Қазақстандағы жеміс - жидек шаруашылығы туралы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
2. 1 Қазақстандағы жеміс шаруашылығы
2. 2 Жамбыл облысының табиғат - климат жағдайы
2. 3. Өсірілетін жеміс - жидектерге сипаттама
2. 4. Бақ құру жобасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Жеміс-жидек шаруашылығы - жеміс - жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т. б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т. б. ), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы - өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б. з. б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б. з. б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б. з. б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т. б. маңызы зор. Жеміс дақылдарының кейбір тұқымдары (шекілдеуікті, жаңғақты және цитрусты) ұзақ уақыт бойы жасаң күйінде сақталады, әрі қыстыгүні және ерте көктемде витаминдер, биологилық белсенді заттар аз болған жағдайда, адам организміндегі қажетті витаминдер т. б пайдалы заттар орнын толықтырады.
Қазақстан Республикасында жеміс-жидек дақылдарынан аса сапалы, мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Мысалы, 1991 жылы Республикада осындай шаруашылықтардың саны 0, 3 мың га болса, 2001 жыл бір мыңға жетіп отыр.
2. 2 Жамбыл облысының табиғат - климат жағдайы
Облыстың айтарлықтай аумағын Бетпақдала және Мойынқұм алады, тек оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс шеті таулармен шектелген (Қаратау, Қырғыз және Шу-Іле Алатау таулары) . Рельефтің бұл ерекшелігі облыс климатына әртүрлілік ендіреді.
Ірі бөгендерден Тасөткел және Теріс-Ащыбұлақ бар. Балық аулау кәсібінде толстолобик, ақмарқа, карп, сазан, көк серке, тыран балық, краль, торта балықтарын аулау кең таралған.
Жамбыл облысының табиғи-климаттық жағдайы жеміс дақылдарын өсіруге өте қолайлы болып табылады.
Облыс аймағы - 145, 2 тыс. км2, қолданымдағы жерлер саны - 153, 14 тыс. км2.
Климати шұғыл континенталды. Ауа температурасының бір күнде немесежыл ішінде күрт ауыспалығымен ерекшеленеді. Оңтүстік таулы- аймақтарында континенталдылық жұмсарады: қысы жылы және жауын-шашынмен қамтылуы жақсы.
Ауа температурасының жылдық орташа мөлшері - 7-10⁰С. Ең суық қаңтар айының ауа температурасының орта мөлшері- 5 - 9°С, Солтүстік жіне солтүстік -шығыста- 11 - 14°С. Ауа температурасының жылдық орташа мөлшері - 7-10⁰С. Ең суық қаңтар айының ауа температурасының орта мөлшері- 5 - 9°С, Солтүстік жіне солтүстік -шығыста- 11 - 14°С. Қыс айының абсолюттық минимумы 40 - 45°С, оңтүстікте 35 - 38°С аяз. Жылдың жылы кезеңдерінде ауа температурасы ыстық және құрғақ. Ең ыстық шілде айының орташа айлық температурасы 25 - 27°С, таулық аймақтарында - 21 - 24°С. Жылдың осы айларында абсолюттық максимум-40 - 45°С, құмды аудадарда 47°С.
Жалпы жауын-шашын мөлшері аз түседі, әсіресе таулы аймақтарында (250 мм жылына) . Ең аз жауын-шашын мөлшері облыстың солтүстік-шығысында (100 - 130 мм жылына) . Солтүстік және орталық аудандарда жаз айларында жауын-шашын аз мөлшерде. Таулы аймақтарда жаун-шашын мөлшері көбейеді 300 - 500 мм. Мезгілге байланысты жауын-шашын мөлшері бірдей емес, олардың жартысы қысқы және көктемгі уақытқа келеді.
