Алмұрт ағашына сипаттама


Жоспары
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
2. 1. Алмұрт ағашына сипаттама
2. 2. Өсімдікті клондық микрокөбейту
2. 3. Алмұрт ағашын клондық микрокөбейту техналогиясы
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Биотехнология - алдын -ала белгіленген қасиеттеріне байланысты тиімділігі жоғары тірі организм формаларын алу үшін тірі клеткаларда және клетка компоненттерінде жүретін биологиялық процестерді пайдалану.
Биотехнология дегеніміз - биологиялық организмдердің қатысуымен жүретін процестерді, адамның мақсатына сай өзгерту арқылы өндірісте пайдалану. "Биотехнология" деген терминді алғаш рет 1919 жылы венгр ғалымы К. Эреки енгізді. Қазіргі биотехнологияның басты мақсаты - өсімдіктердің жаңа сорттарын, жануарлардың асыл тұкымын, микроорганизмдердің штаммаларын шығару. Оны адам өміріне қажетті заттар өндіру үшін биологиялық нысандар мен процестерге негізделген жаңа ғылымның және өндірістің сапасы деп қарауға болады. Биотехнологияның биологиялық әдістерін қоршаған ортаны ластанудан тазарту үшін қолданады. Ластанған суларды микроорганизмдердің көмегімен тазартады. Үлкен қалалардың, өндіріс орындардың шығарған зиянды қалдықтарын тазарту кейбір бактериялардың қатысуымен жүреді. Металл қалдықтарымен (уран, мыс, кобальт, т. б. ) ластанған суларды тазарту үшін оларды өз жасушаларына жинайтын бактериялардың түрлерін пайдаланады. Сонымен, биотехнология экологиялық мәселелерді шешуге қатысады. Үндістанда, Қытайда, Филиппинде үйлерді жылытуға және тамақ дайындауда биогаз -метан мен кеміркышқыл газдың қоспасын пайдаланады. Ол үшін арнаулы контейнерлерге малдың қиын, қант өндірісінің, ауыл шаруашылығы заттарының калдықтарын жинап, оларға бактерияның арнайы себіндісін қосады.
Қазіргі кезеңде биотехнология адам әрекеті өрісінің барлығын дерлік, сонымен қатар ауыл шаруашылығын да қамтиды. Өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау сияқты салаларда биотехнология жетістіктері өте кеңінен қолданылады. Биотехнология өркениеттің дамуымен тығыз байланысты, алайда оның жетістіктері қауіпсіздік талаптарына жауап беруі қажет. Қазіргі таңда бақ шарушылығының қарқынды дамуы барысында жоғары талаптар мен сапаға ие және өсімдіктерді сауықтыру техналогиясы алға қойылған, яғни бұл мақсатқа биотехналогияның жаңа вегетациялық көбею әдісі - клондық микрокөбейту қолдануда. Бұл әдістің артықшылығын атап айтатын болсақ : көбею коэффициенті өте жоғары; өсімдіктердің вирустық және потогендік микроорганизмдерден сауықтырылуы; сұрыптау процесі жылдам; вегетативтік жолмен көбейе алмайтын өсімдіктерді in vitro жағдайында көбейтуге болады; үнемділік; жас өсімдіктерді алу, яғни кәрі дарақтарды жасарту; өсу процесін жыл бойы үзбеуге болады.
2. 1. Алмұрт ағашына сипаттама
Алмұрт
(Pyrus) -Алмалар тұқымдасына жататын жемісті өсімдіктердін бір туысы. Дүние жүзінде 60-қа жуық түрі белгілі. Олар ауа райы қоңыржай және субтропикалық аймақтарда өседі. Қазақстанда
кәдімгі алмұрт
немесе
орман алмұрты
(Р. communіs),
Регель алмұрты
(Р. regelіі),
құлжа алмұрты
немесе
кеш пісетін алмұрт
(P. serotіna) деген түрлері бар. Алмұрт көбінесе үлкен ағаш, кейде ұзын бұта болып өседі. Алмұрт көп күтімді қажет етпейді, жылу сүйгіш, суыққа төзімсіз ағаш. Биіктігі 10-12 м болады. Бұтақ шоғырының аумағы жалпақ, пирамида тәрізді. Жапырағы жұмыртқа пішінді, түксіз, жылтыр. Гүлі ақ, қызғылт, сарғыш, кейде қызыл түсті, гүлтабақшасына шоғырланған. Жемісі - сары, жасыл не қызғылт түсті сопақша келеді. Салмағы 20-300гр-дай.
