Түлкібас ауданында өсірілетін жеміс – жидектер



Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Қазақстандағы жеміс шаруашылығы
2.2 Түлкібас ауданының табиғат . климат жағдайы
2.3. Өсірілетін жеміс . жидектерге сипаттама
2.4. Бақ құру жобасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Жеміс-жидек шаруашылығы — жеміс - жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т.б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т.б.), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы — өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б.з.б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б.з.б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б.з.б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған.
1. Аяпов К.Ж, Укибасов О.А. Жеміс – жидек және жүзім дақылдары сорттарын анықтауға арналған оқу құралы , - Алматы. – 2011. -
2. Аяпов К.Ж, Кампитова Г.А, Мажитова Р.С. Жеміс шаруашылығы,Алматы, Сөздік-Словарь 2005ж
3.Н.Г. Щепетков, М.Ә. Ысқақов Жеміс –көкөніс шаруашылығы, Алматы 2011
4. http://kk.wikipedia.org/wiki/

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
Негізгі бөлім
2.1 Қазақстандағы жеміс шаруашылығы
2.2 Түлкібас ауданының табиғат - климат жағдайы
2.3. Өсірілетін жеміс - жидектерге сипаттама
2.4. Бақ құру жобасы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Жеміс-жидек шаруашылығы -- жеміс - жидек дақылдарын өсірумен айналысатын өсімдік шаруашылығының саласы. Жеміс-жидек шаруашылығына көшет (жеміс дақылдарының көшетін өсіру) және жидек (таңқурай, қарақат, бүлдірген, т.б. жидек дақылдарын өсіру) шаруашылығы; шекілдеуікті, сүйекті, субтропиктік (анар, құрма, інжір, т.б.), жаңғақ, шырын жемісті дақылдарды өсіру жатады. Жеміс-жидек шаруашылығы тек көп жылдық өсімдіктерді алдымен көшеттікте өсіріп, оны жеміс бағына немесе көлемді егіс алқабына (плантация) отырғызумен және көптеген жеміс-жидек дақылдарын өсірумен айналысады. Жеміс-жидек шаруашылығы -- өсімдік шаруашылығының ертеден келе жатқан салаларының бірі. Алма, алмұрт, анар, шабдалы, өрік, алхорының өсіріліп келе жатқанына 4 мың жылдан асты. Вавилон мен Ассирия (б.з.б. 3 мыңыншы жыл), Қытай мен Үндістан (б.з.б. 2-мыңыншы жыл), Қырым (б.з.б. 700 жыл) бақтары туралы жазбалар қазірге дейін сақталған. Орта ғасырларда жеміс-жидек шаруашылығы Батыс Еуропада, әсіресе, Францияда дамыды. 19 ғасырда Қырымда, Орталық Азияда, Украинада өндірістік бақтар егіліп, жеміс-жидек шаруашылығы тауар өндіру саласына айналды. Жеміс-жидек шаруашылығын дамытуда бақтарды тыңайтқыштармен және пестицидтермен қамтамасыз етудің, өнімді жинау жұмысын механикаландыру деңгейін көтерудің, жемісті өңдеудің, сақтаудың, т.б. маңызы зор. Жеміс дақылдарының кейбір тұқымдары (шекілдеуікті,жаңғақты және цитрусты) ұзақ уақыт бойы жасаң күйінде сақталады, әрі қыстыгүні және ерте көктемде витаминдер, биологилық белсенді заттар аз болған жағдайда,адам организміндегі қажетті витаминдер т.б пайдалы заттар орнын толықтырады.
Қазақстан Республикасында жеміс-жидек дақылдарынан аса сапалы, мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Мысалы,1991 жылы Республикада осындай шаруашылықтардың саны 0,3 мың га болса, 2001 жыл бір мыңға жетіп отыр.
II Негізгі бөлім
2.1 Қазақстандағы жеміс шаруашылығы
Қазіргі Қазақстандағы жеміс шаруашылығының дамуы алдағы кездегі жеміс шаруашылығының дамуымен салыстырғанда әлдеқайда дамып келеді. Қазақстан Республикасында жеміс - жидек дақылдарынан аса сапалы, мол өнімдер алатын экономикалық тиімділігі зор арнайы фермерлер, жеке шаруашылықтар саны жылдан жылға көбейіп келеді. Олар негізінен еліміздің халқын жеміс - жидек тағамдарымен толық болмаса да жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету. Мысалы, 1991 жылы Республикада шарушылықтардың саны 0,3 мың га болса, 2001 жылы бір мыңға жетіп отыр.
Бірақ, соңғы жылдары жеміс шаруашылығының жалпы көлемі мен өндірілетін өнім мөлшері күрт төмендеп кетті.
Қазақстанда, соңғы деректер бойынша, 1996 жылы жеміс шаруашылығының көлемі 96,5 мың гектар болса, 2000 жылы - 65,1 мың гектар. Сондай - ақ жалпы өндірілген өнімнің мөлшері 1996 жылы. 341 мың т. болса, 2002 жылы 202,0 т болады. Жалпы өндірілген өнім мөлшерінің азаюы, тікелей жан басына шаққанда, дәрілік норма бойынша 95 кг өажет болса, соңғы 1996 - 2000 жылдары 7 - 14 кг аралықта өндіріледі. Осындай жағдайды ескерсек, жеміс шаруашылығы маманының алдында көптеген шешілмеген сұрақтар бар.
Біздің Республикамызда жеміс шаруашылығының дамуына көп еңбек сіңірген ғалымдар қатарына А.Ж.Жанғалиев, А.П.Драгавцев, А.Н.Кацейко, В.П.Вонамаршук, В.И.Васильев, А.П.Андронов, Б.Г.Матаганов, К.Г.Карычев, Е.Г.Раузин, О.А.Үкібасов.

2. 2. Түлкібас ауданының топырақ және климаттық жағдайы
Мақтан тұтар байлығымыздың бірі - Ақсу-Жабағылы қорығы. Қоғамымыздың бір туар қайраткері Т.Рысқұловтың ұсынысымен жиырмасыншы жылдары Ақсу-Жабағылы қорығы жарияланды. Ақсу-Жабағылы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген. Бұл қорық 1926жылы құрылған. Талас Алатауының Солтүстік-Батыс бөлігінің және оған көршілес Өгем жотасын алып жатыр. Оның негізгі аймағы Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары және Жамбыл облысы Жуалы ауданы жерінде орналасқан. Сонымен қатар, қорық құрамына екі палентологиялық бөлім кіреді. Бірі Қарабастауда жер көлемі 126 га., екіншісі - Әулие, жер көлемі 100 га. Екеуі де Бәйдібек ауданында қорықтың негізгі аймағынан 120 шақырымдай қашықтықта орналасқан. Қорықтың қазіргі жер көлемі 85754 га. Оның ішінде: Түлкібас ауданында-21255 га., Төле би ауданында-53597 га, Бәйдібек ауданында-231 га., Жамбыл облысы, Жуалы ауданында-10682 га. Қорықтың орталығы Түлкібас темір жол станциясының шығысында, 18-20 шақырымдай жердегі Жабағылы ауылында. Қорықтағы ең ірі өзен - Ақсудың ұзындығы 120 шақырым, ені 10 метрге жетеді, тереңдігі жарты метр. Ақсу-Жабағылы қорығында аң мен құстың 550 түрі, өсімдіктің 200-ден астам түрі бар. Олардың көпшілігі Қызыл кітапқа енгізілген. Аудан орталығы Тұрар Рысқұлов ауылында 20 мыңнан астам адам тұрады. Ауылды қақ жарып өтетін орталық көше бұрын Ленин атында еді, 1994 жылы Тұрар Рысқұлов есімі берілді. Аудан орталығында бүкіл Әлемге белгілі тарихшы-ғалым, қолбасшы - қайраткер Мұхаммед Хайдар Дулати мен түрік жұртына ортақ тұлға Тұрар Рысқұловқа ескерткіш орнатылған.Жер бедеріОңтүстік Қазақстан облысының жер бедері негізінен жазық (орташа биіктігі 200 - 500 м). Солтүстігінде тасты-сазды Бетпақдала шөлінің оңтүстік-батысы, Ащыкөл ойысы, Тоғызкентау жоны, Шу өзенінің төменгі ағысы және Мойынқұм құмды алқабының батыс бөлігі орналасқан. Облыстың орталық бөлігін Қаратау жотасы солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай екіге бөліп жатыр. Оның ең биік жері - Бессаз (Мыңжылқы) тауы (2176 м). Қаратаудың оңтүстік-шығысында Боралдай (1400 - 1600 м) жотасы орналасқан. Облыс жерінің оңтүстік-шығысын Батыс Тянь-Шань-ның сілемдері (Өгем жотасы), Қаржантау (2800 - 2900 м), Қазығұрт тауы (1700 м), Талас Алатауының батыс сілемдері - Кіші Ақсу (2577 м), Алатау (3137 м) таулары қамтиды.
Облыстың ең биік жері - Сайрам шыңы (4299 м). Оңтүстік-батысында Қызылқұм құмы, Қарақтау тауы (388 м), оңтүстігінде Шардара даласы, Ызақұдық құмы, Қауынбай молда (321 м), Белтау (592 м) жоталары, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
Климаты Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде - 7 - 9°С, оңт-нде - 2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм.Топырағы, өсімдік және жануарлар дүниесі
Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.

2.3 Өсірілетін жеміс - жидектерге сипаттама
Алманың - жаздық сорттары. Пеструшка - жергілікті сорт. Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында пайдалануға рұқсат етілген. Ағаштары өте биік өседі, жас ағашының бөрікбасы дөңгелектеніп келеді, өнім бергеннен кейін селеуленіп кетеді. Суыққа және қуаңшылыққа төзімді. Ағаштары отырғызылғаннан кейін 6-8 жылда жеміс бере бастайды, өнімді жыл сайын салмайды,әрбір жеміс ағашы орта есеппен 180 кг өнім береді.
Жемісінің өлшемі орташа (100-110г) қабығы сары, жалпақ қызғылт жолақтары мен жеке - жеке орналасқан теңбілдер бар, сырты тегіс. Жұмсағының түсі ақ, тығыздығы орташа, шырынды, жемісі тасымалдауға шыдамды.

1- сурет. Жаздық алманың пеструшка сорты

Мельба - Канадалық сорт. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған. Ағаштары орташа өседі, суыққа төзімді, бөрікбасы ағаштың жас шағында сопақша, ал жеміс берген уақытта аумақты кең болады.
Жемісті 6-7 жылда салады, жыл сайын өнім береді. Өнімділігі орта есеппен әрбір жеміс ағашынан 75-100 кг. Жемісінің өлшемі орташа 130 кг, түсі көкшіл сары, қызыл, қызыл жайылған шырайлы жұмсағы ақ, шырынды, қышқылтым тәтті, өзіне тән жақсы иісі бар.

2- сурет. Жаздық алманың мелба сорты
Алманың күздік сорттары. Ренет бурхардта - Никиталық ботаника бағында шығарылған сорт. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс облыстарында пайдалануға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс жеміс жəне жүзім шаруашылығы аймақтарының табиғат жағдайына сипаттама
Оңтүстік Қазақстан облысы
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көксу ауданында 76 га жерге бақ отырғызу
Оңтүстік Қазақстанда өсірілетін жүзім сорттары
Қазақстандағы жеміс шаруашылығы туралы
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Оңтүстік Қазақстанда жеміс өсіру
Экологиялық таза тамақ өнімі өндірісінің экологиялық-экономикалық тиімділігі (Оңтүстік Қазақстан облысы материалында)
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫ
Пәндер