II Негізгі бөлім
2. 1 Қазақстандағы жеміс шаруашылығы
Қазіргі Қазақстандағы жеміс шаруашылығының дамуы алдағы кездегі жеміс шаруашылығының дамуымен салыстырғанда әлдеқайда дамып келеді. Қазақстан Республикасында жеміс - жидек дақылдарынан аса сапалы, мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Олар негізінен еліміздің халқын жеміс - жидек тағамдарымен толық болмаса да жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету. Мысалы, 1991 жылы Республикада шарушылықтардың саны 0, 3 мың га болса, 2001 жылы бір мыңға жетіп отыр.
Бірақ, соңғы жылдары жеміс шаруашылығының жалпы көлемі мен өндірілетін өнім мөлшері күрт төмендеп кетті.
Қазақстанда, соңғы деректер бойынша, 1996 жылы жеміс шаруашылығының көлемі 96, 5 мың гектар болса, 2000 жылы - 65, 1 мың гектар. Сондай - ақ жалпы өндірілген өнімнің мөлшері 1996 жылы. 341 мың т. болса, 2002 жылы 202, 0 т болады. Жалпы өндірілген өнім мөлшерінің азаюы, тікелей жан басына шаққанда, дәрілік норма бойынша 95 кг өажет болса, соңғы 1996 - 2000 жылдары 7 - 14 кг аралықта өндіріледі. Осындай жағдайды ескерсек, жеміс шаруашылығы маманының алдында көптеген шешілмеген сұрақтар бар.
Біздің Республикамызда жеміс шаруашылығының дамуына көп еңбек сіңірген ғалымдар қатарына А. Ж. Жанғалиев, А. П. Драгавцев, А. Н. Кацейко, В. П. Вонамаршук, В. И. Васильев, А. П. Андронов, Б. Г. Матаганов, К. Г. Карычев, Е. Г. Раузин, О. А. Үкібасов.
2. 3 Өсірілетін жеміс - жидектерге сипаттама
Алманың - жаздық сорттары. Пеструшка - жергілікті сорт. Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өте биік өседі, жас ағашының бөрікбасы дөңгелектеніп келеді, өнім бергеннен кейін селеуленіп кетеді. Суыққа және қуаңшылыққа төзімді. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 6-8 жылда жеміс бере бастайды, өнімді жыл сайын салмайды, әрбір жеміс ағашы орта есеппен 180 кг өнім береді.
Жемісінің өлшемі орташа (100-110г) қабығы сары, жалпақ қызғылт жолақтары мен жеке - жеке орналасқан теңбілдер бар, сырты тегіс. Жұмсағының түсі ақ, тығыздығы орташа, шырынды, жемісі тасымалдауға шыдамды.
1- сурет. Жаздық алманың пеструшка сорты
Мельба - Канадалық сорт. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, бөрікбасы ағаштың жас шағында сопақша, ал жеміс берген уақытта аумақты кең болады.
Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 75-100 кг. Жемісінің өлшемі орташа 130 кг, түсі көкшіл сары, қызыл, қызыл жайылған шырайлы жұмсағы ақ, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар.
2- сурет. Жаздық алманың мелба сорты
Алманың күздік сорттары. Ренет бурхардта - Никиталық ботаника бағында шығарылған сорт. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштарының өсуі орташа, бөрікбасы қалың, жас шағында сопақша, ал өнім бере бастағанда шар тәрізденіп кетеді, суыққа төзімді.
Жемісі 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 140-160 кг.
Жемісінің өлшемі орташа (100 г) , домалақтау, түсі - сары, тасымалдауға қолайлы, жұисағы ақ, сарғыштау, тығыз, шырынды, хош иісті, қышқылтым тәтті.
3- сурет. Күздік алма сорты Ренет бухардта
Апорт - ескі, тегі белгісіз сорт . Қазақстанның оңтүстігі және оңтүстік шығыс облыстарында және Шығыс-Қазақстан облысында пайдалануға рұқсат етілген.