Алмұрт отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда жеміс бере бастайды, 40-50 жылдай өседі. Мәдени сұрыптарын ұластыру арқылы өсіреді. Алмұрттың 5 000-нан астам сұрпы бар, олардың бұрынғы КСРО-да 130 сұрпы өседі. Бұлардың ішіндегі 15 сұрпын өсіріп шығарған И. Мичурин, олардың негізгілері: қыстық бере (груша бере зимняя) - И. Мичуриннің жабайы уссурий алмұртын бірінші рет гүлденген жылы Бере Рояль алмұртының тозаңымен будандастырғаннан кейінгі алған жаңа сұрпы. 20 жылдан астам өмірінің ішінде бұған аяздың тигізген әсері байқалған емес. Мұның ағашы құрт-құмырсқаға да, паразит саңырауқұлақтарға да бой бермейтін төзімді келеді. Жемісінің өздігінен зақымданған жері тез жазылып кетеді. Жемісін қыркүйектің аяғында жинайды, ол жатқан жерінде (қыста) піседі де (аты осыған сәйкес қойылған), сәуірге дейін сақтауға келеді. Орта Азия алмұрты (Р. asiae mediae) - кронасы аумақты келген үлкен ағаш. Қазақстанда 14 сұрпы аудандастырылған, оның Орман аруы, Талғар аруы, хош иісті Алмұрт, деген сұрыптары кең тараған. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында өсіріледі. Өсімдік зиянкестеріне төзімді, көбіне ауруға шалдықпайды. Алмұрт - бағалы ағаш, гүлінен аралар бал жинайды. Жемісінің құрамында 80-84, 3% су, 10-13% қант, глюкоза, фруктоза, сахароза, 0, 1-0, 6% қышқыл, илік және 0, 4% азотты заттар, В, С дәрумендері, каротин болады. Одан тосап, шарап т. б. сусындар дайындалады. Алмұрттың негізгі зиянкестері мен аурулары - бүрге шіркейі, Алмұрт биті, Алмұрт көк көбелегі, тазқотыр т. б.
2. 2. Өсімдікті клондық микрокөбейту
Клондық микрокөбейту -өсімдіктерді іn vitro жағдайында жыныссыз жолмен көбейту. Пайда болған клон өсімдіктер бастапқы өсімдікпен генетикалық жағынан бірдей болады. Клондық микрокөбейту әдісінде дағдылы вегетативтік жолмен көбейтумен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар. Оның ішінде ең маңыздыларының көбею коэффициенттері өте жоғары және өсімдіктерді вирустармен патогендік микроорганизмдерден тазарту. Клондық микрокөбейту әдістері іn vitro жағдайында қолтық бүршік мерисистемаларын өсіруге және басқа экспланттардан өсіруге негізделген.
Жасанды тұқым деп - даму кезеңдері бірдей жасанды қабықшалармен қапталған, эмбриоидтарды айтады. Қабықшалар эмбриоидтарды және ұзақ уақыт аралығында тіршлік қабілетін сақтауын қамтамасыз етеді.
Бірінші типтегі өсімдіктер тұтас өсімдікте бұрыннан бар меристемаларды (сабақтың ұшы, қолтық және бұйыққан бүршіктерін) активтендіру арқылы алынған. Меристемадан пайда болған бұл өсімдікттер генетикалық жағынан ата-аналық формаларымен бірдей, себебі меристемалар көпшілік жағдайда генетикалық тұрақтылығын сақтайды. Өсімдіктің екінші типі бүршіктер мен эмбриоидтардың пайда болуын индукциялау арқылы алынады.
Бүршіктер мен эмбриоидтардың пайда болуы:
- тікелей экспланттың маманданған ұпаларынан (репродуктивтік мүшелер ұлпаларынан, эпидермистен, субэпидермалық ұлпалардан, жапырақ қабыршағы мезофилінен т. б. )
- эксплант клеткаларынан түзілген бастапқы каллустан;
- басқа ортаға көшіріп отырғызылған каллустан.
Өсімдіктерді клондау арқылы микрокөбейтудің барлық процесстерін 4 кезеңге бөлуге болады:
- Өсімдіктерді бастапқы ұлпалардың экспланттарын in vitro өсіру. Бұл кезеңде қоректік ортада инфекциядан таза ұлпаларды өсіріп, олардың тіршілігін сақтап, экспланттардың тез өсуіне қол жеткізу керек. Өсімдіктерді көбейтуде жетістікке жету, эксплантты дұрыс таңдап алудан басталады, бұл кезде донорлық өсімдіктің өсу фазасы және өсу жағдайларын ескеру қажет.
- Нақтылы микрокөбейту кезеңі, яғни эксплантта бастама клеткалар (инициальдар) санын көбейтіп, олардын өркендердің пайда болуына жағдай жасау.
- Көбейтілген өркендерді тамырландыру және оларды сақтау. Бұл кезде тамыр жүйесінің қалыпты өсуіне тлық жағдай жасалады, қоректік ортаға тамыр пайда болуына жауапты фактор ауксин қосылады. Одан кейін өсімдіктерді топыраққа отырғызуға дайындау басталады немесе сақтау үшін төмен температуражағдайына ауыстырады. Онда өсімдіктің өсуі тежеліп, оны ұзақ уақыт сақтап, қажет уақытта пайдалануға болады.
- Өсімдіктерді топыраққа отырғызу. Алдын ала өсімдіктерді бұған бейімдеу жұмыстары жүргізіледі, олардың патогендік микрооргнаизмдерге және сыртқы ортаның қолайсыз факторларына тұрақтылығын арттырады. Әдетте ауа ылғалдылығын жоғарылатады және жарық қарқындылығын арттырады, өсімдік гетеротрофтық қоректенуден автотрофты қоректенуге көшеді. Бұл барлық жұмыстың жетістікке жетуін қамтамасыз ететін өте маңызды кезең, аса ұқыптылқты талап етеді, сонымен бірге осы кезеңде алынған өсімдіктердің көп шығыны болады.
Клондық микрокөбейту нәтижесі өсімдіктің генотипіне, жасына, экспланттың тегіне, қоректік ортаға, өсіру жағдайларына байланысты. Бұл әдіс қымбат және көп еңбекті қажет етеді, сондықтан ол әзірше селекциялық жұмыстарда қолданылады және басқа жолдармен көбеймейтін өсімдіктерді көбейту үшін пайдаланылады. Сонымен бірге бұл әдіс лабороториялық деңгейінде екі жарым мыңдай өсімдік түрлеріне дайындалған, ал өндірістік технология ретінде біртіндеп өріс алып келеді.
Клондық микрокөбейту әдістері. Клондық микрокөбейту - өсімдіктерді іn vitro жағдайында жыныссыз жолмен көбейту. Бүкіл микроклонды көбейту процесін 3 сатыға бөлуге болады: 1) Асептикалық культураны индукциялау; 2) Қолтық бүрщік дамуын индукциялау; 3) Қалыптасқан in vitro өсімдікті ашық топыраққа отырғызуға дайындау. Пайда болған клон өсімдіктер бастапқы өсімдікпен генетикалық жағынан бірдей болады. Клондық микрокөбейту әдісінде дағдылы вегетативтік жолмен көбейтумен салыстырғанда бірталай артықшылықтары бар. Оның ішінде ең маңыздыларының көбею коэффициенттері өте жоғары және өсімдіктерді вирустармен патогендік микроорганизмдерден тазарту. Клондық микрокөбейту әдістері іn vitro жағдайында қолтық бүршік мерисистемаларын өсіруге және басқа экспланттардан өсіруге негізделген. Жасанды тұқым деп- даму кезеңдері бірдей жасанды қабықшалармен қапталған, эмбриоидтарды айтады. Қабықшалар эмбриоидтарды және ұзақ уақыт аралығында тіршлік қабілетін сақтауын қамтамасыз етеді. Бірінші типтегі өсімдіктер тұтас өсімдікте бұрыннан бар меристемаларды (сабақтың ұшы, қолтық және бұйыққан бүршіктерін) активтендіру арқылы алынған. Меристемадан пайда болған бұл өсімдікттер генетикалық жағынан ата-аналық формаларымен бірдей, себебі меристемалар көпшілік жағдайда генетикалық тұрақтылығын сақтайды. Өсімдіктің екінші типі бүршіктер мен эмбриоидтардың пайда болуын индукциялау арқылы алынады. Бүршіктер мен эмбриоидтардың пайда болуы:тікелей экспланттың маманданған ұпаларынан (репродуктивтік мүшелер ұлпаларынан, эпидермистен, субэпидермалық ұлпалардан, жапырақ қабыршағы мезофилінен т. б. ) Эксплант клеткаларынан түзілген бастапқы каллустан; басқа ортаға көшіріп отырғызылған каллустан. Өсімдіктерді клондау арқылы микрокөбейтудің барлық процесстерін 4 кезеңге бөлуге болады:Өсімдіктерді бастапқы ұлпалардың экспланттарын in vitro өсіру. Бұл кезеңде қоректік ортада инфекциядан таза ұлпаларды өсіріп, олардың тіршілігін сақтап, экспланттардың тез өсуіне қол жеткізу керек. Өсімдіктерді көбейтуде жетістікке жету, эксплантты дұрыс таңдап алудан басталады, бұл кезде донорлық өсімдіктің өсу фазасы және өсу жағдайларын ескеру қажет. Нақтылы микрокөбейту кезеңі, яғни эксплантта бастама клеткалар (инициальдар) санын көбейтіп, олардын өркендердің пайда болуына жағдай жасау. Көбейтілген өркендерді тамырландыру және оларды сақтау. Бұл кезде тамыр жүйесінің қалыпты өсуіне тлық жағдай жасалады, қоректік ортаға тамыр пайда болуына жауапты фактор ауксин қосылады. Одан кейін өсімдіктерді топыраққа отырғызуға дайындау басталады немесе сақтау үшін төмен температуражағдайына ауыстырады. Онда өсімдіктің өсуі тежеліп, оны ұзақ уақыт сақтап, қажет уақытта пайдалануға болады. Өсімдіктерді топыраққа отырғызу. Алдын ала өсімдіктерді бұған бейімдеу жұмыстары жүргізіледі, олардың патогендік микрооргнаизмдерге және сыртқы ортаның қолайсыз факторларына тұрақтылығын арттырады. Әдетте ауа ылғалдылығын жоғарылатады және жарық қарқындылығын арттырады, өсімдік гетеротрофтық қоректенуден автотрофты қоректенуге көшеді. Бұл барлық жұмыстың жетістікке жетуін қамтамасыз ететін өте маңызды кезең, аса ұқыптылықты талап етеді, сонымен бірге осы кезеңде алынған өсімдіктердің көп шығыны болады. Клондық микрокөбейту нәтижесі өсімдіктің генотипіне, жасына, экспланттың тегіне, қоректік ортаға, өсіру жағдайларына байланысты. Бұл әдіс қымбат және көп еңбекті қажет етеді, сондықтан ол әзірше селекциялық жұмыстарда қолданылады және басқа жолдармен көбеймейтін өсімдіктерді көбейту үшін пайдаланылады. Сонымен бірге бұл әдіс лабороториялық деңгейінде екі жарым мыңдай өсімдік түрлеріне дайындалған, ал өндірістік технология ретінде біртіндеп өріс алып келеді.
Өсімдіктердің клондық микрокөбеюіне әсер ететін факторлар In vitro жағдайларында регенерацияның жылдамдығы өсімдіктер түріне байланысты болады, яғни генотиптің әсері күшті. Мысалы, қос жарнақты шөп текті өсімдіктер дара жарнақты және ағаш өсімдіктерге қарағанда регенерацияға қабілеті едәуір жоғары. Өсімдіктің әртүріне ең тиімді регенерация әдісі іріктеліп алынады. Экспланттан бөлініп алынатын өсімдіктер аурудан сау болуы керек. Теплицада өсірілетін болса, жапырақтарына су шашыратпай өлшеулі суару керек, ауаның ылғалдылығы төмен болуы қажет. Ең қолайлысы асептикалық ыдыстарда өсіріл-ген залалсыздандырылған өскіндер. Іс жүзінде жалпы алғанда өсімдіктің кез-келген бөлігінен регенерант алуға болады, егерде эксплант жарамды даму кезеңінде алынса. Эксплантты таңдап алудың маңызы өте зор. Ең жақсысы, егер эксплантта меристемалық ұлпаларымен мү-шелері пайдаланса, атап айтқанда; өркеннің ұшы, қолтық бүршігі, меристема. Олар In vitro жағдайларында жақсы өседі және тотипотенттілігі жоғары болады. Негізінде кез-келген өсімдіктің түрі белгілі тәсілдерді қолданса, каллустанда регенерант бере алады. Эксплант алынатын өсімдік неғұрлым жас болса соғұрлым одан шыққан каллустың регенерацияға қабілеті жоғары болады. Ювенильдік кезеңдегі өсімдіктерден, яғни өскіндерден алынған каллутың морфогендік потенциялы ең жоғары болады. Экспланттың физиологиялық жасы каллуста өтетін морфогенез жолынада әсер етеді. Микрокөбейту үшін эксплант алынатын мүшенің де маңызы зор. Сонымен қатар, экспланттың морфогендік қабілетіне оның көлемі ықпал етеді. Неғұрлым эксплант кішкене болса, соғұрлым оның оргоногенезге қабылеті төмендейд. Ірі экспланттардың тұрақтылығы артады, бірақ бұл кезде олардың клеткаларында вирустар сақталып қалуы мүмкін. Сондықтан практикада экспланттың орташа көлемін іріктеп алады. Микрокөбейту технологиясында қоректік ортаның орны ерекше, әрбір өсімдік түрі үшін оның құрамы тәжірибеге сүйеніп іріктеледі. Егерде микрокөбейту қолтық бүршіктерін өсіру арқылы өсірілсе, каллустың пайда болуы ұнамсыз құбылыс болар еді. Сондықтан бұл әдіске каллус түзілуін тежейтін басқа да қоректік орталары қолайлы келеді. Микрокөбейтудің бірінші этапында қоректік ортаға антиоксиданттар жиі қосылады, олар гидролиз өткізетін ферменттердің активтелуін теэжейді, демек эксплантты сақтап қалады. Антиоксидант ретінде цистеин, глутатион, меркаптоэтанол, аскарбин қышқылы қолданылады. Тіпті эксплант отырғызу алдында оларда осы заттардың ерітіндісімен жуады. Көптеген өсімдіктер айтарлықтай мөлшерде фенолдық заттарды синтездейді, олардың тотығуы салдарынан қарайып өсуі тежеледі. Бұл заттардан құтылу жолдары, ол каллустарды жиі-жиі жаңа ортаға көшіріп отыру немесе қоректік ортаға оларды өздеріне адсорбцияланатын активтелген көмірлі заттарды қосуға болады. Эксплантты өсір бастағанда және көбейтуді өткізгенде қоректік ортаның құрамы күрделі болады, ал тамырландыру үшін қоректік ортадағы заттардың саны да, мөлшері де азайтылады. Кейкезде тамырландыруға ынталандыру үшін ауксинді ортаға қоспай өркендердің өздерін онымен өңдей-ді. Бұл тәсіл ағаштармен бұталарды микрокөбейткенде жақсы нәтиже береді. Бұл жағдайда каллус аз түзіліп, тамырлар тезірек шығады. Ең жауапты кезең, ол 4-этап өсімдіктерді топыраққа отырғызу. Кейде тамыр түтіктері жақсырақ өскендіктен, өсімдіктерді сұйық ортаға отырғызады. Бірақ бұдан кейін оларды автоклавтан өткізілген топырақ қоспасына көшіріледі. Ылғал-дылықты жоғары деңгейде сақтау үшін, үстінен шыны ыдыстармен жабады. Ылғалдылығы жоғары арнайы камераларда да өсіреді. Бірақ күрделі процеду-раның барлық өсімдіктерге қажеті жоқ. Мысалы, картоп, бүлдірген, таңқурай, қарақат, алма, шие, мамыр гүл (сирен) т. б. Өсімдіктерді пробиркадан стерильденген (тіпті стерильденбегенде) топырақ, шымтезек және құмнан жасалған субстратқа көшіруге болады, кейін олар теплицада өсіріледі. Физикалық факторлардың ішінде ең маңыздылары жарық пен температура. Морфогенез процестеріне өте жарық жағдайлардың керегі жоқ. Өсімдіктерді топыраққа көшіруге дайындағанда оларға 1 лк жарық түсіріп баулиды. Көптеген 21:41:17өсімдіктерге ең жақсы температура шамамен 25°С. Бірақ әрбір түрдің табиғатта температураға талабын еске алу керек
2. 3. Алмұрт ағашын клондық микрокөбейту техналогиясы
Алма мен алмұрт - Ресейдегі сүйекті жемістілер тұқымдасының жетекші өнеркәсібі. Қазіргі таңда оларды клондық микрокөбейтуде жақсы нәтижелер алынуда. Алайда in vitro жағдайында жаңғыртылатын нәтижелер төмен, және де оларды бір объектіден екіншіге ауыстыруға болмайды, себебі өсіру кезінеде көпшілік сорттар мен екпелерде өзіне тән айқын білінетін қасиеттерге ие. Сонымен қатар, Ресейде жаңа сорттар мен екпелер алынуда, бұл мәдениеттің оқшауланған меристема арқылы микрокөбейтуі жақсы зерттелмеген немесе мүлде зерттелмеген.
Микрокөбейтудің бастапқы кезеңі (мәдениет енгізу) өте маңызды, себебі алдағы процестер осы бірінші мәдениетті алуға байланысты. Эксплантты Кворина-Лепуавра және Мурасиге-Скуга орталарында енгізгенде БАП 0, 5мг/л қосылуы Кворина-Лепуавра ортасының айқын асып түсуін көрсетті.
Алмұрттардағы экспланттық өсу процесінде токсинді заттармен (фенолды қосылыстар) ингебрлеу мүмкіндігіне, оларды қоршаған бөлінуіне байланысты кейбір зерттеушілер in vitro мәдени тұқымына егу кезінде антиоксиданттарды қолдану ұсынылды. Біздің зерттеулерімізде аскорбин қышқылын қосу, in vitro мәдени тұқымына егу кезінде алмұрт 10, алмұрт 12, 218-2-2, 17-16 және Елена сорттары үшін тиімсіз болып шықты. Бірақ кейбір формалар, мысалы Елена, Синап Орловский, сорттарында конглемеранттың өсуі және қалыптасу жылдамдығы аскорбин қышқылын ортаның құрамына енгізуде жоғары болды, оны енгізбеген жағдайға қарағанда.
Көбею жылдамдығы және пролиферация дәрежесі цитокинин типімен және оның концентрациясымен бақыланып, реттеліп отырады. Алмұрттардың сорттары және клондар үшін БАП қолдану жақсы болады. Қоршаған ортадағы БАП- тың оптимальді концентрациясы көптеген формалар үшін сәйкесінше 2мг/л. Бұдан да жоғарғы концентрацияны қолдану экспланттардың жан жақты өсуіне әкеледі, бұл жағдайда қызғыш түсті өте қысқа өскіндер пайда болады, олар жылдам өсуге жарамсыз болады. Сондықтан БАП-тың төменгі және жоғарғы концентрацияларын кезектестіріп қолдану ұсынылады, ерекше риогенез этапы алынады. Сонымен бірге қоршаған ортада тұрақты түрде БАП жоғарғы концентрациясының бар болуы өскіндердің витрификациясының туғызады, оның әсерінен БАП тың құрамы азаяды. (1мг/л-ге дейін) және 20-30% ке жылдамдық түбіртек пайдалы өскіндер санының көбеюіне мүмкіндік береді.
Қоршаған ортадағы өскіндер ориентациясында пролиферация өз әсерін тигізеді. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, форманың түріне тәуелсіз төбесі жоқ горизонталь өскінді пайдалану тиімді. Бұл кезде вертикал өскінге қарағанда конфлорициентінің 1. 2-1. 6 есе көбейеді. Сонымен бірге төбесі жоқ горизонталь өскінде түбіртектелуге жарамды өскіндердің максималды санының қалыптасуы жүреді. Пролиферация процесіне жағымды оң әсер беретіні БАП қа аденин сульфаты 50-100 мг/литр концентрациясын қосу болып табылады. Бұл жағдайда регенерация 1. 5-2 мг/л есе жылдам жүреді және оның дәрежесі 15-47% жоғары. Өскінге сабақтардың жақсы дамуының есебінен түбіртектелудің 18-28% артуы жүреді
Алмұрт сорттары және клонды өскін субкультивациялау саны 9-11 -ге дейін жеткізу ұсынылды, ал төртінші пассаждан бастап өскіндерді түбіртелуін бастауға болады.
Микроөскіндерді түбіртектілеуі -микрокөбейтудің процесінің маңызды этапы. Ол үшін ұзындығы 1, 5-3, 0 см өскінді сабақтылар қолданылады, бұдан майда өскіндердің түбіртектілеуі нашарлап, әлсіз өседі және стирильді емес жағдайлардағы қайта көшеттеуді нашар көтереді.
In vitro жағдайындағы ризогенездің негізгі индукторы ауксин болып табылады. Көбіне бұл индопилмайы және индопиуксусы (НУК) қышылдар. Нафнил уксусты қышқылды (НУК) қолдану, жемісті мәдени өсімдіктерді түбіртелуіндегі, тиімділігі аз, себебі көп мөлшерде каллустың өсуін тудырады, ал ол тамырдың өсуі, беку процестерін ингибриттейді.
Ауыр тамырланатын формаларға ризогенездің жүруін стимуляциялауға, мысалы 54-118, 3-5-44, тәрізді сорттарда, ИМК (1, 0-2, 0 мг/л) -ны қолдану оң әсерін береді, ал жылдам, тез тамырланатын сорттарда ИМК (3, 0-5, 0мг/л) қолданған тиімді. Бірақ анықталғандай, құнарлы қоректендіру ортада тұрақты түрде ауксиннің бар болуы ризогенездің бірінші кезінде ғана оң әсер береді (түбіртектілеудің ең алғашқы басында) ;
Ал тамырдың өсуіне - ингибритті әсер береді және каллустың пайда болуын тудырады. Сондықтан микро өскін түбіртектерді сулы ИМК ерітіндісінде (концетрациясы 30 м/г), 18-24 сағат суға салып қою немесе 50-100 мг/л концентралды ерітіндіге 20-30 мин салып қою тиімді. Бұндай өскіндерді обработка жасау тамырдың өскіндерінің ерте қалыптасуына(7-10 күнге ерте), түбіртектелудің 5, 5% (алмұрт 12) - 34, 3% (3-5-44), өсуіне әсер етеді. Тамыр жүйесі жақсы дамиды және ерте каллустың айда болуын тудыырмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz