі ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен ауруларының түр құрамын таралуын және зақымданатын дақылдарды анық білу қажет. Систематикалық түрде зиянкестерді ауруларды бақылап, болжап, болжау жасауға алғашқы материал болып табылады.
Өсімдік қорғаудың және оны жоспарлаудың ғылыми негізде жүргізу үшін зиянды организмдерді жинау, өңдеу, сараптама жүргізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл сараптама негізінде зиянды және пайдалы насекомдарға көбеюіне сараптама жасау осы мәліметтің негізінде өз уақытында сапалы деңгейде күресу шаралары жүргізіледі.
1. Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев, Н. А. Серікпаев, Н. А. Шестакова, С. С. Арыстанғұлов Өсімдік шаруашылығы. – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011.,
2. Можаев Н.И., Әрінов Қ.К., Нұрғалиев А.Н., Можаев А.Н. Өсімдік шаруашылығы (оқулық), Ақмола, 1993.
3. Әрінов Қ.К., Можаев Н.И., Шестакова Н.А., Ысқақов М.Ә., Серікпаев Н.А. Өсімдік шаруашылығы практикумы (оқу құралы) Астана, 2004.
4. Ж.Жиенбаев “Дәнді дақылдардың аурулары” Алматы 1974 ж.
5.М.Қойшыбаев, А.Б.Жанарбекова Жалпы фитопатология Алматы 2013ж
6. ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің 2013-2022жж тізімі.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Меркі ауданы табиғи климаттық жағдайы.
2. Күздік бидайды өсіру технологиясы.
3. Күздік бидайдың негізгі зиянкестері мен ауруларына сипаттама.
4. Күздік бидайдың негізгі зиянкестері мен ауруларына болжау беру түрлері мен есептеу тәсілдері.
5. Күрес шараларының мерзімін хабарлау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Өсімдік қорғау жүйесінде бірінші кезекте ауыл шаруашылық дақылдарын зиянкестерден аурулардан және арамшөптерден қорғау үшін өсімдік қорғауды жоспарлаудың негізі диагностикамен болжаудың маңызы зор. Болжау өсімдік қорғаудың негізі. Осы болжау негізінде өсімдік қорғауға қажетті химиялық және биологиялық заттармен қамтамасыз ету және қажетті техниканың жабдықталуы материалдық шығындар есептелініп жоспарланады. Болжау жасаудың негізі ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен ауруларының түр құрамын таралуын және зақымданатын дақылдарды анық білу қажет. Систематикалық түрде зиянкестерді ауруларды бақылап, болжап, болжау жасауға алғашқы материал болып табылады.
Өсімдік қорғаудың және оны жоспарлаудың ғылыми негізде жүргізу үшін зиянды организмдерді жинау, өңдеу, сараптама жүргізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл сараптама негізінде зиянды және пайдалы насекомдарға көбеюіне сараптама жасау осы мәліметтің негізінде өз уақытында сапалы деңгейде күресу шаралары жүргізіледі.

1. Жамбыл облысының табиғат климат жағдайы
Жамбыл облысы -- Қазақстан Республикасының оңтүстігінде орналасқан. Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарымен және Қырғызстанның Талас пен Шу облыстарымен көршілес болып табылады. Облыстың аты қазақ және кеңес ақыны Жамбыл Жабайұлының құрметіне қойылған. Жамбыл облысының территориясы Бетпақдаладан Тянь-Шаньға дейін Шудан Қаратауға дейін созылып жатыр. Жер аумағы -- 144,2 мың км².
Облыс орталығы, әрі ең үлкен қаласы -- Тараз. Географиялық тұрғыдан облыс аумағы негізінен жазықтық(1-сурет). Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақ-Дала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары). Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.Табиғи ландшафтардың флорасы мен фаунасы кең және әртүрлі. Облыста өсімдіктердің 3 мыңнан астам түрі бар. Аң аулайтын өңірдің жалпы алаңы 13,9 мың га құрайды, онда жануарлардың 40-тан астам түрі мекендейді.27,8 мың га алаңды құрайтын балық шаруашылық қоры 74 су айдынынан тұрады, оның ішінде 73 су айдыны балық шаруашылығына жарамды. Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.