Бұл таулы, суармалы аудандар үшін ең бағалы сорттардың бірі. Бөрікбасы сирек, дөңгелек, аумақты. Өнімді көбінесе шет жағына орналасқан ұзын бұтақшалары береді. Жазық аймақта және тау етегінде суыққа шыдамсыз, ал тау белдеуінде, таулы аймақта суыққа төзімділігі жақсы. Жемісті отырғызылғаннан кейін 7-8 жылда береді, өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 100-150 кг.
Алмасы өте ірі (250 г), түсі әдемі болады. Жұмсағы ақшыл жасылдау, орташа түйіршікті, нәзік, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән хош иісі бар.
4- сурет. Алманың күздік сорты апорт
Қыстық алма сорттары . Румянка Алма - Атинская. Сорт Қазақ жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында "Зеленка Вуда" сортының екпе көшетінен алынған. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануына рұқсат етілген. Ағаштарының бөрікбасы кең пирамидалы онша тығыз емес. Суыққа төзімділігі орташа. Ағашы отырғызғаннан кейін 5-6 жылда жеміс бере бастайды. Жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен бір ағашта 50-100 кг келеді. Жемісінің өлшемі орташа (130 г), дөңгелек, конус формалы, сарғылт жасыл түсті, қызыл қоңыр реңді. Жұмсағы шырынды, хош иісті, қышқылтым тәтті.
5- сурет. Қыстық алма сорты Румянка Алма - Атинская
Заилийское. Сорт Қазақтың жеміс және жүзім шаруашылығы ғылыми зерттеу институтында белгісіз сорттардың екпе көшеттерінен шығарылған. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Ағаштары аласа, бөрікбасы жинақы, суыққа шыдамды. Жемісі ерте, отырғызылғаннан кейін 3-4 жылы салады. Өнімді жыл сайын береді. Әрбір жеміс ағашынан орта есеппен 160-190 кг өнім алынады. Алмасының өлшемі орташа және ортадан жоғары (110-180 г), сарғыштау жасыл, қызыл қоңыр түсті, күігірт сызықтары бар. Жұмсағы жасылдау, нәзік, шырынды, қышқылтым тәтті
6-сурет. Қыстық алма сорты Заилийское
Алмұрттың сорттары. Краса Семиречья. Талгарская красавица сортының еркін тозаңданған дәнін себу арқылы, ҚазЖжЖШҒЗИ-да алынған сорт. Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында өсіруге ұсынылады.
Ағаш бөрікбасы дөңгелек, жеміс салуының басым типі - сақиналы бұтақша. Жеміс салуды 4-5 жылы бастайды. Жемістері ірі (175-126 г) ұзыншақ- алмұрт тәрізді пішінді. Негізгі бояуы жасылдау - сары жемісінің көп бөлігінде қызыл- күрең шыраймен. Жемістерінің жиындық пісуі қыркүйектің екінші онкүндігінде басталады, Желтоқсанға дейін сақталады. Өнімділігі жоғары. Бұл сортты баққа отырғызудың қолайлы жүйесі, жабайы орман алмұртына ұластырылған ағаштары 8х6 м.
7- сурет. Алмұрт сорты краса семиречья
Шие сорты . Шпанка крупная - халық селекциясы арқылы шығарылған сорт, Қазақстанда Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген.
Ағаштары ірі, бөрікбасы дөңгеленіп келген, аумақты, қалыңдығы орташа, суыққа шыдамды. Жемісті 3-4 жылда салады. Өнімді жыл сайын береді. Әрбір ағаштан орта есеппен 30-40 кг шие алынады. Жемістерінің өлшемі орташа (2-3 г), ашық қызыл, домалақ, жұмсағы шырынды, қышқылтым, тәтті.
8-сурет. Шие сорты шпанка крупная
Алхоры сорты. Виктория - Англиялық сорт. Қазақстанда Атырау облысында, Оңтүстік және Оңтүстік - шығыс облыстарда пайдалануға рұқсат етілген.
