Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайы



I. Кіріспе
1.1 Алматы облысының табиғи.климаттық жағдайы
1.2 «Арман» шаруа қожалығы
II. Негізгі бөлім
2.1 Бақ алқабын құру
2.2 Жеміс бағы құрамының ауданын есептеу
2.3 Бақ жобасын есептеу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Жеміс дегеніміз тұқымды қорғауға, кейбір жағдайларда оларды таратуға арналған мүше. Жеміс гүлден, ұрықтану процесінен кейін, ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуінде негізгі рольді гинецей атқарады. Кейбір өсімдіктер ұрықтану процесі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды, олар эдетте дән байламайды (жүзімнің, алмұрттың, цитрус тектестердің кейбір сорттары). Жай жемістерден біріккен жемістің (соплодие) айырмашылығы сол, ол бір-бірімен біріккен (қызылша), бірнеше гүлден немесе түгелдей гүл шоғынан пайда болады (түт,інжір, ананас).Жеміс дақылдарының кейбір тұқымдары (шекілдеуікті, жаңғақты және цит-русты) ұзақ уақыт бойы жасаң сақталады, әрі қыстыгүні және ерте көктемде витаминдер, биологиялық белсенді заттар аз болған жағдайда, адам организміндегі қажетті витаминдер т.б. пайдалы заттар орнын толтырады
Жеміс шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің бір саласы. Бұл саланың негізгі зерттелетін объектісі-көп жылдық ағаш және бұтақ тектес өсідіктердің жемістерін, жидектерін және жаңғақтарын алу үшін өсірілетін дақылдар. Жеміс шаруашылығы жеке дара ғылым ретінде жеміс-жидек дақылдарының өсу, даму, көбею, өнім салу және агротехникалық күту тәсілдерін анықтай келе, мол, сапалы өнім алу заңдылықтарын зерттейді.
1. Жеміс шаруашылығы К.Ж.Аяпов, Г.А.Кампитова, Р.С.Мажитова: Алматы-2005жыл 179-204 бет
2. Жеміс және жидек шаруашылығы К.Ж.Аяпов: Алматы- 1993
3.Топырақтану Т.Тазабеков, Қалдыбаев С, Тазабекова : Алматы -2004

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
1.1 Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайы
1.2 Арман шаруа қожалығы
II. Негізгі бөлім
0.1 Бақ алқабын құру
0.2 Жеміс бағы құрамының ауданын есептеу
0.3 Бақ жобасын есептеу
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жеміс дегеніміз тұқымды қорғауға, кейбір жағдайларда оларды таратуға арналған мүше. Жеміс гүлден, ұрықтану процесінен кейін, ондағы жүретін өзгерістердің нәтижесінде пайда болады. Жемістің түзілуінде негізгі рольді гинецей атқарады. Кейбір өсімдіктер ұрықтану процесі жүрмесе де жеміс береді. Мұндай жемістерді партенокарпты деп атайды, олар эдетте дән байламайды (жүзімнің, алмұрттың, цитрус тектестердің кейбір сорттары). Жай жемістерден біріккен жемістің (соплодие) айырмашылығы сол, ол бір-бірімен біріккен (қызылша), бірнеше гүлден немесе түгелдей гүл шоғынан пайда болады (түт,інжір, ананас).Жеміс дақылдарының кейбір тұқымдары (шекілдеуікті, жаңғақты және цит-русты) ұзақ уақыт бойы жасаң сақталады, әрі қыстыгүні және ерте көктемде витаминдер, биологиялық белсенді заттар аз болған жағдайда, адам организміндегі қажетті витаминдер т.б. пайдалы заттар орнын толтырады
Жеміс шаруашылығы ауыл шаруашылығы өндірісінің бір саласы. Бұл саланың негізгі зерттелетін объектісі-көп жылдық ағаш және бұтақ тектес өсідіктердің жемістерін, жидектерін және жаңғақтарын алу үшін өсірілетін дақылдар. Жеміс шаруашылығы жеке дара ғылым ретінде жеміс-жидек дақылдарының өсу, даму, көбею, өнім салу және агротехникалық күту тәсілдерін анықтай келе, мол, сапалы өнім алу заңдылықтарын зерттейді.
Қазақстан республикасында жеміс-көкөніс дақылдарынан аса сапалы, мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейіп келеді.
Алайда жылдан жылға өнім мөлшері сапасы төмендеп отыр оған себеп осы жеміс - жидектерді күтіп-баптау,оған қарау дұрыс болмай отыр оның үстіне мамандарда тапшы жеміс-көкеніске деген көз қарас дұрыс емес. үкімет жағы да көңіл бөлмей отыр.
Оны жақсарту үшін біз жас мамандар оған көптеп көңіл бөліп оны жақсартудың тиімды жолдарын қарастырып, жемістің әр түрлі сорттарын шығару оны шаруашылықта қолданумыз керек.Қолайлы жерлер таңдап алып оған үилесетін жемістерді орналастыру сол арқылы бақ жобасын құрып, оны орналастыру керек .

1.1 Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайы
Алматы облысы Қазақстанның оңтүстік - шығысына орналасқан.
Облыстың батыс жақ бөлігін ұлан - байтақ Балқаш бойы шөлді жазығы алып жатыр ал оңтүстігі іле алатауымен күнгей алатаудың таулы жоталарымен көмкерілген мұның өзі облыс климатымен топырағына алуан түрлі сипат береді. Мұнда барлық ландшафтарды тадиғат аймақтарымен климаттарды - құрғақ ыстық шөлден альпілік және субальпілік шалғындарға , сондай - ақ мәңгі қар басып жатқан биік таулыклиматқа дейін кездестіруге болады.
Вегетациялық кезеңде жылумен және ылғалменқамтамасыз ету жағдайына қарай бүкіл территория 6алты агроклиматты аудандарға бөлінеді аудандастыру негізіне агроклиматтық көрсеткіштербелглі - бір территориядағы жауын - шашын мөлшермен вегетациялық кезеңдегі оң температуралар қосындысының ара салмағы сипаттайтын гидрометриялық коэффицент қабылданған.
Топырақ- климат жағдайы қолайлы тау бөктерінде шаруашылықты қарқынды жүргізуге мүмкіншіліктер мол. Мұнда тәлімі жер жағдайында дәнді дақылдар суармалы жер жағдайында механикалық жеміс және бақша дақылдары, картоп өсіріледі сонымен қатар өнер - кәсіптік бақ шаруашылығы мен жүзім шаруашылығы өркендеп келеді.
Аймақтың топырақтары бозғылт, қызыл - қоңыр және кәдімгі сұр топырақтар бұлардың соңғысы тәліми егіншілік қоры болып табылады. Биік үстіртті Қарой, Бозай, Кербұлақ мекендерінде механикалық құнарлы жеңіл бозғылт сұр топырақтар басым.
Облыс ауылшаруашылығында аймақтың едәуір үлес салмағы зор бүкіл тәлімі егіншіліктің жетпіс пайызы суармалы күздік бидай жүгері, жоңышқа, қант қызылшасы т.б. дақылдар егіс шоғырландырылған алматы облсындағы бүкіл егіншілік көлемінің 36%, жайылымының 27 %, шабындықтың 10% осы аймақтың үлесіне тиеді.
Әкімшілік тұрғысынан аймақта Панфилов, Жамбыл, Іле, Қаскелен, Күрті, Талғар, Ұйғыр, Еңбек қазақ аудандары , Жалпы облыс аумағында 16 аудан және 3 облыстық бағыныстағы кала (Қапшағай, Талдыкорған, Текелі) бар.
4.2 Арман шаруа қожалығы
Жеміс-жидек дақылдарын мен жүзімнің көпжылдық екпелерін субсидиялау тәртібі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 4-1168 бұйрығымен бекітілген Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық көшеттерін отырғызу және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру) шығындарының құнын субсидиялау қағидаларымен (бұдан әрі - Қағидалар) реттелген. Бұл ретте Қағидалардың талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 1-1277 бұйрығымен бекітілген жеміс-жидек дақылдары мен жүзімді отырғызу жүргізілетін жер учаскесі ауыл шаруашылығы өнiмiнің нақты түрлерiн өндiру үшiн ауыл шаруашылығы жерлерiн оңтайлы пайдалану бойынша өңiрлердi мамандандырудың ұсынылған схемасына (бұдан әрі - Мамандандыру схемасы) сәйкес ұсынылатын ауданда болуы тиіс.Бүгінгі таңда аталмыш алқап жасыл желек жамылып келеді. Көрер көзге көркем көріністі алып келіп, көкейге көрікті ойды ұялатады. Осылайша шаруа қожалығы тың технологияларды пайдалана отырып, тамшылатып суару әдісін қолданып, бүгінгі замана талабына сай жұмыс істеуде. Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуының жетістіктер көрсеткіштері, еңбекті әдісін ұйымдастыруы, еңбек ұжымымен сауатты жұмыс істеу, кадрлерді оқыту мен дайындау, еңбек және технологиялық жоғары тәртібі, қазіргі заман технологияларды, өндірістік үдерісінің жоғары деңгейдегі механизацияны енгізу, селекциялық-асыл тұқымдық және тұқым шаруашылық жұмыстарын тереңдетіліп жүргізу, жердің құнарлығын жоғарлату, жақын және алыс шет мемлекеттердің озат тәжірибелерін қолдалану нәтижесінде болды. Шаруашылық жерлерінің топырақ-климаттық жағдайларын ескере отырып, шаруашылықта ғылыми негізделген ауыспалы егістіктер енгізіліп игерілді.
Шаруашылықта 250-ден астам адам жұмыс істейді.Шаруа қожалықтың тұрақты қаржы жағдайы, жоғары сапа және өнімнің төмен өзіндік құны 121 ден 130 млн. теңге шегінде жылдық пайда алуды қамтамасыз етеді.Шаруашылықта өндірістік процесстер алыс және жақын шетел технологияларымен механикаландырылған.
Негізгі бөлім
2.1 Бақ алқабын құру
Бақты жобалап, ұйымдастыру. Жеміс өсімдіктерінің өнімділігімен экономикалық тиімділігі, ағаштардың ұзақ тірішілік етуі және олардың қолайсыз жағдайларға төзімділігі көп жағдайда бақты отырғызу кезеңіндегі жұмыстарға байланысты.
Бұл кезде бақ отырығызу үшін дайындау территориясын ұйымдастыру, топырақ астын мәдениелендіру және суландыру, тұқым, сорт және телітуші сұрыптап дайындау, оларды орнадластыру, отырғызу және қоректендіру алаңын анықтау секілді мәселелер шешіледі.
Бақ шаруашылығында ең күрделі ұйымдастыру кезеңі - бақ отырғызу. Өйткені, ол бір мезгілде орындалатын, белгілі бір қиындығы бар, көптеген өндірістік процесстерді қысқа мерзімде орындауды талап етеді. Сондықтан да өнеркәсіптік болса да, жеке болса да бақ отырғызуға күрделі құрылыс секілді, байыппен қарау керек.
Бақ үшін орын таңдау территориясын ұымдастыру, тұқым мен сорт таңдау шаруашылықтың және бүкіл аймақтың экономикасын ескере отырып, өнеркәсіптік жеміс шаруашылығының технологиясын іріктеу мәселелерін жаппай ғылыми тұрғыда шешу үшін арнайы жоба жасау қажет.
Бақ отырғызуға бірінен соң бірі орындалатын үш кезең кіреді: 1) орын таңдау және бақ территориясын ұйымдастыру;
2) топырақты жеміс отырғызар алдында дайындау;
3) бақ отырғызу;
Бақ отырғызатын орынды таңдау. Орын таңдау кезінде жер бедерінде, климат жағдайларына баға беріледі. Бұл кезде ірі су көздерінің, таудың елді мекеннің орналасуы, жолдың темір жол стансаларының орналасқан жерлері, бәрі ескеріледі.
Жер бедерін бағалау- жеміс өсімдіктерінің өсуі мен өнімділігіне көп әсерін тигізеді. Ол өсімдік тіршілігінің басқа факторларын қайта бөлетін қайта бөлетін фактор болып табылады.
Бақ отырығызу үшін көбіне жазық жерлер және беткейлер секілді элементтері пайдаланылады.
Тегістік-бақ отырғызу үшін қолайлы тегіс учаскелер, техника пайдалануға ыңғайлы. Мұнда топырақ факторлары мен ылғалдану жағдайлары біркелкі. Тегістікке суару жүйесін салып, пайдалану да оңай, су эрозиясы процестреі де онша емес.
Беткейлер онша тік болмаған жағдайда (5-12о) бақ үшін қолайлы орын. Ауа дренажы тәуір, жарық та жақсы түседі. Дегенмен беткейлерде топырақ көбірек құрғайды. Бұл жерлерде ауа және топырақ температуралары күрт ауытқиды, топырақ беті нашар жетіледі және топырақ су эрозиясына көбірек ұрынады. Жер бедері тегіс есес учаскелерінен бақ отырғызу үшін орын таңдағанда беткейлердің экспозияисы мен тіктігі, сондай- ақ сол жердің теңіз деңгейінен жалпы биіктігі ескеріледі. Сонымен бірге, беткейдің үстіңгі, ортаңғы және төменгі бөліктерінің табиғи жағдайларының айырмашылығын ескеру керек.
Экспозиция дегеніміз беккейдің жарық жаққа бағыты, яғни солтүстікке, оңтүстікке, батысқа немесе шығысқа. Оңтүстік бағыттағы анағұрлым жылырақ және құрғақтау. Мұнда ағаштар вегетациясын ерте бастайды, қысқы және көктемгі температуралардың күрт ауытқуынан жеміс жидек өсімдіктері зақымданады.
Солтүстік және солтүстік бағыттағы беткейлер - салқындау, топырағы бай, ауа температурасы күрт өзгере қоймайды және ең маңыздысы, қыстыгүні мұнда қар мол жиналады.
Климат жағдайларын бағалау. Мұнда басты назар мынадай көрсеткіштерге аударылады: орташа тәуліктік температура көлемі және олардың ауытқуы, орташа және абсолютті аз температура, көктемгі суық , жауын-шашын мөлшері және оларды жыл 12айға бөлу, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, зиянды желдің күшімен бағыты. Сондай - ақ назарға тек ауданның (аймақтың) ғана климат жағдайы емес, сонымен бірге бақ отырғызуға бөлінген учаскенің микроклиматы да алынады.
Топырақты бағалау- топырақтың құнарлылық дәрежесін (қарашірік құрамын, топырақ құрылымын), отырғызылатын дақылдың тамыры жайылатын қабаттың тереңдігіне сай келетін - келмейтінін, топырақта зиянды тұздардың бар жоқтығын анықтау үшін қажет.
Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында таулы және тау етегіндегі жерлер бақ отырғызу үшін жақсы орын болып табылады. Бұл жерлерде жеміс дақлдарынан мол, сапалы өнім алынады.
Алматы және Жамбыл облыстарында жеміс шаруашылығы үшін төменгі таулы аймақтар (теңіз деңгейінен 800-1200м биіктіктегі ) анағұрлым құндылық болып табылады. Мұндай жерлерде бақ үшін жақсы учаскелер - саздақты қуатты қосылыстар төселген қара топырақты, солтүстік экспозициялы жазық беткейлер. Оңтүстік Қазақстан облысында жеміс дақылдарын өсіру үшін қолайлы жағдайлар таулы және тау етегіндегі аймақтардан басқа облыстың сұр топырақты оңтүстік бөлігінің тегіс аудандарында ғана бар.
Жерді таңдау және дайындау. Учаскелерді бақ отырғызу үшін дайындауға ағаштар мен бұталарды қопарып, алып тастау, тастарды жинау, жер бетін тегістеу, топырақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Қырғыз климаттық ауданы
Агроландшафттық жүйесінің экологиялық жағдайын бағалау
Жамбыл облысы
Сырдарья өзенінің алабының табиғи жүйесінің табиғи және табиғи-техникалық жағдайын жан-жақты бағала
Климаттық ресурстар туралы түсінік
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ МЕРКІ АУДАНЫ ЖАЙЫЛЫМ АЛҚАПТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ
Туристік рекреациялық ресурстар және олардың таралуы
Жамбыл облысының рекреациялық картасын құрастыру
Ақмола болысының іргетасы
Қарағанды облысында туризм мен демалысты дамытуға әсер ететін табиғи және әлеуметтік-экономикалық жағдайлар мен факторлардың маңызын анықтау
Пәндер