Меркі ауданы - Жамбыл облысының 10 аудандарының бірі. Қазақстан Республикасының оңтүстік шығысында, Алатаудың бөктерінде орналасқан. Шығысында Қырғызстан Республикасының Шу облысының Жайыл ауданымен, солтүстік-шығысында облыстың Шу, солтүстігінде Мойынқұм, оңтүстік-батысында Рысқұлов (бұрынғы Луговой) аудандарымен шектеседі. Облыстың оңтүстіндегі әкімшілік бөлігі 1928 ж. 26 қазанда құрылған. Ауданның аумағы 7,1 мың км². Тұрғыны 77 963 адам (2010). Аудан аумағындағы 43 елді мекен, 1 кенттік және 12 ауылдық округтерге біріктірілген. Аудан орталығы - Меркі ауылы. Тау бөктерінде қара, қызғылт қоңыр, жазықта сұр, бозғылт сұр, шалғынды сұр және құмды топырақ таралған. Кейбір жерлерінде сор, сортаң топырақ кездеседі. Өсімдіктерден арша, жабайы жеміс ағаштары, жазық өңірлерде бұта, бетеге, жусан, жыңғыл, сексеуіл, эфемер өседі. Жабайы жануарлардан тауда арқар, елік, суыр, қасқыр, түлкі, жазық жерлерде және қопалы-қорысты өзен-көл маңында қоян, саршұнақ, ақбөкен, т.б. кездеседі. Құстардан қырғауыл, кекілік, ұлар, бүркіт, сұңқар, қаршыға, т.б. мекендейді.
Табиғи-климат жағдайы: Облыс климаты шұғыл континентті. Жазықты жерде қаңтардың орташа температурасы - 15 °С, в тау маңы - 6 - 8 °С; шілдеде + 16 °С и + 24 + 25 °С сейкесінше. Жазықты жерде жылдық жауын-шашын мөлшері 300 мм дейін, тау маңы және таулы аймақта 500 - 700 ден 1 000 мм дейін. Тау маңы және жазықты жерде вегетациялық мерзім - 205 - 225 күн. Жазықты территорияның басым болуына қарамастан, Жамбыл облысын табиғи зоналардың әртүрлілігі ерекшелендіреді. Облыстың басым территориясын Бетпақ-Дала және Мойынкум құмдары алып жатыр, оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аумақтарын таулар (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатауы) алып жатыр. Облыс территориясында едәуір су ресурстары орналасқан, олар негізгі өзендерімен: Шу өзені тарауларымен (жалпы ұзындығы 1 186 км), Талас өзені (жалпы ұзындығы 661 км), Аса өзені (жалпыұзындығы 253 км) және ірі тұщы көлдерімен көрсетілген: Балқаш көлі (батыс бөлігі, 18,2 мың кв. км.), Билікөл көлі (33 кв. км), Ақкөл көлі (15,5 кв.км.), Үлкен Қамқалы (4,6 кв.км.). Облыс Республикада барланған су асты қоры бойынша 3 орын алады. Бекітілген эксплуатациялық қоры 4 520,9 мың м3тәулігіне 40 кен орны анықталған. Табиғи-климат жағдайы астық, техникалық, бақша, азық дақылдарын, көкөністі, жемісті өсіруге мүмкіндік береді. Табиғи жайылымдардың кең алқабы (3 308,7 мың га) мал шаруашылығын, қой шаруашылығын, жылқы табының дамуына қолайлы. Ауылшаруашылық алқаптар 10 489,6 мың га немесе облыстың жалпы жер алқабының 72,7% алып жатыр. Егін құрылымында негізгі алқаптарды астық және мал азықтық дақылдар (егінді алқаптың 80%) алып жатыр [1] .

1-Сурет. Жамбыл облысының географиялық карта
2. Күздік бидайды өсіру технологиясы
Бидайдың шыққан жері - алдыңғы Азия орталығы - қазіргі Иран, Аравия аумақтары Бидай қоңырбастар (Роасеае) тұқымдасына және Triticum туыстығына жатады. И.С. Сүлейменовтың (1973) қорытындылауынша Қазақстанда Семей маңында бидай суармалы жерлерде 1834 ж. өсіріле бастады, XIX ғасырда ол қазіргі Қостанай, Ақмола ж.б. облыстар аумақтарында себілген, ал XX ғасырдың басынан республикамыздың барлық жерлерінде өсірілуде (2-сурет). Бидайдың дүние жүзіндегі егіс көлемі 220 млн га шамасында, екпе дақылдарының ішінде ол бірінші орын алады.
Күздік бидайдың морфологиялық ерекшеліктері.