Ағаштары биік өседі, бөрікбасы аумақты, қалыңдығы орташа. Суыққа төзімді. Отырғызылғаннан кейін 4-5 жылда өнім береді. Жемісті жыл сайын салады. Әрбір ағаштан орта есеппен 30 - 35 кг жеміс алынады. Жемісі ірі (50г), пішіні сопақша, түсі күңгірт қызыл, жұмсағы сары, аздап талшықты, шырынды қышқылтым тәттілеу. Сүйегі жұмсағынан жақсы айрылады. Жемісі жас күйінде қолданылады, қайнатпа қайнатылып, тосап дайындауға өте жақсы.
9- сурет. Алорының виктория сорты
Қарақат сорттары. Алтайская красная - Батысеуропалық сорт.
Түптері орташа өседі, шамалы шашыраңқы, қалың. Суыққа төзімділігі жақсы. Өнімділігі орташа, әр гектардан 50-80 ц.
Жидектері орта, майдалау (1, 1 г), түсі қызыл, ашық қызыл, дәмі десертті, тартымды. Жеміс жасаң күйінде және қайта өңдеуге пайдаланылады. Орта мезгілде пісетін сорт.
Таңқурай сорттары. Алматинская - Қазақ жеміс, жүзім ғылыми зерттеу институтының ғалымдары шығарған сорт.
Түптері ықшамды, жартылай шашыраңқы, сабақ бергіш қабілеті орташа. Сабақтарының төменгі жағында тікенекшелері бар.
Жидектері ірі және орташа көлемді, пішіні орташа шар тәрізді, түсі ашық қызыл, ерте мерзімде пісетін сорт. Дәмі тартымды. Өнімділігі орташа. Суыққа төзімді.
10- сурет. Алматинская таңқурай сорты
2. 4 Бақ құру жобасына
1 кесте - Бақтың пайдалы ауданы
Баққа арналған алқаптың жалпы ауданы 34 га
Бақты қорғайтын жолақтар, жолдар және шауашылықтың құрылыстары
100% 34 га
14% Х
Х=14 х 34 / 100% = 4, 76 га
Бақтың пайдалы ауданы
100% 34 га
86% Х
Х= 86 % х 34 га / 100% = 29, 24 га
2 кесте
Жеміс тұқымдарының ауданы
Алма
1) Жаздық сорттары
2) Күздік сорттары
3) Қыстық сорттары
51
20
20
11
15
6
6
3
8
2, 5
100 % 29 га
51 % Х
Алма Х = 51 х 29 га / 100 = 46га
3 кесте
Квартал ауданы және саны
300х200 6 6/1=6га 6х2, 5=15
300х100=3 3/1=3 га 3х3= 9
250х100=25000 25000/1=2. 5 га 2, 5х2= 5
15++9+5= 29 га
4 кесте
Бақтың типі, ағаштың орналасқан үлгісі
Қатар саны, дана
Шеткі жолақ
Жел қаққыш қатар
Қатар арасында
Қатар ішінде
Барлық алқапқа
Сақтық қоры
Жалпы саны
Терек =(С1+С2) * 2 + (О1+О2) * 2 + (Б1+Б2) + (Ш1+Ш2) = (322+319) *2 + (272+269) * 2+(544+538) + (544+538) = 4528
Қарағаш = (С3+О3) * 2 +Б3 + Ш3= (319+269) *2 +538 + 538= 2252
Кәдімгі бөріқарақат = горизонтальді ((4+300+4) *4+ вертикальді (4+100+8+200+8+200+4) *2) = 3512
3512 х 2= 7024
5 кесте
Көшет материалдарының қажеттілігі
Телітуші түрі
Ауданы, га
1 га ішіндегі өсімдік саны, дана
Жобланған бақ ауданы
Сақтық қоры 3-5
Барлығы
Мельба
(Жаздық алма)
Апорт.
(Күздік алма)
Заилийское
(Қыстық алма)
Виктория
(Алхоры)
Шпанка круп.
(Шие)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz