«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Өсімдік шаруашылығы кафедрасы
Агрономия факультетінің
5В081100 - «Өсімдік қорғау және карантині» мамандығының студенттеріне «Жалпы фитопатология» пәнінен
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Астана, 2011ж
С. Сейфуллин атындағы БЕКІТЕМІН:
Қазақ агротехникалық «С. Сейфуллин атындағыуниверситетінің әдістемелік ҚазАТУ» ӘК төрағасы
кеңесінің отырысында профессор
Е. Т. Тазабекова
қаралды және баспадан 2012 ж. « »
басып шығаруға ұсынылды
2012ж. « »
хаттама № ___
Құрастырған: А. А. Бегалина, а. ш. ғ. к., доценті, З. Ш. Сулейменова, ассистент
Сын - пікірші: Ұ. Ж. Байдүйсен, Ph. D. докторы, доцент., экология және орман шаруашылығы кафедрасының менгерушісі
Өсімдік шаруашылығы кафедрасының отырысында қаралды және құпталынды. 2012 ж. сәуірдің «_09_» жұлдызында, хаттама № 9
Агрономия факультетінің әдістемелік комиссиясының отырысында қаралды және құпталынды, 2012 ж. мамырдың «11» жұлдызында, хаттама № 9
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 4
- Атаулар және анықтамалар . . . 5
- Пәннің жұмыс бағдарламасы . . . 9
- Жалпы фитопатология пәні дәрістерінің қысқаша желісі
(тезистері) . . . 27
- Зертханалық - іссаналық сабақтардың тақырыптары . . . 87
- Жалпы фитопатологиядан өздігінен дайындалу тапсырмалары . . . 126
- Жалпы фитопатологиядан шекаралық 1-бақылау сұрақтары . . . 136
- Жалпы фитопатологиядан шекаралық 2-бақылау сұрақтары . . . 139
- Жалпы фитопатология пәнінен емтихан сұрақтары . . . 142
- Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыздандыру картасы . . . 150
Кіріспе
«Жалпы фитопатология» - 5В081100 «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығына арналған базалық пәндердің бірі.
«Жалпы фитопатология» пәнінің міндеті мен мәні. Жалпы фитопатоло-гияның тарихи дамуының негізгі кезеңдері. Фитопатологияның ғылым ретінде қалыптасып, дамуының жалпы заңдылықтары.
Бірінші - теологиялық және антропоморфологиялық кезең. Өсімдік ауруларының табиғаты туралы алғашқы түсініктер. А. Левенгуктың микроорганизмдерді зерттеуде ашқан жаңалықтарының маңызы. Микробиологияның морфологиялық даму кезеңі.
Екінші - микробиологиялық кезең. Өсімдік патологиясы "микологияның тармағы" болып саналады. Ағайынды Л. Тюлан мен Ч. Тюлан, А. Де-Бари, М. С. Воронин және т. б. еңбектері. Паразитті саңырауқұлақтардың туу себебі, ал олар өсімдіктің инфекциялық ауруларының жалғасы болмайтындығы туралы зерттеулер.
Үшінші - кешенді кезең. Фитопатологияның кешенді ғылым ретінде құрылуы. Фитопатогенді саңырауқұлақтардың онтогенезін оқып білуде цитологиялық және биологиялық зерттеу әдістерін пайдалану.
Өсімдік ауруларының жаңа қоздырғыш топтары - патогенді бактериялардың табылуы. М. С. Воронин, Т. Барилл, Э. Смит, И. В. Сербинов, А. А. Ячевский және т. б. еңбектері.
Фитопатологияда фитовирусологияның сүзінді вирустарын ашу және жаңа бағытын құру. Д. И. Ивановский У. Стенли және т. б. ғалымдардың зерттеулері.