Тамыр жүйесі - шашақты, ұрықтық және түйін тамырларынан құралған. Бидайдың ұрықтық тамырлары өсімдіктердің бүкіл өсіп-даму кезеңдерінің қоректенуіне қатысады, олар түйін тамырларынан (екіншілік) бұрын қалыптасады да өсіп-жетілуінің соңында 150 см және одан да тереңге бойлайды.
Сабағы - сабан (буынаралықтары 5-8), буынаралықтарының саны жапырақ санына сәйкес келеді. Сабаны қуысты, алайда қатты бидайда масақ асты паренхима жасушаларымен толтырылған, сондықтан тамырында тұрып қалғанда бүтін масақпен сынып кетуі мүмкін.
Жапырақтары - сызықты (линиялы), жапырақ тақтасы мен жапырақ қынабынан құралған, қынаптың (қынының) тақтаға ауысар жерінде тілше (түссіз пленка), ал жапырақ қынабының негізінде сабақты орап тұратын сызықты құлақша немесе мүйізшелер болады.
Гүл шоғыры - масақ, ол масақ білігі мен масақшалардан тұрады. Бидай масағы білігінің бір тұғырында бір масақша орналасқан, бірақ ол көпгүлді(3-5гүлден тұрады).
Жемісі - дән, ол үш бөліктен - қабақ, эндосперм және ұрықтан - құрылған.

2-сурет. Күздік бидай егістігі.
Елімізде өсірілетін бидай сорттары өсіп-жетілу кезеңдері әртүрлі ұзақтығымен ерекшеленеді. Кеш пісетін сорттарында бұл кезең 100 тәулік және одан жоғары, ылғалды және салқын жылдары ол 115-120 тәулікке дейін созылады, ал ең ерте пісетін сорттары 70-80 тәулікте пісіп үлгереді[2].
Күздік бидай:
Ақпан, наурызда - өскін; наурыз, сәуір - түптену; мамыр - сабақтану, масақтану, алғашқы гүлдеу; маусым - сүттену, балауыздану.
Күздік бидайды суармалы жерлерде өсіру технологиясы
Топырақ өңдеу жүйесі. Күздік бидайға топырақ дайындау алғы дақылға, өсірілетін аймақтың топырақ климат жағдайына, нақты шаруашылықтың ресурстық ерекшеліктеріне ж.б. байланысты анықталады және өңдеу жазықтілгішті немесе қайырмалы құралдармен жүргізіледі. Күздік бидайдың ерекше сипаты-оның күзден тығыз топырақта қалыпты дамуы. Борпас топырақтарда олар нашар түптенеді, түйін тамырлар жүйесін әлсіз қалыптастырады және жиі түрде олардың үзіліп қалуы байқалады. Күздік бидайға арналған сүрі танабын қара сүрі жер түрінде дайындаған дұрыс. Сүрі танабының негізгі өңдеуін күзде 25-27 см тереңдікке жүргізіледі. Көктемгі кезеңде топырақтың физикалық пісуі жеткенде топырақ ылғалын сақтау және танапты тегістеу мақсатында ине тісті тырмалардың бірімен (БИГ-3, БМШ-15 ж.б.) тырмалау жүргізіледі.
Тұқымды себуге дайындау және себу жұмыстары. Жоғары сапалы тұқым күздік бидайдан мол өнім алудың маңызды шарты. Осы себепті бірінші класты себу сапасына жеткізілген өткен жылғы өнімнен дайындалған күздік бидай тұқымы пайдаланылады. Өйткені жаңа жиналған астық тұқымдары себуге дейін қалған аз уақытта егін жинағаннан кейін пісіп-жетілу кезеңін-тыныштық күйін- өтіп үлгермейді, нәтижесінде олардың лабораториялық өнгіштігі 70-80% -дан аспайды. Олар кондициялық өнгіштікке 20-30 тәуліктен соң жетеді. Жаңа жиналған астықтант дайындалған тұқым кеш көктейді, танаптық өнгіштік төмен және егістік сирек болады, ал бұл астық өнімін төмендетеді.Өткен жылғы өнімнің тұқымдары тез және жаппай көктейді, өсімдіктер жақсы түптенеді, қыстайды және айтарлықтай мол қосымша өнім береді. Бұл шаруашылықта күздік бидай тұқымының ауыспалы қоры керектігін дәләлдейді. Күздік бидай тұқымын себуге дайындаудың бір шарасы - тұқымды 60%-дық Тур немесе Кампозан препаратымен өңдеу. Күздік бидай үшін қатар аралықтары 7,5 см болатын тар қатарлы егіс жақсы болғанымен, өндірісте көп таралған себу тәсілі - қатараралықтары 15см кәдімгі жаппай қатардағы егіс.
Егістікті күтіп-баптау. Күзгі күтім себу тәсілі мен сепкіштердің маркасына байланыссыз топырақты тығыздаудан басталады. Мұның себебі кей жағдайда егін көгінің дер кезінде және жаппай пайда болуына кедергі жасайтын факторға топырақтың беткі қабатындағы сіңімді ылғал қорының жетімсіздігі жатады. Түптену кезеңінде ақ зеңмен күресу үшін егісті фундазолмен (0,3-0,6 кгга препаратты 300 л суда ерітеді) өңдейді. Көптеген ауруларға қарсы кешенді тиімділігімен Альто 400 к.с.-ципроконазол (0,1-0,2 кгга), Байлетон, 25% ы.ұ. (0,5-1,0 кгга), Тилт,25% э.к. (0,5-1,0 кгга) препараттары қолданыста жоғары көрсеткіш көрсетіп жүр.
Қысқы күтім ықтырмасы сирек, немесе әлсіз дамыған танаптарда қар тоқтату жұмысын қарастырады. Ол үшін биіктігі 10-13 см шана танабы орнатылған қар тоқтатқыштармен қар жалдары жасалады. Алайда, бұл агротехникалық шараны өте мұқият жүргізу қажет, өйткені өсімдіктер беті жалаңаштанып қалмауы тиіс.
Көктемгі күтім. Ерте көктемде жоғары ылғалдылық пен төменгі температура әсерінен топырақтағы нитрификация құбылысы өте баяу жүреді, соның әсерінен күздік бидайдың қоректік заттарға, ең әуелі азотқа, мұқтаждығы байқалады. Егер бұл уақытта үстеп коректендірмесе, өсімдіктердің бір бөлігі құрып кетеді де өнім төмендейді. Күздік бидайға күзде мочевинаны, күкірт қышқыл аммонийді, ерте көктемде аммоний селитрасын, тамырдан тыс үстеп қоректендіруге мочевинаның судағы 20%-дық ерітіндісін қолданған сапалы мол өнім жинауды қамтамасыз етеді.
Жазғы күтім негізінен қосжарнақты арамшөптерге қарсы бидайдың түптену кезеңінің соңында 2,4 Д (ДМА-6) тобының гербицидтерімен мынадай мөлшерде егістік бүркіледі: гектарына амин тұзы - 0,8-1,4 кг, ал эфирлер пайдаланылса - 0,4-0,5 кг ә.е.з; диален, 4,0 % с.е (1,9-2,5 кгга), ларен, 60 % ж.ұ. (8-10 гга) жақсы нәтиже береді. Ол үшін ОП-2000-01, ОПШ-15 ж.б. жер беті бүріккіштерімен таңертеңгі және кешкі сағаттарда, қоршаған ортаға улы заттарды шашыратпай өңдейді.
Суару жүйесі. Күздік бидайды суару жүйесі 1 рет күздегі дымқылдық және 1 ден 3-ке дейін вегетация кезіндегі суарудан тұрады. Әртүрлі аймақтарда дымқылдық суару мөлшері гектарына 1000-1800 м3. Қуаңшылық жағдайда себу алды суару пайдаланылады, оның мөлшері гектарына 500-800 м3 аралығында. Вегетация кезеңінде түсетін жауын-шашын мөлшері 250 мм шамасында болса, дымқылдық суару мөлшері 1200-1300 кейде 1500 м3-ге дейін арттырылады.
Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының деректері бойынша Алматы және Жамбыл облыстарында 1 дымқылдық, 1-3 вегетациялық суару жүйесін қолданғанда күздік бидай жоғары өнім түзеді. Вегетация кезеңінде 400-420 мм жауын-шашын түссе 800-900 м3 мөлшерінде 1 вегетациялық суғару жеткілікті, ал жауын-шашын мөлшері 300-350 мм болған қуаңшылық жылдары 600-750 м3 мөлшерінде 2-3 вегетациялық суару жүргізіледі.
Өнімді жинау. Өсірілген өнімді жинау дәннің толық пісу кезеңіне тікелей, ал дәннің балауызданып пісуінің ортасында ылғалдылығы 30 -- 35% болғанда, бөлектеп ору әдісімен жүргізіледі. Қазақстанда суармалы егістіктерде ең жоғары өнімді Жамбыл облысы жағдайында алынғандығы туралы көптеген деректер бар. Мысалы, Мерке ауданында Социалистік еңбек ері Р.Шанбаев 170 гектардан орта есеппен 7,0 т астық орған[3].

3. Күздік бидайдың негізгі зиянкестері мен ауруларына сипаттама
Италиялық шегіртке - Callіptamus italіcus L. Қазақстанда өте кең таралған. Көбінесе дала, құмды дала және шөл өңірлерінің жусан мен астық тұқымдас өсімдіктер аралас өсетін учаскелерін мекендейді. Ал оңтүстік аудандарда (өңірлерде) көгал жерлерде де кездеседі. Қазақстаннан басқа Ресейдің Еуропалық бөлігінің бірқатар облыстарында, Алтай өлкесінің оңтүстік далалық аудандарында және орта Азия республикаларында таралған. Шегірткенің түсі ашық қоңырдан қара-қоңырға дейін өзгереді ( 3-сурет).
Алдыңғы кеуде сақинасындағы аяқтарының аралығында конус пішінді өсіндісі болады. Алдыңғы арқа сақинасының бүйір қырлары түзу. Үстіңгі қанаттарына көптеген қара дақтары бар. Артқы дақтарының негізгі бөлігі және артқы сандарының ішкі жағы қызғылт, артқы сирақтары шымқай қызыл. Ұрғашыларының ұзындығы 24,5 - 40 мм, еркектері 14,5 - 23 мм болады.
Италиялық шегірткенің дернәсілдері мамыр айының екінші жартысында шығып, дамуы 40 - 45 күнге созылады. Осы мерзім ішінде дернәсілдер 5 рет түлейді. Ересек шегірткелер толық қанаттанғаннан кейін 10 - 15 күн өткен соң жұмыртқалай бастайды. Олар күбіршектерін өсімдігі селдір, топырағы тығыз тапталған учаскілерге, сонымен қатар құмдауыт, тіпті сусыма құмды жерлерге де сала береді. Күбіршектерінің аздап доғаша иілген цилиндр тәрізді, ұзындығы 41 мм-ге жетеді. Әрбір күбіршекте 4 қатарға орналасқан 30 - 40 жұмыртқа салады.

3-сурет. Италиялық шегiртке
Даму фенологиясы:
Дернәсілдің шығуы - 11 мамыр
Жаппай шығуы - 18 мамыр
Алғашқы қанаттана бастауы - 15 маусым
Жаппай қанаттануы -23 маусым
Күздік бидайдың септориоз ауруы. Ауру республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жиі кездеседі.
Кесел белгісі негізінен жапырақтарда, кейде сабақ пен масақтарда білінеді. Залалданған мүшелерде ашық-сары, ашық-қоңыр, қоңыр жиекті дақтар пайда болып, бетінде қара, майда пикнидалар түзіледі. Жапырақтар түссізденіп, бірте-бірте қурайды(4-сурет). Ауру өсімдіктердің өсуі саябырлап, қатты түптеніп, дән қауызы дақтанып, масақ түсі қоңырланып немесе ала-құла болады. Бұл масақта дән түзілмейді, егер түзілсе - жетілмейді[4].

4-сурет. Септориоз дағының күздік бидай жапырақтарындағы көрінісі
Ауру қоздырғышы - Septoria graminum Desm. саңырауқұлағы. Клетка аралығымен таралған жіпшумақта пикнидалар эпидермис астында түзіледі. Олардың пішіні шар тәрізді, сәл басылған, көтеріңкі саңылауы бар. Пикниоспоралар жіп тәрізді, тік немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының табиғи климаттық жағдайы
Зиянкестермен күресу шараларын хабарлауда ақпараттарды қолдану жүйесі
Жүзім - жүзім тұқымдасына жататын өсімдік
Орман ағаштарының ауруларын анықтау және зерттеу тәсілдері
Ауыр металдардың өсімдіктерге ену жолдары
Күздік бидайдан мол өнім алу үшін оның өсіру технологиясын сақтап, олардың қауіпті зиянды организмдеріне қарсы күресу
Өсімдіктің төзімділігін арттыруда селекцияның рөлі
Дәнді бұршақ дақылдары зиянкестерінің энтомофагтары
Қант қызылшасын өсіру технологиясы
Картоп дақылын өндіру
Пәндер