Шаруашылық серікестіктер



Жоспар.

Кіріспе 3.4 б.б.

I Тарау. Шаруашылық серікестіктері туралы жалпы ережелер.
1.1. Шаруашылық серiктестiгiнің ұғымы. 5.7 б.б.
1.2. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. 7.11 б.б.
1.3. Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталы 11.13 б.б.
1.4. Шаруашылық серіктестігін басқару жолдары. 13.17 б.б.

II Тарау. Шаруашылық серіктестіктерінің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері.
2.1. Толық серiктестiк ұғымы 17.20 б.б.
2.2. Толық серiктестiк құрылтай құжаттарынының мазмұны 20.21б.б.
2.3. Толық серiктестiктiң iсiн жүргiзу 21.22 б.б.
2.4. Толық серiктестiкке қатысушылардың құрамын өзгерту және шығару, қайта қабылдау жолдары. 22.30 б.б.
2.5. Сенiм серiктестiгiнiң ұғымы, жалпы ережелер. 30.31 б.б.
2.6. Сенiм серiктестiгi салымшыларының құқықтары
мен мiндеттерi 31.37 б.б.
2.7. Сенiм серiктестiгiн тоқтатудың ерекшелiктерi 37.38 б.б.

III Тарау Шаруашылық серіктестігін тоқтату жолдары.
3.1. Шаруашылық сріктестігін тоқтату. 38.40 б.б.

Қорытынды. 41.42 б.б.

Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе.
Менің курстық жұмысым «Шаруашылық серіктестіктер және олардың түрлері» атты тақырыпқа негізделген. Бұл тақырыптың қызықтылығы Қазақстан Республикасындағы экономикалық өзгерістерден келіп туындаған жағдайларға байланысты экономиканы реттеу жолдары болып табылады.курстық жұмысымда шаруашылық серіктестіктерінің құрылу жолдары, таратылу жолдары, тоқтатылу жолдары және қайта құру жолдары, банкрот болуы туралы толық әрі арнайы заңмен реттелінетін жолдары туралы айтылған.
Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн. Шаруашылық серіктестіктігі дегеніміз, ол жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңынданан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестіктері өзінің заңи актілеріне сәйкес екі түрге бөлінеді. Ол: толық серіктестігі және сенім серіктестігі болып екі түрге бөлінеді. Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақтасып жауап беретiн шаруашылық серiктестiгi толық серiктестiк деп танылады.
Егер құрамында ең болмағанда бiр толық серiктес пен бiр салымшы қалса, сенiм серiктестiгi сақталады.
Сенiм серiктестiгiнде қалған толық серіктестер соңғы салымшы шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде немесе серiктестiкте қалған салымшылар соңғы толық серiктес шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде серiктестiктi сақтап қалу мақсатында онда жоқ салымшылар немесе толық серiктестер ретiнде серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда, сол сияқты толық серiктестер немесе салымшы азаматтар сенiм серiктестiгiн толық серiктестiк етiп қайта құруға құқылы болып танылады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. ҚР Конституциясы
2. ҚР Шаруашалақ серіктестіктері туралы 1995 2.05. заңы
3. ҚР Сенім серіктестігі туралы заңы 1995 ж.
4. ҚР Толық серіктестігі туралы заңы 1995 ж.
5. Қазақстан жоғарғы мектебі №2. 2006 ж
6. «Ақиқат №8.2006
7. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы.
8. Экономикалық, әлеуметтік және саяси жылдам модернизациялау жолындағы Қазақстан.-Астана,18 ақпан,2005
9. Назарбаев Н.А. К свободному и безопасному обществу: Послание
10. Президента страны народу Казахстана // Казахстанская правда.2000,5апреля
11. Ішкі және сыртқы саясаттың 2004 жылға арналған басым бағыттары туралы Қазақстан Республикасы Президентінің ел халқына жолдауынан. Егемен Қазақстан,2003,4 сәуір

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар.
Кіріспе 3-4 б.б.
I Тарау. Шаруашылық серікестіктері туралы жалпы ережелер.
1.1. Шаруашылық серiктестiгiнің ұғымы. 5-7 б.б.
1.2. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары. 7-11 б.б.
1.3. Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталы 11-13 б.б.
1.4. Шаруашылық серіктестігін басқару жолдары. 13-17 б.б.
II Тарау. Шаруашылық серіктестіктерінің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері.
2.1. Толық серiктестiк ұғымы 17-20 б.б.
2.2. Толық серiктестiк құрылтай құжаттарынының мазмұны 20-21б.б.
0.3. Толық серiктестiктiң iсiн жүргiзу 21-22 б.б.
2.4. Толық серiктестiкке қатысушылардың құрамын өзгерту және шығару, қайта қабылдау жолдары. 22-30 б.б.
2.5. Сенiм серiктестiгiнiң ұғымы, жалпы ережелер. 30-31 б.б.
2.6. Сенiм серiктестiгi салымшыларының құқықтары
мен мiндеттерi 31-37 б.б.
2.7. Сенiм серiктестiгiн тоқтатудың ерекшелiктерi 37-38 б.б.
III Тарау Шаруашылық серіктестігін тоқтату жолдары.
3.1. Шаруашылық сріктестігін тоқтату. 38-40 б.б.
Қорытынды. 41-42 б.б.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе.
Менің курстық жұмысым Шаруашылық серіктестіктер және олардың түрлері атты тақырыпқа негізделген. Бұл тақырыптың қызықтылығы Қазақстан Республикасындағы экономикалық өзгерістерден келіп туындаған жағдайларға байланысты экономиканы реттеу жолдары болып табылады.курстық жұмысымда шаруашылық серіктестіктерінің құрылу жолдары, таратылу жолдары, тоқтатылу жолдары және қайта құру жолдары, банкрот болуы туралы толық әрі арнайы заңмен реттелінетін жолдары туралы айтылған.
Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн. Шаруашылық серіктестіктігі дегеніміз, ол жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады. Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңынданан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Сонымен қатар, шаруашылық серіктестіктері өзінің заңи актілеріне сәйкес екі түрге бөлінеді. Ол: толық серіктестігі және сенім серіктестігі болып екі түрге бөлінеді. Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақтасып жауап беретiн шаруашылық серiктестiгi толық серiктестiк деп танылады.
Егер құрамында ең болмағанда бiр толық серiктес пен бiр салымшы қалса, сенiм серiктестiгi сақталады.
Сенiм серiктестiгiнде қалған толық серіктестер соңғы салымшы шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде немесе серiктестiкте қалған салымшылар соңғы толық серiктес шыққан мезеттен бастап алты айдың iшiнде серiктестiктi сақтап қалу мақсатында онда жоқ салымшылар немесе толық серiктестер ретiнде серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылдауға құқылы. Бұл жағдайда, сол сияқты толық серiктестер немесе салымшы азаматтар сенiм серiктестiгiн толық серiктестiк етiп қайта құруға құқылы болып танылады.

. I Тарау. Шаруашылық серікестіктері туралы жалпы ережелер.
1.1. Шаруашылық серiктестiгiнің ұғымы.
Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктігі дегеніміз, ол жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесiне) бөлiнген, өз қызметiнiң негiзгi мақсаты пайда түсiру деп есептелетiн және заңды тұлға болып табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серiктестiгi болып танылады.
Шаруашылық серiктестiктерi толық серiктестiк, сенiм серiктестiгi, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк нысанында құрылуы мүмкiн.
Қызметi серiктестiкке қатысушы болып табылмайтын тұлғалардың (банктердi, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын, инвестициялық және жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) ақшасы мен басқа мүлiктерiн тартуға негiзделген ұйымдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес шаруашылық серiктестiгi нысанында құрылады.
Қазақстан Республикасының шаруашылық серіктестіктері туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңынданан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындада көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекеленген түрлерiнiң жарғылық капиталының ең төменгi мөлшерi, оны құру мен пайдаланудың ерекшелiктерi, мүлкiнiң құқықтық режимi, шаруашылық қызметiн шектеу Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындамен қатар арнаулы заң актiлерiмен реттеледi немесе арнаулы заң актiлерiмен белгiленген тәртiппен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындада қамтылатын шаруашылық серіктестіктері туралы жалпы ережелер олардың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген ерекшеліктері ескеріле отырып, шаруашылық серіктестіктердің жекелеген түрлеріне қолданылады.
Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар қатарына тоқтала кететін болсақ. Азаматтар ғана толық серiктестiкке қатысушылар және сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.
Азамат бiр ғана толық серiктестiкке қатысушы немесе бiр ғана сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес бола алады.
Толық серiктестiкте кемiнде екi қатысушы болуға тиiс.
Азаматтар мен өкiлдi, атқарушы және сот билiгi органдарынан басқа заңды тұлғалар жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiкке қатысушы және сенiм серiктестiгiне салымшылар бола алады.
Заң актiлерiнде осы мақсаттар үшiн арнайы құрылған атқарушы өкiмет органдары шаруашылық серiктестiгiне қатысушы бола алатын жағдайлар көзделуi мүмкiн.
Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктi, қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiк бiр тұлға құруы немесе сол тұлға серiктестiктiң жарғылық капиталының барлық үлесiн сатып алған жағдайда бiр тұлғадан тұруы мүмкiн.
Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбеген болса, Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындаға сәйкес құрылатын шаруашылық серiктестiктерiне жалпы негiзде қатысады.
1.2. Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары.
Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеу барысында шаруашылық серіктестіктерінің құрылтай құжаттары ретелініп отырылады.
Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары құрылтай шарты мен жарғы болып табылады.
Шаруашылық серiктестiктi ұйымдық-құқықтық нысанында құрылатын шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.
Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаты жарғысы болып табылады.
Шаруашылық серiктестiгi құрылтай шартының мазмұны коммерциялық құпия болып есептеледi. Құрылтай шарты мемлекеттiк немесе өзге ресми органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың шешiмi бойынша не заң актiлерiнде белгiленген жағдайда ғана көрсетiлуге тиiс.
Мүдделi тұлғалардың бәрi шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысымен танысуға құқылы.
Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай шартына оған қатысушылардың бәрi қол қояды.
Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына құрылтай шартына сәйкес осы серiктестiктiң басқарушысы болып тағайындалған құрылтайшы, немесе шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар оның бiрiншi басшысы етiп тағайындаған адам (жоғары тұрған лауазымды адам) қол қояды, егер заң актiлерiнде өзгеше тәртiп көзделмесе.
Бiр тұлға құрған шаруашылық серiктестiгiнiң жарғысына сол құрылтайшының өзi қол қояды.
Шаруашылық серiктестiгiнiң құрылтай құжаттары (жарғысы мен құрылтай шарты) нотариалдық куәландыруға жатады.
Құрылтай шартында мынадай ережелер сақталынуы қажет:
- құрылтайшылар шаруашылық серiктестiгiн құруға,
- оны құру жұмысының тәртiбiн белгiлеуге және өзiнiң мүлкiн серiктестiк меншiгiне беру;
-оның қызметiне қатысу;
-құрылтайшылардың арасында пайда мен шығынды бөлiсу;
-оның қызметiн басқару;
- оның құрамынан шығу;
-құрылтайшылардың әрқайсысының үлесiнiң мөлшерi туралы;
- олардың салымының мөлшерi, құрамы, оны енгiзудiң мерзiмi мен тәртiбi туралы;
- құрылтайшылардың салымды енгiзу жөнiндегi мiндеттемелерiн бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;
-жарғылық қордың мөлшерi мен құрамын анықтау шарттарын анықтауға мiндеттеме алады.
Тағы да бір айта кететін негізгі дерек, ол, шаруашылық серіктестігінің құрылтай шартында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың жеке басын куәландыратын құжаттың деректері, сондай-ақ заңды тұлғалар болып табылатын құрылтайшылардың атауы және орналасқан жері көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс.
Құрылтай шартында заңдарда көзделген немесе құрылтайшылар көздейтiн басқа да мәлiметтер болуы мүмкiн.
Шаруашылық серіктестігінің жарғысын құрылтайшылар бекітеді, бұл құрылтай шартында көрсетіледі.
Шаруашылық серіктестігінің жарғысында мыналар айқындалады:
-серіктестіктің түрі;
-оның атауы;
орналасқан жері;
-қызмет мерзімі; (егер ол серіктестікті құру кезінде белгіленсе);
- басшысының өкілеттіктері;
-басқару және бақылау органдары, олардың құзыреті;
- мүлікті құрау тәртібі;
- пайданы бөлу және залалдарды өтеу тәртібі;
- серіктестіктің қатысушыларына құжаттарды және серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты, сондай-ақ үлестерді сатып алушыларға серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты беру тәртібі мен мерзімдері;
-серіктестік қатысушыларының құқықтары мен міндеттері; -серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту тәртібі және оларды қабылдау рәсімдері;
- серіктестік органдарының шешімдер қабылдау және олардың күшін жою тәртібі;
- серіктестіктің қызметін тоқтату (қайта ұйымдастыру немесе тарату) шарттары;
- сондай-ақ серіктестік пен құрылтайшылар (қатысушылар) арасындағы өзара қатынастар.
Шаруашылық серіктестігінің жарғысында серіктестік қатысушыларының тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса), тұрғылықты жері және жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке тұлғалар үшін), сондай-ақ атауы және орналасқан жері (заңды тұлғалар үшін) көрсетілген тізбесі қамтылуға тиіс.
Жарғыда Қазақстан Республикасының заңдары немесе құрылтайшылар көздеген басқа да ережелер қамтылуы мүмкін.
Құрылтай құжаттарында Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктеру туралы заңның оныншы бабының 7 және 8-тармақтарында көрсетiлген шарттардан басқа, тиiстi серiктестiк түрлерi үшiн Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңында да қарастырылған шарттар да болуға тиiс.
Заң актiлерiмен құқық берiлген мемлекеттiк органдардың талап етуi бойынша, сондай-ақ өзге де мүдделi тұлғалардың сот тәртiбiмен талап етуi бойынша осы баптың 7, 8 және 9-тармақтарында көрсетiлген шарттар болмаған жағдайда құрылтай құжаттары жарамсыз деп танылады.
Шаруашылық серiктестiгiн мемлекеттiк тiркеуден кейiн оның құрылтайшылары серiктестiкке қатысушылар болып табылады.
Шаруашылық серiктестiктерi нысанында құрылатын коммерциялық ұйымдардың жекелеген түрлерiнiң Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындада көрсетiлмеген құрылтай құжаттарының тiзбесi мен мазмұны, осы ұйымдар туралы заң актiлерiнде анықталады.
Шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеу заңдарда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Заңды тұлғалардың мемлекеттiк регистрiндегi шаруашылық серiктестiктерi туралы деректердi заңды тұлғаларды тiркейтiн органдар ресми баспасөзде ұдайы жариялап тұруға тиiс.
Шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар, шетелдiк заңды тұлғалар мен азаматтар, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар қатысқан шаруашылық серiктестiктерiн мемлекеттiк тiркеудiң ерекшелiктерi заңдарда арнайы көрсетілініп, нақтыланып белгiленедi. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүліктік жағдайына келетін болсақ. Шаруашалық серіктестіктерінің мүлкі шарушылық серіктестігіне қатысушылардың негізгі қосымша мүліктік салымдарымен реттелініп отырады. Шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiн негiзгi қорлары мен айналым қаражаты, сондай-ақ серiктестiктiң дербес балансында құны көрсетiлген басқа да мүлiк құрайды.
Мүлiк меншiк құқығы негiзiнде шаруашылық серiктестiгiнiкi болады.
Серiктестiк мүлкiн құрайтын көздер:
1) қатысушылардың жарғылық капиталға салымдары;
2) оның қызметiнен алынған табыс;
3) заң актiлерiнде тыйым салынбаған өзге де көздер болып табылады.
1.3. Шаруашылық серіктестігінің жарғылық капиталы.
Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталына келетін болсақ.
- Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын оған қатысушылар салымдарының жиынтығы құрайды.
- Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүлiктiк құқықтар, оның iшiнде жер пайдалану құқығы мен интеллектуалдық қызмет нәтижелерiне құқықтық және өзге де мүлiк болуы мүмкiн.
- Жеке мүлiктiк емес құқықтар және өзге де материалдық емес игiлiктер түрiнде салымдар енгiзуге жол берiлмейдi.
- Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлген жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтайшы құжаттарда көрсетiлген бүкiл мерзiмге есептелген пайдалану төлемiмен айқындалады.
- Серiктестiктiң пайдалануына берiлген мүлiктiң кездейсоқ құрып кетуiне немесе бүлiнуiне тәуекелдiк, егер құрылтай құжаттарда өзгеше көзделмеген болса, осы мүлiктi берген қатысушыға жүктеледi.
- Жарғылық капиталға құрылтайшылардың (қатысушылардың) заттай нысандағы немесе мүлiктiк құқықтар түрiндегi салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiндегi балама сомадан асып кетсе, оны бағалауды тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.
Барлық кредиторлар жеке-жеке жазбаша хабардар етiлгеннен кейiн ғана шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға жол берiледi. Мұндай жағдайда кредиторлар тиiстi мiндеттемелерiнiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе орындалуын және өздерi шеккен зиянның орны толтырылуын талап етуге құқылы.
Жарғылық капиталды шаруашылық серiктестiктерiнiң кейбiр түрлерi үшiн Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындада және басқа заң актiлерiнде белгiленген ең төменгi мөлшерден азайтуға жол берiлмейдi.
Жарғылық капиталды Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктістіктері туралы заңының он бірінші бабының 5 және 6-тармақтарында белгiленген тәртiптi бұза отырып азайту мүдделi тұлғалардың өтiнiшi бойынша сот шешiмiмен шаруашылық серiктестiгiн таратуға негiз болып табылады.
Жарғылық капиталға салымдар енгiзу тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құрау бойынша мiндеттемелердiң орындалмағаны үшiн жауапкершiлiк заң актiлерiмен және (немесе) құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi мынадай болып табылады:
1. Барлық қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi олардың жарғылық капиталдағы салымына сай болады.
2. Қатысушылардың шаруашылық серiктестiгiнiң мүлкiндегi үлесi процент түрiнде есептеледi.
3. Шаруашылық серiктестiгiне қатысушылар өздерiнiң серiктестiк мүлкiндегi үлесiн белгiлеудiң осы баппен салыстырғандағыдан өзгеше тәртiбiн анықтай алады.
4. Егер арнаулы заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың серiктестiк мүлкiндегi өз үлесiн кепiлге салуға және сатуға құқығы бар .(2. 26-35.).
1.4. Шаруашылық серіктестігін басқару жолдары.
Шаруашылық серiктестiгiн басқару мынадай жоларменен басқарылады:
1. Шаруашылық серiктестiгiнiң жоғары органы оған қатысушылардың жалпы жиналысы (өкiлдер жиналысы) болып табылады.
2. Шаруашылық серiктестiгiнде оның қызметiне ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын және оған қатысушылардың жалпы жиналысына есеп беретiн атқарушы (алқалық немесе) және (жеке-дара) орган құрылады.
Жеке-дара басқару органы оның қатысушылары арасынан сайланбауы мүмкiн.
3. Алқалық органдар ретiнде:
а) басқарма (дирекция);
б) байқаушы кеңес;
в) шаруашылық серiктестiгiне қатысушылардың жалпы жиналысының (өкiлдер жиналысының) шешiмi бойынша басқа да органдар құрылуы мүмкiн.
4. Атқарушы органның қызметiн бақылау үшiн қатысушылардың жалпы жиналысы тексеру комиссиясын құруға құқылы.
5. Шаруашылық серiктестiгiн басқару органдарының құзыры, оларды сайлау (тағайындау) тәртiбi, сондай-ақ олардың шешiм қабылдау тәртiбi Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындамен, заң актiлерiмен және құрылтай құжаттарымен белгiленедi.
Шаруашылық серіктестіктерінің ақпарат беруі. Шаруашылық серіктестігі өзінің қатысушыларының талап етуі бойынша серіктестіктің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат беруге міндетті.
Шаруашылық серіктестіктері қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпарат деп:
1) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысында қабылданған, серіктестіктің байқау кеңесінің, атқарушы органының, тексеру комиссиясының (ревизорының) шешімдері және қабылданған шешімдердің орындалуы туралы ақпарат;
2) серіктестіктің өз капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын мөлшерде серіктестіктің қарыз алуы;
3) жасалған мәміле нәтижесінде серіктестіктің өз меншігіндегі капиталы мөлшерінің жиырма бес және одан да көп процентін құрайтын сомадағы мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын ірі мәмілені немесе өзара байланыстағы мәмілелерді серіктестіктің жасауы;
4) серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға лицензиялар алуы, олардың қолданылуын тоқтата тұру немесе тоқтату, сондай-ақ серіктестіктің қандай да болсын қызметтің түрін жүзеге асыруға және (немесе) белгілі бір іс-әрекеттер жасауға бұрын алған лицензияларынан айыру;
5) серіктестіктің мүлкіне тыйым салу;
6) нәтижесінде серіктестіктің баланстық құны қоғам активтері жалпы мөлшерінің он немесе одан да көп процентін құрайтын мүлкі жойылған төтенше сипаттағы жағдайлардың басталуы;
7) серіктестікті және (немесе) оның лауазымды тұлғаларын
әкімшілік жауапкершілікке тарту;
8) серіктестікті мәжбүрлеп қайта ұйымдастыру туралы шешім;
9) аудиторлық есеп (ол бар болса);
10) серіктестіктің жарғысына сәйкес серіктестік қатысушыларының мүдделерін қозғайтын өзге де ақпарат танылады.
Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы, оның қатысушыларының мүдделерін қозғайтын ақпаратты беру Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындаға және серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады.
Үлестерді сатып алушыларға шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы ақпаратты беру серіктестіктің жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Ақпаратты беру тәртібі мен көлемі жарғыда және үлестерді сатып алу туралы алдын ала жасалған шартта белгіленеді.

Шаруашылық серіктестігінің қызметі туралы негізгі құжаттарына мына төмендегі аталғандарды көрсетуге болады. Атап айтатын болсақ:
Шаруашылық серіктестігінің қызметіне қатысты құжаттарды серіктестік өз қызметінің бүкіл мерзімі ішінде серіктестіктің атқарушы органы орналасқан жер бойынша немесе оның жарғысында айқындалған өзге жерде сақтауға тиіс.
Мынадай құжаттар сақталуға тиіс:
1) серіктестіктің жарғысы, серіктестіктің жарғысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
2) құрылтай жиналыстарының хаттамалары;
3) құрылтай шарты, құрылтай шартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар;
4) шаруашылық серіктестігін заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік;
5) серіктестіктің статистикалық карточкасы;
6) серіктестіктің белгілі бір қызмет түрлерімен айналысуына және (немесе) белгілі бір іс-әрекет жасауына арналған лицензиялар;
7) серіктестіктің оның балансындағы (балансында болған) мүлікке құқығын растайтын құжаттар;
8) серіктестіктің филиалдары мен өкілдіктері туралы ереже;
9) серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстарының хаттамалары, серіктестік қатысушылары жалпы жиналыстары күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдар;
10) серіктестік қатысушыларының жалпы жиналысын өткізу үшін ұсынылған серіктестік қатысушыларының тізімі;
11) байқау кеңесі күн тәртібінің мәселелері бойынша материалдары, бақылау кеңесі отырыстарының хаттамалары (сырттай отырыстарының шешімдері);
12) атқарушы орган отырыстарының хаттамалары (шешімдері).
Өзге құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мерзім ішінде сақталады.
Серіктестік шаруашылық серіктестігі қатысушысының талап етуі бойынша оған Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындада көзделген құжаттардың көшірмелерін серіктестіктің жарғысында белгіленген тәртіппен беруге міндетті.

II Тарау. Шаруашылық серіктестіктерінің жекелеген түрлерінің ерекшеліктері.
2.1 Толық серiктестiк ұғымы
Толық серiктестiктiң мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда қатысушылары оның мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен ортақтасып жауап беретiн шаруашылық серiктестiгi толық серiктестiк деп танылады.
Толық серiктестiкке қатысушылардың құқықтары мен мiндеттерi: 1. Толық серiктестiкке қатысушылардың:
1) Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындада және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша толық серiктестiктi басқаруға, соның iшiнде серiктестiк алған пайданы бөлуге қатысуға;
2) толық серiктестiктiң қызметi туралы толық ақпарат алуға, соның iшiнде серiктестiктiң бухгалтерлiк және басқа да құжаттамасымен танысуға;
3) егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген болса, толық серiктестiктiң мүлкiндегi өз үлесiнiң мөлшерiне қарай оның қызметiнен пайда алуға;
4) белгiленген тәртiп бойынша толық серiктестiктен шығуға;
5) толық серiктестiк таратылған жағдайда серiктестiктiң кредиторлармен есеп айырысқаннан кейiн қалған мүлкiндегi немесе оның құнындағы өзiнiң үлесiне сәйкес толық серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн алуға құқығы бар;
6) Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындада және (немесе) серіктестіктің жарғысында көзделген өз құқықтарын бұзатын серіктестік органдарының шешімдеріне сот тәртібімен дау айтуға құқығы бар.
2. Толық серiктестiктерге қатысушылардың Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындаға, басқа заң актiлерiне және серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген басқа да құқықтары болуы мүмкiн.
3. Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындаға және басқа заң актiлерiнде толық серiктестiкке қатысушылар үшiн көзделген құқықтардан бас тарту немесе оларды шектеу, оның iшiнде серiктестiкке қатысушылардың келiсiмi бойынша шектеу жарамсыз болып табылады.
4. Толық серiктестiкке қатысушылар:
1) толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарын сақтауға;
2) толық серiктестiктiң қызметiне құрылтай құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша қатысуға, соның iшiнде серiктестiктiң атынан iс жүргiзуге немесе қызметiн жүзеге асыруда оған көмек көрсетуге;
3) толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында көзделген тәртiппен, тәсiлмен және мөлшерде салым салуға;
4) өз атынан және өз мүддесi үшiн серiктестiк қызметiнiң мәнi болып табылатын iстермен бiртектес мәмiлелер жасаудан тартынуға;
5) толық серiктестiк құпия деп жариялаған мәлiметтердi жарияламауға мiндеттi;
6) серіктестіктің атқарушы органына тұрғылықты жерінің және жеке басын куәландыратын құжат деректерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға міндетті.
5. Толық серiктестiкке қатысушылар Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындада және басқа заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында көзделген басқа да мiндеттер қабылдай алады.
6. Толық серiктестiкке қатысушыларды Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындада, басқа заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерге кiрмейтiн iс-әрекет жасауға мiндеттейтiн олардың келiсiмдерi жарамсыз болып табылады.
7. Толық серiктестiкке қатысушы Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңындада, басқа заң актiлерi мен құрылтай құжаттарында көзделген мiндеттерiн орындамаса, соның салдарынан серiктестiкке немесе оған қатысушыларға зиян келтiрiлсе, басқа қатысушылар мұндай қатысушыдан зиянды өтеуге, ал елеулi зиян келтiрген жағдайда оның серiктестiктен сот арқылы шығарылуын талап етуге құқылы.
(3. 55-57.).

2.2. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарынының мазмұны.
1. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында оның фирмалық атауы көрсетiлуге тиiс, онда:
1) барлық қатысушылардың есiмi, сондай-ақ "толық серiктестiк" деген сөздер, не болмаса;
2) "және компания" деген сөздер қосылған, бiр немесе бiрнеше қатысушының есiмi, сондай-ақ "толық серiктестiк" деген сөздер болуы керек.
2. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңынданың 4-бабының 7 және 8-тармақтарында көзделген мәлiметтер көрсетiлуге тиiс.
Толық серiктестiктiң жарғылық капиталы Қатысушылардың толық серiктестiк мүлкiндегi үлесi. Толық серiктестiктiң қатысушылары жарғылық қор құрады, оның мөлшерi қатысушылар жарғылық капиталға үлес қосқан сәтте Қазақстан Республикасында заңдармен белгiленген есептiк көрсеткiштiң жиырма бес мөлшерiнен кем болмауы керек.
Толық серiктестiктiң жарғылық капиталының мөлшерi, оны құрау тәртiбi мен мерзiмi серiктестiктiң құрылтай құжаттарында белгiленедi.
Қатысушылардың толық серiктестiк мүлкiндегi үлесi Қазақстан Республикасы шаруашылық серіктестіктері туралы заңынданың 7-бабындағы ережелермен анықталады.

2.3. Толық серiктестiктiң iсiн жүргiзу
1. Толық серiктестiктiң жоғары органы қатысушылардың жалпы жиналысы болып табылады. Толық серiктестiктiң iшкi мәселелерi жөнiндегi шешiм барлық қатысушылардың ортақ келiсiмi бойынша қабылданады. Серiктестiктiң құрылтай құжаттарында қатысушылардың көпшiлiк дауысымен шешiм қабылданатын реттер де көзделуi мүмкiн. Егер құрылтай шартында оның қатысушыларының дауыс санын анықтаудың өзгеше тәртiбi көзделмесе, толық серiктестiктiң әрбiр қатысушысы бiр дауысқа ие болады.
Құрылтай құжаттарында қатысушылар ие болатын дауыс санын олардың серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесiне қарай белгiлеу көзделуi мүмкiн.
2. Толық серiктестiктi басқаруда осы баптың 1-тармағының ережелерiн ескере отырып толық серiктестiктiң атқарушы органдары жүзеге асырады.
Басқару органдарының түрлерi, құрылу тәртiбi және олардың құзыры құрылтай құжаттарында белгiленедi.
3. Толық серiктестiкке қатысушының өзге қатысушылардың келiсуiнсiз өз атынан және өз мүдделерi немесе үшiншi тұлғаның мүдделерi үшiн серiктестiк қызметiнiң мәнiмен бiртектес мәмiлелер жасауға құқығы жоқ. Бұл ереже бұзылған жағдайда серiктестiк өз қалауы бойынша мұндай қатысушыдан не серiктестiкке келтiрiлген шығынның орнын толтыруын, не осындай мәмiлелерден тапқан бүкiл пайданы серiктестiкке беруiн талап етуге құқылы.
4. Серiктестiктiң iсiн жүргiзу тапсырылған толық серiктестiк органдары қатысушылардың талап етуi бойынша олардың бәрiне өз қызметi жайында толық ақпарат берiп отыруға мiндеттi.
5. Өкiлеттiгi болмаса да орталық мүдделер үшiн iс-әрекет жасаған қатысушы, оның iс-әрекетiн қалған қатысушылар мақұлдамаған жағдайда, егер ол, өзiнiң iс-әрекетi арқасында серiктестiк құны жөнiнен серiктестiк шеккен шығыстардан асып түсетiн мүлiктi сақтап қалғандығын немесе тиiсiнше сатып алғандығын дәлелдейтiн болса, серiктестiктен өзi жасаған шығыстардың орнын толтыруды талап етуге құқылы.
2.4. Толық серiктестiкке қатысушылардың құрамын өзгерту және шығару, қайта қабылдау жолдары.
1. Қатысушы серiктестiктен шыққан, ол банкрот деп танылған немесе серiктестiк мүлкiндегi оның үлесiн кредитор (кредиторлар) өндiрiп алуды қолданған, толық серiктестiкке қатысушы қайтыс болған, оны қайтыс болды деп жариялаған, белгiсiз жағдайда хабар-ошарсыз кеткен, әрекетке қабiлетсiз немесе әрекетке қабiлеттiлiгi шектелуi деп танылған жағдайларда, егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмеген немесе қалған қатысушылардың келiсiмiмен белгiленбеген болса, толық серiктестiк тоқтатылуға жатады.
2. Толық серiктестiк өз қызметiн одан әрi жалғастырған жағдайда, сондай-ақ қатысушының серiктестiк мүлкiндегi үлесi басқа қатысушыларға немесе үшiншi тұлғаға көшкен, қатысушы серiктестiктен шығарылған, немесе серiктестiкке жаңа қатысушылар қабылданған жағдайларда, құрылтай құжаттарына тиiстi өзгерiстер енгiзiле отырып, толық серiктестiк қайта тiркелуге тиiс.
Қатысушының толық серiктестiктен шығуы мынадай жолдарменен шығарылады:
1. Толық серiктестiкке қатысушы серiктестiкке қатысудан бас тартатыны жайында мәлiмдеп, одан шығуға құқылы.
2. Қатысушы толық серiктестiкке қатысудан бас тартатынын серiктестiктен нақты шығардан кемiнде алты ай бұрын мәлiмдеуге тиiс.
Бес жылға дейiнгi мерзiмге құрылған толық серiктестiктен мерзiмiнен бұрын шығуға дәлелдi себептер бойынша ғана жол берiледi.
3. Толық серiктестiктiң құрылтай құжаттарында қатысушылардың серiктестiктен шығу туралы арыз беруiнiң осы бапта белгiленгеннен өзгеше мерзiмi көзделуi мүмкiн.
Серiктестiкке қатысушылардың серiктестiктен шығу құқығынан бас тарту туралы өзара келiсiмi жарамсыз болып табылады.
Қатысушының толық серiктестiктен шығуының салдары
Толық серiктестiктен шыққан қатысушыға серiктестiк мүлкiнiң сол қатысушының серiктестiктiң жарғылық капиталындағы үлесiнiң мөлшерiне бара-бар бөлiгiнiң құны төленедi.
Толық серiктестiк мүлкiнiң одан шығатын қатысушыға тиесiлi бөлiгiнiң құны қатысушының серiктестiктен шығу сәтiне жасалған серiктестiк балансына сәйкес анықталады және қатысушының серiктестiктен нақты шыққан күнiнен бастап 30 күн iшiнде төленедi.
Шығатын қатысушының қалатын қатысушылармен келiсуi бойынша толық серiктестiк мүлкiнiң бiр бөлiгiнiң құны мүлiктi заттай берумен алмастырылуы мүмкiн.
Шығып кеткен қатысушыға оның сол жылы серiктестiкте болған кезеңiнде толық серiктестiктiң осы жылда алған пайдасының оған тиесiлi бiр бөлiгi де төленедi.
Толық серiктестiктiң жарғылық капиталына өз салымын iшiнара қосқан қатысушыға шығар кезiнде, егер құрылтай құжаттары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктің даму проблемалары және шешу жолдары
Азаматтардың азаматтық құқық субъектілігі
Қазақстан Республикасындағы банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың құқықтық жағдайлары
Мүлік жалдау шартының нысаны
Заңды тұлға ұғымы жайында
Азаматтық құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік
Азаматтардың құқық қабілеттілігі
Тұрғын үйді жалдау шартын тоқтату
Шаруашылық есептің түрлері
Шаруашылық серiктестiгi туралы негiзгi ережелер мен заңдар және қатысушылар
Пәндер