Фитопатологияда экологиялық бағыттың дамуы және өсімдік ауруларының жаппай таралуы мен даму заңдылықтарын зерттеу бастамасы. К. Мюллер, Н. А. Наумова және т. б. ғалымдардың еңбектері.
Төртінші - қазіргі кезең. Фитопатологияда түрлі техникалық құралдарды және осы заманғы ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдаланудағы эксперименттің ролі. Ауру қоздырғыштардың паразиттік эволюциясы, арнайы бейімделуі, иммунитет генетикасы, биологиялық және емдеу шаралары бойынша зерттеулерді дамыту және келешекте терең зерттеу.
Атаулар және анықтамалар
Ақ масақ. Саңырауқұлақ залалданған астық масағындағы аурудың белгісі.
Ақ ұнтақ . Саңырауқұлақ залалданған мүшеде түзілетін өңез түрі.
Ала-құла, алажапырақтық . Түрлі себептерден жапырақ боялуының әркелкі болып өзгеруі .
Алхорының қызыл дағы. . Саңырауқұлақпен залалданған мүшеде пайда болатын майда жара.
Апотеций. Ішінде қалталар (аскалар) орналасқан, пішіні әртүрлі, ашық жеміс дене.
Апрессорий. Өсімдік эпидермисіне тіркелетін саңырауқұлақ жіпшесінің кеңейген бөлігі.
Арамсояу. Гүлді паразит, бір жылдық арам шөп.
Аск, қалта Аскомицеттердің жынысты сорпасы түзілетін қалта.
Аскоспора, қалта спора. Аскомицеттердің жынысты спорасы.
Аскохитоз. Саңырауқұлақ қоздыратын ауру түрі.
Базидия. Жіпшумақтың ерекше өскіні - аналық дене.
Базидиоспора. Базидияда экзогенді түзілетін спора.
Бастапқы, алғашқы инфекция. Вегетация кезеңінде өсімдікке кеселдің алғаш ( бірінші) ауру қорынан жұғуы.
Бозғылт аскохитоз. Саңырауқұлақ қоздыратын кеселдің түрі.
Бұйралану - жапырақтың бұйралануы.
Бұлтық, ісік. Түрлі қоздырғыштардың әсерінен жапырақ пішіннің бұзылуы. Түрлі себептерге байланысты өсімдіктің ауруға шалдыққан бөлігінде клетка санының көбеюінен немесе көлемінің ұлғаюынан пайда болатын түзілім.
Гаустория, сорғыш. Паразитті саңырауқұлақтардың, гүлді - парзиттердің ие-өсімдіктен қоректік зат алуға бейімделген жіпшелері мен өскіндері.
Гүлпарлық. Қоздырғыш әсерінен гүл құрылысының қалыптан ауытқуы, күлте жапырақшалардың көбейіп немесе тостаған жапырақшалар пішінінің өзгеруі.
Дақ, дақтылық. Кеселге шалдыққан өсімдік мүшелерінде пайда болған ауру белгісі.
Әлжуаз, семген (тұқым) . Түрлі факторлардың әсерінен толық жетілмеген тұқым (дән) .
Даму кезеңі. Тірі организмнің өсіп-жетілуінің әр түрлі мерзімдері.
Дәрілеуіш. Аурулардан, топырақ зиянкестерінен қорғау үшін тұқымдық дәнді өңдеуде қолданылатын пестицид.
Жапырақ шетінің желбіреуі . Саңырауқұлақ әсерінен жапырақ мезофиллы мен жүйке клеткаларының бір қалыпты дамуынан пайда болатын кесел белгісі.
Жіпше. Саңырауқұлақтың өте жіңішке тармақталған жіпшелері, олар жинақталып жіп шумақ құрады.
Жіпшумақ - нәзік жіпшелерден құралған саңырауқұлақтың вегетативті денесі, күрделі саңырауқұлақтың вегетативті денесі.
Залалдану, жұғу, дерттену - ауру қоздырғыштың организмге еніп, таралуы.
Өздігінен залалдану - қоздырғыш өздігінен шапшаң таралады.
Ауа арқылы жұғу - кеселдің ауа арқылы таралып, залалдауы.
Табиғи жұғу - аурудың өздігінен таралып, дерттендіруі.
Зооспора. Қарапайым саңырауқұлақтардың талшықты, жыныссыз спорасы.
Зооспорангий. Зооспора түзілетін эндогенді орган (мүше) .
Ие - өсімдік. Ауру қоздырғышы, зиянкесі дамитын қолайлы өсімдік.
Инфекция, індет . Жұқпалы ауру тудыратын микроорганизмдер.
Инфекция қоры . Сақталып, ауру қоздыратын микроорганизмдердің көзі.
Кейіпсіз. Түрлі факторлардан өсімдік пішінінің қалыптан ауытқуы.
Киізді өңез. Саңырауқұлақ жіпшумағынан түзілетін тығыз өңез.
Клейстотеций. Аскомицет саңырауқұлағының тұйықталған жеміс денесі.
Конидия. Күрделі және кейбір қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз спорасы.
Конидия тасушылар. Саңырауқұлақтың конидия түзетін жіпшелері.
Қастауыш. Саңырауқұлақ қоздыратын астық масағының ауруы.
Қара күйе. Астықтың саңырауқұлақ қоздыратын кеселі.
Қара сирақ. Өсімдік тамыр мойынының кеселі.
Қоздырғыш. Ауру тудыратын организм.
Қоңыр аскохитоз . Саңырауқұлақ қоздыратын аурудың түрі.
Қуыршақтану. Астықтың вирусты кеселі.
Насеком. Жарғаққанатты, денесі бас, көкірек және құрсаққа бунақталған жәндіктер.
Ооспора. Оомицеттердің жынысты спорасы.
Оқшаулау, оңаша. Егістерді бір-бірінен белгілі қашықтықта орналастыру; қоздырғыштың таза культурасын оқшаулап, басқаларынан бөлу.
Паразит, тоғышар. Қоректік затты басқа организмнен алып өмір сүретін зиянды организм.
Пероноспороз. Қарапайым саңырауқұлақ қоздыратын ауру түрі.
Перитеций. Аскомицеттердің жартылай тұйықталған жеміс денесі.
Пестицид. Өсімдіктің зиянды организмдеріне қарсы қолданылатын улы заттар.
Пикнида. Саңырауқұлақтың жыныссыз спорасы (конидия) түзілетіншар немесе алмұрт тәрізді дене.
Пикноспора. Пикнида ішінде түзілетін спора.
Пішен. Шауып кептірілген шөп.
Пішіннің өзгеруі. Түрлі факторлардан өсімдік және оның мүшелері кейпінің қалыптан ауытқуы.
Саңырауқұлақ жіпшесі. Саңырауқұлақтың өте жіңішке жіпшесі.
Сапрофит. Организмдердің жансыз қалдықтарымен қоректенетін микроорганизмдер.
Сауықтыру. Түрлі әдістермен өсімдікті қоздырғыштардан, аурудың таралуынан емдеу.
Секпілділік. Ауруға шалдыққан жапырақ тканінің ыдырап жұқаруы.
Сему, тұқымының семуі. Кеселденген өсімдік тұқымының толық дамымай, қатып семуі, солуы.
Спермагоний. Саңырауқұлақтың даму кезеңі.
Спора. Саңырауқұлақ тұқымы.
Столбур. Алқа тұқымдас өсімдіктерде микроплазмалық организмдер қоздыратын ауру.
Стрик. Вирусты ауру.
Су саңылауы, гидатода. Жапырақтың тамшы су бөліп шығаратын мүшесі.
Субстрат. Тірі организмдер қоректеніп өсіп-өнетін орта.
Таз-қотыр. Актиномицеттер мен саңырауқұлақтар қоздыратын ауру.
Тамыр шірігі. Зиянды организмдер қоздыратын кесел түрі.
Тат. Саңырауқұлақ қоздыратын ауру түрі.
Тәжді тат . Тат ауруының түрі.
Тежеу, шек қою. Зиянды организмдердің дамуына, таралуына кедергі жасау.
Телиобөртпе . Тат саңырауқұлағы түзетін өңез.
Телиоспора. Саңырауқұлақ спорасының түрі.
Тоз қабат, тоздану. Зиянды организмдердің әсерінен өсімдік ұлпасының жансыздануы.
Торлы өңез. Саңырауқұлақ жіпшелерінен түзілген жеңіл өңез.
Төсеніш, ложа. Конидия тасушы жіпшелердің топтасуынан пайда болған жастықша тәрізді жыныссыз спора (конидия) түзілетін орын.
Туынды инфекция. Негізге қосымша қоздырғыштар.
Тұқымды дәрілеу. Тұқымды себу алдында дәрілеуіштермен өңдеу.
Урединиоспора. Тат саңырауқұлағының жыныссыз спорасы.
Урединий. Урединиспора түзілетін орын.
Фитопатология. Өсімдік ауруларын зерттейтін ғылым.
Фузариоз . Саңырауқұлақ қоздыратын кесел.
Фунгицид Фитопатогенді саңырауқұлақтарға қарсы қолданылатын химиялық препарат.
Хлороз. Патогенді микроорганизмдердің және басқа да жағдайлардың әсерінен хлорофилл түзілуі төмендеп, өсімдік жапырағының сарғаюы.
Церкоспороз . Саңырауқұлақ қоздыратын кесел.
Цитоспороз. Саңырауқұлақ әсерінен болатын жеміс және орман ағаштарының кеселі.
Шеңберлі дақ . Дақта шеңберлердің кезектесіп орналасуы.
Шоқа шірігі. Сақтау кезінде патогендер әсерінен тамыр жемісінің шіруі.
Іріктеу. Өсімдіктің (көшеттің) ауруға шалдықпағанын таңдау, жаңа сорт шығаруда селекциялық әдіс.
Ісік, бұлтық. Патоген әсерінен клетка көлемінің ұлғаюынан (гипертрофия) немесе клетка санының көбеюінен (гиперплазия) түзілетін ауру белгісі.
Эндогенді паразит. Субстратішінде дамитын патогген (паразит) .
Экзогенді паразит . Патоген негізінен субстрат сыртында дамып, өсімдікке тек гаусториялары енеді.
Экссудат. Өсімдіктің бактериясымен залалданған бөлігінде түзілетін шырыш.
Эпифитотия . Жұқпалы өсімдік кеселінің бір мезгілде кең таралуы.
Эциоспора. Тат саңырауқұлағының спорасы.
1. ОҚЫТУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ: доцент Бегалина Алмагүл Әбілқайырқызы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өсімдік шаруашылығы кафедрасында қызмет етеді. Кездесу күндері 69 ауд. Ассистент Сүлейменова Зейнекүл Шағиқызы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өсімдік шаруашылығы кафедрасында қызмет етеді. Кездесу күндері 69 ауд.
2. Пән туралы мәлімет: Жалпы фитопатология пәні екінші курс студенттеріне арналған. Ол бір семестр ішінде өтіледі, 2 кредиттен тұрады, оның ішінде 15 сағат дәріс, 15 сағат зертханалық жұмыс, 15 сағат студенттер өздік жұмысты оқытушы көмегімен орындайды және 45 сағ аты студент өзі орындайды. Осы пәнді толық игеріп алу үшін 90 сағат бөлінген. Бақылау түрі - емтихан.
Болжамалы оқу уақытын бөлу
Апта
лар
1
2
3
4
5
6
7
Аралық бакылау
8
9
10
11
12
13
14
15
Аралық бақылау
Барлығы
3. Курстың Пререквизиттері - жалпы фитопатология пәнін игеру үшін экология, ботаника, химия және өсімдік физиологиясын білу қажет.
4. Курстың Постреквизиттері - өсімдікті химиялық қорғау, биологиялық өсімдікті қорғау, өсімдік карантині, өсімдік шаруашылығы, көкөніс шаруашылығы, жеміс көкөніс шаруашылығы, мал азығын өндіру, шалғын шаруашылығы, өсімдікті сақтау және өңдеу технологиясы, селекция .
5. Курсқа қысқаша шолу
Жалпы фитопатологияның негізгі мақсаты: өсімдік ауруларының негізгі қоздырғыштары - саңырауқұлақтар, бактериялар, актиномицеттер, микоплазмалар, вирустар морфологиясын, биологиялық, экологиялық ерекшеліктерін, патогендердің өсімдік жүйесіндегі орны мен жіктелуін, дамуын, табиғатта сақталуын зерттеп, олардың зияндылығын төмендету әдістерін іздестіреді.
Курстың негізгі міндеті: "Жалпы фитопатология" пәнін оқып-білуде бағдарламаға сай студенттер теориялық білімін тәжірибелермен ұштастырып, ауру қоздырғыштары қасиеттерін жан-жақты зерттеп, патогенді жеке бөлу, түрлерін өз бетінше анықтау, аурудың дамуын бақылап, есеп жүргізу, ауру өсімдіктер гербарийлерін жинау сияқты жұмыстарды меңгерулері керек
"Жалпы фитопатология" өсімдікті қорғау және карантин мамандарын дайындауда негізгі базалық пән болып табылады. Фитопатология ауру өсімдіктерді жан-жақты зерттеп, аурудың себебін, пайда болу зандылықтарын, таралуын, оның өршуіне немесе бәсеңдеуіне сыртқы ортаның тигізетін әсерін анықтайды.
Студент білу керек: аурулардың негізгі түрлерін және сыртқы белгілерін, оларды туғызатын себептерін;
- аурулардың түрлі типтерінің патологиялық өзгерістерінің сипаттамасын;
- саңырақұлақтардың негізгі жүйесін, ауру қоздырғыштардың морфологиясын және биологиясын;
- өсімдік ауруының дамуында экологиялық факторлардың ролін;
- ауруларға қарсы шараларды.
Білікті болу керек :
- сыртқы ортаның қолайсыз факторларынан пайда болған ауруларды айқындауға;
- табиғаты инфекциялық және инфекциялық емес негізгі ауруларды анықтауға;
- ауылшаруашылық дақылдарының ауруларына төзімділікті жоғарлату үшін іс жүзінде қорғау шараларын қолдануға.
Курстың саясаты (ұсынылатын ережелер) .
Сабаққа кешікпеу керек, кешіккен студенттер сабаққа жіберілмейді.
Зертханалық сабақтарға уақытында міндетті түрде ақ халат киіп келу қажет.
Сабақ үстінде сөйлесуге, ұялы телефонды қосуға болмайды.
Сабақты жіберуге болмайды, себеппен (анықтама болса) жіберілсе, тапсырманы оқытушы белгілеген уақытта тапсыруға болады.
Курстастармен және оқытушылармен кең пейілді, шыдамды, ашық мінезді болу керек.
Студенттер зертханалық жабдықтарды, құралдарды сақтау қажет.
Сабақ уақытында белсенділік көрсету керек.
8. Негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі.
Негізгі әдебиеттер- Власов Ю. И., Ларина Э. И. Сельскохозяйственная вирусология. Учебное пособие. - М., Колос, 1982.
- Головин П. Н. и др. Фитопатология. Учебник. - Л., Колос, 1980.
- Головин П. Н., Арсеньева М. В., Тропова A. M., Шестиперова З. И. Практикум по общей фитопатологии. Учебное пособие. - Л., Колос, 1977.
- Горленко М. В. Бактериальные болезни растений. Учебник. - М., Высшая школа, 1981.
- Дьяков Ю. Т. и др. Общая фитопатология с основами иммунитета. - М., Колос, 1976.
- Ежов Г. И. Руководство к практическим занятиям по сельскохозяйственной микробиологии. Учебное пособие. - М., Высшая школа, 1981.
- Мишустин Е. Н., Емцев В. Т. Микробиология. Учебник. -М., Колос, 1977.
- Попкова К. В. Общая фитопатология. Учебник. - М., Агропромиздат, 1989.
- Родигин М. Н. Общая фитопатология. Учебник. - М., Высшая школа, 1977.
10. Черемисинов Н. А. Общая патология растений. - М., Высшая школа, 1973.
Қосымша:
- Кирай Э. З., Климент 3. Методы фитопатологии. - М., Колос, 1974.
- Наумова Н. А. Анализ семян на грибную и бактериальную инфекцию. - Л., Колос, 1970.
- Основные методы фитопатологических исследований. /Под ред. А. Е. Чумакова/. - М., Колос, 1974.
- Метьюз Р. Вирусы растений. - М., Мир, 1973.
- Тарр С. Основы патологии растений. - М., Мир, 1975.
- Шмыгля В. А. Вирусные микоплазменные болезни растений. Методические указания по диагностике и изучению. - М., ТСХА, 1978.
Көрнекілік құралдар тізімі
- Плакаттар.
- Гербарий.
- Зиянкестердің коллекциялық материалдары.
- Бинокуляр МБС.
- Микроскоп.
- Мультимедиалық материалдар.
- Компьютер.
- Проектор.
- Курстың саясаты
- Сабаққа қалмай келу.
- Себепсіз сабақты қалдырмау.
- Ұялы телефонды сөндіріп қою, сабақ үстінде алаңдамау.
- Сабақ үстінде белсенді жұмыс істеу.
- Қасындағы әріптестеріне, оқытушыларға, лаборанттарға сыйластықпен қарау.
- Оқу орнының жабдықтарын және жиһаздарын ұқыпты пайдалану.
10. Білімді бағалау жөнінде ақпарат.
Ағымдық бақылау . Семестр ішінде студенттердің білімін жүйелі түрде тексеру. Дәрістік сабақтарға қатысып, жұмыс жасау, зертханалық сабақтарды орындау және тапсыру, СӨОЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру.
Аралық бақылау. Студенттердің оқу жетістіктерін кезендік тексеруді семестр ішінде 7 және 15 аптада оқытушы жүргізеді.
Қорытынды бақылау. Семестр соңында емтихан түрінде өткізіледі.
Баға қою саясаты. Университет бойынша студенттердің білімін бағалау және бақылау 100 балдық - рейтингілік жүйеге негізделеді және келесідей түрде бөлуді қарастырады: ағымдық және аралық бақылауға барлығы 60 % (60 балл), ал қорытынды бақылауға 40% (40 балл) қойылады.
11. Жалпы фитопатология пәні бойынша білімді бағалау кестесі
Сабақ түрлері,
студенттер жұмысы
Студенттердің білімін емтиханда балл арқылы бағалау үлгісі
Студенттердің қорытынды бағасы (барлық бақылау бойынша алынған балдардың қосындысы) кредиттік жүйеге сәйкес төмендегі мәлімет бойынша қойылады
Балдардың сандық
эквиваленті
Жалпы фитопатология пәнінің дәрістерінің қысқаша желісі
1-тақырып. Кіріспе бөлімі
Сұрақтары: 1. Жалпы фитопатологияның міндеті мен мақсаты.
2. Фитопатология ғылымының қалыптасуы мен даму кезеңдері.
3. Фитопатология ғылымының келешегі.
Әдебиет:
1. Туленгутова К. Н. Фитопатология. - Алматы, 2002. 70 - бет.
- Головин П. Н. и др. . Фитопатология. Учебник. - Л., Колос, 1980
- Попкова К. В. Общая фитопатология. Учебник. - М., Агропромиздат, 1989.
- Родигин М. Н. Общая фитопатология. Учебник. - М., Высшая школа, 1977.
Дәріс желісі:
Фитопатология - гректің «phyton» - өсімдік деген және «patos» - ауру немесе патология, яғни онда орын алатын өзгерістер деген сөз тіркестерінен тұрады. Өсімдіктерде кездесетін патологиялық өзгерістердің бірнеше себептері бар, негізінен оны екі үлкен топқа бөлуге болады. Біріншіден, өсімдіктердің қалыпты өсіп-дамуына қоршаған ортаның қолайсыздығынан болатын ауытқулар немесе инфекциясыз, яғни жұқпайтын аурулар. Бұған абиотикалық әсерлер, немесе температураның қолайсыздығы, ылғал мөлшері мен қоректік заттардың жетіспеуі, немесе шамадан тыс артық болуы, қоршаған орта мен топырақтың өндіріс қалдықтары мен радиоактивті заттар, ауыр металлдармен ластануы және т. б. жатады.
Өсімдік ауруларының екінші себебі - бұл фитопатогенді микроағзалардың әсерінен туындайтын патологиялық өзгерістер немесе жұқпалы аурулар.
Өсімдіктердің әртүрлі ауруларға шалдығатыны ерте заманнан белгілі болған. Біздің заманымызға дейінгі 460-жылдары Демократ егінді қаракүйе ауруынан қорғау үшін астық дақылдарының тұқымын қоян қырыққабатының шырынымен дәрілеу керек екенін жазған. Бірақ талай ғасырлар бойы олардың пайда болуының негізгі себептері белгісіз болып келді. XVIII-XIX ғасырларға дейін өсімдік ауруы оның шырынының бұзылуынан, немесе әр түрлі бөртпелердің әсерінен пайда болады деген болжам бел алып келді. Бұл жаңсақ түсінік көпке дейін фитопатологияның ғылым ретінде дамуына тұсау болды.
Бірінші кезең. 1675 жылы Голландия ғалымы Антони ван Левенгук бірінші рет өзі құрастырған микроскоп арқылы көзге көрінбейтін тіршілік иелері микроағзалар болатынын анықтаған еді. Осы жаңалық кейін бірнеше салаға тарамдалған микробиология ғылымының қалыптасуына негіз болды. Өсімдік ауруларының негізгі себепкерлері немесе қоздырғыштары микроағзалар болатындықтан, фитопатологияның дамуы микробиология және микологиямен тығыс байланысты болды.
Екінші кезең . Кеңес Үкіметі орнаған жылдардан бастап фитопатология ғылымына көп көңіл бөлініп, ол ауыл шаруашылығы өндірісінің алдында тұрған күрделі міндеттерді шешуге өз үлесін қосты. А. А. Ячевскиймен қатар В. А. Траншель (1868-1941 жж. ), Н. А. Наумов (1885-1959 жж. ), А. С. Бондарцев (1877-1968 жж. ), Т. Д. Страхов (1890-1960 жж. ) және т. б. ғалымдар оның ғылым ретінде қалыптасуына көп еңбек сіңірді.
Үшінші кезең . Қазақстанда тың жер игеру кезеңі өсімдік қорғау саласындағы ғылым салаларының, солардың бірі фитопатологияның дамуына үлкен ықпал етті. 1958 жылы Үкіметтің арнайы жарлығымен Республикалық өсімдік қорғау стансасының негізінде Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институты құрылды. Оның ұйымдастырушысы және ширек ғасырдай директоры болған Ж. Т. Жиенбаев, өсімдіктер қорғау саласындағы ғылымның дамуына айтарлықтай үлес қосты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz